Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің 1998 жылғы 12 қарашадағы N 343 бұйрығына, сондай-ақ сонымен бекітілген "Қазақстан Республикасындағы көлік құралдары мен олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеудің тәртібіне", "Көлік құралдарын басқару құқығын алудың, е

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 25 наурыздағы N 249 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 11 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 1459. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 26 ақпандағы № 90 Бұйрығымен

      Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар құстар түрлерін сақтау мен қалпына келтіру мақсатында әрі "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының Z970162_ 8, 16 және 46-1 баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетінің қарауында республикалық маңызы бар мына мемлекеттік қорық аймақтары ұйымдастырылсын:
      1) Маңғыстау облысы Қарақия ауданының аумағында жалпы алаңы 1231000 гектар болатын Кеңдерлі-Қаясан аймағы;
      2) Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс, Отырар және Шардара аудандарының аумақтарында жалпы алаңы 404000 гектар болатын Арыс және Қарақтау аймақтары;
      3) Алматы облысы Балқаш, Іле және Жамбыл аудандарының және Жамбыл облысы Қордай, Мойынқұм және Шу аудандарының аумақтарында жалпы алаңы 2757500 гектар болатын Жусандала аймағы.
      2. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі белгіленген тәртіппен бір ай мерзім ішінде:
      1) жеке-жеке мемлекеттік қорық аймақтары туралы ережелерді;
      2) арнайы экологиялық талаптарды әзірлеп, бекітсін.
      3. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетімен, Алматы, Жамбыл, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдерімен

 

бірлесе отырып, белгіленген тәртіппен бір ай мерзім ішінде ұйымдастырылып

жатқан мемлекеттік қорық аймақтарының алаңдары мен шекараларын,

функционалдық аймақтауды және жерді пайдаланушылардың тізбесін пысықтасын.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



     Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.