"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер жөніндегі әкімшілік ережелері туралы" N 43 ~V950080 Нұсқаулыққа жасалған өзгерістер және толықтырулар

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының бұйрығымен бекітілген 1998 жылғы 10 шілде N 62. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 23 шілде N 544 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығымен.

-------------------Бұйрықтан үзінді----------------
               Мемлекеттік кіріс министрінің
           2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығы



      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының K010209_ Кодексiн (Салық Кодексiн) қолданысқа енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 шiлдедегi Заңына сәйкес
                                БҰЙЫРАМЫН:
      Күшiн жоғалтқан жекелеген бұйрықтарының тiзбесi:
      34. "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер жөнiндегi әкiмшiлiк ережелерi туралы" N 43 Нұсқаулығына өзгерiстер мен толықтыруларды бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң 1998 жылғы 10 шiлдедегi N 62 V980544_ бұйрығы. -----------------------------------------------------
      III - тарауда:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "Салықтың, бюджетке төленетін басқа да төлемдердің және мемлекет алдындағы өзге де қаржылық міндеттемелердің толық және уақтылы төленуіне мемлекеттік бақылау жасауды қамтамасыз етуге салық қызметінің органдары ғана уәкілетті".
      2-тармақта:
      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік салық комитеті деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті" деген сөздермен ауыстырылсын";
      мынадай мазмұндағы екінші-бесінші азат жолдармен толықтырылсын:
      "Салық қызметінің бөлімшелері салық тәртіп бұзушылықтары мен қылмыстарына байланысты жедел деректерді сараптап талдау кезінде салық төлеушілерге бірлесіп тексеру жүргізу үшін, сондай-ақ салық тәртіп бұзушылық пен қылмыс фактілерін анықтау үшін өздерінің лауазымды тұлғаларын жіберіп отырады".
      Бір салық қызметі бөлімшесі өзінің лауазымды тұлғаларын жіберу туралы шешімді салық қызметінің басқа бөлімшесінен тиісті сұрау түскеннен бастап бес күн ішінде қабылдайды.
      Салық комитеті органдары заңдарда салық полициясы органдарының тергеуіне жатқызылатын қылмыстар жасалды деп жорамалдауға мүмкіндік беретін фактілерді ашу кезінде аталған фактілер ашылған күннен бастап үш күн ішінде олар жөнінде анықтау, алдын ала тексеру жүргізуді және заңдарға сәйкес шешім қабылдауды жүзеге асыру үшін тиісті салық полициясы органына материалдарды жолдауға міндетті.
      Салық қызметі органдары өздерінің арасындағы келісім бойынша белгіленген тәртіппен салық жолсыздықтары мен қылмыстар туралы өздерінде бар материалдармен олардың жолын кесу жөнінде қолданылған шаралар, өздері жүргізген бақылау салық тексерулері туралы біріне-бірі хабарлап отырады, сондай-ақ өздеріне жүктелген тапсырмаларды орындау мақсатында басқа да қажетті ақпарат алмасуды жүзеге асырады.
      IV - тарауда:
      1-тармақтың бірінші- азатжолында:
      "салық қызметі тиісті қаржы органдарымен келісе отырып", деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті" деген сөздермен ауыстырылсын; "(шаруа, фермер қожалықтарын және ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін қоса алғанда)" деген сөздер алып тасталсын;
      "Қызмет түрлерінің тізбесі осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасында келтірілген" деген сөйлем алып тасталсын;
      екінші-азат жолда:
      "2" деген сан "1" деген санмен ауыстырылсын;
      үшінші- бесінші- азатжолдар мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасы Салық органдарының кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаларға Патент беру тәртібі осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасында келтірілген;
      Шаруа (фермер) қожалықтары және өздері үшін жер негізгі өндіріс құрал- жабдығы болып табылатын немесе қызметі ауыл шаруашылығы өнімін өндіру үшін жерді пайдаланумен байланысты, сондай-ақ өздері өндірген ауыл шаруашылығы өнімін ұқсатушы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті белгілейтін тәртіппен патент негізінде салық төлейді.
      Патенттің құнын есептеу кезінде бюджетке төленуге тиісті салықтар сомасы шаруа (фермер) қожалықтары және жерді пайдалана отырып, ауыл шаруашылық өнімімен айналысатын ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін 80 процентке кемітіледі.
      6-тармақтың 1-азатжолында "байланысты тараппен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының резиденті емес болып табылатын тараппен немесе салықтық жеңілдіктерді пайдаланатын ұйыммен" деген сөздермен ауыстырылсын";
      екінші азатжол алып тасталсын;
      7-тармақтың екінші азат жолы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Активтерді өтемсіз негізде беру және (немесе) төмендетілген құны бойынша сату кезінде беруші (сатушы) тұлға активтерінің құны-салық салу мақсатында айқындалатын өзіндік құн негізге алынып, ал алушы тұлға активтерінің құны-берілетін (сатылатын) активтерінің кіріске алынған бағалау құны бойынша белгіленеді. Салық мақсаттары үшін тауарлардың құндары тең болмай айырбасталған кезде салық салынатын айналым ең көп сату бағасы бар өнімнің (жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің) құндары негізінде анықталады, бірақ бұл ретте оның көлемі жөнелтілген өнімнің нақты қалыптасқан шығынынан кем болмауы тиіс".

      V - тарауда:
      1- және 2-тармақтар мынадай мазмұндағы екінші азат жолмен толықтырылсын:
      "Салық төлеушілерді тіркеу жүйесін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі айқындайды";
      3-тармақта "есептік" деген сөз "төлем (векселді қоспағанда)" деген сөздермен ауыстырылсын.

      VIII - тарауда:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы азат жолмен толықтырылсын:
      "салық қызметі органдарының қызметкерлерін бөлімше басшысы немесе өздерінің тегі және аты-жөні, мөрі көрсетілген уәкілетті лауазымды адамдар қол қойған нұсқамасыз есеп құжаттамаларын және мүліктерді тексеруге, өндіріс, қойма, сауда, өзге үй-жайларын және көлікті зерттеуге рұқсат етілмейді".

      X - тарауда:
      1-тармақтың бірінші азат жолында "Мемлекеттік Салық комитеті" сөздер "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті" деген сөздермен ауыстырылсын, "және есеп айырысулар" деген сөздер алып тасталсын.
      төртінші азат жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "бағалы қағаздар эмиссиясын тіркеген үшін алымдар жөніндегі декларацияны есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызына дейін";
      мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын:
      "2. Салық төлеуші бюджетке қосымша төлеуге тиісті салық сомалары бойынша сол нақтылау жүргізілген есепті кезең үшін тіркелген жеріндегі салық органына қосымша декларация тапсырады. Бұл декларацияларда тиісті жолдар бойынша бұрын тапсырылған декларациямен салыстырғандағы тек анықталған айырма сомасы ғана көрсетіледі.
      Бұл жағдайда одан салық төлеу мерзімінен оны бюджетке төлегенге дейінгі сәттен бастап айыппұл санкцияларын қолданбай белгіленген мөлшерде өсім өндіріліп алынады";
      2, 3, 4 және 5 тармақтары тиісінше 3, 4, 5 және 6 тармақтары болып саналсын;
      мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
      "7. Салық декларациясы салық қызметі органдарына әкеліп тапсыру тәртібімен немесе хабарлама арқылы тапсырыс хатпен почта арқылы беріледі. Салық декларациясы салық қызметі органдарының келісімімен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті белгіленген нысан бойынша ақпараттың электронды құралдары арқылы немесе ақпаратты компьютерлік өңдеуге жол беретін өзге түрде табыс етіледі".

      XI тарауда:
      Мынадай мазмұндағы үшінші, төртінші азат жолдармен толықтырылсын:
      "Егер тұрақты мекеме Қазақстанда көрсетілген қызметтер үшін табыстарын Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тұрақты мекеменің шотына соқпай-ақ аударған жағдайда табыс төлейтін субъект салық комитеті беретін тұрақты мекеменің салық төлеушісінің тіркеу нөмірі осы анықтама тапсырылатын органды көрсетіп анықтама алуы тиіс. Бұл ретте тікелей табыс төлейтін субъект аталған анықтама болмаған жағдайда табыс салығын төлеу көзінен ұстайды.
      Оның үстіне табыс төлейтін салық төлеуші шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында операцияларды жүзеге асырған кезде, егер төлеу қызмет көрсеткен субъектінің шотына соқпай үшінші тұлғаның шотына жүргізілсе, қызмет көрсеткен субъектінің тіркелген жеріндегі салық қызметі органына хабарлануы тиіс".

      XII тарауда:
      1-тармақтағы "Салық қызметі", "бір жыл" деген сөздер "Салық комитеті", "үш ай" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақтың екінші азат жолында "30 қыркүйекке дейін" деген сөздер "30 маусымға дейін" деген сөздермен ауыстырылсын, "салық инспекциясы" деген сөздер "салық комитеті" деген сөздермен ауыстырылсын.

     XIII тарауда:
     1-тармақтың екінші азат жолындағы: "банктік құжаттар" деген сөздер 
"төлем құжаттары (векселді қоспағанда)" деген сөздермен ауыстырылсын;
     төртінші азат жолда "салық төлеуші" деген сөзден кейін "осы шоттарға 
салық қызметі органдарының инкассалық тапсырмалары (өкімдері) негізінде" 
деген сөздермен толықтырылсын;
     жетінші азат жолда "банктік шоттар бойынша" деген сөздерден кейін 
"тексерілетін салық төлеушілер" деген сөздермен толықтырылсын.
     
     ХVI-тарауда:
     1-тармақта:
     а)-тармақшасында екінші азат жолда:
     "ағымдағы" деген сөз алып тасталсын;
     мынадай мазмұндағы үшінші, төртінші және бесінші азат жолдармен 
толықтырылсын:


      "-кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғалар салық қызметі органдарына мәлімделген салық жылы үшін жорамалданып отырған табыс салығының сомасының 1/12 бөлігіне сүйене отырып әрбір айдың 20 жұлдызынан кешіктірмей аванстық төлемдердің сомасын бюджетке енгізуге міндетті;
      - маусымдық сипаттағы жұмысы немесе басқа да шарттары бар кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғалар салық жылы ішінде төлеуге тиісті аванстық төлемдердің сомасын салық қызметі органдарының келісімімен айқындалады;
      - еңбек шарты (келісім-шарты) бойынша немесе мердігерлік-жалдау шарты бойынша жұмыс істейтін жеке тұлғалар-резидент еместер аванстық төлемдердің сомасын бюджетке 20 ақпанда, 20 мамырда, 20 тамызда және 20 қарашада енгізуге міндетті";
      үшінші, төртінші азат жолдар тиісінше алтыншы, жетінші азат жолдар деп саналсын;
      1) тармақшада "жалақы" деген сөз "осы баптың 1-тармағында көзделген төлемдер" деген сөздермен ауыстырылсын;
      б) тармақшасындағы екінші азат жолда:
      "ағымдағы, аванстық төлемдер 13 күні және 3 күні енгізіледі" деген сөздер "ағымдағы төлемдер жиырма бесінші және бесінші күндері енгізіледі" деген сөздермен ауыстырылады;
      в) тармақшасында:
      "алыс-беріс шикізатынан шығарылған өнімдер бойынша - тапсырысшыға өнім берілген сәтте төленеді" деген сөздерден кейін мынадай мазмұндағы тармақшамен толықтырылсын:
      "акциздеуге жататын, өзі өндірген шикізаттан акцизделетін өнімді өндірген кезде, осы шикізаттың акцизі осы баптың 1 және 2 тармақтарында көзделген мерзімге ұқсатылған өнімді сату кезінде төленеді" деген тармақшамен толықтырылсын;
      д) тармақшасында:
      "бонустар мен роялтидың барлық түрлері келісім-шартта белгіленген мерзімде төленеді" деген сөздер "жазылатын бонус тараптардың келісім- шартында немесе келісімінде белгіленген мерзімде төленеді, бірақ келісім- шарт жасасқан күннен 30 күнтізбелі күннен кешіктірілмеуі тиіс". Коммерциялық табу бонусы белгілеген тәртіпке сәйкес коммерциялық табу расталған уақыттан бастап күнтізбелік 30 күннен кешіктірілмей төленеді.
      Егер роялти бойынша орташа айлық төлемдер ең төменгі айлық 1000 көрсеткіштен кем болса, онда роялти бойынша төлемдер ай сайын төленеді. Егер роялти бойынша тоқсандағы орташа айлық төлемдер ең төменгі айлық 1000 көрсеткіштен кем болса, онда роялти бойынша төлемдер тоқсан сайын төленеді. Роялти есептік кезеңнен кейінгі айдың он бесінен кешіктірілмей төленеді";
      "төленеді" деген сөзден кейін "ға" жалғаулығы "дейін" жалғаулығымен ауыстырылсын.

      XVII тарауда:
      3-тармақта:
      үшінші азат жол "оның ішінде импорт кезінде төленуге тиісті" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы төртінші азатжолмен толықтырылсын: "аталған артық соманы импорттау кезіндегі қосылған құнға салынатын салықты төлеу есебіне есептеудің тәртібін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгілейді";
      төртінші, бесінші және алтыншы азат жолдар тиісінше бесінші, алтыншы және жетінші деп саналсын;
      бесінші азат жолда "салық салынатын айналымы бар" деген сөздер "салық салынатын айналымдар бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
      алтыншы азат жолда "салық салынатын айналымы бар" деген сөздер "салық салынатын айналымдар бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
      жетінші азат жолда "кәсіпкерлік қызметтен (жиынтық жылдық табыстан көзделген шегерімдердің артығы)" деген сөздер алып тасталсын.

      XVIII тарауда:
      1-тармақтың бірінші азат жолында "салық қызметі органы" деген сөздер "Салық комитеті органы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақта "Қазақстан Республикасы Үкіметі айқындайды" деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылдың 18 сәуіріндегі N 591 P970591_ қаулысында айқындалған" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы үшінші, төртінші және бесінші тармақтармен толықтырылсын:
      "3. Салық төлеушілерге төлем көзінен ұсталған заңды тұлғалардың табыстарынан табыс салығын төлеуді кейінге қалдыру жеңілдігі берілмейді.
      4. Басқа адамға құқықтар ауысып берілген жағдайда салықты және айыппұл санкцияларын төлеу мерзімін ұзарту құқығы ауыспайды";
      5. Акцизді төлеу мерзімдері ұзартылмайды";
      3, 4 және 5 тармақтар тиісінше 6, 7 және 8 тармақтар деп есептелсін;
      6-тармақтың бірінші азат жолы мынадай редакцияда жазылсын: "Салық қызметінің органдары қаржы қызметі органдарымен келісім бойынша өнеркәсіптік ұқсатуға арналған импортталатын шикізат пен материалдарға қосылған құн салығын төлеуді мұрсат беру туралы тәртіпке сәйкес үш айға кейінге қалдырады. <*> Берешектің көрсетілген сомасын үш айлық мерзім ішінде өтеуді салық органдары сатылған өнім бойынша қосылған құнға салынатын салық жөніндегі бюджеттен өзара есеп айырысу әдісімен жүргізеді. Өтелмеген берешек сомасына көрсетілген үш айлық мерзім аяқталған алғашқы күннен бастап өсім есептеледі".

      <*> - N 37 Нұсқаулықтың 9-қосымшасы.

      XX тарауда:
      2-тармақ мынадай мазмұндағы азат жолмен толықтырылсын:
      "Салық төлеушілердің немесе олардың дебиторларының шоттарынан

салықтар және мемлекет алдындағы басқа да қаржы міндеттемелері бойынша 
берешекті алудың тәртібін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен 
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі белгілейді";
     XXI тарауда:
     1-тармақта "салық төлеуші" деген сөзден кейін "және" жалғаулығы 
"немесе" деген жалғаулықпен ауыстырылсын;
     
     XXII тарауда:
     2-тармақтың екінші азат жолында "және" жалғаулығы "немесе" деген 
жалғаулықпен ауыстырылсын.
     
     XXVII тарауда :
     1-тармақтағы бірінші азат жолында "ағымдық" деген сөзден кейін "және 
мәлімделген" деген сөздермен толықтырылсын;
     тоғызыншы азат жол мынадай редакцияда жазылсын:


      "Егер өткен есептік кезеңде есепке жатқызылатын есептелген салық

сомасынан артық салық сомасы пайда болса және егер нөлдік ставка бойынша 
салық салынатын айналым бойынша салық төлеуші салық органына қосылған 
құнға салынатын салық сомасын өтеу туралы өтініш жасамаса, онда аталған 
арту есептен кейінгі кезеңге есептеледі, және бұл жағдайда ағымдағы дер 
кезінде төленбеген төлемдер бойынша қосылған құнға салынатын салыққа өсім 
есептелмейді".
     
     XXVIII тарауда:
     бірінші азат жолда "жеткілікті негізсіз" деген сөздер алып тасталсын;
     сегізінші азат жолда "есептелмейді, егер" деген сөздерден кейін 
"тексеру сәтінде" деген сөздер қосылсын;
     
     XXIX тарауда:
     4-тармақта "аванстық төлемдер сомасынан" деген сөздер "енгізілген 
аванстық төлем сомасынан" деген сөздермен ауыстырылсын;
     мынадай мазмұндағы 6 тармақпен толықтырылсын:
     "6. Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, табыс салығын төлеген заңды 
және жеке тұлғаларға табыс салығы сомасын төлем көзінен ұстамағаны үшін 
тиесілі салық сомасының 100 проценті мөлшерінде айыппұл салынады".
     Осы нұсқаулыққа 5-қосымша 6-қосымша деп саналсын.
     
     2-3-қосымшалар мынадай редакцияда жазылсын:
     
                                                     Қазақстан Республикасы
                                                          Қаржы министрлігі
                                                          Салық комитетінің
                                                          N 43 Нұсқаулығына
                                                                  1-Қосымша
     
       Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар үшін салық 
                   салудың оңайлатылған режимі туралы 
                                ЕРЕЖЕСІ 
     
                            1. Жалпы ережелер
     1.1. Патент - салық төлеушілердің жекелеген санаттары үшін 
оңайлатылған салық режимін белгілейтін құжат.
     1.2. Жеке тұлға Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде 
көзделген тәртіпте және шарттарда жеке кәсіпкер деп танылады.
     
            2. Салық салудың оңайлатылған жүйесінің субъектілері 
     


      2.1. Заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметпен айналысатын және заңды тұлға белгілері болмайтын жеке тұлғалар жеке кәсіпкерліктің субъектілері болып табылады.
      2.2. Мынадай шарттардың біреуіне жауап беретін:
      - жалдама қызметкерлердің еңбегін тұрақты негізде пайдаланатын;
      - кәсіпкерлік қызметтен Қазақстан Республикасы заң актілерімен жеке тұлғалар үшін белгіленген жиынтық жылдық табыстың салық салынатын мөлшерінен асып түсетін мөлшерде салық заңдарына сәйкес есептелген жиынтық жылдық табысы бар жеке кәсіпкерлер міндетті мемлекеттік тіркелуге жатады.
      Осы тармақта санамаланған жеке кәсіпкерлердің қызметі тіркелмесе тиым салынады.
      2.3. Алкогольді өнімді (оның ішінде алыс - беріс негізінде) және өзге акцизделетін өнімді өндірумен айналысатын жеке кәсіпкерлерді салық салудың оңайлатылған режиміне көшірілуге болмайды.

                 3. Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу

      3.1. Заңды тұлғалар құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаларды мемлекеттік тіркеу келу сипатында болады және жеке тұлғаның тұратын жеріндегі аумақтық салық органында жеке кәсіпкер ретінде есепке қоюдан көрінеді.
      3.2. Мемлекеттік тіркеу үшін жеке кәсіпкер салық комитетінде тіркелуі тиіс және тұратын жеріндегі аумақтық салық органына мыналарды табыс етеді:
      1) мыналарды: тегін, аты-жөнін, туған жылын және орнын; жеке басты куәландыратын құжаттың деректерін (құжаттың сериясын, нөмірін, кім және қашан берілгенін); салық төлеушінің тіркеу нөмірін (СТТН); тұрғылықты жерін; тұрақты қызмет орны болған жағдайда оның тұрған жерін; қызмет түрін және болжамдалып отырған салық салудың оңайлатылған режимін қолдану мерзімін көрсете отырып еркін нысандағы өтініш.
      Патент беруге арналған өтінішке N 37 Нұсқаулықта келтірілген нысан бойынша салық шот-фактураларының бос бланкілері тіркеледі.
      Бұл ретте өтініште тіркелген шот-фактураларының бос бланкілерінің саны міндетті түрде көрсетілуге тиіс.
      2) Мемлекеттік тіркеу үшін алым төлегені туралы құжат.
      Басқадай құжаттарды талап тыйым салынады.
      3.3. Оңайлатылған салық режимінің түріне және болжалап отырған табыс мөлшеріне байланысты куәліктің екі нысаны белгіленеді (4 және 5-қосымшалар).
      3.4. Тіркелген жиынтық салықпен жұмыс істейтін жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік бір салық жылының шегінде қолданылады (4-қосымша). Лицензияда бір жылдан кем мерзім көрсетілген жағдайда Куәлік осы лицензияның қолданылу мерзіміне беріледі.
      Тіркелген жиынтық салық арқылы оңайлатылған салық режимі мынадай шарттарды орындаған жағдайда қолданылады:
      - Тізбеде (1-қосымша) көрсетілген қызмет жүзеге асыратын жеке тұлғалар;
      - жылына шекті болжамдалған айналымы 4000 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын жеке кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар, Куәліктің бланкісінде айналымның шекті мөлшері көрсетіледі;
      - саны 5 адамнан аспайтын жалдама қызметкерлерді пайдалану арқылы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар.
      3.5. Кірістер мен шығыстардың есебін жүргізу арқылы жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлерге Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, егер өтініште (5-қосымша) өзгеше мерзім көзделмесе, тұрақты беріледі.
      Кірістер мен шығыстардың есебін жүргізу арқылы оңайлатылған салық режимі мынадай шарттарды орындаған жағдайда қолданылады:
      - 1-қосымшада көрсетілгеннен басқа өзге қызмет түрлерін жүзеге асыратын жеке тұлғалар;
      - қызметкерлерінің шекті орташа жылдық саны 50 адамнан артық емес және орташа жылдағы активтерінің жалпы құны 60 000 еселенген есептік көрсеткіштен аспайды;
      - егер жылдық табысының жиынтық мөлшері 10 000 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспағанда.
      3.6. Жеке тұлғаларға Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік тіркеу туралы Куәлік беруді облыстық (қалалық) салық комитеті төрағасының бұйрығына сәйкес аумақтық салық органдары жүзеге асырады.
      Жеке кәсіпкердің қызмет түрімен тұрақты орнына және оның болжалап отырған табысына байланысты тіркелген жиынтық салықтың мөлшері бұйрықпен бекітіледі.
      Салық органдары өтініш берілген күннен бастап он күннен кешіктірілмей Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік тіркеу туралы Куәлік береді.
      Куәлік берілген кезде сол сияқты оның төлқұжаты толтырылады, ол салық органдарында сақталады.
      3.7. Жеке тұлғалар Куәлік алу үшін салық органына төлқұжат, 3х4 см көлемінде суретін, тіркелген жиынтық салықты төлеу құжаттарының көшірмесін тапсырады.
      3.8. Куәлік қатаң есеп беру бланкісі болып табылады. Куәлік иесінен шеттетуге болмайды, оны басқа адамдарға беруге тыйым салынады. Кәсіпкер дәлелді себептермен Куәлікті жоғалтқан жағдайда салық органы оған Куәліктің төлқұжатын береді.
      Куәліктің кез келген көшірмесі (оның ішінде бірге ксерокөшірмесі және фотокөшірмесі) олардың негізінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға болатын құжаттар болып табылмайды, және де кәсіпкерлерден дереу алынуы тиіс.
      3.9. Салық органдары Есеп кітабында оңайлатылған салық режимінің түрлері бойынша берілетін Куәлікті есепке алуға міндетті. Есеп кітабы жіппен қайымдалуы, нөмірленуі және салық органы мөрінің бедерлемесімен нықталуы тиіс. Кітапта мынадай негізгі деректер көрсетіледі: жеке тұлғаның тегі, аты-жөні, оның тұрғылықты тұратын жері, қызмет түрі, тіркелген жиынтық салықтың мөлшері, оңайлатылған салық режимін қолдану мерзімі, беруге негіздемесі, бұйрық, күні және нөмірі, сондай-ақ Куәліктің нөмірі, Куәліктің берілген және салық органына тапсырылған күні.
      3.10. Жеке кәсіпкер қызметін тоқтатқан жағдайда немесе Куәліктің қолдану мерзімі біткеннен кейін Куәлік оны берген салық органына тапсырылуы тиіс.
      Күнтізбелік жыл ішінде кәсіпкерлік қызметпен айналысуды қайта бастаған кезде, сондай-ақ қызмет түрі өзгерген кезде жеке кәсіпкерге Куәлік жалпы белгіленген тәртіп бойынша беріледі.
      3.11. Куәліктің қолдану мерзімі біткеннен кейін салық органы жеке кәсіпкердің өтінішіне сәйкес белгілеген тәртіппен кезекті қолдану мерзіміне Куәлік береді.
      3.12. Егер жеке кәсіпкер айналысуға ұйғарылып отырған қызмет Қазақстан Республикасы Президентінің "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 12 сәуірдегі N 2200 Z952200_ Заң күші бар Жарлығына сәйкес лицензияланатын болса, онда осы аталған Жарлықтың 7-бабының 1-тармағына сәйкес қызметтің осындай түрімен айналысу құқығына патенттер беру олар лицензия алғаннан кейін жүзеге асырылады. Осындай жеке кәсіпкер салық есебіне қою лицензиат белгіленген тәртіппен уәкілетті органда лицензия алғаннан кейін жүзеге асырылады.
      Лицензия жоғарыда аталған Жарлықта көзделген тәртіппен беріледі.

               4. Оңайлатылған салық режимінің түрлері

      4.1. Мемлекеттік тіркеу туралы Куәлік негізінде кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар үшін оңайлатылған салық режимінің екі түрі:
      1) тіркелген жиынтық салық арқылы;
      2) кірістер мен шығыстардың есебін жүргізу арқылы белгіленеді.

      4.2. Тіркелген жиынтық салық арқылы белгіленетін салық режимі
      Тізбеде (1-қосымша) көрсетілген қызмет жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер тіркелген жиынтық салық төлейді және есеп жүргізуден және бақылау-кассалық аппараттарды қолданудан босатылады.
      Астана, Алматы қалаларындағы және облыс орталықтарындағы лайықты орындарда, күндізгі белгіленген орындарда (ларектер мен киоскілерде) халық тұтынатын тауарлардың және тамақ өнімдерінің бөлшек саудасын жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлерге Патент осы ереженің белгілеген тәртібімен жүзеге асады.
      Салықтарды және бюджетке төленетін басқа да төлемдерді, сондай-ақ мемлекет алдындағы өзге қаржылық міндеттемелерді қамтитын тіркелген жиынтық салық Патенттің құны болып табылады. Тіркелген жиынтық салық 2-қосымшада келтірілген нысан бойынша анықталады.
      Республиканың аумақтық салық комитеттері зерделеудің, тексерудің, хронометраждың және салық органының басқа да мәліметтерін пайдаланып болжалап отырған кірістер мен шығыстарды есептеу арқылы жеке кәсіпкерлік қызметтің әрбір түріне бөлек Патент құнының мөлшерін анықтайды және бекітеді.
      Жеке кәсіпкердің салық органының басшысының бұйрығымен қызмет түрімен орнына байланысты бекітілген кесімді жиынтық салық мөлшерімен келіспеген жағдайда жеке кәсіпкер тіркелген жиынтық салықты есептеу үшін деректерді тапсыруға құқығы бар. Есептеулер салық органы қызметкерлері жүргізген зерделеудің және хронометраждың нәтижелері негізінде жасалады.
      Патент негізінде оңайлатылған салық режимінде жұмыс істейтін жеке кәсіпкер Патентте көрсетілген мөлшерде және сомада қосылған құнға салынатын салық төлеушілер болып табылады және тек Патент құнында көрсетілген сомалар шегінде ғана салық шот-фактураларын толтыруы тиіс.
      Салық органы жеке тұлғаға Патент берген кезде сол сияқты салық шот- фактураларын береді бұлар бір-бірімен желімделуі, нөмірленуі және Патент берген салық органының мөрімен, сондай-ақ оның басшысының немесе орынбасарының қойылған қолымен куәландырылуы тиіс.
      Салық органында әрбір салық шот-фактурасында оның сол жақ бөлігіне жеке тұлғаның Патентті сатып алған кезінде бюджетке төлеген қосылған құнға салынатын салық сомасы, оң жақ бөлігінде салық төлеушінің СТТН-і, Патенттің сериясы және нөмірі қойылады.
      Салық шот-фактурасының сол жақ бөлігі (түбіртегі) сатушыда қалады, ал оң жағы сатып алушыға беріледі.
      Жеке тұлғаға берілген, салық органының мөрі басылып куәландырылған салық шот-фактураларының саны Есеп кітабына міндетті түрде тіркелуі тиіс, мұнда сол сияқты Патенттің құнында көзделген ҚҚС сомасы көрсетіледі.
      Жеке тұлға салық шот-фактурасын толтыра отырып өзінің тауарларын (жұмыстарын, қызметтерін) сатып алушыға ұсынған қосылған құнға салынатын салықтың шоты сол жақ бөлігіне қойылады, және де қосылған құнға салынатын салықтың пайдаланылмаған сомасының қалдығы көрсетіледі. Сатушы аталған қалдықтың шегінде (қосылған құнға салынатын салықтың пайдаланылмаған сомасы) салық шот-фактураларын толтыру құқы бар.
      Барлық салық шот-фактураларын пайдаланғаннан кейін олардың түбіртектері міндетті түрде оларды берген салық органына тапсырылуы тиіс, онда олар салық төлеушінің іс қағазында сақталады. Жеке тұлға тек пайдаланғаннан салық шот-фактураларының түбіртектерін тапсырғаннан кейін, сондай-ақ қосылған құнға салынатын салықтың сомасының пайдаланылмаған қалдығы болған жағдайда ғана сатып алушылармен салық бойынша одан әрі есеп айырушыларды жүзеге асыру үшін салық органында куәландырылған салық шот- фактураларының бланкілерін ала алады.
      Патенттің қолдану мерзімі біткенге дейін кәсіпкерлік қызмет тоқтатылған жағдайда төленген тіркелген жиынтық салық сомасы қайтарылуға жатпайды.
      Патентті өтеп алған Заңды тұлға кәсіпкерлік қызметін тұратын жерінде де, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да қалалары мен аудандарында да жүзеге асыра алады. Бұл жөнінде кәсіпкерлік қызметпен айналысуға берілетін рұқсатта арнайы түрде көрсетіледі.
      Айтылғандарды негізге ала отырып салық органдары осы салық органдары қызмет көрсететін, елді мекендерде тұрақты тұратын жеке тұлғаларды ғана емес, соны бірге жоғарыда айтылған тәртіппен берілген рұқсаттар бойынша осындай қызметтермен айналысатын жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыруына бақылау жасауды іске асыру міндеті де жүктеледі.
      Бұл жағдайда тексеру материалдары жеке тұлғаның тұрғылықты тұратын жеріндегі салық органына хабарланады.
      Тексеру нәтижелері бойынша жеке кәсіпкердің табыс мөлшері Патентті алған кезде жеке тұлға мәлімдеген табыс мөлшерінен асып түскен жағдайда Патенттің құны қайта есептелуі тиіс.
      Патент үшін ақы алу кезінде мынадай ережелер басшылыққа алынуы тиіс:
      а) жеке тұлға мәлімдеген мерзімді негізге алу;
      б) Патент негізінде оңайлатылған салық режимінде жұмыс істейтін жеке тұлға ағымдағы және аванстық төлемдерді төлеуден босатылады.

            4.3. Кірістер мен шығыстардың есебін жүргізу арқылы
                          белгіленетін салық режимі

      1-қосымшада көрсетілгендерден басқа өзге қызмет түрлерін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, сондай-ақ мемлекет алдындағы өзге қаржылық міндеттемелерді төлеушілер болып табылады және оңайлатылған нысан бойынша кірістер мен шығыстардың Есеп кітабында кірістер мен шығыстардың есебін жүзеге асыруға міндетті (6-қосымша) (бухгалтерлік есептің шоттары бойынша қос жазба тәсілін қолданбай және операцияларды көрсетпей) және сатып алушыға - тұтынушыға бақылау шегін бере отырып фискалды зердесі бар бақылау - кассалық аппараттары арқылы операциялар жүргізіледі.
      Жеке тұлға Мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті алған кезде тіркеу үшін кірістер мен шығыстардың Есеп кітабын тапсырады, мұнда жеке тұлғаның тегі, аты-жөні, тұратын жері, банк шоттарының нөмірі көрсетіледі кірістер мен шығыстардың Есеп кітабы нөмірленуі, жіппен қайымдалуы және салық органының мөр таңбасымен нықталуы тиіс. Салық органы кірістер мен шығыстардың Есеп кітабының бірінші бетіне Куәліктің тіркеу нөмірін және олардың берілген күнін қояды.
      Кірістер мен шығыстар есебін жүргізу қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер жалпы белгіленген тәртіппен салықтарды, басқа да қаржы міндеттемелерін есептеуді және төлеуді жүргізеді (Астана, Алматы қалаларындағы және облыс орталықтарындағы лайықты орындарда, күндізгі белгіленген орындарда (ларектер мен киоскілерде) халық тұтынатын тауарлардың және тамақ өнімдерінің бөлшек саудасын жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлерден басқа).

            5. Салық салудың оңайлатылған режимінің қолданатын
                        кәсіпкерлердің жауапкершілігі

      5.1. Салық салудың оңайлатылған жүйесін қолданатын кәсіпкерлердің

жауапкершілігі Қазақстан Республикасы Президентінің "Салық және бюджетке 
төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 1995 жылғы 24 сәуірдегі 
N 2235  

Z952235_

  Заң күші бар Жарлығына және Әкімшілік құқық бұзушылық 
туралы Қазақ КСР-ның Кодексіне сәйкес басталады.
     Салық салу объектісінің төмендетілгенін белгіленген кездегі үстеме 
тексеріс қорытындысы бойынша Патент алу кезінде кәсіпкерге қолданылып 
жүрген заңдарға сәйкес санкция қолданылады.
     
                                                           Ережеге
                                                          1-қосымша
                                                              
     
       Қазақстан Республикасының аумағында салық патенті негізінде 
          жүзеге асырылатын жеке кәсіпкерлік қызмет түрлерінің 
                               Тізбесі 
     
     I. Тұтыну тауарларын өндіру.
1. Киім және басқа да тігін бұйымдарын тігу, тоқылған бұйымдарды әзірлеу.
2. Мехтан бұйымдар тігу.
3. Табиғи мехтан бас киімдер тігу.
4. Трикотаж бұйымдарын әзірлеу.
5. Аяқ киімдер әзірлеу.
6. Галантереялық бұйымдар және бижутериялар әзірлеу.
7. Жасанды гүлдер және веноктар әзірлеу.     
8. Жиһаздар және басқа да ағаш ұстасы бұйымдарын әзірлеу.
9. Кілем бұйымдарын әзірлеу.
10. Металдардан бұйымдар әзірлеу және орнату.
11. Қаңылтырдан бұйымдар әзірлеу.
12. Табиғи гүлдер және көшет өсіру.
13. Үй жануарларының терісін және жүнін дайындау.
14. Автомобильдер үшін тыс қабын және резина төсеніштерін әзірлеу.
15. Ойыншықтар және тарту-таралғылар әзірлеу.
16. Шаруашылық тұрмыс құралдарын әзірлеу.
17. Ара шаруашылығы өнімдерін өсіру.
18. Азық-түлік тауарларын өндіру.
     II. Тұрмыстық қызмет көрсету саласындағы жеке тұлғалардың қызметі.
19. Металл бұйымдарын, қолшатырларды, тұрмыстық машиналармен приборларды 
жөндеу.
20. Сағаттарды жөндеу және ойып бедерлеу жұмыстары.
21. Киімдерді, аяқ киімдерді, бас киімдерді, мех тігін және галантерея 
бұйымдарын жөндеу.     
22. Суретке түсіру, бейнеге түсіру және басқа да фотожұмыстар.
23. Радио, теледидар аппаратураларын, компьютерлерді жөндеу.
24. Кесу аспаптарын жөндеу және қайрау.
25. Құлыптарды жөндеу және кілттер жасау.
26. Жөндеу құрылыс қызметтерін көрсету.
27. Автомобильдерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету.
28. Шина жөндеу жұмыстары (автомашиналарды вулканизациялау).
29. Жеке трактор иелерінің жер учаскелерін өңдеу жөнінде қызметтер көрсету.
30. Су көлігінде ойын-сауық қызметтерін көрсету.
31. Жеке сектордың малдарын бағу.
32. Шаштараз, сондай-ақ емдеу және хирургиялық қызметпен байланысты емес 
массаж және косметикалық қызметтерін көрсету.
33. Жеке автомобиль иелерінің азаматтарға және заңды тұлғаларға көлік 
қызметін көрсету.
34. Автокөлік құралдарын жуу.
35. Салтанаттарға және салт-дәстүрлерге музыкалық қызмет көрсету.
36. Мәтіндер аудару.
37. Машинка басу жұмыстары.
38. Музыкалық аспаптарды жөндеу және күйін келтіру.
39. Дыбыс жазу.
40. Портреттерді және картинкаларды салу.
41. Көшіру-көбейту техникаларын жөндеу және қызмет көрсету.
         III. Әлеуметтік мәдени саладағы жеке тұлғалардың қызметі
42. Репетиторлық ретпен сабақтар өткізу.
43. Дене шынықтыру - сауықтыру қызметі.
44. Медициналық қызмет (стомотологиялық қызметтерді қоспағанда).
45. Малдәрігерлік қызмет көрсету.
46. Пішуге, тігуге және тоқуға оқыту.
                    IV. Қызметтің басқа да түрлері
47. Қоғамдық тамақтандыру (тұрақты сауда нүктелері бар).
48. Балмұздақ және суытылған сусындарды сату.
49. Ататын темекілерді (насыбай) әзірлеу және сату.
50. Сайрайтын және басқа да қанатты құстарды өсіру және сату.
51. Құжаттарды ламинирлеу, картон-мұқабалау жұмыстары.
52. Электромонтаж, пісіру-сантехникалық қызметтер көрсету.
53. Жиһаздар жинау және жөндеу.
54. Газет-журналдар және кітаптар сату.
55. Үй жануарларын өсіру.


56. Халық тұтыну тауарларымен және тамақ өнімдерімен бөлшек сауда жасау, бұған Астана, Алматы қалаларындағы және облыс орталықтарындағы күрделі үй- жайларда, стационарлық орнықты жерлерде (ларектер және киоскілер) жүзеге асырылатын сауда кірмейді.
      Ескерту:
      1. Өндіруге құқық беретін салық Патенті Қазақстан Республикасының

шегінде өзі өндірген тауарларды сатуға да құқық береді.
     2. Сатылатын тауарлар бойынша сапа сертификатын және оның шыққан 
жерін растайтын барлық құжаттар болуы тиіс.
     3. Астана, Алматы қалаларындағы және облыс орталықтарындағы лайықты 
орындарда, күндізгі белгіленген орындарда (ларектер мен киоскілерде) халық 
тұтынатын тауарлардың және тамақ өнімдерінің бөлшек саудасын жүзеге 
асыратын жеке кәсіпкерлер тіркелген жиынтық салықты төлеуді жүргізеді және 
есеп жүргізуден және бақылау-кассалық аппаратты қолданудан босатылмайды.
     
                                                           Ережеге
                                                          2-қосымша
                                                            
     
СТТН _________________________________              ______________________
            (салық төлеуші)                            (аудан, қала) 
     
                                                            Салық комитеті
______________________________________
        (аты-жөні, тегі)
     
______________________________________              ______________________
 (салық төлеушінің мекен-жайы, тел.)                  (тапсырылған күні)
     
                     Кәсіпкерлік қызметпен айналысуға 
                                 ПАТЕНТ
     
___________________________________________________________________________
     
__________________________ жылға
     
 _________________________________________________________________________
|  N  |             Негізгі көрсеткіштер                 |      Сома      |
| р/с |                                                  |    теңгемен    |
|_____|__________________________________________________|________________|
| 1.  |ҚҚС-ны қоса кәсіпкердің жиынтық жылдық табысы     |                |
|_____|__________________________________________________|________________|
| 1.1.|Оның ішінде ҚҚС                                   |                |
|_____|__________________________________________________|________________|
| 2.  |ҚҚС-ны қоса кәсіпкерлік қызметке байланысты       |                |
|     |жұмсалған шығындар                                |                |
|_____|__________________________________________________|________________|
| 2.1.|Оның ішінде ҚҚС                                   |                |
|_____|__________________________________________________|________________|
| 3.  |Төленуге тиісті ҚҚС сомасы (1.1. жол -2.1.)       |                |
|_____|__________________________________________________|________________|
| 4.  |Қорларға аударылымдар:                            |                |
|     | - міндетті медициналық сақтандыру                |                |
|     | - мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру              |                |
|_____|__________________________________________________|________________|
| 5.  |Салық заңдарына сәйкес ____ жылы салық төлеуші    |                |
|     |жасайтын шегерімдер                               |                |
|_____|__________________________________________________|________________|
| 6.  |Міндетті зейнетақы жарналарын анықтауға дейінгі   |                |
|     |кәсіпкердің салық салатын табысы (1. жол- 2.      |                |
|     |жол-3. жол-4. жол-5. жол)                         |                |
|_____|__________________________________________________|________________|
| 7.  |Міндетті зейнетақы жарналары:                     |                |
|     |а) жинақтаушы зейнетақы қорларына                 |                |
|     |б) зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік          |                |
|     |орталыққа (6. жол- 7.а -жол) х 5%                 |                |
|_____|__________________________________________________|________________|
| 8.  |Кәсіпкердің табыс салығын есептеуге қолданылатын  |                |
|     |салық салынатын табыс (6. жол- 7. жол)            |                |
|_____|__________________________________________________|________________|
| 9.  |Табыс салығының сомасы                            |                |
|_____|__________________________________________________|________________|
| 10. |Кесімді жиынтық салықтың жылдық сомасы            |                |
|     |(3 жол + 4 жол + 7 жол + 9 жол)                   |                |
|_____|__________________________________________________|________________|
| 11. |Кесімді жиынтық салықтың айлық сомасы (10 жол: 12)|                |
|     |(10 жол : 12)                                     |                |
|_____|__________________________________________________|________________|
  Кәсіпкер                                   _________________  _________
                                              (тегі, аты-жөні)    (қолы) 
     
  Есепті ескерген салық инспекторы           _________________  _________
                                              (тегі, аты-жөні)    (қолы) 
  Салық комитетінің басшысы                  _________________  _________ 
                                              (тегі, аты-жөні)    (қолы) 
                                                күні "__"___________ ж. 
     
                                   Куәліктің тіркеу нөмірі _____________
     
     
                                                                Ережеге
                                                               3-қосымша 
     
          1998 жылға арналған кәсіпкерлік қызметпен айналысуға 
           келісімді жиынтық салық мөлшерін анықтау жөніндегі 
                               БАСШЫЛЫҚ 
     


      1. 1-жолдар бойынша кәсіпкердің тауарларды өткізуден, қызмет көрсетуден, жұмысты орындаудан болжамды жиынтық жылдық табысы және қосымша құнға салынатын (ҚҚС) салық ескерілген кәсіпкерлік қызметтен түсетін басқа табыстар ескеріледі.
      1.1. 1-жолдар бойынша тауарлар (жұмыс, қызмет) өткізуден болжамды табысқа есептелген ҚҚС сомасы көрсетіледі.
      2. 2-жолдар бойынша жиынтық жылдық табысты алуға байланысты барлық болжамды шығындар көрсетіледі, оның ішінде тауар-материалдық құндылықтарды сатып алу бойынша шығындар, оларды жеткізу, тиеу және түсіру, жарнама бойынша, лицензия және сапа сертификаты, мемлекеттік тіркеу, медициналық байқау үшін шығындарды және кәсіпкерлік қызметке байланысты басқа шығындарды қосқанда.
      2.1. 2.1-жолдар бойынша сатып алынатын болжамды тауарлар (жұмыстар, қызметтер) үшін төлеуге жататын ҚҚС сомасы көрсетіледі.
      3. 3-жолдар бойынша төлеуге жататын (1.1.ж-2.1.ж) ҚҚС сомасы анықталады.
      4. 4-жолдар бойынша әрбір қызметкер үшін есеп-айырысудың айлық көрсеткішінен, Z970201_ "1998 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізілген аударым көрсетіледі:
      Міндетті медициналық сақтандыру қорына 33% мөлшерінде;
      Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына - 16%.
      Есеп айырысудың айлық көрсеткіші мынадай мөлшерде белгіленді: 1 шаршы метр 630 теңге; II шаршы метр 640 теңге; III шаршы метр 650 теңге; IV шаршы метр 660 теңге.
      Кәсіпкерлік қызмет түрлеріне қарамастан 1998 жылға міндетті медициналық сақтандыру қорына 2554 теңге, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына 1238 теңге аударым жасалады.
      5. Қолданылып жүрген салық заңдарына сәйкес жеке тұлға салық жылы ішінде салық төлеушінің және оның қамқорындағы отбасының әрбір мүшесіне алған табысқа әрбір ай үшін бір есеп айырысу мөлшерінде шегерім жасауға құқы бар.
      Осы жеңілдіктер қамқорындағыларға берілген кезде қамқорындағылар санатына отбасының мүшесінің табысының сомасы ай ішінде есеп айырысудың орташа бір айлық көрсеткішінен аспаса яки жұмыс істейтіннің (салық төлеуші) қаржысына және өзге табыс көздері жоқ бірге тұратын отбасының мүшелеріне жатады.
      Құқық берілген кезде қамқорындағылар санатына стипендия және зейнетақы алушы тұлғалар, мемлекеттік қамқорлықта тұратын басқа тұлғалар жиынтық табысынан шегерімге жатқызылмайды. Атап айтқанда, кәсіптік-техникалық училище оқушылары, арнаулы мектептердің оқушылары және асырағаны үшін ата-аналардан ақы алмайтын мектеп-интернатта оқитын, сондай-ақ мемлекеттің толық қамқорындағы мектеп жанындағы интернат оқушылары, міндетті әскери қызметтегі әскери қызметшілер, оның ішінде әскери-құрылыс отрядтарында қызмет атқарып жүргендер қамқорындағыларға жатпайды.
      6. 6-жолдар бойынша міндетті зейнетақы жарналарын анықтауға дейінгі кәсіпкердің салық салынатын табысы, анықтау үшін жалпы табыстан (1-ж-2-ж) міндетті медициналық сақтандыру қорына және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына жүргізілген аударым шегеріледі, салық төлеушіге және оның қамқорындағы отбасының әрбір мүшесіне берілген шегерімдер көрсетіледі.
      7. 7-жолдар бойынша Жинақтаушы зейнетақы қорына жіберілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасы анықталады;
      "Зейнетақы төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталықтан зейнетақыны төлеуді жүзеге асыру және міндетті зейнетақы жарналарын аудару, есептеу тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 10 қаңтарындағы N 1733 P971733_ Қаулысына сәйкес кәсіпкерлікпен және заңды тұлға құрмай өзге қызметпен айналысатын табыстан 10 процент мөлшерінде жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарнасын төлейді, бірақ, еңбек ақының аз мөлшерінен 10 процент төмен болмауы тиіс.
      Патент құнын анықтау кезінде салық органдарының қызметкерлері кәсіпкердің жазбаша жазған арызына сәйкес оның өтініші бойынша, Z970101_ "1998 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Заңына сәйкес есептелген орташа аз еңбек ақыдан 10 процент қоса алады. Айлық еңбек ақының ең аз мөлшері жоғарыдағы аталған Заңмен мынадай мөлшерде белгіленді:
      1998 жылдың 1-қаңтарынан-2360 теңге;
      1998 жылдың 1-сәуірінен-2380 теңге;
      1998 жылдың 1-шілдесінен-2400 теңге;
      1998 жылдың 1-қазаннан-2440 теңге.
      1998 жылға аз орташа жылдық еңбекақының 10% 2874 теңге құрайды.
      -"1998 жылға арналған Республикалық бюджет туралы" Заңға сәйкес мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталық кәсіпкердің жылдық табысының 5 процент мөлшерін құрайды.
      Сонымен жылдық табысты анықтау үшін салық салынатын табыстан

жинақтаушы зейнетақы қорына жіберілген сомасы шегеріледі.
     8. Табыстан алынатын (6 жолдар) табыс салығын есептеу үшін, 
қабылданатын кәсіпкердің салық салынатын табысын анықтау үшін міндетті 
зейнетақы (7 жолдар) жарналарының сомасы шегеріледі.
     9.  

