Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 21 маусымдағы № 26 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 21 маусымда № 34542 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы жөнінде мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Альназарова

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2024 жылғы 21 маусымдағы
№ 26 Бұйрығымен
бекітілген

Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Медициналық көрсетілетін қызметтер (көмек) сапасына сараптама жүргізу кезінде тәуелсіз сарапшыларды тарту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-103/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21218 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Медициналық көрсетілетін қызметтердің (көмектің) сапасына сараптама жүргізу үшін тәуелсіз сарапшылар мен бейінді мамандарды тарту қағидаларын, сондай-ақ оларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Медициналық көрсетілетін қызметтердің (көмектің) сапасына сараптама жүргізу үшін тәуелсіз сарапшылар мен бейінді мамандарды тарту қағидалары, сондай-ақ оларға қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Медициналық көрсетілетін қызметтер (көмек) сапасына сараптама жүргізу кезінде тәуелсіз сарапшыларды тарту қағидалары осы Тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Медициналық көрсетілетін қызметтерге (көмекке) тәуелсіз сараптама жүргізу бойынша қызметтер көрсетуге денсаулық сақтау субъектілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 12 қазандағы № ҚР ДСМ-125/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21421 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Медициналық көрсетілетін қызметтер (көмек) сапасына сараптама жүргізу бойынша тәуелсіз сарапшылардың қызметтер көрсетуге денсаулық сақтау субъектілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      " "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 8-бабының 16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Медициналық көрсетілетін қызметтер (көмек) сапасына сараптама жүргізу бойынша тәуелсіз сарапшылардың қызметтер көрсетуге денсаулық сақтау субъектілеріне қойылатын талаптар бекітілсін.";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Медициналық көрсетілетін қызметтерге (көмекке) тәуелсіз сараптама жүргізу бойынша қызметтер көрсетуге денсаулық сақтау субъектілеріне қойылатын талаптар осы Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. "Медициналық көрсетілетін қызметтердің (көмектің) сапасына аккредиттелген денсаулық сақтау субъектілері жүргізетін тәуелсіз сараптамаға ақы төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 12 қазандағы № ҚР ДСМ-126/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21419 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Медициналық көрсетілетін қызметтер (көмек) сапасына сараптама жүргізетін тәуелсіз сарапшылардың көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидаларын бекіту туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      " "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 8-бабының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Медициналық көрсетілетін қызметтердің (көмектің) сапасына сараптама жүргізу кезінде тәуелсіз сарапшылардың қызметтеріне ақы төлеу қағидалары бекітілсін.";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Медициналық көрсетілетін қызметтердің (көмектің) сапасына аккредиттелген денсаулық сақтау субъектілері жүргізетін тәуелсіз сараптамаға ақы төлеу қағидалары осы Тізбеге 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      4. "Тәуелсіз сарапшылардың тізілімін жүргізу қағидаларын, сондай-ақ тәуелсіз сарапшылардың бірыңғай тізіліміне енгізу және одан шығару негіздерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 қазандағы № ҚР ДСМ-145/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21509 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 8-бабының 18) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тәуелсіз сарапшылар тізілімін жүргізу қағидалары, сондай-ақ тәуелсіз сарапшылардың бірыңғай тізіліміне енгізу және одан шығару негіздерінде:

      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Тізілім осы Қағидалардағы 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық көрсетілетін қызметтердің (көмектің) сапасына сараптама жүргізу бойынша қызметтер көрсетуге үміткер жеке тұлғалардан (маманнан және (немесе) үміткерден) не денсаулық сақтау саласындағы медициналық көрсетілетін қызметтердің (көмектің) сапасына сараптаманы жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілерінен (бұдан әрі-субъект) берілген өтінімдер негізінде қалыптастырылады.

      Өтінім демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін дүйсенбіден бастап жұмаға дейін мемлекеттік органның ресми сайтында көрсетілген мекенжайға беріледі.

