Респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 9 шілдедегі N 173 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 8 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6459 болып енгізілді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының м.а. 30.12.2015 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 9) тармақшасына және Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағы 23) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 28.09.2022 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының м.а. 30.12.2015 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Құқықтық және ұйымдық қамтамасыз ету департаменті Стратегиялық даму департаментімен бірге заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің жауапты хатшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Төраға Ә. Смайылов

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкi iстер министрi

      С. Баймағанбетов _________

      2010 жылғы 20 шілде

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрi

      Ж. Досқалиев ____________

      2010 жылғы 1 тамыз

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Индустрия және жаңа технологиялар

      министрі

      Ә. Исекешев ______________

      2010 жылғы 5 тамыз

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қоршаған ортаны қорғау министрі

      Н. Әшімов ______________

      2010 жылғы 6 тамыз

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрі

      А. Күрішбаев ______________

      2010 жылғы 2 шілде

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты әлеуметтiк

      қорғау министрі

      Г. Әбдіқалықова ______________

      2010 жылғы 30 шілде

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      Б. Жәмішев ______________

      2010 жылғы 10 тамыз

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Жер ресурстарын басқару

      жөнiндегi агенттiгiнің төрағасы

      Ө. Өзібеков______________

      2010 жылғы 29 шілде

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Экономикалық даму және

      сауда министрі

      Ж. Айтжанова ______________

      2010 жылғы 22 шілде

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Мұнай және газ министрі

      С. Мыңбаев ______________

      2010 жылғы 30 шілде

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық Банкі төрағасы

      Г. Марченко ______________

      2010 жылғы 12 тамыз



  Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігі төрағасының
2010 жылғы 9 шілдедегі
№ 173 бұйрығымен бекітілген

Респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 20.11.2017 № 178 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 12-бабы 9) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік статистика органдарына алғашқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 28.09.2022 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда пайданылатын ұғымдар Заңда көрсетілген мағынада, сондай-ақ келесі аңықтамалар пайдаланылады:

      1) интервьюер – жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды және ұлттық санақтарды жүргізу кезінде респонденттер мен үй шаруашылықтарына пікіртерім жүргізуді жүзеге асыратын адам;

      2) телефон арқылы сауал салудың компьютерлендірілген жүйесі – телефонмен респонденттерге сауал салу арқылы жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды жүргізуге мүмкіндік беретін ақпараттық жүйе.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 27.12.2018 № 19 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Алғашқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібі

      3. Респонденттер анық алғашқы статистикалық деректерді сәйкес жылға Заңда белгіленген тәртіппен бекітілетін респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигіне (бұдан әрі - График) және статистикалық әдіснамаға сәйкес ұсынады.

      4. Статистикалық нысандарды ұсыну мерзімдері, кезеңділігі және мекенжайы, респонденттер тобы, статистикалық нысандарды бекіту туралы бұйрықтың нөмірі мен күні олардың титулдық беттерінде көрсетіледі.

      5. Жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандарын ұсыну күні:

      1) қағаз жеткізгіште титулдық бетте мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің (бұдан әрі – аумақтық бөлімшелер) мөртабанымен бекітіледі;

      2) электрондық түрде Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының (бұдан әрі – Бюро) www.stat.gov.kz ресми интернет-ресурсындағы "Респондент кабинеті" арқылы жүйелік күн автоматты түрде бекітіледі;

      3) телефон арқылы сауал салудың компьютерлендірілген жүйесі арқылы жүйелік күн автоматты түрде бекітіледі;

      4) интервьюердің қағаз жеткізгішті және (немесе) жеке есептеуіш құрылғысын пайдаланумен (планшет) респондентке жеке сауал салу жүргізу кезінде жүйелік күн автоматты түрде бекітіледі.

      Ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандарын ұсыну күні:

      1) қағаз жеткізгіштерде ведомстволық статистикалық байқауларды жүргізетін мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк қызметкерлері бекітеді;

      2) электрондық түрде жүйелік күн автоматты түрде бекітіледі.

      Егер статистикалық нысандарды ұсыну мерзімінің соңғы күні жұмыс емес күнге келсе, статистикалық нысандарды ұсыну мерзімінің аяқталу күні одан кейінгі жұмыс күні болып саналады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 28.09.2022 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Жалпымемлекеттік статистикалық байқауларға жататын респонденттер тобы байқау әдісін (жаппай немесе іріктемелі) ескере отырып, статистикалық тіркелімдер деректері бойынша анықталады.