Z952235_

  "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер 
туралы" Заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығының 29 
бабына сәйкес жеке тұлға үшін табыс салығының ставкасы негізінде табыс 
салығының сомасы анықталады.
     10. Тіркелген жиынтық салықтың жылдық мөлшері мыналардан тұрады:
     - қосымша құнға салынатын салық (3 жолдар);
     - қорға аударым (9 жолдар);
     - міндетті зейнетақы жарналары (7 жолдар);
     - табыс салығының сомасы (9 жолдар).
     11. Тіркелген жиынтық салықтың айлық мөлшері 9 жолдар бойынша сома 
ретінде айқындалады: 12 ай.
     
________________
     Ескерту. Тіркелген жиынтық салықтың мөлшері кәсіпкерлік қызмет 
түрінен және Куәлік күшінің мерзіміне байланысты есептеледі.
     Сонымен Куәліктің қолдану мерзімі жеке кәсіпкерлікпен анықталады және 
өтініште ең кем дегенде бір ай және ең кем дегенде бір салық жылы 
көрсетіледі.
     
                                                              Ережеге
                                                              4-қосымша
     
                                                              1-нысан
     
                    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ 
                              МИНИСТРЛІГІ 
     
_______________________________________________ салық комитеті бойынша 
     
Фотосурет және мөрге
арналған орын
                     тіркелген жиынтық салықпен жұмыс істейтін 
                     жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы 
                       
                                      КУӘЛІК 
     
_______________                                       _____________________
 (ССТН)                                                  (тіркеу нөмірі) 
     
Тегі _______________________________________________
     
Аты-жөні __________________________________________________________________
     
____________________________________________________
Тұрғылықты
жері ______________________________________________________________________
Тіркеу жылы мен айы _______________________________
Жеке тұлғаның өтінішіне сәйкес қолдану мерзімі ____________________________
     
Берілу күні ________________________
     
                  Сериясы ______ N ___________________
     
                             Келесі бет
     
Тізбеге сәйкес жеке кәсіпкердің қызмет түрлері:
     
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
     
                           атап айтқанда:
     
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
     
Салық комитетінің төрағасы __________________________       _______________
                                                                 (қолы)
                            (Т.А Ж)   _______________ 
        
Салық комитетінің
белгілейтін орыны
     
Тіркеу орыны ______________________
     
                                                             Ережеге
                                                             5-қосымша
                                                             2-нысан
     
                    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ 
                             МИНИСТРЛІГІ
     
____________________________________________________ салық комитеті бойынша
     
Фотосурет және мөрге
арналған орын
                    есеп жүргізумен жұмыс істейтін
                    жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы 
     
                                    КУӘЛІК 
     
_______________                                       _____________________
 (ССТН)                                                  (тіркеу нөмірі) 
     
Тегі _______________________________________________
     
Аты-жөні __________________________________________________________________
     
____________________________________________________
Тұрғылықты
жері ______________________________________________________________________
Тіркеу жылы мен айы _______________________________
Жеке тұлғаның өтінішіне сәйкес қолдану мерзімі ____________________________
     
Берілу күні ________________________
     
                  Сериясы ______ N ___________________
                              Келесі бет     
     
Жеке кәсіпкер мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
     
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
 
(қандай салада) ___________________________________________________________
___________________________________________________________________________
     
                           атап айтқанда:
     
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
     
Салық комитетінің төрағасы __________________________       _______________
                                                                 (қолы)
                            (Т.А Ж)   _______________ 
        
Салық комитетінің
белгілейтін орыны
     
Тіркеу орыны ______________________
     
                                                    Қазақстан Республикасы
                                                    Қаржы Министрлігі
                                                    Салық Комитетінің N 43
                                                    Нұсқаулығына 
                                                    2-қосымша 
     
         Қазақстан Республикасы Салық органдарының шаруа (фермер) 
           қожалықтарына және өздері үшін жер негізгі өндіріс 
         құрал-жабдығы болып табылатын ауылшаруашылығы тауарларын 
           өндірушілерге салық салудың оңайлатылған режимін және 
                патенттерді беру тәртібін белгілеу туралы 
                                 ЕРЕЖЕ 
     


      Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентінің "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 1995 жылғы 24 сәуірдегі N 2235 Z952235_ Заң күші бар Жарлығына сәйкес әзірленді.
      Ереже Қазақстан Республикасы Салық органдарының шаруа (фермер) қожалықтарына және өздері үшін жер негізгі өндіріс құрал-жабдығы болып табылатын (бұдан бұлай - Қожалық), жеке немесе заңды тұлға мәртебесі бар ауылшаруашылығы тауарларын өндірушілерге салық салудың оңайлатылған режимін және патенттерді беру тәртібін белгілейді.

                             1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1.1. Қожалықтарға салық салудың оңайлатылған режимі Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген салық салудың әдеттегі жүйесімен қатар қолданылады. Қожалықтарға салық салу жүйесін, оның ішінде оңайлатылған режимге көшуді немесе әдеттегі жүйеге оралуды таңдау құқығы осы Ережеде көзделген тәртіппен ерікті негізде беріледі.
      1.2. Салық төлеушінің салық салудың оңайлатылған режиміндегі жұмысын растайтын құжат Патент болып табылады.
      1.3. Қожалықтарды оларда жұмыс істейтін қызметкерлердің санына және ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруден түскен табыстың көлеміне қарамастан салық салудың оңайлатылған режиміне көшіріледі.
      1.4. Осы Ереженің әрекеті күшінде болатын Қожалықтарда салық салудың оңайлатылған режимін қолдану Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарға сәйкес олар үшін салықтардың, алымдардың және мемлекет алдындағы басқа да қаржылық міндеттемелердің барлық жиынтығын қосындылаған салықты төлеумен ауыстыруды көздейді.
      1.5. Патенттің құнын есептеу кезінде бюджетке төленуге тиісті салықтар сомасы шаруа (фермер) Қожалықтары және жерді пайдалана отырып, ауыл шаруашылық өнімін өндірумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін 80 процентке кемітіледі.

              2. ОҢАЙЛАТЫЛҒАН САЛЫҚ РЕЖИМІНІҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ

      2.1. Шаруа (фермер) қожалықтары өздері үшін жер негізгі өндіріс құрал- жабдығы болып табылатын немесе қызметі ауыл шаруашылық өнімін өндіру үшін жерді пайдаланумен байланысты, сондай-ақ өздері өндірілген ауыл шаруашылық өнімін ұқсатушы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер оңайлатылған салық режимінің субъектілері болып табылады.

                        3. ПАТЕНТТІ БЕРУ ТӘРТІБІ

      3.1. Патентті Қожалықтар салық есебіне қойылған жердегі салық органдары бір салық жылынан аспайтын мерзімге береді. Патенттің нысаны Қазақстан Республикасының Салық Комитеті белгілейді және Қазақстан Республикасының барлық аумағында бірыңғай болып табылады.
      3.2. Егер Қожалық айналысуға ұйғарылып отырған қызмет Қазақстан Республикасы Президентінің "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 12 сәуірдегі N 2200 Z952200_ Заң күші бар Жарлығына сәйкес лицензияланатын болса, онда осы аталған Жарлықтың 7-бабының 1-тармағына сәйкес қызметтің осындай түрімен айналысу құқығына патенттер беру олар лицензия алғаннан кейін жүзеге асырылады. Осындай Қожалықты салық есебіне қою лицензиат белгіленген тәртіппен уәкілетті органда лицензия алғаннан кейін жүзеге асырылады.
      3.3. Салық салудың оңайлатылған режиміне көшірілген Қожалықтар үшін ауыл шаруашылық өнімін өндіруге, сондай-ақ өздері өндірген ауыл шаруашылық өнімін ұқсатуға қатысы жоқ қызмет түрлері бойынша салық және өзге қаржылық міндеттемелерді төлеудің жалпы тәртібі сақталады. Бұл ретте Қожалық кірістер мен шығыстарды анықтау үшін бөлек есеп жүргізеді.
      3.4. Салық органы салық төлеушіге салық салудың оңайлатылған режиміне, егер соңғылар осы Ереженің 2.1., 2.2. - тармақтарында көзделген шарттарды сақтаған және салық пен мемлекет алдындағы басқа да қаржылық міндеттемелерді төлеу жөнінде мерзімі өткен берешектері болмаған жағдайларда бас тартуға құқығы жоқ.
      3.5. Салық органы Қожалық өтініш берген күннен бастап он күндік мерзімде Қожалықты салық салудың оңайлатылған режиміне көшіру немесе оны қолдануда дәлелді түрде орындамау туралы шешім шығарады.
      3.6. Қожалық салық органына Патент алу үшін тіркеуге өтініш тапсырады, мұнда Қожалықтың атауы (қожалық жетекшісінің тегі, аты-жөні, салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТТН)), жүзеге асырылатын қызмет түрі, орналасқан жері, банк мекемелерінде ашылған банк шоттарының нөмірі көрсетіледі.
      Салық органдары берілетін Патенттерді арнаулы Есеп кітабында есепке алуға міндетті. Есеп кітабы жіппен қайымдалуы, нөмірленуі және мөр басылуы тиіс. Кітапта мынадай негізгі деректер көрсетіледі: қожалық жетекшісінің тегі, аты-жөні, оның тұрғылықты тұратын жері, салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТТН), Патенттің құны, қолдану мерзімі, беруге қажетті негіздеме, нөмірі, Патенттің берілген және салық органына тапсырылған күні.
      Патент алған Қожалық салық декларациясын тапсырудан босатылады.

Есепті жылдың қорытындысы бойынша Патентте көрсетілген соманы қайта 
есептеу жүргізіледі.
     3.7. Патентке құжатты қатаң есепке алу ережесі қолданылады. Қожалық 
иесінен шеттетуге болмайды, оны басқа адамдарға беруге тыйым салынады.
     3.8. Қожалық Патенті дәлелді себептермен жоғалтып алған жағдайда 
салық органы оған Патенттің төлқұжатын береді.
     3.9. Салық салудың оңайлатылған режимі бойынша қызметі тоқтатылған 
жағдайда Қожалық төлеген қосынды тіркелген салық қайтаруға немесе қайта 
есептеуге жатпайды.
     
                 4. САЛЫҚ САЛУДЫҢ ОҢАЙЛАТЫЛҒАН РЕЖИМІ 
                    ПАТЕНТІНІҢ ҚҰНЫН АНЫҚТАУ ТӘРТІБІ 
     
     4.1. Оңайлатылған салық режимін қолданатын Қожалық үшін 1,2,3,4 
қосымшаларда келтірілген Патенттің құнын анықтау тәртібі белгіленеді.
     4.2. Қожалық салық кезеңінде Патенттің жалпы құнын төлеуді салық 
қызметі органы белгілеген төлемдерді бөліп отырып төрт мерзімде жүзеге 
асырады:
     - алған сәтте Патенттің 1/6 құнын;
     - 20 мамырда, 20 тамызда Патенттің 1/6 құнынан;
     - 20 қарашада Патенттің құнының қалған бөлігі;
     Салық органдары Қожалықтың келісімімен өндірістің ерекшелігіне 
байланысты аталған мерзімдер бойынша Патент үшін ақы сомасын анықтауы 
мүмкін.
     