      5. Тізілімге енгізу туралы өтінімге мынадай құжаттардың электрондық көшірмелері қоса беріледі:

      1) жеке басын куәландыратын құжат;

      2) жоғары медициналық білімі туралы диплом (шетелдік білім беру ұйымдары берген білімі туралы құжаттар үшін "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабына сәйкес тану немесе нострификациялау рәсімінен өткенін растайтын құжаттың болуы қажет);

      3) мәлімдеген мамандығы бойынша үздіксіз кемінде 7 жыл еңбек өтілінің бар екендігін растайтын құжат (еңбек кітапшасы не Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес басқа да құжат), сондай-ақ тәуелсіз cараптама жүргізу кезінде мәлімделген мамандығы бойынша денсаулық сақтау саласында қызметті жүзеге асыруы қажет, кемінде 7 жыл еңбеук өтілі бар жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамынан басқаларға;

      4) тәуелсіз сараптама жүргізу мәселелері бойынша жалпы көлемі 4 кредиттен (120 сағат) кем емес, соңғы 5 жыл ішінде қосымша және бейресми білім алудан өткенін растайтын құжат;

      5) "Денсаулық сақтау қызметкерлерінің үздіксіз кәсіби даму нәтижелерін растау, біліктілік деңгейлерін беру және растау қағидаларын бекіту туралы " Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-283/2020 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21843 болып тіркелген) медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі берген Біліктіліктің салалық негіздемесіне сәйкес біліктілік деңгейі 7.2 R-ден төмен емес, ал амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін қызметкерлер үшін 7.2I-дан төмен емес көрсете отырып, тиісті мамандық/мамандану бойынша денсаулық сақтау саласындағы маманның сертификаты немесе бірінші және (немесе) жоғары біліктілік санатын беру туралы куәлік.";

      9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Тәуелсіз сарапшылардың бірыңғай тізіліміне енгізу үшін "Медициналық көрсетілетін қызметтерге (көмекке) тәуелсіз сараптама жүргізу бойынша қызметтер көрсетуге денсаулық сақтау субъектілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 12 қазандағы № ҚР ДСМ-125/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21421 болып тіркелген) сәйкес бекітілген талаптарға сәйкес келетін өтінім берген жеке тұлға (маман және (немесе) үміткер) негіз болып табылады.

      10. Тәуелсіз сарапшыларды тізілімнен шығару негіздері болып табылады:

      1) мемлекеттік органға күнтізбелік бір жылдың ішінде тәуелсіз сарапшының сараптама сапасына медициналық қызмет (көмек) саласындағы апелляциялық комиссияның қорытындысының нәтижесімен мемлекеттік органның шешімімен расталған бір және одан да көп негізделген өтініштердің келіп түсуі;

      2) мемлекеттік органға тәуелсіз сарапшыдан оны тізілімнен шығару туралы өтініштің келіп түсуі;

      3) тәуелсіз сарапшыға қатысты медициналық қызметпен айналысуға (мәлімделген мамандық бойынша) тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;

      4) тізілімге енгізу үшін негіз болған бір немесе бірнеше құжаттардың қолданылуының тоқтатылуы (мерзімі өткен);

      5) медициналық қызмет (көмек) сапасына сараптама жүргізу бойынша қызмет мерзімі ішінде тізілімге енгізу үшін ұсынылған құжаттарда дәйексіз мәліметтердің анықталуы.".

      көрсетілген Қағидаларға 1 және 2-қосымшалар осы Тізбеге 4 және 5-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  Тізімге
1- қосымша
  Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 16 қыркүйектегі
№ ҚР ДСМ-103/2020 бұйрықпен
бекітілген

Медициналық көрсетілетін қызметтердің (көмектің) сапасына сараптама жүргізу үшін тәуелсіз сарапшылар мен бейінді мамандарды тарту қағидалары, сондай-ақ оларға қойылатын біліктілік талаптары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Медициналық көрсетілетін қызметтердің (көмектің) сапасына сараптама жүргізу үшін тәуелсіз сарапшылар мен бейінді мамандарды тарту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 8-бабының 15)-тармақшасына сәйкес әзірленген және медициналық көрсетілетін қызметтер (көмек) сапасына сараптама жүргізу үшін тәуелсіз сарапшылар мен бейінді мамандарды тарту тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар:

      1) акредиттелген субъект –денсаулық сақтау саласында аккредиттеуден өткен субъект;

      2) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (бұдан әрі – Қор) – аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және талаптармен сатып алуды және оларға ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;

      3) бейінді маман – жоғары медициналық білімі, денсаулық сақтау саласында сертификаты бар медицина қызметкері;

      4) денсаулық сақтау субъектілері – жекеменшік медициналық практикамен және фармацевтикалық қызметпен айналысатын денсаулық сақтау ұйымдары, сондай-ақ жеке тұлғалар;

      4) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік орган – медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласында басшылықты, медициналық көрсетілетін қызметтер (көмектің) сапасын бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган (бұдан әрі – мемлекеттік орган);

      5) тәуелсіз сарапшы – уәкілетті орган айқындайтын талаптарға сәйкес келетін және тәуелсіз сарапшылар тізілімінде тұратын жеке тұлға.