      Іріктемелі байқауға респонденттерді қосу үшін іріктеу Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 22 тамыздағы бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркелімінің тізілімінде № 14250 болып тіркелген) Кәсіпорындарға іріктемелі зерттеулер жүргізу бойынша әдістемеге, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 11 қарашадағы бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркелімінің тізілімінде № 14515 болып тіркелген) Үй шаруашылықтарына іріктемелі зерттеулер жүргізу бойынша әдістемеге, сонымен қатар жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық әдіснамаларына сәйкес жүргізіледі.

      7. Жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар бойынша респонденттер ұсынуға қажетті статистикалық нысандар тізбесін респонденттің сұрауы бойынша немесе өз бетінше Бюроның www.stat.gov.kz. ресми интернет-ресурсында орналасқан "Респондент кабинетінде" жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) немесе заңды тұлғаның бизнес сәйкестендіру нөмірін (БСН) енгізу арқылы статистикалық нысандар тізбесін алады.

      Аумақтық бөлімшелерге ұсынуға қажетті алынған статистикалық нысандар тізбесіне сәйкес респонденттер іріктемелі зерттеуге қосу нәтижесін Бюроның www.stat.gov.kz. ресми интернет-ресурсындағы "Респондент кабинеті" арқылы немесе тұратын жері бойынша аумақтық бөлімшелерде өз бетінше нақтылайды.

      Ұсынуға қажетті статистикалық нысандар тізбесі сәйкес жылға Заңда белгіленген тәртіппен бекітілетін статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес қалыптастырылады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 28.09.2022 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Ведомстволық статистикалық байқауларға жататын респонденттер тобын ведомстволық статистикалық байқауларды жүргізетін мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі анықтайды.

      9. Ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша респонденттер мемлекеттік органдар немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ұсынған толтыруға қажетті статистикалық нысандар тізбесін алады.

      10. Статистикалық нысандарды өзінің тұрған жері бойынша заңды тұлғалардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері, егер оларға заңды тұлғалардың статистикалық нысандарды тапсыру бойынша уәкілеттіктері берілген жағдайда тапсырады. Егер құрылымдық және оқшауланған бөлімшелерде мұндай уәкілеттіктер болмаса статистикалық нысандарды олардың орналасқан жерін көрсете отырып, өзінің құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері бөлінісінде заңды тұлғалар ұсынады.

      Байқауды өткізудің статистикалық әдіснамасында статистикалық нысандарды тек қана заңды тұлғалар немесе тек қана құрылымдық және оқшауланған бөлімшелердің ұсынуы көзделген жағдайда статистикалық нысандар мемлекеттік статистика органдарына мемлекеттік статистика органдарының байқауды өткізу статистикалық әдіснамасына сәйкес ұсынылады.

      11. Бас компаниялары Қазақстан Республикасынан тыс жерде орналасқан шетелдік заңды тұлғалардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері статистикалық нысандарды мемлекеттік статистика органдарына құрылымдық және оқшауланған бөлімшенің орналасқан жері бойынша ұсынады.

      12. Есепті кезеңде құрылымдық бөлімше немесе объект таратылған кезде оған жататын барлық деректер статистикалық нысаннан алынбайды. Егер есепті кезеңде заңды тұлға құрылымы қайта құрылған немесе өзгерген жағдайда статистикалық нысандарда деректер заңды тұлғаның жаңа құрылымына сәйкес келтіріледі.

      Жойылған немесе заңды тұлға банкротқа ұшырады деп жарияланған жағдайда өз қызметінің соңғы есепті кезеңіне есеп беретін заңды тұлға кезеңділігі жылдық статистикалық нысандар бойынша алғашқы статистикалық деректерді ұсынады.

      Кезеңділігі тоқсандық ведомстволық статистикалық байқаулардың нысандары үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қажет болған жағдайда тарату туралы бұйрық қабылданған кезеңге тарату балансын сұратады.

