Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер жөнiндегi әкiмшiлiк ереже туралы<*> Нұсқаулық

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлiгiнiң Бас салық инспекциясы 1995 жылғы 1 шiлдедегi N 43 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1995 жылғы 12 шілде тіркелді. Тіркеу N 80

Қолданыстағы

     ЕСКЕРТУ. Нұсқаулықтың барлық тармақтарында, бөлiмдерiнде,
              қосымшаларында "Бас салық инспекциясы" деген сөздер -
              "Мемлекеттiк салық комитетi" деген сөздермен, "салық
              инспекциясының бастығы" деген сөздер "салық органының
              басшысы" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Қаржы
              министрiнiң 1997.02.07. N 37 бұйрығымен.
     ЕСКЕРТУ. Бүкiл мәтiн бойынша "Салық және бюджетке басқа да мiндеттi   
              төлемдер туралы" "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң   
              күшi бар Жарлығы" деген сөздер "Салық және бюджетке басқа да 
              мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы"    
              деген сөздермен ауыстырылды; Жарлық", "Жарлықтың",           
              "Жарлықпен", "Жарлықта", "Жарлыққа" деген сөздер тиiсiнше    
              "Заң", "Заңның", "Заңмен", "Заңда", "Заңға" деген сөздермен  
              ауыстырылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің
              1999 жылғы 4 тамыздағы N 929 бұйрығымен. 

V990889_

  
     
                         I. Жалпы ережелер

     Осы нұсқаулық салықтың барлық түрi және бюджетке төленетiн басқа да 
мiндеттi төлемдер (бұдан әрi - салық) бойынша әкiмшiлiк ережелердiң 
қолданылу тәртiбiн белгiлейдi.

              II. Әкiмшiлiк ережелер мен салық есебiн
                          қолдану тәртiбi

     Қазақстан Республикасы Президентiнiң  

Z952235_

  "Салық және бюджетке 
төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Заңының Х және ХI 
тарауларында көзделген барлық әкiмшiлiк ережелер салықтардың барлық түрiне 
қолданылады, егер Заңның басқа бөлiмдерiнде өзгеше белгiленбесе.
<*>

     1.
<*>

     2.
<*>


     ЕСКЕРТУ.II-бөлiм өзгертiлдi және 1,2-тармақтар алынып тасталды -
             ҚР Қаржы министрiнiң 1997.02.07. N 37  

V970037_

 
             бұйрығымен.


            III. Төлемдердiң бюджетке толық және уақтылы
                           түсуiн тексеру



      1. Салықтың, бюджетке төленетін басқа да төлемдердің және мемлекет алдындағы өзге де қаржылық міндеттемелердің толық және уақтылы төленуіне мемлекеттік бақылау жасауды қамтамасыз етуге салық қызметінің органдары ғана уәкілетті. <*>
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрлігі
               Салық комитетінің 1998.07.10. N 62 V980544_ бұйрығымен.

      2. Салықтың белгiлi бiр түрi бойынша тексерулер жарты жылдықта бiр реттен, ал кешендi тексерулер - жылына бiр реттен жиi жүргiзiлмейдi. Нақты салық төлеушiге қатысты, сондай-ақ қылмыстық-iс жүргiзу заңдарында белгiленген жағдайларда кезектен тыс Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрiнiң нормативтiк бұйрығына сәйкес тексерулер жүргiзiледi. <*>
      Нақты салық төлеушiге қатысты, сондай-ақ қылмыстық iс жүргiзу заңдарында белгiленген жағдайларда кезектен тыс тексерулер Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің жазбаша рұқсатымен жүргiзiледi. Қылмыс белгiлерi анықталған кезде тексерулердi қылмыстық iстердi жүргiзу заңдарында көзделген негiздерде тәртiп пен мерзiмде салық полициясының бөлiмшелерi жүргiзедi. <*>
      Салық қызметінің бөлімшелері салық тәртіп бұзушылықтары мен қылмыстарына байланысты жедел деректерді сараптап талдау кезінде салық төлеушілерге бірлесіп тексеру жүргізу үшін, сондай-ақ салық тәртіп бұзушылық пен қылмыс фактілерін анықтау үшін өздерінің лауазымды тұлғаларын жіберіп отырады. <*>
      Бір салық қызметі бөлімшесі өзінің лауазымды тұлғаларын жіберу туралы шешімді салық қызметінің басқа бөлімшесінен тиісті сұрау түскеннен бастап бес күн ішінде қабылдайды. <*>
      Салық органдары заңдарда салық полициясы органдарының тергеуіне жатқызылатын қылмыстар жасалды деп жорамалдауға мүмкіндік беретін фактілерді ашу кезінде аталған фактілер ашылған күннен бастап үш күн ішінде олар жөнінде анықтау, алдын ала тексеру жүргізуді және заңдарға сәйкес шешім қабылдауды жүзеге асыру үшін тиісті салық полициясы органына материалдарды жолдауға міндетті. <*> <*>
      Салық қызметі органдары өздерінің арасындағы келісім бойынша белгіленген тәртіппен салық жолсыздықтары мен қылмыстар туралы өздерінде бар материалдармен олардың жолын кесу жөнінде қолданылған шаралар, өздері жүргізген бақылау салық тексерулері туралы біріне-бірі хабарлап отырады, сондай-ақ өздеріне жүктелген тапсырмаларды орындау мақсатында басқа да

қажетті ақпарат алмасуды жүзеге асырады.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгертiлдi - ҚР Қаржы министрлiгiнiң
              1995.12.29. N 365  

V950011_

  бұйрығымен.
     ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгертілді, үшінші-алтыншы жаңа азатжолдармен       
              толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің 
              1998.07.10. N 62  

V980544_

  бұйрығымен.
     Ескерту. 2-тармақ толықтырылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің 
              1999.05.03. N 310  

V990784_

  бұйрығымен.
     ЕСКЕРТУ. 2-тармақ 5-абзацы өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс          
              министрлігінің 1999 жылғы 4 тамыздағы N 929                  
              бұйрығымен. 

V990889_

  
      
     3. Тексеру актiлерi бойынша есептелген салықтардың, алымдардың, басқа 
да мiндеттi төлемдердiң, айыппұлдар мен өсiмдердiң сомасы бойынша салық 
қызметi органы осы Нұсқаулықтың ХV бөлiмiне сәйкес хабарлама жазып 
бередi.
<*>

     Ескерту. ІІІ бөлім 3-тармақпен толықтырылды - ҚР Мемлекеттік кіріс    
              министрлігінің 1999.05.03. N 310  

V990784_

  бұйрығымен.
     
      
          IV. Жекелеген жағдайларда салық салу объектiсiн
                          анықтау тәртiбi



      1. Негiзiнен қолма қол ақшамен жұмыс iстейтiн және тауарлар сату, жұмыс орындау және қызмет көрсету бойынша шектеулi айналымы бар, сондай-ақ оларға шектеулi адамдар тартылған жеке және заңды тұлғалар бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі Қаржы министрлігімен келісіп қызмет түрлерiнiң тiзбесiн патент негiзiнде салық төлеу тәртiбiн айқындайды. Патент құнына салықтарды және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi, сондай-ақ мемлекет алдындағы басқа да қаржылық мiндеттемелердi өзiне қосатын нақтыланған жиынтық салық енедi. <*> <*> <*>
      Жеке меншігiнде немесе жер пайдалану құқығында жер учаскелерi бар шаруа (фермерлiк) қожалықтары бiрыңғай жер салығын төлеушiлер болып табылады. <*>
      Олар үшiн жер ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрудiң негiзгi құралы болып табылатын немесе қызметi ауыл шаруашылық өнiмiн өндiру үшiн жер пайдаланумен байланысты, сондай-ақ өз өндiрiсiнiң ауыл шаруашылық өнiмiн қайта өңдейтiн заңды тұлғалар салықтарды патент негiзiнде, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiм бойынша белгiлейтiн тәртiп бойынша төлей алады. <*>
      Патент құнын есептеу кезiнде бюджетке төлеуге жататын салықтар сомасы олар үшiн жер ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрудiң негiзгi құралы болып табылатын немесе қызметi ауыл шаруашылық өнiмiн өндiру үшiн жер пайдаланумен байланысты заңды тұлғалар үшiн 80 процентке азайтылады. <*>
      Патенттің құнын есептеу кезінде бюджетке төленуге тиісті салықтар сомасы шаруа (фермер) қожалықтары және жерді пайдалана отырып, ауыл шаруашылық өнімімен айналысатын ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін 80 процентке кемітіледі. <*>
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрiнiң
              1997.02.07. N 37 V970037_ бұйрығымен.
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгертiлдi - ҚР Қаржы министрлiгi Салық
               комитетiнiң 1997.12.29. N 1 V970062_ бұйрығымен.
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы министрлігі Салық
               комитетінің 1998.07.10. N 62 V980544_ бұйрығымен.
      Ескерту. 1-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің
               1999.05.03. N 310 V990784_ бұйрығымен.
      ЕСКЕРТУ. IV. бөлімнің 1-тармағындағы 2, 3, 4 абзацтары жаңа
               редакцияда жазылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің
               1999 жылғы 4 тамыздағы N 929 бұйрығымен. V990889_

      2. Бухгалтерлiк есеп жүргiзу салықтық және тәртiбi бұзылған, есеп құжаттары жойылған немесе жоғалған, сондай-ақ салық салу объектiсiн анықтау мүмкiн емес жағдайда, салық қызметi органдары салық салу объектiсi мен салықты тiкелей және жанама әдiстер (активтер, айналым, өндiрiс шығасысы және т.б.) негiзiнде анықтайды. Жанама тәсiлдердiң әдiстерiнiң бiрiн қолданудың негiзiнде салық салынатын объектiнi анықтаудың тәртiбi осы нұсқаулықтың 6 қосымшасында келтiрiлген. <*> <*>
      Жүк тиеу құжаттарының, сондай-ақ салықтық шот-фактуралардың растығы үшiн тауарларды жеткiзушiлер (жұмыс орындаушылар, қызмет көрсетушiлер) жауап бередi. <*>
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ толықтырылды - ҚР Қаржы министрiнiң
              1997.02.07. N 37 V970037_ бұйрығымен.
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгертiлдi және толықтырылды - ҚР Қаржы
               министрлiгi Салық комитетiнiң 1997.12.29. N 1 V970062_
               бұйрығымен.

      3. Егер жеке тұлға өз тұтынуы үшiн, оның iшiнде мүлiк сатып алуға, жұмсаған шығыстарына сәйкес келмейтiн табысын көрсетсе, салық қызметi өткен кезеңдердегi табыстарын ескере отырып, оның жұмсаған шығыстарының негiзiнде табыс пен салықты анықтайды.
      4. Сол сияқты басқа тұлғалар мен органдар аталған табыстың алыну заңдылығын даулаған жағдайда, табыс салық салуға жатады.
      5. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда соттың шешiмi бойынша табыс бюджетке алынуға жататын болса, онда аталған табыс одан төленген салық сомасы шегерiлiп алынады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 5-тармақ өзгертiлдi - ҚР Қаржы министрлiгi Салық
               комитетiнiң 1997.12.29. N 1 V970062_ бұйрығымен.

      6. <*>
      ЕСКЕРТУ. 6-тармақ өзгертiлдi және толықтырылды - ҚР Қаржы
               министрiнiң 1997.02.07. N 37 V970037_ бұйрығымен.
      ЕСКЕРТУ. 6-тармақ өзгертiлдi - ҚР Қаржы министрлiгi Салық
               комитетiнiң 1997.12.29. N 1 V970062_ бұйрығымен.
      ЕСКЕРТУ. 6-тармақ өзгертілді, екінші азатжол алынып тасталды - ҚР
               Қаржы министрлігі Салық комитетінің 1998.07.10. N 62 V980544_
               бұйрығымен.
      Ескерту. 6-тармақ алып тасталды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің
               1999.05.03. N 310 V990784_ бұйрығымен.

      7. Барлық салықтарға қатысты баспа-бас операциялар бұл операцияларды салық есеп-фактураларымен мiндеттi түрде ресiмдей отырып, қолданылып жүрген бағалар бойынша өнiмдi (жұмысты, көрсетiлген қызметтi) сату ретiнде қарастырылады. <*>
      Активтерді өтемсіз негізде беру және (немесе) төмендетілген құны бойынша сату кезінде беруші (сатушы) тұлға активтерінің құны-салық салу мақсатында айқындалатын өзіндік құн негізге алынып, ал алушы тұлға активтерінің құны-берілетін (сатылатын) активтерінің кіріске алынған бағалау құны бойынша белгіленеді. Салық салу мақсаттары үшін тауарлардың құндары тең болмай айырбасталған кезде салық салынатын айналым ең көп сату бағасы бар өнімнің (жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің) құндары негізінде анықталады, бірақ бұл ретте оның көлемі жөнелтілген өнімнің нақты қалыптасқан шығынынан кем болмауы тиіс. <*>
      ЕСКЕРТУ. 7-тармақта екінші азатжол жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы
               министрлігі Салық комитетінің 1998.07.10. N 62 V980544_
               бұйрығымен.
      Ескерту. 7-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің
               1999.05.03. N 310 V990784_ бұйрығымен.

      IV-I. Салық салу мақсаттарына арналған тауарлардың (жұмыстардың,
            көрсетiлген қызметтердiң) бағаларын белгiлеу принциптерi <*>

      1. Егер осы бөлiмде өзгеше көзделмесе, тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлген қызметтердiң) салық салу мақсатына арналып, мәмiле тараптары көрсеткен бағалары қабылданады.
      2. Салық органдары тек мынадай жағдайларда ғана мәмiле бойынша бағаның дұрыс қолданылуын бақылауға құқылы:
      1) байланысқан тараптардың араларында;
      2) тауар айырбасы бойынша (баспа-бас айырбас операциялар бойынша);
      3) тоқсан шегiнде тауарларға (жұмыстарға, көрсетiлген қызметтерге) ұқсас (бiртектi) салық төлеушi қолданатын баға деңгейiнiң едәуiр өзгерiсi (кез келген жағында 20 проценттен асса) кезiнде.
      4) резидент еместер көрсеткен (орындаған) импортталатын тауарлардың, қызметтердiң баға деңгейi ұқсас (бiртектi) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлген қызметтердiң) нарықтық бағасы деңгейiнен едәуiр асқан жағдайда (20 % артық).
      3. Осы бөлiмдегi 2-тармақтың 1)-3) тармақшаларында көрсетiлген жағдайларда, мәмiле тараптары қолданған тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) бағалары ұқсас (бiртектi) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлген қызметтердiң) нарықтық бағаларынан 20 проценттен астам ауытқыса (кез келген жағына), салық органы салықтар мен айыппұл санкцияларын қосып төлеу туралы шешiм шығара алады, бұл мәмiлелердiң нәтижелерi нарықтық баға ескерiле отырып есептелген негiзде есеп айырылысады. Мәмiленiң нарықтық бағасын анықтау үшiн осы бөлiмнiң 4-13-тармақтарында көзделген жағдайлар есепке алынады;
      Осы бөлiмнiң 2-тармағындағы 4) тармақшасында аталған жағдайларда, резидент еместер көрсеткен (орындаған) импортталатын тауарлардың, қызметтердiң (жұмыстардың) бағалары ұқсас (бiртектi) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлген қызметтердiң) нарықтық баға деңгейiнен едәуiр асса (20%-тен астам), салықтар мен айыппұл санкцияларын қосып төлеу туралы шешiм шығара алады, бұл мәмiлелердiң нәтижелерi нарықтық баға ескерiле отырып есептелген негiзде есеп айырылысады. Мәмiленiң нарықтық бағасын анықтау үшiн осы тараудың 4-13-тармақтарында көзделген жағдайлар есепке алынады.
      4. Тауардың (жұмыстың, көрсетiлетiн қызметтiң) нарықтық бағасы салыстырмалы экономикалық (коммерциялық) жағдайлардағы сұраныс пен ұсыныстың өзара қатынасында нарықтағы ұқсас (жоқ болатын болса бiртектi) тауарлардың қалыптасқан бағасы қабылданады.
      5. Тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) нарығы болып Қазақстан Республикасының аумағында немесе Қазақстан Республикасынан тысқары жердегi сатып алушыға қатысты жақын жерде тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) сатып алушының нақты және едәуiр қосымша шығындарсыз сатып алу мүмкiндiгi ескерiлетiн осы тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) айналыс сапасы танылады.
      6. Салық салу мақсаттары үшiн мыналар байланысты тараптар болып танылады:
      Өз қызметi немесе олар өкiлдiк ететiн тұлғалардың қызметiнiң жағдайларына немесе экономикалық нәтижелерiне олардың арасындағы қатынастар тiкелей әсер етуi мүмкiн жеке адамдар және (немесе) заңды тұлғалар, атап айтқанда:
      1) бiр тұлға басқа тұлғаның мүлiгiне қатысады, мұндай қатысудың үлесi 33 проценттен астамын құрайды;
      2) тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес некелiк қатынастарда, туыстық немесе жекжаттық қатынастарда, асырап алушы және асыранушы, сонымен қатар қамқоршылық және қорғаншылық қатынастарында болса.
      7. Оларға тән бiрдей белгiлерi бар тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бара-бар деп танылады.
      Тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлген қызметтердiң) бара-барлығын анықтау кезiнде олардың физикалық сипаттамалары, рыноктағы сапасы мен беделi, шыққан елi және өндiрушi ескерiледi.
      8. Бiртектi деп бара-бар болмағанымен ұқсас сипаттамалары және ұқсас бөлiктерден тұратын, мұның өзi оларға сондай функциялар атқаруға мүмкiндiк беретiн және коммерциялық жағынан бiрiн-бiрi ауыстыра алатын тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) танылады.
      Тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) бiртектiлiгiн анықтау кезiнде олардың сапасы, тауарлық белгiсi барлығы, рыноктағы беделi, шыққан елi ескерiледi.
      Рыноктағы бара-бар (олар жоқ болған жағдайда бiртектi) тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) мәмілелерiнiң экономикалық (коммерциялық) жағдайлары салыстырмалы деп танылады, егер осындай жағдайлар айырмашылықтары бағаға әсер етпейтiн болса немесе осы бөлiмнiң 10-тармағына сәйкес түзетiлуi мүмкiн болса.
      9. Тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) рыноктық бағаларын анықтау кезiнде байланысты болып табылмайтын тараптардың арасындағы мәмiлелер назарға алынады. Байланысты тараптардың арасындағы мәмiлелер мынадай жағдайда, егер тараптардың байланыстылығы осындай мәмiлелердiң нәтижелерiне әсер етпесе, назарға алынуы мүмкiн.
      10. Тауардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) рыноктық бағасын анықтау кезiнде салыстырмалы жағдайларда бара-бар (бiртектi) тауарлармен (жұмыстармен, қызмет көрсетулермен) осы тауарды (жұмысты, қызмет көрсетудi) сату кезiнде жасалған мәмiлелер туралы ақпарат ескерiледi.
      Мәмiлелердiң бара-бар (бiртектi) тауарлармен (жұмыстармен, қызмет көрсетумен) салыстырмалы жағдайын анықтау кезiнде мынадай жағдайлар ескерiледi: берiлетiн тауарлардың (мысалы, тауар партиясының көлемi) (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) мөлшерi (көлемi), мiндеттемелердiң орындалу мерзiмi, әдетте осындай мәмiлелер түрiнде қолданылатын төлем шарты, сондай-ақ бағаға әсер етуi мүмкiн өзге де жағдайлар.
      11. Бағаның деңгейiнiң ауытқу маңыздылығының дәрежесiн анықтау кезiнде тоқсан шегiндегi бара-бар (бiртектi) тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша салық төлеушi қолданатын мәмiле жасау кезiнде байланысты емес тараптардың арасындағы бағаға немесе шегерiмге, тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) нарығындағы сұраныс пен ұсыныс факторлары ескерiлген үстеме есепке алынады.
      Тараптардың мәмiлелерiнде көрсетiлген тауарлардың бағасына егер аталған шегерiмдер тауардың жарамдылығы мерзiмiнiң бiтуiмен мерзiмi аяқталуға таяу немесе тауарларды, маркетинг (баға) саясатын iске асыру, тауарларды (жұмыстар, қызмет көрсетулер) олар үшiн жаңа рынокқа жылжыту ұқсас үлгiсi жоқ нарықтағы жаңа өнiмдердi жылжыту кезiнде, сондай-ақ тұтынушыларды олармен таныстыру мақсатында тауарлардың тәжiрибелiк модельдерi мен үлгiлерiн сату кезiнде осы бөлiмнiң 3-тармағында көзделген ережелер қолданылмайды.
      12. Мәмiлелер бойынша тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) тиiстi нарығындағы бара-бар (бiртектi) тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) болмауы немесе бұл нарықта осындай тауарларға (жұмыстарға, қызмет көрсетулерге) сұранымның жоқтығынан, сонымен қатар, нарықтық бағаны анықтауда ақпараттық көздердiң жетiспеушiлiгiнен не жоқтығынан тиiстi бағаны анықтау мүмкiн болмаған жағдайда мынадай әдiстер пайдаланылуы мүмкiн:
      1) Өнiмдi кейiн сату бағасы әдiсi, мұнда тауарлар (жұмыстар, қызметтердiң) нарық бағасы сатып алушы кейiн сату (қайта сату) кезiнде осындай тауарларды (жұмыстар, қызметтердi) сатқан және сатып алушы тартқан шығындар мен оның үстеме бағасы расталған баға айырмасы ретiнде анықталады. Yстеме баға осы қызмет сапасы үшiн қалыптасқан орташа пайда нормасын қамтамасыз ететiндей болып анықталады;
      2) Жұмсау әдiсiнде тауардың (жұмыстың, қызмет көрсетудiң) нарықтық бағасы жұмсалған шығын сомасы мен үстеме бағаның сомасы ретiнде анықталады Өндiрiске (сатып алуға) және (немесе) тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) сатуға жұмсалған тура және жанама шығындар, тасымалдау, сақтау, сақтандыру және өзге де шығындар есепке алынады. Үстеме баға осы қызмет сапасы үшiн қалыптасқан орташа пайда нормасын қамтамасыз ететiндей болып анықталады.
      13. Тауардың (жұмыстың, қызмет көрсетудiң) нарықтық бағасын анықтау мен тану кезiнде тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) мен биржалық котировкаларға арналған нарықтық бағалар туралы ресми ақпарат көздерi, мемлекеттiк өкiмет органдарының ақпараттық базалары және салық төлеушiлердiң салық органдарына берген ақпараттары пайдаланылады.
      14. Iстi қарау кезiнде сот осы бөлiмнiң 4-13 тармақтарындағы

жағдайлармен шектелместен iс үшiн маңызы бар кез келген мән-жайларды 
ескеруге құқылы.
     15. Осы тармақтың ережелерi жиынтық жылдық кiрiсi 100 000 айлық 
есептiк көрсеткiштен асатын салық төлеушiлерге қолданылады. Осы шектеу 
акциздеуге жататын тауарларды шығарушы не (немесе) сатушы не (немесе) 
тауарларды экспорттаушы салық төлеушiлерге, сондай-ақ осы бөлiмнiң 
2-тармағының 4) тармақшасында көрсетiлген жағдайларда қолданылмайды.
     Ескерту. IV-І бөліммен толықтырылды - ҚР Мемлекеттік кіріс            
              министрлігінің 1999.05.03. N 310  

V990784_

  бұйрығымен.   
     
     
                 V. Салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi

     1. Аумақтық салық органы әрбiр салық төлеушiге тiркеу нөмiрiн бередi,
ол барлық салыққа қатысты пайдаланылады.
<*>

     Салық төлеушiлердi салық есебiне тiркеу мен одан шығаруды Қазақстан 
Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi белгiлейдi.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 1-тармақ екінші азатжолмен толықтырылды - ҚР Қаржы 
              министрлігі Салық комитетінің 1998.07.10. N 62  

V980544_

  
              бұйрығымен.
     Ескерту. 1-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің    
              1999.05.03. N 310  

V990784_

  бұйрығымен.
     ЕСКЕРТУ. 1-тармақтың 2-абзацы жаңа редакцияда жазылды  - 
              ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің 1999 жылғы 
              4 тамыздағы N 929 бұйрығымен. 

V990889_

     
          


      2. Аумақтық салық органы салық төлеушi болып табылмайтын, бiрақ бюджетке төлемдер жасауды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға тiркеу нөмiрлерiн бередi, ол төлемдер төлем көзiнен ұсталып отырады. <*>
      Салық төлеушілерді тіркеу жүйесін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі айқындайды. <*>
      Салық төлеушi:
      - ұсынылған жазба негiзiнде аумақтық салық органы қызметкерлерiнiң талап етуi бойынша салықтар мен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есептеу мен төлеуге байланысты есептiк құжаттар мен мүлiктердi тексеру үшiн ұсынуға;
      - ұсынылған жазба негiзiнде аумақтық салық органы қызметкерлерiн табыс алу үшiн пайдаланылатын немесе салық салу мазмұнына ие объектiлерге байланысты өндiрiстiк, қойма, сауда басқа да үйлер мен көлiктердi тексеру үшiн рұқсат етуге;
      - қолма қол ақшалармен жұмыс iстеу кезiнде фискалды зердесi бар бақылау-кассалық аппараттар арқылы және сатып алушы-тұтынушыға бақылау чектерiн бере отырып фискалды карталарды пайдаланудың компьютерлiк желiлерiмен операциялар жүргiзуге мiндеттi.
      бақылау-кассалық аппараттар мен фискалды карталарды қолдану тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды. <*>

      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ толықтырылды - ҚР Қаржы министрлiгi Салық
               комитетiнiң 1997.12.29. N 1 V970062_ бұйрығымен.
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ екінші азатжолмен толықтырылды - ҚР Қаржы
               министрлігі Салық комитетінің 1998.07.10. N 62 V980544_
               бұйрығымен.
      Ескерту. 2-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің
               1999.05.03. N 310 V990784_ бұйрығымен.

      3. Заңды және жеке тұлғалар өздерiнiң салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн салық декларациясында төлем (векселді қоспағанда) айырысатын және салық мақсаттарында пайдаланылатын басқа да құжаттарда көрсетуге, өз нөмiрiн табыс төлейтiн кез-келген тұлғаға хабарлауға мiндеттi. Аумақтық салық органы салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн салық төлеушiге жiберiлетiн оның салық мiндеттемелерiне қатысы бар барлық хабарламаларда көрсетедi. <*> <*> <*>
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгертiлдi - ҚР Қаржы министрiнiң
              1997.02.07. N 37 V970037_ бұйрығымен.
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің
               1998.07.10. N 62 V980544_ бұйрығымен.
      Ескерту. 3-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің
               1999.05.03. N 310 V990784_ бұйрығымен.

      4. Кәсiпкерлiк қызмет субъектiсi ретiнде тiркелген жеке тұлғалар және заңды тұлғалар аумақтық салық органына тiркеу нөмiрiн алу үшiн тiркелген күнiнен бастап 10 күн iшiнде өтiнiш беруге мiндеттi. Басқа салық төлеушiлер, сондай-ақ тұрақты мекеме құрмай Қазақстан Республикасы аумағында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар" тiркеу нөмiрiн алу үшiн еңбек шарты (контракты) немесе мердiгерлiк (жалдану) шарты бойынша жұмыс басталған немесе салық бойынша басқа да мiндеттемелер туындаған күннен бастап 10 күн iшiнде аумақтық салық органына өтiнiш беруге мiндеттi. <*> <*>
      Ескерту. 4-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің
               1999.05.03. N 310 V990784_ бұйрығымен.
      ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің
               1999 жылғы 4 тамыздағы N 929 бұйрығымен. V990889_

      5. Қазақстан Республикасында қызмет iстейтiн шетелдiк заңды тұлға Қазақстан Республикасының салық заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан (немесе бұрынғы КСРО үкiметiнiң атынан) жасалған халықаралық шарттарға сәйкес өзiнiң алдағы қызметi салық салынуға тиiс деп таныла ма, жоқ па - осыған қарамастан тұрақты мекемесi орналасқан жердегi аумақтық салық органдарында тiркелуге мiндеттi. <*>
      Ескерту. 5-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің
               1999.05.03. N 310 V990784_ бұйрығымен.

      6. Қазақстан Республикасының аумағында кәсiпкерлiк қызметпен айналыспайтын шетел компаниясының өкiлдiгi шетелдiк заңды тұлғаның тұрақты мекемесi ретiнде қаралып, осы өкiлдiкке қатысты бөлiгiнде жергiлiктi салықтар, алымдар мен төлемдер төлеушi ретiнде аумақтық салық органдарына есепке тұрады (мысалы, өкiлдiк қызметкерлерiнiң жалақсынан алынатын табыс салығы және т.б.). <*>
      Ескерту. 6-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің
               1999.05.03. N 310 V990784_ бұйрығымен.

      7. Қазақстан Республикасында тұрақты табыс көзi бар, немесе республикада бiрнеше табыс көзi бар Қазақстан Республикасының резидент еместерiне салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi берiледi. Салық органдарында есепке алуға осы резидент емеске табыс төлейтiн кәсiпорынның жазбаша

өтiнiшi негiз болады.
     Шетелдiк заңды тұлғаларды есепке алу және тiркеу тәртiбi осы
нұсқаулықтың N 5 қосымшасында келтiрiлген.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 7-тармақ өзгертiлдi - ҚР Қаржы министрлiгi Салық
              комитетiнiң 1997.12.29. N 1  

V970062_

  бұйрығымен.

              VI. Салық төлеушiлермен хат-хабар алысу

     1. Салықтық қызмет жiберетiн кез келген хабарлама немесе басқа
құжаттар:
     - жазбаша түрде құрылған;
     - басшы немесе өкiлеттiгi бар лауазымды тұлға олардың фамилиялары мен 
аты-жөнiн көрсете отырып қол қойған;
     - салық төлеушiге жiберiлген немесе табыс етiлген;
     - елтаңбалы мөрмен расталған болуы тиiс.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрiнiң
              1997.02.07. N 37  

V970037_

  бұйрығымен.
     


      2. Жеке және заңды тұлғаларға құжаттарды тапсырудың екi заңға сай әдiсi айқындалды. Құжат, егер ол салық төлеушiнiң өз қолына табыс етiлсе тапсырылған болып саналады. Сонымен бiрге салық қызметi, егер құжат тұлғаның ресми тұрғылықты мекен-жайына тапсырыс почтасы бойынша немесе әдеттегi мекен-жайы бойынша жiберiлсе, құжатты тапсыру тәртiбi туралы талап орындалды деп есептеледi. Салық төлеушiнiң жазбаша ескертудi алу сәтi жазбаша ескертудi почтаның тапсыру күнiнiң сәтi, ал салық қызметiнiң салық төлеушiге жазбаша ескертудi тапсыру фактiсiнiң мойындауы салық қызметiнiң почтадан тапсыру фактiсiн растайтын құжатты алу күнiнiң сәтi болып есептеледi.
      3. Салық қызметiнiң құжаттарында жол берiлген процедуралық ағаттықтарды пайдалану мүмкiндiктерiн немесе хабарлама қағазда көрсетiлген салық немесе өзге де мiндеттемелердi орындаудан жалтарып кету негiздердi болдырмау үшiн аталған бөлiмнiң күшi хабарлама қағазды табыс ету ережесiн толық сақтамаған жағдайларға қолданылады, алайда бұл салық төлеушiге ескерту қағазын жеткiзуге бөгет жасамауы тиiс.
      Мысал: Құжат салық төлеушiнiң өзiне емес, әйелiне табыс етiлдi, ол содан соң оны тиiстi адамына бердi. Егер салық қызметi салық төлеушiнiң ескерту қағазды шынында алғандығы фактiсiн дәлелдей алса (мысалы, оның зайыбының мәлiмдемесi негiзiнде) хабарлама қағаз тиiстi шарттарды сақтай отырып, табыс етiлген деп қарастырылады.
      Салық төлеушi iс жүзiнде кәсiпорынның, ұйымның атауын ресми тiркелген атынан бөлек пайдаланған жағдайда хабарлама қағаз оның ресми емес атын пайдалана отырып салық төлеушiнiң ресми мекен-жайына жiберiледi және ресми түрде табыс етiледi деп есептеледi.
      Мысал: Салық төлеушi өз кәсiпорнын "Романо рестораны" атауымен тiркедi дейiк, ал iс жүзiнде "Романо кафесi" атауын пайдаланды. Егер салық инспекторы кәсiпорында болып, "Романо кафесi" кәсiпорнына есептелген салық сомасы туралы хабарлама қағаз толтырса, бұл салық төлеушiге хабарлама қағаздың заң күшi жоқ, өйткенi ресми тiркелген атау құжатта көрсетiлгеннен

басқа деген желеуге жүгiнуге құқық бермейдi.

                       VII. Мерзiмдi белгiлеу

     Белгiленген мерзiмнiң өтуi нақты жағдайдан немесе оның бастапқы 
белгiленген заңды әрекеттен кейiнгi күннен басталады. Мерзiм белгiленген 
кезеңнiң соңғы күнi бiтедi. Егер мерзiмнiң соңғы күнi демалыс күнiне 
сәйкес келсе, мерзiм келесi жұмыс күнiнiң соңында бiтедi.

                   VIII. Салық төлеушiнiң құқығы

     1. Салық төлеушiнiң:
     - салық жөнiнде жеңiлдiктерге құқығын растайтын құжаттарды табыс 
етуге;
     - жүргiзiлген тексеру актiлерiмен танысуға;


      - салықтарды есептеу мен төлеу және жүргiзiлген тексеру актiлерi

бойынша салық органдарына түсiндiрмелердi ұсынуға;
     - заңда белгiленген тәртiппен салық органдарының шешiмдерiне
шағымдануға;
     - салық салуға қатысы жоқ ақпараттар мен құжаттарды тапсырмауға
құқығы бар.
     Салық қызметі органдарының қызметкерлерін бөлімше басшысы немесе 
өздерінің тегі және аты-жөні, мөрі көрсетілген уәкілетті лауазымды адамдар 
қол қойған нұсқамасыз есеп құжаттамаларын және мүліктерді тексеруге, 
өндіріс, қойма, сауда, өзге үй-жайларын және көлікті зерттеуге рұқсат 
етілмейді.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 1-тармақ толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігі Салық 
              комитетінің 1998.07.10. N 62  

V980544_

  бұйрығымен.
     
                    Ақпараттарды беру және жинау

             IХ. Есеп құжаттамаларын жасау және сақтау

     1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі актiлерiне 
сәйкес салықтық есептер бойынша құжаттамаларды жүргiзуге мiндеттi.
<*>
<*>

     Ескерту. 1-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің    
              1999.05.03. N 310  

V990784_

  бұйрығымен.
        
     2. Салық төлеушiлер бес жыл бойы қағаз, электронды немесе магниттi 
жазбаларда салықтық есеп бойынша құжаттарды сақтауға мiндеттi.
<*>


     ЕСКЕРТУ. 1, 2-тармақтар жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрлiгi
              Салық комитетiнiң 1997.12.29. N 1  

V970062_

  бұйрығымен.

     3. Егер салық төлеушiнiң жекелеген құжаттары шет тiлдерiнде жасалған 
болса, салық қызметi оларды қазақ немесе орыс тiлдерiне аударуды талап 
етуге құқылы.

                  Х. Салық декларацияларын тапсыру



      1. Салық төлеушiлер аумақтық салық органдарына декларацияны төмендегi мерзiмде (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі Қаржы министрлігімен келісіп белгiлеген үлгi бойынша) бередi: <*> <*> <*>
      - табыс салығы бойынша есептi мерзiмнен кейiнгi жылдың 31 наурызына дейiн;
      - қосылған құнға салынатын салық бойынша есептi мерзiмнен кейiнгi айдың 15-сiнен кешiктiрмей. Егер тоқсандағы орташа айлық төлемдер ең төменгi 500 айлық еңбек ақыдан жоғары болса, онда есептi мерзiм болып ай саналады;
      - бағалы қағаздар эмиссиясын және мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын акциялар эмиссиясының ұлттық бiрегейлендiру нөмiрiн беру тіркеген үшін алымдар жөніндегі декларацияны есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызына дейін; <*> <*>
      - акциздер бойынша есептi айдың әрбiр он күнi үшiн төленуге тиiстi және нақты төленген акциздердiң сомаларын бөлу арқылы есептi айдан кейiнгi айдың 15-нен кешiктiрмей ай сайын;
      - арнайы төлемдер мен жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары бойынша шартта белгiленген мерзiмде;
      - роялти бойынша - есептi кезеңнен кейiнгi айдың 10-ы күнiне дейiн. Егер тоқсан үшiн орташа айлық төлемдер 1000 айлық есептi көрсеткiштен аз болатын болса, онда есептi кезең болып тоқсан табылады. Егер тоқсан үшiн орташа айлық төлемдер 1000 айлық есептi көрсеткiштен артық болатын болса, онда есептi кезең болып ай табылады; <*>
      - жаздырып алынатын бонус бойынша - есептi айдан кейiнгi айдың

10-ы күнiне дейiн;
<*>
 
     - коммерциялық табылған бонус бойынша - коммерциялық табу жасалған 
жылдан кейiнгi жылдың 10 сәуiрiне дейiн;
<*>

     - есептi жылда алынған үстеме пайдаға салынатын салық бойынша
есептi жылдан кейiнгi жылдың 15 сәуiрiне;
     - жер салығы бойынша үстiмiздегi жылдың 1 шiлдесiнен кешiктiрмей жыл 
сайын;
     - көлiк құралдарына арналған салық бойынша есептi жылдан кейiнгi 
жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей;
     - мүлiкке арналған салық бойынша есептi жылдан кейiнгi жылдың
31 наурызынан кешiктiрмей.
<*>

      бiрыңғай жер салығы бойынша - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк 
кiрiс министрлiгi белгiлеген нысан бойынша есептi жылдан кейiнгi жылдың 
31 наурызына дейiн;
<*>

     - әлеуметтiк салық бойынша - ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың 
15 күнiнен кешiктiрмей;
<*>

     - әлеуметтiк салық бойынша ай сайын келесi есептi мерзiмнiң 
15-i күнiнен кешiктiрiлмей төленуi керек.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгертiлдi - ҚР Қаржы министрiнiң
             1997.02.07. N 37  

V970037_

  бұйрығымен.
     ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгертiлдi - ҚР Қаржы министрлiгi Салық
              комитетiнiң 1997.12.29. N 1  

V970062_

  бұйрығымен.
     ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы министрлігі Салық 
              комитетінің 1998.07.10. N 62  

V980544_

  бұйрығымен.
     Ескерту. 1-тармақ өзгертілді және толықтырылды - ҚР Мемлекеттік кіріс 
              министрлігінің 1999.05.03. N 310  

V990784_

  бұйрығымен.
     ЕСКЕРТУ. 1-тармақтың 4-абзацы толықтырылды, 7-абзац жаңа редакцияда,  
              8, 9, 13, 14-абзацтармен толықтырылды - ҚР Мемлекеттік кіріс 
              министрлігінің 1999 жылғы 4 тамыздағы N 929                  
              бұйрығымен. 

V990889_

   
             
     


      2. Салық төлеуші бюджетке қосымша төлеуге тиісті салық сомалары бойынша сол нақтылау жүргізілген есепті кезең үшін тіркелген жеріндегі салық органына қосымша декларация тапсырады. Бұл декларацияларда тиісті жолдар бойынша бұрын тапсырылған декларациямен салыстырғандағы тек анықталған айырма сомасы ғана көрсетіледі.
      Бұл жағдайда одан салық төлеу мерзімінен оны бюджетке төлегенге дейінгі сәттен бастап айыппұл санкцияларын қолданбай белгіленген мөлшерде өсім өндіріліп алынады. <*>
      ЕСКЕРТУ. жаңа 2-тармақпен толықтырылды, 2, 3, 4 және 5 тармақтары
               тиісінше 3, 4, 5 және 6 тармақтары болып саналды - ҚР Қаржы
               министрлігі Салық комитетінің 1998.07.10. N 62 V980544_
               бұйрығымен.

      2-1. Әлеуметтiк салық бойынша заңды тұлғаның шешiмi бойынша оның филиалдары, өкiлдiктерi мен өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерi өзiнiң тұрған жерi бойынша аумақтық салық органына декларация бере алады және салықты өз бетiмен төлеудi жүзеге асыра алады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Мемлекеттік кіріс
               министрлігінің 1999 жылғы 4 тамыздағы N 929
               бұйрығымен. V990889_

      3. Салық төлеушi Қазақстан Республикасында кәсiпкерлiк қызметiн аяқтаған кезде салық қызметi салық төлеушiден декларацияның қашан және қандай мерзiмде берiлуiнiң қажет екендiгiн, себептерi мен күнiн көрсету арқылы жазбаша ескерту қағазын тапсыру жолымен 12 айдан кем емес уақыт iшiндегi табыстары туралы декларацияны берудi талап етуi мүмкiн.
      4. Заңды тұлғаны жою кезiнде жою комиссиясы немесе салық төлеушi тез арада бұл туралы салық қызметiне жазбаша түрде хабарлайды. Заңды тұлғаны жою туралы шешiм қабылдағаннан кейiн он бес күн iшiнде салық төлеушi салық органдарының қызметiне жиынтық жалдық табыс пен шегерiмдер туралы декларация беруi керек.
      5. Резиденттiң заңды тұлғаны құрмастан жүзеге асырған кәсiпкерлiк қызметiн тоқтатқан кезде олар 15 күн мерзiм iшiнде жиынтық жылдық табыс пен шегерiмдер туралы декларацияны салық қызметiнiң органдарына тапсырады.
      6. Салық декларациясына салық төлеушi қол қоюы керек, немесе ол болмаған жағдайда яки әрекет етуге қабiлеттiлiгi болмаса, салық төлеушiнiң салық декларациясын жасау жөнiнде қызмет көрсеткен заңды өкiлi, аудиторы мөрдi және өзiнiң салық төлеушiлiк тiркеу нөмiрiн көрсетуi арқылы қол қоюы тиiс.
      7. Салық декларациясы аумақтық салық органдарына әкеліп тапсыру тәртібімен немесе хабарлама арқылы тапсырыс хатпен почта арқылы беріледі. Салық декларациясы аумақтық салық органдарының келісімімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі белгіленген нысан бойынша ақпараттың электронды құралдары арқылы немесе ақпаратты компьютерлік өңдеуге жол беретін өзге түрде табыс етіледі. <*> <*>
      Салық декларацияларын қабылдау алдын-ала тексерiссiз салық органдарымен жүргiзiледi. Осында ұсынылған декларациядағы мәлiметтердiң растығы мен толықтығына салық төлеушi жауап бередi. <*>
      ЕСКЕРТУ. 7-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігі Салық
               комитетінің 1998.07.10. N 62 V980544_ бұйрығымен.
      Ескерту. 7-тармақ өзгертілді және толықтырылды - ҚР Мемлекеттік кіріс
               министрлігінің 1999.05.03. N 310 V990784_ бұйрығымен.

      8. 1) мемлекеттiк лауазымға немесе мемлекеттiк не оған теңестiрiлген мемлекеттiк мiндеттердi және оған теңестірiлген қызметтердi атқарумен байланысты, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет бойынша көтерiлгенде лауазымға үмiткерлер салық органына тұрғылықты жерi бойынша мыналарды табыс етедi: <*>
      кiрiстер туралы декларацияны;
      салық объектiсi болып табылатын, соның iшiнде Қазақстан Республикасы аумағынан тыс орналасқан, аталған мүлiктiң бағалау құны мен орналасқан жерiн көрсете отыра мүлiк туралы декларацияны;
      мыналар туралы мәлiметтердi:
      банктiк мекемелердегi салымдар және құнды қағаздар туралы, оның iшiнде банк мекемесiн көрсете отырып Қазақстан Республикасы аумағынан тыс орналасқан, сонымен қатар сол тұлғалар өздерi не басқа бiр тұлғалармен бiрге иелiк ете алатын қаржы қаражаты туралы;
      акционер немесе құрылтайшы (қатысушы) ретiнде заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы қатысу мөлшерiн және толық банктiк және аталған ұйымдардың басқа деректемелерiн көрсете отырып өзiнiң тура және жанама қатысуы туралы;
      трасттар мен мемлекеттер туралы, оларда сәйкес банктiк шоттардың нөмiрлерi көрсетiле отырып тiркелген болса, егерде тұлға не оның зайыбы (әйелi) осы трасттардың бенефициары болып табылса;
      басқа ұйымдардың атаулары мен деректемелерiнде олардың тұлғаға немесе оның зайыбына (әйелiне) тиесiн айлық есептiк көрсеткiштiң мөлшерiнен мың есе артық материалдық немесе қаржылық қаражаттың мазмұны мен уақытша сақталуы жөнiнде шарттық қатынастары, келiсiмдерi және мiндеттемелерi (оның iшiнде және ауызша) бар болатын болса;
      2) мемлекеттiк қызметтегi адамдар жыл сайын өздерiнiң өкiлеттерiн орындау кезiнде, сонымен қатар терiс уәждер бойынша мемлекеттiк қызметтен босатылған адамдар босағаннан кейiн үш жыл iшiнде салық заңдарында белгiленген тәртiп бойынша тұрғылықты жерi бойынша салық органына декларация ұсынады;
      3) мемлекеттiк қызметке немесе мемлекеттiк не оған теңестiрiлген мiндеттердi орындаумен байланысты, немесе мемлекеттiк қызметтi атқарушылар болып табылатын үмiткердiң зайыбы (әйелi) тұрғылықты жерi бойынша Қазақстан Республикасының аумағы мен одан тысқары орналасқан және салық салу объектiсi болып танылатын кiрiстер мен мүлiк туралы декларациялар табыс етедi;
      4) 1), 2) тармақшаларында аталған тұлғалар тиiсiнше өздерi қызметке кiруге үмiткер органға немесе жұмыс орнынан 1), 2), 3) тармақшаларында атап өтiлген декларациялар мен мәлiметтердi алғандығы туралы салық органынан анықтама табыс етедi.
      Ескерту. Х-бөлім 8-тармақпен толықтырылды - ҚР Мемлекеттік кіріс
               министрлігінің 1999.05.03. N 310 V990784_ бұйрығымен.

                  ХI. Төлемдер бойынша ақпарат беру

      Тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) жеткiзiп берудi және (немесе) тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшiн ақы төлеуді жүзеге асыратын салық төлеушілер салық Қызметінің талабы бойынша жеткiзiп берiлген тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) құны және (немесе) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актiлерiмен белгiленген нысандар бойынша орындаушыға төленген сомалар туралы ақпарат беруге мiндеттi. <*>
      Мысал: Егер салық қызметiне инвестициялық компанияның көптеген жеке тұлғалардың атынан әрекет ете отырып, басқа елге қаржы салғандығы белгiлi болса, онда салық қызметi осы инвестициялардың ту сыртында тұрған тұлғалардың кiм екендiгiн бiлуге мүдделi бола алады.
      Қазақстандағы тұрақты мекеменің жұмыстарды орындаудан және қызмет көрсетулерден алынған кірістері, егер Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тұрақты мекеменің шотына соқпай-ақ аударған жағдайда табыс төлейтін субъект аумақтық салық органы беретін тұрақты мекеменің салық төлеушісінің тіркеу нөмірі осы анықтама тапсырылатын органды көрсетіп анықтама алуы тиіс. Бұл ретте тікелей табыс төлейтін субъект аталған анықтама болмаған жағдайда табыс салығын төлеу көзінен ұстайды. <*> <*> <*>
      Оның үстіне табыс төлейтін салық төлеуші шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында операцияларды жүзеге асырған кезде, егер төлеу қызмет көрсеткен субъектінің шотына соқпай үшінші тұлғаның шотына жүргізілсе, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді және асырған субъектінің тіркелген жеріндегі салық қызметі органына хабарлануы тиіс. <*> <*>
      ЕСКЕРТУ. ХI-тарау үшінші, төртінші азатжолдармен толықтырылды - ҚР
               Қаржы министрлігі Салық комитетінің 1998.07.10. N 62
               V980544_ бұйрығымен.
      Ескерту. ХІ-бөлім өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің
               1999.05.03. N 310 V990784_ бұйрығымен.
      ЕСКЕРТУ. 1-абзац жаңа редакцияда, 3-абзац өзгертілді - ҚР Мемлекеттік
               кіріс министрлігінің 1999 жылғы 4 тамыздағы N 929
               бұйрығымен. V990889_

          ХII. Салық декларацияларын тапсыру мерзiмiн ұзарту

      1. Салық комитетінің басшысы салық төлеушiнiң өтiнiшiне сай салық декларациясын тапсырудың белгiленген мерзiмiн, егер салық төлеушi осы мерзiм жеткенге дейiн оны ұзарту жөнiнде өтiнiш берсе, үш ай аспайтын уақытқа ұзарта алады. <*> <*>
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы министрлігі Салық
               комитетінің 1998.07.10. N 62 V980544_ бұйрығымен.

      2. Декларация тапсыру мерзiмiн ұзарту салық төлеу мерзiмiн өзгертпейдi.
      Мысал: Салық төлеушi 1996 жылға арналған табыс салығы бойынша декларация тапсыру күнiн 1997 жылдың 31 наурызынан 1997 жылдың 30 маусымға дейiн ұзартқысы келдi делiк. Салық комитетінің бастығы декларация тапсыру мерзiмiн ұзартуға рұқсат бердi. Алайда, салық төлеушi мерзiмi өткен әр күн үшiн (төлеу күнiн қоса) салықты уақтылы төлемегенi үшiн 1997 жылдың 11 сәуiрiнен бастап өсiм төлеуге тиiс, себебi табыс салығы бойынша түбегейлi есеп айырысу мөлшерi декларация берген соң 10 күн iшiнде белгiлендi. <*>
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы министрлігі Салық
               комитетінің 1998.07.10. N 62 V980544_ бұйрығымен.

                          ХIII. Банк шоттары

      1. Банк операцияларының жекелеген түрлерiн орындаушы банктермен басқа ұйымдар:
      - салық төлеушiге банктiк шоттарды ашқан кезде салық қызметi органдары хабарлаған салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн ескертуге, оларды салық төлеушiге аталған шоттардың он банкi күнi iшiнде ашылғаны туралы хабардар етуге және төлем құжаттары (вексель және олардың негізінде және көмегімен банк шоттарындағы қолма-қол ақшаны банк қабылдайтын және беру жүргізілетін төлем құжаттарынан басқа) салық төлеушiлердiң тiркеу нөмiрлерi қойылмайынша шоттар бойынша операциялар жүргiзбеуге; <*> <*> <*>
      - салық төлеушiлердiң банктiк шоттардан салық төлеуге арналған төлем тапсырмаларын бiрiншi кезекте атқаруға мiндеттi. Салық төлеушiлер осы шоттарға аумақтық салық органдарының инкассалық тапсырмалары (өкімдері) негізінде белгiленген мерзiмде бюджетке өткiзбеген салық, айыппұл және өсiм сомаларын өндiрiп алуға арналған салық қызмет органдарының инкассалық тапсырмаларын (өкiмдерiн) осындай ретпен атқаруға мiндеттi. <*> <*> <*>
      Салық төлеушiнiң банк шоттарында теңгемен қаражаты болмаған жағдайда салықтар, айыппұлдар мен өсiмдер бойынша берешектi өндiрiп алу, шетел валюталарына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлейтiн теңге бағамын қолдана отырып сол шоттарға аумақтық салық органдарының инкассалық тапсырмалары (өкiмдерi) негiзiнде, Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында көзделген тәртіп пен шарттарда салық төлеушiнiң банк шоттарындағы шетел валютасындағы қаражаттардан жүргiзiлсiн. <*>
      Салық төлеушi - заңды тұлғалардың банктердегi шоттарында ақша жоқ немесе жеткiлiксiз болса салықтар бойынша кем берiлген төлемдi, сондай-ақ айыппұл мен өсiм сомаларын өндiрiп алуды төлемдi кем берушiге тиесiлi сомалар шегiнде олардың дебиторларының банктердегi банктiк шоттарындағы ақша қолдануға. <*>
      Салық органында көрсетiлген инкассалық тапсырманы (өкiмдi) салық төлеушi мен оның дебиторы толық төлеуi үшiн банктiк шотта ақша жетiспеген жағдайда салық органының инкассалық тапсырмасы (өкiмi) салық төлеушiнiң және оның дебиторының тиiсiнше банк шотына ақшаның келiп түсуiне қарай жүргiзiледi: <*>
      - салық сомаларын салық төлеушiнiң банктiк шотынан ақшаны шығарып тастау жөнiндегi операциялар жасаған күнгi тиiстi бюджеттiң кiрiсiне есептеуге (банкке немесе бюджет жүйесiнiң кассалық атқарылуын жүзеге асыратын қаржы мекемесiне аударуға); <*>
      - салық қызметiнiң қызметкерлерiн банк шоттары бойынша тексерілетін салық төлеушілер жасалатын операцияларды (немесе ағымдағы), бұл шоттардағы қолма қол ақшаларды тексеруге рұқсат етiлсiн; <*> <*>
      - салық қызметiнiң шешiмi бойынша, осы Жарлықтың 171-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда, салық төлеушiлердiң банктiк шоттарындағы барлық шығыс операцияларын тоқтатуға және бiрiншi кезекте тиiстi салықтарды сөзсiз аударуға қатысты нұсқауларды атқаруға; <*>
      - салық қызметiнiң органдарына жазбаша сұрау салу негiзiнде тексерiлетiн салық төлеушiнiң белгiлi бiр кезең iшiнде банктiк шоттармен жасалған операциялар туралы, шоттарындағы қолма қол ақшалар туралы, оның өткен жыл iшiнде жасалған қаржы операциялары туралы және Мемлекеттік кіріс министрлігі белгiлеген үлгi мен мерзiмде тағайындалған сыйақылар (мүдделер) ставкасы туралы ақпараттарды ұсынады. <*> <*>

     ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгертiлдi - ҚР Қаржы министрiнiң
             1997.02.07. N 37  

V970037_

  бұйрығымен.
     ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгертiлдi - ҚР Қаржы министрлiгi Салық
              комитетiнiң 1997.12.29. N 1  

V970062_

  бұйрығымен.
     ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы министрлігі Салық 
              комитетінің 1998.07.10. N 62  

V980544_

  бұйрығымен.
     Ескерту. 1-тармақ өзгертілді және толықтырылды - ҚР Мемлекеттік кіріс 
              министрлігінің 1999.05.03. N 310  

V990784_

  бұйрығымен.
     ЕСКЕРТУ. бөлімнің 4-абзацы жаңа редакцияда жазылды, 3-абзацы          
              өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің 1999 жылғы  
              4 тамыздағы N 929 бұйрығымен. 

V990889_

   
                 

                  ХIҮ. Талап қою мерзiмiнiң ұзақтығы
<*>


     Қайта қаралған салық сомасын немесе бұдан бұрын есептелген салық 
сомасын төлеу туралы салық қызметi органдарының талаптарына сондай-ақ 
артық төленген салық сомасын қайтару немесе есептеу туралы салық 
төлеушiлердiң талаптарына талап қою мерзiмiнiң ұзақтығы бес жыл болып 
белгiленедi.
     ЕСКЕРТУ. ХIV-тарау жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрлiгiнiң
              1995.12.29. N 365  

V950011_

  бұйрығымен.

     ХV. Салықтардың, алымдардың және басқа да мiндеттi төлемдер 
         сомаларының есептелуi туралы жазбаша хабарлама
<*>

     
     1. Салық қызметi салықтар, алымдар және басқа да мiндеттi 
төлемдердiң жүргiзiлген құжаттық және камеральдық тексерiс нәтижелерi 
бойынша есептелген жағдайда салық төлеушiге мынадай мазмұндағы 
мәлiметтердi жазбаша хабарлап табыстайды: 
     салық төлеушiнiң тегi, аты және әкесiнiң аты (немесе атауы);
     салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
     жазбаша хабарлама жасалған күнi;
     салықтардың, алымдардың, басқа да мiндеттi төлемдердiң және айыппұл 
санкцияларының есептелген сомасы; 
     төленгенi туралы талап және төлеудiң мерзiмi;
     төлеудiң орны мен тәсiлi;
     шағым беру тәртiбi.
     Жазбаша хабарламаны тапсыру рәсiмi осы Нұсқаулықтың VI бөлiмiндегi 
1, 2 тармақтарда жазылған.
<*>

     Ескерту. XV бөлімнің атауы мен 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды    
              - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің 1999.05.03. N 310 
               

V990784_

  бұйрығымен.
     
     2. Салық төлеудiң мерзiмi туралы салық төлеушiге ескерту үшiн салық 
қызметi салық төлеушiге сондай-ақ төлеу мерзiмiн және басқа да талап 
етiлетiн реквизиттердi көрсету арқылы хабарлама жiбередi.

                          Салықтарды жинау

     ХVI. Салықтарды, алымдарды және басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу
<*>

     
     Ескерту. ХVІ бөлімнің атауы жаңа редакцияда жазылды - ҚР Мемлекеттік  
              кіріс министрлігінің 1999.05.03. N 310  

V990784_

  бұйрығымен.  
 
  
     1. Салықтар алымдар және басқа да міндетті төлемдер мына мерзiмдерде 
төленедi:
<*>

     а) табыс салығы бойынша:
<*>

      - кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғалар салық қызметі органдарына мәлімделген салық жылы үшін жорамалданып отырған табыс салығының сомасының 1/12 бөлігіне сүйене отырып әрбір айдың 20 жұлдызынан кешіктірмей аванстық төлемдердің сомасын бюджетке енгізуге міндетті; <*>
      - маусымдық сипаттағы жұмысы немесе басқа да шарттары бар кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғалар салық жылы ішінде төлеуге тиісті аванстық төлемдердің сомасын салық қызметі органдарының келісімімен айқындалады; <*>
      - еңбек шарты (келісім-шарты) бойынша немесе мердігерлік-жалдау шарты бойынша жұмыс істейтін жеке тұлғалар-резидент еместер аванстық төлемдердің сомасын бюджетке 20 ақпанда, 20 мамырда, 20 тамызда және 20 қарашада енгізуге міндетті; <*>
      - түпкiлiктi есеп айырысу мен табыс салығын төлеу жиынтық жылдық табыс пен есептi жыл iшiндегi жүргiзiлген шегерiмдер туралы декларация берiлген күннен бастап 10 күн iшiнде, алайда есептi жылдан кейiнгi жылдың 10 сәуiрiнен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.
      "Салық және бюджет төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Жарлықтың 50-бабының 1-тармағына сәйкес көзден ұсталатын заңды және жеке тұлғалар:
      1) банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын банктiк және басқа да ұйымдардың осы баптың 1-тармағында көзделген төлемдер төлеуге арналған қаражаттарды алу кезiнде бiр мезгiлде ол қаражаттарды ала отырып, басқа жағдайларда-төлем жасалған айдан кейiнгi бес банктiк күн iшiнде бюджетке салық аударуға; <*>
      2) жалақы төлеу кезiнде табыс алатын заңды тұлғаға оның талап етуi бойынша оның тегi және инициалы, табыс сомасы мен түрi, сондай-ақ ұсталған салық сомасы (егер салық ұсталған болса) көрсетiлген анықтаманы беруге;
      3) салық жылы аяқталғаннан кейiн 30 күн iшiнде осы тұлғаның тiркеу нөмiрi, оның атауы немесе тегi және инициалы, табысының жалпы сомасы және есептi жыл үшiн ұсталған салықтың жалпы сомасы көрсетiлген анықтаманы оның талап етуi бойынша Жарлықтың 50-бабының 1-тармағына сәйкес табыс алған заңды және жеке тұлғаға жолдауға мiндеттi. <*>
      б) қосылған құнға арналған салық бойынша:
      - егер салық төлеушiнiң тоқсандағы орташа айлық төлемi ең төменгi 1000 айлық жалақыдан артық болса, онда ағымдағы төлемдер жиырма бесінші және бесінші күндері айында енгізіледі, өткен тоқсан бойынша салықтың алтыдан бiр мөлшерi сомасында немесе салық төлеушiнiң қалауы бойынша өткен онкүндiк үшiн нақты айналымы бойынша; <*> <*>
      - егер тоқсандағы орташа айлық төлем ең төменгi 500 айлық жалақыдан кем болса, онда ағымдағы аванстық төлемдер енгiзiлмейдi; <*>
      - түпкiлiктi есеп айырысу мен салық төлеу декларацияны беру бойынша (есептi мерзiмнен кейiнгi айдың 15-нен кешiктiрмей) әрбiр есептi кезеңде немесе белгiленген мерзiм күнi жүргiзiледi.
      - импортталатын тауарлар бойынша кедендiк төлемдердi төлеуге арналған Қазақстан Республикасының кеден заңымен белгiленгендей сол күнi төленедi;
      - тiркелмеген резидент емес үшiн Қазақстан Республикасының резидентi бюджетке салық төлеудi тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) беру жүргiзiлген сол есептi кезеңде жүргiзедi; <*>
      в) акциздер бойынша:
      - тауарлар бойынша (спирттің барлық түрлеріне; арақ; ликер-арақ бұйымдары; күшейтiлген сусындар; күшейтiлген сусындар мен бальзамдар; шараптар; коньяктар; шампан шарабы; сыра; шарап материалдары) салық сомасы тауарларды сату жүргiзiлген күннен кейiнгi 10 банктiк күннен кешiктiрiлмей бюджетке аударылуы керек; <*> <*>
      - басқа да акцизделетiн тауарлар бойынша (темекi бұйымдары; құрамында темекi бар басқа да бұйымдар; бекiре және қызыл балықтар, бекiре және қызыл балықтардың уылдырықтары, бекiре және қызыл балықтардан дайындалған деликатестер мен уылдырықтар; алтыннан, платинадан немесе күмiстен жасалған зергерлiк бұйымдар; хрусталь, хрустальды жарық берушi аспаптар; бензин (авиациялықтан басқа); дизель отыны; жеңiл автомобильдер; оқпен атылатын және газ қарулары (мемлекеттiк өкiметтiң мұқтаждықтары үшiн алынғандардан басқа) газ конденсатын қоса шикi мұнай, электр энергиясы салық сомасын аудару; <*>
      айдың он күнi мөлшерiнде жүзеге асырылған сату үшiн айдың 13-шi күнiнде;
      айдың екiншi он күнi мөлшерiнде жүзеге асырылған сату үшiн айдың 23-шi күнiнде;
      есептi айдың қалған күндерiнде сатылуы бойынша есептi айдан кейiнгi айдың 3-шi күнiне;
      өтпелi шикiзаттан дайындалған өнiмдер бойынша өнiмдердi тапсырыс берушiге өткiзу сәтiнде төленедi;
      акциздеуге жататын, өзі өндірген шикізаттан акцизделетін өнімді өндірген кезде, осы шикізаттың акцизі осы баптың 1 және 2 тармақтарында көзделген мерзімге ұқсатылған өнімді сату кезінде төленеді; <*>
      - импортталатын тауарлар бойынша Қазақстан Республикасының кеден заңдары белгiлейтiн күнi төленедi;
      - құмар ойындарының бизнесi бойынша алынған түсiм бойынша есептелген акция "басқа да акцизделетiн тауарлар" тармақшасында көрсетiлген мерзiмде енгiзiледi;
      г) бағалы қағаздар эмиссияларын және мемлекеттiк тіркеуге жатпайтын акциялар эмиссиясының ұлттық бiрегейлендiру нөмiрiн беру тiркегенi үшiн алымдар бойынша; <*>
      - эмитент бағалы қағаздар эмиссиясын тiркегенге дейiн алым сомасын бюджетке енгiзедi; <*>
      д) жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдерi мен салықтары бойынша:
      - жазылатын бонус тараптардың келісім-шартында немесе келісімінде белгіленген мерзімде төленеді, бірақ келісім-шарт жасасқан күннен 30 күнтізбелі күннен кешіктірілмеуі тиіс. Коммерциялық табу бонусы белгілеген тәртіпке сәйкес коммерциялық табу расталған уақыттан бастап күнтізбелік 30 күннен кешіктірілмей төленеді. <*>
      Егер роялти бойынша орташа айлық төлемдер ең төменгі айлық 1000 көрсеткіштен кем болса, онда роялти бойынша төлемдер ай сайын төленеді. Егер роялти бойынша тоқсандағы орташа айлық төлемдер ең төменгі айлық 1000 көрсеткіштен кем болса, онда роялти бойынша төлемдер тоқсан сайын төленеді. Роялти есептік кезеңнен кейінгі айдың он бесінен кешіктірілмей төленеді; <*>
      - есептi жылда алынған үстеме пайдаға салынатын салық есептi жылдан кейiнгi жылдың 15 сәуiрiне дейін төленедi; <*>
      ж) жер салығы бойынша:
      - жер салығын ауылшаруашылық жер иелерi мен жердi пайдаланушылар және жеке тұлғалар - жер учаскелерiнiң иелерi жылдың 1 қазанынан кешiктiрмей төлейдi;
      - ауылшаруашылық емес жер пайдаланушылар - заңды тұлғалар жер салығын тең үлеспен 20 ақпанда, 20 мамырда, 20 тамызда және 20 қарашада төлейдi;
      з) көлiк құралдарына салық бойынша төлем үстiдегi жылдың 1 шiлдесiне дейiн жүргiзіледi, ал көлiк құралдарын тiркеген және қайта тiркеген жағдайларда салық төлеу көлiк құралдарын тiркеу және есепке алу орны бойынша аталған iс-әрекеттер жасалғанға дейiн жүргiзiледi. Үстiдегi жылы иесiнiң өзгеруiне немесе Қазақстан Республикасы аумағында тұратын жерiнiң ауысуына байланысты көлiк құралдары қайта тiркелген кезде салық екiншi рет төленбейдi; <*>
      и) мүлiкке салынатын салық бойынша:
      - кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғалар ағымдағы төлемдердi тең үлеспен салық жылының 20 ақпанында, 20 мамырында, 20 тамызында, 20 қарашасында төлейдi; <*> <*>
      - есептi жылдың 31 желтоқсандағы жағдай бойынша есептелген нақты тиiстi салықты төлеу немесе артық төленгенiн қайтару есептi жылдан кейiнгi жылдың 10 сәуiрiнде жүргiзiледi;
      - жеке пайдалануындағы мүлiк бойынша жеке тұлғалар салықты сол жылы 1 қазаннан кешiктiрмей төлейдi.
      Салық қызметi салық төлеушiге есептелген салық сомасы туралы хабарлама берген жағдайда салық хабарламада белгiленген мерзiмде төленуi тиiс, ал егер хабарламада мерзiмi көрсетiлмесе, онда салық органы тапсыру фактiсiн растайтын құжат почтадан алған күннен есептегенде банктiк бес күн iшiнде немесе егер хабарлама салық төлеушiнiң тiкелей өзiне табыс етiлсе, онда хабарламаны алған күннен бастап банктiк бес күн iшiнде төленедi.
      к) әлеуметтiк салық бойынша:
      - төлеу ай сайын, айдың екiншi жартысы үшiн жалақы төлеу үшiн белгiленген мерзiмде, бiрақ жалақының төленгенiне қарамастан келесi айдың 15-күнiнен кешiктiрiлмей жүргiзiледi. <*>
      л) таза кiрiске салық:
      - резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемесi жиынтық жылдық табыс және есептi жыл үшін жасалған шегерiмдер туралы декларацияны табыс еткен күннен бастап 10 күн iшiнде, бiрақ есептi жылдан кейiнгi жылдың 10 сәуiрiнен кешiктiрмей төлейдi. <*>
      м) бiрыңғай жер салығы:
      - бiрыңғай жер салығы есептi жыл үшiн екi мерзiмде, төлемдер аумақтық салық органдарымен келiсiм бойынша бөлiне отырып есептi жылдың 1 қазанына дейiн және есептi жылдан кейiнгi жылдың наурызына дейiн төленедi. <*>

      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгертiлдi - ҚР Қаржы министрiнiң
              1997.02.07. N 37 V970037_ бұйрығымен.
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгертiлдi - ҚР Қаржы министрлiгi Салық
               комитетiнiң 1997.12.29. N 1 V970062_ бұйрығымен.
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы министрлігі Салық
               комитетінің 1998.07.10. N 62 V980544_ бұйрығымен.
      Ескерту. 1-тармақ өзгертілді және толықтырылды - ҚР Мемлекеттік кіріс
               министрлігінің 1999.05.03. N 310 V990784_ бұйрығымен.
      ЕСКЕРТУ. бөлімнің з)тармақшасы жаңа редакцияда жазылды, в), г)
               тармақшалары өзгертілді, л), м) тармақшаларымен толықтырылды
               - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің 1999 жылғы 4 тамыздағы
               N 929 бұйрығымен. V990889_

              ХVII. Артық төленген салық сомасын қайтару

      1. Егер әлдебiр салық түрi бойынша бюджетке төленген салық сомасы есептелгеннен артып кетсе, салық қызметi артып кеткен соманы салық төлеушiнiң келiсiмiнсiз оның басқа салықтары есебiне есепке алуы тиiс.
      2. Егер салық төлеушiнiң өтелмеген салық мiндеттемелерi болмаса, ол артып кеткен соманы алдағы төлемдер бойынша өзiнiң мiндеттемелерi есебiне есептеуге салық қызметiне келiсiм бере алады.
      3. Ал егер салық төлеушi артық төленген салықты алдағы төлемдер жөнiндегi мiндеттемелерi есебiне есептеуге келiсiм бермесе, салық органдары артық төленген соманы салық төлеушiнiң жазбаша өтiнiшi бойынша 20 күн мерзiм iшiнде қайтаруға мiндеттi. Мұндай жағдай есептеуге жатқызылған салық сомасының есептi кезең үшiн есептелген салық сомасынан асып кетуi нәтижесiнде қалыптасқан қосылған құнға салынатын салықтың асып кеткен сомасына қолданылмайды. <*>
      Егер есептелген салық сомасын төлегеннен кейiн салық сомасының дұрыс белгiленбегендiгi және соның салдарынан сол есептелген соманың қайта қаралатындығы анықталған жағдайда салық органы салық төлеушiнiң жазбаша өтiнiшi бойынша оны қайтаруы тиiс немесе алдағы төлемдер жөнiндегi мiндеттемелерiнiң есебiне есептеуi мүмкiн.
      Есептi кезең үшiн есептелген сомадан жоғары есептемеге жататын салық сомасының артуы қосылған құнға салынатын салық бойынша, оның ішінде импорт кезінде төленуге тиісті алдағы төленетiн төлемдердiң есебiне есептеледi. <*> <*>
      Аталған артық соманы импорттау кезіндегі қосылған құнға салынатын салықты төлеу есебіне есептеудің тәртібін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі белгілейді. <*> <*>
      Нөлдiк ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша салық төлеушiлерге мұндай сомалар салық төлеушiнiң өтiнiшiн салық қызметi сәттен бастап 60 күн iшiнде мұндай сома қайтарылады. <*> <*> <*>
      Салық есептелген сомадан жоғары есептемеге жататын салық сомасының

артуы есептi кезең iшiнде пайда болса және егер нөлдiк ставка бойынша 
салық салынатын айналымдар бойынша салық төлеушi қосылған құнға салынатын 
салық сомасын қайтару туралы арызбен салық органдарына өтiнiш бiлдiрмесе, 
онда көрсетiлген артқан сома есептi кезеңнен кейiнгi кезеңге 
есептеледi.
<*>
<*>

     ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгертiлдi және толықтырылды - ҚР Қаржы
              министрлiгi Салық комитетiнiң 1997.12.29. N 1  

V970062_

 
              бұйрығымен.
     ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы министрлігі Салық 
              комитетінің 1998.07.10. N 62  

V980544_

  бұйрығымен.
     Ескерту. 3-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің    
              1999.05.03. N 310  

V990784_

  бұйрығымен.     

          ХVIII. Салық төлеу мерзiмiн ұзарту және айыппұл
                        санкциялары
<*>


     ЕСКЕРТУ. Бөлiмнiң атауы өзгертiлдi және 1-тармақ жаңа редакцияда
             - ҚР Қаржы министрiнiң 1997.02.07. N 37  

V970037_

 
             бұйрығымен.
     ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы министрлігі Салық 
              комитетінің 1998.07.10. N 62  

V980544_

  бұйрығымен.
     


      1. Салық төлеушiден негiзделген жазбаша өтiнiш алғаннан кейiн аумақтық салық органының басшысы тиiстi қаржы органының басшысымен келiсiм бойынша жергiлiктi бюджетке толық көлемiнде төлеуге жататын салықты және (немесе) айыппұл санкцияларын төлеудiң заңдарда белгiленген мерзiмдерiн бiр салық жылынан асырмай ұзартуға құқылы.
      Мысал:
      Салық төлеушi мүлiкке салық төлеу мерзiмiн 1997 жылғы 20 тамыздан 1997 жылғы 20 қарашаға дейiн көшiру туралы жазбаша нысанда өтiнiш бередi. Өтiнiште көрсетiлген себептердi салық және қаржы органдары төлемдi төлеу мерзiмiн ұзарту үшiн негiздеген деп тапты.
      Бұл ретте төлемдi ұзарту кезеңi 1998 жылғы 31 желтоқсаннан кеш белгiлене алмайды.
      Салық төлеушiнiң тiркелу орны бойынша жергiлiктi атқарушы органның өтiнiшiн алғаннан кейiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде аталмаған салықты және (немесе) айыппұл санкцияларын төлеудiң заңдарда белгiленген мерзiмдерiн бiр салық жылынан асырмай ұзартуға құқылы.
      Салықтарды және (немесе) айыппұл санкцияларын төлеудiң мерзiмiн ұзарту тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. <*>
      2. Салықтарды төлеу мерзiмiн ұзарту салық төлеушiнi осы тармақтың екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, бюджетке салықты уақтылы енгiзбегенi үшiн өсiм төлеуден босатпайды.
      Қызметiнiң жалғыз түрi өндiрiс, жылу тарату мен тасымалдау салаларында қызмет көрсету болып табылатын заңды тұлғаларға салықтарды және (немесе) айыппұл санкцияларын төлеудiң мерзiмдерiн ұзарту кезiнде ұзарту беру кезеңiне өсiм есептелмейдi.
      Мысал:
      Айталық, жоғарыда айтылған мысалдағыдай фактiлер бар. Алайда, салық төлеушi ұзартудың бүкiл кезеңi iшiнде есептелетiн өсiм төлеуден бюджетке салықты төлеу сәтiне дейiн босатылмайды. <*>
      3. Төлеу көзiнен ұсталған, заңды тұлғалардың кiрiстерiнен табыс салығын төлеуге салық төлеушiлерге ұзарту берiлмейдi. <*>
      4. Салықтарды және (немесе) айыппұл санкцияларын төлеудiң мерзiмiн ұзарту құқығы құқықты басқа бiреуге берген кезде басқа тұлғаға берiлмейдi.
      4-1. Салықты және (немесе) айыппұл санкцияларын төлеудiң мерзiмiн ұзарту салық төлеушi оларды төлеу жөнiнде өзiнiң мiндеттемелерiн қамтамасыз ететiн кепiлдiк бергеннен кейiн берiледi.
      Салық органдары мен салық төлеушiлер арасындағы кепiлдiк қатынастарға кепiлдiк туралы жалпы ережелердiң заңмен реттелмеген бөлiгi қолданылады. <*>
      5. Акцизді төлеу мерзімдері ұзартылмайды <*>
      6. Салық қызметінің органдары қаржы қызметі органдарымен келісім бойынша өнеркәсіптік ұқсатуға арналған импортталатын шикізат пен материалдарға қосылған құн салығын төлеуді мұрсат беру туралы тәртіпке сәйкес үш айға кейінге қалдырады. <*> Берешектің көрсетілген сомасын үш айлық мерзім ішінде өтеуді салық органдары сатылған өнім бойынша қосылған құнға салынатын салық жөніндегі бюджеттен өзара есеп айырысу әдісімен жүргізеді. Өтелмеген берешек сомасына көрсетілген үш айлық мерзім аяқталған алғашқы күннен бастап өсім есептеледі.
      <*> - N 37 Нұсқаулықтың 9-қосымшасы. <*>
      ЕСКЕРТУ. ХVIII-тарау 3, 4, 5-тармақтармен толықтырылды, 3, 4,
               5-тармақтары тиісінше 6, 7, және 8 тармақтар деп есептелді -
                ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің 1998.07.10. N 62
               V980544_ бұйрығымен.
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрiнiң
              1997.02.07. N 37 V970037_ бұйрығымен.
      ЕСКЕРТУ. 6-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрлігі
               Салық комитетінің 1998.07.10. N 62 V980544_ бұйрығымен.

      7. Салық қызметiнiң органдары бюджетке төленуге тиiстi салық сомасының кемiтiлгендiгiн салық қызметi органдарының бұдан бұрын анықтамаған жағдайында кемiту сомасы өсiмдi есептемей және айыппұл санкцияларын қолданбай алынады.
      8. Күштеп таратылған банктердiң несие алушыларына банктiң таратылуына байланысты пайда болған салықтарды және бюджетке төленетiн мiндеттi төлемдердi уақытылы төлемегенi үшiн айыппұлдар мен өсiмақылар банктiң күштеп таратылған күнiн растайтын ресми құжат күшiне енген сәттен бастап есептелмейдi. <*>
      9. Акцияларды қосымша эмиссиялау туралы сот шешімi күшiне енген

күннен бастап қосымша эмиссияланған акцияларды орналастыру аяқталғанға 
дейiн салықтар бойынша мерзiмi өткен берешек сомасы бөлiгiнде өсiм 
есептелмейдi.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 5-тармақ өзгертiлдi - ҚР Қаржы министрiнiң
             1997.02.07. N 37  

V970037_

  бұйрығымен.
     ЕСКЕРТУ. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрлiгi Салық
              комитетiнiң 1997.12.29. N 1  

V970062_

  бұйрығымен.
     ЕСКЕРТУ. 1, 2, 3, 4-тармақтары жаңа редакцияда жазылды, 4-1,          
              9-тармақтарымен толықтырылды, 7-тармақ өзгертілді            
              - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің 1999 жылғы 4 тамыздағы 
              N 929 бұйрығымен. 

V990889_

   
     

             ХIХ. Салық бойынша берешектi өтеу тәртiбi

     1. Мемлекеттiк бюджет алдындағы берешектi өтеу мынадай кезекпен
жүргiзiледi:
     а) өсiмдердi есептеу;
     б) айыппұлдарды есептеу;
     в) салық сомасы.
     Бюджет алдындағы берешектi өтеудiң қарастырылған тәртiбi салық
төлеушiнiң жауапкершiлiгiн күшейтедi.
     2. 2001 жылғы 1 қаңтарына дейiн мемлекеттiк бюджет алдындағы
берешектi жабудың мынадай кезегi белгiленген:
<*>

     1) салықтың сомасы;
     2) есептелген айыпақылар;
     3) есептелген айыппұлдар.
<*>


    ЕСКЕРТУ. 2-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрiнiң
             1997.02.07. N 37  

V970037_

  бұйрығымен.
    Ескерту. 3-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің     
              1999.05.03. N 310  

V990784_

  бұйрығымен.     


             Салық заңдарын бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
                         және дауларды шешу

                    Салықты ерiксiз өндiрiп алу
<*>

     ЕСКЕРТУ. Тараулар нөмiрлендi (XX-XXXII) - ҚР Қаржы министрлiгiнiң
              1995.12.29. N 365  

V950011_

  бұйрығымен.

     ХХ. Салықтар, алымдар және басқа да мiндеттi төлемдер бойынша 
         төленбеген қарыздарды салық қызметi органдарының өндiрiп алуы
<*>

     
     Ескерту. ХХ-бөлім жаңа редакцияда жазылды - ҚР Мемлекеттік кіріс      
              министрлігінің 1999.05.03. N 310  

V990784_

  бұйрығымен.
     
     1. Салықтарды, алымдарды және басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу 
мемлекет алдындағы борыш болып табылады. 


      2. Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгiленген мерзiмде аумақтық салық органдарына ұсынылған декларациялар мен (немесе) есептесулер бойынша салық төлеушi есептеумен салықтар немесе ағымдағы және аванстық төлемдер, сондай-ақ алымдар мен басқа да мiндеттi төлемдердi төлемеген жағдайда, аумақтық салық органдары салық төлеушiнiң шоттарындағы (заңды және жеке тұлғалардың айырбас бағамының еркiн айналысы режимiне көшумен байланысты теңге депозиттерiн қоспағанда) қаражатты салық төлеушiнiң келiсiмiнсiз салықтар, ағымдағы және аванстық төлемдер, алымдар, басқа да мiндеттi төлемдер және өсiмдер бойынша құралған қарыздар көлемiнде өндiрiп алуға құқылы. <*>
      3. Салық қызметi органының тексеру актiлерi бойынша Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгіленген мерзiмде бюджет кiрiсiне салықтардың, алымдардың, басқа да мiндеттi төлемдердiң, айыппұлдар мен өсiмдердiң есептелген сомалары төленбеген жағдайда, аумақтық салық органдары егер салық төлеушi осындай төлем сомасына келiсетiн болса, тексеру актiлерi бойынша есептелген салық төлеушiнiң банк шотындағы (заңды және жеке тұлғалардың айырбас бағамының еркiн айналысы режимiне көшумен байланысты теңге депозиттерiн қоспағанда) қаражат сомасы мөлшерiнде өндiрiп алуға құқылы. <*>
      4. Тексеру актiсi бойынша анықталған және есептелген салықтар, алымдар, басқа да мiндеттi төлемдер, айыппұлдар мен өсiмдер сомаларына осы Нұсқаулықтың ХХХI және ХХХII бөлiмдерiнде белгiленген тәртiппен 5 банк күнi iшiнде шағым бермеу осы бөлiмнiң 6-тармағы бойынша келiсу болып саналады.
      Салық төлеушi осы тараудың 3 тармағына келiспеген жағдайда Нұсқаулықтың ХХХI және ХХХII тарауларында бекiтiлген тәртiппен 5 банк күнi iшiнде тексеру актiлерi бойынша салықтардың, алымдардың, басқа да мiндеттi төлемдердiң, айыппұлдар мен өсiмдердiң және анықталған шағым беру және есептелген сомаларға салық төлеушiнiң банк шотындағы көрсетiлген сомаларды өндiрiп алу тоқтатылады.
      Тексеру актiсi бойынша салықтардың, алымдардың, басқа да мiндеттi төлемдердiң, айыппұлдар мен өсiмдердiң анықталған және есептелген сомаларын өндiрiп алу тексеру актiсi бойынша салықтардың, алымдардың, басқа да мiндеттi төлемдердiң, айыппұлдар мен өсiмдердiң есептелгенi туралы жазбаша хабарламада көрсетiлген төлем мерзiмi не өсiм есептелiп, ХХХI бөлiмде белгiленген тәртiппен және шарттармен салық төлеушiнiң келiсiмiнсiз жүргізiледi.
      5. Салық төлеушiнiң банк шоттарында қаражат болмаған жағдайда аумақтық салық органдары салық төлеушiнiң алдында қарызы бар екенiн растайтын салық төлеушi мен оның дебиторының арасындағы өзара есеп айырысуларды салғастыру актiсi болса, салықтар, алымдар, басқа да мiндеттi төлемдер, айыппұлдар мен өсiмдердi және (немесе) құралған қарыздары шегiнде оның дебиторларының банк шоттарынан салық қызметiнiң тексеру актiсi бойынша есептелген салықтар, алымдар, басқа да мiндеттi төлемдер, айыппұлдар мен өсiмдердiң сомаларын өндiрiп алуға құқылы.
       ЕСКЕРТУ. 2, 3-тармақтары толықтырылды - ҚР Мемлекеттік кіріс
                министрлігінің 1999 жылғы 4 тамыздағы N 929
                бұйрығымен. V990889_

                ХХI. Салық төлетудi қамтамасыз ету

      1. Берешектiң төленуiн қамтамасыз ету үшiн салық қызметiнiң органдары салық төлеушiнiң немесе оның дебиторларының шотында қаражат болмаған жағдайда Үкiмет айқындаған тәртiпте салық төлеушiнiң мүлiк иеленуiн шектеу туралы шешiм шығаруға құқылы. <*> <*>
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы министрлігі Салық
               комитетінің 1998.07.10. N 62 V980544_ бұйрығымен.

      2. Иеленуiн шектелген мүлiк алынады немесе салық төлеушiнiң пайдалануында қалады, ол мүлiктiң сақталуы үшiн жауап бередi. <*> <*>
      3. Берешек өтемеген жағдайда мүлiктi иеленудi шектеу туралы шешiм жойылуға тиiс. <*>
      ЕСКЕРТУ. 1,2,3-тармақтар өзгертiлдi - ҚР Қаржы министрлiгiнiң
               1995.12.29. N 365 V950011_ бұйрығымен.
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгертiлдi - ҚР Қаржы министрлiгi Салық
               комитетiнiң 1997.12.29. N 1 V970062_ бұйрығымен.

           ХХII. Салық төлеушiнiң мүлкiнен өндiрiп алу тәртiбi

      1. Салық қызметi салық төлеушiнiң келiсуiмен айыпақыны оның иеленуi шектелген мүлкiнен берешек сомасы шегiнде өндiрiп алуды қолдану құқығы бар. <*>
      2. Салық төлеушiнiң өзiнiң иеленуi шектелген мүлкiне иеленудi шектеу туралы салық қызметi органдарының шешiмiне 5 банктiк күн iшiнде шағымданбауы салық төлеушiнiң келiскенi болып табылады. <*>
      Егер салық төлеушi белгiленген мерзiмде салықты бюджетке төлемесе немесе оның дебиторларының есеп шотында қарызды өтеу үшiн қаражат болмаса, онда салық қызметiнiң бастығы салық төлеушiнiң мүлкiн иеленудi шектеу. <*> <*>
      Салық сомасын толық өтеу үшiн, сондай-ақ оны бағалау, сақтау және сату жөнiндегi шығындарды өтеу үшiн қажеттi мүлiктердiң сол көлемi ғана иеленудi шектеуге жатқызылады. Байланыс бөлiмшесiнен салық органының ескертуiн алған күннен бастап 5 банктiк күн iшiнде немесе егер хабарлама оның өзiне тапсырылса, салық төлеушiнiң хабарламаны алған күнiнен бастап 5 банктiк күнде салық төлеушi иеленудi шектеу туралы шешiмге шағымдануға құқылы. <*>

      ЕСКЕРТУ. 1,2-тармақтар өзгертiлдi - ҚР Қаржы министрлiгiнiң
               1995.12.29. N 365 V950011_ бұйрығымен.
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы министрлігі Салық
               комитетінің 1998.07.10. N 62 V980544_ бұйрығымен.

                     ХХIII. Иеленуi шектелген мүлiктi сату <*>

      1. Салық төлеушiнiң иеленуi шектелген мүлкi мамандандырылған ашық аукционда сатылады, оны өткiзудiң тәртiптерi мен шарттары Қазақстан Республикасының Үкiметi анықтаған. <*> <*>
      2. Мүлiктi сатудан алынған түсiм бiрiншi кезекте өндiрiп алуды қолдану мен сату шығындары есебiне, сонан соң өсiмдi, айыппұлдарды және салықтың өзiн төлеу есебiне жатқызылады. Қаражаттың қалдығы салық төлеушiге банктiк үш күн iшiнде қайтарылады.

      ЕСКЕРТУ. Тарау және 1-тармақ өзгертiлдi - ҚР Қаржы министрлiгiнiң
               1995.12.29. N 365 V950011_ бұйрығымен.
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгертiлдi - ҚР Қаржы министрiнiң
              1997.02.07. N 37 V970037_ бұйрығымен.

              ХХIV. Салық төлеушiге тиесiлi соманы өндiрiп алу

      Өндiрiп алу процедурасына сәйкес салық қызметiнiң бастығы үшiншi тұлғаға (соның iшiнде жұмыс берушiге, банкке немесе басқа қаржы мекемесiне), мүлкiнен өндiрiп алуды қолдану туралы хабарлама тапсырылған күнге дейiн салық төлеушiге тиесiлi кез-келген соманы тиiстi бюджетке төлеудi ұйғарған хаттама жiберуге, сондай-ақ үшiншi тараптың - дебиторлардың банк шотынан осындай соманы алуға құқығы бар. <*>
      Хабарлама тапсырылған күннен кейiн 5 банктiк күннiң өтуi бойынша

салық инспекциясы үшiншi тұлғаның, яғни дебитордың банк шотынан сол сомаға 
өкiм беруге құқылы.
     Борышкердiң табыс алудың қосымша көздерiнiң бар екендiгi анықталған 
жағдайда салық органы қарыз сомасын борышкердiң еңбек ақысынан ұстау 
көрсетiлген (төленуге тиiстi еңбек ақының 50 процентiнен аспайтындай, Қаз 
ССР КЗОТ-ы, 108-бап) жазбаша хабарлама жiбередi.

     ЕСКЕРТУ. 1-абзац өзгертiлдi - ҚР Қаржы министрiнiң
             1997.02.07. N 37  

V970037_

  бұйрығымен.


                  ХХV. Экспорт операцияларын кiдiрту

     Салық төлеушiнiң мүлкiнен өндiрiп алу қолданылған кезде Қазақстан 
Республикасының кеден органдары салық қызметi органдары жiберген хабарлама 
негiзiнде экспортталатын тауарларды тұмшалау жолымен салық төлеушiнiң 
экспорттық операцияларын кiдiрте тұрады.

                           ХХVI. Жауапкершiлiк

            Төлем көзiнен табыс салығын ұстамағаны үшiн
                           жауапкершiлiк



      Егер Қазақстандағы мекеменің жұмыстар атқару мен қызметтер көрсетуден кірістері Қазақстан Республикасының аумағынан тыс тұрақты мекеме есебiнен айналып есептелсе, онда субъект осы анықтама беретiн орган көрсетiлiп салық инспекциясы берген, тұрақты мекеменiң салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiмен анықтаманы алуы керек. Бұл ретте тiкелей табыс төлейтiн субъект осы тұрақты мекеменiң шотын айналып өтiп, үшiншi тұлғаның шотына қаражаттарды аудару туралы тұрақты мекеме тiркелген салық органын хабардар етуге мiндеттi. Көрсетiлген анықтама болмаған жағдайда табыс салығы төлем көздерiнен ұсталуы керек. <*> <*>
      Одан басқа шаруашылық жүргiзушi субъектiлер арасында жасалатын операцияларды жүзеге асыру кезiнде табыс төленетiн салық төлеушi жұмыстар, қызметтерді іске асырған субъект шотынан айналып өтiп, үшiншi тұлға шотына төлем жасаса, көрсетiлген қызметтер субъектiнiң тiркелу орны бойынша салық қызметiнiң органын хабардар етуi керек. <*> <*>
      Салық қызметi органдарына салық төлеушiлердiң жолдайтын хабарламалары жазбаша түрде жасалуы, басшылары мен бас бухгалтерлерiнiң тегi және инициалдары көрсетiле отырып қол қойылған, елтаңбалы мөрмен бекiтiлген және арнаулы почтамен жолданған болуы керек (хабарламаның үлгiсi осы Нұсқаулықтың 6-қосымшасында келтiрiлген). <*>
      Есеп айырысулар мен аударымдарды жүзеге асыру кезiнде заңды тұлға-банк клиентi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi айқындалған мiндеттi реквизит көрсетiлген есеп айырысу құжатын ұсынады. <*>
      Электрондық тәсiлмен есеп айырысуды жүзеге асыру кезiнде, сондай-ақ банк алушының ақшасын корреспонденттiк шотқа банк-төлеушiнiң ақшаны аударған кезiнде есеп айырысу құжаттарының электрондық үлгісi мiндеттi реквизиттерге ие болуы керек. <*>
      Көрсетiлген талаптар орындалмаған жағдайда қолданылып жүрген заңдарда көрсетiлген ережелерге сәйкес салық төлеушiлер жауапқа тартылады. <*>
      Белгiлi бiр мiндеттi реквизиттерге ие емес есеп айыру құжаттарын қабылдағаны үшiн банктерге қолданылып жүрген заңдарда көзделген айыппұл санкциялары қолданылады. <*>

      ЕСКЕРТУ. ХХVI-бөлiм жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрiнiң
              1997.02.07. N 37 V970037_ бұйрығымен.
      ЕСКЕРТУ. ХХVI-бөлiм жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрлiгi Салық
               комитетiнiң 1997.12.29. N 1 V970062_ бұйрығымен.
      Ескерту. XXVI бөлім өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің
               1999.05.03. N 310 V990784_ бұйрығымен.

            ХХVII. Мерзiмi өткен салық төлемдерi бойынша өсiмдер

      1. Уақтылы төленбеген салық сомасы, оның iшiнде және мәлімделген аванстық төлемдер бюджетке, осы сома төленген күнi, мерзiмi өткен әрбiр күн үшiн (төлем жасау күнiн қосқанда) Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi қайта қаржыландыру ставкасының 1,5 есе ресми мөлшерiнде өсiм есептелiп, өндiрiп алынады. <*> <*> <*>
      Қайта қаржыландыру ставкалары ай сайын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып тұрады.
      Өсiм есептеу мынадай әдiстеме бойынша жүргiзiледi. Егер Ұлттық Банкiнiң қайта қаржыландыру ставкасы, мысалы, 65 процент болса, уақтылы төленбеген салық сомалары үшiн өсiм сомасын есептеу кезiнде осы ставканы қайта қаржыландыру ставкасының 1,5 есе ресми мөлшерiне көбейтiп, 365 күнге бөлу қажет (65 х 1,5 : 365 = 0,27 процент 1 күнге). <*>
      Мысал: Салық төлеушi 25 шiлдеде 20 мың теңге мөлшерiнде табыс салығын төледi, ал ол оны 20 шiлдеде төлеуге тиiс болатын. 5 күнге өсiм есептеледi. Бұл жағдайда өсiм сомасы 270 теңге болмақ (20 мың теңге х 0,27 процент х 5 күн : 100).
      Әлдеқандай салық түрi бойынша артық төленген соманы салық органы салықтың басқа түрлерi бойынша берешек есебiне жатқызады.
      Егер салық төлеушiде есептеуден кейiн әлдеқандай салық түрi бойынша артық төленген сома қалдығы қалса, онда аванстағы төлемдер есебiне, сондай-ақ салықтың басқа түрлерi бойынша есептеу салық төлеушiнiң жазбаша өтiнiшi бойынша жүргiзiледi. Бұл тәртiп салықтың барлық түрлерiне қолданылады. <*>
      Әлдеқандай салық түрi бойынша артық төленген сома болған жағдайда салық төлеушi аванстық төлемдi белгiленген тәртiппен есептейдi, ал есептi кезеңнен кейiнгi аванстық төлемдi төлеу артық төленген соманы есепке алу арқылы жүргiзiлуi мүмкiн, бiрақ салық төлеушi бұл жайында салық органына жазбаша хабарлауға мiндеттi. <*>
      Егер салық төлеушiде салықтың осы түрi бойынша артық төленген сома болса, салық органы артық төленген соманы басқа салықтарды төлеу есебiне қоспаса және салық төлеушi артық төленген соманы қайтару туралы жазбаша өтiнiш бермесе, салықтарды құжаттамалық тексеру кезiнде (соның iшiнде аванстық төлемдер бойынша) өсiм есептелмейдi. <*>
      Егер өткен есептік кезеңде есепке жатқызылатын есептелген салық сомасынан артық салық сомасы пайда болса және егер нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналым бойынша салық төлеуші салық органына қосылған құнға салынатын салық сомасын өтеу туралы өтініш жасамаса, онда аталған арту есептен кейінгі кезеңге есептеледі, және бұл жағдайда ағымдағы дер кезінде төленбеген төлемдер бойынша қосылған құнға салынатын салыққа өсім есептелмейді. <*>
      Егер салық төлеушiде әлдеқандай салық түрi бойынша артық төленген сома болмаса және салық төлеушiнiң жазбаша өтiнiшi берiлмесе, салықтың осы түрiнiң уақтылы төленбеген аванстық төлемдерi бойынша өсiм салықтың басқа түрлерi бойынша артық төленген соманың бар-жоғына қарамастан есептеледi. <*>
      Мысал: Салық төлеушi декларацияда салық сомасын (4 түрлi салық) төмендетiп, салықтың бiр түрi бойынша артық төленген. Мұндай жағдайда салықтың әрбiр түрiн төмендеткенi үшiн айыппұл салынады, төленуге тиiс табыс салығының сомасы қайта есептеледi, ал содан соң өсiмi бар салық түрi бойынша бюджетке төленген артық сома ескерiле отырып, өсiм есептеледi, бұл орайда бюджетке артық сома төлеу мерзiмi ескерiледi.

      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгертiлдi - ҚР Қаржы министрлiгi Салық
               комитетiнiң 1997.12.29. N 1 V970062_ бұйрығымен.
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы министрлігі Салық
               комитетінің 1998.07.10. N 62 V980544_ бұйрығымен.

      2. Салық төлеушiлердiң өтiнiшi бойынша уақытылы қайтарылмаған салықтың артық төленген сомасы өтелуге тиiс қосылған құнға салынатын салық сомасынан басқа немесе дұрыс ұсталынбаған сома салық төлеушiге, осы сома төленген күнi, мерзiмi өткен әр күн үшiн (төлем жасау күнiн қосқанда) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландыру ставкасының 1,5 есе ресми мөлшерiнде процент төленiп, қайтарылады. <*> <*>
      Салық төлеушiнiң өтiнiшi бойынша артық төленген салық сомасының өтелуге тиiс қосылған құнға салынатын салық сомасынан басқа уақытылы қайтарылмағаны үшiн салық төлеушiнiң пайдасына өсiм ол өтiнiш берген күннен кейiн 21-шi күннен бастап есептеледi, бұған мүлiкке салынатын салық қосылмайды, ол бойынша өсiм салық жылының нәтижелерi бойынша салық төлеушi декларация тапсырғаннан кейiн табыс салығы бойынша декларация тапсыруға көзделген мерзiмде 11-шi күннен бастап есептеледi. <*>
      Есептi кезеңде өтелуге тиiс қосылған құнға салынатын салық сомасынан басқа есептелген салық сомасынан асып кететiн, есепке жатқызылатын артық салық сомасын уақытылы қайтармағаны үшiн салық төлеушiнiң пайдасына өсiм салық қызметi салық төлеушiнiң жазбаша өтiнiшiн алған күннен бастап есептегенде 11-шi күннен есептеледi, бұл орайда салық төлеушiнiң сауда-делдалдық қызметi бойынша - жазбаша өтiнiш алған сәттен бастап 61 күннен бастап есептелiнедi. <*> <*>
      Салық органы дұрыс ұстамаған сомаларға (салықтар, аванстық төлемдер, өсiмдер, айыппұлдар) өтелуге тиiс қосылған құнға салынатын салық сомасынан басқа өсiм дұрыс ұсталынбаған күннiң ертеңiнен бастап есептеледi. <*> <*>
      Өсiм уақыты өтiп кеткен, мөлшерi кемiтiлген салықтарға (соның iшiнде аванстық төлемдерге) өтелуге тиiс қосылған құнға салынатын салық сомасынан басқа ғана есептеледi, есептелген өсiмдер мен айыппұлдардың сомаларына өсiм есептелмейдi. <*> <*>
      Егер салық төлеушi салық қызметi тексергенге дейiн, болмаса аудиторлық қызметтiң көмегiмен тексеру жүргiзiлгенге дейiн өткен салық жылында салық заңдарында олар жiберген бұрмалаушылықтарды өз бетiнше байқаса, онда ол бұрмалаушылыққа жол берiлген сәттен бастап қосымша салық сомасы бюджетке енгiзiлген сәтке дейiнгi кезең үшiн белгiленген мөлшердегi тиесiлi салық пен өсiм сомасын бюджеттiң кiрiсiне белгiленген мерзiмде енгiзуге, сондай-ақ салық қызметiне жазбаша арыз жолдап, онда түзетiлген бұрмалаушылықтардың сипатын баян етуге және қосымша есептелген және бюджеттiң кiрiсiне енгiзiлген салық пен өсiм сомасын көрсетуге мiндеттi. Салық қызметi төлемдердiң бюджетке нақты келiп түсуiн алдын ала тексере отырып, салық төлеушiнiң арызын және осы нұсқаулықтың Х бөлімінің 2-тармағына сәйкес жасалған декларацияны қабылдап алуға мiндеттi. <*> <*>

      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгертiлдi және толықтырылды - ҚР Қаржы
               министрлiгiнiң 1995.12.29. N 365 V950011_ бұйрығымен.
      ЕСКЕРТУ. 1 және 2 тармақтар өзгертiлдi - ҚР Қаржы министрiнiң
              1997.02.07. N 37 V970037_ бұйрығымен.
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгертiлдi - ҚР Қаржы министрлiгi Салық
               комитетiнiң 1997.12.29. N 1 V970062_ бұйрығымен.
      Ескерту. 2-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің
               1999.05.03. N 310 V990784_ бұйрығымен.

            ХХVIII. Декларацияны уақтылы тапсырмағаны үшiн айыппұл

      Белгiленген мерзiмде салық декларациясын табыс етпеген заңды немесе жеке тұлғаларға декларация ұсынылмаған әр ай үшiн төленуге тиiстi, бiрақ декларация бойынша төленбеген соманың 5 процентi мөлшерiнде айыппұл салынады. <*>
      Айыппұл декларация тапсыру мерзiмi бұзылған жағдайда әрбiр айда уақыты өтiп кеткен күндердiң санына қарамастан толық көлемiнде салынады.
      Мысал: Қосылған құнға салынатын салық бойынша декларацияда немесе салық төлеушiнiң шотында бюджетке жарна ретiнде төленуге тиiс салықтың таза сомасы 150 мың теңге мөлшерiнде есептелген, шын мәнiнде салық төлеушi 130 мың теңге төлеген. Егер салық төлеушi декларацияны белгiленген мерзiмнен кейiн тапсырса, төленбеген соманың 5 процентi мөлшерiнде айыппұл қолданылады, яғни 20 мың теңгеден ұсталып, 1 мың теңге болады.
      Егер құжаттық тексеру кезiнде салық төлеушi салықтық декларацияларды тапсырмағаны анықталса, салықтық берешек есептелген салық сомасы туралы хабарламаны хаттау арқылы есептелуге тиiс. Бұл орайда декларацияны дер кезiнде тапсырмағаны үшiн - төленуге тиiстi, бiрақ декларация бойынша төленбеген соманың 5 процентi мөлшерiнде, ағымдағы төлемдер сомасының мөлшерiн кемiткенi үшiн - 50 процент мөлшерiнде, тауарларды (жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетудi) есепке алу мен сату бойынша жасалатын операциялардың есепке алу құжаттарында көрсетпегенi үшiн - аталған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) құнының 100 процентi мөлшерiнде және дер кезiнде төленбеген салықтардың сомасы үшiн айыпақылар, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi белгiлеген 1,5 есе қайтадан қаржыландыру ставкасы мөлшерiнде ағымдағы төлемдер талап етiлуi тиiс. Бұл жағдайда Заңның 163 бабының 1 тармағы қолданылмайды, өйткенi декларациядан қосымша аударылған салықтың сомасын салыстыру мүмкiн емес деп саналады. <*> <*> <*>

      ЕСКЕРТУ. ХХVIII-бөлiм толықтырылды - ҚР Қаржы министрiнiң
              1997.02.07. N 37 V970037_ бұйрығымен.
      ЕСКЕРТУ. ХХVIII-бөлiм өзгертiлдi - ҚР Қаржы министрлiгi Салық
               комитетiнiң 1997.12.29. N 1 V970062_ бұйрығымен.
      ЕСКЕРТУ. ХХVIII-бөлім өзгертілді - ҚР Қаржы министрлігі Салық
               комитетінің 1998.07.10. N 62 V980544_ бұйрығымен.
      Ескерту. XXVIII бөлім өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс
               министрлігінің 1999.05.03. N 310 V990784_ бұйрығымен.
      ЕСКЕРТУ. 5-абзац өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс
               министрлігінің 1999 жылғы 4 тамыздағы N 929
               бұйрығымен. V990889_

          ХХIХ. Салықты, ағымдағы және ағымдағылар төлемдердi және
                 салық салынатын объектiлердi кемiту үшiн айыппұл <*>

      1. Тексеру жүргізілген салық мөлшерiн оның толық төленбеуiне әкелiп соққан кемiту үшiн салық төлеушiге кемiтiлген салық сомасының, егер салықтың кемiтiлуi декларация тапсырылған сәттен салықтың жеткiлiктi төленбеуiне әкелiп соқтырмаса, айыптық шаралар салық төлеушiге қолданылмайды 50 процентi мөлшерiнде айыппұл салынады. <*> <*> <*>
      Мысал: Қосылған құнға салынатын салық бойынша есептi ай үшiн есептелген салықтың таза сомасы 140 мың теңге болды, ал тексеру арқылы 180 мың теңге болғаны анықталды, онда 50 процент мөлшерiндегi айыппұл 40 мың теңгеге (180-140) қолданылады. <*>
      Көрсетiлген айып көлемi декларацияның қай есеп мерзiмiне өткiзiлгенiне қарамастан 01.04.99 ж. қолданылады. <*>
      ЕСКЕРТУ. Бөлiмнiң атауы және 1-тармақ өзгертiлдi - ҚР Қаржы
              министрiнiң 1997.02.07. N 37 V970037_ бұйрығымен.
      Ескерту. 1-тармақ өзгертілді және толықтырылды - ҚР Мемлекеттік кіріс
               министрлігінің 1999.05.03. N 310 V990784_ бұйрығымен.

      2. Бiр айдағы ағымдағы төлемдер сомасының мөлшерi кемiтiлгенi үшiн кемiтiлген ағымдағы төлемдердiң 50 процентi мөлшерiнде айыппұл салынады. <*> <*> <*>
      <*>
      Айыппұл санкцияларын қосылған құнға салынатын салық бойынша қолданудың ерекшелiгi бар.
      Егер салық төлеушi ағымдағы төлемдердiң осының алдындағы тоқсан бойынша немесе ағымдағы он күндiктер үшiн нақты айналым бойынша кемiтсе, онда салық органы салықтың төленбеген 1/6 сомасынан 50 процент мөлшерiнде айыппұл есептейдi. <*> <*>
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгертiлдi - ҚР Қаржы министрiнiң
              1997.02.07. N 37 V970037_ бұйрығымен.
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгертiлдi - ҚР Қаржы министрлiгi Салық
               комитетiнiң 1997.12.29. N 1 V970062_ бұйрығымен.
      Ескерту. 2-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің
               1999.05.03. N 310 V990784_ бұйрығымен.

      3. Тауарларды (жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) есепке алу мен сату бойынша жасалатын операциялардың есептiк құжаттарында көрсетпегенi үшiн көрсетiлген тауарлардың (жұмыстарды орындаудың, қызметтер көрсетудiң) көрсетiлген құнының 100 процент көлемiнде айыппұл салынады. <*>
      Бұл орайда салық салуға және салық салу объектілерін есепке алмау үшін қажетті салықтық және басқа есепті жүргізу тәртібінің бұзылуын түсіну керек. Есепте көрсетiлмеген тауарларға салық есептелмейдi және қызмет нәтижелерiне қосылмайды, өйткенi есепке алынбаған тауарлар сомасы бюджет кiрiсiне толық өндiрiп алынады. <*> <*>

      ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгертiлдi - ҚР Қаржы министрiнiң
              1997.02.07. N 37 V970037_ бұйрығымен.
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгертiлдi - ҚР Қаржы министрлiгi Салық
               комитетiнiң 1997.12.29. N 1 V970062_ бұйрығымен.
      Ескерту. 3-тармақ өзгертiлдi - ҚР Қаржы министрлiгi Салық
               комитетiнiң 1998.10.09. N 92 V980630_ бұйрығымен.

      4. Жыл бойында iс жүзiнде аударылған табыс салығының сомасы жол бойындағы есептелген аванстық төлем сомасынан 10 проценттен артық көлемiнде асып кеткен жағдайда, салық төлеушiге - салық салынатын табыстың 2 процентi мөлшерiнде, 25 процентi асып кетсе - салық салынатын табыстың 5 процентi мөлшерiнде айып салынады. <*> <*> <*>
      Мұның өзiнде, егер бiр жылдағы табыс салығының нақты есептелген сомасы жыл iшiнде алдын ала есептелген төлемдердiң сомасынан асуы бюджетке төленетiн соманың жетiспеуiне әкеп соқса, айыппұл санкциялары қолданылады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы министрлігі Салық
               комитетінің 1998.07.10. N 62 V980544_ бұйрығымен.
      Ескерту. 4-тармақ өзгертілді және толықтырылды - ҚР Мемлекеттік кіріс
               министрлігінің 1999.05.03. N 310 V990784_ бұйрығымен.

      5. Қосылған құн салығы бойынша есепке тұрмаған тұлғаға қосылған құн салығын ескере отырып салықтық есепшот - фактурасын жазып алғаны үшiн салықтық есепшот-фактурасында көрсетiлген және бюджетке аударуға тиiстi, бiрақ аударылмаған, қосылған құн салығы сомасының 50 процентi мөлшерiнде айып салынады. <*>
      Қазақстандық көзден кiрiс алатын, Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) iске асыратын, Қазақстан Республикасының аумағында тiркелген резидент емес тұлғаның қосылған құн салығын төлемегенi үшiн Қазақстан Республикасының резидентiне тиесiлi салық сомасының 50 процентi мөлшерiнде айыппұл салынады. <*> <*>
      Ескерту. 5-тармақ толықтырылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің
               1999.05.03. N 310 V990784_ бұйрығымен.

      6. Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, табыс салығын төлеген заңды және жеке тұлғаларға табыс салығы сомасын төлем көзінен ұстамағаны үшін тиесілі салық сомасының 50 проценті мөлшерінде айыппұл салынады. <*>

      ЕСКЕРТУ. Бөлiм 4, 5-тармақтармен толықтырылды - ҚР Қаржы
              министрiнiң 1997.02.07. N 37 V970037_ бұйрығымен.
      ЕСКЕРТУ. 6-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігі Салық
               комитетінің 1998.07.10. N 62 V980544_ бұйрығымен.
      ЕСКЕРТУ. 1, 2, 5, 6-тармақтар өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс
               министрлігінің 1999 жылғы 4 тамыздағы N 929
               бұйрығымен. V990889_

            ХХХ. Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге
            асыратын банктер мен ұйымдардың жауапкершiлiгi

      1. Осы Жарлықтың 147-бабының талаптарын орындамайтын (орындамаған) банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асырушы банктер мен басқа да ұйымдарға:
      1) заңды және жеке тұлғаларға банктiк шоттары бойынша жасаған шығыс операциялары сомасынан 5 процент; <*> <*>
      2) заңды тұлғалардың банктiк шоттарынан бюджетке салық сомасы мен санкция сомасын есептеп шығарғанда кезектiлiктi сақтамағаны үшiн, салық төлеушi клиенттердiң шоттарынан есептеп шығарылған соманы бюджет кiрiсiне есепке алуды (аударуды) кiдiрткенi үшiн, сондай-ақ бюджетке төлем жасауға арналған төлем тапсырмаларын салық төлеушiге орындамай қайтарғаны үшiн осы Жарлықтың 161-бабында көзделген мөлшерде өсiм өндiрiп алу түрiнде санкция қолданылады. Салық төлеушiлерден бұл күндер үшiн өсiм алынбайды. <*>

     ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгертiлдi - ҚР Қаржы министрлiгiнiң
              1995.12.29. N 365  

V950011_

  бұйрығымен.
     ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгертiлдi - ҚР Қаржы министрлiгi Салық
              комитетiнiң 1997.12.29. N 1  

V970062_

  бұйрығымен.

     2. Банктерде де клиенттердiң тапсырымдары бойынша салық төлемдерiн 
кiдiрткенi үшiн жергiлiктi бюджетке аудара отырып, белгiленген мерзiмiнен 
өткiзiп алған әрбiр күн үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi 
белгiлеген қайта қаржыландыру ставкасының 1,5 есе ресми мөлшерде өсiм 
өндiрiп алынады.
<*>


     ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгертiлдi - ҚР Қаржы министрлiгi Салық
              комитетiнiң 1997.12.29. N 1  

V970062_

  бұйрығымен.

                           ХХХI. Дауларды шешу

              Салық қызметiнiң шешiмдерiн қайта қарау



      1. Есептелген салық сомасына немесе салық қызметiнiң өзге шешiмдерiне келiспеген салық төлеушi осы шешiмдi шығарған салық қызметiнiң бөлiмшелерiне оны әкiмшiлiк тәртiппен қайта қарау жайында өтiнiш жасай алады. Өтiнiште салық төлеушi өтiнiшiн негiздейтiн дәлелдерiн баяндап, құжаттарын көрсетуi керек.
      2. Салық қызметi салық төлеушiнiң қайта қарау туралы өтiнiшiн қарап, ол бойынша негiзделген шешiм шығарады және бұл жайында салық төлеушiнi 10 күн iшiнде хабардар етедi. <*>
      Ескерту. 2-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің
               1999.05.03. N 310 V990784_ бұйрығымен.

      3. Салық қызметi органының шешiмiне салық қызметiнiң жоғарғы тұрған органына немесе сотқа шағым жасауға болады. Егер салық қызметiнен жоғары тұрған органы шағымға 10 күн iшiнде жауап бермесе, салық қызметiнiң одан жоғары тұрған органына өтiнiш беруге болады. <*>
      Ескерту. 3-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің
               1999.05.03. N 310 V990784_ бұйрығымен.