      3. Тәуелсіз сарапшылар мен бейінді мамандарды тартудың мақсаты:

      1) көрсетілетін медициналық қызметтердің (көмектің) тиімділік, толықтық және стандарттарға сәйкестік көрсеткіштерін көрсететін индикаторларды пайдалана отырып, денсаулық сақтау субъектілері ұсынатын медициналық көрсетілетін қызметтер (көмек) сапасының деңгейі туралы қорытынды шығару;

      2) денсаулық сақтау субъектілерінің кадрлық, материалдық-техникалық ресурстарын оңтайлы пайдалану және заманауи медициналық технологияларды қолдану негізінде пациенттердің қажетті көлемдегі және тиісті сападағы медициналық көмек алу құқықтарын қамтамасыз ету;

      3) денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін бағалаудың ашықтығы мен объективтілігін, медицина қызметкерлерінің құзыретін, мамандардың біліктілік деңгейін қамтамасыз ету болып табылады.

      4. Тәуелсіз сарапшылар туралы мәліметтер "Тәуелсіз сарапшылар тізілімін жүргізу қағидаларын, сондай-ақ тәуелсіз сарапшылардың бірыңғай тізіліміне енгізу және одан шығару негіздерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 қазандағы № ҚР ДСМ-145/2020 бұйрығына сәйкес мемлекеттік орган қалыптастыратын тәуелсіз сарапшылар тізілімінде қамтылады (мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нормативтік құқықтық актілер № 21509).

2-тарау. Медициналық көрсетілетін қызметтердің (көмектің) сапасына сараптама жүргізу үшін тәуелсіз сарапшылар мен бейінді мамандарды тарту тәртібі

      5. Тәуелсіз сарапшылар мен бейінді мамандарды медициналық қызметтер (көмек) сапасына сараптама шеңберінде:

      1) мемлекеттік орган, сондай-ақ оның аумақтық бөлімшелері;

      2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары;

      3) қор;

      4) жеке немесе заңды тұлғалар тартады.

      6. Мемлекеттік орган денсаулық сақтау саласында тәуелсіз сараптаманы жүзеге асыратын аккредиттелген денсаулық сақтау субъектісімен (бұдан әрі – аккредиттелген денсаулық сақтау субъектісі) шарт жасасқан сәттен бастап тәуелсіз сарапшыларды комиссия құрамына тартқан кезде қажетті мамандығын көрсете отырып сараптама жүргізу үшін сарапшы(лар)ды ұсыну қажеттілігі туралы сұрау-хат жібереді.

      Орган, сондай-ақ оның аумақтық бөлімшелері Комиссия құрамына бейінді мамандарды тарту үшін мемлекеттік орган басқа мемлекеттік органдарға және ведомстволық бағынысты ұйымдарға сұрау-хат жібереді.

      Аккредиттелген денсаулық сақтау субъектісі тәуелсіз сарапшылар тізілімінде тұратын сұратылған мамандыққа сәйкес сарапшыларды сұрау-хат түскен күннен үш жұмыс күні ішінде ұсынады.

      Мемлекеттік органның маманы сараптама нысанасы болып табылатын барлық қажетті материалдарды сарапшыға ұсынады. Қажет болған жағдайда олар өтініш берушімен кездесу ұйымдастырады (өтініш берушінің келісімімен).

      7. Қор тәуелсіз сарапшылар мен бейінді мамандарды:

      1) өлім жағдайларын, сирек кездесетін аурулармен емделген жағдайда, арнайы мамандандырылған емделген жағдайларды (клиникалық жағдайда), асқынулармен емделген жағдайларды, Кодекстің 7-бабының 60)-тармақшасына сәйкес шетел клиникаларына жіберілген Қазақстан Республикасы азаматтарының шетел клиникаларында өлім жағдайларын қарау кезінде, сондай-ақ нақты жұмсалған шығындар бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу кезінде медициналық көмектің сапасын растау қажеттілігі;

      2) көрсетілген медициналық қызметтерге жоспарлы, жоспардан тыс, нысаналы, медициналық – экономикалық мониторинг жүргізу;

      3) азаматтық процессте тарап ретінде қатысу жағдайларында тартады.