      Жаңадан құрылған заңды тұлғалар алғашқы статистикалық деректерді тіркеген күннен бастап есепті кезеңнің соңына дейінгі кезеңге ұсынады. Заңды тұлға қызметі болмаған жағдайда, хабарламаны осы Қағидалардың 16-тармағына сәйкес ұсынады.

      13. Үй шаруашылықтары алғашқы статистикалық деректерді аумақтық бөлімшелердің интервьюерлеріне тапсырады.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 28.09.2022 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Жеке және заңды тұлғалар, заңды тұлғалардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері басшының (басшы болмаған жағдайда, оның міндетін атқарушы тұлғаның) және алғашқы статистикалық деректерді ұсынуға және (немесе) анықтығына жауапты адамдардың қолымен статистикалық нысандарды тапсырады.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 27.12.2018 № 19 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар бойынша алғашқы статистикалық деректер:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен электрондық түрде;

      2) қағаз жеткізгіште;

      3) телефон арқылы сауал салудың компьютерлендірілген жүйесі арқылы;

      4) интервьюермен жеке сауал салуды жүргізу кезінде ұсынылады.

      Ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша алғашқы статистикалық деректер қағаз жеткізгіштерде немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану арқылы электрондық түрде немесе арнайы байланыс арнасы арқылы ұсынылады.

      Қағаз жеткізгіштердегі статистикалық нысандар қолма-қол немесе пошталық байланыс қызметтері арқылы ұсынылады. Ұсыну күні пошталық байланыс қызметінің пошталық штемпелінде көрсетілген жөнелту күні болып табылады.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 27.12.2018 № 19 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Есепті кезеңде (ай, тоқсан, жыл) қызметі болмаған кезде респондент Графикте көрсетілген аталған есепті кезең үшін статистикалық нысандарды ұсынудың ең ерте мерзімдерінің соңғы аяқталу күнінен кешіктірмей, статистикалық нысандардың орнына Қызметінің болмағандығы туралы хабарламаны осы Қағидалардың 1-қосымшасында келтірілген нысанға сәйкес қағаз жеткізгіште немесе электронды түрде тиісті мемлекеттік статистика органына ұсынады. Осы Қағидалардың 2-қосымшасында келтірілген Қызметінің болмағандығы туралы хабарлама таралмайтын статистикалық нысандар тізбесінде көрсетілген статистикалық нысандарды қоспағанда, Қызметінің болмағандығы туралы хабарламада қызметінің болмау себептері мен аталған қызмет жүзеге асырылмаған мерзім көрсетіле отырып, кезеңділікке сәйкес келетін барлық статистикалық нысандар көрсетіледі.

      Бюроның www.stat.gov.kz ресми интернет-ресурсында электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдаланумен "Респондент кабинеті" арқылы жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар бойынша Қызметінің болмағандығы туралы хабарлама электронды түрде ұсынылады.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 28.09.2022 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Қызметінің болмауы туралы хабарламада көрсетілген мерзім аяқталған соң немесе қызметін мерзімінен бұрын жаңғыртқан жағдайда бұрын ұсынылған қызметінің болмауы туралы хабарламаның күші ол туралы мемлекеттік статистика органдарына хабарлаған жағдайда жойылады және респондент жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандарын Графикке сәйкес мемлекеттік статистика органдарына тапсырады.

      18. Қызметінің уақытша тоқтатылуына байланысты респондент мемлекеттік статистика органдарына жүгінген және салық есептілігін ұсынуды уақытша тоқтата тұру туралы шешімнің көшірмесін ұсынған кезде ағымдағы жылы жұмыспен өтелген кезең үшін есептілік ұсынылатын статистикалық нысандарды (жылдық алғашқы деректер) қоспағанда осы респондент статистикалық нысандарды шешімде көрсетілген мерзімнің соңына дейін ұсынбайды.

      Салық есептілігін ұсынуды уақытша тоқтата тұру туралы шешімде көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін респондент уақыттан бұрын қызметін қайта бастаса, статистикалық нысандар респондент қызметін қайта бастаған сәттен бастап ұсынылатын болады.

      19. Респондент бұрын ұсынған жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары бойынша қателерін өзі анықтаған кезде, респондент қателерді екі жұмыс күні ішінде түзетеді және осы Қағидалардың 21 және 21-1-тармақтарына сәйкес аумақтық бөлімшелерге статистикалық нысанның түзетілген нұсқасын ұсынады.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 28.09.2022 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19-1. Мемлекеттік статистика органдары респонденттер ұсынған статистикалық нысандардан қателер тапқан кезде, мемлекеттік статистика органдарының лауазымды адамдары алғашқы статистикалық деректердің анықтығын растау мақсатында, Заңның 12-2-бабының тәртібіне сәйкес мемлекеттік статистика саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

      Ескерту. 2-тарау 19-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 27.12.2018 № 19 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. Мемлекеттік статистика органдары анықтаған қателер бойынша статистикалық нысанның түзетілген нұсқасын респондент Заңның 12-2-бабының 9-тармағында белгіленген мерзімдерде және осы Қағидалардың 21 және 21-1 тармақтарына сәйкес ұсынады.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 27.12.2018 № 19 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21. Мемлекеттік статистика органына статистикалық нысанның түзетілген нұсқасын қағаз жеткізгіште ұсынған жағдайда, статистикалық нысан "түзетілгені дұрыс" деген сөздермен расталады, орындаушы мен басшының (басшы болмаған жағдайда, міндетін атқарушы адам) және (немесе) алғашқы статистикалық деректерді ұсынуға және анықтығына жауапты адамдардың қолы қойылады.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 27.12.2018 № 19 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21-1. Аумақтық бөлімшеге жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанының түзетілген нұсқасын электронды түрде ұсынған жағдайда, респондент Бюроның www.stat.gov.kz ресми интернет-ресурсының "Он-лайн режимде деректерді жинау" бөлімінен "Респондент кабинеті" арқылы басып шығарылған статистикалық нысанның қағаз нұсқасын ұсынады. Статистикалық нысанның басып шығарылған қағаз нұсқасына өзгерістер енгізіледі және "түзетілгені дұрыс" деген сөздермен расталады, түзету күні көрсетіледі және орындаушы мен басшының (басшы болмаған жағдайда, міндетін атқарушы адам) және (немесе) алғашқы статистикалық деректерді ұсынуға және анықтығына жауапты адамдардың қолы қойылады.

      Ескерту. 2-тарау 21-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 27.12.2018 № 19 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 28.09.2022 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
      22. Алып тасталды – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 27.12.2018 № 19 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      23. Респонденттер негізгі немесе қосалқы экономикалық қызмет түрін өзгерту туралы шешім қабылданған күннен бастап бір айлық мерзімде немесе қызметкерлер саны өзгерген жағдайда бұл туралы мемлекеттік статистика органдарын осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша немесе "Респондент кабинеті" арқылы Бюроның www.stat.gov.kz ресми интернет-ресурсында электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып хабардар етеді.

      Аумақтық бөлімшелер түскен хабарламаларды қарайды және үш жұмыс күні ішінде экономикалық қызметтің негізгі, қосалқы түрлерінің, статистикалық тіркелімдердегі респонденттер бойынша қызметкерлер санының өзгеруі туралы шешім қабылдайды.

      Хабарламаны қарау нәтижесі хабарламада көрсетілген электрондық мекенжайға (мекенжайларға) жіберіледі.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 28.09.2022 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24. Егер статистикалық нысандарды тапсырудың соңғы күні ішінде бағдарламалық іркілістердің басталуы және (немесе) табиғи және техногендік себептерге байланысты ақпараттық жүйенің жұмысында пайда болатын іркілістің салдарынан ақпараттық жүйеде техникалық ақаулар туындаған кезде және оны "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ресми растауымен (Анықталған техникалық ақаулар бойынша акт) жұмыс уақытының соңына дейін жою мүмкін болмаса, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес Респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну мерзімін ұзарту және мерзімін ауыстыру туралы хабарлама (бұдан әрі – Хабарлама) уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады.

      Респонденттер уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылған респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну мерзімін ұзарту және мерзімін ауыстыру туралы хабарламаның негізінде ақпараттық жүйеде статистикалық нысандарды ұсыну мерзімінің соңғы күні респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсынбауына әкеп соққан техникалық ақаулардың туындағанын растау болған кезде статистикалық нысандарды техникалық ақаулар жойылғаннан кейін келесі жұмыс күні осы Қағидалардың 15-тармағы 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген тәсілдердің бірімен ұсынуға міндетті.

