"Қазақстан Республикасында көлiк құралдары мен тiркемелердi мемлекеттiк тiркеуден өткiзу Ережелерiн", "Көлiк құралдарын, олардың тораптары мен агрегаттарын сатып алуға берiлетiн анықтама есепшоттың бланкiлерiн қабылдап алу, есепке алу, сақтау және жұмсау тәртiбi туралы Ережелердi", "Көлiк құралдарын басқару құқығын алу, емтихан қабылдау, азаматтарға жүргiзушi куәлiгiн беру тәртiбi туралы Ережелердi", "Тiркеу құжаттары мен жүргiзушi куәлiктерiнiң бланкілерiн, көлiк құралдарының номерлiк белгiлерiн қабылдап алу, есепке алу, сақтау, жұмсау және ҚР IIМ Жол полициясының тiркеу-емтихан бөлiмшелерiнде тексерiс өткiзу тәртiбi туралы Ережелердi" бекiту туралы

Бұйрық Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі 1998 жылғы 12 қазан N 343. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1999 жылғы 8 ақпан N 679 тіркелді.

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы желтоқсанның 21-iндегi N  2707  "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" заң күшi бар Жарлығына және Қазақстан Республикасының 1996 жылғы шiлденiң 15-iндегi N  29  "Жол қозғалысы қауiпсiздiгi туралы" Заңына сәйкес бұйырамын: 
      1. Қосылып берiлiп отырған: 
      1) Қазақстан Республикасында көлiк құралдары мен тiркемелердi мемлекеттiк тiркеуден өткiзу  Ережелерi  /қосымшаларымен бiрге/;
      2) Көлiк құралдарын, олардың тораптары мен агрегаттарын сатып алуға берiлетiн анықтама-есепшоттың бланкiлерiн қабылдап алу, есепке алу, сақтау және жұмсау тәртiбi туралы Ережелер /қосымшаларымен бiрге/; 
      3) Көлiк құралдарын басқару құқығын алу, емтихан қабылдау, азаматтарға жүргiзушi куәлiгiн беру тәртiбi туралы Ережелер /қосымшаларымен бiрге/; 
      4) Тiркеу құжаттары мен жүргiзушi куәлiктерiнiң бланкiлерi, көлiк құралдарының номерлiк белгiлерiн қабылдап алу, есепке алу, сақтау, жұмсау және ҚР IIM Жол полициясының тiркеу-емтихан бөлiмшелерiнде тексерiс өткiзу тәртiбi туралы Ережелер /қосымшаларымен бiрге/ бекiтiлсiн. 
      2. Аталмыш Ережелер Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді деп белгіленсін. 
      3. Облыстардың, Астана мен Алматының ІІБ, ҚІІБ бастықтары: 
      1) аталмыш Ережелерді жол полициясы мен ішкі істер органдарының басқа қызметтерінің барлық бөлімшелерінде оқып-үйренуді және Ережелерде көзделген қызмет құжаттарын жасауды қамтамасыз етсін; 
      2) Ережелерге сәйкес тіркеу-емтихан бөлімшелерінің жұмысына бақылау жасауды және кадрлар алмастыру принципін пайдалана отырып, бұл бөлімшелерді неғұрлым білікті мамандармен толықтыруды ұйымдастырсын; 
      3) облыстардың, Астана мен Алматы ІІБ, ҚІІБ ЖПД жанынан жаңа қосымша тіркеу-емтихан бөлімшелері мен пункттері құрылғанда мұны ҚР ІІМ Жол полициясы департаментімен келіскеннен кейін ғана жүзеге асырсын; 
      4) Бекітілген Тәртіптер талаптарының орындалуын бақылау жөніндегі дербес жауапкершілік Астана қаласының ІІБ, Алматы қаласының ІІББ, облыстардағы ІІББ-ІІБ Жол полициясы басқармаларының бастықтарына жүктелсін. <*> 
      5) Ережелердің мазмұнын жүргізуші кадрлар даярлайтын кәсіпорындар мен ұйымдардың, оқу мекемелерінің және бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланып түсіндіру арқылы жұртшылықтың назарына жеткізсін. <*> 
       Ескерту: Бұйрықтың 3-тармағындағы 4-тармақшасы жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 25 наурыздағы N 249   бұйрығымен .
      4. Жол полициясының департаменті 1998 жылдың екінші жартыжылдығында мың данамен жеке кітапша шығаруды қамтамасыз етсін.
      5. ҚР ІІМ-нің 1996 жылғы маусымның 24-індегі N 217  бұйрығының  күші жойылды деп есептелсін.
      6. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Жол полициясы Департаментіне жүктелсін.     

      Қазақстан Республикасының
     Ішкі істер министрі Ішкі істер
     әскерлерінің қолбасшысы
     генерал-лейтенант       

  Көлiк құралдарын басқару құқығын алудың,
емтихан қабылдаудың және азаматтарға жүргiзуші куәлiгiн
берудiң тәртiбi туралы
Ережелер

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ережелер Қазақстан Республикасының барлық азаматтары үшiн, сондай-ақ республика территориясында жүрген немесе тұратын шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдар үшiн бiрегей әрi міндеттi болып табылады, сондай-ақ емтихан қабылдаудың, азаматтарға жүргiзушi куәлiгiн берудің және жүргiзушiлердi көлiк құралдарын басқаруға жiберудiң тәртiбiн белгiлейдi<1>.
      <1> Көлiк құралдарының анықтауы 1997 жылғы 25 қарашада енгiзiлген Жол қозғалысы ережелерiнде келтiрiлген. 
       Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 24 наурыздағы N 184   бұйрығымен .
      1-1. Қазақстан Республикасының аумағында ұлттық және халықаралық жүргізуші куәліктері беріледі.
       Ескерту. 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 24 наурыздағы N 184   бұйрығымен .
      1-2. Халықаралық жүргізуші куәліктері ұлттық жүргізуші куәліктерінің негізінде беріледі және ұлттық жүргізуші куәліктерінің қолданылу мерзімі ішінде жарамды. 
       Ескерту. 1-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 24 наурыздағы N 184   бұйрығымен .     
      2. Барлық көлiк құралдары олардың типiне, қажеттiгiне және оларды басқару ерекшелiгiне орай "А", "В", "С", "Д", "Е", трамвай, троллейбус категорияларына бөлiнедi, оларды басқаруға тиiстi графаларына рұқсат ету белгiсi соғылған бiрегей жүргiзушi куәлiгi берiледi<2>. 
      <2> Бұдан әрi - "...категориялы куәлiк". 
       Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 24 наурыздағы N 184   бұйрығымен
      3. "А", "В", "С", "Д", "E" графаларында рұқсат ету белгiсi бар жүргiзушi куәлігiне ие адамдар мыналарды басқара алады: 
      "А" - мотоциклдарды, мотороллерлердi және басқадай мотокөлiк құралдарын; 
      "В" - толық салмағы 3500 кг<3> аспайтын және жүргiзушiнің орнынан басқа отыратын орындар саны сегiзден аспайтын автомобильдердi;
      <3> Салмақтың анықтауы Жол қозғалысы ережелерiнде келтiрiлген.
      "С" - толық салмағы 3500 кг асатын жүк автомобильдерiн; 
      "Д" - жолаушылар тасымалдауға арналған және жүргiзушiнің орнынан басқа сегiз орындықтан артық орны бар автомобильдердi; 
      "Е"-"В"-"С" немесе "Д" категориялы көлiк құралдарына жататын және жүргiзушi оларды басқаруға құқы бар тiркемелi көлiк құралдарын. 
      Трамвайдың жүргiзушiсiне тек қана трамвайды, троллейбустың жүргiзушiсiне тек қана троллейбусты жүргiзуге рұқсат етiледi. 
       Ескерту:  Жолаушылар тасымалдауға арналған автомобильдерге жататындар: 
      - барлық кластағы автобустар және адамдар (вахталық бригадалар) тасу үшiн қайта жабдықталған және жасаушы завод жағдайында сериялық тәртiппен жасалған тиiстi сиымдылықтағы автофургондар, сондай-ақ сегiз адамнан артық таситын жүк автомобильдерi жатады; 
      - "В", "С" немесе "Д" категориялы көлiк құралдарының жүргiзушiлерiне оларды толық салмағы 750 кг аспайтын тiркеме болғанда да басқару құқы берiледi. "С", "Д" категориялы көлiк құралдарын толық салмағы 750 кг асатын тiркемесi болғанда, сондай-ақ ұзартылған автобустарды, троллейбустарды жүргiзгенде жүргiзушi куәлiгiнде "E" категориясына рұқсат етiлген белгi болуы қажет. <*>
       Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 24 наурыздағы N 184   бұйрығымен .  
      4. Емтихан қабылдауды, азаматтарға жүргiзушi куәлiгiн берудi және "А", "В", С", "Д", "E" категориялы көлiк құралдарын, сондай-ақ трамвай, троллейбусты басқаруға жiберудi Қазақстан Республикасы IIM Жол полициясының тiркеу-емтихан бөлiмшелерi iске асырады<4>. ______________ 
      <4>Бұдан әрi - ЖП бөлiмшелерi. 
      5. Ұйымдар (бұдан әрі - ұйымдар) меншік нысанына қарамастан бірыңғай үлгі бағдарламалардың негізінде көлік құралдарының жүргізушілерін даярлауды және қайта даярлауды заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырады. <*>
       Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 24 наурыздағы N 184   бұйрығымен .
      6. Жүргiзушiнiң даярлаудан және қайта даярлаудан өткенiн растайтын құжат ҚР Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт министрлiгi бекiткен "Көлiк құралдары жүргiзушiлерiн даярлайтын курсты бiтiргенi туралы куәлiк" болып табылады (11-қосымша).

        2. Көлiк құралдарын басқару құқын алудың тәртiбi 

      7. "А", "В", "С", "Д", "E" категориялы көлiк құралдарын, трамвай, троллейбусты басқаруға құқық алғысы келген адам оқу ұйымдарында даярлықтың толық курсын өтуге, ал оқу басталғанға дейiн ҚР Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт министрлiгi белгiлеген тәртiп бойынша медициналық тексерiстен өтуге мiндеттi (1-қосымша).
      7-1. "А" және "В" санатындағы көлік құралдарын жүргізу құқығы куәлігін алу үшін тиісті бағдарламалардың көлемінде азаматтардың өз бетінше дайындалуына рұқсат етіледі. <*>
       Ескерту. 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 24 наурыздағы N 184   бұйрығымен
      8. <*>
       Ескерту. 8-тармақ алынып тасталды - ҚР Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 24 наурыздағы N 184   бұйрығымен .
      9. ЖП бөлiмшелерi көлiк құралдарын басқаруға құқық алу үшiн емтихан тапсыруға, көлiк құралын басқару құқының куәлiгiн беруге тұрғылықты жерi бойынша тiркелген азаматтарды, сондай-ақ келген жерiндегi iшкi iстер органдарында тиiстi тәртiппен тiркелген шетелдiк азаматтарды жiбередi. 
      Барлық әскер түрлерiнiң әскери қызметшiлерi емтиханға әскери бөлiмшенiң тұрған жерiнде жiберiледi. 
      10. "А", "В", "С", "Д" категорияларына жататын көлiк құралдарын басқару құқының жүргiзушi куәлiгi ЖП бөлiмшелерiнде теориялық және практикалық емтихандарды, "Е" категориясына - практикалық емтихан, ал трамвай немесе троллейбус басқаруға теориялық емтихан тапсырғандарға берiледi. 
      Теориялық емтихан тапсырғанда Жол қозғалысы ережелерi мен жол қозғалысы қауiпсiздiгiне қатысты және оқу бағдарламасында көзделген басқа пәндерден бiлiмi тексерiледi. Практикалық емтихан кезiнде жүргiзушiнiң тиiстi категориядағы көлiк құралын жүргiзу тәжiрибесi тексерiледi. 
      11. Көлiк құралын басқару құқы мыналарға берiлуi мүмкiн: 
      - он алты жасқа толғандарға - мотоцикл, мотороллер және басқадай мотокөлiк құралдарын жүргiзуге ("А" категориясы); 
      - он сегiз жасқа толғандарға - рұқсат етiлген салмағы 3500 кг аспайтын және отыратын орны жүргiзушiнi қоспағанда сегiзден аспайтын автомобильдердi ("В" категориясы), сондай-ақ рұқсат етiлген ең жоғары салмағы 3500 кг асатын автомобильдердi ("С" категориясы) жүргiзуге; 
      - жиырма жасқа толғандарға - жолаушы тасымалдауға арналған және отыратын орны жүргiзушiден басқа сегiзден артық автомобильдердi ("Д" категориясы), трамвайды және троллейбусты жүргiзуге; 
      - "В"-"С" немесе "Д" санаттарының көлiк құралдарын басқару құқы бар адамдарға тиiстi категориядағы көлiк құралын кемiнде 12 ай жүргiзген стажы болғанда тiркемелi көлiк құралдарын жүргiзуге ("Е" категориясы). <*>
       Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 24 наурыздағы N 184   бұйрығымен .
      12. "С" немесе "Д" категориялы жүргiзушi куәлiгi бар әйелдер көтерiмдiлiгi мен жолаушылар сиымдылығы Қазақстан Республикасының күшiндегi заңдарында белгiленген нормалардан аспайтын жүк автомобилiн немесе автобусты басқаруға жiберiледi. 
      13. "Е" санатының көлік құралдарын жүргізу құқығы белгіленген бағдарламалар бойынша оқу ұйымдарында қайта даярлаудан өткен және жол полициясы бөлімшелерінде көлік құралдары құрамында практикалық емтихан тапсырған адамдарға беріледі. Бұл ретте "D" санатының көлік құралдарын жүргізу құқығы бар адамдардан емтихан біріктірілген автобустарда қабылданады. <*>
       Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 24 наурыздағы N 184   бұйрығымен
      14. "D" санатының көлік құралдарын жүргізу құқығы белгіленген бағдарламалар бойынша даярлықтан өткен, теориялық және практикалық емтихандар тапсырған адамдарға беріледі. <*> 
       Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 24 наурыздағы N 184   бұйрығымен
      15. "А" категориялы көлiктi басқару құқы "В", немесе "С" немесе "В"-"С", немесе "В"-"С"-"Д" категориялары бар жүргiзушiлерге практикалық емтихан тапсырғаннан кейiн берiледi. 
      16. <*>
       Ескерту. 16-тармақ алынып тасталды - ҚР Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 24 наурыздағы N 184   бұйрығымен .
      17. <*>
       Ескерту: 17-тармақ алынып тасталды - ҚР Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 25 наурыздағы N 249   бұйрығымен

       3. Емтихан қабылдау және жүргiзушi куәлiгiн беру тәртiбi

      18. Көлiк құралдарының барлық категорияларын басқару құқына  теориялық және практикалық емтиханды ЖП бөлiмшелерiнің емтихан комиссиясы қабылдайды.
     19. Емтихан қабылдайтын комиссияның құрамында кемiнде үш адам
болуы керек. Оның құрамын тiркеу-емтихан бөлiмшесiнiң бастығы
тағайындап, оған:
     * ЖП бөлiмшесiнiң қызметкерi (комиссия төрағасы);
     * жүргiзушiлердi даярлаумен айналысатын оқу орнының, автокөлiк  кәсiпорнының, әскери комиссариаттың және қоғамдық ұйымдардың 
өкiлдерi (комиссия мүшелерi) кiредi.
      Емтихан комиссиясының құрамына сыналатын топты даярлауды  жүргiзген оқытушылар мен өндiрiстiк шеберлердi енгiзуге тыйым салынады. 
      20. Емтихан комиссиясының мүшелерi Жол қозғалысы ережелерiн,
емтихан қабылдаудың әдiстемесiн бiлуi керек және оның:
      - автомобиль мамандығы бойынша жоғары немесе орта арнаулы бiлiмi;
      - олар емтихан алатын категория бойынша жүргiзушi куәлiгi;
      - осы лауазымы бойынша жұмыс стажы, сондай-ақ үш жылдан кем емес жүргiзушiлiк стажы болуы керек.
      21. Оқу орнында оқығандардан емтихан жағдайға байланысты сол жерде, сондай-ақ емтихан комиссиясы орналасқан жерiнде бұдан бұрын өткен айдың 25-iнен кешiкпей берiлген тапсырысқа сәйкес қабылданады.
      22. Көлік құралдарын жүргізу құқығына жүргізуші куәлігін алу үшін жүргізуші болуға үміткер жол полициясының бөлімшесіне:
      1) өтініш;
      2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат;
      3) курстарды бітіргені туралы куәлікті және оның көшірмесін (жеке тәртіпте даярлықтан өткен адамдарды қоспағанда);
      4) медициналық анықтама;
      5) жүргізуші карточкасын (N 2 қосымша);
      6) жүргізуші куәлігін беру үшін мемлекеттік бажды төлегендігін растайтын құжатты ұсынады.
       Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 24 наурыздағы N 184   бұйрығымен
      23. Жүргiзушi куәлiгiн алуға емтихан тапсырар алдында жүргiзушi карточкасы толтырылып (2-қосымша), ол паспортпен немесе оның орнына жүретiн құжатпен бiрге емтихан комиссиясына ұсынылады. 
      24. Емтихан мынадай кезекпен өткiзiледi: алдымен теориялық, сосын практикалық. Теориялық емтиханды тапсыра алмағандар практикалық емтиханға жiберiлмейдi. Теориялық және практикалық емтиханды алудың әдiстемелерi 12, 13-қосымшаларда баяндалған. 
      25. Оқу орнында көлiк құралын басқару құқына даярлықтан өткендер үшiн теориялық та, практикалық та емтихан екiншi рет кем дегенде 7 тәулiктен соң, ал 7-1-тармақта көрсетiлген адамдар үшiн - 10 тәулiктен кейiн өткiзiледi. <*>
      Ескерту: Басқа жерге немесе әскери қызметке, оқуға, ұзақ iссапарға (3 айдан артық) кететiндер үшiн бұл тиiстi құжатпен расталғанда ерекшелiк ретiнде екiншi емтихан 5 тәулiктен кейiн алынуы мүмкiн. 
      Басқадай жағдайларда емтихан мерзiмi реттелмейдi, бiрақ ол бiр тәулiктен кем болмауы керек. 
      Теориялық емтиханда алынған баға үш айға дейiн күшiн сақтайды. Осы уақыт өткеннен кейiн жүргiзушiге кандидатқа қайтадан теориялық емтихан белгіленедi. 
       Ескерту. 25-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 24 наурыздағы N 184   бұйрығымен .
      26. Жол қозғалысы ережелерi бойынша емтихан карточкалары мен практикалық жүргiзудің нәтижелерi хаттамамен бекiтiлiп (4 қосымша), оған емтихан қабылдауға қатысқан комиссия мүшелерiнiң барлығы қол қою керек. 
      27. Теориялық және практикалық емтихандарды тапсырған адамдарға хаттама негiзiнде жүргiзушi куәлiгi берiлiп, оның мәлiметтерi өсу тәртібінде реестрге енгізіледі (3-қосымша) және жүргiзушi карточкасына жазылады. <*>
       Ескерту. 27-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 24 наурыздағы N 184   бұйрығымен
      28. <*>
       Ескерту. 28-тармақ алынып тасталды - ҚР Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 24 наурыздағы N 184   бұйрығымен
      29. <*>
       Ескерту. 29-тармақ алынып тасталды - ҚР Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 24 наурыздағы N 184   бұйрығымен
      30. <*>
       Ескерту. 30-тармақ алынып тасталды - ҚР Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 24 наурыздағы N 184   бұйрығымен
      31. Жүргiзушi куәлiгi он жылға берiледi (бұл туралы "... дейiн жарамды" немесе "Ерекше белгiлер үшiн" графаларында тиiстi жазу жазылады), сол мерзiм бiткенде осы Ережелердегi тәртiп бойынша айырбастауға жатады. 
      Ескерту: Медициналық қайта тексеруден өту мерзiмiне шектеуi бар жүргiзушiлер шетелге шыққанда куәлiгiне басқа мерзiм қойылады. 
      32. Трамвай, троллейбус, мотоколяска жүргiзуге құқық беретiн куәлiк алғанда, оның "Ерекше белгiлер үшiн" графасына көлік құралының тиісті санаты көрсетіле отырып, жазба жазылады. Осы графаға басқадай шектеулер мен нұсқаулар қойылуы мүмкiн. <*>
       Ескерту. 32-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 24 наурыздағы N 184   бұйрығымен .  
      33. <*>
       Ескерту. 33-тармақ алынып тасталды - ҚР Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 24 наурыздағы N 184   бұйрығымен .
      34. <*>
       Ескерту. 34-тармақ алынып тасталды - ҚР Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 24 наурыздағы N 184   бұйрығымен
      35. Басқа категориялы көлiк құралын басқаруға рұқсат алғанда жаңа куәлiк берiлiп, оған бұрынғысындағы қажет белгiлер көшiрiп жазылады. 
      36. Жүргізуші куәлігі оның иесіне есеп реестріне қол қойып, паспортын не оның орнына жүретін құжатын сондай-ақ жүргізуші куәлігін әзірлеу үшін ақы төлеуді растайтын құжатты көрсеткенде беріледі. <*> 
       Ескерту: 36-тармақ толықтырылды - ҚР Ішкі істер министрінің
2001 жылғы 28 қазан N 762   бұйрығымен (Бұйрық 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.)
      Ескерту. 36-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 24 наурыздағы N 184   бұйрығымен .  
      37. <*>
       Ескерту. 37-тармақ алынып тасталды - ҚР Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 24 наурыздағы N 184   бұйрығымен .
      38. <*>
       Ескерту. 38-тармақ алынып тасталды - ҚР Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 24 наурыздағы N 184   бұйрығымен .
      39. Бас бостандығынан айрылған, бiрақ сот көлiк құралын жүргiзу құқынан айырмаған жүргiзушi куәлiктерi еңбекпен түзеу мекемесi әкiмшілігiнің сұрауы бойынша жазасын өтеп жатқан жердегi ЖП бөлiмшесiне күшiне енген үкiмнің не сот қаулысының негiзiнде қайтарылуы мүмкiн.

  4. Жүргiзушi куәлiктерiн ауыстыру және жоғалғандарының 
орнына беру сондай-ақ оларды шетел азаматтарына 
ауыстыру мен берудiң тәртiбi 

       40. Жүргiзушi куәлiгi өтiнiш (5-қосымша), тиiстi категорияны жүргiзуге жарамдылығы жөнiнде қол қойылған анықтама, жүргiзушi карточкасы немесе жүргiзушi куәлiгiн берген ІІБ ЖП-ның растауы болған жағдайда ауыстырылады. "Д" категориясы бар куәлiктi "В" және "С" барына немесе "С"-ны "В"-ға ауыстыру ЖП-да практикалық емтихан тапсырылған соң ғана жүргiзiледi. 
      41. <*>
       Ескерту. 41-тармақ алынып тасталды - ҚР Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 24 наурыздағы N 184   бұйрығымен .
      42. Жаңа куәлiк берiлгенде оның "Ерекше белгiлер үшiн" графасына бұрынғы куәлiктiң сериясы, номерi және берiлген күнi жазылады. 
      43. "Дубликат" белгiсi бар жаңа жүргiзушi куәлiгi бұрынғысы жоғалған жағдайда тұратын жері бойынша немесе уақытша тұратын жері бойынша есепте тұрған азаматтарға өтiнiштiң, жүргiзушi карточкасының, медициналық анықтаманың, ал қажет болғанда - оқу ұйымын бiтiргенi туралы куәлiгiн ұсынғанда немесе бұрынғы куәлiктi берген ІІБ ЖП-ның растауы негiзiнде берiледi. <*>
       Ескерту. 43-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 24 наурыздағы N 184   бұйрығымен .    
      44. Жүргiзушi куәлiгiнiң дубликаты дайындалғанша бiр ай мерзiмге талон берiледi. Қажеттi жағдайда (сұрау салу және оған жауап алу, куәлiктiң жоғалуына байланысты жағдайлар анықталғанша) ол талон үш айға дейiн ұзартылуы мүмкiн. Азаматтарға мұндай талон теориялық және практикалық емтихандарды тапсырған соң берiледi. Талонға жүргiзушi куәлiгiнiң сериясы мен номерiнiң орнына "Жоғалған куәлiктiң орнына берiлдi" деп жазылып, екiншi бетiнiң төменгi жағына жарамдылық уақыты көрсетiледi. 
      45. Куәлiктiң дубликаты дайындалғанша берiлетiн талон мен жүргiзушi куәлiгi дубликат берiлгеннен кейiн материалдарға тiгiледi. 
      46. Халықаралық жүргiзушi куәлiктерi Қазақстан Республикасы ауқымында жарамды. 1968 жылғы 8 қарашадағы Жол қозғалысы туралы Конвенция талаптарына сәйкес берiлген ұлттық жүргiзушi куәлiктерi олардың аудармасы болған жағдайда Қазақстан Республикасы аумағында жарамды. 
      47. Жол қозғалысы туралы Конвенцияның талаптарына сай келмейтiн ұлттық жүргiзушi куәлiктерi ҚР аумағында, егер халықаралық келiсiмдер қосымша түсiнiк бермесе, мiндеттi түрде ауыстырылуы керек. 
      Шетел азаматтарының және азаматтығы жоқтардың куәлiктерiн айырбастау Жол полициясының бөлiмшелерiнде куәлiктің түпнұсқасы мен оның мемлекеттiк тілде расталған аудармасы, iшкi iстер органдарында тiркелген паспорты негiзiнде медициналық тексерiстен өткеннен кейiн және ЖП-да теориялық және практикалық емтихандарды тапсырған соң берiледi. Бұл кезде ұлттық жүргiзушi куәлiгiнде рұқсат етiлген категориядағы куәлiктер берiледi. Мұндайда ұлттық жүргiзушi куәлiгiндегi көлiк құралдарының категорияларын басқаруға рұқсат етiлген және Жалпы ережелердiң 3 тармағындағы талаптарға сай келетiн (елге кiру құжаттары күшiн сақтайтын мерзiмдегi жүргiзушi куәлiгi берiледi. Ұлттық жүргiзушi куәлiгi ЖП бөлiмшелерiнде сақталып, оның иесi өз елiне қайтарда өтiнiшi бойынша және бұрын берiлген Қазақстан Республикасының жүргiзушi куәлiгiн тапсырғанда қайтарылып берiледi. <*>
       Ескерту. 47-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 24 наурыздағы N 184   бұйрығымен .  
      48. Қазақстан Республикасындағы шетелдiк дипломатиялық, консулдық және басқа да өкілдiктердің қызметкерлерiнің жүргiзуші куәлiктерiн айырбастау тәртiбiн Қазақстан Республикасы Сыртқы және Iшкi iстер министрлiктерi белгiлейдi. 
      49. Шетел азаматтарының және азаматтығы жоқтардың ұлттық жүргiзушi куәлiгi болмағанда, Қазақстан Республикасының жүргiзушi куәлiгi олардың болу мерзiмi 6 айдан асатын болса, жалпы негiзде берiледi. 
      50. Шетелдердегi Қазақстан Республикасының азаматтары сол елдердегi Жол қозғалысы Конвенциясының талаптарына сай жүргiзушi куәлiгi, сондай-ақ халықаралық жүргiзушi куәлiгi болса, оларды медициналық тексерiстен өткен соң және ЖП бөлiмшелерiне көрсетiлген жүргiзушi куәлiктерiн (расталған аудармасы бар) ұсынғанда, Қазақстан Республикасының тиiстi жүргiзушi куәлiгiне айырбастай алады. 
      51. Шетелде Жол қозғалысы Конвенциясының талаптарына сай келмейтiн сол елдiң ұлттық жүргiзушi куәлiгiн алған Қазақстан Республикасының азаматтарына Қазақстан Республикасының тиiстi жүргiзушi куәлiгi медициналық тексерiстен өткеннен кейiн, расталған аудармасы бар ұлттық жүргiзушi куәлiктерiн ЖП бөлiмшесiне ұсынғаннан кейiн, сондай-ақ теориялық және практикалық емтихандарды тапсырғаннан кейiн берiледi. 
      52. Қазақша немесе орысша бiлмейтiн шетел азаматтары теориялық және практикалық емтихан тапсыруға маман аудармашылар арқылы қатысып, олар туралы мәлiметтер комиссияның хаттамасына енгiзiледi. Мұндайда әдетте теориялық емтихан ауызша тапсырылады да, оның уақытына шек қойылмайды. 
      52-1. Жүргізуші куәліктерін ауыстыру және жоғалғандардың орнына жаңа жүргізуші куәліктерін беру, сондай-ақ шетел азаматтарына оларды ауыстырып беру және беру тек қана жүргізуші куәлігін әзірлеу үшін ақы төлеуді растайтын құжатты ұсынғаннан кейін жүргізіледі.<*> 
       Ескерту: 52-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 28 қазан N 762   бұйрығымен . (Бұйрық 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.) 

  5. Көлiк құралдарының жүргiзушiлерiн даярлайтын және қайта 
даярлайтын оқу ұйымдарын тiркеудiң тәртiбi 

      53. Көлiк құралдарының жүргiзушiлерiн даярлайтын және қайта даярлайтын барлық оқу орындары ЖП бөлiмшелерiнде тiркеуде тұрады. 
      54. Жүргiзушiлер даярлайтын және қайта даярлайтын жаңадан ашылған оқу ұйымын тiркеу кезiнде оған тексерiс жасалады. Тексерiс жасайтын комиссияның құрамына ІІБ ЖП бөлiмшесiнiң қызметкерi (төраға), облыстық (қалалық, аудандық) бiлiм басқармасының өкiлi (төрағаның орынбасары), сондай-ақ комиссия мүшелерi ретiнде - оқу және жоғары тұрған (ондай бар болса) ұйымның өкiлдерi кiредi. 
      55. Тексерiс кезiнде жүргiзушi кадрлар даярлау құқығы барлығы, оқу-материалдық базасының Қазақстан Республикасының күшiндегi заңдарына сәйкестiгi, инженерлiк-педагогикалық жұмыскерлер мен өндiрiстiк оқыту шеберлерiнiң бiлiктiлiк деңгейi, сондай-ақ оқу ұйымының сабақ жүргiзуге дайындығы анықталып, еркiн түрдегi тиiстi актi жасалады. Оқу ұйымы осы талаптарға сай келгенде жоғарыдағы актiге жинақталған топтардың саны және оқудың басталу мен аяқталу мерзiмдерi көрсетiледi. 
      56. Көлiк құралдарының жүргiзушiлерiн даярлайтын және қайта даярлайтын оқу топтарындағы адамдар саны 30-ға дейiн барады. Оқу басталған соң 15 күннiң iшiнде оқу ұйымы тапсырыс пен оқушылардың тiзiмiн (6, 7-қосымшалар) ұсынып, ЖП бөлiмшесiнде әр оқу тобын тiркейдi. Оқушылар тiзiмi ЖП бөлiмшесiнде оқу топтарын есепке алу журналына тiркеледi (8-қосымша). 
      57. Оқу ұйымының қызметi жылына кемiне бiр рет тексерiлiп, оның нәтижесi бойынша қосымшасы бар актi жасалады, ал қажет болғанда - кемшiлiктi жою жөнiнде ресми ұсыныс жасалады. <*>
      Бақылау тексерiстерi кезiнде ашылған кемшiлiктер бойынша оқу ұйымы тарапынан шаралар қолданылмаса, емтихан беруге дайындығы нашар жүргiзушiге кандидаттар келе берсе немесе оның оқу-материалдық базасы мен көлiк құралдары талапқа сай болмаса, онда бұл оқу ұйымының оқу топтары тiркелмейдi де, ол туралы оқу ұйымы және жоғарғы ұйым (ондай болса) хабардар етiледi. Бұдан әрi оқу топтарын тiркеу тек аталған кемшiлiктердi жойғаннан кейiн ғана және осы тараудың 53-55 тармақтарында көрсетiлген тәртiпке сәйкес жүргiзiледi. 
       Ескерту. 57-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 24 наурыздағы N 184   бұйрығымен .  
      58. ЖП бөлiмшелерiнде жүргiзушiлер даярлайтын оқу орындарын бақылау iстерi жасалып, онда олардың iс-әрекеттерi мен жабдықталуын сипаттайтын негiзгi мәлiметтер, ескертулердің көшiрмелерi, түрлi актiлер, тексерiс материалдары, қысқаша талдау анықтамалары және т.б. сақталады. 

 

  6. Жүргiзушi құжаттарын және басқа да материалдарды 
сақтау тәртiбi 

       59. Жүргiзушi куәлiктерi бланкiлерiнiң келiп түсу және жұмсалу есебi қатаң есептегi бланкiлер және номерлiк белгiлердің келiп түсу мен жұмсалуының есепке алу кiтабына жазылады (9-қосымша). 
      60. Жүргiзушi куәлiктерiнiң бланктерi, жұмсалатын материалдары осы бұйрықпен бекiтiлген Ережелерге сәйкес қатаң есептегi құжаттар дәрежесiнде сақталады. 
      61. Толтыру кезiнде бүлiнген жүргiзушi бланктерi кезектi тексерiс кезiнде бiржола жойылып, ол туралы акт жасалады. 
      Денсаулығына байланысты алынған, жоғалып табылған, бiрақ орнына жаңасы берiлген, айырғаннан кейiн 2 жыл iшiнде иесi келiп алмаған жүргiзушi куәлiктерi де осындай тәртіппен жойылады, ол туралы куәлiк беру реестрiне белгi соғылады. 
      Басқа ЖП бөлiмшелерi берген жүргiзушi куәлiктерiнiң жойылғаны туралы сол бөлiмшелерге хабарланады (10-қосымша). 
      62. Жүргiзушi куәлiгiн беруге және ауыстыруға негiз болған материалдар (өтiнiштер, ескi жүргiзушi куәлiктерi, жүргізуші куәлігін әзірлеу үшін ақы төлеуді растайтын құжат, оқу туралы куәлiктер), сондай-ақ оқу топтарының тiзiмi жеке iске тiгiлiп, белгiленген тәртiппен 5 жылға дейiн сақталады.<*> 
       Ескерту:  Жаңасы берiлгенде, ескiсiне "Күшiн жойды" деген штамп қойылып, iске тiгiледi.
      Емтихан комиссияларының хаттамаларын сақтау мерзiмi - 10 жыл, жүргiзушi куәлiктерiн беру реестрiнің сақталуы - 60 жыл. Хаттамалар мен реестрлер ЖП бөлiмшелерiнде сақталады. 
       Ескерту: 62-тармақ өзгертілді -  ҚР Ішкі істер министрінің 
2001 жылғы 28 қазан N 762   бұйрығымен . (Бұйрық 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.)

      63. Медициналық анықтама, жүргiзушi карточкасы олардың барлық  реквизиттерiн толтырғаннан кейiн куәлiкпен бiрге жүргiзушiге қайтарылады.
      64. Көлiк құралын басқару құқынан айрылған адамдардың куәлiктерi ЖП бөлiмшелерiнiң көлiк иелерi тұратын ауқымға қызмет ететiн тiркеу-емтихан бөлiмдерiнде сақталады. 

  Жағдайға N 1 қосымша

     ___________________
      (мекеменің атауы)     

                       Медициналық анықтама
                        (ЖП-ға ұсыну үшін)      

     Фамилиясы _________________________ Аты
___________________________
     Әкесінің аты ______________________ Жасы
__________________________
     Тұратын жері
______________________________________________________
     Жұмыс істейтін орыны
______________________________________________
     Медициналық қызметті өтті 
     "____" ____________ 199___ ж.

                         Медициналық комиссияның
                              Қорытындысы 

      1. Троллейбус, трамвай жүргізуге жарамды (жарамсыз).
      2. Мотоцикл, мотороллер, мотонартан жүргізуге жарамды (жарамсыз).
      3. Рұқсат етілген ең үлкен салмағы 3500 кг.-ден аспайтын автомобильді жүргізуге жарамды (жарамсыз). Жүргізушінің орнынан басқа отыратын орындығы 8 орыннан ("В" категориясы) аспайтын.
      4. Салмағы шектеусіз ("С" категориясы) автомобильдерді жүргізуге жарамды (жарамсыз).
      5. Қолмен басқарылатын автомобильді жүргізуге жарамды (жарамсыз).
      6. Мотоколясканы жүргізуге жарамды (жарамсыз).
                                           (керегі жоғын сызу керек)
     Анықтаманың жарамдылық мерзімі
____________________________________     

     Суреттің орны      

     М.О.                Комиссияның төрағасы
                              (қолы)
                             Хатшысы  
                              (қолы)
     

  Жағдайға N 2 қосымша

                    Жүргізушінің карточкасы 

     Фамилиясы _________________________
     Аты ___________________________
     Әкесінің аты_________________________________________________
     Туған жылы мен жері__________________________________________
     Үйінің адресі________________________________________________
     Паспорттың сериясы ____________________________ N____________
     Берілген_____________________________________________________
                                 (ішкі істер органы)
     
     Фотосуреттің орны 
                   Медициналық тексерістен өтті__________________
                  ________________________________________________
                  (медициналық мекеменің атауы, анықтаманың нөмері                     ________________________________________________                             және тексерістен өткен уақыты)
                   Оқуды мынадай бағдарламамен өтті_______________
                   _______________________________________________
                  (қандай көлік құралының категориясына оқыды және
                  ________________________________________________
                      қандай оқу орнын бітіргенін көрсету қажет)  
                  N __________ куәлік алды "__"
                   __________199___ж.     

                     Куәлік берілді 
-------------------------------------------------------------------
     ! Категориясы ! Сериясы ! Куәліктің нөмері ! Берілген! Құжатты
     !             !         !                  ! мерзімі ! берген
     !             !         !                  !         ! адамның
     !             !         !                  !         ! қолы,
     !             !         !                  !         ! мөрмен
     !             !         !                  !         !расталады
 -------------------------------------------------------------------
     !             !         !                  !          !
-------------------------------------------------------------------
     !             !         !                  !          !
-------------------------------------------------------------------
     !             !         !                  !          !
-------------------------------------------------------------------

             Комиссия  төрағасы (фамилиясы)______________________
                                                   (қолы)

"_____" ____________ 19 ____ ж. 
                                 Ескерту: 
                                 Жүргізуші карточкасы куәлік иесінде
                                 сақталады және жүргізуші куәлігін 
                                 айырбастау, сондай-ақ сол куәліктің
                                 дубликатын алғанда ЖП-нің
                                 бөлімшесіне ұсынылады.
     ЖП-нің
     М.О.     

  Қосымша N 3

                Жүргізуші куәлігін тапсыру тізілімі      
--------------------------------------------------------------------
N!Жасалу!Тегi,аты!Туған!Тұрғ-ық!Жұмыс!Нег-гi!Прот-л!Рұқс.!Серия!Қолы
!мерзiмi!әкесiнiң!жылы,!жерi   !жерi !құжат.!саны  !етiлген!және!
!       !аты     !жерi !       !     !тар   !      !катего-!саны!
!       !        !     !       !     !      !      !риясы  !ЖК  !
--------------------------------------------------------------------
!       !        !     !       !     !      !      !       !    !
--------------------------------------------------------------------
     ТЕБ бастығы                             Паспортист
     ___________________                     __________________
        (қолы)                                  (қолы)     

  Жағдайға N 4 қосымша

              Жол полициясы емтихандық комиссиясының

                    "___" ___________ 19____ ж.-дан

                           N   Хаттамасы

     Комиссияның құрамы _________________ төрағасы мүшелері
______________     

--------------------------------------------------------------------
NN ! Емтихан!Туған! Қандай!Емтихан !    Емтиханның нәтижесі
р/с!тапсыру-!жылы ! көлік !тапсыру.!--------------------------------
   !шының   !     !құралы-!шы оқыған!теориялық   ! практикалық
   !аты-жөні!     !ның ка-!оқу     !--------------------------------
   !        !     !тегория!орыны   !алғашқы!тапсырды,!алғашқы!тапсыр
   !        !     !сын бас-!       !рет не-!тапсыр-  !рет не-!ды,
   !        !     !қаруға  !       !месе   !мады     !месе   !тапсыр
   !        !     !емтихан !       !қайтадан!        !қайтадан!мады
   !        !     !тапсырады       !        !        !        !
--------------------------------------------------------------------
 1 !   2    ! 3   !   4    !  5    !    6   !   7    !  8     !  9
--------------------------------------------------------------------
    Төрағасы ___________________   мүшелері
_____________________________      

  Жағдайға N 5 қосымша

    Мемавтоинспекцияға ____________________________
                           (облыс, қала, аудан)
   азаматтан_______________________________________________
                (аты-жөні)
   туған жылы ______________________________________________
                  туған жері
   ______________________________________________
                    (облыс, қала)
   тұратын _________________________________________________
   жұмыс істейтін___________________________________________
                                (лауазымды)
   Паспорт сериясы ______________________N _________________
   берілді _________________________________________________
                        (қашан, кім)     

                             Өтініш       

Куәлікті айырбастауды, дубликат беруді сұраймын____________________
                                  (керегі жоғын сызып тастау керек)
Жүргізуші куәлігінің сериясы __________________ N__________________
МАИ-ден алдым______________________________________________________
                               (облыс, өлке, республика)     ___________________________________________________________________
                              (күні, айы, жылы)
"_____" ________ 199 ____ ж. мынадай жағдайда жүргізуші куәлігі
жоғалды (ұрланды):
___________________________________________________________________
     Өтінішке мынадай құжаттар тіркелді:

-------------------------------------------------------------------
!Куәлікті айырбастау үшін            ! Куәліктің дубликатын алу үшін
!------------------------------------!------------------------------
!Паспорт немесе оның орнындағы құжат ! Паспорт немесе оның
!                                    !орнындағы құжат
!------------------------------------!------------------------------
!Жүргізушінің жеке куәлігі           ! Жүргізушінің жеке куәлігі
!------------------------------------!------------------------------
!Медбайқаудың анықтамасы             ! Медбайқаудың анықтамасы
!------------------------------------!------------------------------
!ЕШ N түбіршегі                      ! ЕШ N түбіршегі
!------------------------------------!------------------------------
!                                    ! Жоғалған фактісі (егер
!                                    !ұрланса) ІІО-нан анықтама
!------------------------------------!------------------------------    ЖК жоғалған (ұрланған) жағдайда керек белгі

--------------------------------------------------------------------
Органның атауы                 ! Алғашқы белгілер !3 айдан кейінгі
                               !                  ! қайталау
-------------------------------!------------------!-----------------
Тұратын жеріндегі аудандық МАИ !                  !
-------------------------------!------------------!-----------------
Тұратын жеріндегі табылған зат.!                  !
тар столы (паспорт столы)      !                  !
-------------------------------!------------------!-----------------
224 бөлме                      !                  !     
-------------------------------!------------------!-----------------
207 бөлме                      !                  !
-------------------------------!------------------!-----------------
223 бөлме                      !                  !              -------------------------------!------------------!-----------------
     Өтініш берушінің қолы ___________________________________
     Айырбастауға, дубликат беруге құжаттарды қабылдаған
     Мемавтоинспектор                                (қолы)
     Мемавтоинспекцияның қызмет белгілері:
     ____________________________
     Берілді: жүргізуші куәлігінің сериясы _____________ N
     ______________
     "____" _____________ 199 _____ ж.
     Паспортшы _____________________________________________
                                 (қолы) 

  Жағдайға N 6 қосымша

     Жол полициясы басқармасының бастығына
     _______________________________
     "_" категориясы автокөлік құралдарының жүргізушілерін оқытуға N_ оқу тобын тіркеуді сұраймын
________________________________________________________
              (оқу ұйымының атауы)     
Мекен-жайы: ____________________, телефон
N_______________________________
Сабақтың басталуы ______________, сабақтың бітуі
__________________________
      Оқытушылар:          

     1. Автокөлік құралдарының құрылысы мен техникалық қызмет көрсету_____________________________________________________________
                         (аты-жөні)     
білімі___________________мамандығы__________________________________

     2. Жолда жүру қауіпсіздігі ережелері мен негіздері бойынша
____________________________________________________________________
                           (аты-жөні)     
білімі___________________мамандығы__________________________________
жүргізуші куәлігінің барлығы     

     3. Зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету бойынша
___________________________________________________________________
                           (аты-жөні)     
білімі___________________мамандығы_________________________________

               Жүргізудің өндірістік оқыту шеберлері     

1.__________________________________________________________________
                        (аты-жөні)     
білімі ___________________, жұмыс стажы_____________________________
                                                      (жыл)

__________________________ категориялы автокөлік құралын жүргізуші
болған оқытуға құқық беретін куәлігі
серия ___________________ N ______________ 19 ____ ж.
Сондай      

  Жағдайға N 7 қосымша

                     Оқушылардың тізімі  --------------------------------------------------------------------
N  ! Аты-жөні! Күні, айы ! Білімі(жүр.куәлік,серия,! Жұмыс !Тұратын
р/с!         ! және туған! номер,кім берген,берілген! орны,!жері 
   !         ! жылы      ! күні, көлік құралының   !лауазымы!
   !         !           ! категориясы)<*>         !        !
-------------------------------------------------------------------
   !         !           !                         !        !
-------------------------------------------------------------------
   !         !           !                         !        !
   !         !           !                         !        !
     Оқу орнының (ұйымның) басшысы
________________________________________
           (қолы)     

                                   "____" ________________ 19 ___ ж.
     _____________________
      <*>4 графада автокөлік құралдарын жүргізушілер дайындалатындардың білімі, ал басқа категориялы автокөлік құралдарының жүргізушілері үшін жүргізуші куәлігі көрсетіледі.     

  Жағдайға N 8 қосымша

           Жүргізушілерді дайындайтын оқу топтарының есеп
                             Журналы

-------------------------------------------------------------------
N!Оқу,    !Топтың!Тіркелген !Оқушылардың!Оқу жүргізіп!Оқудың !Оқудың
 !ұйымының!  N   !күні      !саны       !жатқан транс.!баста !бітуі
 !атауы   !      !          !           !порт құрал.  !луы   !
 !        !      !          !           !ының кате-   !      !  
 !        !      !          !           !ының кате-   !      !
--------------------------------------------------------------------
1!   2    !  3   !     4    !    5      !     6       !  7   !    8
--------------------------------------------------------------------

Жағдайға N 8 қосымша
қосымшаның соңы           

--------------------------------------------------------------------
Оқу !Дайындыққа!Оқытушы!  Емтихандардың нәтижесі     !Ұсыныс жібер.
тәр-!жауапты   !лар мен!-----------------------------!ілді,
тібі!тел. N    !өндірі-!емтихан-!  1 тапсырудың %    !N және күні
    !          !стік   !ның     !--------------------------  !
    !          !оқыту  !күні    !теория-!     практикалық    ! 
    !          !шебер- !хаттама !лық    !------------------  !
    !          !лерінің! N      !       !топ бой-!әрбір шебер!
    !          !аты-   !        !       !ынша    !бойынша    !
    !          !жөндері!        !       !        !           ! 
--------------------------------------------------------------------
 9  !   10     !  11   !   12   !   13  !   14   !    15     !  16
--------------------------------------------------------------------

        Жағдайға N 9 қосымша

         Қатаң есептегі бланкілер мен номерлік белгілердің
                         есебі мен жұмсалу
                                Кітабы 

--------------------------------------------------------------------
 Кіріс        !        Шығыс            !    Қалдығы
--------------------------------------------------------------------
Түс-!Наклад-!кімнен!Се-!Номерл-уі!Са-!Жұм-!Кімге!Се-!Номер-нуі!Са- !
кен !нойдың !алынды!рия!---------!ны !сал-!бері-!рия!----------!ны !
күні!N      !      !   !N-ден!N-ге!  !ған !лді  !   !N-ден!N-ге!   !
    !       !      !   !     !дейін! !күні!     !   !     !дейін   !
--------------------------------------------------------------------
 1  !   2   !  3   ! 4 !  5  ! 6  ! 7 ! 8 !  9  ! 10! 11  !12 !13!14
--------------------------------------------------------------------
    !       !      !   !     !    !   !    !     !   !     !    !  !
    !       !      !   !     !    !   !    !     !   !     !    !  !
    !       !      !   !     !    !   !    !     !   !     !    !  !
      Ескерту:  Белгі мен бланктің әрбір түріне кітапта жеке бөлім беріледі. 

  Қосымша N 10

___________________________ ІІБ
(Жол полициясы Департаменті)
"___" ______________ 19 ___ ж.
                                 _________________________ ІІМ, ІІБ
                                 (республика, өлке, облыс, қала)
                                Жол полициясы басқармасының бастығы
__________________________ ІІМ, ІІБ жол полициясының тіркеу емтихан
республика, өлке, облыс, қала)
бөлімінің азамат (ша)_____________________________________________
                                 (тегі, аты, әкесінің аты)
берілген сериясы ______ N ___________________"   " категориядағы
транспорт құралдың басқару куәлігінің______________________________
______________________ жойылған
   (себебін көрсет)

______________________ бастығы          ______________________
 (басқарма, бөлім, шені)                         (қолы)

  Жағдайға N 11 қосымша

Куәліктің мұқабасы
_________________________              ____________________________
 (мекеме, ұйымның аты)

           Куәлік                             Свидетельство
        В-С категориясы                         (орыс тілінде)

     Осы куәлік 199  ж."__" ____________________
     1999 ж. "__" ______ дейін _________________
     ___________________________________________
     оқу бағдарламасы бойынша оқыған ___________
     ___________________________________________
                    (аты-жөні)
     199  ж."__" _____N ______протоколына сәйкес
     берілді
                                 ---------------
     Көліктің құрылысы және оған !             !
     техн. қызмет көрсету        ---------------
                                 --------------- 
     Жол қозғалысы қауіпсіздігінің!            !
     негізі мен ережелері       ---------------
 
                                ---------------     
     Жүргізу қабілеті            !             !
                                 ---------------
     Комиссия төрағасы _________________________
     Оқу орнының бастығы _______________________
     
     М.О.
                         Жүргізу куәлігі берілді
     сериясы _________N_________________________
     _____________________________ жол полициясы
     
     М.О.
     "____" ___________________ 1999 ж. ________
     

  Ережеге N 12 қосымша  

       Ескерту. 12 қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 24 наурыздағы N 184   бұйрығымен .

Көлік құралын жүргізу құқығын алу үшін
біліктілік емтиханын өткізу әдістемесі

  1. Жалпы ережелер

      1. Біліктілік емтиханын тапсыру және жүргізуші куәліктерін беру осы ережеде көзделген тәртіппен жүргізушілікке үміткерлерге жүргізуші куәліктерін беру мүмкіндіктерін анықтау мақсатында өткізіледі.
      Емтихан тапсыруға бірінші рет жіберілген адамдар көлік құралдарының басқа да категорияларын жүргізу құқығын алуды қалайтын адамдар, сондай-ақ өзге де адамдар жүргізушілікке үміткер болып есептеледі.
      2. Біліктілік емтиханы (бұдан әрі - емтихан) жалпы алғанда үш бөліктен тұрады: теориялық емтихан және практикалық емтиханның екінші кезеңі (бірінші кезеңі - жол қозғалысынан жабық алаңқайда немесе автодромда, екінші кезең - нақты жол қозғалысы жағдайындағы сынақ маршрутында өткізіледі).
      3. Емтиханның әрбір бөлігі бір-бірінен бөлек мынадай жүйе бойынша бағаланады: қанағаттанарлық баға - "ТАПСЫРДЫ", қанағаттанарлықсыз баға - "ТАПСЫРҒАН ЖОҚ". Практикалық емтиханның бірінші кезеңінде алынған қанағаттанарлық баға теориялық емтиханда алынған қанағаттанарлық бағаның күші бар мерзім ішінде жарамды болып есептеледі. Жүргізушілікке үміткер емтиханның кез келген бөлігінде қанағаттанарлықсыз баға алған жағдайда бұрын тапсырған емтиханның бөлігін қайта тапсыру талап етілмейді.
      4. Жүргізушілікке үміткердің алған бағалары емтихан парағына (1-қосымша) және емтихан хаттамасына (2-қосымша) жазылады.
      5. Практикалық емтихан жүргізуші куәлігі берілетін категорияның көлік құралында (бұдан әрі - КҚ):
      1) "А" - бүйір тіркемесі жоқ екі дөңгелекті мотоциклдерде;
      2) "В" - рұқсат етілген ең жоғары салмағы 3500 кг-дан аспайтын және жүргізуші орындығынан басқа орындықтың саны 8 орындықтан аспайтын, өзінің техникалық ерекшеліктеріне сәйкес кемдегенде 100 км/сағ жылдамдықты үдете түсуге қабілетті автомобильдерде;
      3) "С" - рұқсат етілген ең жоғары салмағы 7000 кг-дан жоғары жүк автокөліктерінде;
      4) "Д" - сыйымдылығы кемінде 28 орындық және ұзындығы кемінде 7 метр автобустарда;
      5) "Е" - көлік құралдарының құрамында оларды тартатын мынадай категориялы көлік құралдары болғанда:
      "В" - рұқсат етілген ең жоғары салмағы 1000 кг асатын тіркемесі бар көлік құралы, ал көлік құралы құрамының салмағы рұқсат етілген ең жоғарғы салмақ 3500 кг асқанда;
      "С" - екі остің арасы 1 метрден аспайтын кемінде 2 осі бар жартылай тіркемесі немесе тіркемесі бар көлік құралдарының составтарында;
      "Д" - жалғастырылған автобустарда қабылданады.

  2. Теориялық емтиханды өткізу

  1. Емтиханның мазмұны

      6. Емтихан жүргізушілікке үміткерлердің теориялық білімдерін тексеру және практикалық емтиханға жіберу мүмкіндігін айқындау не болмаса Ережеде көзделген жағдайларда жүргізуші куәлігін беру мүмкіндігі туралы шешім шығару мақсатында жүргізіледі.
      7. Теориялық емтиханды өткізу кезінде жүргізушілікке үміткердің мынадай білімдері тексеріледі:
      1) Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережелерін және Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді (бұдан әрі - КҚ-ны пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелер) және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі лауазымды адамдардың міндеттерін;
      2) көлік құралын қауіпсіз жүргізу негіздері, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ КҚ жүргізушілерінің қылмыстық, әкімшілік және басқа да жауапкершіліктеріне қатысты Қазақстан Республикасының заңдары;
      3) КҚ-ны қауіпсіз жүргізудің техникалық аспектілері;
      4) жол-көлік оқиғаларының туындауына әсер ететін факторлары, ахуалы жол қозғалысы қауіпсіздігіне әсер ететін КҚ-ның конструкциясы, элементтері;
      5) жол-көлік оқиғаларында зардап шеккен адамдарға дәрігерге дейінгі көмек көрсету әдістері.
      8. Емтихан Қазақстан Республикасы Ішкісминінің Жол полициясы департаменті бекіткен тест сұрақтары бойынша компьютерлік кешендерді пайдалану арқылы жүзеге асырады. Сұрақтар КҚ-ның тиісті категорияларына сәйкес блоктарға топтастырылған:
      1) 1-блок ("А" және "В") - "А", "В" категориялы КҚ жүргізушісіне үміткерлер үшін;
      2) 2-блок ("С", "Д" және "Е") - "В-С", "С", "Д", "Е", "Трамвай" және "троллейбус" категориялы КҚ-ның жүргізушісіне үміткерлер үшін.
      9. Әрбір блок 40 сұрақтан тұрады. Әрбір сұраққа бірнеше жауаптар берілген оның ішінде біреуі дұрыс.

  2. Емтихан өткізуді ұйымдастыру.

      10. Емтиханды өткізу нысаны - жеке. Емтихан бір ғана адамнан және бірнеше жүргізушілікке үміткерлерден бір уақытта қабылдануы мүмкін.
      11. Теориялық емтихан білімді бағдарламаландырылған бақылау әдісімен қабылданады.
      12. Сұрақтар блогына жауап беру үшін жүргізушілікке үміткерге 40 минут беріледі. Көрсетілген уақыт біткеннен кейін емтихан тоқтатылады.
      13. Жүргізушілікке үміткерге билетпен жұмыс істеуге кірісуге рұқсат беретін команда берілгеннен кейін емтихан алушы уақыт хронометражын жүргізеді.
      14. Билет сұрақтарына жауап беру ретін жүргізушілікке үміткердің өзі белгілейді.
      15. Емтихан жүргізушілікке үміткер мен емтихан алушының жұмыс орны жабдықталған үй-жайда (емтихан класында) өткізіледі. Емтихан класының жабдықталуы мен орналасуы емтихан алушының жүргізушілікке үміткердің іс-әрекеттерін бақылап отыруға мүмкіндік беретіндей болуы керек.

  3. Емтиханды өткізу

      16. Емтихан алушы жүргізушілікке үміткерді емтихан өткізудің нысанымен, әдістерімен және тәртібімен, бағдарламасы бар автоматтандырылған орталықтың жұмыс істеу тәртібімен таныстырады, бағалау жүйесін түсіндіреді.
      17. Емтиханды өткізу кезінде емтихан алушы жүргізушілікке үміткерге көрсетілген автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі - АЖО) отыруды ұсынады.
      Кешен жүргізушілікке үміткердің АЖО қосылатын емтихан алушының орталық пультінен (бұдан әрі - ОП) тұруы керек. Әрбір АЖО клавиатурамен және монитормен жабдықталады.
      Емтихан жүргізушілікке үміткердің мониторында АЖО-ның нөмірі, жүргізу құқығын алу үшін емтихан тапсырылатын КҚ-ның категориясы, сондай-ақ аталмыш АЖО-ға белгіленген жүргізушілікке үміткердің тегі, аты, әкесінің аты жазылады. Көрсетілген ақпаратты енгізу емтихан алушының ОП-сымен жүзеге асырылады.
      Емтихан алу бөлімшесінде емтихан қабылдаудың және жүргізуші куәлігін берудің бірыңғай автоматтандырылған жүйесі жұмыс істеген жағдайда ақпараттарды енгізу инспектордың (паспортист) АЖО-сынан жүргізушілікке үміткерге белгіленген құжаттарды қабылдау кезеңінде енгізіледі.
      Емтихан сұрақтарының блогы жүргізушілікке үміткердің АЖО клавиатурасындағы тиісті батырманы басқаннан кейін ғана қалыптасады және монитор экранына шығарылады.
      Емтихан барысында жүргізушілікке үміткердің АЖО мониторының экранында блоктың бірінші сұрағы және емтихан соңына дейінгі қалған уақыт көрсетіледі.
      Монитор экранындағы сұрақтардың графикалық бейнелері Қазақстан Республикасы Ішкісминінің Жол полициясы департаменті бекіткен емтихан блоктары сұрақтарына сәйкес бейнелермен бірдей болуы керек.
      Жүргізушілікке үміткерде сұрақтарға жауап берудің ретін өзі таңдау мүмкіндігі болуы тиіс.
      Емтихан кезінде клавиштерді байқамай басып қалумен байланысты таласты жағдайларды болдырмау үшін жүргізушілікке үміткер өзі таңдаған жауапты тиісті клавишті қайта басу арқылы қайталауы керек.
      Емтиханның нәтижесі, сондай-ақ сұрақтарға берілген жауаптардың дұрыстығы туралы ақпарат жүргізушілікке үміткердің АЖО мониторының экранында барлық сұрақтарға жауап беріп болғаннан кейін ғана немесе белгіленген уақыт аяқталғаннан кейін ғана көрінеді. Экранға таңдалған және дұрыс жауаптардың нөмірлері бар емтихан парағы, сондай-ақ емтиханға жұмсалған уақыт шығады.
      Емтихан аяқталғаннан кейін жүргізушілікке үміткердің АЖО-сында оған ұсынылған сұрақтар, сондай-ақ оның таңдаған жауаптарды шығару мүмкіндігі қарастырылуы тиіс.
      Емтиханның нәтижесі жүргізушілікке үміткердің АЖО-сынан емтиханның хаттамасы мен емтихан парағын шығару үшін емтихан алушының ОП-сына берілуі керек.
      Емтихан алушының ОП-сы Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының Жол полициясы бөлімшесінде қолданылатын мәліметтер қорымен байланысу мүмкіндігіне ие болуы керек.
      Емтихан алу барысында автоматтандырылған кешенде ақау анықталған жағдайда жүргізушілікке үміткерге қойылған баға жойылады және емтихан қайта өткізіледі.
      18. Емтихан нәтижелері қойылған емтихан парағына емтихан алушы қол қояды.

  4. Бағалау жүйесі

      19. "ТАПСЫРДЫ" деген баға жүргізушілікке үміткер белгілеген уақытта кемінде 32 сұраққа дұрыс жауап бергенде қойылады. Олай болмаған жағдайда жүргізушілікке үміткерге "ТАПСЫРҒАН ЖОҚ" деген баға қойылады.
      20. Сұрақтарға жауап беру кезінде жүргізушілікке үміткер қандай да болмасын әдебиетті пайдаланса немесе басқа адамдармен сөйлессе емтихан тоқтатылып, үміткерге "ТАПСЫРҒАН ЖОҚ" деген баға қойылады.

  3. Практикалық емтиханды қозғалыстан жабық алаңқайда
немесе автодромда өткізу (бірінші кезең)

  1. Емтиханның мазмұны

      21. Емтихан жүргізушілікке үміткердің нақты жол қозғалысы жағдайларында не болмаса Ережеде көзделген жағдайларда тиісті категория КҚ жүргізу дағдыларын тексеру, жүргізуші куәлігін беру мүмкіндігі туралы шешім шығару мақсатында жүргізіледі.
      22. Практикалық емтиханның бірінші кезеңін өткізу кезінде  жүргізушілікке үміткердің төмендегідей іс-әрекеттері, іскерліктері мен дағдылары:
      1) КҚ-ны жүргізу механизмдерін пайдалануы;
      2) артқы көрініс айнасын пайдалануы;
      3) орнынан қозғалуы;
      4) шектелген аймақта алғы және артқы жүріспен маневр жасауы;
      5) маневрдың оңтайлы траекториясын жасауы;
      6) арақашықтық пен интервальды, КҚ-ның габариттік параметрлерін бағалауы;
      7) берілістерді ауыстырып қосуы;
      8) белгіленген жерде тоқтауы;
      9) КҚ жүретін жолдың жиегіне параллель тұраққа қоюы;
      10) артқы жүріспен бокске кіруі;
      11) шектелген аумақта алғы және артқы жүріспен 180 С-қа бұрылуы;
      12) мотоциклді бір қолмен жүргізуі;
      13) мотоциклмен тақтай жол үстінен өтуі;
      14) мотоциклді жай жылдамдықта жүргізуі;
      15) КҚ құрамының тіке артқы жүріспен қозғалуы;
      16) КҚ құрамын артқы бортпен платформаға қою тексеріледі.
      23. Практикалық емтиханның бірінші кезеңі қозғалыстан жабық алаңқайда немесе автодромда (бұдан әрі - алаңқай) КҚ-ның нақты категориясына арналған сынақ жаттығуларының кешені бойынша (3-қосымша) өткізіледі.
      24. Сынақ жаттығуларының кешені мыналардан:
      1) "А" категориялы КҚ-ның жүргізушісіне үміткер үшін 3 жаттығудан тұрады:
      N 1 жаттығу - "габаритті коридор", "габаритті жарты шеңбер", "жылдамдық үдету-тежеу";
      N 2 жаттығу - "жыланшық", "тақтай жол", "төменгі жылдамдықта жүргізу";
      N 3 жаттығу - "габаритті сегіздік".
      Бүйір тіркемесі бар мотоциклде емтихан қабылдау кезінде мынадай элементтерден тұратын бір сынақ жаттығуы орындалады: "жыланшық" (адым: 5 метр, коридор ені: 5 метр); "габаритті сегіздік" (шеңбердің сыртқы диаметрі: 8 метр, шеңбер орталықтарының арасындағы арақашықтық: 6,5 метр); "жылдамдықты үдету-тежеу";
      2) "В", "С" және "Д" категорияларының КҚ-ның жүргізушісіне үміткерлер үшін әрқайсысы үш жаттығу бойынша үш нұсқа:
      1-нұсқа: N 4 жаттығу - "өрге шығарда тоқтау және қозғалу"; N 5 жаттығу - "артқы жүріспен параллельді қою"; N 6 жаттығу -  "жыланшық";
      2-нұсқа: N 4 жаттығу - "өрге шығарда тоқтау және қозғалу"; N 5 жаттығу "артқы жүріспен параллельді қою"; N 7 жаттығу - "кері бұрылу";
      3-нұсқа: N 4 жаттығу - "өрге шығарда тоқтау және қозғалу"; N 6 жаттығу - "жыланшық"; N 8 жаттығу -"бокске кіру".
      Емтихан өткізілетін нұсқаны емтихан алушы таңдайды және оны жүргізушілікке үміткерге практикалық емтихан басталмас бұрын хабарлайды;
      3) "Е" ("В+С", "С+Е", "Д+Е") категориялы КҚ-ның жүргізушісіне үміткерлер үшін 2 жаттығу:
      N 9 жаттығу - "платформаға артқы бортпен қою";
      N 10 жаттығу - "артқы жүріспен тіке қозғалу".
      25. Емтихан алынатын КҚ-ға бейімделу үшін (егер дайындық басқа КҚ-да өткізілсе) алаңқайда жүргізушілікке үміткерге кемінде 2 минут уақытта даярлық үшін сынау жүрісі құқығы ұсынылады. Бұл ретте емтихан алынатын КҚ-да оның иесі ("А" категориялы КҚ қоспағанда) қатысуы тиіс. Сынау жүрісі кезінде жіберілген қателіктер хаттамаға жазылмайды және емтиханның нәтижесіне әсер етпейді.
      Сынау жүрісі кезіндегі жүргізуден кейін жүргізушілікке үміткер өзінің дайын еместігін хабарлауға және емтихан тапсырудан бас тарта алады. Бұл жағдайда оның орындағаны практикалық емтихан тапсыруға әрекет жасау ретінде қабылданбайды.

  2. Емтихан өткізуді ұйымдастыру

      26. Емтиханды өткізу нысаны - жеке. Емтихан бір, сондай-ақ бірнеше жүргізушілікке үміткерден бір мезгілде қабылдануы мүмкін.
      27. Практикалық емтиханның бірінші кезеңі екі әдістің біреуі арқылы өткізіледі:
      1) бір жүргізушілікке үміткер кешенде көзделген барлық жаттығуларды белгілеген ретпен орындап шығады. Осы жағдайда жүргізушілікке үміткер қозғалтқышты өшірместен емтихан алушыны бір жаттығуды аяқтағаны және келесісін орындауға дайын екендігі туралы хабардар етеді;
      2) Бірнеше жүргізушілікке үміткер кешенде көзделген 1-жаттығуды кезекпен орындайды, содан кейін келесі жаттығуды орындауға кіріседі.
      Емтиханды өткізу әдісі емтихан алушы бөлімшенің материалдық-техникалық жарақталуына, алаңқайдың жабдықталуы мен көлеміне, емтихан алушылар санына, емтихан тапсырушылар мен емтиханда қолданылатын КҚ-ға байланысты таңдалады.
      28. КҚ-ның нақты категориясына арналған кешенде көзделген жаттығуларды орындау ретін емтихан алушы белгілейді.
      29. NN 1-4-жаттығулар механикалық трансмиссиясы бар КҚ-да ғана орындалады.
      30. КҚ ЖҚЕ-нің және КҚ-ны пайдалануға рұқсат беру негізгі ережелердің талаптарына сәйкес болуы керек.
      КҚ жаттығуды орындамас бұрын жаттығу басталатын аймақта орналастырылуы, қозғалтқыштың қыздырылуы және өшірілуі берілістерді ауыстырып отыру қорабының иінтірегі бейтарап қалыпта болуы, тұрақтық тежегіші қосулы болуы тиіс.
      31. Емтихан мынадай талаптарға жауап беретін алаңқайда өткізіледі:
      1) алаңқай жаттығулар сызбасына сәйкес жарақталуы тиіс (3-қосымша).
      2) "өрге көтерілу кезінде тоқтау және қозғалу" N 4 жаттығу үшін жалғыз эстакаданы пайдалануға болмайды;
      3) еңкіш учаскеде 8-16 процент шамасында бойлық еңісі болуы тиіс;
      4) алаңқайдың (оның ішінде еңкіш учаске) жамылғысы уақытына байланысты тұрақты тегіс және үстінің жұмсақ болуы тиіс;
      5) дөңгелектің алаңқай (оның ішінде еңкіш учаскенің) жамылғысымен жабысу коэффиценті 0,4-тен төмен болмауы керек.
      32. Мынадай жағдайларда:
      1) егер КҚ осы Әдістеменің 30-тармағында баяндалған талаптарға жауап бермеген жағдайда;
      2) егер алаңқай осы Әдістеменің 31-тармағында баяндалған талаптарға жауап бермеген жағдайда емтиханды өткізуге болмайды.
      33. Жаттығуды орындау кезінде бақылауды емтихан алушы қарау немесе техникалық құралдардың көмегімен жүзеге асырады.
      Емтиханды өткізу кезінде көмек көрсету үшін білім беру, автокөлік ұйымдарының, әскери комиссариаттардың және басқа да ұйымдардың өкілдері (бұдан әрі - көмекші) қатыстырылуы мүмкін.

  3. Емтиханды өткізу

      34. Емтихан алушы жүргізушілікке үміткерді емтихан өткізудің нысанымен, әдісімен, тәртібімен, бағалау жүйесімен таныстырады және КҚ-ның нақты категорияларына арналған кешенде көзделген жаттығуларды белгілі ретпен орындауды ұсынады.
      35. Емтихан алушының командасы бойынша жүргізушілікке үміткер емтихан алынатын КҚ-ға орналасып, қозғалуға дайындықты жүзеге асырады және жаттығуды орындайды.
      36. Емтиханды өткізу кезінде емтихан алушы тапсырманың орындалу барысын бақылайды, уақыт хронометражын жүргізеді, жүргізушілікке үміткерге командалар береді. Бақылау кестесінің көмегімен қателерді топтастырады және емтихан парағында белгілейді, жүргізушілікке үміткер алған айып ұпайлардың санын қосады әрі әр жаттығуды орындағаны үшін алған бағалары мен жалпы емтиханда алған бағаларын қояды. Емтихан алушы емтиханды өткізу кезінде алаңқайдағы қауіпсіздіктің жалпы талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.
      37. Емтихан нәтижелері бар емтихан парағына емтихан алушы қол қояды.

  4. Бағалау жүйесі

      38. Қорытынды баға КҚ-ның нақты категорияларына арналған кешенде көзделген барлық жаттығуларды орындағаны үшін берілген бағалар негізінде қойылады.
      39. Әрбір жаттығудағы тапсырманың орындалуының дұрыстығы қанағаттанарлық баға - "ОРЫНДАДЫ", қанағаттанарлықсыз баға - "ОРЫНДАҒАН ЖОҚ" жүйесі бойынша бағаланады:
      Әрбір жаттығу үшін өрескел, орташа және жеңіл деп бөлінетін қалыпты қателер тізімі айқындалған. Осы жіктемелерге сәйкес жүргізушілікке үміткердің әрбір қателіктерді жасағаны үшін айып балдары есептеледі: өрескел-5, орташа-3, жеңіл-1.
      Жіберілген қателіктер үшін берілетін айып балдарының шкалалары мен қалыпты қателіктер тізімі берілген бақылау кестелері Практикалық емтиханның бірінші кезеңін өткізу әдістемесінің 3-қосымшасында берілген.
      "ОРЫНДАДЫ" деген баға жүргізушілікке үміткер жаттығуды орындау кезінде қателер жібермегенде немесе жіберілген қателіктер үшін қойылған айып балдарының сомасы 5-тен кем болғанда қойылады.
      "ОРЫНДАҒАН ЖОҚ" деген баға жіберілген қателіктер үшін қойылған айып балдарының сомасы 5-ы немесе одан көп болған жағдайда қойылады.
      40. Практикалық емтиханның бірінші кезеңінде "тапсырды" деген қорытынды баға: жүргізушілікке үміткер КҚ-ның нақты категорияларына арналған кешенде көрсетілген барлық жаттығулар үшін "ОРЫНДАДЫ" деген баға алғанда қойылады.
      "Тапсырған жоқ" деген қорытынды баға жүргізушілікке үміткер кешенде көзделген екі жаттығу үшін "ОРЫНДАҒАН ЖОҚ" деген баға алғанда немесе бір жаттығуды орындаудан бас тартқанда қойылады.
      41. Егер жүргізушілікке үміткер кешенді көзделген жаттығулардың ішінен біреуі үшін "орындаған жоқ" деген бағаны алған жағдайда, оған бұл жаттығуды қайта орындауға мүмкіндігі беріледі. Қайта орындаған жаттығудың нөмірі емтихан парағында көрсетіледі.
      42. Практикалық емтиханның бірінші кезеңінде жаттығуды қайта орындаудың оң нәтижесі кезінде жүргізушілікке үміткерге "ТАПСЫРДЫ", теріс нәтижесі кезінде "ТАПСЫРҒАН ЖОҚ" деген қорытынды баға қойылады.

  5. Нақты жол қозғалысы жағдайларында практикалық емтиханды өткізу (2-кезең)

  1. Емтиханның мазмұны

      43. Емтихан жүргізушілікке үміткердің нақты жол қозғалысы жағдайында КҚ-ның нақты категориясын өздігінше жүргізу дағдыларын тексеру және оған жүргізуші куәлігін беру мүмкіндігі туралы шешім шығару мақсатында өткізіледі.
      44. Практикалық емтиханның екінші кезеңін өткізу кезінде жүргізушілікке үміткердің жол қозғалысы ережелері талаптарын қолдана білу және орындауы мынадай бөлімдер бойынша тексеріледі:
      жүргізушінің жалпы міндеттері;
      арнаулы белгілерді қолдануы;
      1) бағдаршамдар мен реттеушілердің белгілері;
      2) апат сигнализациясын және апатты тоқтау белгілерін қолдану;
      3) маневр жасау қозғалысының басталуы;
      4) жүру бөлігіндегі көлік құралының орналасуы;
      5) қозғалу жылдамдығы;
      6) басып озу, қарама-қарсы жол бөлігі;
      7) аялдама және тұрақ;
      8) қиылыстардан өту;
      9) жүргіншілер өтпесі және маршрутты КҚ-ның аялдамасы;
      10) темір жол арқылы өту;
      11) маршрутты КҚ-ның басымдылығы;
      12) сыртқы жарық құралдары мен дыбыс белгілерін қолдану.
      45. Практикалық емтиханның екінші кезеңі сынақ маршрутында (бұдан әрі - маршрут) өткізіледі.
      Маршруттардың қажетті саны жергілікті жағдайлар ескеріле отырып анықталады. Әрбір маршрутқа А-4 форматты маршрут картасы ресімделеді және реттік нөмір беріледі. Барлық маршруттарды Астана, Алматы қалаларының ІІББ, облыстардағы ІІББ, ІІБ Жол полициясы басқармасының бастығы бекітеді.
      46. Маршрутта көше-жол жүйесі элементтерінің, жол белгілері мен жол белгілерінің белгілі жинағы болуы, сондай-ақ жүргізушілікке үміткердің ЖҚЕ-ні сақтай отырып, емтихан алушының тапсырмасы бойынша міндетті іс-әрекетін орындау мүмкіндігі қарастырылуы керек.

  2. Емтихан өткізуді ұйымдастыру

      47. Емтиханды өткізу нысаны - жеке.
      Емтиханды қабылдау кезінде емтихан алынатын КҚ-да үміткер мен емтихан алушы болуы тиіс. Сонымен қатар, КҚ иесінің, оның өкілінің (бұдан әрі - КҚ иесі) қатыстырылуына жол беріледі.
      Емтиханда КҚ-ның иесі қатысқан жағдайда маршрут бойынша қозғалу кезінде оның КҚ-ның қосымша жүргізу органдарына ену жүзеге асырылатын орындықта отырғаны дұрыс.
      48. Практикалық емтиханның екінші кезеңі екі әдістің біреуі арқылы өткізіледі:
      1) бір маршрут бойынша бірнеше жүргізушілікке үміткер кезекпен жүріп өтеді.
      2) бірнеше маршрут бойынша бірнеше үміткер бір уақытта жүріп өтеді.
      Емтиханды өткізу әдісі маршруттардың, емтихан алушылардың, емтихан тапсырушылар мен емтихан қабылданатын КҚ-ның санына байланысты таңдалады.
      Емтиханды өткізуге арналған уақытша шығындарды оңтайландыру үшін маршруттардың әрқайсысы бір жерден басталып, сол жерден аяқталғаны дұрыс.
      49. Емтихан алушы қозғалу процесіндегі маршрут бойынша маршрутты және тапсырмаларды орындау ретін белгілейді.
      50. КҚ ЖКЕ мен КҚ-ны пайдалануға беру жөніндегі негізгі ережелердің талаптарына сәйкес болуы керек.
      Емтихан басталмас бұрын КҚ-ны емтихан алушы немесе КҚ-ның иесі маршрут басталатын жерге әкеліп қояды, қозғалтқыш қыздырылған-өшірілген, берілістердің алмастыру иінтірегі бейтарап қалыпқа қойылған, тоқтау тежегіші қосулы болуы тиіс.
      51. Маршрут жүргізушілікке үміткердің емтихан алушы ұсынған мынадай тапсырмаларын:
      1) реттелетін қиылыстан өтуін;
      2) реттелмейтін бірдей маңызды жолдар қиылысынан өтуін;
      3) реттелмейтін әр түрлі маңызды қиылыстардан өтуін;
      4) солға, оңға бұрылуын және кері бұрылуын;
      5) бір бағытта екі немесе одан да көп жүру жолағы бар жол учаскесінің қатарларында орын алмастыруын;
      6) басып озуын;
      7) рұқсат етілген ең жоғары жылдамдықпен жүруін;
      8) жүргіншілер өтпесінен және маршрутты КҚ аялдамасынан өтуін;
      9) әр түрлі жылдамдықтарда қозғалу кезінде жедел тоқтауды қосқандағы тежеуін және тоқтауын орындауға мүмкіндік беру қажет.
      Маршрут жоғарыда санамаланған іс-әрекеттерді әр түрлі категорияның КҚ-да орындау ерекшеліктерін ескеруі керек.
      52. Маршруттағы емтиханның ұзақтығы кемінде 20 минут болуы керек, бірақ жүргізушілікке үміткердің "ТАПСЫРҒАН" деген баға алуына байланысты уақытынан ерте тоқтатылуы мүмкін.
      Жүргізушілікке үміткер емтихан осы Әдістеменің 51-тармағында көзделген қабылдаушының берген барлық тапсырмаларын орындаған жағдайда емтиханның ұзақтығы қысқартылуы мүмкін.
      53. Мынадай жағдайларда:
      1) КҚ осы Әдістеменің 50-тармағында баяндалған талаптарына жауап бермесе;
      2) маршрут осы Әдістеменің 45, 46-тармақтарында баяндалған талаптарға жауап бермесе;
      3) маршрутта жол учаскелерін қолдану жол қозғалысы қауіпсіздігіне қауіп төндірсе емтихан өткізуге рұқсат етілмейді.

  3. Емтиханды өткізу

      54. Емтихан алушы жүргізушілікке үміткерді емтихан алудың нысанымен және әдісімен, бағалау жүйесімен, маршрутта тапсырмаларды орындау ретімен таныстырады.
      Емтихан алушы емтихан парағында маршруттың нөмірін көрсетеді.
      55. Емтихан алушының командасы бойынша жүргізушілікке үміткер емтихан алынатын КҚ-дағы жүргізуші орындығына отырады, жүргізуге дайындық жасайды және емтихан алушының нұсқауларына сәйкес маршрут бойынша қозғала бастайды.
      56. Маршрут бойынша қозғалу кезінде емтихан алушы жүргізушілікке үміткерге командалар беріп отырады, тапсырмалар орындалуының дұрыстығын бақылайды, емтихан парағында жіберілген қателіктерді топтастырады, белгілеп отырады, жүргізушілікке үміткердің алған айып балдарының санын қосады және емтиханның қорытынды бағасын қояды.
      Жүргізушілікке үміткерге емтихан алушының командалары анық және дер кезінде беріледі. Кері бұрылуға және тоқтауға қатысты командалар мынадай нысанда беріледі: "Тоқтауға орын таңдаңыз және тоқтаңыз", "кері бұрылуға орын таңдаңыз және кері бұрылыңыз".
      Жүргізушілікке үміткер емтихан алушының ұсынысы бойынша  іс-әрекеттің оңтайлы тәртібін өз бетінше анықтайды.
      Жүргізушілікке үміткерді ЖКЕ талаптарын бұзуға итермелейтін әрекеттер жасауға тыйым салынады.
      Жол қозғалысы қауіпсіздігіне қауіп төнген кезде жол-көлік оқиғасының туындауын болдырмау мақсатында емтихан алушы немесе КҚ-ның иесі (ол болған кезде) емтихан алынатын КҚ жүргізу процесіне дереу араласады.
      57. Емтихан алушы емтихан нәтижесі жазылған емтихан парағына емтихан парағына қол қояды.

  4. Бағалау жүйесі

      58. Практикалық емтиханның екінші кезеңі қорытындысында мынадай: қанағаттанарлық баға "ТАПСЫРДЫ", қанағаттанарлықсыз "ТАПСЫРҒАН ЖОҚ" жүйесі бойынша бағаланады.
      59. Емтиханды бағалау үшін өрескел, орта және жеңіл болып бөлінетін қалыпты қателіктер тізімі айқындалды. Осы жіктемеге сәйкес әр жіберілген қателіктер үшін жүргізушілікке үміткерге: өрескел қателік үшін - 5 ұпай, орташа - 3, жеңіл - 1 айып балдары беріледі.
      60. Жүргізушілікке үміткер ешбір қате жібермеген немесе жіберілген қателіктер үшін қойылған айып балдарының сомасы кемінде 5-ті құрағанда "ТАПСЫРДЫ" деген баға қойылады. Олай болмаған жағдайда жүргізушілікке үміткерге "ТАПСЫРҒАН ЖОҚ" деген баға қойылады.

  Әдістемеге
1-қосымша

Емтихан парағы

      Көлік құралы категориясы  _________

    Тегі_______ Аты _______ Әкесінің аты_______ Туған күні _______

                        Теориялық емтихан
___________________________________________________________________
Күні ____|                   Сұрақ нөмірі                   |Жүргі.
---------|--------------------------------------------------|зуші.
Билет N__|1|2|3|4|5|6|7|8|9|10|11|12|13|14|15|16|17|18|19|20|лікке
         | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | |  |үміт.
         | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | |  |кердің
         | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | |  |қолы
___________________________________________________________________
Жауаптар
 нөмірі

Емтихан
алушының
бағасы

Қорытынды
  баға
Емтихан
алушының
  қолы
___________________________________________________________________
Күні ____|                   Сұрақ нөмірі                   |Жүргі.
---------|--------------------------------------------------|зуші.
Билет N__|1|2|3|4|5|6|7|8|9|10|11|12|13|14|15|16|17|18|19|20|лікке
         | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | |  |үміт.
         | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | |  |кердің
         | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | |  |қолы
___________________________________________________________________
Жауаптар
 нөмірі

Емтихан
алушының
бағасы

Қорытынды
  баға
Емтихан
алушының
  қолы
___________________________________________________________________
Күні ____|                   Сұрақ нөмірі                   |Жүргі.
---------|--------------------------------------------------|зуші.
Билет N__|1|2|3|4|5|6|7|8|9|10|11|12|13|14|15|16|17|18|19|20|лікке
         | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | |  |үміт.
         | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | |  |кердің
         | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | |  |қолы
___________________________________________________________________
Жауаптар
 нөмірі

Емтихан
алушының
бағасы

Қорытынды
  баға
Емтихан
алушының
  қолы
___________________________________________________________________

  Әдістемеге 
2-қосымша 

Емтихан хаттамасы (бет жағы)

Практикалық емтиханның бірінші кезеңі

___________________________________________________________________
Күні _____ | Жаттығу нөмірлері | Қорытынды баға | Емтихан алушының
           |-------------------|----------------|     қолы, тегі
           |    |    |     |   |                |
___________________________________________________________________
Айып балдары
___________________________________________________________________
Күні _____ | Жаттығу нөмірлері | Қорытынды баға | Емтихан алушының
           |-------------------|----------------|     қолы, тегі
           |    |    |     |   |                |
___________________________________________________________________
Айып балдары
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Күні _____ | Жаттығу нөмірлері | Қорытынды баға | Емтихан алушының
           |-------------------|----------------|     қолы, тегі
           |    |    |     |   |                |
___________________________________________________________________

Емтихан хаттамасы (сыртқы бет)

Практикалық емтиханның екінші кезеңі

___________________________________________________________________
         Қалыпты қателер        |Қате.  | Емтихан алушының бағасы
                                |лердің |--------------------------
                                | айып  |Күні____|Күні____|Күні____
                                |балдары|Маршрут |Маршрут |Маршрут
                                |шкаласы|N____   |N____   |N____
___________________________________________________________________
А. Өрескел
1.1. Қозғалыста басымдылық
құқығы бар КҚ жүргізушілеріне
ондай мүмкіндік бермеді
(кедергі жасады)                    5
1.2. Қозғалыста басымдылық
құқығы бар жаяу жүргіншілерге
және (немесе) велосипедшілерге
ондай мүмкіндік бермеді             5
1.3. Қарама-қарсы қозғалыс
жолағына немесе қарсы бағыттағы
трамвай жолына шығып кетті          5
1.4. Бағдаршам немесе
реттеушінің тыйым салу
белгісінен өтіп кетті               5
1.5. Басымдылық белгілерінің
тыйым салу және ескерту
белгілерінің талаптарын
орындамады                          5
1.6. Стоп сызығынан (1.12 белгі)
2,5 белгісі бар болғанда немесе
бағдаршамның (реттеушінің) тыйым
салу белгісі кезінде өтіп кетті     5
1.7. Басып озу ережесін бұзды       5
1.8. Кері бұрылу ережесін бұзды     5
1.9. Оңға, солға немесе кері
бұрылмас бұрын жүру бөлігіндегі
тиісті жағдайға орналаспады         5
1.10. Темір жол өткелінен өту
ережесін бұзды                      5
1.11. Белгіленген қозғалу
жылдамдығын асырды                  5
1.12. Қозғалысқа қауіп туындаған
кезде толық тоқтағанға дейін
жылдамдықты төмендетуге қажетті
шараларды қолданбады                5
1.13. Жол-көлік оқиғасының
туындауын болдырмау мақсатында
емтихан алынатын КҚ-нын жүргізу
процесіне араласу қажеттілігін
тудырған жүргізушілікке
үміткердің әрекеттері немесе
әрекетсіздігі                       5
Б. Орташа
2.1. Тоқтау ережесін бұзды          3
2.2. Қозғалмас, қапталдамас,
бұрылмас бұрын бұрылыстың жарық
көрсеткішімен белгі бермеді         3
2.3. Ақпараттық-сілтеу
белгілерінің, жол сызықтары
(ЖҚЕ-ге 2-қосымша 1.3, 1.12
сызықтарынан басқа) талаптарын
орындамады                          3
2.4. Белгіленген жағдайларда
апат сигнализациясының немесе
апаттық тоқтау белгісін
қолданған жоқ                       3
2.5. Қалыптасқан бітеу кезінде
КҚ-ның бүйір бағытындағы
қозғалысы үшін кедергі жасап
жол қиылысына шығып кетті           3
В. Ұсақ
3.1. Қауіпсіздік белдігін тақпады   1
3.2. Бұрылыс белгісін дер кезінде
бермеді және ажыратпады             1
3.3. КҚ-ның жүру бөлігінде
орналасу ережесін бұзды             1
3.4. Қозғалыс жылдамдығын жол
және метеорологиялық жағдайларды
ескермей таңдады                    1
3.5. Қажеттіліксіз өте төмен
жылдамдықпен жүрді                  1
3.6. ЖКО-ны болдырмау қажеттілігі
болмаған жағдайда қозғалысты
бірден тежеді                       1
3.7. Сыртқы жарық приборларын
және дыбыстық белгілерді
пайдалану ережесін бұзды            1
3.8. Басқа да көлік құралдарына
назар аудармайды                    1
3.9. КҚ-ны жүргізу органдарын
сенімсіз пайдаланады, қозғалыстың
дұрыстығын қамтамасыз етпейді       1
3.10 Артқы көрініс айналарын
пайдаланбайды                       1
3.11 Шұғыл тежеу кезінде көлік
құралы дөңгелектерінің толық
немесе ішінара қатып қалуына
жол берді                           1
3.12. ЖҚЕ-нің өзге де бұзушылықтар  1
Айып балдарының қорытындысы
Қорытынды баға
Емтихан алушының қолы, тегі
___________________________________________________________________

  Әдістемеге 
3-қосымша 

Практикалық емтиханның бірінші кезеңін өткізуге арналған сынақ жаттығуларының кешені

1. N 1 жаттығу "Габаритті коридор, "габаритті жарты шеңбер", "жылдамдықты үдету-тежеу" (1-сызба)

      1. Мазмұны:
      "Габаритті коридорда" қозғалу, қолмен солға бұрылу (кері бұрылу) белгісін беру, "габаритті жарты шеңбер" траекториясы бойынша қозғалу, тіке қозғалу кезінде берілісті төмендегіден жоғарыға және жоғарыдан төменгіге ауыстыру, қолмен тежеу белгісін беру, "СТОП" сызығы алдына тоқтау.
      2. Жүргізушілікке үміткерге берілетін тапсырмалар:
      1) емтихан алушының командасы бойынша жүргізушілікке үміткер:
      мотоциклмен мәре алдындағы аумақтан орын алуы;
      қозғалысқа дайындалуы;
      қозғалтқышты оталдыруы;
      "МӘРЕ" сызығындағы бастапқы қалыпқа орналасуы;
      фараның жақын жарығын қосуы керек;
      2) емтихан алушының командасы бойынша жүргізушілікке үміткер:
      мәре қақпаларында орнынан қозғалуды;
      "габаритті коридордан" қозғалуды, уақытында (коридордың орта тұсына жетпей тұрып) қолымен солға бұрылу (бұрылыс) белгісін беруді;
      "габаритті жарты шеңбер" траекториясынан жүріп өтуді;
      тіке жүре отырып жылдамдықты төмендегіден жоғарыға және жоғарыдан төменгіге алмастыруды;
      қолмен тежеу белгісін беруді, қозғалысты баяу тежеуді, "СТОП" сызығына 0,4 метр қашықтықта тоқтауды орындауы керек;
      3) мотоциклді тоқтатқаннан кейін жүргізушілікке үміткер:
      бейтарап берілісті қосуы;
      фара жарығын сөндіруі;
      қозғалтқышты өшіруі;
      мотоциклден түсуі;
      мотоциклді мәре алдындағы аймаққа қоюы керек.
      3. Емтихан алушының іс-әрекеттері:
      Емтихан алушы N 1 кестені пайдалана отырып, тапсырманың дұрыс орындалуын бақылайды және жаттығуға баға қояды.
      Жаттығуды орындау кезінде емтихан алушы мәре, жылдамдықты үдету, тежеу, тоқтату аймақтарын, ал оның көмекшісі "габаритті коридор" және "габаритті жарты шеңбер" аймақтарын бақылайды.

  N 1 бақылау  
кестесі    

___________________________________________________________________
Қалыпты қателіктер                                       қателер
                                                         үшін
                                                         берілген
                                                         айып
                                                         балдары
                                                         шкаласы

1. Өрескел
Қозғалыстың белгіленген траекториясынан ауытқуы.         5
Белгі жабдықтарының элементтері қағып кетті немесе
алаңқайдың көлденең белгілер сызығынан асып кетті.       5
Жаттығуды орындау кезінде алаңқай бетіне аяғын тигізді.  5
Қолмен солға бұрылу (кері бұрылу) белгісін берген жоқ.   5
"СТОП" сызығы алдында 0,4 м-ден астам қашықтықта
тоқтады немесе одан асып кетті.                          5
Б. Орташа
Мәре қақпаларында орнынан қозғалу кезінде қозғалтқыш
өшіп қалды.                                              3
Қолмен солға бұрылу (кері бұрылу) белгісін "габаритті
коридордың" орта шенінен өткеннен кейін берді.           3
Берілісті төменгіден жоғарыға және жоғарыдан
төменгіге алмастырған жоқ.                               3
Қозғалтқыш жұмыс істеп тұрған кезде тоқтағаннан
кейін бейтарап берілісті қосқан жоқ.                     3
В.Ұсақ.
Қолмен тежеу белгісін берген жоқ                         1
"СТОП" сызығы алдында бірден тежеді
(дөңгелектің қатып қалуы)                                1
Фараның жақын жарығын қосқан жоқ                         1
___________________________________________________________________

2. 2-жаттығу "жыланшық", "тақтай жол", "төменгі жылдамдықпен қозғалу" (2-сызба)

      4. Мазмұны:
      "Жыланшық" траекториясы бойынша қозғалу, "тақтай жол" бойынша қозғалу, төменгі жылдамдықта қозғалу.
      5. Жүргізушілікке үміткерге берілетін тапсырма:
      1) емтихан алушының командасы бойынша үміткер:
      мотоциклмен мәре алдындағы аймақтан орын алуы;
      қозғалысқа дайындалуы;
      "Мәре" сызығы алдындағы бастапқы қалыпты қабылдауы;
      фараның жақын жарығын қосуы керек;
      2) емтихан алушының командасы бойынша үміткер:
      мәре қақпаларына орнынан қозғалуды;
      оң жақтағы бірінші конусты айналып өтіп "жыланшық" траекториясы бойынша жүруді;
      "тақтай жол" бойынша жүруді;
      төменгі жылдамдықпен кемінде 5 сағат уақытта "габаритті коридормен" жүріп өтуді;
      "СТОП" сызығы алдында тоқтауды орындауы керек;
      3) мотоциклді тоқтатқаннан кейін үміткер:
      бейтарап берілісті қосуы;
      фара жарығын сөндіруі;
      қозғалтқышты өшіруі, мотоциклден түсуі;
      мотоциклді мәре алдындағы аймаққа қоюы керек.
      6. Емтихан алушы:
      Емтихан алушы N 2 бақылау кестесін пайдалана отырып, тапсырманың дұрыс орындалуын бақылайды және жаттығуға баға қояды.
      Жаттығуды орындау барысында емтихан алушы мәре, төменгі жылдамдықпен жүруге арналған "габаритті коридор" аймақтарын бақылайды, "габаритті коридорда" жүру уақытын тексереді, ал оның көмекшісі "габаритті жыланшық", "тақтай жол" аумағын бақылап, уақыт хронометражының басталуына белгі береді.

  N 2 бақылау  
кестесі    

___________________________________________________________________
Қалыпты қателіктер                                       қателер
                                                         үшін
                                                         берілген
                                                         айып
                                                         балдары
                                                         шкаласы

1. Өрескел
Қозғалыстың белгіленген траекториясынан ауытқыды.        5
Белгі жабдықтарының элементтерін қағып кетті немесе
көлденең алаңқай белгілері сызығынан асып кетті          5
Жаттығуды орындау кезінде алаң бетіне аяғын тигізді      5
"СТОП" сызығынан асып кетті                              5
Б. Орташа
Мәре қақпаларында орнынан қозғалу кезінде қозғалтқыш
өшіп қалды                                               3
төменгі жылдамдықпен "габаритті коридорда" қозғалу
кезінде уақыт нормативін орындамады                      3
Қозғалтқыш жұмыс істеп тұрған кезде тоқтағаннан
кейін бейтарап берілісті қосқан жоқ                      3
В. Ұсақ
Фараның жақын жарығын қосқан жоқ                         1
___________________________________________________________________

N 3 жаттығу "Габаритті сегіздік" (3-сызба)

      7. Мазмұны
      "Габаритті сегіздік" траекториясы бойынша қозғалу.
      8. Жүргізушілікке үміткерге берілетін тапсырма:
      1) емтихан алушының командасы бойынша жүргізушілікке үміткер:
      мотоциклмен мәре алдындағы аймақтан орын алуы;
      қозғалысқа дайындалуы;
      "Мәре" сызығы алдындағы бастапқы қалыпты қабылдауы;
      фараның жақын жарығын қосуы керек;
      2) емтихан алушының командасы бойынша жүргізушілікке үміткер:
      мәре қақпаларында орнынан қозғалуды;
      "Габаритті сегіздік " траекториясы бойынша қозғалуды
      "СТОП" сызығы алдында тоқтауды орындауы керек;
      3) мотоциклді тоқтатқаннан кейін жүргізушілікке үміткер:
      бейтарап жылдамдықты үдетуі;
      фара жарығын сөндіруі;
      қозғалтқышты өшіруі;
      мотоциклден түсуі;
      мотоциклді мәре алдындағы мәре жолағына қоюы керек.
      8. Емтихан алушы:
      Емтихан алушы N 3 бақылау кестесін пайдалана отырып, тапсырманың дұрыс орындалуын бақылайды және жаттығуға баға қояды.
      Жаттығу кезінде емтихан алушы аялдаманы, "габаритті сегіздікті", ал көмекшісі мәре аумағын бақылайды.

  N 3 бақылау  
кестесі    

___________________________________________________________________
Қалыпты қателіктер                                       қателер
                                                         үшін
                                                         берілген
                                                         айып
                                                         балдары
                                                         шкаласы

1. Өрескел
Қозғалыстың белгіленген траекториясынан ауытқыды.         5
Белгі жабдықтарының элементтерін қағып кетті немесе
алаңқайдың көлденең белгілері сызығынан асып кетті        5
Жаттығуды орындау кезінде алаң үстіне аяғын тигізді       5
"СТОП" сызығынан өтіп кетті                               5
Б. Орташа
Мәре қақпаларында орнынан қозғалу кезінде қозғалтқыш
өшіп қалды                                                3
Қозғалтқыш жұмыс істеп тұрған кезде тоқтағаннан
кейін бейтарап берілісті қосқан жоқ                       3
В. Ұсақ
Фараның жақын жарығын қосқан жоқ                          1
___________________________________________________________________

4. N 4 жаттығу "өрге шыққанда тоқтау және қозғалу"
(4-сызба)

      9. Мазмұны:
      Еңкіш учаске бойынша жүру, еңкіш учаскедегі "СТОП-1" сызығы алдында тоқтау, еңкіш учаскеде орнынан қозғалу, "СТОП" сызығы алдына тоқтау.
      10. Жүргізушілікке үміткерге берілетін тапсырма:
      1) емтихан алушының командасы бойынша үміткер:
      КҚ-на отыруы;
      қозғалысқа дайындалуы;
      қозғалтқышты оталдыруы керек;
      2) емтихан алушының командасы бойынша үміткер:
      мәре қақпаларда орнынан қозғалу;
      еңкіш учаске бойынша қозғалу;
      автокөлік дөңгелектерінің барлығы еңкіш аумақта тұратындай етіп "СТОП-1" сызығы алдында тоқтау;
      КҚ-ның қозғалыссыз жағдайын (тоқтау немесе жұмыс тежегіштері арқылы) белгілеу;
      еңкіш учаскеде 0,3 метрден артық артқа жылжуға жол берілмейді;
___________________________________________
* - жылжу көлемі осылай белгіленеді: КҚ "СТОП-1" сызығында артқы бамперден 0,3 м қашықтықта тоқтағаннан кейін бақылау қада орнатылады, Егер КҚ еңкіш учаскеде қозғалған кезде жылжу көлемі 0,3 м-ден асса қада құлап қалады.

      "СТОП" сызығы алдына тоқтау;
      3) КҚ тоқтағаннан кейін жүргізушілікке үміткер:
      бейтарап берілісті қосуы;
      тоқтау тежегішін қосуы;
      қозғалтқышты сөндіруі;
      КҚ-дан шығуы керек.
      11. Емтихан алушының іс-әрекеттері:
      Емтихан алушы N 4 бақылау кестесін пайдалана отырып, тапсырманың дұрыс орындалуын бақылайды және жаттығуға баға қояды. 
      Жаттығуды орындау барысында емтихан алушы мәре, "СТОП" сызығы алдындағы аялдама аумағын бақылайды, жылжуын белгілейді, ал оның көмекшісі "СТОП" сызығы алдындағы аялдау аймағын бақылайды.

  N 4 бақылау  
кестесі    

___________________________________________________________________
Қалыпты қателіктер                                       қателер
                                                         үшін
                                                         берілген
                                                         айып
                                                         балдары
                                                         шкаласы

1. Өрескел
Жол белгісі жабдықтарының элементтерін қағып кетті
немесе алаңқайдың көлденең белгі сызығынан кесіп өтті    5
КҚ еңкіш учаскеде тоқтаған кезде қозғалыссыз тұрған
КҚ-ны белгілемеді                                        5
Еңкіш аумақтан қозғалғанда 0,3 м-ден астам жылжуға
жол берді                                                5
"СТОП" сызығынан кесіп өтті (КҚ алдынғы габаритінің
проекциясы бойынша)                                      5

Б. Орташа
Еңкіш аумақта тоқтағанда "СТОП-1" жолағынан өтіп
кетті (КҚ алдынғы габаритінің проекциясы бойынша)        3
Жаттығуды орындаған кезде қозғалтқыш өшіп қалды          3
Қозғалтқыш жұмыс істеп тұрған кезде бейтарап
беріліске қосқан жоқ                                     3
"СТОП" сызығы алдына тоқтағаннан кейін тоқтау
тежегішін қосқан жоқ                                     3
___________________________________________________________________

5. N 5 жаттығу "Артқы жүріспен параллель қою"
(5-сызба)

      12. Мазмұны:
      КҚ жүру бөлігінің параллель жиегіндегі тұраққа артқы жүріспен қою.
      13. Жүргізушілікке үміткерге берілетін тапсырмалар:
      1) емтихан алушының командасы бойынша үміткер:
      КҚ-ға отыруы;
      қозғалысқа дайындалуы керек;
      2) емтихан алушының командасы бойынша үміткер:
      мәре қақпаларында орнынан қозғалуды;
      тұрақ аймағының "СТОП" сызығы алдына тоқтауды;
      КҚ тоқтағаннан кейін қазықтар және үзік сызықтармен белгіленген тұрақ аумағына толық орналасуды орындауы керек;
      3) КҚ тоқтағаннан кейін жүргізушілікке үміткер:
      бейтарап берілісті қосуы;
      тұру тежегішін қосуы;
      қозғалтқышты сөндіруі;
      КҚ-дан шығуы керек.
      14. Емтихан алушы:
      Емтихан алушы N 5 бақылау кестесін пайдалана отырып тапсырманың дұрыс орындалуын бақылайды және жаттығуға баға қояды.
      Жаттығуды орындау кезінде емтихан алушы аялдама аумағын, ал көмекшісі мәре аумағын бақылайды.

  N 5 бақылау  
кестесі    

___________________________________________________________________
Қалыпты қателіктер                                       қателер
                                                         үшін
                                                         берілген
                                                         айып
                                                         балдары
                                                         шкаласы

1. Өрескел
Жол белгісі жабдықтарының элементтерін қағып кетті
немесе алаңқайдың көлденең белгілері аймағын қиып өтті   5
Үзік сызықтан өтпеді (КҚ-ның бүйір габариті проекциясы
бойынша)                                                 5
Б. Орташа
Жаттығуды орындау кезінде қозғалтқыш өшіп қалды          3
Артқы қозғалыстың берілісін бірдей қосқан кезде
тұрақ аймағына бірден кіре алмады                        3
Қозғалтқыш жұмыс істеп тұрған кезде тоқтағаннан
кейін бейтарап берілісті қоспады                         3
Тұрақ аймағына тоқтағаннан кейін тұру тежегішін қоспады  3
___________________________________________________________________

6. N 6 жаттығу "Жыланшық" (6-сызба)

      15. Мазмұны:
      "Жыланшық" траекториясы бойынша жүру.
      16. Жүргізушілікке үміткерге берілетін тапсырма:
      1) емтихан алушының командасы бойынша үміткер:
      КҚ-ға отыруы;
      қозғалысқа дайындалуы;
      қозғалтқышты қосуы керек;
      2) емтихан алушының командасы бойынша үміткер:
      мәре қақпаларында орнынан қозғауды;
      берілген траектория бойынша қозғалуды;
      аялдама аумағына "СТОП" сызығы алдына тоқтауды орындауға міндетті;
      3) КҚ тоқтағаннан кейін жүргізушілікке үміткер:
      бейтарап берілісті қосуы;
      тұру тежегішін қосуы;
      қозғалтқышты сөндіруі;
      КҚ-дан шығуы керек.
      17. Емтихан алушы:
      Емтихан алушы N 6 бақылау кестесін пайдалана отырып тапсырманың дұрыс орындалуын бақылайды және жаттығуға баға қояды.
      Жаттығуды орындау кезінде емтихан алушы "жыланшық" және аялдама аумағын, ал көмекшісі мәре аумағын бақылайды.

  N 6 бақылау  
кестесі    

___________________________________________________________________
Қалыпты қателіктер                                       қателер
                                                         үшін
                                                         берілген
                                                         айып
                                                         балдары
                                                         шкаласы

1. Өрескел
Жол белгісі жабдықтарының элементтерін қағып кетті
немесе алаңқайдың көлденең белгі сызығын қиып өтті       5
"СТОП" сызығын қиып өтті (КҚ-ның бүйір габариті
проекциясы бойынша)                                      5
Б. Орташа
Жаттығуды орындау кезінде қозғалтқыш өшіп қалды          3
Қозғалтқыш жұмыс істеп тұрғанда бейтарап берілісті
қоспады                                                  3
"СТОП" сызығына тоқтағаннан кейін тұру тежегішін
қоспады                                                  3
___________________________________________________________________

7. N 7 жаттығу "Кері бұрылу" (7-сызба)

      18. Мазмұны:
      КҚ екі шектелген аумақта 180 градусқа бұру, "СТОП" жолағы алдында тоқтау.
      19. Жүргізушілікке үміткерге берілетін тапсырма:
      1) емтихан алушының командасы бойынша үміткер:
      КҚ-ға отыруы;
      қозғалысқа дайындалуы;
      қозғалтқышты қосуы керек;
      2) емтихан алушының командасы бойынша үміткер:
      мәре қақпаларында орнынан қозғалуды;
      артқы жүріс берілісін бірдей қосқан кезде артқы траектория бойынша кері бұрылуды;
      "СТОП" сызығы алдына тоқтауды орындауы керек;
      3) КҚ тоқтағаннан кейін үміткер:
      бейтарап берілісті қосуы;
      тұру тежегішін қосуы;
      қозғалтқышты сөндіруі;
      КҚ-дан шығуы керек.
      20. Емтихан алушының іс-әрекеттері:
      Емтихан алушы N 7 бақылау кестесін пайдалана отырып, тапсырманың дұрыс орындалуын бақылайды және жаттығуға баға қояды.

  N 7 бақылау  
кестесі    

___________________________________________________________________
Қалыпты қателіктер                                       Қателер
                                                         үшін
                                                         берілген
                                                         айып
                                                         балдары
                                                         шкаласы
1. Өрескел
Белгі жабдықтарының элементтерін қағып кетті немесе
алаңқайды ұзынша жолақтар аумағынан шығып кетті          5
"СТОП" жолағынан өтіп кетті (КҚ-ның алдыңғы габариті
проекциясымен)                                           5
Б. Орташа
Жаттығу кезінде қозғалтқыш өшіп қалды                    3
Артқы жылдамдықты үдеткеннен кейін аялдама аумағына
бірден кіре алмады                                       3
Қозғалтқыш жұмыс істеп тұрған кезде тоқтағаннан
кейін бейтарап берілісті қоспады                         3
"СТОП" сызығына тоқтағаннан кейін тоқтау тежегішін
қоспады                                                  3
___________________________________________________________________

8. N 8 жаттығу "Бокске кіру" (8-сызба жеңіл автокөліктер үшін, 8-1-сызба жүк көліктері үшін)

      21. Мазмұны:
      Бокске артқы жүріспен кіру.
      22. Жүргізушілікке үміткерге берілетін тапсырма:
      1) емтихан алушының командасы бойынша үміткер:
      КҚ-ға отыруы;
      қозғалысқа дайындалуы;
      қозғалтқышты қосуы керек;
      2) емтихан алушының командасы бойынша жүргізушілікке үміткер:
      мәре қақпаларында орнынан қозғалуды;
      берілген траектория бойынша бокске кіруді;
      "СТОП" сызығы алдында тоқтауды орындауы керек;
      3) КҚ тоқтағаннан кейін жүргізушілікке үміткер:
      бейтарап берілісті қосуы;
      тоқтау тежегішін қосуы;
      қозғалтқышты сөндіруі;
      КҚ-дан шығуы керек.
      Бокске кіру бастапқы қалыптан, бокстың оң жағы сияқты сол жағынан жүргізушілікке үміткердің таңдауы бойынша жүзеге асырылады.
      23. Емтихан алушының іс-әрекеттері:
      Емтихан алушы N 8 бақылау кестесін пайдалана отырып, тапсырманың дұрыс орындалуын бақылайды және жаттығуға баға қояды.
      Жаттығуды орындау кезінде емтихан алушы "СТОП" сызығы алдындағы аялдама аумағын, КҚ-ның бокста орналасу қалпын, ал көмекшісі мәре аумағын қадағалайды.

  N 8 бақылау  
кестесі    

___________________________________________________________________
Қалыпты қателіктер                                       қателер
                                                         үшін
                                                         берілген
                                                         айып
                                                         балдары
                                                         шкаласы
1. Өрескел
Белгілер жабдықтарының элементтерін қағып кетті
немесе алаңқайдың көлденең белгілері сызығын қиып өтті   5
"СТОП" сызығын қиған жоқ (КҚ-ның алдыңғы габариті
проекциясы бойынша)                                      5
Б. Орташа
Жаттығуды орындау кезінде қозғалтқыш өшіп қалды          3
Артқы берілісті бірдей қосқан кезде бокске кіре алмады   3
Қозғалтқыш жұмыс істеп тұрған кезде тоқтағаннан кейін
бейтарап берілісті қоспады                               3
"СТОП" сызығы алдына тоқтағаннан кейін тұру
тежегішін қоспады                                        3
___________________________________________________________________

9. N 9 жаттығу "Платформаға артқы бортпен кіру" (9-сызба)

      24. Мазмұны:
      Тіркемені платформа имитаторына артқы бортпен қою.
      25. Жүргізушілікке үміткерге берілетін тапсырма:
      1) емтихан алушының командасы бойынша жүргізушілікке үміткер:
      КҚ-ға отыруы;
      қозғалысқа дайындалуы;
      қозғалтқышты оталдыруы керек;
      2) емтихан алушының командасы бойынша жүргізушілікке үміткер:
      мәре қақпаларында артқы жүріспен орнынан қозғауды;
      "габаритті коридорға" артқы жүріспен кіруді;
      жүк тиегіш платформасы имитаторына (қадалар қатары) артқы бортпен жақындауды;
      автокеруен ұзындығының 3%-ін қамтитын қашықтықта жүк тиегіш платформа имитаторы алдында тоқтауды орындауы керек;
      3) КҚ тоқтағаннан кейін жүргізушілікке үміткер:
      бейтарап берілісті қосуға;
      тұру тежегішін қосуға;
      қозғалтқышты сөндіруге;
      КҚ-дан шығуы керек.
      26. Емтихан алушының іс-әркеттері:
      Емтихан алушы N 9 бақылау кестесін пайдалана отырып, тапсырманың дұрыс орындалуын бақылайды және жаттығуға баға қояды.
      Жаттығуды орындау кезінде емтихан алушы "габаритті коридор" аумағын, платформа имитаторы алдындағы аялдаманы, ал көмекшісі мәре аумағын қадағалайды.

  N 9 бақылау  
кестесі    

___________________________________________________________________
Қалыпты қателіктер                                       Қателер
                                                         үшін
                                                         берілген
                                                         айып
                                                         балдары
                                                         шкаласы
1. Өрескел
Белгілер жабдықтарының элементтерін қағып кетті немесе
алаңқайдың көлденең белгілер сызығын қиып өтті           5
Жүк белгілері платформасының имитаторына 1 метрден
астам қашықтыққа тоқтады                                 5
Б. Орташа
Жаттығуды орындау кезінде қозғалтқыш өшіп қалды          3
Артқы жүріс берілісін бір рет қосқан кезде коридорға
бірден кіре алмады                                       3
Автокеруен ұзындығының 3%-інен астамын қамтып,
бірақ жүк тиегіш платформасы имитаторына
1-м-ден кем қашықтықта тоқтағаннан кейін
Қозғалтқыш жұмыс істеген кезде тоқтағаннан
кейін бейтарап берілісті қоспады                         3
"СТОП" сызығы алдына тоқтағаннан кейін тоқтау
тежегішін қоспады                                        3
___________________________________________________________________

10. N 10 жаттығу "Артқы жүріспен тіке қозғалу"
(10-сызба)

      27. Мазмұны:
      "Габаритті коридорда" артқы жүріспен қозғалу, "СТОП" жолағы алдында тоқтау.
      28. Жүргізушілікке үміткерге берілетін тапсырма:
      1) емтихан алушының командасы бойынша жүргізушілікке үміткер:
      КҚ-ға отыруға;
      қозғалысқа дайындалуға;
      қозғалтқышты оталдыруға;
      2) емтихан алушының командасы бойынша жүргізушілікке үміткер:
      мәре қақпаларында артқы жүріспен орнынан қозғалуы;
      "габаритті коридорға" артқы жүріспен тіке қозғалуы;
      "СТОП" сызығы алдына тоқтауы керек;
      3) КҚ тоқтағаннан кейін жүргізушілікке үміткер:
      бейтарап берілісті қосуы;
      тоқтау тежегішін қосуы;
      қозғалтқышты сөндіруі;
      КҚ-дан түсуі керек.
      29. Емтихан алушының іс-әрекеттері:
      Емтихан алушы N 10 бақылау кестесін пайдалана отырып, тапсырманың дұрыс орындалуын бақылайды және жаттығуға баға қояды.
      Жаттығу кезінде емтихан алушы "габаритті коридор" аумағын, "СТОП" сызығы алдындағы аялдаманы, ал көмекшісі мәре аумағын қадағалайды.

  N 10 бақылау  
кестесі    

___________________________________________________________________
Қалыпты қателіктер                                       қателер
                                                         үшін
                                                         берілген
                                                         айып
                                                         балдары
                                                         шкаласы

1. Өрескел
Белгі жабдықтарының элементтерін қағып кетті немесе
алаңқайдың көлденең белгілері сызығын қиып өтті          5
Артқы жүріс берілісін бір рет қосқаннан кейін
габаритті коридордан өте алған жоқ                       5
"СТОП" сызығынан қиып өткен жоқ
Б. Орташа
Жаттығуды орындау кезінде қозғалтқыш өшіп қалды          3
Қозғалтқыш жұмыс істеп тұрған кезде тоқтағаннан кейін
бейтарап берілісті қосқан жоқ                            3
Автокеруен ұзындығының 3%-інен астамын қамтып, бірақ
жүк тиегіш платформасы имитаторына 1-м-ден кем
қашықтықта тоқтағаннан кейін бейтарап берілісті қоспады  3
"СТОП" сызығының алдына тоқтағаннан кейін тұру
тежегішін қоспады                                        3
___________________________________________________________________

1-ден 10-ға дейінгі сызбаны қағаз мәтінінен қараңыз

                                                                

  Жағдайға N 13 қосымша    

       Ескерту. 13 қосымша алынып тасталды - ҚР Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 24 наурыздағы N 184   бұйрығымен .