Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 ж. 8 қаңтарда бекіткен нотариустардан тағылым алушылар туралы Ережеге өзгерістер енгізу туралы

Бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі 1999 жылғы 28 мамыр N 39. Күші жойылды - ҚР Әдiлет министрiнің 2003 жылғы 20 тамыздағы N 169 бұйрығымен (V032468).

      "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 
      1. "Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым төлеудiң тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 16 тамыздағы N 1127  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 28, 337-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: 
      аталған қаулымен бекiтiлген Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым төлеудің тәртiбi туралы ережеде: 
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
      "3. Лицензиялық алымның мөлшерiн Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдары мен Табиғи монополияларды реттеу және бәсекенi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң келiсiлген ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi және ол лицензияларды ресiмдеу мен беру кезiнде, сондай-ақ лицензиялық тәртiптiң сақталуын бақылауды жүзеге асыру кезiнде лицензиарлардың шеккен шығындарына сүйене отырып айқындалады";
     4-тармақ алынып тасталсын;
     2. Орталық және жергілiктi атқарушы органдар бұрын қабылданған 
нормативтiк құқықтық актiлердi осы қаулыға сәйкес келтiрсiн.
     3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялауға жатады.     

      Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі