1. "1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 желтоқсандағы N 1334 P991334_ қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-қосымшасында: IV. "Шығыстар" бөлімінде: 12. "Көлік және байланыс" функционалдық тобында: "Су көлігі" 3-ішкі функциясындағы "Қазақстан Республикасының Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігі" деген жолда: "33 Су жолдарын кеме жүретін жағдайда қамтамасыз ету және шлюздерді ұстау" бағдарламасындағы "103673" деген сан "83673" деген санмен ауыстырылсын; "33 Су жолдарын кеме жүретін жағдайда қамтамасыз ету және шлюздерді ұстау" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: "114 Атырау облысының әкімі 20 000 "33 Су жолдарын кеме жүретін жағдайда қамтамасыз ету және шлюздерді ұстау" 20 000 30 Орал-Каспий арнасында және Қиғаш өзенінің сағасында табандық тереңдету жұмыстары 20 000" 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Оқығандар: Қобдалиева Н. Омарбекова А.