ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Өнеркәсіп және қоршаған орта статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 21 ақпандағы № 24 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20076 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 15-тармағы 36) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағы 22) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
жоғарыда көрсетілген бұйрыққа 19 және 20-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Стратегиялық жоспарлау және әдіснамалық үйлестірут департаменті Заң департаментімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Стратегиялық жоспарлау және әдіснамалық үйлестірудепартаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріне жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық ресми жариялануы тиіс және 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы |
М. Турлубаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Экология және
табиғи ресурстар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы 2024 жылғы 26 маусымдағы № 12 бұйрығына 1-қосымша |
Мемлекеттік статистика органдары құпиялылығына кепілдік береді |
Қазақстан Республикасы | ||||||||
Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған шығындар туралы есеп | |||||||||
Индексі | 4-ОС |
жылдық |
есепті кезең |
жыл | |||||
Табиғи ресурстарды пайдаланатын, ластаушы заттар мен өндірістік және тұтыну қалдықтардың шығарындылары мен төгінділерінің тұрақты көздері бар және табиғат қорғау шараларын жүзеге асыратын заңды тұлғалар және (немесе) олардың құрылымдық жəне оқшауланған бөлімшелеріұсынады | |||||||||
Ұсыну мерзімі – есепті кезеңнен кейінгі 15 сәуірге (қоса алғанда) дейін | |||||||||
БСН коды | |||||||||
1. Табиғи ресурстарды пайдаланатын, ластаушы заттар шығарындылары мен төгінділерінің тұрақты көздері, өндірістік және тұтыну қалдықтары бар, табиғатты қорғау қызметін жүзеге асыратын объектінің нақты орналасқан орнын көрсетіңіз (тіркелген жеріне қарамастан) – облыс, қала, аудан, елді мекен | |||||||||
1.1 Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішіне (ӘАОЖ) сәйкес аумақ коды (респондент статистикалық нысанды қағаз жеткізгіште ұсынған кезде аумақтық статистика бөлімшелеріңің тиісті қызметкері толтырады) |
2. Табиғатты қорғау қызметінің түрлері бойынша қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған ағымдағы шығындардың жалпы көлемін және оның қаржыландыру көздерін көрсетіңіз, мың теңгеде
Укажите объем текущих затрат, направленных на охрану окружающей среды по видам природоохранной деятельностии источники их финансирования, в тысячах тенге
Жол коды |
ҚОҚҚШ және РБЖ1 сәйкес шығындардың бағыты |
Ағымдағы шығындардың көлемі |
Олардан негізгі түрлер бойынша: |
Соның ішінде қаржыландыру көздері | |||||
материалдық шығындар |
еңбекақы төлеуге және әлеуметтік мұқтаждықтарға аударылған аударымдарға жұмсалған шығындар |
табиғатты қорғау қызметтерін көрсеткені үшін басқа кәсіпорындарға (ұйымдарға) төленгені |
бюджеттік қаражат |
меншікті қаражат |
өзге де қаражаттар | ||||
республикалық бюджет |
жергілікті бюджет | ||||||||
А | Б | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
1 |
Атмосфералық ауаны қорғау және климаттың өзгеру проблемалары |
Ескертпе:
Примечание:
1 Мұнда ҚОҚҚШ және РБЖ – Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастырылған Қоршаған ортаны қорғау бойынша қызметтер, шығындар түрлері және ресурстарды басқару анықтамалығы
1 Здесь КДЗООС и УР – Справочник видов деятельности, затрат по охране окружающей среды и управления ресурсами, размещенный на интернет-ресурсе Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан
Жол коды |
ҚОҚҚШ және РБЖ сәйкес шығындардың бағыты |
Ағымдағы шығындардың көлемі |
Олардан негізгі түрлер бойынша: |
Соның ішінде қаржыландыру көздері | |||||
материалдық шығындар |
еңбекақы төлеуге және әлеуметтік мұқтаждықтарға аударылған аударымдарға жұмсалған шығындар |
табиғатты қорғау қызметтерін көрсеткені үшін басқа кәсіпорындарға (ұйымдарға) төленгені |
бюджеттік қаражат |
меншікті қаражат |
өзге де қаражаттар | ||||
республикалық бюджет |
жергілікті бюджет | ||||||||
А | Б | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
1.1 |
соның ішінде | ||||||||
1.2 |
көміртегі бірліктерін сатып алу | ||||||||
2 |
Ақаба суларды тазарту | ||||||||
3 |
Қалдықтармен жұмыс жасау | ||||||||
4 |
Топырақты, жерасты және жерүсті суларын қорғау мен оңалту | ||||||||
5 |
Шу және вибрациялық әсер етуді азайту (жұмыс орындарында еңбекті қорғау бойынша зауытішілік сипаттағы іс-шараларды қоспағанда) | ||||||||
Жол коды |
ҚОҚҚШ және РБЖ сәйкес шығындардың бағыты |
Ағымдағы шығындардың көлемі |
Олардан негізгі түрлер бойынша: |
Соның ішінде қаржыландыру көздері | |||||
материалдық шығындар |
еңбекақы төлеуге және әлеуметтік мұқтаждықтарға аударылған аударымдарға жұмсалған шығындар |
табиғатты қорғау қызметтерін көрсеткені үшін басқа кәсіпорындарға (ұйымдарға) төленгені |
бюджеттік қаражат |
меншікті қаражат |
өзге де қаражаттар | ||||
республикалық бюджет |
жергілікті бюджет | ||||||||
А | Б | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
6 |
Биоәртүрлілік және ландшафттарды сақтау | ||||||||
7 |
Радиациялық қауіпсіздік (сыртқы мемлекеттік қауіпсіздік мәселелерін қоспағанда) | ||||||||
8 |
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер | ||||||||
9 |
Табиғатты қорғау қызметінің басқа бағыттары | ||||||||
одан | |||||||||
9.1 |
жаңартылатын энергия көздері саласындағы қызмет | ||||||||
Жол коды |
ҚОҚҚШ және РБЖ сәйкес шығындардың бағыты |
Ағымдағы шығындардың көлемі |
Олардан негізгі түрлер бойынша: |
Соның ішінде қаржыландыру көздері | |||||
материалдық шығындар |
еңбекақы төлеуге және әлеуметтік мұқтаждықтарға аударылған аударымдарға жұмсалған шығындар |
табиғатты қорғау қызметтерін көрсеткені үшін басқа кәсіпорындарға (ұйымдарға) төленгені |
бюджеттік қаражат |
меншікті қаражат |
өзге де қаражаттар | ||||
республикалық бюджет |
жергілікті бюджет | ||||||||
А | Б | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9.2 |
энергия үнемдеу технологиялары және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызмет |
3. Статистикалық нысанды толтыруға жұмсалған уақытты көрсетіңіз, сағатпен (қажеттiсiн қоршаңыз)
Укажите время, затраченное на заполнение статистической формы, в часах (нужное обвести)
1 сағатқа дейiн | 1-2 | 2-4 | 4-8 | 8-40 | 40 сағаттан артық |
до 1 часа | более 40 часов |
Атауы |
Мекенжайы (респонденттің) | ||
Телефоны (респонденттің) | Электрондық пошта мекенжайы (респонденттің) | ||
Телефон (респондента) |
Адрес электронной почты (респондента) | ||
стационарлық ұялы | |||
Орындаушы | |||
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) |
қолы, телефоны (орындаушының) | ||
Бас бухгалтер немесе оның міндетін атқарушы тұлға | |||
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) |
қолы | ||
Басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға | |||
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) |
қолы |
Ескертпе:
Примечание:
Мемлекеттік статистиканың тиісті органдарына анық емес бастапқы статистикалық деректерді ұсыну және бастапқы статистикалық деректерді белгіленген мерзімде ұсынбау "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 497-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар болып табылады
Представление недостоверных и непредставление первичных статистических данных в соответствующие органы государственной статистики в установленный срок являются административными правонарушениями, предусмотренными статьей 497 Кодекса Республики Казахстан "Об административных правонарушениях"
"Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған шығындар туралы есеп" (индексі 4-ОС, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық
1. Осы нұсқаулық "Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған шығындар туралы есеп" (индексі 4-ОС, кезеңділігі жылдық) (бұдан әрі – статистикалық нысан) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыруды нақтылайды.
2. Осы Нұсқаулықта мынадай анықтамалар пайдаланылады:
1) жергілікті бюджет қаражаты – жергілікті атқарушы органдардың өзара қарыз беру қаражатын қосқанда, өтеулі және өтеусіз негізде жергілікті бюджеттен бөлінетін қаражат;
2) қоршаған ортаны қорғау бойынша қызмет түрлері мен шығындар және ресурстарды басқару анықтамалығы (бұдан әрі – ҚОҚҚШ мен РБЖ) – қоршаған ортаны қорғауды сипаттайтын қызмет түрлерін, сондай-ақ табиғи ресурстарды басқаруды жіктеуге арналған анықтамалық;
3) қоршаған ортаны қорғауға арналған ағымдағы шығындар – кәсіпорындар мен ұйымдардың іс-шараларды өткізуге, технологиялық процестер мен өндірістердің ағымдағы жұмысын қамтамасыз етуге, сондай-ақ экологиялық заңнаманы сақтау, ластаушы заттарды (өнімдерді) болдырмау, азайту, тазарту (қайта өңдеу) және (немесе) жою мақсатында әзірленген және жұмыс істейтін машиналар мен жабдықтарды ұстауға және пайдалануға арналған шығыстары, отын-энергетикалық ресурстарды сақтау;
4) меншікті қаражат – кәсіпорындардың, ұйымдардың, халықтың қаражаты;
5) республикалық бюджет қаражаты – үкіметтің сыртқы қарыздарын қоса алғанда, өтеулі және өтеусіз негізде республикалық бюджеттен бөлінген қаражат.
3. Статистикалық нысан бухгалтерлік және қоршаған ортаны қорғауға кеткен нақты шығындарды бастапқы есепке алу деректерінің негізінде толтырылады.
4. 1-бөлімде табиғи ресурстарды пайдаланатын, ластаушы заттардың шығарындылары мен төгінділері, өндіріс және тұтыну қалдықтары бар, табиғатты қорғау қызметін жүзеге асыратын объектінің нақты орналасқан орны көрсетіледі (заңды тұлғаның және (немесе) оның құрылымдық жəне оқшауланған бөлімшесінің тіркелген жеріне қарамастан). Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішіне сәйкес аумақ кодын мемлекеттік статистика органының қызметкері толтырады.
5. 2-бөлімді толтыру кезінде Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының ресми сайтында (www.stat.gov.kz) орналастырылған ҚОҚҚШ мен РБЖ басшылыққа алу керек.
2-бөлімнің 1-бағанында қоршаған ортаны қорғаумен байланысты ішкі өнеркәсіптік қызмет процесінде пайда болатын ағымдағы шығындардың нақты сомасы көрсетіледі.
Шаруашылық субъектілерінің қоршаған ортаны қорғау бойынша қызметпен байланысты ағымдағы (пайдаланушылық) шығыстары қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған ағымдағы шығындарға жатады.
Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған ағымдағы шығындардың құрамына:
1) қоршаған ортаны қорғау бойынша (оларды жаңғырту және қалпына келтіру шығыстарынсыз) негізгі қорды ұстау және пайдалану: қоршаған ортаны қорғау қорларын пайдалану кезінде пайдаланылатын шикізат, материалдар мен басқа да өнімдер, отын және электр энергиясы, осы қорларды ағымдағы жөндеуіне, аталған қорларға қызмет көрсететін персоналды ұстауға жұмсалған шығындар, қоршаған ортаны қорғау имараттарына және құрылғыларына қатысты сақтандыру бойынша төлемдер;
2) өз күшімен өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинау, сақтау немесе көму және қайта өңдеу немесе залалсыздандыру, жою және орналастыруға жұмсалатын шығындар;
3) қоршаған ортаға зиянды әсерлерді өз күшімен бақылауды және мониторингілеу іс-шараларын ұйымдастыру, ғылыми-техникалық зерттеулер, ұйымда қоршаған ортаны қорғау қызметін басқару;
4) бұрын өткізілген шаруашылық қызметінің нәтижесінде бұзылған қоршаған ортаның сапасын сақтау және қалпына келтіру бойынша ағымдағы іс-шаралар;
5) осындай обьектілерді пайдалану салдарын жою жөніндегі, оның ішінде болашақта туындайтын талаптарға қатысты өз міндеттемелерінің орындалуын қаржылық қамтамасыз етуге бөлінетін қаражат;
6) қоршаған ортаға зиянды әсерді азайту жөніндегі өзге де ағымдағы іс-шаралар.
Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған ағымдағы шығындардың құрамына:
1) қоршаған ортаны қорғау бойынша объектілердің құрылысы;
2) қоршаған ортаны қорғау бойынша негізгі қорларды күрделі жөндеу;
3) қоршаған ортаны қорғау мақсатындағы негізгі қорлар бойынша амортизациялық шығындар кірмейді.
2-бағанда шикізатты және (немесе) материалдарды, құрал-жабдықтарды, құрылғылар мен мүкәммалдарды, жиынтықтаушы бұйымдарды және (немесе) жартылай фабрикаттарды, отынды, қоршаған ортаны қорғауға арналған негізгі қорлардың жұмыс істеуі және қоршаған ортаны қорғау бойынша басқа да жұмыстарды орындау үшін қажетті барлық энергия түрлерін сатып алуға кеткен шығындарды құрайтын материалдық шығындар көрсетіледі. Осы бағанды толтыру кезінде алғашқы бухгалтерлік есептілік нысандарының деректері пайдаланылады. Материалдық шығындарға шаруашылық мүкәммалын (мысалы, тырмалар, саусаққаптар, сыпыртқылар) сатып алу енгізілмейді.
3-бағанда қоршаған ортаны қорғау құралдарын пайдаланумен және жұмысшыларға еңбекақыға және әлеуметтік қажеттіліктерге (бюджеттік емес қорларға аударымдарды қоса) кеткен шығындар және тізімдік құрамдағы жұмысшыларға және сыртқы үйлестірушілерге жалақы сомасын және әлеуметтік сипаттағы төлемдерді қосатын қоршаған ортаны қорғау бойынша басқа да іс-шараларды өткізумен байланысты төлемдер көрсетіледі. Бұған қоршаған орта объектілерін пайдалану және қызмет көрсету бойынша тікелей жұмыс істейтін жұмысшылар кіреді. Бұдан басқа ортаны қорғау іс-шараларын өткізу кезіндегі (өндіріс пен тұтыну қалдықтарын шығару мен көму және басқасы) еңбекақы және әлеуметтік төлемдер, сондай-ақ экологтың жалақысы кіреді. Осы көрсеткіште қоршаған ортаны қорғау саласындағы мониторингті жүзеге асыратын (бақылау өлшемдер; есепке алу; бақылау және басқасы) зауыттық зертханалар жұмысшыларының еңбекақысы көрсетіледі. Қызметкерлерді тасымалдау бойынша жүргізушілерге төленетін бір реттік төлемдер, карьерге дейінгі жолдардың шаңын басу бойынша жүргізушілерге төленетін төлемдер және коммуналдық шаруашылық саласындағы көрсетілетін қызметтер (мысалы, аумақты сыпыру, жаңбырдан шатырдағы субұрғышты жөндеу жұмыстары) бойынша бір реттік төлемдер қосылмайды.
4-бағанда 1-бағаннан бөгде ұйымдарға көрсетілген табиғатты қорғау қызметтері:
1) ақаба суды қабылдау, тасымалдау және тазалау;
2) өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинау, тасымалдау (шығару), уақытша сақтау, қайта өңдеу (залалсыздандыру), жою және (немесе) көмуге;
3) қоршаған ортаны қорғау бойынша басқа да қызметтер, соның ішінде қоршаған ортаға әсерін бағалауды және алдын ала қоршаған ортаға әсерін бағалауды әзірлеу үшін ластаушы көздерді түгендеу, атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларының жол берілетін шекті нормативтерінің жобаларын әзірлеу, кәсіпорындардың санитарлық-қорғау аймақтарының жобаларын әзірлеу, қоршаған орта факторлары әсер еткен жағдайда адам денсаулығы үшін тәуекелдерді бағалау бойынша жұмыстар, су объектілеріне заттар мен микроорганизмдердің төгінділерінің шекті нормативтерінің жобасын әзірлеу, қалдықтардың қалыптасу нормативтерінің және оларды орналастыру лимиттерінің жобаларын әзірлеу, экологиялық сертификация және аудит, басқа да ұқсас қызметтер мен жұмыстарға кеткен нақты төлем сомасы көрсетіледі.
5-8-бағандарда ағымдағы шығындардың көлемін бюджеттік (республикалық және жергілікті), меншікті қаражат, басқа қаржыландыру көздері бойынша көрсетіледі.
Басқа қаражатқа қарыз қаражаты, банктердің кредиттері, басқа заңды тұлғалардан алынған ақшалар және басқасы кіреді.
"Биоәртүрлілік пен ландшафттарды қорғау" 6-жолын толтыру кезінде флора және фауна түрлерін, экожүйелер мен мекендеу ареалдарын, табиғи және жартылай табиғи ландшафттарды қорғау және қалпына келтірумен байланысты деректерді көрсету қажет. Абаттандырумен байланысты аумақты көгалдандыру (жол бойына гүлдерді немесе талдарды отырғызу, ауланы көгалдандыру және тағы басқасы) бойынша шығындар кірмейді.
"Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер" 8-жолы бойынша қоршаған ортаға теріс әсер ету салдарын бағалауға, қоршаған ортаны сақтау және қалпына келтіру тұжырымдамаларын, ғылыми болжамдары мен жоспарларын әзірлеуге арналған шығындар көрсетіледі. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған шығындар енгізілмейді.
6. Есепті кезеңде (ай, тоқсан, жыл) қызметі болмаған кезде респондент Заңмен белгіленген тәртіпте бекітілетін, Респонденттердің жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар бойынша алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигінде көрсетілген берілген есепті кезең үшін статистикалық нысандарды ұсынудың ең ерте мерзімдерінің аяқталу күнінен кешіктірмей тиісті мемлекеттік статистика органына тиісті статистикалық нысандардың орнына қызметінің болмағандығы туралы хабарламаны Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 9 шілдедегі № 173 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6459 болып тіркелген Респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну қағидаларына 1-қосымшада келтірілген нысанға сәйкес, қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде ұсынады.
7. Осы статистикалық нысанды ұсыну қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде жүзеге асырылады. Статистикалық нысанды электрондық түрде толтыру Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында (https://cabinet.stat.gov.kz/) орналастырылған "Деректерді он-лайн режимде жинау" ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
8. Арифметикалық-логикалық бақылау:
2-бөлімнің 1-бағаны 2-баған + 3-баған + 4-баған әр жол үшін;
2-бөлімнің 1-бағаны = 5-баған + 6-баған + 7-баған + 8-баған әр жол үшін;
1-жол 1.1-жол;
9-жол 9.1-жол+ 9.2-жол.