      3-1. Егер тексеру актiсi бойынша есептелген салықтар, алымдар және басқа да мiндеттi төлемдер, айыппұлдар мен өсiмдер сомалары туралы салық төлеушiге хабарланған күннен бастап 30 банк күнi өткеннен кейiн салық төлеушiнiң өтiнiшi қанағаттандырылмаса немесе салық төлеушi салық қызметi органының шешiмiне сотқа шағым бермесе, аумақтық салық органы салық қызметi органының тексеру актiсi бойынша есептелген салықтар, алымдар және басқа да мiндеттi төлемдер, айыппұлдар мен өсiмдер сомаларын салық төлеушiнiң келiсiмiнсiз оның банктiк шоттарынан өндiрiп алуға құқылы.
      Егер хабарланған күннен бастап 30 күннiң iшiнде салық төлеушi салық қызметi органының шешiмiне сотқа шағым берсе, аумақтық салық органы соттың шешiмi бойынша күшi бар (заңды) деп танылып, салық қызметi органының тексеру актiсi бойынша есептелген салықтар, алымдар және басқа да мiндетті төлемдер, айыппұлдар мен өсiмдер сомаларын салық төлеушiнiң келiсiмiнсiз оның банктiк шоттарынан өндiрiп алуға құқылы. <*>

     Ескерту. XXXI бөлім 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Мемлекеттік кіріс 
              министрлігінің 1999.05.03. N 310  

V990784_

  бұйрығымен.     
     
     4. Сот шешiмi бойынша негiзсiз өндiрiп алынған сомаларды салық
төлеушiлерге қайтару салық органдарының оларды өндiрiп алу сәтiнен бастап 
әр күнi үшiн осы күнге төленген сомасымен Қазақстан Республикасының Ұлттық 
Банкi тағайындаған қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 1,5 есеп 
еселенген мөлшерiнде айыпақыларды есептей отырып, үш күн iшiнде 
жүргiзiледi.
<*>


     ЕСКЕРТУ. 4-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрлiгi Салық
              комитетiнiң 1997.12.29. N 1  

V970062_

  бұйрығымен.
     Ескерту. 4-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің    
              1999.05.03. N 310  

V990784_

  бұйрығымен.     

                         ХХХII. Сотқа шағым беру

     Салық төлеушi қолданылып жүрген заңдарда белгiленген тәртiп пен
шарттардың негiзiнде салық қызметiнiң шешiмдерiне сотқа шағым беруге
құқылы.

     Бас салық инспекциясының
           бастығы
     
                                                 Қазақстан Республикасы
                                                      Қаржы министрлігі
                                                      Салық комитетінің
                                                      N 43 Нұсқаулығына
                                                              1-Қосымша
<*>

     Ескерту. 1-қосымша алып тасталды - ҚР Мемлекеттік кіріс               
              министрлігінің 1999.05.03. N 310  

V990784_

  бұйрығымен.     
     
                                                    Қазақстан Республикасы
                                                    Қаржы Министрлігі
                                                    Салық Комитетінің N 43
                                                    Нұсқаулығына 
                                                    2 - қосымша
<*>

     Ескерту. 2-қосымша алып тасталды - ҚР Мемлекеттік кіріс               
              министрлігінің 1999.05.03. N 310  

V990784_

  бұйрығымен.     
     


                                     Қазақстан Республикасы

Мемлекеттiк салық комитетiнiң 01.07.95ж. N 43 нұсқаулығына N 3 Қосымша <*>

      Ескерту. Нұсқаулық N 6-қосымшамамен толықтырылды - ҚР Мемлекеттік
               Салық комитетінің 1997.02.07. N 37 бұйрығымен.
      Ескерту. Қосымшалардың нөмерлері N 6-дан N 4-ке өзгертілді - ҚР
               Қаржы министрлігі Салық комитетінің 1998.01.13.
               N 5 бұйрығымен.
      Ескерту. Қосымшалардың нөмерлері N 4-тен N 3-ке өзгертілді - ҚР
               Қаржы министрлігі Салық комитетінің 1998.07.10. N 62
               V980544_ бұйрығымен.
      Ескерту. 3-қосымша өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің
               1999.05.03. N 310 V990784_ бұйрығымен.

            Жанама тәсiлдердiң бiрiн қолданудың негiзiнде
              салық салу объектiсiн анықтаудың тәртiбi

      Заңды тұлғалардың бухгалтерлiк есептi ұйымдастыруы, есеп берудi дайындауы және табыс салығын төлеуi жалпы белгiленген тәртiп бойынша жүзеге асырылады.
      Бухгалтерлiк есептi жүргiзудiң тәртiбi бұзылған есеп құжаттары жойылған немесе жоғалған жағдайда, сондай-ақ салық салу объектiсiн (активтердi, айналымды, өндiрiс шығындарын және т.б.) анықтау мүмкiн болмаған кезде салық қызметкерлерiнiң органдары салық салу объектiсiн салықтың тiкелей және жанама тәсiлдерiнiң негiзiнде анықтайды.
      Өндiрiстiк кооперативтерде және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктерде бухгалтерлiк есептi жүргiзудiң тәртiбi бұзылған, есеп құжаттары жойылған немесе жоғалған фактiлерi, анықталған кезде, сондай-ақ салық алу объектiсiн анықтау мүмкiн болмаған жағдайда табыс салығын есептеп шығарудың жанама тәсiлiн қолдануға болады. Бұл орайда, сондай-ақ осы ұйымдарда өнiмдердiң (жұмыстардың және қызметтердiң), тауарлардың өткерiлу айналымы шамалы екендiгiн, мұның өзi аталған тәсiлдi пайдалануды қиындатпайтынын ескерген жөн.
      Жанама тәсiлдердiң бiр әдiсiн қолдану негiзiнде салық салу объектiсiн анықтау тәртiбiн қарап көрелiк;
      Салық салынатын объектiнi анықтаған кезде аумақтық салық органына тапсырған қаржылық есептеме, банкiнiң есеп айырысу валюталық және өзге есептер бойынша көшiрмелерi Қазақстан Республикасы Ұлттық санақ агенттiгiнiң және талдама жөнiндегi мемлекеттiк комитеттiң тауарлар мен қызметтерге арналған бағалары индекстерi есептерiнiң жиынтықталған кестесi пайдаланылады, сондай-ақ қарсы тексеру барысында байқалған бухгалтерлiк құжаттарды (өзара шарттарды, келiсiмдердi, т.с.с.) пайдалануға болады. <*>
      Мәселен, 1996 жылдың екiншi жартысы үшiн банк көшiрмесiнiң деректерi бойынша "Айдос" шағын кәсiпорнының есепшотына 40187,8 мың теңге сомасында ақшалай қаржы түскен, оның iшiнде 753,8 мың теңге қолма-қол ақшамен тапсырылған, қалған сома ликер-арақ өнiмдерi үшiн сатып алушылардан түскен.
      Жанама тәсiлдердiң есебi:
      қолда бар құжаттарды басшылыққа алып, сатылған өнiмнiң әрбiр жеке түрiнен түскен кiрiстi анықтаймыз:
      - сыраны сатудан түскен кiрiс:
      "Айдос" ШК банкiдегi сыраны 0,04 ДМ немесе 1,9 теңгелiк (бағам бойынша 1 Дм = 47,44 теңге, өнiм жеткiзу шартының N 15, 28.11.96 ж.) бағамен сатып алды. Сыра 15 теңгелiк бағамен жалпы сомасы 3500000 теңге үшiн "Азимут" ЖШС фирмасына (тауардың жiберiлгенi туралы накладнойлар бар) өткiзiлдi. Қосылған баға 13,1 (15-1,9) теңгенi құрайды. Әрi қарай өткерiлген сыраның көлемiн анықтаймыз, 233333 банкi (3500000:15). Сөйтiп, өнiмдi өткеруден түскен кiрiс 3056662 теңге (233333х13,1) болды.
      - спирттi өткеруден түскен кiрiс:
      шағын кәсiпорын спирттi 1 литр үшiн 0,15 ДМ немесе 7 теңгелiк (тауардың жiберiлгенi туралы накладнойлар бар) бағамен өткiздi. Өткерудiң орташа бағасы 58,7 теңгенi (53,38+64,05):2 құрайды. Демек қосымша баға 51,7 теңге (58,7-7 болған. "Содружество ЖШС банкiнiң көшiрмесi бойынша шағын кәсiпорынға (27.07.96 ж.) спирт үшiн 100000 теңге аударылған. Осыған қарап өткерiлген спирттiң 17036 литр (100000:58,7) көлемiн анықтаймыз. Осылайша спирттi сатудан түскен табыс 880761 теңгенi (17036х51,7) құрайды.
      - шампанды өткеруден түскен кiрiс:
      шағын кәсiпорын 0,13 ДМ немесе 6 теңге бағамен шампан сатып алған. Ол 68,05 теңге 59,2, 45, 43, 46 және 52 теңге бағамен сатылған. Өткерудiң орташа бағасы 52,2 теңгенi құрайды (68,05+59,2+45+43+46+52):6. Демек, қосымша баға 46,2 теңге (52,2-6) болған.
      Банкi көшiрмесiнiң деректерi бойынша "Азимут" ЖШС фирмасы шағын кәсiпорынға шампан үшiн жалпы сомасы 4214100 теңге (23.10.96 ж.- 100000 теңге, 20.11.96 ж. - 2864100 теңге, 20.12.96 ж. - 350000 теңге) аударған. Осыдан келiп 80730 шишадан тұратын, сатылған шампанның саны анықталады және өткеруден түскен кiрiс 3729726 теңге (80730х46,2) болады.
      - сары майды өткеруден түскен кiрiс:
      шағын кәсiпорын сары майды наурыз айында 1 килограмы 3 дол. бағамен сатып алған (өзара-шарттың N 41/1, 23.02.96 ж. сатып алу сәтiндегi бағамы - 65,3 теңге). Демек, 1 кг сары майды сатып алу бағасы 195,9 теңгенi құрайды (3 долх65,3). Банк көшiрмесiнiң деректерi бойынша шiлде айында шағын кәсiпорынның есеп-шотына сары майдың өткерiлгенi үшiн 18181570 теңге ақшалай қаржы түскен. Сатып алу бағасын бiлгендiктен өткерiлген сары майдың көлемiн анықтауға болады (18181570:195,9). Санақ және талдама жөнiндегi мемлекеттiк комитеттiң 1996 жылғы тауарлар мен қызметтер бағалары индекстерi есептемесiнiң деректерiне сәйкес шiлде айында сары майды өткерудiң орташа бағасы 228 теңге болған. Осы сомадан алғанда, қосымша баға 32,1 теңгенi құрайды (228-195,9), сөйтiп, сары майды сатудан түскен кiрiс 3163294 теңге (98545х32,1) болады.
      Барлық өнiмдi өткеруден түскен кiрiс 10830443 теңге сомасында анықталды, оның iшiнде сыра - 3056662 теңге, спирт - 880761 теңге, шампан - 3729726 теңге, сары май - 3163294 теңге.
      Банкi көшiрмесiнiң деректерi бойынша өнiмнiң (жұмыстардың, қызметтердiң) өзiндiк құнына Өндiрiс және өнiмдi өткеру жөнiндегi шығындардың құрамы туралы ережеге сәйкес 2065603 теңгелiк жалпы соманың шығыстары енгiзiлген, оның iшiнде шiлдеде - 591596 теңге, тамызда - 308891 теңге қыркүйекте 124776 теңге, қазанда - 211141 теңге, қарашада - 287318 теңге, желтоқсанда - 541882 теңге.
      Шағын кәсiпорынның шығыстары мен кiрiстерiн тауып алған соң салық салынатын кiрiстi анықтаймыз (кiрiс ҚҚС - шығындап), ол 6959766 теңгенi (10830443-1805074-2065603) құрайды. Осыдан келiп заңгер тұлғадан алынатын табыс салығы 2087929 теңге (6959766х30%) болады.
      Жарлықтың 163 бабының 1 тармағына сәйкес салықты кемiтiп көрсеткенi үшiн салық төлеушiге 2087929 теңгенi құрайтын салықтың азайтылған сомасының 100%-i мөлшерiнде айыппұл салынады.
      Жарлықтың 161 бабының 1 тармағына сәйкес салықтың дер кезiнде

төленбеген сомасы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi бекiткен қайта 
қаржыландырудың 1,5 есе ставкасы көлемiндегi 136401 теңгенi құрайтын 
қайтадан қаржыландыру ставкасының 1,5 есесi мөлшерiндегi айыпақы бюджеттiң 
пайдасына есептеледi.
     Тексерудiң нәтижелерi бойынша айыптық шаралармен бiрге 43112259
теңгелiк (2087929+2087929+136401) табыс салығы қосымша есептеледi. 

                                      Қосымша N 4 
<*>


     Ескерту. Қосымшалардың нөмерлері N 1-дан N 5-ге 
              өзгертілді - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің 
              1998.01.13. N 5 бұйрығымен.
     Ескерту. Қосымшалардың нөмерлері N 5-дан N 4-ге өзгертілді 
              - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің 1998.07.10. 
              N 62  

V980544_

  бұйрығымен.
     Ескерту. 4-қосымша өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің   
              1999.05.03. N 310  

V990784_

  бұйрығымен.          
     
                Салық салу мақсатында шетелдік заңды тұлғаларды 
                           есепке алу және тіркеу 
                                Тәртібі
     


      1. Шетелдік заңды тұлғаны салық мақсатында тіркеу қызмет істей бастағаннан кейін 10 күн ішінде жүзеге асырылуға тиіс.
      Қазақстан Республикасының аумағында қызмет істейтін шетелдік заңды тұлғаларды заңды түрде тіркеу "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі заң күші бар N 2198 U952198_ Жарлығымен, сондай-ақ "Шетел инвестициялары туралы" 1994 жылғы 27 желтоқсандағы N 266-ХІІІ Қазақстан Республикасы Заңымен белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      2. Шетелдік заңды тұлғалардың тұрақты мекемесі орналасқан жердегі салық органында тіркелу туралы мәліметтер осындай заңды тұлғаларды есепке алуға негіз болып табылады.
      Шетелдік заңды тұлғаның қызметінің басталуы туралы өтініш аталған нұсқаулықтың осы қосымшасында келтірілген N 1 нысан бойынша беріледі.
      Шетелдік заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы қызметінің аяқталуын тіркеу шетел компаниясының қызметі аяқталмай тұрып бір айдан кешіктірмей жүзеге асырылуға тиіс.
      Шетелдік заңды тұлғаның қызметін тоқтату туралы өтініш N 2 нысан бойынша беріледі.
      3. Шетелдік заңды тұлғаның тіркелу фактісі салық органы беретін және әрбір 5 жыл сайын ұзартылып отыратын N 3 нысан бойынша қуатталады.
      Куәліктің көшірмесі оны берген салық органында сақталады. Шетелдік заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында қызмет істей бастау туралы өтініші куәліктің көшірмесімен бірге сақталады.
      4. Тіркелген шетелдік заңды тұлғалар туралы мәліметтерді жергілікті салық органдары Мемлекеттік кіріс министрлігінің тіркелу немесе куәліктің қолданылу мерзімін ұзарту сәтінен бастап 10 күн ішінде хабарлайды. <*>
      5. Салық қызметінің органдары тіркелмеген тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында қызмет істейтін шетелдік заңды тұлғаны тапқан жағдайда тіркелу қажеттігі туралы хабарлама шетел компаниясының лауазымды адамның есіне салынады. Тіркелмеу табысты жасыру мақсатында салық салудан жалтару ретінде қарастырылады.
      6. Салық қызметінің органдары өздерін салық мақсатында есепке алу туралы өтініш бермеген шетелдік заңды тұлғалардың қызмет істеу фактілерін анықтаған жағдайда осы өтініштерді белгіленген нысан бойынша алуға шаралар қолдануға міндетті.
      7. Шетелдік заңды тұлғалардың барлық тіркелген өтініштерін, сондай-ақ шетелдік заңды тұлғаның тұрақты мекемесінің қызметімен байланысты барлық өзгерістерді, оның орналасқан жерін және басқа да мәліметтерді салық қызметінің органы шетелдік заңды тұлғаларды тіркеу Кітабына жазып қояды.
      Шетелдік заңды тұлға өзінің қызметіне және орналасқан жеріне

байланысты барлық өзгерістер жайында 10 күн ішінде хабарлауға міндетті.
     Тұрақты мекеме орналасқан жер өзгерген жағдайда жеке есеп шоттың 
көшірмесі тіркелген барлық құжаттар немесе есеп айырысудың күй-жайы туралы 
анықтамалар 30 күн ішінде шетелдік заңды тұлғаның тұрақты мекемесі 
орналасқан жаңа жердегі салық қызметінің органына жіберіледі.
     
                                    Бас салық инспекциясының
                                    1995 жылғы 1 шiлдедегi
                                    N 43  Нұсқаулығына
                                    N 1 нысан
<*>


     ЕСКЕРТУ. 1-нысан өзгертiлдi - ҚР Қаржы министрiнiң
             1997.02.07. N 37  

V970037_

  бұйрығымен.
     Ескерту. 1-нысан өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің 
              1999.05.03. N 310  

V990784_

  бұйрығымен.          

     Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кіріс министрлігінің
___________________________________________________________
облысы ___________________ауданы бойынша салық бөлiмiне
<*>


         Шетелдiк заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында
                     қызмет iстей бастау туралы
                              ӨТIНIШI

     1. Шетелдiк заңды тұлғаның толық атауы _______________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
     2. Заңды тұлға тiркелген ел және тiркелу туралы растайтын
құжаттардың қосымшасы______________________________________________
___________________________________________________________________
     3. Заңды тұлға тiркелген елдегi оның мекен-жайы_______________
___________________________________________________________________
     4. Шетелдiк заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты
мекемесiнiң мекен-жайы ____________________________________________
___________________________________________________________________
     телефон_________________________факс__________________________
     4.1. Мекен-жай ауысқан немесе қызметке қатысты басқа да
өзгерiстер болған жағдайда ________________________________________
хабарлауға мiндеттенемiн.
     5. Қазақстан Республикасында қызметтiң басталған мерзiмi _____
___________________________________________________________________
     6. Заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында атқаратын
қызметiнiң түрлерi ________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
     7. Салық декларациясын тапсыруға жауапты адамның фамилиясы және
аты________________________________________________________________
     8. Тiркелу, салық салу, төлеу және есеп-қисап тапсыру
мерзiмдерiнiң тәртiбiмен таныстым__________________________________
     Уақыт _________________________Салық декларациясын тапсыруға
                                    жауапты адамның қолы __________
     Өтiнiш ________________________________салық органында
     199 жылғы " " ____________ тiркелдi.
     Салық қызметкерiнiң қолы ______________

                                    Бас салық инспекциясының
                                    1995 жылғы 1 шiлдедегi
                                    N 43 Нұсқаулығына
                                    N 2 нысан
<*>

     
     ЕСКЕРТУ. 2-нысан өзгертiлдi - ҚР Қаржы министрiнiң
             1997.02.07. N 37  

V970037_

  бұйрығымен.
     Ескерту. 2-нысан өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің 
              1999.05.03. N 310  

V990784_

  бұйрығымен.          
     

     Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кіріс министрлігінің
______________________________________________________
облысы _____________________ ауданы бойынша салық бөлiмiне
<*>


         Шетелдiк заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында
                      қызметтi тоқтату туралы
                              ӨТIНIШI

     1. Қазақстан Республикасында тiркелген шетелдiк заңды тұлғаның
толық атауы _______________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
     2. Заңды тұлға тiркелген ел___________________________________
___________________________________________________________________
     3. Заңды тұлға тiркелген елдегi оның мекен-жайы_______________
___________________________________________________________________
     4. Заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты
мекенiнiң мекен-жайы ______________________________________________
___________________________________________________________________
     телефон_________________________факс__________________________
     5. Қазақстан Республикасында қызметтi тоқтату мерзiмi ________
___________________________________________________________________
     6. Шетелдiк заңды тұлғаның қызметтi тоқтату себептерi_________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
     7. Шетелдiк заңды тұлғаның тұрақты мекеме арқылы қызметтi
бастау туралы куәлiгiнiң салық органында тiркелу нөмiрi және уақыты
___________________________________________________________________
     8. Салық декларациясын тапсыруға жауапты адамның фамилиясы мен
аты________________________________________________________________
___________________________________________________________________

     Уақыт _________________________Салық декларациясын тапсыруға
                                    жауапты адамның қолы __________
     Өтiнiш ________________________________салық органында
     199 жылғы " " ____________ тiркелдi.
     Салық қызметкерiнiң қолы ______________

                                    Бас салық инспекциясының
                                    1995 жылғы 1 шiлдедегi
                                    N 43 Нұсқаулығына
                                    N 3 нысан

              Шетелдiк заңды тұлғаны салық мақсатында
              Қазақстан Республикасында тiркеу туралы
                               КУӘЛIК

___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
орналасқан тұрақты өкiлдiк арқылы Қазақстан Республикасында қызмет
атқаруына байланысты_______________________________________________
___________________________________________________________________
                    (заңды тұлғаның толық атауы)
199 жылдың " "  _______________________ ол ________________________
___________________________________________________________________
                  (салық қызметi органының атауы)
тiркелгенi туралы берiлдi.

Куәлiктiң қолданылу мерзiмi    199__ жылғы " "  ___________ дейiн
                               199__ жылғы " "  ___________ дейiн
                                                        ұзартылды
                               199__ жылғы " "  ___________ дейiн
                                                        ұзартылды

     199__ жылдың " "  ____________

     Салық органының басшысы ________________________
                                      (қолы)

                                      Мөр басылатын жер


                                                             5-қосымша
<*>



      Ескерту. Нұсқаулық N 6-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы

              министрлігі Салық комитетінің 1997.12.29. N 1  

V970062_

 
              бұйрығымен.
     Ескерту. Қосымшалардың нөмерлері N 6-дан N 5-ге өзгертілді - ҚР Қаржы 
              министрлігі Салық комитетінің 1998.07.10. N 62  

V980544_

  
              бұйрығымен.

N _________________
"__"»______________199__ж.

                          ________________________________________________
                           (қызмет көрсетуші субъектінің тіркелген жері 
                                          бойынша салық органының атауы)

                            _______________________________________________
                           (қызмет көрсетуші субъектінің заңды мекен-жайы,
                                  банктік шоты мен СТТН көрсетілген атауы)

                             Жазба хабарлау

    «"Бюджетке төленетін салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша 
әкімшілік жағдайлар туралы" N 43 Нұсқаулықтың XXVI тарауына сай,__________
_________________________________сәйкес_________________N_______ 
(реквизиттері көрсетілген төлем құжаты)
шарт негізінде_____________________________________________________________
                     (заңды мекен-жайы, банктік шоты мен СТТН көрсетілген  
                                төлемшінің атауы)
алушының __________________________________________________________________
         (заңды мекен-жайы, банктік шоты мен СТТН көрсетілген үшінші тұлға 
__________________ N_____________ шотына______________________сомасында 
субъектісінің атауы)

ақша аударғаны туралы хабарлайды.

    Бірінші басшы
                               ____________________
     Аты-жөні                         (қолы)
     

    Бас бухгалтер  
                               ____________________
    Аты-жөні                       (қолы)
                       

                                                         Қосымшаға
                                                       N 6-қосымша
<*>

     
     Ескерту. Нұсқаулық N 6-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы 
              министрлігі Салық комитетінің 1998.07.10. N 62  

V980544_

       
              бұйрығымен.
     
                                       салық салудың, есептің және берудің
                                       Ықшамдалған 
                                       жүйесі
     
     
                        199 ___ жылға арналған 
                             кірістер мен 
                             шығыстардың
                             Есеп кітабы 

     
                       199 ___ жылғы "___"____________
 _________________________________________________________________________
| N |  Тауарлардың      |    |Тауарлардың есеп|      Сатып алынған        |
|р/р|(жұмыстардың,қызмет|    |ті кезеңнің ба. |        тауарлар           |
|   |    көрсетулердің) |    |сындағы қалдығы |                           |
|   |        атауы      |Өлш.|________________|___________________________|
|   |                   |бір.|Саны|Бағасы|Құны|Құжат|Құжаттың|Саны|ҚҚС-сыз|
|   |                   |лігі|    |      |    |  N  |берілген|    | құны  |
|   |                   |    |    |      |    |     |  күні  |    |       |
|___|___________________|____|____|______|____|_____|________|____|_______|
|   |         1         |  2 | 3  |   4  | 5  |  6  |    7   |  8 |   9   |
|___|___________________|____|____|______|____|_____|________|____|_______|
|___|___________________|____|____|______|____|_____|________|____|_______|
|      ЖИЫНЫ            |    |    |      |    |     |        |    |       |
|_______________________|____|____|______|____|_____|________|____|_______|

     
 _____________________________________________________
      |   Орындалған    |     Сатылған тауарлар       |
      | жұмыстар, қызмет|                             |
      |    көрсетулер   |                             |
 _____|_________________|_____________________________|
  ҚҚС |   ҚҚС-   | ҚҚС  | Саны | Құны | ҚҚС-сыз | ҚҚС |
      | сыз құны |      |      |      |         |     |
      |          |      |      |      |         |     |
 _____|__________|______|______|______|_________|_____|
   10 |    11    |  12  |  13  |  14  |    15   |  16 |
 _____|__________|______|______|______|_________|_____|
     
          Кірістер мен шығыстардың есеп кітабын жүргізе отырып, 
     Мемлекеттік тіркеу куәлігінің негізінде кәсіпкерлік қызметпен 
     шұғылданатын жеке тұлғаларға арналған кірістер мен шығыстардың 
                   есеп кітабын толтыру жөніндегі 
                            Басшылық 
     


      1. Кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын жеке тұлғаларға (бұдан әрі - салық төлеуші) арналған оңайлатылған салық режимінің бірден бір түрі Бақылау-кассалық аппараттарын қолдана және сатып алушыға бақылау чектерін бере отырып, Кірістер мен шығыстардың есеп кітабын жүргізу болып табылады. Кірістер мен шығыстардың есеп кітабында есепті кезеңде жүзеге асырылатын шаруашылық операциялары қосарлап жазу әдісін қолданбастан және бухгалтерлік есеп шоттары бойынша операциялар көрінбестен тауарлардың топтары бойынша жайғасым тәсілімен бастапқы құжаттардың негізінде мерзімдік дәйектілікте көрінеді. Кітапты толтыруға арналған есепті кезең (бұдан әрі - ай) күнтізбелік ай болып табылады. Салық органдарының қызметкерлері салық төлеушіге құжаттық немесе үстеме тексеру жасаған кезде, соңғысы тексеруге барлық бастапқы құжаттарды, сондай-ақ есепті кезең басталмағандығына байланысты олар бойынша Кірістер мен шығыстардың есеп кітабына жазбалар жүргізілмеген құжаттарды ұсынуға міндетті.
      Кірістер мен шығыстардың есеп кітабы буылып тігілуі және нөмірленуі керек. Соңғы бетінде жеке кәсіпкердің (басшының) қолымен расталған және салық органы мөрінің таңбасымен бекітілетін ондағы баяндалған беттердің саны жазылады.
      2. "Тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) атауы" 1-баған бойынша басқа ұйымдар мен жеке кәсіпкердің кәсіпкерлік қызметімен байланысты түскен тауарлардың атауы, орындалған жұмыстар және көрсетілген қызметтер көрсетіледі.
      3. "Өлшем бірлігі" 2-баған бойынша сатуға жататын тауарлардың өлшем бірлігі көрсетіледі.
      4. "Есепті кезеңнің басындағы тауарлардың қалдығы" есепті кезеңнің басындағы тауарлардың қалдығы мынаны көрсете отырып:
      "Саны" 3-баған бойынша - есепті кезеңнің басында сатылмаған тауарлардың ауыспалы қалдығының саны көрсетіледі.
      "Саны" 3-баған - екінші және кейінгі есепті кезең үшін өткен айдағы 3 және 8-бағандар бойынша тиісті жолдардың көрсеткіштерін өткен айдағы 13-баған бойынша (есепті айдың басындағы тауарлардың қалдық саны өткен есепті айдың аяғындағы тауарлардың санына теңестіріледі) тиісті жолдың көрсеткіштеріне кемітілген сомасы ретінде айқындалады.
      "Бағасы" 4-баған бойынша бұл құнға қосылған құнға салынатын салықты қоспай-ақ орташа өлшенген құн бойынша айқындалған 3-бағанда көрсетілген тауардың бағасы.
      "Бағасы" 4-баған - екінші және есепті кезеңдер үшін мынадай тәртіпте: (5-баған + 9-баған): (3-баған + 8-баған) айқындалады, бұл орайда алдағы айға арналған баған көрсеткіштері қолданылады.
      "Құны" 5-баған бойынша - қосылған құн салығын қоспай-ақ, 4-бағанда аталған орташа өлшенген құн бойынша 3-бағанда көрсетілген тауардың құны.
      5. "Сатып алынған тауарлар" мыналарды көрсете отырып, сатуға жататын сатып алынған тауарлар көрсетіледі:
      "Құжат N" 6-баған бойынша - тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді берермен берген салық шот-фактурасының нөмірі. Салық шот- фактурасы болмаған жағдайда, бұл бағанда ол бойынша тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрсетулер (ілеспе құжат, сатып алу актісі және т.б.) сатып алынған құжат нөмірі көрсетіледі.
      "Құжаттың жіберілген күні" 7-баған бойынша - салық шот-фактурасын жіберген күн. Салық шот-фактурасы болмаған жағдайда, тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрсетулер сатып алынған құжаттың жіберілген күні көрсетіледі.
      "Саны" 8-баған бойынша - ілеспе құжаттарға, сатып алу актілеріне және т.б. сәйкес топтар бөлігінде сатып алынған тауарлардың саны.
      "ҚҚС-сыз құны" 9-баған бойынша - қосылған құн салығын қоспай-ақ, сатып алу бағасы бойынша 8-бағанда көрсетілген сатып алынған тауардың құны.
      "ҚҚС" 10-баған бойынша - сатып алынған тауарлар бойынша төленген немесе төлеуге жататын қосылған құн салығының сомасы. Бұл бағанды толтыру үшін қолданылып жүрген заңдарда белгіленген нысан бойынша тауарларды берермен жіберген сатып алынған тауарларға салық шот-фактурасының бар болуы міндетті шарт болып табылады.
      6. "Орындалған жұмыстар, қызмет көрсетулер" - мыналарды көрсете отырып, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер көрсетіледі:
      "ҚҚС-сыз құны" 11-баған бойынша - жеке тұлғаға басқа ұйымдар көрсеткен және оның кәсіпкерлік қызметімен байланысты жұмыстар мен қызмет көрсетулердің құны. Бұл бағанда жұмыстар мен қызмет көрсетулердің құны қосылған құн салығынсыз көрсетіледі. Бұл орайда салық салынатын табыстарды айқындау кезінде салық заңдарымен реттелген шығыстар салық заңдарымен белгіленген нормалар шегінде (сыйақы (мүдде) және т.б.) шегеріледі.
      "ҚҚС" 12-баған бойынша - 11-бағанда көрсетілген жұмыстар мен қызмет көрсетулер бойынша салық төлеуші төлеген немесе төлеуге жататын қосылған құн салығының сомасы. Бұл бағанды толтыру үшін салық заңдарымен белгіленген нысан бойынша берермен жіберген жұмыстар, қызмет көрсетулердің салық шот-фактурасының бар болуы міндетті шарт болып табылады.
      7. "Сатылған тауарлар" - мыналарды көрсете отырып, сатылған тауарлар көрсетіледі:
      "Саны" 13-баған бойынша - есепті кезең ішінде сатылған тауарлардың саны.
      "Құны" 14-бағаны бойынша - орташа өлшенген құн бойынша 13-бағанда аталған сатылған тауарлардың құны. Сатылмаған тауарлардың орташа өлшенген құны 5-баған (айдың аяғындағы) бойынша тиісті жолдарға кемітілген 5 (ай басындағы) және 9-бағандар (есепті айға арналған) бойынша тиісті жолдардың сомасы ретінде айқындалады. 14-бағанды салық төлеуші аяғында сатылмаған тауарлардың қалдығын айқындағаннан кейін толтырады.
      "ҚҚС-сыз түсім" 15-баған бойынша - оған қосылған құн салығын қоспай-ақ тауарларды сатудан алынған немесе алынатын сома.
      "ҚҚС" 16-баған бойынша - салық заңдарымен белгіленген ставкалар

бойынша (20%, 10%) белгіленетін тауарларды сатудан алынған немесе алынатын 
қосылған құн салығының сомасы.
     15 және 16-бағандардың сомасы есепті айға арналған бақылау-кассалық 
аппараттарының көрсеткіштеріне тең болуы керек.
     Салық төлеуші салық салынатын табысты ҚҚС-сыз түсім (15-баған бойынша 
бір ай ішіндегі жиынтық сома) мен сатылған тауарлардың құны (14-баған 
бойынша бір ай ішіндегі жиынтық сома) және салық төлеушіге басқа ұйымдар 
орындаған жұмыстар мен көрсетілген қызметтерді шегеруге жататын құн 
арасындағы айырмашылық ретінде айқындайды. Есеп айырысуды жасау үшін "Жеке 
тұлғалардан алынатын табыс салығын бюджетке есептеу мен төлеудің тәртібі 
туралы" N 33-нұсқаулықпен бекітілген декларацияға тиісті қосымшалар 
қолданылады.
     
                 Кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын жеке 
                  тұлғалардың салық салынатын табысының 
                  ________ жылға арналған есеп айырысуы 
 _________________________________________________________________________
| N |                    Көрсеткіштер                       | Төлеушінің  |
|р/р|                                                       | мәліметтері |
|   |                                                       |   бойынша   |
|___|_______________________________________________________|_____________|
| I |Жиынтық жылдық табыс                                   |             |
|___|_______________________________________________________|_____________|
| 1.|ҚҚС-сыз түсім (15-баған бойынша бір ай ішіндегі        |             |
|   |жиынтық сома)                                          |             |
|___|_______________________________________________________|_____________|
|II |Шегерімдер                                             |             |
|___|_______________________________________________________|_____________|
| 2.|Сатылған тауарлардың құны (14-баған бойынша бір ай     |             |
|   |ішіндегі жиынтық сома)                                 |             |
|___|_______________________________________________________|_____________|
| 3.|Орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер (11-баған   |             |
|   |бойынша бір ай ішіндегі жиынтық сома)                  |             |
|   |соның ішінде                                           |             |
|   |1. Шегерілуге жататын орындалған жұмыстар, көрсетілген |             |
|   |қызметтер:                                             |             |
|   |а) ______________________________________              |             |
|   |б) ______________________________________              |             |
|   |в) ______________________________________              |             |
|___|_______________________________________________________|_____________|
| 4.|Есеп айырысу сәйкес негізгі қаражаттар бойынша         |             |
|   |амортизациялық аударымдар мен шегерімдер               |             |
|___|_______________________________________________________|_____________|
| 5.|Шегерілуге жататын басқа да шығыстар                   |             |
|___|_______________________________________________________|_____________|
| 6.|Барлық шегерімдер (2-жол + 3а-жол + 5-жол)             |             |
|___|_______________________________________________________|_____________|
| 7.|Салық салынатын табыс (1-жол - 6-жол)                  |             |
|___|_______________________________________________________|_____________|
| 8.|Табыс салығының ставкасы                               |             |
|___|_______________________________________________________|_____________|
| 9.|Салық сомасы (7-жол х 8-жол)                           |             |
|___|_______________________________________________________|_____________|



      Мысалы орташа өлшенген құн бойынша есепті кезеңнің аяғындағы сатылмаған тауарлардың бағасы мен құнын айқындау бойынша <*>
      Салық төлеушіде 1998 жылғы 1 қаңтарда тауарлардың қалдығы болды, атап айтқанда, жалпы сомасы 900 теңге болатын бағасы 150 теңге 6 жұп етік (ҚҚС-сыз бағасы мен құны). Осы абзацта көрсетілген мағына қаңтар айында 3, 4, 5,-бағандар бойынша есепті кезеңнің басындағы тиісті тауарлардың қалдығында көрсетіледі.
      Салық төлеуші қаңтар айында жалпы құны 1700 теңге болатын (ҚҚС-сыз) саны 10 жұп етіктің жаңа тобын сатып алды. Осы абзацта көрсетілген мағына қаңтар айында 8, 9,-бағандар бойынша сатып алынған тауарлар ретінде көрсетіледі.
      Салық төлеуші қаңтар айында бағасы 200 теңге 10 жұп етік және бағасы 220 теңге 2 жұп етік сатты. Қаңтар айы бойынша барлығы 13 және 15-бағандарда көрсетілген бағасы 2440 теңгеге 12 жұп етік сатылды.
      Бұдан әрі салық төлеуші айдың аяғында сатылмаған тауарлардың қалдығын айқындайды (есепті айдың басындағы сатылмаған тауарлардың қалдық саны өткен есепті айдың аяғындағы сатылмаған тауарлардың санына теңестіріледі) және бұл үшін келесі есепті айға, атап айтқанда 1998 жылдың 1 ақпанына арналған 3, 4, 5,-бағандар толтырылады. Келесі есепті кезеңнің басындағы, атап айтқанда 1998 жылғы 1 ақпандағы сатылмаған жұп етіктердің қалдығы 4 жұпты құрайды (6+10-12). Сатылмаған бір жұп етіктің, келесі есепті айдың

басындағы (1998 жылғы 1 ақпан) 4-бағанды құрайтын орташа өлшенген бағасы - 
162,5 теңгені құрайды ((900+1700) : (6+10)). Сатылмаған 4 жұп етіктің құны 
орташа өлшенген құн бойынша тиісінше 650 теңгені құрайды (4х162,5) және 
5-бағанда көрсетіледі. Салық төлеуші табысты айқындау үшін 1950 теңгені 
((900+1700)-650) құрайтын қаңтар айындағы сатылған 12 жұп етіктің құны 
айқындалады, мағынасы 14-бағанға көшіріледі.
     



Оқығандар:
     Багарова Ж.А.
     Икебаева А.Ж.