      8. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары тәуелсіз сарапшылар мен бейінді мамандарды:

      1) өтініштерді, оның ішінде денсаулықтың нашарлауына, мүгедектікке байланысты өтініштерді қарау кезінде қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмектің сапасын растау қажеттілігі;

      2) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде шарттық міндеттемелер шеңберінде көрсетілген медициналық қызметтердің (көмектің) көлемі мен сапасына ағымдағы (жоспарлы), жоспардан тыс, проактивті, нысаналы, медициналық-экономикалық, қайтыс болу және өлім жағдайларының мониторингін жүргізу жағдайларында тартады.

      9. Жеке немесе заңды тұлғалар азаматтық-құқықтық шарттарда айқындалатын негіздер мен шарттар бойынша тәуелсіз сарапшылар мен бейінді мамандарды тартады.

      10. Тәуелсіз сарапшылар мен бейінді мамандар сараптама жүргізу орнына барып және бармай сараптама жүргізуге тартылады.

      Тәуелсіз сарапшылар мен бейінді мамандардың сараптама жүргізу орнына бармай сараптама жүргізу ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, оның ішінде сараптаманы жүзеге асыру үшін қажетті медициналық және өзге де құжаттардың электрондық көшірмелерін ұсына отырып қашықтан жүргізіледі.

      11. Тәуелсіз сарапшыларды тарту кезінде мемлекеттік орган "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес аккредиттелген денсаулық сақтау субъектісімен шарт жасасады.

      12. Қор, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды жергілікті мемлекеттік басқару органдары тәуелсіз сарапшылар мен бейінді мамандарды тарту кезінде тікелей тәуелсіз сарапшымен немесе аккредиттелген денсаулық сақтаудың субъектісімен азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт жасасады.

      13. Тәуелсіз сарапшы және бейінді маман:

      1) тексерілетін денсаулық сақтау субъектісімен еңбек немесе өзге де шарттық қатынасы болса;

      2) жүргізілетін сараптама нәтижелерінде жеке, тікелей немесе жанама қызығушылық танытса;

      3) мемлекеттік органға күнтізбелік бір жылдың ішінде тәуелсіз сарапшының сараптама сапасына медициналық қызмет (көмек) саласындағы апелляциялық комиссияның қорытындысының нәтижесімен мемлекеттік органның шешімімен расталған бір және одан да көп негізделген өтініштер болса сараптама жүргізу үшін тартылмайды.

3-тарау. Медициналық көрсетілетін қызметтердің (көмектің) сапасына сараптама жүргізуге тәуелсіз сарапшылар мен бейінді мамандарды тарту кезінде қойылатын біліктілік талаптары

      14. Бейінді мамандар мынадай талаптарға сәйкес болған кезде медициналық қызметтердің (көмектің) сапасына сараптама жүргізу бойынша қызметтер көрсетуге жіберіледі:

      1) жоғары медициналық білімі туралы дипломның болуы (шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар үшін "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабына сәйкес тану немесе нострификациялау рәсімінен өткенін растайтын құжаттың болуы қажет);

      2) мәлімделген мамандығы бойынша кемінде 7 жыл үздіксіз еңбек өтілінің болуын растайтын құжаттың болуы (еңбек кітапшасы не Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес өзге құжат), сондай-ақ сараптама жүргізу кезінде мәлімделген мамандық бойынша денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру қажет, кемінде 7 жыл жұмыс өтілі бар медициналық жоғарғы оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамын қоспағанда;

      3) "Денсаулық сақтау қызметкерлерінің үздіксіз кәсіби даму нәтижелерін растау, біліктілік деңгейлерін беру және растау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-283/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21843 болып тіркелген) сәйкес біліктіліктің салалық негіздемесіне сәйкес біліктілік деңгейі 7.2 R-ден төмен емес, ал амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін қызметкерлер үшін 7.2I-дан төмен емес көрсете отырып, тиісті мамандық/мамандану бойынша денсаулық сақтау саласындағы маманның сертификаты немесе бірінші және (немесе) жоғары біліктілік санатын беру туралы куәлік;

      4) мемлекеттік органға күнтізбелік бір жылдың ішінде тәуелсіз сарапшының сараптама сапасына медициналық қызмет (көмек) саласындағы апелляциялық комиссияның қорытындысының нәтижесімен мемлекеттік органның шешімімен расталған бір және одан да көп негізделген өтініштердің болмауы.