                 5. САЛЫҚ РЕЖИМІНІҢ ОҢАЙЛАТЫЛҒАН ЖҮЙЕСІ 
                ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҚОЖАЛЫҚТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ 
     


      5.1. Салық төлеуші өзінің салық салудың оңайлатылған режиміне көшуге жол берілмейтін міндеттемелер туралы жасыруы болмаса салық органына хабарламауы салық заңдарын бұзушылық ретінде қаралады және қолданыстағы заңдарға сәйкес жауап береді.
      5.2. Салық режимінің оңайлатылған жүйесі қолданылатын Қожалықтардың

жауапкершілігі Қазақстан Республикасы Президентінің "Салық және бюджетке 
төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 1995 жылғы 24 сәуірдегі N 
2235  

Z952235_

  Заң күші бар Жарлығына және Қазақстан Республикасының басқа 
да Заң актілеріне сәйкес басталады.
     

<*>
 - Патент - салық төлеушілердің жекелеген санаттары үшін.
     
     
                                                                Ережеге
                                                               1-қосымша
     
      Өздері үшін жер негізгі өндірістің құралы болып табылатын шаруа 
             (фермер) қожалықтары үшін Патент құнын белгілеу
                                ТӘРТІБІ 
     


      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентінің Z952235_ "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Заң күші бар Жарлығына сәйкес әзірленді.
      2. Жерді пайдалану мекені бойынша шаруа (фермер) қожалықтарының жерді пайдалану құқын бағаланған құн актісін салық органына шаруашылық әкімі береді.
      3. Ауыл шаруашылық өндірісін жүргізу үшін шаруа (фермер) қожалықтарына жерді пайдалануға тұрақты берілген жер учаскелерінің бағаланған құнын анықтауды, тіркелген жиынтық жер салығын есептеу үшін Қазақстан Республикасы жер қатынастары және жерді орналастыру жөніндегі мемлекеттік комитетінің аумақтық органдары болмаса оның өндірістік бөлімшелері жекеменшікке сатылатын жер учаскелерінің бағаланған құнын анықтау тәртібіне немесе "Жекеменшікке сатылатын немесе мемлекет жерді пайдалануға беретін жер учаскелерінің бағаланған құнын анықтау тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 1 қазандағы N 1203 P961203_ қаулысына сәйкес жүргізеді.
      4. Қосымша құнға салынатын салық инфляция коэффициенті ескерілген өткен жылдағы нарық бағасы бойынша 1 гектардың жалпы табысына және аймақ бойынша өнімдер түрлері соңғы үш жылдағы қосымша салық құнын қосқандағы орташа жылдық шығынына қарай анықталады.
      Сонымен, шикізат өндіретін шаруашылық оны Қазақстан Республикасы аумағында бастапқы өнеркәсіптік қайта өңдеу үшін өткізу кезінде N 37 нұсқаулыққа сәйкес есепке алу әдісімен қосымша құн салығын төлейді.
      Тірі салмақта малдар және құстар, ет, балық, ұн, нан және тоқаш нан өнімдері, макарон өнімдері, сүт өнімдері, (балмұздақтан басқа), жұмыртқа, шөп майлары, маргарин, жарма, астық, жемазық, қант (қант шикізатын қосқанда) тұз, жеміс-жидек, картоп, балалар және диабет тамағы өнімдерін сату және импорт бойынша айналымдарға ставка бойынша 10 процент салық салынады.
      Егер Шаруашылық ауыл шаруашылық өнімін өндіруді жүзеге асырса және оны тек бастапқы қайта өңдеуге жеткізетін болса онда 7 және 9 жолдары толтырылмайды. Ауыл шаруашылық өнімдерін бастапқы қайта өңдеуге жеткізген жағдайда және одан әрі сату үшін жеткізушілерге шаруашылық төлеген (төленуге тиісті) қосымша құн салығы шығындарға және ауыл шаруашылық өнімдерін сатудың жалпы көлемінің үлес салмағына қарай есепке жатқызылады.
      Оңайлатылған салық режимінде Патент негізінде жұмыс істейтін шаруашылық Патентте көрсетілген көлемдегі және сомадағы қосымша құн салығын төлеуші болып табылады және тек қана Патент құнын есептелінген сома деңгейінде салық шот-фактурасы жазылып беруге тиіс.
      N 37 нұсқаулықта келтірілген нысан бойынша Патент берілетін өтінішке салық шот-фактурасының бос бланкілері бірге ұсынылады. Өтінішке берілетін салық шот-фактуралары бланкілерінің саны міндетті түрде көрсетілуге тиіс.
      Салық органының мөрімен куәландырылып берілген салық шот-фактурасының саны Патенттерді беру Есеп кітабында міндетті түрде белгіленуге тиіс, сондай-ақ мұнда Патент құнына енгізілген қосымша құн салығының сомасы да көрсетіледі.
      5. Шаруа (фермер) қожалықтарының тіркелген жиынтық жер салығы "Жекеменшікке сатылатын немесе жерді пайдалануға мемлекет беретін жер үшін төлеу ставкасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 8 мамырдағы N 576 P960576_ Қаулысымен бекітілген ауыл шаруашылық өндірісін жүргізу үшін азаматтарға тұрақты жерді пайдалануға мемлекет берген жер үшін төлеу ставкалары бойынша анықталған жерді пайдаланудың бағаланған құнынан 0,25 процент көлемінде есептелген табыс салығынан және жер салығы сомасынан тұрады.
      Жер салығы көлемінің есебі бонитет балын және ауыл шаруашылығының пайдаланатын жерлердің, жер қыртыстарының түрлерін, шаруа (фермер) қожалықтары орналасқан аумақты ескере отырып жүзеге асады.
      6. Төлем көздерінен алынатын табыс салығы
      Еңбек ақының тіркелген қоры аймақтың (ауданның) бір ауыл шаруашылық қызметкерінің орташа жалақысынан, шаруашылық басшысы растауымен қызметкерлердің санына және өткен жылдың осы мерзіміндегі орташа жылдық айлық есеп айырысу көрсеткішінің өсу коэффициентіне қарай анықталады.
      7. Мүлік салығы

     Шаруашылық басшыларының берген мәлімдемесі бойынша қолданып жүрген 
салық заңдарына сәйкес.
     8. Көлік құралдарына салынатын салық
     Шаруашылық басшыларының берген мәлімдемесі бойынша қолданылып жүрген 
салық заңдарына сәйкес.
     9. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру және міндетті медициналық 
сақтандыру қорларына, сондай-ақ Зейнетақыны төлеу жөніндегі мемлекеттік 
орталығына аударым Қазақстан Республикасының "Тиісті жылға арналған 
республикалық бюджет туралы" заңына сәйкес жүргізіледі.
     
                                                        Ережеге
                                                        2-қосымша
     
СТТН ___________________________________     ______________________________
            (салық төлеушінің)                       (аудан, қала) 
     
________________________________________     ______________________________
                                                 бойынша салық комитеті 
 (шаруа қожалықтарының аты)                  ______________________________
                                                     (берілген күні) 
Қызмет түрлері  ________________________
________________________________________
 
     
         Өздері үшін жер негізгі өндірістің құралы болып табылатын 
                       шаруа (фермер) қожалықтарының 
                                  Патенті 
                                                               (мың теңге) 
 _________________________________________________________________________
| N р/н |                Негізгі көрсеткіштер                    | -- жыл |
|_______|________________________________________________________|________|
|   1.  |Ауыл шаруашылық қызметкерлерінің саны (адам)            |        |
|_______|________________________________________________________|________|
|   2.  |Жердің жалпы көлемі (га.)                               |        |
|_______|________________________________________________________|________|
|   3.  |ҚР мемжерком органдарының деректері бойынша жер         |        |
|       |учаскелерінің бағаланған құны                           |        |
|_______|________________________________________________________|________|
|   4.  |Тіркелген жиынтық жер салығы - барлығы                  |        |
|       |             оның ішінде: жер салығы                    |        |
|       |          табыс салығы (0,25 процент х 3 жол)           |        |
|_______|________________________________________________________|________|
|   5.  |ҚҚС ескеріп отырып жердің жалпы алқабының табысы        |        |
|_______|________________________________________________________|________|
|   6.  |оның ішінде ҚҚС                                         |        |
|_______|________________________________________________________|________|
|   7.  |ҚҚС ескеріп отырып жердің жалпы алқабына арналған       |        |
|       |шығындар                                                |        |
|_______|________________________________________________________|________|
|   8.  |оның ішінде ҚҚС                                         |        |
|_______|________________________________________________________|________|
|   9.  |Төленуге тиісті ҚҚС сомасы (6 жол - 8 жол)              |        |
|_______|________________________________________________________|________|
|  10.  |Жеке тұлғадан алынатын табыс салығы                     |        |
|_______|________________________________________________________|________|
|  11.  |Мүлік салығы                                            |        |
|_______|________________________________________________________|________|
|  12.  |Көлік құралдарына салық                                 |        |
|_______|________________________________________________________|________|
|  13.  |Салық сомаларының барлығы (4 жол + 9 жол + 10 жол +     |        |
|       |11 жол + 12 жол)                                        |        |
|_______|________________________________________________________|________|
|  14.  |Салық сомаларын төлеуге жататындар (13 жол х 20 %)      |        |
|_______|________________________________________________________|________|
|  15.  |Еңбекақы төлеудің ортажылдық қоры                       |        |
|_______|________________________________________________________|________|
|  16.  |Бюджеттен тыс қорларға аударым:                         |        |
|       |- Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы        |        |
|       |- жинақтаушы Зейнетақы қорлары                          |        |
|       |- міндетті медициналық сақтандыру қоры                  |        |
|       |- мемлекеттік әлеуметтік қоры                           |        |
|_______|________________________________________________________|________|
|  17.  |Патент құны (тіркелген жиынтық салық сомасы (14 жол +   |        |
|       |16 жол)                                                 |        |
|_______|________________________________________________________|________|
|  18.  |Патенттің айлық құны (17 жол: 12 жол)                   |        |
|_______|________________________________________________________|________|
Төлеу мерзімдері 1-мерзімі "__"___________ ж. II-мерзімі "__"___________ ж.
               III-мерзімі "__"___________ ж. IV-мерзімі "__"___________ ж.
     
Тіркелген жиынтық салықтың сомасы мына есеп-шотқа аударылуы тиіс __________
___________________________________________________________________________
Ескерту: Есеп екі дана жасалады.
____________________________________________________________  _____________
      (Салық органының бөлім бастығы. Тегі, аты-жөні)             (қолы)
     
____________________________________________________________  _____________
          (Салық инспекторының тегі, аты-жөні)                    (қолы)
     
Таныстым:___________________________________________________  _____________
               (Шаруашылық басшысының тегі, аты-жөні)             (қолы)
     
     
М.О                                   Есеп тіркеу күні "__"____________ ж.
     
     
                                                                Ережеге
                                                               N 3-қосымша
     
       Өздері үшін жер негізгі өндіріс құрал жабдығы болып табылатын 
                    Қожалықтардың Патент құнын анықтау 
                                 ТӘРТІБІ
     


      1. Осы Тәртіп Қазақстан Республикасы Президентінің Z952235_ "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Заң күші бар Жарлығына сәйкес әзірленді.
      2. Қосылған құнға салынатын салық соңғы үш жыл ішіндегі аймақ бойынша өнім түрлері бойынша ҚҚС-ны қамтитын инфляция коэффициенті мен орташа жылдық шығындарды ескере отырып өткен жылғы сатудың нарықтық бағасы бойынша 1 га-дан алынатын жалпы табысты негізге ала отырып анықталады.
      Мысал:
      Аймақ бойынша дәнді дақылдардың орташа шығымдылығы 1 га-дан 9 центнер және орташа бағасы 1 тонна үшін $110 болған жағдайда 1 га-дан алынатын жалпы табыс 7623 теңге болады (110 х 0,9 х 77,0). 1 га-дан алынатын жалпы табыстағы ҚҚС-ның сомасы 1270 теңге болды (7623 х 20 : 120). 1 га-ға шаққандағы 5000 теңге мөлшеріндегі ҚҚС-ны қамтитын орташаланған шығындар жағдайында 1 га-дан есепке жатқызылатын ҚҚС сомасы 833 теңге болды (5000 х 20 : 120). Патент сомасына енгізілетін 1 га-дан алынған ҚҚС сомасы 437 теңге болды (1270-833).
      Ескерту: Қожалықтың 1 га-дан орташа шығымдылығы және сатудың бөлшек сауда бағасы тараптардың келісімі бойынша анықталуы тиіс.
      Бұл ретте шикізат өндіретін шаруашылық оны Қазақстан Республикасының аумағында бастапқы өнеркәсіптік ұқсатуға сатқан кезде N 37 нұсқаулыққа сәйкес есептеу тәсілімен ҚҚС төлейді.
      Егер Қожалық ауыл шаруашылық өнімін жүзеге асырса және оны бастапқы ұқсатуға беретін болса, онда 7 жол толтырылмайды. Өндірілген ауыл шаруашылық өнімі бастапқы ұқсатуға және одан әрі сатылуға берілген жағдайда Қожалық берушіге төлеген (төлеуге тиісті) ҚҚС ауыл шаруашылық өнімін жалпы сату көлемінің үлес салмағын негізге ала отырып шығынға немесе есепке жатқызады.
      Патент негізінде салық режимінің оңайлатылған жүйесінде жұмыс істейтін Қожалықтар Патентте көрсетілген мөлшерде және сомада қосылған құнға салынатын салық төлеуші болып табылады, және де тек Патенттің құнында көрсетілген сомалар шегінде ғана салық шот-фактураларын жазуы тиіс. Патент беруге жасаған өтінішіне N 37 Нұсқаулықта келтірілген нысан бойынша салық шот-фактураларының бос бланкілері тіркеледі. Бұл ретте өтініште тіркеліп отырған салық шот-фактураларының бланкілерінің саны міндетті түрде тіркелуі тиіс.
      Салық органының мөрімен куәландырылған, берілген салық шот- фактураларының саны патенттерді беру есеп кітабында міндетті түрде тіркелуі тиіс, мұнда сол сияқты Патенттің құнында көзделген ҚҚС сомасы көрсетіледі.

                 3. Шаруашылық қызметінің табыс салығы
      Өздері үшін жер негізгі өндіріс құрал-жабдығы болып табылатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер оны тікелей пайдаланудан алынатын табыстарының 10 проценті ставкасы бойынша салық төлейді.

                    4. Төлеу көзіндегі табыс салығы
      Жалақының тіркелген қоры аймақтың (ауданның) бір ауыл шаруашылық қызметкерінің орташа жалақысын, қожалық Басшысының мәлімдеген қызметкерінің санын және өткен жолдың тиісті кезеңіне орташа жылдық айлық есептік көрсеткішінің өсу коэффициентін негізге ала отырып анықталады.

      Мысал:
      Бір ауыл шаруашылық қызметкерінің орташа жалақысы 4000 теңге, қожалық Басшысының мәлімдеген саны 100 адам, орташа жылдық айлық есептік көрсеткішінің өсу коэффициенті 1,12 (1997 ж. үшін - 580 теңге, 1998 ж. үшін -645 теңге) болды.
      Әрбір ай үшін бір есептік көрсеткішті алып тастағаннан кейінгі бір қызметкерге шаққандағы тіркелген жылдық жалақы қоры 46020 теңге болды (4000 х 12 х 1,12 - 7740). Қазақстан Республикасы Президентінің Z952235_ "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Заң күші

бар Жарлығының 29-бабына сәйкес жылдық жалақы қорының тіркелген сомасынан 
жыл ішінде 2301 теңге мөлшерінде бір қызметкерге шаққандағы табыс 
салығының сомасы анықталады. Қызметкерлердің мәлімдеген саны 100 болған 
кезде Патенттің құнына енгізілетін табыс салығының сомасы 230100 теңге 
болды (2301 х 100).
     
                            5. Жер салығы 
     Қолданыстағы салық заңдарына сай, тиісінше жер бонитеті балына сәйкес 
салынады.
     
                       6. Мүлікке салынатын салық 
     Қожалық басшылары ұсынған деректері бойынша "Қазақстан Республикасы 
Әділет Министрлігінің Жылжымайтын мүлікті және заңды тұлғаларды тіркеу 
жөніндегі агенттігінің жылжымайтын мүлік жөніндегі орталықтары", 
"Жылжымайтын мүлікті бағалау және тіркеу жөніндегі мекемелер мен 
кәсіпорындарды мемлекеттік кәсіпорын етіп қайта құру туралы" Қазақстан 
Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 15 тамыздағы N 1261  

P971261_

  қаулысына 
сәйкес.
     
                 7. Көлік құралдарына салынатын салық 
     Қожалық басшылары ұсынған деректері бойынша қолданыстағы заңдарға 
сәйкес.
     
     8. "Тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан 
Республикасының Заңына сәйкес Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру және 
міндетті медициналық сақтандыру қорларына, сондай-ақ Зейнетақы төлеу 
жөніндегі Мемлекеттік орталыққа жасалған аударылымдар.
     
     9. Заңды тұлғалар "Қазақстан Республикасы Президентінің "Жол қоры 
туралы" Заң күші бар Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 
1998 жылғы 8 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жыл 
сайынғы аударылымдарды төлеушілер болып табылады.
     
     10. Патенттің жылдық құны мыналардан тұрады:
     - қосылған құнға салынатын салық
     - шаруашылық қызметінің табыс салығы
     - төлеу көзінде ұсталатын табыс салығы
     - жер салығы 
     - мүлікке салынатын салық 
     - көлік құралдарына салынатын салық 
     - әлеуметтік сақтандыруға аударылымдар 
     - міндетті Зейнетақы жарналары 
     - жол қорына аударылымдар 
     
     
                                                                 Ережеге
                                                                 4-қосымша
     
СТТН ___________________________________     ______________________________
            (салық төлеушінің)                       (аудан, қала) 
     
________________________________________     ______________________________
                                                 бойынша салық комитеті 
 (шаруа қожалықтарының аты)                  ______________________________
                                                     (берілген күні) 
Қызмет түрлері  ________________________
________________________________________
 
     
         Өздері үшін жер негізгі өндірістің құралы болып табылатын 
                   ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің 
                                  Патенті 
                                                              (мың теңге)
 _________________________________________________________________________
| N р/н |                Негізгі көрсеткіштер                    | -- жыл |
|_______|________________________________________________________|________|
|   1.  |Ауыл шаруашылық қызметкерлерінің саны (адам)            |        |
|_______|________________________________________________________|________|
|   2.  |Жердің жалпы көлемі (га.)                               |        |
|_______|________________________________________________________|________|
|   3.  |ҚҚС ескере отырып жердің жалпы алқабының табысы         |        |
|_______|________________________________________________________|________|
|  3.1  |оның ішінде ҚҚС                                         |        |
|_______|________________________________________________________|________|
|   4.  |ҚҚС ескере отырып жердің жалпы алқабының шығындары      |        |
|_______|________________________________________________________|________|
|  4.1  |оның ішінде ҚҚС                                         |        |
|_______|________________________________________________________|________|
|   5.  |Төленуге тиісті ҚҚС сомасы                              |        |
|_______|________________________________________________________|________|
|   6.  |Ауыл шаруашылық қызметінен алынатын табыс салығы        |        |
|_______|________________________________________________________|________|
|   7.  |Мүлік салығы                                            |        |
|_______|________________________________________________________|________|
|   8.  |Жер салығы                                              |        |
|_______|________________________________________________________|________|
|   9.  |Көлік құралдарына салық                                 |        |
|_______|________________________________________________________|________|
|  10.  |Еңбекақы төлеудің ортажылдық қоры                       |        |
|_______|________________________________________________________|________|
|  11.  |Жеке тұлғадан алынатын табыс салығы                     |        |
|_______|________________________________________________________|________|
|  12.  |барлық салықтар (5-9, 11 жолдар сомасы)                 |        |
|_______|________________________________________________________|________|
|  13.  |Салық сомаларын төлеуге жататындар (12 жол х 20 %)      |        |
|_______|________________________________________________________|________|
|  14.  |Бюджеттен тыс қорларға аударым:                         |        |
|       |- Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы        |        |
|       |- жинақтаушы Зейнетақы қорлары                          |        |
|       |- міндетті медициналық сақтандыру қоры                  |        |
|       |- мемлекеттік әлеуметтік қоры                           |        |
|       |- жұмыспен қамту қоры                                   |        |
|       |- жол қоры                                              |        |
|_______|________________________________________________________|________|
|  15.  |Патент құны (тіркелген жиынтық салық сомасы (13 жол +   |        |
|       |14 жол)                                                 |        |
|_______|________________________________________________________|________|
|  16.  |Патенттің айлық құны (15 : 12 жол)                      |        |
|_______|________________________________________________________|________|
Төлеу мерзімдері 1-мерзімі "__"___________ ж. II-мерзімі "__"___________ ж.
               III-мерзімі "__"___________ ж. IV-мерзімі "__"___________ ж.
     
Тіркелген жиынтық салықтың сомасы мына есеп-шотқа аударылуы тиіс __________
___________________________________________________________________________
Ескерту: Есеп екі дана жасалады.
____________________________________________________________  _____________
      (Салық органының бөлім бастығы. Тегі, аты-жөні)             (қолы)
     
____________________________________________________________  _____________
          (Салық инспекторының тегі, аты-жөні)                    (қолы)
     
Таныстым:___________________________________________________  _____________
               (Шаруашылық басшысының тегі, аты-жөні)             (қолы)
     
     
М.О                                   Есеп тіркеу күні "__"____________ ж.
     
                                                                  Ережеге
                                                                 6-қосымша
     
                                       салық салудың, есептің және берудің
                                       ЫҚШАМДАЛҒАН 
                                       ЖҮЙЕСІ
     
     
                        199 ___ жылға арналған 
                             кірістер мен 
                             шығыстардың
                             ЕСЕП КІТАБЫ 
     
                       199 ___ жылғы "___"____________
 _________________________________________________________________________
| N |                   |    |Тауарлардың есеп|      Сатып алынған        |
|р/р|(жұмыстардың,қызмет|    |ті кезеңнің ба. |        тауарлар           |
|   |    көрсетулердің) |    |сындағы қалдығы |                           |
|   |        атауы      |Өлш.|________________|___________________________|
|   |                   |бір.|Саны|Бағасы|Құны|Құжат|Құжаттың|Саны|ҚҚС-сыз|
|   |                   |лігі|    |      |    |  N  |берілген|    | құны  |
|   |                   |    |    |      |    |     |  күні  |    |       |
|___|___________________|____|____|______|____|_____|________|____|_______|
|   |         1         |  2 | 3  |   4  | 5  |  6  |    7   |  8 |   9   |
|___|___________________|____|____|______|____|_____|________|____|_______|
|___|___________________|____|____|______|____|_____|________|____|_______|
|      ЖИЫНЫ            |    |    |      |    |     |        |    |       |
|_______________________|____|____|______|____|_____|________|____|_______|
     
 _____________________________________________________
      |   Орындалған    |     Сатылған тауарлар       |
      | жұмыстар, қызмет|                             |
      |    көрсетулер   |                             |
 _____|_________________|_____________________________|
  ҚҚС |   ҚҚС-   | ҚҚС  | Саны | Құны | ҚҚС-сыз | ҚҚС |
      | сыз құны |      |      |      |         |     |
      |          |      |      |      |         |     |
 _____|__________|______|______|______|_________|_____|
   10 |    11    |  12  |  13  |  14  |    15   |  16 |
 _____|__________|______|______|______|_________|_____|
     
          Кірістер мен шығыстардың есеп кітабын жүргізе отырып, 
     Мемлекеттік тіркеу куәлігінің негізінде кәсіпкерлік қызметпен 
     шұғылданатын жеке тұлғаларға арналған кірістер мен шығыстардың 
                   есеп кітабын толтыру жөніндегі 
                            БАСШЫЛЫҚ 
     


      1. Кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын жеке тұлғаларға (бұдан әрі - салық төлеуші) арналған оңайлатылған салық режимінің бірден бір түрі Бақылау-кассалық аппараттарын қолдана және сатып алушыға бақылау чектерін бере отырып, Кірістер мен шығыстардың есеп кітабын жүргізу болып табылады. Кірістер мен шығыстардың есеп кітабында есепті кезеңде жүзеге асырылатын шаруашылық операциялары қосарлап жазу әдісін қолданбастан және бухгалтерлік есеп шоттары бойынша операциялар көрінбестен тауарлардың топтары бойынша жайғасым тәсілімен бастапқы құжаттардың негізінде мерзімдік дәйектілікте көрінеді. Кітапты толтыруға арналған есепті кезең (бұдан әрі - ай) күнтізбелік ай болып табылады. Салық органдарының қызметкерлері салық төлеушіге құжаттық немесе үстеме тексеру жасаған кезде, соңғысы тексеруге барлық бастапқы құжаттарды, сондай-ақ есепті кезең басталмағандығына байланысты олар бойынша Кірістер мен шығыстардың есеп кітабына жазбалар жүргізілмеген құжаттарды ұсынуға міндетті.
      Кірістер мен шығыстардың есеп кітабы буылып тігілуі және нөмірленуі керек. Соңғы бетінде жеке кәсіпкердің (басшының) қолымен расталған және салық органы мөрінің таңбасымен бекітілетін ондағы баяндалған беттердің саны жазылады.
      2. "Тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) атауы" 1-баған бойынша басқа ұйымдармен мен жеке кәсіпкердің кәсіпкерлік қызметімен байланысты түскен тауарлардың атауы, орындалған жұмыстар және көрсетілген қызметтер көрсетіледі.
      3. "Өлшем бірлігі" 2-баған бойынша сатуға жататын тауарлардың өлшем бірлігі көрсетіледі.
      4. "Есепті кезеңнің басындағы тауарлардың қалдығы" есепті кезеңнің басындағы тауарлардың қалдығы мынаны көрсете отырып:
      "Саны" 3-баған бойынша - есепті кезеңнің басында сатылмаған тауарлардың ауыспалы қалдығының саны көрсетіледі.
      "Саны" 3-баған - екінші және кейінгі есепті кезең үшін өткен айдағы 3 және 8-бағандар бойынша тиісті жолдардың көрсеткіштерін өткен айдағы 13-баған бойынша (есепті айдың басындағы тауарлардың қалдық саны өткен есепті айдың аяғындағы тауарлардың санына теңестіріледі) тиісті жолдың көрсеткіштеріне кемітілген сомасы ретінде айқындалады.
      "Бағасы" 4-баған бойынша бұл құнға қосылған құнға салынатын салықты қоспай-ақ орташа өлшенген құн бойынша айқындалған 3-бағанда көрсетілген тауардың бағасы.
      "Бағасы" 4-баған - екінші және есепті кезеңдер үшін мынадай тәртіпте: (5-баған + 9-баған) : (3-баған + 8-баған) айқындалады, бұл орайда алдағы айға арналған баған көрсеткіштері қолданылады.
      "Құны" 5-баған бойынша - қосылған құн салығын қоспай-ақ, 4-бағанда аталған орташа өлшенген құн бойынша 3-бағанда көрсетілген тауардың құны.
      5. "Сатып алынған тауарлар" мыналарды көрсете отырып, сатуға жататын сатып алынған тауарлар көрсетіледі:
      "Құжат N" 6-баған бойынша - тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді берермен берген салық шот-фактурасының нөмірі. Салық шот- фактурасы болмаған жағдайда, бұл бағанда ол бойынша тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрсетулер (ілеспе құжат, сатып алу актісі және т.б.) сатып алынған құжат нөмірі көрсетіледі.
      "Құжаттың жіберілген күні" 7-баған бойынша - салық шот-фактурасын жіберген құн. Салық шот-фактурасы болмаған жағдайда, тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрсетулер сатып алынған құжаттың жіберілген күні көрсетіледі.
      "Саны" 8-баған бойынша - ілеспе құжаттарға, сатып алу актілеріне және т.б. сәйкес топтар бөлігінде сатып алынған тауарлардың саны.
      "ҚҚС-сыз құны" 9-баған бойынша - қосылған құн салығын қоспай-ақ, сатып алу бағасы бойынша 8-бағанда көрсетілген сатып алынған тауардың құны.
      "ҚҚС" 10-баған бойынша - сатып алынған тауарлар бойынша төленген немесе төлеуге жататын қосылған құн салығының сомасы. Бұл бағанды толтыру үшін қолданылып жүрген заңдарда белгіленген нысан бойынша тауарларды берермен жіберген сатып алынған тауарларға салық шот-фактурасының бар болуы міндетті шарт болып табылады.
      6. "Орындалған жұмыстар, қызмет көрсетулер" - мыналарды көрсете отырып, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер көрсетіледі:
      "ҚҚС-сыз құны" 11-баған бойынша - жеке тұлғаға басқа ұйымдар көрсеткен және оның кәсіпкерлік қызметімен байланысты жұмыстар мен қызмет көрсетулердің құны. Бұл бағанда жұмыстар мен қызмет көрсетулердің құны қосылған құн салығынсыз көрсетіледі. Бұл орайда салық салынатын табыстарды айқындау кезінде салық заңдарымен реттелген шығыстар салық заңдарымен белгіленген нормалар шегінде (сыйақы (мүлде) және т.б.) шегеріледі.
      "ҚҚС" 12-баған бойынша - 11-бағанда көрсетілген жұмыстар мен қызмет көрсетулер бойынша салық төлеуші төлеген немесе төлеуге жататын қосылған құн салығының сомасы. Бұл бағанды толтыру үшін салық заңдарымен белгіленген нысан бойынша берермен жіберген жұмыстар, қызмет көрсетулердің салық шот-фактурасының бар болуы міндетті шарт болып табылады.
      7. "Сатылған тауарлар" - мыналарды көрсете отырып, сатылған тауарлар көрсетіледі:
      "Саны" 13-баған бойынша - есепті кезең ішінде сатылған тауарлардың саны.
      "Құны" 14-бағаны бойынша - орташа өлшенген құн бойынша 13-бағанда аталған сатылған тауарлардың құны. Сатылмаған тауарлардың орташа өлшенген құны 5-баған (айдың аяғындағы) бойынша тиісті жолдарға кемітілген 5 (ай басындағы) және 9-бағандар (есепті айға арналған) бойынша тиісті жолдардың сомасы ретінде айқындалады. 14-бағанды салық төлеуші аяғында сатылмаған тауарлардың қалдығын айқындағаннан кейін толтырады.
      "ҚҚС-сыз түсім" 15-баған бойынша - оған қосылған құн салығын қоспай-ақ тауарларды сатудан алынған немесе алынатын сома.
      "ҚҚС" 16-баған бойынша - салық заңдарымен белгіленген ставкалар

бойынша (20%, 10%) белгіленетін тауарларды сатудан алынған немесе алынатын 
қосылған құн салығының сомасы.
     15 және 16-бағандардың сомасы есепті айға арналған бақылау-кассалық 
аппараттарының көрсеткіштеріне тең болуы керек.
     Салық төлеуші салық салынатын табысты ҚҚС-сыз түсім (15-баған бойынша 
бір ай ішіндегі жиынтық сома) мен сатылған тауарлардың құны (14-баған 
бойынша бір ай ішіндегі жиынтық сома) және салық төлеушіге басқа ұйымдар 
орындаған жұмыстар мен көрсетілген қызметтерді шегеруге жататын құн 
арасындағы айырмашылық ретінде айқындайды. Есеп айырысуды жасау үшін "Жеке 
тұлғалардан алынатын табыс салығын бюджетке есептеу мен төлеудің тәртібі 
туралы" N 33-нұсқаулықпен бекітілген декларацияға тиісті қосымшалар 
қолданылады.
     
                 КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТПЕН ШҰҒЫЛДАНАТЫН ЖЕКЕ 
                  ТҰЛҒАЛАРДЫҢ САЛЫҚ САЛЫНАТЫН ТАБЫСЫНЫҢ 
                  ________ ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ЕСЕП АЙЫРЫСУЫ 
 _________________________________________________________________________
| N |                    Көрсеткіштер                       | Төлеушінің  |
|р/р|                                                       | мәліметтері |
|   |                                                       |   бойынша   |
|___|_______________________________________________________|_____________|
| I |Жиынтық жылдық табыс                                   |             |
|___|_______________________________________________________|_____________|
| 1.|ҚҚС-сыз түсім (15-баған бойынша бір ай ішіндегі        |             |
|   |жиынтық сома)                                          |             |
|___|_______________________________________________________|_____________|
|II |Шегерімдер                                             |             |
|___|_______________________________________________________|_____________|
| 2.|Сатылған тауарлардың құны (14-баған бойынша бір ай     |             |
|   |ішіндегі жиынтық сома)                                 |             |
|___|_______________________________________________________|_____________|
| 3.|Орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер (11-баған   |             |
|   |бойынша бір ай ішіндегі жиынтық сома)                  |             |
|   |соның ішінде                                           |             |
|   |1. Шегерілуге жататын орындалған жұмыстар, көрсетілген |             |
|   |қызметтер:                                             |             |
|   |а) ______________________________________              |             |
|   |б) ______________________________________              |             |
|   |в) ______________________________________              |             |
|___|_______________________________________________________|_____________|
| 4.|Есеп айырысу сәйкес негізгі қаражаттар бойынша         |             |
|   |амортизациялық аударымдар мен шегерімдер               |             |
|___|_______________________________________________________|_____________|
| 5.|Шегерілуге жататын басқа да шығыстар                   |             |
|___|_______________________________________________________|_____________|
| 6.|Барлық шегерімдер (2-жол + 3а-жол + 5-жол)             |             |
|___|_______________________________________________________|_____________|
| 7.|Салық салынатын табыс (1-жол - 6-жол)                  |             |
|___|_______________________________________________________|_____________|
| 8.|Табыс салығының ставкасы                               |             |
|___|_______________________________________________________|_____________|
| 9.|Салық сомасы (7-жол х 8-жол)                           |             |
|___|_______________________________________________________|_____________|


      Мысалы орташа өлшенген құн бойынша есепті кезеңнің аяғындағы сатылмаған тауарлардың бағасы мен құнын айқындау бойынша <*>
      Салық төлеушіде 1998 жылғы 1 қаңтарда тауарлардың қалдығы болды, атап айтқанда, жалпы сомасы 900 теңге болатын бағасы 150 теңге 6 жұп етік (ҚҚС-сыз бағасы мен құны). Осы абзацта көрсетілген мағына қаңтар айында 3, 4, 5,-бағандар бойынша есепті кезеңнің басындағы тиісті тауарлардың қалдығында көрсетіледі.
      Салық төлеуші қаңтар айында жалпы құны 1700 теңге болатын (ҚҚС-сыз) саны 10 жұп етіктің жаңа тобын сатып алды. Осы абзацта көрсетілген мағына қаңтар айында 8, 9,-бағандар бойынша сатып алынған тауарлар ретінде көрсетіледі.
      Салық төлеуші қаңтар айында бағасы 200 теңге 10 жұп етік және бағасы 220 теңге 2 жұп етік сатты. Қаңтар айы бойынша барлығы 13 және 15-бағандарда көрсетілген бағасы 2440 теңгеге 12 жұп етік сатылды.
      Бұдан әрі салық төлеуші айдың аяғында сатылмаған тауарлардың қалдығын айқындайды (есепті айдың басындағы сатылмаған тауарлардың қалдық саны өткен есепті айдың аяғындағы сатылмаған тауарлардың санына теңестіріледі) және бұл үшін келесі есепті айға, атап айтқанда 1998 жылдың 1 ақпанына арналған 3, 4, 5-бағандар толтырылады. Келесі есепті кезеңнің басындағы, атап айтқанда 1998 жылғы 1 ақпандағы сатылмаған жұп етіктердің қалдығы 4 жұпты құрайды (6+10-12). Сатылмаған бір жұп етіктің, келесі есепті айдың басындағы (1998 жылғы 1 ақпан) 4-бағанды құрайтын орташа өлшенген бағасы - 162,5 теңгені құрайды ((900+1700) : (6+10)). Сатылмаған 4 жұп етіктің құны орташа өлшенген құн бойынша тиісінше 650 теңгені құрайды (4х162,5) және 5- бағанда көрсетіледі. Салық төлеуші табысты айқындау үшін 1950 теңгені ((900+1700)-650) құрайтын қаңтар айындағы сатылған 12 жұп етіктің құны айқындалады, мағынасы 14-бағанға көшіріледі.