Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2000 жылғы 4 қазан N 78 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 9 қараша N 1280 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Әдiлет министрiнің 2003 жылғы 20 тамыздағы N 169 бұйрығымен (V032468).

      "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы"  Z980213_  Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 27-бабын басшылыққа ала отырып, Бұйырамын: 
      1. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi комитетi төрағасының-Министрдің 1998 жылғы 15 тамыздағы N 03-3-ОД бұйрығымен бекiтiлген, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1998 жылғы 5 қарашада N 633 нөмiрмен тiркелген Бағалардың мемлекеттiк тәртiбiн бұзғаны үшiн экономикалық санкциялар қолдану жөнiндегi Нұсқаулыққа мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: 
      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
      "14. Егер заңды тұлға айыппұлды немесе негiзсiз алынған кiрiстi мемлекеттiк бюджетке аудару туралы шешiм табыс етiлген күннен бастап оны 15 күн мерзiмнiң iшiнде орындамаса, Уәкiлеттi орган осы ақшаны заңда белгiленген тәртiппен ықтиярсыз өндiрiп алу шараларын қабылдауға мiндеттi". 
      2. Заң басқармасы (Е.Г.Машинистова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде белгiленген тәртiппен мемлекеттiк тiркеуден өткiзудi қамтамасыз етсiн.

     3. Құжаттамалық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы (Н.С.Кәкiмов) осы бұйрықты Агенттiктiң аумақтық бөлiмшелерiне жеткiзсiн.

     4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Төрағаның орынбасары С.Ш.Құрманғалиевқа жүктелсiн.     

     Төраға