      15. Тәуелсіз сарапшылар мынадай талаптарға сәйкес болған кезде медициналық қызметтердің (көмектің) сапасына сараптама жүргізу бойынша қызметтер көрсетуге жіберіледі:

      1) жоғары медициналық білімі туралы дипломның болуы (шетелдік білім беру ұйымдары берген білімі туралы құжаттар үшін "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабына сәйкес тану немесе нострификациялау рәсімінен өткенін растайтын құжаттың болуы қажет);

      2) мәлімделген мамандығы бойынша кемінде 7 жыл үздіксіз еңбек өтілінің болуын растайтын құжаттың болуы (еңбек кітапшасы не Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес өзге құжат), сондай-ақ сараптама жүргізу кезінде мәлімделген мамандығы бойынша денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру қажет, кемінде 7 жыл жұмыс өтілі бар медициналық жоғарғы оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамын қоспағанда;

      3) "Денсаулық сақтау қызметкерлерінің үздіксіз кәсіби даму нәтижелерін растау, біліктілік деңгейлерін беру және растау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-283/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21843 болып тіркелген) сәйкес біліктіліктің салалық негіздемесіне сәйкес біліктілік деңгейі 7.2 R-ден төмен емес, ал амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін қызметкерлер үшін 7.2I-дан төмен емес көрсете отырып, тиісті мамандық/мамандану бойынша денсаулық сақтау саласындағы маманның сертификаты немесе бірінші және (немесе) жоғары біліктілік санатын беру туралы куәлік;

      4) тәуелсіз сараптама жүргізу мәселелері бойынша жалпы көлемі 4 кредиттен кем емес (120 сағат) болатын соңғы 5 жылда қосымша және бейресми білім алудан өткенін растайтын құжатының болуы;

      5) мемлекеттік органға күнтізбелік бір жылдың ішінде тәуелсіз сарапшының сараптама сапасына медициналық қызмет (көмек) саласындағы апелляциялық комиссияның қорытындысының нәтижесімен мемлекеттік органның шешімімен расталған бір және одан да көп негізделген өтініштер болмауы.

      16. Тәуелсіз сарапшы немесе бейінді маман "Денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар мен мамандандырулар номенклатурасын, денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасы мен біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21856 болып тіркелген) сәйкес денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар мен мамандандырулар номенклатурасына сәйкес оның мамандығын ескере отырып, сараптамаға тартылады.

  Тізімге
2-қосымша
  Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 12 қазандағы
№ ҚР ДСМ-125/2020 бұйрықпен
бекітілген

Медициналық көрсетілетін қызметтер (көмек) сапасына сараптама жүргізу бойынша тәуелсіз сарапшылардың қызметтер көрсетуге денсаулық сақтау субъектілеріне қойылатын талаптар

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Медициналық көрсетілетін қызметтер (көмек) сапасына сараптама жүргізу бойынша қызметтер көрсетуге денсаулық сақтау субъектілеріне қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 8-бабының 16) тармақшасына сәйкес әзірленген.

      2. Осы талаптарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) денсаулық сақтау субъектілері – денсаулық сақтау ұйымдары, сондай-ақ жеке медициналық практикамен және фармацевтикалық қызметпен айналысатын жеке тұлғалар;

      2) денсаулық сақтау ұйымы – денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

      3) тәуелсіз сарапшы – уәкілетті орган айқындайтын талаптарға сәйкес келетін және тәуелсіз сарапшылар тізілімінде тұратын жеке тұлға.

