Нотариустардың сынақтан өтушiлерi туралы Ереже

Бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi 1998 ж. 8 қаңтар N 3 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1998 жылғы 10 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 425. Күші жойылды - ҚР Әдiлет министрiнің 2003 жылғы 20 тамыздағы N 169 бұйрығымен (V032468).

Күшін жойған

"Бекiтемiн"        
Қазақстан Республикасының
Әдiлет министрi     
8 қаңтар 1998 ж. N 3 

Нотариустардың сынақтан өтушiлерi туралы 
ЕРЕЖЕ  

      1. Нотариустардың сынақтан өтушiлерi туралы Ереже (Әрi қарай мәтiн бойынша "Ереже") нотариустардың сынақтан өтушiлерiнiң сынақтан өту тәртiбiн, мерзiмдерiн және шарттарын реттейдi. 
      2. Қазақстан Республикасының "Нотариат туралы"  Заңының  7-бабына сәйкес нотариустың сынақтан өтушiлерi жоғары заңгерлiк бiлiмi бар Қазақстан Республикасының азаматтары бола алады. 
      3. Нотариус болуды қалаған адамдар Әдiлет бiлiктiлiк алқасына бiлiктiлiк емтиханын тапсырғанға кейiн мемлекеттiк немесе жекеше нотариустарда сынақтан өтедi. 
       Ескерту. 3-тармақ өзгертілді - ҚР Әділет министрлігінің 2000 жылғы 4 қазандағы N 78   бұйрығымен
      4. Сынақтан өтудi қалау туралы арыздар: 
      - аумақтық әдiлет басқармасының бастығына - егер адам сынақтан мемлекеттiк нотариуста өтудi қалаған жағдайда; 
      - аумақтық нотариалдық палатаға - егер адам сынақтан жекеше нотариуста өтудi қалаған жағдайда берiледi. 
      5. Мемлекеттiк нотариустар iшiнен сынақтан өтушiлер басшысы аумақтық әдiлет басқармасы бастығының бұйрығымен, ал жекеше нотариустар iшiнен - аумақтық нотариалдық палатаның шешiмiмен тағайындалады, мұнда сынақтан өтушiлердiң басшысында кемiнде үш жыл стажы болуға тиiс.
      Нотариуста бiр мезгiлде екеуден аспайтын сынақтан өтушiлер сынақтан өте алады.
      6. Сынақтан өту ұзақтылығы алты айдан кем болмауға тиiс.
      Сынақтан өту мерзiмi сынақтан өтушiнiң науқастану немесе дәлелдi себептермен болмау мерзiмiне ұзартылуға тиiс.
       Ескерту. 6-тармақ өзгертілді - ҚР Әділет министрлігінің 1999.05.28. N 39   бұйрығымен 2000 жылғы 4 қазандағы N 78   бұйрығымен .
      7. Мемлекеттiк нотариуста сынақтан өту аумақтық әдiлет басқармасы мен сынақтан өтушi арасында жасалатын сынақтан өту туралы шарттың негiзiнде жүзеге асырылады.
      Жекеше нотариуста сынақтан өту аумақтық нотариалдық палата мен сынақтан өтуші арасында жасалатын сынақтан өту туралы шарттың негiзiнде жүзеге асырылады.
      8. Сынақтан өту туралы шартта:
      - сынақтан өтушiнiң құқықтары мен мiндеттерi;
      - сынақтан өту орны;
      - сынақтан өту шарттары, тәртiбi және мерзiмдерi;
      - жұмыс уақытының режимi;
      - сынақтан өтуге ақы төлеу мөлшерi, шарттары мен мерзiмдерi.
      Мемлекеттiк немесе жекеше нотариуста сынақтан өтуге ақы төлеу мөлшерi сынақтан өтудiң әр айы үшiн үш еселiк есептiк көрсеткiштерiнен кем болмауға тиiс.
      Шартта сынақтан өтушiнiң мынадай негiзгi мiндеттерi көрсетiледi:
      - нотариалдық құжаттардың жобаларын дайындау бойынша;
      - келушiлердi қабылдау бойынша;
      - ұсынылған құжаттарды құқықтық бағалау бойынша;
      - азаматтар мен заңды тұлғаларға нотариалдық әрекеттер жасау мәселелерi жөнiнде кеңестер беру бойынша;
      - заңдарға есеп жүргiзу және оларды кодификациялау жөнiндегi жұмысты жүргiзу бойынша;
      - құқықтық сипаттағы жазбаша түрдегi шегерулерге жауаптар дайындау бойынша;
      - санақтық есеп берушiлiктi талдау бойынша;
      - архивтiк iстi жүргiзу бойынша;
      - нотариалдық тәжiрибенi қорытындылауға қатысу және оларды iске асыру жөнiнде ұсыныстар дайындау бойынша.
      Шартта қолданылып жүрген заңдарға қайшы келмейтiн басқа жағдайлардың да көзделуi мүмкiн.
       Ескерту. 8-тармақ өзгертілді - ҚР Әділет министрлігінің 1999.05.28. N 39   бұйрығымен
      9. Сынақтан өтушi сынақтан өту мерзiмi аралығында:
      - Қазақстан Республикасының заң шығарушылық және өзге нормативтiк құқықтық актiлерiн, сондай-ақ нотариаттың қызметiн реттейтiн Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң актiлерiн; 
      - нотариустың ұжымда және клиенттермен кәсiби қызметтiк және этикалық қарым-қатынастарының нормаларын оқуға тиiс. 
      10. Сынақтан өту аяқталысымен сынақтан өтушiнiң басшысы сынақтан өтушiнiң жалпы дайындық деңгейi, оның сынақтан өту барысында алған кәсiби бiлiмдерi мен iс жүзiндегi дағдылары көрсетiлетiн қорытынды жасайды. Қорытындыға сынақтан өтушiнiң басшысы қол қояды және ол (егер сынақтан өтушi мемлекеттiк нотариуста сынақтан өткен болса) әдiлет басқармасының бастығымен, не (егер сынақтан өтушi жекеше нотариуста сынақтан өткен болса) нотариалдық палата төрағасымен бұрыштама қойылады және тиiстi журналда тiркеледi. 
      Қорытындының бiр данасы осыған сәйкес әдiлет басқармасында немесе нотариалдық палатада сақтауда қалады, екiншiсi сынақтан өткен адамға берiледi. 
       Ескерту. 10-тармақ өзгертілді - ҚР Әділет министрлігінің 2000 жылғы 4 қазандағы N 78   бұйрығымен .
      11.  Тармақ алынып тасталды - ҚР Әділет министрлігінің 2000 жылғы 4 қазандағы N 78   бұйрығымен
      12. Қазақстан Республикасы Президентiнiң " Лицензиялау туралы " 17.04.1995 жылғы, Заң күшi бар Жарлығына сәйкес бiлiктiлiк емтихан тапсырған, бiрақ " Нотариат туралы " Заңның негiзiнде сынақтан өтпеген адамдар осы Ережемен көзделген тәртiпте мемлекеттiк немесе жекеше нотариуста сынақтан өтуге мiндеттi. 
      13. Жоғары заңгерлiк бiлiмi бар, нотариалдық қызмет құқығына лицензия алуды қалайтын әдiлет органдарының жұмыскерлерiне нотариалдық қызметке басшылық ету функцияларын жүзеге асыруға байланысты лауазымдарда осы әдiлет органдарында жұмыс iстеу уақыты сынақтан өту мерзiмiне есептеледi. Бұл адамдар аталған функцияларды жүзеге асыруға байланысты лауазымдарда кемiнде бiр жыл жұмыс стажы болған кезде бiлiктiлiк емтиханын тапсыруға жiберiледi.
      14. Осы Ереженiң талаптары мемлекеттiк нотариустарға және нотариус болып iстеген адамдарға, егер олар бұл қызметте кемiнде алты ай жұмыс iстесе, қолданылмайды. 
       Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Әділет министрлігінің 2000 жылғы 4 қазандағы N 78   бұйрығымен .