      Ескерту. 24-тармақпен толықтырылды – ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 28.09.2022 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Респонденттердің алғашқы
статистикалық деректерді ұсыну
қағидаларына 1-қосымша
  Нысан

Қызметінің жоқтығы туралы хабарлама

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 27.12.2018 № 19 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Жеке немесе заңды тұлғаның атауы _______________________,

      ЖСН немесе БСН коды _____________, ЭҚЖЖ _____________,

      (статистикалық нысан атауы) _______ (индексі __________, кезеңділігі ________)

      (статистикалық нысан атауы)_______(индексі__________,кезеңділігі_________)

      (статистикалық нысан атауы)_______(индексі__________,кезеңділігі_________)

      (статистикалық нысан атауы)_______(индексі__________,кезеңділігі_________)

      (статистикалық нысан атауы)_______(индексі__________,кезеңділігі_________)

      (статистикалық нысан атауы)_______(индексі__________,кезеңділігі_________)

      (статистикалық нысан атауы)_______(индексі__________,кезеңділігі_________)

      (статистикалық нысан атауы)_______(индексі__________,кезеңділігі_________)

      (статистикалық нысан атауы)_______(индексі__________,кезеңділігі_________)

      (статистикалық нысан атауы)_______(индексі__________,кезеңділігі_________)

      жалпымемлекеттік және (немесе) ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысаны бойынша _____ ай, тоқсан және (немесе) жыл ішінде _________________________________ жағдайға байланысты қызмет жүргізілмейтінін хабарлайды.

      Жоғарыда баяндалғанға сәйкес статистикалық нысан ______________ облысының (қаласының, филиалының) мемлекеттік статистика органына __________ айынан және (немесе) тоқсанынан (қажеттісін сызу) бастап ұсынылатын болады.

      Басшы ______________________________________________________/___________

                              тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы

      Бас бухгалтер ________________________________________________/___________

                              тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы

      ______________________________/_________________/________________________

                        мекеменің нақты мекенжайы телефон нөмірі электрондық пошта

  Респонденттердің алғашқы
статистикалық деректерді ұсыну
қағидаларына 2-қосымша

Қызметінің болмағандығы туралы хабарлама таралмайтын статистикалық нысандар тізімі

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 27.12.2018 № 19 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1) "Еңбек бойынша есеп" (индексі 1-Т, кезеңділігі тоқсандық және жылдық);

      2) "Құрылымы және жалақыны бөлу туралы есеп" (индексі 2-Т (еңбекақы), кезеңділігі жылына бір рет);

      3) "Зиянды және басқа да қолайсыз еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлердің саны туралы есеп" (индексі 1-Т (Еңбек жағдайы), кезеңділігі жылдық);

      4) "Ірі және орта кәсіпорындардағы кадрларға қажеттілік және саны туралы есеп" (индексі 1-Т (бос жұмыс орны), кезеңділігі жылына бір рет);

      5) "Өндірістік қуаттар теңгерімі" (индексі БМ, кезеңділігі жылдық);

      6) "Шағын кәсіпорынның қызметі туралы есеп" (индексі 2-МП, кезеңділігі тоқсандық және жылдық);

      7) "Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі туралы есеп" (индексі 1-ПФ, кезеңділігі тоқсандық және жылдық);

      8) "Еңбек қызметімен байланысты жарақаттану және кәсіптік аурулар туралы есеп" (индексі 7-ТПЗ, кезеңділігі жылдық);

      9) "Дара кәсіпкердің қызметі туралы есеп" (индексі 1-ИП, кезеңділігі екі жылда бір рет);

      10) "Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар туралы есеп" (индексі 1-ғылым, кезеңділігі жылдық);

      11) "Резидент еместерге қойылатын қаржылық талаптар және олардың алдындағы міндеттемелер туралы есеп" (индексі 1-ТБ, кезеңділігі тоқсандық);

      12) "Кәсіпорындарда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану туралы есеп" (индексі 3-ақпарат, кезеңділігі жылдық);

      13) "Инновациялық қызмет туралы есеп" (индексі 1-инновация, кезеңділігі жылдық);

      14) "Экономикалық қызмет түрлері туралы есеп" (индексі 1-СР, кезеңділігі жылына бір рет);

      15) "Жаңа кәсіпорындарға пікіртерім жүргізу" (индексі 1-НП, кезеңділігі біржолғы);

      16) "Ауыл шаруашылығы кооперативінің қызметі туралы" (индексі 1-СПК, кезеңділігі тоқсандық);

      17) "Сервистік-дайындау орталықтарының қызметі туралы" (индексі 1-СЗЦ, кезеңділігі тоқсандық);

      18) "Теміржол желісінің пайдаланымдылық ұзындығының қашықтығы және теміржол көлігінің жұмысы туралы есеп" индексі 1-ЖД, кезеңділігі жылдық).

  Респонденттердің алғашқы
статистикалық деректерді
ұсыну қағидаларына
3-қосымша
Нысан

Хабарлама

  ______________ облысының
(қаласының, ауданының)
мемлекеттік статистика органы

      Жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның, филиалдың, өкілдіктің атауы

      ________________________________________________________________________________

      ЖСН немесе БСН ________________________________________________________________

      Экономикалық қызмет түрінің негізгі коды_________

      КМЖ1 коды ____________

      негізгі/қосалқы (қажеттісінің астын сызу) экономикалық қызмет түрінің өзгергені (қосу/алып

      тастау) туралы хабарлайды.

      ________________________________________________________________________________

      (экономикалық қызмет түрінің атауы көрсетіледі)

      Экономикалық қызмет түрінің негізгі және қосалқы кодын көрсетіңіз:

Экономикалық қызмет түрінің (ЭҚЖЖ2) коды

Мың теңгеде өндірілген өнімнің, сатылған тауарлардың және көрсетілген қызметтердің көлемі3

Процесс (

таңбасымен белгіленеді)

Өзгерістер уақытша (маусымдық) сипатта (1жылдан аз)

ЭҚЖЖ негізгі коды

1




өзгерту


иә

жоқ


ЭҚЖЖ қосалқы коды

1




қосу

алып тастау


иә

жоқ


2




қосу

алып тастау


иә

жоқ


3




қосу

алып тастау


иә

жоқ


n




қосу

алып тастау


иә

жоқ


      Ескертпе:

      1 КМЖ коды - Комитеттің ресми интернет - ресурсында (www.stat.gov.kz

Жіктеуіштер

Статистикалық жіктелімдер) орналасқан Қызметкерлердің саны бойынша заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің, сондай-ақ дара кәсіпкерлік субъектілерінің өлшемділігі жіктеуішіне сәйкес толтырылады

      2 ЭҚЖЖ коды – Комитеттің ресми интернет - ресурсында (www.stat.gov.kz

Жіктеуіштер

Статистикалық жіктелімдер) орналасқан Экономикалық қызмет түрлерінің номенклатурасына сәйкес толтырылады

      3 Экономикалық қызмет түрінің негізгі және қосалқы коды өзгергенде, жол міндетті толтырылуға жатады

      2) қызметкерлер саны4:

1

Орташа жылдық тізімдік саны


2

Филиалдарды ескерусіз орташа жылдық тізімдік саны (филиалдары бар заңды тұлғалар толтырады)


3

Нақты саны


4

Филиалдарды ескерусіз нақты саны


      Басшы ____________________________/_______________________

      тегі, аты және әкесінің аты                        қолы

      (бар болған жағдайда)

      _____________________________/____________________________

      телефон нөмір            электрондық пошта мекенжайы

      Бас бухгалтер _____________________________/_______________

      тегі, аты және әкесінің аты                        қолы

      (бар болған жағдайда)

      Мөрдің орны (бар болған жағдайда)

      ___________________________/_________________/______________________

      ұйымның орналасқан нақты мекенжайы      телефон нөмірі      электрондық пошта

      Күні _____________

      Ескертпе:

      4 Орташа есептік кезеңдегі қызметкерлердің тізімдік саны әр айдың соңындағы қызметкерлердің орташа арифметикалық санына тең.

  Респонденттердің алғашқы
статистикалық деректерді
ұсыну қағидаларына
4-қосымша

Респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну мерзімін ұзарту және кейінге қалдыру туралы хабарлама

      Ескерту. 4-қосымшамен толықтырылды – ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 28.09.2022 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Құрметті респонденттер!

      ________________________ статистикалық нысандары бойынша есептілікті тапсыру мерзімі 20 ____ жылдың __________ дейін ұзартылды.

      Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз!