"Мемавтоинспекцияның" тiркеу-сынақтан өткiзу қызметiн жетiлдiру туралы"

Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi 1996 жылғы 24 маусымдағы N 217. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1997 жылғы 18 маусымда N 322 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрлігінің 1998 жылғы 12 қазан N 343 бұйрығымен. ~V980679

  МАЗМҰНЫ

      Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2007.07.21.  N 300 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2000.11.24. N 105  Заңымен .

      Осы Заң Қазақстан Республикасының халықаралық, сондай-ақ ұлттық қауiпсiздiгi мүддесiне, қару-жараққа, әскери техникаға, ядролық және арнайы ядролық емес материалдарға, әскери мақсаттағы өнiмге, екi ұдай қолданылатын тауарлар мен технологияларға, оларды өндiру мен пайдалануға байланысты шикiзатқа, материалдарға, жабдықтарға, технологияларға, ғылыми-техникалық ақпарат пен көрсетiлетiн қызметке экспорттық бақылауды жүзеге асырудың және жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау режимiн нығайтудың негiздерi мен тәртiбiн белгiлейдi.
       Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2000.11.24. N 105  Заңымен .

       1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңның мақсаттары үшiн мынадай ұғымдар пайдаланылады:
       өнiм - экспорттық бақылауға жататын тауарлар, технологиялар, жабдық, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер, ақпарат;
       екi ұдай қолданылатын (мақсаттағы) тауарлар мен технологиялар - азаматтық мақсаттарда пайдаланылатын, бiрақ қару-жарақ, әскери техника және оқ-дәрiлер, оның iшiнде жаппай қырып-жоятын қару мен оларды жеткiзу құралдарын өндiру үшiн қолданылуы мүмкiн жабдық, материалдар, шикiзат, технологиялар мен ғылыми-техникалық ақпарат;
       жаппай қырып-жоятын қару - химиялық, бактериологиялық (биологиялық), радиологиялық және ядролық қару;
       жеткiзу құралдары - жаппай қырып-жоятын қаруды жеткiзе алатын кез келген техникалық құралдар;
       қарудың өзге де қауiптi түрлерi - жаппай қырып-жоятын қарудың дәстүрлi емес (әдеттегiге жатпайтын) түрлерi;
       экспорттық бақылауға жататын өнiм номенклатурасы - қару-жарақ пен әскери техниканың, ядролық және арнайы ядролық емес материалдардың бақылау тiзiмдерi, тiзбелерi, екi ұдай қолданылатын тауарлар мен технологиялар, шикiзаттың, материалдардың, жабдықтардың жекелеген түрлерi, жаппай қырып-жоятын қаруды, қарудың өзге де қауiптi түрлерi мен оларды жеткiзу құралдарын жасау кезiнде қолданылатын немесе қолданылуы мүмкiн техникалық, ғылыми-техникалық ақпарат, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтер;
       зияткерлiк қызмет нәтижелерiне құқықтар - қару-жарақпен, әскери техникамен, екi ұдай мақсаттағы өнiммен, арнаулы жабдықпен және жаппай қырып-жоятын қаруды жасауға арналған технологиямен байланысты ғылыми еңбектерге, электрондық есептеу машиналарына арналған бағдарламалар мен деректер базасына авторлық құқықтар, өнеркәсiптiк меншiкке құқықтар, өнертабысқа құқықтар, жеке және заңды тұлғалар өндiрген (оларға тиесiлi) өнiмге, өнеркәсiптiк үлгiлердi, "ноу-хауды" қоса, олар атқаратын қызметке құқықтар;
       экспорт - Қазақстан Республикасының кеден аумағынан өнiмдi осы аумақтан тыс жерде тұрақты орналастыру немесе тұтыну мақсатымен әкету, шетелдiктерге қару-жарақпен және әскери техникамен, екi ұдай мақсаттағы өнiммен байланысты қызметтер көрсету және санаткерлiк қызмет нәтижелерiне құқықтар беру;
       керi экспорт - Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде өндiрiлген өнiмдi (бұрын әкелiнген және кедендiк ресiмдеуден өткен) оның кеден аумағынан экспорттау, не Қазақстан Республикасында өндiрiлген өнiмдi басқа мемлекеттiң кеден аумағынан үшiншi елдерге экспорттау;
       импорт - тұрақты орналастыру немесе тұтыну мақсатымен Қазақстан Республикасының кеден аумағына өнiм әкелу;
       керi импорт - шет елдерден оларда өңделмеген отандық тауарлардың Қазақстан Республикасының кеден аумағына қайта әкелiнуi;
       экспорттық бақылауға жататын өнiмдердi Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерде өңдеу - қазақстандық тауарларды өңдеу және өңделген өнiмдердi кейiннен Қазақстан Республикасының кеден аумағына еркiн айналысқа шығару мақсатымен Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерге әкету және пайдалану;
       транзит - өнiмге кедендiк бақылау жасай отырып оны Қазақстан Республикасының кеден аумағы арқылы өткiзу;
       сыртқы экономикалық қызметке қатысушы (мәлiмдеушi) - өнiмнiң экспортын, керi экспортын, импортын, керi импортын және транзитiн жүзеге асырушы Қазақстан Республикасының заңды немесе жеке тұлғалары, шетелдiк заңды немесе жеке тұлғалар;
       ядролық және арнайы ядролық емес материалдар - ядролық қаруды таратпау жөнiндегi халықаралық режимнiң талаптарына сәйкес осындай деп белгiленген материалдар;
       кепiлдiк мiндеттеме (түпкi пайдаланушының сертификаты) - экспорттық бақылауға жататын импортталатын өнiмдi мәлiмделген мақсатта пайдалану және оны сатушы елдiң келiсiмiнсiз үшiншi елдерге керi экспорттауға жол бермеу туралы Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органы берген, алушы елдiң ресми сендiруi;
       фирма iшiндегi экспорттық бақылау жүйесi - экспорттық бақылау ережелерiн сақтау мақсатында сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар жүзеге асыратын ұйымдастырушылық, әкiмшiлiк, ақпараттық және өзге де сипаттағы iс-шаралар кешенi;
       экспорттық бақылау - экспорттық бақылауға жататын өнiм экспортының, керi экспортының, импортының, керi импортының және транзитiнiң осы Заңда және Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау саласындағы өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген тәртiбiн Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесi мемлекеттiк органдарының iске асыруы жөнiндегi шаралар жиынтығы;
       тұтастай қамтитын бақылау - бақылау тiзiмiне кiрмейтiн өнiмдердi бақылау;
       Қазақстан Республикасы экспорттық бақылау жүйесiнiң мемлекеттiк органдары - экспорттық бақылауға жататын қару-жарақ пен әскери техниканың, ядролық және арнаулы ядролық емес материалдардың, екi ұдай қолданылатын (мақсаттағы) тауарлар мен технологиялардың, жекелеген шикiзат түрлерiнiң, материалдардың, жабдықтардың, техникалық, ғылыми-техникалық ақпараттың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң экспортын, керi экспортын, импортын, керi импортын және транзитiн бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары.
       Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2000.11.24.  N 105 , өзгеріс енгізілді - 2004.12.20.   N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңдарымен.

       2-бап. Экспорттық бақылау саласында мемлекеттiк саясатты
               жүзеге асырудың принциптерi

      Экспорттық бақылау саласында мемлекеттiк саясатты жүзеге асырудың негiзгi принциптерi:
      - жаппай қырып-жоятын қаруды, қарудың өзге де қауiптi түрлерi мен оларды жеткiзу құралдарын таратпау жөнiндегi халықаралық мiндеттемелердi сақтау;
      - экспорттық бақылауды жүзеге асыру iсiнде саяси мүдделердiң басым болуы;
      - халықаралық мiндеттемелерге сәйкес қаруды таратпау режимi ауқымында бақылауға жататын өнiмнiң түпкi пайдаланылуын тексеру;
      - экспорттық бақылау туралы заңдар жөнiндегi ақпаратты оңай алу мүмкiндiгi;
      халықаралық терроршылдықты қолдауға жол берiлмеуi;
      экспорттық бақылау саласында халықаралық ұйымдармен және шет мемлекеттермен күш-жiгердi үйлестiру және өзара iс-қимыл жасау;
      экспорттық бақылау рәсімдері мен ережелерінің жалпыға бiрдей танылған практикаға сәйкестiгi.
       Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан  Республикасының 2000.11.24. N 105  Заңымен .

       3-бап. Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау
               жөнiндегi заңдары

      Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жөнiндегi заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
      Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда осы Заңда көзделгендерден өзгеше нормалар белгiленген болса, онда халықаралық шарттардың нормалары қолданылады.
       Ескерту. 3-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2000.11.24. N 105  Заңымен .

       4-бап. Экспорттық бақылау жөнiндегi заңдардың қолданылу
               аясы

      Осы Заңның күшi осы Заңның 6-бабында аталған өнiмнiң экспортына, керi экспортына, импортына, керi импортына және транзитiне, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың (мәлiмдеушiлердiң) қызметiне де қолданылады.
       Ескерту. 4-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2000.11.24. N 105  Заңымен .

       5-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң экспорттық
               бақылау саласындағы өкiлеттiгi

      Қазақстан Республикасының Yкiметi:
      экспорттық бақылау саласында мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi;
      Қазақстан Республикасында экспорттық бақылау жүйесiн жасап, дамытады;
      экспорттық бақылау жөнiндегi ведомствоаралық консультациялық-кеңесшi органды құрады және Экспорттық бақылау жөнiндегi ведомствоаралық консультациялық-кеңесшi орган туралы ереженi бекiтедi;
      экспорттық бақылау саласында қаулылар шығарады;
      экспорттық бақылауға жататын тауарлар мен өнiмдердiң бақылау тiзiмдерiн, тiзбелерiн бекiтедi;
      экспорттық бақылау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органды және Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесiнiң басқа да мемлекеттiк органдары мен олардың өкiлеттiгiн белгiлейдi;
      осы Заңға сәйкес экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң экспортына, импортына және транзитiне саны жөнiнен шектеулер енгiзедi;
       Ескерту. 5-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2000.11.24.  N 105 , 5-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.09.26.  N 485 , 2004.12.20.   N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңдарымен.

       5-1-бап. Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау
                 жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органы

      Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органы:
      мемлекеттiк саясатты iске асыруды қамтамасыз етедi және Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесiнiң мемлекеттiк органдарының қызметiн үйлестiредi;
      экспорттық бақылау жүйесiн iске асыруға, ережелер мен рәсiмдердi бiр iзге түсiруге байланысты шараларды әзiрлейдi және жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесiнiң мемлекеттiк органдарының ұсыныстары бойынша оларға түзету енгiзедi;
      экспорттық бақылауға жататын тауарлармен өнiмдердiң бақылау тiзiмдерiн, тiзбелерiн әзiрлейдi;
      экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң экспортын, керi экспортын, импортын, керi импортын, транзитiн және кеден аумағынан тыс жерде өңделуiн бақылайды;
      экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң экспорты мен импортын лицензиялауды жүзеге асырады;
      халықаралық ұйымдармен және шет мемлекеттермен экспорттық бақылау саласында шаралар әзiрлейдi және ынтымақтастықты жүзеге асырады;
      Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесiнiң мемлекеттiк органдарымен бiрлесе отырып, қажет болған кезде экспорттық бақылауға жататын өнiмдi жөнелту алдындағы кезеңде және оның түпкi пайдаланылуын тексерудi жүзеге асырады;
      Қазақстан Республикасында экспорттық бақылау жүйесiн жетiлдiредi;
      Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген номенклатура бойынша кепiлдiк мiндеттеме (түпкi пайдаланушының сертификатын) бередi;
      Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген номенклатура бойынша экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң транзитiне рұқсат бередi;
      мәлiмдеушiлер мен мүдделi мемлекеттiк органдарға экспортталатын өнiмдi экспорттық бақылауға жататын өнiмге жатқызу туралы қорытынды бередi;
      осы Заңға сәйкес сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға (өтiнiм берушiлерге) сыртқы экономикалық мәмiлелердi жүзеге асыруға рұқсат бередi.
       Ескерту. 5-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2000.11.24.  N 105 , өзгеріс енгізілді - 2004.12.20.   N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңдарымен.

       5-2-бап. Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау
               жүйесiнiң мемлекеттiк органдары

      Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесiнiң мемлекеттiк органдары:
      экспорттық бақылау саласында нормативтiк құқықтық базаны қалыптастыруға қатысады;
      экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы заңсыз өткiзiлуiнiң алдын алады және оның жолын кеседi;
      Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген номенклатура бойынша халықаралық мiндеттемелерге сәйкес кепiлдi мiндеттемелер бередi.
       Ескерту. 5-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2000.11.24. N 105  Заңымен .

       6-бап. Экспорттық бақылауға жататын өнiм

      Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерi мен халықаралық мiндеттемелерiн негiзге ала отырып, Қазақстан Республикасының Yкiметi экспорттық бақылауға жататын тауарлар мен өнiмнiң бақылау тiзiмдерiн, тiзбелерiн белгiлейдi және бекiтедi.
      Оларға мыналар жатады:
      жай қару-жарақ пен әскери техника, шикiзат, материалдар, арнаулы жабдық пен технологиялар, оларды өндiруге байланысты жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтер;
      ядролық және арнайы ядролық емес материалдар, жабдық, қондырғылар, технологиялар, иондық сәуле шығаратын көздер, өнiм, екi ұдай қолданылатын жабдық пен тиiстi технологиялар, оларды өндiруге байланысты жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтер;
      таратпаудың халықаралық режимдерiмен белгiленетiн тiзiмдер, тiзбелер бойынша химиялық қару жасау кезiнде пайдаланылуы мүмкiн екi ұдай қолданылатын химикаттар мен технологиялар;
      тiзiмдерi, тiзбелерi таратпаудың халықаралық режимдерiмен белгiленетiн бактериологиялық (биологиялық) және улы қару жасау кезiнде пайдаланылуы мүмкiн ауру қоздырғыштар, олардың генетикалық жағынан өзгерген нысандары мен генетикалық материалдың бөлшектерi;
      тiзiмдерi, тiзбелерi таратпаудың халықаралық режимдерiмен белгiленетiн ракеталық техника, двигательдер, олардың компоненттерi, жабдығы, ракеталық техника жасау кезiнде қолданылатын материалдар мен технологиялар;
      қарудың өзге де қауіпті түрлерi;
      ғылыми-техникалық ақпарат, әскери мақсаттағы өнiмге және екi ұдай қолданылатын технологияларға байланысты көрсетiлетiн қызметтер мен санаткерлiк қызметтiң нәтижелерi.
       Ескерту. 6-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2000.11.24. N 105  Заңымен .

       7-бап. Экспорттық бақылау және оны жүзеге асыру
               тәртiбi

      Экспорттық бақылау Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының жаппай қырып-жоятын қаруды, өзге де қару түрлерi мен оларды жасау технологияларын таратпау жөнiндегi халықаралық мiндеттемелерiне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен басқа да халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
      Экспорттық бақылауды жүзеге асыру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      Мәлiмдеушi лицензияны алу үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiпке сәйкес құжаттар бередi.
      Лицензияны алу үшiн берiлген мәлiметтердiң дұрыстығына мәлiмдеушi жауапты болады.
      Сыртқы экономикалық операцияларды жүзеге асыру кезiнде мәлiмдеушi келiсiм-шарт жағдайында Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесi мемлекеттiк органдарының экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң түпкi пайдаланылуын тексеруiне қол жеткiзуiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
      Лицензия берген Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органы, сыртқы экономикалық қызметке қатысушы (мәлiмдеушi) экспорттық операцияларды жүргiзу тәртiбiн бұзған жағдайда, оның күшiн тоқтата тұруға құқылы.
      Қазақстан Республикасы экспорттық бақылау жүйесiнiң мемлекеттiк органдары қажет болған жағдайларда экспорттық бақылауға жататын өнiмдi тиеп жiберу алдындағы кезеңде қарап шығуды және халықаралық мiндеттемелерiне сәйкес оның түпкi пайдаланылуын тексерудi жүзеге асыра алады.
      Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар немесе басқа мемлекеттердiң Қазақстан Республикасы аумағында уақытша орналасқан әскери құралымдары қаруланған (жарақтанған) экспорттық бақылауға жататын жарақтарды, өнiмдердi жөндеу (жаңғырту) мақсатында Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзу, сондай-ақ экспорттық бақылауға жататын өнiмдердi Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерде өңдеу Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органының шешiмi бойынша жүзеге асырылады.
      Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы экспорттық бақылауға жататын өнiмдi әкету мен әкелуге бақылау жасауды Қазақстан Республикасының кеден органдары жүзеге асырады.
       Ескерту. 7-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2000.11.24.  N 105 , өзгерту енгізілді - 2004.12.20.   N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2007.01.12. N  222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

           8-бап. Керi экспорт және транзит

      Экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң керi экспорты осы Заңда экспорт үшiн белгiленген тәртiп бойынша жүзеге асырылады.
      Қазақстан Республикасынан шығарылатын және экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң керi экспорты Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органының рұқсаты бойынша жүзеге асырылады.
      Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына әкелiнген және экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң керi экспорты өнiм өндiрiлген елдiң құзыреттi орталық атқарушы органының рұқсаты бойынша жүзеге асырылады.
      Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органы өнiм өндiрiлген елдiң құзыреттi мемлекеттiк органы берген рұқсаттың заңдық күшiн анықтауға құқылы.
      Экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң транзитi Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
       Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2000.11.24. N 105  Заңымен .