2-тарау. Медициналық көрсетілетін қызметтер (көмек) сапасына сараптама жүргізу бойынша тәуелсіз сарапшылардың қызметтер көрсетуге денсаулық сақтау субъектілеріне қойылатын талаптар

      3. Медициналық көрсетілетін қызметтер (көмек) сапасына сараптама жүргізу бойынша қызметтер көрсетуге үміткер жеке тұлғалар:

      1) жеке басын куәландыратын құжаты;

      2) жоғары медициналық білімі туралы дипломы (шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар үшін "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабына сәйкес тану немесе нострификациялау рәсімінен өткенін растайтын құжаттың болуы қажет);

      3) мәлімделген мамандығы бойынша кемінде 7 жыл үздіксіз еңбек өтілінің болуын растайтын құжаттың болуы (еңбек кітапшасы не Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес өзге құжат), сондай-ақ сараптама жүргізу кезінде мәлімделген мамандық бойынша денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру қажет, кемінде 7 жыл жұмыс өтілі бар медициналық жоғарғы оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамын қоспағанда;

      4) сараптама жүргізу мәселелері бойынша жалпы көлемі 4 кредиттен кем емес (120 сағат) болатын, соңғы 5 жылдың ішінде қосымша және бейресми білім алудан өткенін растайтын құжат;

      5) "Денсаулық сақтау қызметкерлерінің үздіксіз кәсіби даму нәтижелерін растау, біліктілік деңгейлерін беру және растау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-283/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21843 болып тіркелген) сәйкес біліктіліктің салалық негіздемесіне сәйкес біліктілік деңгейі 7.2 R-ден төмен емес, ал амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін қызметкерлер үшін 7.2I-дан төмен емес көрсете отырып, тиісті мамандық/мамандану бойынша денсаулық сақтау саласындағы маманның сертификаты немесе бірінші және (немесе) жоғары біліктілік санатын беру туралы куәлік.

      4. Медициналық көрсетілетін қызметтер (көмек) сапасына сараптама жүргізу бойынша қызметтер көрсетуге үміткер денсаулық сақтау ұйымдары:

      1) "Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-299/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21852 болып тіркелген) сәйкес айқындалатын тәртіппен берілген медициналық көрсетілетін қызметтер (көмек) сапасына сараптаманы жүзеге асыру құқығына аккредиттеу туралы куәлігі;

      2) "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 3-бабына сәйкес әділет органдарында заңды тұлға ретінде тіркеу;

      3) меншік құқығындағы үй-жай немесе ғимарат, жалға алу шартының немесе жылжымайтын мүлікті өтеусіз (несие) пайдалану шарты немесе мүлікті сенімгерлік басқару немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты;

      4) сарапшылардың бірыңғай тізілімінде тұрған және осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келетін кемінде 20 (жиырма) түрлі бейінді мамандардың штатта не мүшелікте (қатысуда) болуы. Бейінді мамандардың Ұйым штатында болу фактісі еңбек шартымен не enbek.kz. сайтында орналастырылған ақпаратпен, ал Ұйымның мүшелігінде (қатысуда) - Ұйымның жарғысымен немесе ережесімен расталады.

      5) денсаулық сақтау саласындағы сараптаманың жүзеге асырылғанын растайтын жарғы және (немесе) ережелер болған кезде сараптама жүргізуге жіберіледі.

  Тізімге
3-қосымша
  Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 12 қазандағы
№ ҚР ДСМ-126/2020 бұйрықпен
бекітілген

Медициналық көрсетілетін қызметтер (көмек) сапасына сараптама жүргізетін тәуелсіз сарапшылардың көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидаларын бекіту туралы

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Медициналық көрсетілетін қызметтер (көмек) сапасына сараптама жүргізетін тәуелсіз сарапшылардың көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 8-бабының 11) тармақшасына сәйкес әзірленді және медициналық қызметтердің сапасына сараптама жүргізетін тәуелсіз сарапшылардың қызметтеріне ақы төлеу тәртібін айқындайды (бұдан әрі – сараптама үшін тәуелсіз сарапшылардың қызметтеріне ақы төлеу).

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) акредиттелген субъект –денсаулық сақтау саласында аккредиттеуден өткен субъект;

      2) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (бұдан әрі – Қор) – аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және талаптармен медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтерін сатып алуды және оларға ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;

      3) тәуелсіз сарапшы–уәкілетті орган айқындайтын талаптарға сәйкес келетін және тәуелсіз сарапшылар тізілімінде тұрған жеке тұлға.

2-тарау. Сараптама үшін тәуелсіз сарапшылардың қызметтеріне ақы төлеу тәртібі

      3. Тәуелсіз сарапшылардың қызметтерін сараптама жүргізу үшін келесі тапсырыс берушілер сатып алады:

      1) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік орган (бұдан әрі–мемлекеттік орган);

      2) қор;

      3) жеке немесе заңды тұлғалар.

      4. Мемлекеттік орган сараптама бойынша тәуелсіз сарапшылардың қызметтерін "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сатып алады.

      Қор, жеке және заңды тұлғалар сараптама бойынша тәуелсіз сарапшылардың қызметтерін азаматтық заңнамаға сәйкес азаматтық-құқықтық шарттар жасасу жолымен сатып алады.

      5. Сараптама бойыша аккредиттелген субъектінің тәуелсіз сарапшыларының көрсетілген қызметтері үшін ақы төлеу тапсырыс берушінің тәуелсіз сарапшының сараптамалық қорытындысын (бұдан әрі – қорытынды) қабылдаған фактісі бойынша жүргізіледі және мемлекеттік органмен тәуелсіз сарапшыларды тартуға көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде төленеді.

      6. Аккредиттелген денсаулық сақтау субъектісі электрондық пошта арқылы не "Электрондық мемлекеттік сатып алу" автоматтандырылған интеграцияланған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ЭМС АИАЖ) арқылы не қолма-қол тапсырыс берушіге 5 (бес) жұмыс күні ішінде орындалған көрсетілген қызметтердің қорытындысы мен актісін жібереді.

      7. Егер сараптама бойынша тәуелсіз сарапшылардың көрсеткен қызметтері шартта көрсетілгендей толық көлемде ұсынылмаған жағдайда, тапсырыс беруші (тапсырыс берушінің өкілі) 3 (үш) жұмыс күні ішінде орындалған қызметтер актісін алған күннен бастап қорытындыны пысықтауға жібереді.

      Қорытынды мен акт аккредиттелген денсаулық сақтау субъектісіне электрондық пошта арқылы не ЭМС АИАЖ арқылы, не қолма-қол пысықтау үшін кері қайтарылады.

      8. Аккредиттелген денсаулық сақтау субъектісі тапсырыс берушінің (тапсырыс берушінің өкілінің) қорытындысы мен ескертулерін алғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде қорытындыны пысықтайды және тапсырыс берушіге (тапсырыс берушінің өкіліне) төлем үшін жібереді.

      Бұл ретте, аккредиттелген денсаулық сақтау субъектісінің орындалған қызметтер актісі пысықталған қорытынды жіберілген күннен басталады.

      9. Тапсырыс беруші (тапсырыс берушінің өкілі) қорытынды қабылданғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде орындалған қызметтер актісін бекітеді (қол қояды).

      Орындалған қызметтер актісі бекітілгеннен (қол қойылғаннан) кейін тапсырыс беруші (тапсырыс берушінің өкілі) 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде аккредиттелген денсаулық сақтау субъектісіне оның есеп айырысу шотына соманы аудару жолымен сараптама жасағаны үшін ақы төлейді.

      10. Аккредиттелген денсаулық сақтау субъектісінен сатып алынатын сараптама бойынша тәуелсіз сарапшылардың қызметтеріне ақы төлеу қызмет көрсету нысанына байланысты - сараптама жүргізілетін жерге барып не бармай жүргізіледі және мынадай шарттарды қамтиды:

      1) бір елді мекенде орналасқан, тәуелсіз сараптама жүргізу орнына бармай не тәуелсіз сараптама жүргізу орнына бармай не сараптама жүргізу орнына барып қызмет көрсету кезінде "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысымен бекітілген базалық лауазымдық айлықақы (бұдан әрі – Қаулы), Қаулыға 2-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы В2 буын үшін белгіленген мамандығы бойынша жұмыс өтілінің коэффициенті, Қаулыға 19-қосымшаға сәйкес ғылыми дәрежесі мен атағының бар – жоғына қарамастан денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету мекемелерінің консультанттары үшін белгіленген еңбегіне сағат бойынша ақы төлеу ставкасы және тәуелсіз сараптама жүргізуге жұмсалған уақыт кезеңі (сағат/минут) ескеріледі.

      Бұл ретте, шарттың көлемі мен талаптары бойынша ерекшеліктерді ескере отырып, сараптама бойынша тәуелсіз сараптама жүргізуге жұмсалған уақыт (сағат/минут) кезеңінде:

      қорда тәуелсіз сарапшы бір емделген жағдай үшін медициналық құжаттаманы зерделеуге пайдаланатын уақыт (минут) кезеңі қабылданады және медициналық көмектің түрі мен нысанына, медициналық қызмет түріне, сондай-ақ зерделенген медициналық карталардың санына байланысты болады.

      мемлекеттік органда сараптама жүргізуге тәуелсіз сарапшы пайдаланатын уақыт (сағат) кезеңі, оның ішінде сараптама көлемі (күрделілігі) қабылданады. Сараптама көлемі зерттеудің күрделілігіне байланысты және шарттардың талаптарында (техникалық ерекшеліктерде) көрсетіледі.

      2) тәуелсіз сарапшының тұратын жерінен тыс орналасқан, тәуелсіз сараптама бойынша тәуелсіз сарапшылардың көрсетілетін қызметтерін жүргізу орнына барып қызмет көрсету кезінде осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген шарттар (шығындар) және іссапар шығыстары (тәуілік, тұрғын үй-жайды жалға алу, тәуелсіз сараптама жүргізу орнына дейінгі жол жүру) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысымен бекітілген Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларына сәйкес ескеріледі.

      Аккредиттелген денсаулық сақтау субъектісі көрсеткен сараптама бойынша тәуелсіз сарапшылардың көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуге (сараптама үшін тәуелсіз сарапшылардың көрсетілетін қызметтерін жүргізу орнына барып не бармай), сондай -ақ ұйымдастырушылық шығындар (үстеме шығыстар) да қосылады.

      11. Сараптама үшін тәуелсіз сарапшылардың қызметтеріне ақы төлеу кезінде "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 257, 317, 342, 484, 485-баптарының нормалары ескеріледі.

  Тізімге
4-қосымша
  Тәуелсіз сарапшылардың
тізілімін жүргізу
қағидаларын,сондай-ақ тәуелсіз
сарапшылардың бірыңғай
тізіліміне енгізу және одан
шығару негіздеріне
1-қосымша
Тәуелсіз сарапшылардың
тізілімін жүргізу
қағидаларын,сондай-ақ тәуелсіз
сарапшылардың бірыңғай
тізіліміне енгізу және одан
шығару негіздеріне
1-қосымша

      Пішін

Тәуелсіз сарапшылар тізілімі

Тәуелсіз сарапшының ТАӘ (бар болса)

Тәуелсіз сарапшының мамандығы

Тәуелсіз сарапшының жұмыс орны

Байланыс деректері (телефон нөмірі, электрондық пошта)

Медициналық қызметтер (көмек) сапасына сараптаманы жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектісі

Тізілімге енгізілген күні

Ескертпе

























  Тізімге
5-қосымша
  Тәуелсіз сарапшылардың
тізілімін жүргізу қағидаларын,
сондай-ақ тәуелсіз
сарапшылардың бірыңғай
тізіліміне енгізу және одан
шығару негіздеріне
2-қосымша
  ____________________________
(мемлекеттік органның
толық атауы)
_____________________ бастап

Өтініш

      Тәуелсіз сарапшылар тізіліміне

      ____________________________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      мамандығы бойынша ______________________________________________.

      денсаулық сақтау саласындағы тәуелсіз сарапшы ретінде енгізуді сұраймын.

      Медициналық қызметтердің (көмектің) сапасына тәуелсіз сараптама жүргізу бойынша

      қызметтер көрсетуге үміткер жеке тұлға (маман және (не) үміткер) туралы мәліметтер:

      1. Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері:

      _________________________________________________________________

                  (құжаттың түрі, кім берді, қолданылу мерзімі)

      2. Жоғары медициналық білім туралы дипломның деректері:

      _________________________________________________________________

      (дипломның нөмірі, сериясы, жоғары оқу орнының атауы, нострификациялау күні

      (бар болса)

      3. Жұмыс орны туралы деректер:

      _________________________________________________________________

      4. Біліктілікке тәуелсіз сараптама жүргізу мәселелері бойынша соңғы 5 жылда

      қосымша және бейресми білім алу туралы деректер:

      _________________________________________________________________

      (курстардың тақырыбы, біліктілікті арттыру туралы құжаттың берілген күні)

      5. Медициналық қызметтердің (көмектің) сапасына сараптама жүргізу бойынша

      қызметтер көрсетуге үміткер жеке тұлға (маман және (немесе) үміткер) туралы

      байланыс деректері

      _______________________________________________________________

      (телефон нөмірі, электрондық пошта)

      Қоса беріліп отырған құжаттар:

      1)

      2)

      3)

      4)

      " "_____________ ____жыл қолы_____________