       8-1-бап. Тұтастай қамтитын бақылау

      Тұтастай қамтитын бақылау талаптарын қамтамасыз ету мақсатында, егер сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға (өтiнiм берушiлерге) тауарлар, ақпарат, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер, санаткерлiк қызмет нәтижелерi шет мемлекеттiң немесе шетелдiктiң жаппай қырып-жоятын қару мен оны жеткiзу құралдарын жасау мақсатына пайдаланылатыны анық белгiлi болса, оларға бұл тауарлармен, ақпаратпен, жұмыстармен, қызмет көрсетулермен, санаткерлiк қызмет нәтижелерiмен сыртқы экономикалық мәмiлелер жасасуға немесе оған өзге де кез келген түрде қатысуға тыйым салынады.
      Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар (өтiнiм берушiлер) Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген тәртiппен осы Заңның 6-бабында көрсетiлген тiзбелердiң қолданылу аясына жатпайтын тауарлармен, ақпаратпен, жұмыстармен, қызмет көрсетулермен, санаткерлiк қызмет нәтижелерiмен сыртқы экономикалық мәмiлелердi жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органынан мына жағдайларда:
      олар Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органы немесе өзге де құзыреттi мемлекеттiк орган арқылы осы тауарлар, ақпарат, жұмыстар, қызмет көрсетулер, санаткерлiк қызмет нәтижелерi осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған мақсаттарда пайдаланылуы мүмкiн екендiгi туралы хабардар етiлгенде;
      осы тауарлар, ақпарат, жұмыстар, қызмет көрсетулер, санаткерлiк қызмет нәтижелерi осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған мақсаттарда пайдаланылуы мүмкiн екендiгiне олар негiз бар деп санағанда рұқсат алуға мiндеттi.
       Ескерту. 8-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2000.11.24.  N 105 , 8-1-бапқа өзгеріс енгізілді - 2004.12.20.   N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңдарымен.

       8-2-бап. Ұйымдардағы фирма iшiндегi экспорттық бақылау
                 жүйесi

      Сыртқы экономикалық қызметтi жүзеге асыру кезiнде осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген экспорттық бақылау ережелерiнiң орындалуын қамтамасыз ету, аталған салада құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органы ұйымдарға фирма iшiндегi экспорттық бақылау жүйесiн құруға жәрдемдеседi және оларға қажеттi ақпараттық- әдiстемелiк қолдау көрсетедi.
       Ескерту. 8-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2000.11.24.  N 105 , өзгеріс енгізілді - 2004.12.20.   N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңдарымен.

       9-бап. Қазақстан Республикасының экспорттық бақылауға
               байланысты халықаралық санкцияларға қатысуы

      Қазақстан Республикасының бiр мемлекетке немесе бiрқатар мемлекеттерге қатысты экспорттық бақылауға байланысты халықаралық санкцияларға қатысуы және бұл санкциялардың күшiне енгiзiлуi Бiрiккен Ұлттар Ұйымы немесе басқа да халықаралық ұйымдар шешiмдерiнiң негiзiнде Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi. Жекелеген жағдайларда мұндай санкцияларды Қазақстан Республикасы бiржақты қолдана алады.
      Халықаралық экономикалық санкциялар жарияланған жағдайда экспорттаушыларға шығындарды өтеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

       10-бап. Экспортты шектеу

      Қазақстан Республикасы шет мемлекеттер Қазақстан Республикасы алдында алған мiндеттемелерiн бұзған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешiмдерi бойынша экспорттық бақылауға жатқызылатын өнiм экспорты, импорты және транзиті жөнiнде оларға қатысты шектеулер енгiзуге, тiптi оған тыйым салуға құқылы.
      Қазақстан Республикасының Үкiметi ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының халықаралық мiндеттемелерiн орындау мүдделерiн негiзге ала отырып, экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан экспортталуына және импортталуына шектеулер енгiзiлуi мүмкiн мемлекеттердiң тiзбесiн белгiлейдi.
       Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2000.11.24. N 105  Заңымен .

       11-бап. Ақпаратты қорғау

      Қазақстан Республикасы экспорттық бақылау жүйесiнiң мемлекеттік органдары сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан (өтiнiм берушiлерден) өздерi алған ақпараттың құпиялылығын сақтауға мiндеттi.
      Ақпараттың құпиялылық режимi ұлттық қауiпсіздiктi қамтамасыз ету мүдделерiне терiс ықпал етуi мүмкiн болатын жағдайларда осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң ережелерi қолданылмайды.
       Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2000.11.24.  N 105 , 2004.12.20.   N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңдарымен.

       12-бап. Халықаралық ынтымақтастық

      Қазақстан Республикасы экспорттық бақылау және жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау режимдерiн нығайту саласында халықаралық ұйымдармен және шет мемлекеттермен ынтымақтастық жасайды.
       Ескерту. 12-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2000.11.24. N 105  Заңымен .

       13-бап. Экспорттық бақылау туралы Қазақстан
                Республикасының заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық

      Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғалары, сондай-ақ шетелдiк заңды және жеке тұлғалар, азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау туралы заңдарын бұзған жағдайда олар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жауапты болады.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi