Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 78 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 1054 бірлескен қаулысы мен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 5 қазанда № 33512 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бірлескен қаулы мен бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 және 5 т. қараңыз

      "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 7-тармағына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі БҰЙЫРАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төлем балансы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы бірлескен қаулы мен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен қаулы мен бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бірлескен қаулы мен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен қаулы мен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасарына және Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен қаулы мен бұйрық ресми жариялануға тиіс және 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      5. 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін:

      1) Қағидалардың 2-тармағы екінші бөлігінің 1) тармақшасы тоқтатыла тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданылады деп белгілене отырып, осы тармақшаның қолданылуы тоқтатыла тұрсын:

      "1) банктік бақылаудың жеке карточкасы – уәкілетті банктің (оның филиалының) немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) аумақтық филиалының экспорттаушының немесе импорттаушының репатриациялау талабын бұзу белгісінің болғаны туралы ақпараты;";

      2) Қағидалардың 4-тармағы тоқтатыла тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданылады деп белгілене отырып, осы тармақтың қолданылуы тоқтатыла тұрсын:

      "4. Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер экспортының немесе импортының күні:

      1) тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кеден шекарасы арқылы өткізген кезде – тауарларға арналған декларацияда көрсетілген, тауардың экспорт немесе импорт ретінде сыртқы сауданың кедендік статистикасында есепке алынатын кеден рәсімі болып орналастырылғанын растайтын, тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кеден шекарасы арқылы экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша тауарлардың қозғалысы туралы ақпаратта Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептік нөмірі көрсетілген тауарларды шығару күні;

      2) тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағының ішінде өткізген кезде:

      импорт үшін – тауарларды әкелу туралы өтініште көрсетілген тауарды есепке қабылдаған күн;

      экспорт үшін – шот-фактураның тауарларды әкелу туралы өтініште көрсетілген күні;

      3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілмеген жағдайларда:

      тауарларды уақытша әкелу (әкету) туралы хабарламада көрсетілген күн немесе алыс-беріс шикізатын есепке алу күні;

      қайта өңдеу өнімдерін әкелу (әкету) туралы міндеттеменің орындалуы туралы есепте көрсетілген күн;

      шет мемлекеттің тауарларына арналған декларацияда тауарлардың шығарылғанын, тауарлардың берілуін, жұмыстардың орындалуын, қызметтердің көрсетілуін, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың кеден шекарасы арқылы нақты өткізбестен немесе Қазақстан Республикасының аумағынан (аумағына) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына (аумағынан) өткізбестен жасалғанын растайтын құжаттарға қол қойылған (қабылданған) күн;

      нақты берілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін шот-фактураның, инвойстың берілген күні немесе нақты орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін электрондық шот-фактураны жазып берген күн;

      жұмыстардың орындалғанын, қызметтердің көрсетілгенін растайтын құжаттарға қол қоюды (қабылдауды) және нақты орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін шот-фактура, инвойс беруді көздемейтін экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың талаптарына сәйкес міндеттемелерді орындаудың басталған күні болып табылады.";

      3) Қағидалардың 5-тармағының 2) тармақшасы тоқтатыла тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданылады деп белгілене отырып, осы тармақшаның қолданылуы тоқтатыла тұрсын:

      "2) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы Қазақстан Республикасының сыртқы саудасының кедендік статистикасында есепке алынатын кеден рәсімдерінің бірі болып орналастырылған, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша тауарлардың қозғалысы туралы ақпаратта Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептік нөмірі көрсетілген тауарлар болып табылады.";

      4) Қағидалардың 6-тармағының бірінші бөлігі тоқтатыла тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданылады деп белгілене отырып, осы бөліктің қолданылуы тоқтатыла тұрсын:

      "6. Ұлттық Банк (оның аумақтық филиалы), уәкілетті банк (оның филиалы) Қағидаларда көзделген ақпаратты берілетін деректердің жасырындылығын және теңтүпнұсқалығын қамтамасыз ететін криптографиялық қорғаныш құралдарымен ақпаратты кепілдік бере отырып жеткізудің тасымалдау жүйесін пайдалану арқылы және (немесе) электрондық цифрлық қолтаңбаны растау рәсімдерін сақтай отырып, ақпараттық жүйелерді пайдалану арқылы электрондық тәсілмен беруді жүзеге асырады. Уәкілетті банктің (оның филиалының) ақпаратты қағаз тасымалдағышта (ақпаратты электрондық тәсілмен беру мүмкін болмаған кезде) беруіне рұқсат етіледі. Ұлттық Банктің Қағидаларда көзделген ақпаратты мемлекеттік кірістер органына беруі ақпаратты криптографиялық қорғаныш құралдарымен кепілдік бере отырып жеткізудің тасымалдау жүйесін пайдалану арқылы және (немесе) ақпараттық қауіпсіздік рәсімдерін сақтай отырып, Ұлттық Банктің экспорттық-импорттық валюталық бақылау жөніндегі ақпараттық жүйесінен шығарып алу арқылы электрондық тәсілмен жүзеге асырылады.";

      5) Қағидалардың 22-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасы тоқтатыла тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданылады деп белгілене отырып, осы тармақшаның қолданылуы тоқтатыла тұрсын:

      "3) Ұлттық Банкке экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартты есептік тіркеуден алу туралы мәліметтерді көрсете отырып, Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша ақпаратты жібереді.";

      6) Қағидалардың 24-тармағының екінші бөлігі тоқтатыла тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданылады деп белгілене отырып, осы бөліктің қолданылуы тоқтатыла тұрсын:

      "Ұлттық Банк Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген сұратуды алған күннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде жаңа есептік тіркеу банкіне Ұлттық Банкте бар мынадай:

      1) Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарлардың қозғалысы туралы;

      2) Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы;

      3) Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы сұратылған өтініштер бойынша ақпарат жібереді.";

      7) Қағидалардың 33-тармағының бірінші және екінші бөліктері тоқтатыла тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданылады деп белгілене отырып, осы бөліктердің қолданылуы тоқтатыла тұрсын:

      "33. Есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банк және есептік тіркеу банкі болып табылатын Ұлттық Банктің аумақтық филиалы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша ақпаратты есептік нөмір берілген, есептік тіркеуден шығарылған, жаңа есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банктің (оның филиалының) экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша міндеттемелердің орындалғаны, жеке есепке алынған экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша ақша қозғалысының қайта басталғаны, тауарлардың өткізілгені, жұмыстардың орындалғаны, қызметтердің көрсетілгені, есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша репатриациялау талаптарының орындалуын бақылау рәсімдерінің қайта басталғаны жөнінде ақпарат беру туралы сұратуын алған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде Ұлттық Банкке жібереді.

      Экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартқа бұрын жіберілген ақпаратты өзгертетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банк, есептік тіркеу банкі болып табылатын Ұлттық Банктің аумақтық филиалы құжаттарды қабылдаған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша ақпаратты Ұлттық Банкке жібереді, оларға сәйкес осындай өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізіледі.";

      8) Қағидалардың 34-тармағы тоқтатыла тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданылады деп белгілене отырып, осы тармақтың қолданылуы тоқтатыла тұрсын:

      "34. Ұлттық Банк есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банктен немесе есептік тіркеу банкі болып табылатын аумақтық филиалдан Қағидалардың 33-тармағында көрсетілген ақпаратты алған күннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде мемлекеттік кірістер органына есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша ақпарат пен 1, 2, 4, 5, 6, 10, 11, 17 және 18-бағандарда көрсетілген мәліметтерді Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жібереді.

      Мемлекеттік кірістер органы репатриациялау талабын бақылау үшін ақпараттық қауіпсіздік рәсімдерін сақтай отырып, Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша ақпаратты Ұлттық Банктің экспорттық-импорттық валюталық бақылау жөніндегі ақпараттық жүйесінен шығарып алу жолымен алады.";

      9) Қағидалардың 35-тармағы тоқтатыла тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданылады деп белгілене отырып, осы тармақтың қолданылуы тоқтатыла тұрсын:

      "35. Есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банк Ұлттық Банкке Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша міндеттемелердің орындалғаны туралы ақпаратты міндеттемелер орындалған жағдайда мынадай мерзімдерде:

      1) есепті айда төлем карточкаларын пайдаланбай экспорттаушының немесе импорттаушының уәкілетті банктегі (оның филиалындағы) банктік шоттары арқылы төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру жолымен – есепті кезеңнен кейінгі айдың 15 (он бесіне) (қоса алғанда) дейінгі мерзімде;

      2) төлем карточкаларын пайдалана отырып және (немесе) өзге тәсілмен төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру арқылы –экспорттаушы немесе импорттаушы не валюталық шартты есептік тіркеу банкі болып табылмайтын банк растайтын ақпаратты және (немесе) құжаттарды ұсынған айдан кейінгі айдың 15 (он бесінші) күніне (қоса алғанда) дейін мерзімде жібереді.

      Есеп айырысулардың вексельдік нысанын көздейтін есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша уәкілетті банк Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша міндеттемелерді орындау жөніндегі ақпаратты Қағидалардың 68-тармағының бірінші бөлігіндегі 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда жібереді.";

      10) Қағидалардың 36, 37, 38 және 39-тармақтары тоқтатыла тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданылады деп белгілене отырып, осы тармақтардың қолданылуы тоқтатыла тұрсын

      "36. Мемлекеттік кірістер органы репатриациялау талаптарын бақылау үшін ақпараттық қауіпсіздік рәсімдерін сақтай отырып, Ұлттық Банктің экспорттық-импорттық валюталық бақылау жөніндегі ақпараттық жүйесінен шығарып алу жолымен Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша міндеттемелерді орындау жөніндегі ақпаратты алады.

      37. Мемлекеттік кірістер органы Ұлттық Банкке экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың есептік нөмірі бөлінісінде Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарлардың қозғалысы туралы ақпаратты есепті айдан кейінгі айдың 10 (оныншы) күніне дейінгі мерзімде ай сайын жібереді.

      Ұлттық Банк Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген ақпаратты мемлекеттік кірістер органынан алған күннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде оны есептік тіркеу банктері болып табылатын уәкілетті банктерге және есептік тіркеу банктері болып табылатын Ұлттық Банктің аумақтық филиалдарына жібереді.

      38. Есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банк немесе есептік тіркеу банкі болып табылатын Ұлттық Банктің аумақтық филиалы экспорттаушыдан немесе импорттаушыдан алынған тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштің көшірмесі негізінде Ұлттық Банкке Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш бойынша ақпарат алуға электрондық сұратуды (бұдан әрі – электрондық сұрату) ақпараттық жүйе арқылы жібереді.

      Ұлттық Банк валюталық шарттың есептік нөмірі бойынша мәліметтерді қоспағанда, ақпараттық жүйе арқылы мемлекеттік кірістер органына есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банктен немесе есептік тіркеу банкі болып табылатын Ұлттық Банктің аумақтық филиалынан алынған электрондық сұратуды қайта жібереді.

      Мемлекеттік кірістер органы электрондық сұратуды алғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде Ұлттық Банкке ақпараттық жүйе арқылы Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы сұратылған өтініш бойынша ақпарат береді.

      Ұлттық Банк ақпараттық жүйе арқылы есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банкке немесе электрондық сұратуға бастамашылық жасаған есептік тіркеу банкі болып табылатын Ұлттық Банктің аумақтық филиалына Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы сұратылған өтініш бойынша мемлекеттік кірістер органынан алынған ақпаратты осындай ақпаратты алған күні береді.

      Мемлекеттік кірістер органы ақпараттық жүйе арқылы Қағидаларға 19-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш бойынша бұрын мемлекеттік кірістер органы жіберген ақпарат бойынша мәліметтердің өзгеруі туралы ақпаратты, Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өзгерістер мен толықтырулар жүргізілген тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы сұратылған өтініш бойынша ақпаратты:

      жаңасына ауыстыруға байланысты кері қайтарып алу кезінде импортталған тауарлардың бағасы ұлғайған жағдайда өзгертілген және алдыңғы құн арасындағы айырманы көрсете отырып ұсыну кезінде – Еуразиялық экономикалық одақтың салық органдары тауарларды әкелу туралы өтінішті қабылдау туралы ақпаратты алған күннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

      алып тастауға байланысты кері қайтарып алу кезінде – тауарларды әкелу туралы өтініштің мәртебесі өзгерген күннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде жібереді.

      Ұлттық Банк есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банкке немесе есептік тіркеу банкі болып табылатын Ұлттық Банктің аумақтық филиалына тауарларды әкелу туралы өтініштер бойынша өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты мемлекеттік кірістер органынан алғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде қайта жібереді.

      39. Мемлекеттік кірістер органының аумақтық бөлімшесінің уәкілетті лауазымды адамы Қағидаларға сәйкес есептік нөмір беру талап етілетін экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша тауарларға декларацияны ресімдеу кезінде экспорттаушы немесе импорттаушы тауарларға арналған декларацияда мәлімдеген экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың есептік нөмірін Қағидалардың 34-тармағына сәйкес есепке алу нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша алынған ақпаратпен салыстырып тексереді.

      Экспорттаушы немесе импорттаушы нақты ақпаратпен сәйкес келмеген жағдайда Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен тауарларға арналған декларацияға тиісті түзетулер енгізеді.";

      11) Қағидалардың 42-тармағы тоқтатыла тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданылады деп белгілене отырып, осы тармақтың қолданылуы тоқтатыла тұрсын:

      "42. Мемлекеттік кірістер органы репатриациялау талабын бақылау үшін ақпараттық қауіпсіздік рәсімдерін сақтай отырып, Ұлттық Банктің экспорттық-импорттық валюталық бақылау бойынша ақпараттық жүйесінен шығарып алу жолымен Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шетелдік банктегі шот арқылы экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы ақпарат алады.";

      12) Қағидалардың 45-тармағы тоқтатыла тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданылады деп белгілене отырып, осы тармақтың қолданылуы тоқтатыла тұрсын:

      "45. Егер репатриацияның мерзімі аяқталса, ал экспорттаушы немесе импорттаушы алдындағы экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша бейрезиденттің орындамаған міндеттемелерінің сомасы баламасында 50 000 (елу мың) АҚШ долларынан асса, есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банк немесе есептік тіркеу банкі болып табылатын Ұлттық Банктің аумақтық филиалы есепті айдан кейінгі айдың 15 (он бесінші) күніне (қоса алғанда) дейінгі мерзімде (репатриациялау мерзімі өткен ай) Ұлттық Банкке Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банктік бақылаудың жеке карточкасын жібереді.

      Ұлттық Банк есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банктен немесе есептік тіркеу банкі болып табылатын Ұлттық Банктің аумақтық филиалынан Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген банктік бақылаудың жеке карточкасын алған күннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде мемлекеттік кірістер органының аумақтық бөлімшесінің Қағидалардың 4650-тармақтарында көрсетілген іс-шараларды жүргізуі мақсатында мемлекеттік кірістер органына ақпараттық қауіпсіздік рәсімдерін сақтай отырып, Ұлттық Банктің ақпараттық жүйесінен экспорттық-импорттық валюталық бақылау жөніндегі ақпаратты шығарып алып жібереді.

      Экспорттаушының немесе импорттаушының экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартқа есептік нөмір беруге өтініш жасау мерзімін бұзу фактісі бойынша есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банк немесе есептік тіркеу банкі болып табылатын Ұлттық Банктің аумақтық филиалы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18512 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 30 наурыздағы № 40 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бұзушылық жөніндегі карточканы (бұдан әрі – бұзушылық жөніндегі карточка) Ұлттық Банкке жібереді.

      Ұлттық Банк есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банктен, есептік тіркеу банкі болып табылатын Ұлттық Банктің аумақтық филиалынан Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген бұзушылық жөніндегі карточканы алған күннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы ақпаратты мемлекеттік кірістер органына ақпараттық қауіпсіздік рәсімдерін сақтай отырып, Ұлттық Банктің ақпараттық жүйесінен экспорттық-импорттық валюталық бақылау жөніндегі ақпаратты шығарып алып қайта жібереді.";

      13) Қағидалардың 47-тармағының бірінші бөлігі тоқтатыла тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданылады деп белгілене отырып, осы бөліктің қолданылуы тоқтатыла тұрсын:

      "47. Мемлекеттік кірістер органы мен Ұлттық Банктің ақпараттық жүйелеріндегі тауарларға арналған декларациялардан, тауарларды әкелу туралы өтініштерден алынған мәліметтерде алшақтықтардың болмау және (немесе) болу фактісі белгіленген кезде Қағидалардың 46-тармағында белгіленген мерзім ішінде мемлекеттік кірістер органының аумақтық бөлімшесі Ұлттық Банкке дәйекті деректерді жіберу қажеттілігі туралы мемлекеттік кірістер органын хабардар етеді.";

      14) Қағидалардың 48-тармағы бірінші бөлігінің бірінші абзацы тоқтатыла тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданылады деп белгілене отырып, осы абзацтың қолданылуы тоқтатыла тұрсын:

      "48. Мемлекеттік кірістер органының аумақтық бөлімшесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілігі көзделген экспорттаушы немесе импорттаушы жол берген валюталық заңнаманы бұзу белгілерінің бар-жоғын салыстырып тексеру жүргізгеннен және анықтағаннан кейін Ұлттық Банктен банктік бақылаудың жеке карточкасын және (немесе) Қағидалардың 52-тармағының 3) және 4) тармақшалары бойынша ақпаратты және (немесе) бұзушылық жөніндегі карточканы алған күннен кейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде экспорттаушыға немесе импорттаушыға ұсыну туралы сұратуды жібереді:";

      15) Қағидалардың 49-тармағы тоқтатыла тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданылады деп белгілене отырып, осы тармақтың қолданылуы тоқтатыла тұрсын:

      "49. Мемлекеттік кірістер органының аумақтық бөлімшесі қаралып отырған банктік бақылаудың жеке карточкасы бойынша ақпаратты және (немесе) валюталық бақылау құжаттарын (олардың көшірмелерін), Қағидалардың 52-тармағының 3) және 4) тармақшалары бойынша ақпаратты немесе бұзушылық жөніндегі карточканы нақтылау қажет болған кезде есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банктің (оның филиалының), таратылатын уәкілетті банктің есептік тіркеу банкі немесе тарату комиссиясы болып табылатын Ұлттық Банктің филиалы мекенжайына жазбаша сұратуды жолдайды.";

      16) Қағидалардың 51-тармағы тоқтатыла тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданылады деп белгілене отырып, осы тармақтың қолданылуы тоқтатыла тұрсын:

      "51. Мемлекеттік кірістер органы репатриациялау талабын бақылау үшін есепті айдан кейінгі айдың 20 (жиырмасыншы) күніне (қоса алғанда) дейінгі мерзімде Ұлттық Банкке ақпараттық қауіпсіздік рәсімдерін сақтай отырып, экспорттық-импорттық валюталық бақылау жөніндегі Ұлттық Банктің ақпараттық жүйесінен шығарып алу жолымен Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ай сайын валюталық бақылау нәтижелері туралы ақпаратты жібереді.";

      17) Қағидалардың 55-тармағы тоқтатыла тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданылады деп белгілене отырып, осы тармақтың қолданылуы тоқтатыла тұрсын:

      "55. Мемлекеттік кірістер органы ақпараттық қауіпсіздік рәсімдерін сақтай отырып, Ұлттық Банктің экспорттық-импорттық валюталық бақылау жөніндегі ақпараттық жүйесінен шығарып алу жолымен Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша міндеттемелерді орындау жөніндегі ақпаратты мемлекеттік кірістер органының аумақтық бөлімшесі экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартты жеке есепке алған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде Ұлттық Банктен алады.

      Ұлттық Банк Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген ақпаратты мемлекеттік кірістер органынан Қағидалардың 52-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша алған күннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банкке (оның филиалына) Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша ақпаратты жібереді.";

      18) Қағидалардың 56-тармағының екінші және төртінші бөліктері тоқтатыла тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданылады деп белгілене отырып, осы бөліктердің қолданылуы тоқтатыла тұрсын:

      "Мемлекеттік кірістер органы ақпараттық қауіпсіздік рәсімдерін сақтай отырып, Ұлттық Банктің экспорттық-импорттық валюталық бақылау жөніндегі ақпараттық жүйесінен шығарып алу жолымен Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша міндеттемелерді орындау жөніндегі ақпаратты мемлекеттік кірістер органының аумақтық бөлімшесі экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартты жеке есепке алған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде Ұлттық Банкке жібереді.";

      "Есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банк (оның филиалы) немесе есептік тіркеу банкі болып табылатын аумақтық филиал мемлекеттік кірістер органының экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың жеке есепте болуына байланысты рәсімді аяқтағаны туралы Ұлттық Банктен ақпарат алған күннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде Қағидалардың 26-тармағының 16) тармақшасының негізінде экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартты есептік тіркеуден алады және Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша ақпаратты жібереді.";

      19) Қағидалардың 57-тармағының екінші және үшінші бөліктері тоқтатыла тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданылады деп белгілене отырып, осы бөліктердің қолданылуы тоқтатыла тұрсын:

      "Есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банк (оның филиалы) немесе есептік тіркеу банкі болып табылатын Ұлттық Банктің аумақтық филиалы жеке есепке жатқызылған экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша ақша қозғалысы, тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету қайта басталған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде Қағидалардың 52-тармағының 1) және 2) тармақшаларымен көзделген негіз бойынша Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша тиісті ақпаратты Ұлттық Банкке жібереді.

      Ұлттық Банк осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген ақпаратты алған күннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт жөніндегі ақпаратты мемлекеттік кірістер органына жібереді.";

      20) Қағидалардың 60-тармағы тоқтатыла тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданылады деп белгілене отырып, осы тармақтың қолданылуы тоқтатыла тұрсын:

      "60. Есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банк немесе есептік тіркеу банкі болып табылатын Ұлттық Банктің аумақтық филиалы есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша репатриациялау талабының орындалуын бақылау рәсімдері қайта басталған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде Ұлттық Банкке есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша ақпаратты Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жібереді.";

      21) Қағидалардың 62-тармағының үшінші бөлігі тоқтатыла тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданылады деп белгілене отырып, осы бөліктің қолданылуы тоқтатыла тұрсын:

      "Үшінші тұлғаның банкі резидент үшінші тұлға төлем және (немесе) ақша аударымын жүзеге асырған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банкке (оның филиалына) Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы ақпаратты жібереді.";

      22) Қағидалардың 63-тармағы тоқтатыла тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданылады деп белгілене отырып, осы тармақтың қолданылуы тоқтатыла тұрсын:

      "63. Жеке сот орындаушысының шотына қызмет көрсететін банк есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша атқарушылық құжаттар негізінде ақша аударымы жүзеге асырылған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде экспорттаушының немесе импорттаушының жазбаша келісімі негізінде есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банкке (оның филиалына) Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы ақпаратты жібереді.";

      23) Қағидалардың 64-тармағының үшінші бөлігі тоқтатыла тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданылады деп белгілене отырып, осы бөліктің қолданылуы тоқтатыла тұрсын:

      "Экспорттаушыға немесе импорттаушыға қызмет көрсететін уәкілетті банктер (олардың филиалдары) талап ету құқығын басқаға беру сомасын немесе экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша және талап ету құқығын басқаға беру туралы шарт не борышты экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы ақпаратқа аудару туралы шарт бойынша борыштың сомасын есепке алу нөмірі Қағидалардың 15-қосымшасына сәйкес нысан бойынша көрсетеді.";

      24) Қағидалардың 70-тармағының төртінші бөлігі тоқтатыла тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданылады деп белгілене отырып, осы бөліктің қолданылуы тоқтатыла тұрсын:

      "Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілігі көзделген экспорттаушы немесе импорттаушы жол берген валюталық заңнаманы бұзушылықтарды есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банктің уақытша әкімшілігі (уақытша әкімшісі) анықтаған кезде мұндай банктің уақытша әкімшілігі (уақытша әкімшісі) Қағидалардың 45-тармағына сәйкес Ұлттық Банкке банктік бақылаудың жеке карточкасын, сондай-ақ бұзушылық жөніндегі карточканы жібереді.";

      25) Қағидалардың 73-тармағының үшінші бөлігі тоқтатыла тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданылады деп белгілене отырып, осы бөліктің қолданылуы тоқтатыла тұрсын:

      "Есептік тіркеу банкі экспорттаушыдан немесе импорттаушыдан осындай шарт бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы құжаттарды (олардың көшірмелерін) алғаннан кейін Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы ақпаратты осындай құжаттарды алған күннен кейін 3 (үш) ай ішінде жібереді.".

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Төрағасы
Т.М. Сүлейменов
     
      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қаржы министрі
Е.К. Жамаубаев

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау жəне

      реформалар агенттігінің

      Ұлттық статистика бюросы

  Қазақстан Республикасы
Премьер-
Министрінің орынбасары -
Қаржы министрі
2023 жылғы 4 қазандағы
№ 1054 мен
Қазақстан Ұлттық
Банкінің Төрғасы
2023 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 78 Бірлескен қаулы
мен бұйрыққа
қосымша

Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы заң) 5-бабының 7-тармағына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

      Экспорттық-импорттық валюталық бақылау – бұл экспорттаушылардың немесе импорттаушылардың экспорт немесе импорт бойынша шетел және (немесе) ұлттық валютаны репатриациялау талабын (бұдан әрі – репатриациялау талабы) орындауын бақылау мақсатында:

      1) валюталық бақылау органдары:

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық бөлімшелерін қоса алғанда, оның Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – мемлекеттік кірістер органы);

      құзыреті шегінде басқа мемлекеттік органдар (олардың аумақтық бөлімшелері), оның ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (оның аумақтық филиалдары);

      2) валюталық бақылау агенттері ретінде уәкілетті банктердің филиалдарын қоса алғанда, уәкілетті банктер жүзеге асыратын шаралар кешені.

      Қағидаларда:

      экспорттаушының немесе импорттаушының экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша есептік нөмірді алу тәртібі, экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт болған кезде репатриациялау талабының орындалуы бақылануы тиіс экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт сомасының шекті мәнін қоса алғанда, оның шарттары мен өлшемшарттары;

      экспорттаушының немесе импорттаушының бір уәкілетті банктен (оның филиалынан) екінші уәкілетті банкке (оның филиалына) экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша қызмет көрсетуге көшу тәртібі;

      экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартты есептік тіркеуден алу тәртібі;

      уәкілетті банк клиентпен іскерлік қатынастарды тоқтатқан кезде экспорттаушының немесе импорттаушының экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша репатриациялау талаптарын сақтауын бақылау ерекшеліктері;

      экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша ақша қозғалысына және міндеттемелердің өзге де орындалуына мониторинг жүргізу және экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша ақпаратты және (немесе) құжаттарды беру тәртібі;

      экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша репатриациялау талаптарының орындалуын бақылау тәртібі;

      мемлекеттік кірістер органының аумақтық бөлімшесінде экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың жеке есебін жүргізу тәртібі;

      экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша репатриациялау талаптарының орындалуын бақылау рәсімдерін қайта бастау тәртібі;

      жеке жағдайлар қамтылады.

      2. Осы Қағидаларда қолданылған ұғымдар "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы заңда көрсетілген мағыналарда пайдаланылады.

      Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1) тармақша 01.01.2024 бастап 01.01.2025 дейін тоқтатыла тұрады, тоқтатылған кезеңде қолданыста болатын редакцияны осы бірлескен қаулы мен бұйрықтың 5-тармағын қараңыз.

      1) банктік бақылаудың жеке карточкасы – уәкілетті банктің (оның филиалының) немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) аумақтық филиалының экспорттаушының немесе импорттаушының репатриациялау талабын бұзғаны, экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартқа есептік нөмір алуға берілген өтініш мерзімі туралы ақпараты;

      2) есептік нөмір – экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартқа берілген және репатриациялау талабын бақылауға, валюталық операциялар бойынша есеп пен есептілікті қамтамасыз етуге арналған сәйкестендіру нөмірі;

      3) есептік тіркеу – экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартқа есептік нөмір беру, репатриациялау талабына бақылау жүргізу, осындай шарт шеңберінде міндеттемелердің орындалуы жөнінде есеп жүргізу және есептерді ұсыну;

      4) есептік тіркеу банкі – экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартты есептік тіркеуді жүзеге асыратын уәкілетті банк (оның филиалы) немесе Ұлттық Банктің аумақтық филиалы;

      5) репатриациялау мерзімі – экспорттаушы немесе импорттаушы Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы заңның 9-бабының 2-тармағына сәйкес репатриациялау талабын орындауды қамтамасыз ететін уақыт кезеңі.

      Көрсетілген уақыт кезеңі (репатриация мерзімі) арасындағы уақыт кезеңі былай есептеледі:

      экспорт күні мен экспортты төлеуге валюта келіп түскен күн;

      импорт бойынша төлем және (немесе) ақша аударымы күні мен бейрезидент міндеттемелерін орындамаған және (немесе) толық орындамаған жағдайда импорт бойынша пайдаланылмаған аванстық төлем қайтарылған күн;

      импорт бойынша төлем және (немесе) ақша аударымы күні мен импорт бойынша валюталық шартта пайдаланылмаған аванстық төлемді қайтару мерзімі болмаған жағдайда импорт күні арасындағы уақыт кезеңі.

      Экспорттаушы немесе импорттаушы репатриациялау мерзімін валюталық шарт тараптарының экспорт немесе импорт бойынша міндеттемелерді орындау талаптарына сүйене отырып өз бетінше есептейді. Репатриациялау мерзімін есептеу тәртібі Қағидаларға 1-қосымшада көзделген;

      6) тіркеу журналы – есептік нөмірлер берілген экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттарды тіркеу үшін есептік тіркеу банкі жүргізетін журнал;

      7) экспорттаушы немесе импорттаушы – бейрезидентпен экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт жасаған не экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша талап қоюдың өтуі нәтижесінде бейрезидентке талап қою құқығын қабылдаған немесе осындай шарт бойынша борышты аудару нәтижесінде бейрезидент алдындағы борышты қабылдаған Қазақстан Республикасының резиденті (заңды тұлға, оның филиалы, сондай-ақ дара кәсіпкер).

      3. Валюталық бақылау құжаттары экспорттаушы немесе импорттаушы, уәкілетті банк (оның филиалы), Ұлттық Банк (оның аумақтық филиалы), мемлекеттік кірістер органы (оның аумақтық бөлімшесі) немесе валюталық бақылаудың өзге де органдары ұсынатын, репатриациялау талабының орындауын бақылауды жүзеге асыру кезінде қағаз тасымалдағышпен немесе электрондық тәсілмен түскен валюталық шарт жөніндегі ақпарат және (немесе) құжаттар, оның ішінде орындалған жұмыстар актілері, көрсетілген қызметтер актілері, нақты өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін шот-фактуралар, инвойстар, тауарларға арналған декларациялар, жанама салықтарды төлеу немесе қосылған құн салығынан және (немесе) акциздерден босату туралы растауы бар тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгенi туралы өтiнiштер (бұдан әрі – тауарларды әкелу туралы өтiнiш), жанама салықтардың төлену фактісін растау туралы хабарлама (босату не төлеудің өзге тәртібі), шетелдік банкте ашылған шот бойынша ақша қозғалысы туралы үзінді-көшірме, экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың талаптарына сәйкес салыстырып тексерулер актілері болып табылады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      4-тармақ 01.01.2024 бастап 01.01.2025 дейін тоқтатыла тұрады, тоқтатылған кезеңде қолданыста болатын редакцияны осы бірлескен қаулы мен бұйрықтың 5-тармағын қараңыз.

      4. Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер экспортының немесе импортының күні:

      1) репатриациялауды бақылау мақсаттары үшін есепке алынатын кеден рәсімі болып тауар орналастырылған кезде – Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепке алу нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша тауарларға арналған декларациялар жөніндегі ақпаратта көрсетілген тауарларды шығару күні;

      2) өзге жағдайларда:

      импорт үшін – тауарларды әкелу туралы өтініште көрсетілген тауарды есепке қабылдаған күн;

      экспорт үшін – шот-фактураның тауарларды әкелу туралы өтініште көрсетілген күні немесе тауарларды әкету күні;

      импорт немесе экспорт үшін – тауарларды уақытша әкелу (әкету) туралы хабарламада көрсетілген күн немесе алыс-беріс шикізатын есепке алу күні;

      импорт немесе экспорт үшін – қайта өңдеу өнімдерін әкелу (әкету) туралы міндеттеменің орындалуы туралы есепте көрсетілген күн;

      импорт немесе экспорт үшін – шет мемлекеттің тауарларына арналған декларацияда тауарлардың шығарылғанын, тауарлардың берілуін, жұмыстардың орындалуын, қызметтердің көрсетілуін, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың кеден шекарасы арқылы нақты өткізбестен немесе Қазақстан Республикасының аумағынан (аумағына) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына (аумағынан) өткізбестен жасалғанын растайтын құжаттарға қол қойылған (қабылданған) күн;

      импорт немесе экспорт үшін – нақты берілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін шот-фактураның, инвойстың берілген күні немесе нақты орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін электрондық шот-фактураны жазып берген күн;

      импорт немесе экспорт үшін – жұмыстардың орындалғанын, қызметтердің көрсетілгенін растайтын құжаттарға қол қоюды (қабылдауды) және нақты орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін шот-фактура, инвойс беруді көздемейтін экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың талаптарына сәйкес міндеттемелерді орындаудың басталған күні болып табылады.

      5. Тауарларды экспорт немесе импорт үшін Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы өткізу:

      1) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан (аумағына) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттердің аумағына (аумағынан);

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      2) тармақша 01.01.2024 бастап 01.01.2025 дейін тоқтатыла тұрады, тоқтатылған кезеңде қолданыста болатын редакцияны осы бірлескен қаулы мен бұйрықтың 5-тармағын қараңыз.

      2) репатриациялауды бақылау мақсаттары үшін есепке алынатын және Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепке алу нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша тауарларға арналған декларациялар жөніндегі ақпаратта көрсетілген кедендік рәсім болып орналастырылған тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кеден шекарасы арқылы өткізу болып табылады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      6-тармақтың бірінші бөлігі 01.01.2024 бастап 01.01.2025 дейін тоқтатыла тұрады, тоқтатылған кезеңде қолданыста болатын редакцияны осы бірлескен қаулы мен бұйрықтың 5-тармағын қараңыз.

      6. Ұлттық Банк (оның аумақтық филиалы), мемлекеттік кірістер органы (оның аумақтық бөлімшесі), уәкілетті банк (оның филиалы) Қағидаларда көзделген ақпаратты берілетін деректердің конфиденциалдылығын және теңтүпнұсқалығын қамтамасыз ететін криптографиялық қорғаныш құралдарымен ақпаратты кепілдік бере отырып жеткізудің тасымалдау жүйесін пайдалану арқылы және (немесе) электрондық цифрлық қолтаңбаны растау рәсімдерін сақтай отырып, ақпараттық жүйелерді пайдалану арқылы электрондық тәсілмен беруді жүзеге асырады. Уәкілетті банктің (оның филиалының) ақпаратты қағаз тасымалдағышта (ақпаратты электрондық тәсілмен беру мүмкін болмаған кезде) беруіне рұқсат етіледі.

      Мемлекеттік кірістер органы Қағидаларға сәйкес алынған ақпараттың конфиденциалдылығы мен сақталуын қамтамасыз етеді.

      7. Экспорттаушы немесе импорттаушы Қағидаларда көзделген ақпаратты және (немесе) құжаттарды қағаз тасымалдағышпен және (немесе) электрондық цифрлық қолтаңбамен растау рәсімдерін немесе "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 56-бабының 5-тармағына сәйкес қорғаныш қимылдарының басқа элементтерін сақтай отырып, ақпараттық жүйелерді пайдалану арқылы электрондық тәсілмен ұсынады.

      Экспорттаушы немесе импорттаушы өзге тәсілмен ұсынған Қағидаларда көзделген ақпарат және (немесе) құжаттар кейіннен Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігіне сәйкес жіберіледі. Экспорттаушы немесе импорттаушы ақпаратты және (немесе) құжаттарды әртүрлі тәсілмен ұсынған кезде күндердің ішіндегі ең ертесі ақпаратты ұсыну күні болып саналады.

      8. Экспорттаушы немесе импорттаушы ұсынатын валюталық бақылау құжаттары (олардың көшірмелері) уәкілетті банктің (оның филиалының), Ұлттық Банктің аумақтық филиалының, мемлекеттік кірістер органының аумақтық бөлімшесінің талап етуі бойынша мөрмен (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) және экспорттаушының немесе импорттаушының қолымен куәландырылады.

      Шет тілдегі валюталық бақылау құжаттары (олардың көшірмелері) уәкілетті банктің (оның филиалының), Ұлттық Банктің аумақтық филиалының, мемлекеттік кірістер органының аумақтық бөлімшесінің талап етуі бойынша мөрмен (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) және экспорттаушының немесе импорттаушының қолымен куәландырылып, қазақ тіліндегі немесе орыс тіліндегі аудармасы қоса ұсынылады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасы және құжаттар шығатын ұйымдардың мемлекеті қатысушылары болып табылатын халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, экспорттаушы немесе импорттаушы ұсынатын, шет мемлекеттің ұйымдарынан шығатын құжаттар консулдық заңдастыру болған кезде қарауға қабылданады.

      Экспорттаушы немесе импорттаушы осындай құжаттар мәтінінің түсінікті болуын қамтамасыз ете отырып, валюталық бақылау құжаттарының көшірмелерін ұсынады.

      9. Егер Қағидаларда белгіленген мерзім жұмыс істемейтін күні аяқталса, онда одан кейінгі жұмыс күні ақпаратты және (немесе) құжаттарды ұсыну мерзімінің аяқталу күні болып саналады.

      Ақпаратты және (немесе) құжаттарды адресат алған күн немесе оның пошта штемпеліндегі жөнелту күні ақпаратты және (немесе) құжаттарды қағаз тасымалдағышпен ұсыну күні болып саналады.

2-тарау. Экспорттаушының немесе импорттаушының экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт болған кезде репатриациялау талаптарының орындалуын бақылауы тиіс экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша есептік нөмірді, экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт сомасының шекті мәнін қоса алғанда, оның шарттары мен өлшемшарттарын алу тәртібі

      10. Егер экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың сомасы Америка Құрама Штаттарының (бұдан әрі – АҚШ) 50 000 (елу мың) долларының баламасынан асатын болса, осындай шарт есептік тіркелуге жатады.

      Егер экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартта оны жасаған күні шарттың сомасы көрсетілмесе, онда осындай шарт есептік тіркеуге жататын шарт ретінде қаралады.

      Егер экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт АҚШ долларынан өзгеше валютамен көрсетілсе және осындай шартта АҚШ долларына қатысты айырбастау бағамына нұсқау көрсетілмесе, экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың АҚШ долларымен көрсетілген сомасының баламасын айқындау үшін қайта есептеу валюталар айырбастаудың осындай шартқа қол қойылған күнгі (ол болмаған жағдайда – шарт күшіне енгізілген күнгі) ресми бағамы пайдаланыла отырып жүзеге асырылады.

      11. Экспорт немесе импорт бойынша валюталық шарт мына жағдайларда:

      1) экспорттаушының немесе импорттаушының банктік шотына қызмет көрсететін уәкілетті банкте (оның филиалында) – егер барлық төлемдер және (немесе) ақша аударымдары экспорттаушының немесе импорттаушының уәкілетті банктегі (оның филиалындағы) шотын пайдалана отырып жүзеге асырылса;

      2) экспорттаушының немесе импорттаушының банктік шотына қызмет көрсететін уәкілетті банкте (оның филиалында) – егер төлемдер және (немесе) ақша аударымдары уәкілетті банкте (оның филиалында), сол сияқты шетелдік банкте ашылған шоттарды пайдалана отырып жүзеге асырылса;

      3) экспорттаушының немесе импорттаушының тұрақты тұрғылықты немесе тұрған жері бойынша Ұлттық Банктің аумақтық филиалында – егер барлық төлемдер және (немесе) ақша аударымдары Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы заңның 9-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген шетелдік банктегі экспорттаушының немесе импорттаушының шотын пайдалана отырып жасалса, есептік тіркеу жүзеге асырылады.

      12. Экспорттаушы немесе импорттаушы тараптардың кез келгені экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша міндеттемелерді орындауды бастағанға дейін есептік нөмірді алу үшін өтініш жасайды.

      Егер экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша міндеттемелерді орындауды оның бейрезидент қатысушысы бірінші болып бастаса және осындай орындау резидент экспорттаушының немесе импорттаушының пайдасына ақшаның түсуіне, тауарлардың берілуіне, жұмыстардың орындалуына, қызметтердің көрсетілуіне, зияткерлік меншік объектілеріне ішінара айрықша құқықтардың берілуіне, мүліктің жалға берілуіне байланысты болса, онда осындай резидент ақша түскенге, тауарлар алынғанға, жұмыстар орындалғанға, қызметтер көрсетілгенге, зияткерлік меншік объектілеріне ішінара айрықша құқықтар алынғанға, мүлікті өзінің иелігіне жалға алғанға дейін есептік тіркеу үшін өтініш береді.

      Егер бейрезидент қатысушы шет мемлекеттің аумағында тараптардың бірі азаматтық әуе кемелерінің пайдаланушысы сертификаты бар резидент заңды тұлға болып табылатын жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) импорты жөніндегі валюталық шарт бойынша міндеттемелерді орындауды бірінші болып бастаса, онда резидент бейрезидент міндеттемелерін орындағаннан кейін күнтізбелік 90 (тоқсан) күн ішінде, бірақ резидент міндеттемелерді орындауды бастаған күннен кешіктірмей валюталық шартты есептік тіркеу үшін өтініш береді.

      Талап қоюдың өтуі немесе борышты аудару нәтижесінде бейрезидентке талап қою құқығын қабылдаған не бейрезидент алдындағы борышты қабылдаған экспорттаушы немесе импорттаушы осындай талап ету құқығы немесе борыш қабылданған күннен кейін, бірақ тараптардың кез келгені өткізілген талап (аударылған борыш) бойынша міндеттемелерді орындауды бастағанға дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей есептік тіркеу үшін өтініш жасайды.

      13. Есептік нөмір алу үшін экспорттаушы немесе импорттаушы уәкілетті банкке (оның филиалына) немесе Ұлттық Банктің аумақтық филиалына:

      1) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартты валюталық бақылауға қабылдау туралы өтінішті;

      2) экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың түпнұсқасын немесе көшірмесін ұсынады. Егер экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт шет тілде жасалса, онда оның қазақ тіліндегі немесе орыс тіліндегі аудармасы ұсынылады.

      Ұлттық Банктің аумақтық филиалында есептік нөмір алған кезде экспорттаушы немесе импорттаушы қол қою үлгілері бар құжатты қосымша ұсынады.

      14. Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартты валюталық бақылауға қабылдау туралы өтініште Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес репатриациялау мерзімін есептеу тәртібіне сәйкес есептелген репатриациялау мерзімі көрсетіледі.

      Егер операция Ұлттық Банк Басқармасының 2019 жылғы 30 наурыздағы №40 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18512 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларында көзделген түрлер мен өлшемшарттарға жатса, уәкілетті банк (оның филиалы) "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – КЖТҚҚ туралы заң) талаптарына сәйкес әзірленген ішкі бақылау қағидаларына сәйкес, сондай-ақ экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартқа барлық өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды қоса алғанда, оның талаптарына талдау жасауды жүзеге асырады.

      15. Уәкілетті банктің (оның филиалының) немесе Ұлттық Банктің аумақтық филиалының уәкілетті қызметкері экспорттаушы немесе импорттаушы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды берген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартты Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу журналында тіркейді.

      Экспорт немесе импорт жөніндегі бір валюталық шартқа тек бір есептік нөмір беріледі.

      Есептік нөмір, оны берген күн, уәкілетті банктің (оның филиалының) немесе Ұлттық Банктің аумақтық филиалының атауы, экспорттаушы немесе импорттаушы туралы мәлімет экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт түпнұсқасының немесе көшірмесінің бірінші немесе соңғы парағында уәкілетті банктің (оның филиалының) немесе Ұлттық Банктің аумақтық филиалының уәкілетті қызметкерінің аты-жөні көрсетіліп, қойылған қолымен куәландырылады. Есептік нөмірдің берілгені туралы белгі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт көшірмесінің бір данасы уәкілетті банкте (оның филиалында) немесе Ұлттық Банктің аумақтық филиалында қалады.

      Электрондық құжат айналымы кезінде экспорттаушы немесе импорттаушы экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың электрондық көшірмесін ұсынады. Уәкілетті банктің (оның филиалының) немесе Ұлттық Банктің аумақтық филиалының уәкілетті қызметкері ішкі актіде белгіленген тәртіппен электрондық цифрлық қолтаңбамен немесе "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 56-бабының 5-тармағына сәйкес қорғаныш қимылдарының басқа элементтерімен куәландырылған есептік нөмір береді және экспорттаушыға немесе импорттаушыға экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартқа есептік нөмір берілгені туралы еркін нысанда хабарлайды.

      16. Уәкілетті банк (оның филиалы) немесе Ұлттық Банктің аумақтық филиалы мына жағдайларда:

      1) экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартқа барлық өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды қоса алғанда, онда Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасының талаптарына қайшы келетін талаптар болған;

      2) экспорттаушының немесе импорттаушының Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартты валюталық бақылауға қабылдау туралы өтініштегі қойылған қолы қол қою үлгілері бар құжаттағы қол қою үлгісіне сәйкес келмеген;

      3) КЖТҚҚ туралы заңында бабында көзделген негіздемелер бойынша есептік нөмір беруден бас тартады.

      17. Экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша тараптардың міндеттемелерді орындау мерзімдері мен шарттарына әсер ететін мән-жайлар туындаған кезде экспорттаушы немесе импорттаушы есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банкке (оның филиалына) немесе есептік тіркеу банкі болып табылатын Ұлттық Банктің аумақтық филиалына ақпаратты және (немесе) растайтын құжаттарды (олардың көшірмелерін) ұсынады.

      Ақпарат және (немесе) құжаттар бейрезиденттің экспорттаушы немесе импорттаушы алдында орындамаған міндеттемелерінің сомасы 50 000 (елу мың) АҚШ доллары баламасынан асатын репатриациялау мерзімі аяқталған айдың соңғы күнінен кешіктірілмей ұсынылады.

      18. Есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банк (оның филиалы) немесе есептік тіркеу банкі болып табылатын Ұлттық Банктің аумақтық филиалы әрбір экспорттаушы немесе импорттаушы бойынша есептік нөмірлер бөлінісінде олардың келіп түсуіне қарай валюталық бақылау ақпаратынан және (немесе) құжаттарынан қалыптастырылатын досье жүргізеді. Экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша электрондық досье жүргізуге жол беріледі.

      19. Есептік нөмір беру мына жағдайларда:

      1) Ұлттық Банк немесе уәкілетті банк Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы қолма-қол ақша алып өткен кезде;

      2) Ұлттық Банк немесе уәкілетті банк шетел банктеріндегі металл шоттарына орналастыру үшін бағалы металдарды әкеткен кезде;

      3) Ұлттық Банк немесе уәкілетті банк Қазақстан Республикасының аумағына бағалы металдар әкелген кезде;

      4) ақы төлеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыртқы қарыздары немесе Қазақстан Республикасының кепілдік беруімен қамтамасыз етілген сыртқы қарыздар есебінен жүргізілетін экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттар үшін;

      5) Қазақстан Республикасының төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын мемлекеттік органдарының бөлімшелері (ведомстволары) арқылы жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелерімен және мемлекеттік кәсіпорындарымен жасалған экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттар үшін;

      6) уәкілетті банк және өзге де резидент қаржы ұйымдары бейрезиденттермен жасаған, қызмет көрсету көзделетін экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттар үшін талап етілмейді.

3-тарау. Экспорттаушының немесе импорттаушының экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша қызмет көрсетуге бір уәкілетті банктен (оның филиалынан) басқа уәкілетті банкке (оның филиалына) ауысу тәртібі

      20. Есептік тіркеу банкі өзгерген кезде (экспорттаушы немесе импорттаушы басқа уәкілетті банкке (оның филиалына) қызмет көрсетуге ауысқан жағдайда не Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы заңның 9-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдайларда) экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартқа жаңа есептік нөмір берілмейді.

      Экспорттаушы немесе импорттаушы басқа есептік тіркеу банкіне қызмет көрсетуге ауысу мақсатында жаңа есептік тіркеу банкіне:

      1) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартты валюталық бақылауға қабылдау туралы өтінішті;

      2) алдыңғы банктің экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартқа берілген есептік нөмірдің есептік тіркелгені туралы белгісі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың түпнұсқасын немесе көшірмесін ұсынады.

      Электрондық құжат айналымы кезінде экспорттаушы немесе импорттаушы экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың электрондық көшірмесін алдыңғы банктің экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартқа берілген есептік нөмірді есептік тіркегені туралы белгімен ұсынады.

      21. Жаңа есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банк (оның филиалы) экспорттаушының немесе импорттаушының жазбаша келісімі негізінде Қағидалардың 20-тармағының 1) тармақшасында көзделген өтінішті алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде алдыңғы есептік тіркеу банкі болып табылған алдыңғы уәкілетті банкке (оның филиалына) экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша міндеттемелердің орындалғаны туралы еркін нысанда сұрату жібереді.

      22. Алдыңғы есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банк (оның филиалы) экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша міндеттемелердің орындалғаны туралы ақпарат беру туралы жаңа есептік тіркеу банкінің сұратуын алған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде:

      1) экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартты есептік тіркеуден алады;

      2) жаңа есептік тіркеу банкіне экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша міндеттемелердің орындалғаны туралы еркін нысандағы ақпаратты жібереді;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      3) тармақша 01.01.2024 бастап 01.01.2025 дейін тоқтатыла тұрады, тоқтатылған кезеңде қолданыста болатын редакцияны осы бірлескен қаулы мен бұйрықтың 5-тармағын қараңыз.

      3) Ұлттық Банкке экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың есептік тіркеуден алынғаны туралы мәліметтерді көрсете отырып, Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша ақпаратты жібереді.

      Алдыңғы есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банк (оның филиалы) Қағидалардың 21-тармағында көрсетілген сұратуды алғаннан кейін экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асырмайды.

      23. Жаңа есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банк (оның филиалы) Қағидалардың 22-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген ақпаратты алдыңғы есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банктен (оның филиалынан) алғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде тіркеу журналына алдыңғы есептік тіркеу банкінің экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартқа бұрын берілген есептік нөмірді енгізеді.

      Жаңа есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банк (оның филиалы) Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу журналына осындай шартты валюталық бақылауға қабылдағаны туралы ақпаратты енгізгеннен кейін экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асырады.

      24. Жаңа есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банк (оның филиалы) алдыңғы есептік тіркеу банкінен экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша міндеттемелердің орындалғаны туралы ақпаратты алған күннен кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақпарат алу үшін Ұлттық Банкке сұрату жібереді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      24-тармақтың екінші бөлігі 01.01.2024 бастап 01.01.2025 дейін тоқтатыла тұрады, тоқтатылған кезеңде қолданыста болатын редакцияны осы бірлескен қаулы мен бұйрықтың 5-тармағын қараңыз.

      Ұлттық Банк Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген сұратуды алған күннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде жаңа есептік тіркеу банкіне Ұлттық Банкте бар мынадай:

      1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша тауарларға арналған декларациялар жөнінде;

      2) Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы;

      3) Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштер бойынша;

      4) Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша электрондық шот-фактуралар жөнінде ақпарат жібереді.

4-тарау. Экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартты есептік тіркеуден алу тәртібі

      25. Қағидалардың 26-тармағында көзделген негіздерге сәйкес есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банк (оның филиалы) немесе есептік тіркеу банкі болып табылатын Ұлттық Банктің аумақтық филиалы репатриациялау талабының орындалғанын бақылау рәсімдерін аяқтағаннан кейін есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банк (оның филиалы) немесе есептік тіркеу банкі болып табылатын Ұлттық Банктің аумақтық филиалы экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартты есептік тіркеуден алып тастайды.

      Қағидалардың 26-тармағының 1), 2), 3), 4), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 17) және 20) тармақшаларында көрсетілген негіздер болған кезде есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банктің (оның филиалының) немесе есептік тіркеу банкі болып табылатын Ұлттық Банктің аумақтық филиалының экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартты есептік тіркеуден алып тастауы Қағидалардың 22 және 32-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, экспорттаушының немесе импорттаушының еркін нысанда берген өтініші негізінде жүзеге асырылады. Экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартты өзге негіздер бойынша есептік тіркеуден алуды есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банк (оның филиалы) немесе есептік тіркеу банкі болып табылатын Ұлттық Банктің аумақтық филиалы экспорттаушының немесе импорттаушының тиісті өтінішін алмастан жүзеге асырады.

      Есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банк (оның филиалы) немесе есептік тіркеу банкі болып табылатын Ұлттық Банктің аумақтық филиалы экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартты есептік тіркеуден алуды Қағидалардың 22 және 32-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, экспорттаушының немесе импорттаушының өтініші келіп түскен күннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде есептік тіркеуден алу негіздерін растайтын құжаттармен бірге жүзеге асырады.

      Есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банк (оның филиалы) немесе есептік тіркеу банкі болып табылатын Ұлттық Банктің аумақтық филиалы Қағидалардың 22 және 32-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт есептік тіркеуден алынған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде бұл туралы экспорттаушыға немесе импорттаушыға еркін нысанда хабарлайды.

      Есептік тіркеуден алынған экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша досье есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банкте (оның филиалында) немесе есептік тіркеу банкі болып табылатын Ұлттық Банктің аумақтық филиалында экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт есептік тіркеуден алынған күннен кейін 5 (бес) жыл ішінде сақталады.

      26. Есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банктің (оның филиалының) экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартты есептік тіркеуден шығару үшін мыналар:

      1) экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша тараптардың міндеттемелерін толық көлемде орындауы немесе бейрезиденттің не резиденттің 50 000 (елу мың) АҚШ долларынан аспайтын баламадағы берешек қалдығының болуы, бас тарту төлемі төленген, есепке алынған, борышкер мен кредитор бір тұлға болған, мемлекеттік органның актісін орындау, шығару мүмкін болмаған жағдайларда, экспорттаушының немесе импорттаушының экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша тараптар міндеттемелерінің тоқтатылуы туралы жазбаша растауы және растайтын құжаттар болған кезде міндеттемелердің тоқтатылуы;

      2) импорттаушының импорт жөніндегі валюталық шарттың қолданылуын тоқтату туралы еркін нысандағы жазбаша өтініші болған жағдайда: бейрезидентке бұрын алынған тауарларды қайтару, бейрезидентке зияткерлік меншік объектілеріне бұрын берілген ішінара айрықша құқықтарды қайтару, бейрезидентке бұрын жалға алу үшін берілген мүлікті қайтару не импорттаушының тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету бойынша міндеттерін орындамаған жағдайда импорт жөніндегі валюталық шартты төлеу үшін алынған пайдаланылмаған аванстық төлемін импорттаушыға қайтару;

      3) бейрезиденттің тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу міндеттемесі орындалмаған кезде экспорттаушының экспорт жөніндегі валюталық шарттың қолданылуы тоқтатылғаны туралы еркін нысандағы жазбаша өтініші болған жағдайда: бейрезиденттің тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу жөніндегі міндеттемесін орындамаған жағдайда бұрын жөнелтілген тауарларды, зияткерлік меншік объектілеріне айрықша құқықтарды, бұрын бейрезидентке ішінара берген мүлікті, бейрезиденттің пайдасына оған бұрын жалға берген мүлікті экспорттаушыға қайтару не экспорттаушының тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жөніндегі міндеттемелерін орындамаған жағдайда экспорттаушының экспорт жөніндегі валюталық шартты төлеуге алған валютаны бейрезидентке қайтаруы;

      4) экспорттаушы немесе импорттаушы бейрезидент алдындағы міндеттемелерін орындамаған жағдайда, экспорттаушы немесе импорттаушы алдындағы міндеттемелерін толық көлемде орындаған бейрезидент тарапынан шағым-талаптың жоқтығын растайтын құжаттарды ұсыну;

      5) дара кәсіпкерлікті жеке жүзеге асыратын экспорттаушының немесе импорттаушының Қазақстан Республикасынан тыс тұрақты тұрғылықты жерге қоныс аударуы туралы уәкілетті органының растауы;

      6) тараптардың міндеттемелерді балама орындауы немесе бейрезиденттің не экспорттаушының немесе импорттаушының 50 000 (елу мың) АҚШ долларынан аспайтын баламадағы берешек қалдығының болуы шартымен тараптар міндеттемелерін орындаған соңғы күннен бастап күнтізбелік 1 (бір) жыл ішінде экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша міндеттемелерді орындаудың болмауы;

      7) бейрезидентті тарату немесе банкрот деп тану туралы сот шешімінің не шет мемлекеттің өзге уәкілетті мемлекеттік органы құжатының болуы;

      8) экспорттаушыны немесе импорттаушыны тарату және құқықтық мирасқордың болмауы;

      9) Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы заңның 9-бабының 3-тармағында көрсетілген жағдайларда репатриациялау талаптарын толық орындау;

      10) ақшалай талапты басқаға бере отырып (факторинг) қаржыландыруға арналған шарт шеңберінде экспорттаушының немесе импорттаушының банктік шотына ақшаның түсуі;

      11) уәкілетті банкті барлық банктік операцияларды жүргізуге лицензиядан айыру;

      12) уәкілетті банктің (оның филиалының) тараптар импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша міндеттемелерді толық көлемде орындаған не бейрезиденттің 50 000 (елу мың) АҚШ долларынан аспайтын баламадағы берешегінің қалдығы болған кезде импорттаушы импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша есеп айырысу үшін шығарған бейрезидент ұсынған вексельді есепке алуы;

      13) экспорттаушының немесе импорттаушының экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша бейрезидент алдындағы өз борышын бейрезиденттің келісімін растайтын құжаттар негізінде және экспорттаушының немесе импорттаушының Қағидалардың 64-тармағын ескере отырып, уәкілетті банкке (оның филиалына) ұсынған экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың қолданылуын тоқтату туралы еркін нысандағы жазбаша өтініші болған кезде басқа резидентке аударуы;

      14) экспорттаушының немесе импорттаушының растау құжаттары және экспорттаушының немесе импорттаушының Қағидалардың 64-тармағын ескере отырып, экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың қолданылуы тоқтатылғаны туралы еркін нысандағы жазбаша өтініші болған кезде бейрезидентке талап ету құқығын басқа резидентке беруі;

      15) дара кәсіпкер ретінде тіркелген экспорттаушының немесе импорттаушының қайтыс болғандығы, қайтыс болған деп жариялануы, әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп танылуы туралы мемлекеттік орган немесе өзге уәкілетті орган құжатының болуы;

      16) экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартты жеке есепке алуға жатқызған күннен бастап 3 (үш) жыл өтуі;

      17) экспорттаушының немесе импорттаушының Қағидалардың 21 – 24-тармақтарын ескере отырып, экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша есептік тіркеу банкін өзгертуі;

      18) уәкілетті банкті мәжбүрлеп тарату;

      19) Қағидалардың 31-тармағында көрсетілген мерзімді ескере отырып, бейрезиденттен экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша берешек сомасын өндіріп алуы және (немесе) оның өтеуі туралы сот немесе өзге де мемлекеттік орган, төрелік шешімінің болуы;

      20) есептік нөмір берілген күннен кейін күнтізбелік 1 (бір) жыл ішінде экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша міндеттемелердің орындалмауы;

      21) бейрезидент пен экспорттаушы немесе импорттаушы арасындағы бастапқы міндеттемені осы тұлғалар арасындағы өзге нысандағы немесе өзге орындау тәсілін көздейтін басқа міндеттемеге ауыстыра отырып бейрезиденттің шарт бойынша міндеттемелерін тоқтату;

      22) КЖТҚК туралы заңына сәйкес іскерлік қатынастарды тоқтату негіз болып табылады.

5-тарау. Уәкілетті банк клиентпен іскерлік қатынастарды тоқтатқан кезде экспорттаушының немесе импорттаушының экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша репатриациялау талаптарының сақталуын бақылау ерекшеліктері

      27. Егер есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банк (оның филиалы) жүргізген рәсімдердің қорытындылары бойынша ішкі бақылау қағидаларына сәйкес экспорттаушымен немесе импорттаушымен КЖТҚК туралы заңына сәйкес іскерлік қатынастарды тоқтату үшін негіздер болса, онда есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банктің (оның филиалының) экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартқа барлық өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды қоса алғанда, оны есептік тіркеуден алып тастауы Қағидалардың 26-тармағы 22) тармақшасының негізінде экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша берешек сомасына қарамастан және егер Қағидалардың 26-тармағында көзделген есептік тіркеуден экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартты алудың өзге негіздері болмаса жүзеге асырылады.

      Есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банк (оның филиалы) іскерлік қатынастарды тоқтату мақсатында экспорттаушының немесе импорттаушының атына өзінің ниеті мен банк клиентінің экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартты басқа уәкілетті банкке (оның филиалына) қызмет көрсетуге аудару шараларын қабылдау қажеттігін көрсете отырып, еркін нысанда хабарлама (бұдан әрі – хабарлама) жібереді.

      28. Экспорттаушы немесе импорттаушы Қағидалардың 27-тармағында көзделген хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде Қағидалардың 20-тармағын ескере отырып, жаңа есептік тіркеу банкі болып табылатын басқа уәкілетті банкке (оның филиалына) ауысуды қамтамасыз етеді.

      Экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартты басқа уәкілетті банкке (оның филиалына) қызмет көрсетуге ауыстыру шараларын қамтамасыз ету мақсатында экспорттаушы немесе импорттаушы оң нәтиже алғанға дейін Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартты валюталық бақылауға қабылдау туралы жазбаша өтініш негізінде өзге уәкілетті банктерге (олардың филиалдарына) өтініш береді.

      29. Есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банк (оның филиалы) экспорттаушы немесе импорттаушы басқа уәкілетті банкке (оның филиалына) қызмет көрсетуге ауысқан кезде Қағидалардың 22-тармағында көзделген мерзімдерде Қағидалардың 26-тармағының 17) тармақшасының негізінде экспорттау немесе импорт жөніндегі валюталық шартты есептік тіркеуден алады.

      30. Есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банк (оның филиалы) экспорттаушының немесе импорттаушының басқа уәкілетті банкке (оның филиалына) қызмет көрсетуге ауысуын қамтамасыз етпеген жағдайда, хабарлама жіберілген күннен кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде іскерлік қатынастарды жалғастыру не экспорттаушымен немесе импорттаушымен іскерлік қатынастарды тоқтату туралы шешім қабылдайды.

      Экспорттаушыдан немесе импорттаушыдан алынған есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілгенін растайтын құжаттар негізінде есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банктің (оның филиалының) экспорттаушымен немесе импорттаушымен іскерлік қатынастарды тоқтату туралы негізделген шешім қабылдауы үшін есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банк (оның филиалы) шешім қабылдауға әсер ететін барлық мән-жайларды ескереді.

      31. Есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банк (оның филиалы) Қағидалардың 30-тармағында көрсетілген шешім қабылданған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде Қағидалардың 26-тармағы 22) тармақшасының негізінде экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартты валюталық бақылаудан алады.

      32. Қағидалардың 26-тармағы 22) тармақшасының негізінде есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банкте (оның филиалында) есептік тіркеуден алынған экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт Қағидалардың 52-тармағына сәйкес мемлекеттік кірістер органының аумақтық бөлімшесінде жеке есепке алынуға жатады.

6-тарау. Ақша қозғалысын және экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша міндеттемелерді өзге де орындауды және экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша ақпаратты және (немесе) құжаттарды беруді мониторингтеу тәртібі

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      33-тармақтың бірінші бөлігі 01.01.2024 бастап 01.01.2025 дейін тоқтатыла тұрады, тоқтатылған кезеңде қолданыста болатын редакцияны осы бірлескен қаулы мен бұйрықтың 5-тармағын қараңыз.

      33. Есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банк (оның филиалы) немесе есептік тіркеу банкі болып табылатын Ұлттық Банктің аумақтық филиалы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша ақпаратты есептік нөмір берілген, есептік тіркеуден шығарылған, жаңа есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банктің (оның филиалының) экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша міндеттемелердің орындалғаны, жеке есепке алынған экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша ақша қозғалысының қайта басталғаны, тауарлардың өткізілгені, жұмыстардың орындалғаны, қызметтердің көрсетілгені, есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша репатриациялау талаптарының орындалуын бақылау рәсімдерінің қайта басталғаны жөнінде ақпарат беру туралы сұратуын алған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде Ұлттық Банкке жібереді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      33-тармақтың екінші бөлігі 01.01.2024 бастап 01.01.2025 дейін тоқтатыла тұрады, тоқтатылған кезеңде қолданыста болатын редакцияны осы бірлескен қаулы мен бұйрықтың 5-тармағын қараңыз.

      Экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартқа бұрын жіберілген ақпаратты өзгертетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банк (оның филиалы) немесе есептік тіркеу банкі болып табылатын Ұлттық Банктің аумақтық филиалы құжаттарды қабылдаған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша ақпаратты Ұлттық Банкке жібереді, оларға сәйкес осындай өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізіледі.

      Есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банк (оның филиалы) немесе есептік тіркеу банкі болып табылатын Ұлттық Банктің аумақтық филиалы есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілгенін растайтын құжаттарды қабылдайды және ақша қозғалысының мониторингін және осындай өзгерістерді ескере отырып, осындай шарт бойынша міндеттемелердің өзге де орындалуын жүзеге асыруды жалғастырады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      34-тармақ 01.01.2024 бастап 01.01.2025 дейін тоқтатыла тұрады, тоқтатылған кезеңде қолданыста болатын редакцияны осы бірлескен қаулы мен бұйрықтың 5-тармағын қараңыз.

      34. Ұлттық Банк есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банктен (оның филиалынан) немесе есептік тіркеу банкі болып табылатын Ұлттық Банктің аумақтық филиалынан Қағидалардың 33-тармағында көрсетілген ақпаратты алған күннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде мемлекеттік кірістер органына есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша ақпаратты Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жібереді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      35-тармақ 01.01.2024 бастап 01.01.2025 дейін тоқтатыла тұрады, тоқтатылған кезеңде қолданыста болатын редакцияны осы бірлескен қаулы мен бұйрықтың 5-тармағын қараңыз.

      35. Есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банк (оның филиалы) Ұлттық Банкке Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша міндеттемелердің орындалғаны туралы ақпаратты міндеттемелер орындалған жағдайда мынадай мерзімдерде:

      1) төлем карточкаларын пайдаланбай экспорттаушының немесе импорттаушының уәкілетті банктегі (оның филиалындағы) банктік шоттары арқылы төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асырған күннен кейінгі 15 (он бес) жұмыс күні ішінде;

      2) төлем карточкаларын пайдалана отырып және (немесе) өзге тәсілмен төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру арқылы –экспорттаушы немесе импорттаушы не валюталық шартты есептік тіркеу банкі болып табылмайтын банк растайтын ақпаратты және (немесе) құжаттарды ұсынған күннен кейінгі 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жібереді.

      Есеп айырысулардың вексельдік нысанын көздейтін есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша уәкілетті банк Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша міндеттемелерді орындау жөніндегі ақпаратты Қағидалардың 68-тармағының бірінші бөлігіндегі 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда жібереді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      36-тармақ 01.01.2024 бастап 01.01.2025 дейін тоқтатыла тұрады, тоқтатылған кезеңде қолданыста болатын редакцияны осы бірлескен қаулы мен бұйрықтың 5-тармағын қараңыз.

      36. Ұлттық Банк уәкілетті банктен (оның филиалынан) Қағидалардың 35-тармағында көрсетілген ақпаратты алғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша міндеттемелерді орындау жөніндегі ақпаратты мемлекеттік кірістер органына жібереді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      37-тармақ 01.01.2024 бастап 01.01.2025 дейін тоқтатыла тұрады, тоқтатылған кезеңде қолданыста болатын редакцияны осы бірлескен қаулы мен бұйрықтың 5-тармағын қараңыз.

      37. Мемлекеттік кірістер органы Ұлттық Банкке экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың есептік нөмірі бөлінісінде:

      1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша тауарларға арналған декларациялар бойынша;

      2) Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштер бойынша;

      3) Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт бойынша валюталық шарт бойынша электрондық шот-фактуралар жөніндегі ақпаратты күн сайын жібереді.

      Ұлттық Банк Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген ақпаратты мемлекеттік кірістер органынан алған күннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде оны есептік тіркеу банктері болып табылатын уәкілетті банктерге (оның филиалына) немесе есептік тіркеу банктері болып табылатын Ұлттық Банктің аумақтық филиалдарына жібереді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      38-тармақ 01.01.2024 бастап 01.01.2025 дейін тоқтатыла тұрады, тоқтатылған кезеңде қолданыста болатын редакцияны осы бірлескен қаулы мен бұйрықтың 5-тармағын қараңыз.

      38. Мемлекеттік кірістер органы Ұлттық Банкке бұрын мемлекеттік кіріс органы жіберген ақпаратқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы:

      1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша тауарлар декларациялары бойынша ақпаратты – тауарлар декларациясының өзгергені туралы мәліметтер келіп түскен күннен кейінгі 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

      2) Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша тауарлар әкелу және жанама салықтар төлеу туралы өтініштер бойынша ақпаратты – тауарлар әкелу туралы өтініштерге өзгерістер туралы мәліметтер түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

      3) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша электрондық шот-фактуралар бойынша ақпаратты – электрондық шот-фактураларды өзгерту туралы мәліметтер түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде хабарлайды.

      Ұлттық Банк Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мемлекеттік кірістер органынан ақпарат алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде оны есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банктерге немесе есептік тіркеу банкі болып табылатын аумақтық филиалдарға жібереді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      39-тармақ 01.01.2024 бастап 01.01.2025 дейін тоқтатыла тұрады, тоқтатылған кезеңде қолданыста болатын редакцияны осы бірлескен қаулы мен бұйрықтың 5-тармағын қараңыз.

      39. Мемлекеттік кірістер органының аумақтық бөлімшесінің уәкілетті лауазымды адамы Қағидаларға сәйкес есептік нөмір беру талап етілетін экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша тауарларға декларацияны, тауарларды әкелу туралы өтінішті, электрондық шот-фактураны ресімдеу кезінде экспорттаушы немесе импорттаушы тауарларға арналған декларацияда, тауарларды әкелу туралы өтініште, электрондық шот-фактурада мәлімдеген экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың есептік нөмірін Қағидалардың 34-тармағына сәйкес есепке алу нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша алынған ақпаратпен салыстырып тексереді.

      Экспорттаушы немесе импорттаушы нақты ақпаратпен сәйкес келмеген жағдайда Қазақстан Республикасының кеден немесе салық заңнамасында белгіленген тәртіппен тауарларға арналған декларацияға, тауарларды әкелу туралы өтінішке, электрондық шот-фактураға тиісті түзетулер енгізеді.

      40. Уәкілетті банк (оның филиалы) баламасы 10 (он мың) АҚШ долларынан бастап 50 000 (елу мың) АҚШ долларына дейін (қоса алғанда) сомаға жасалған, экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттар шеңберінде жүзеге асырылатын төлемдер мен (немесе) ақша аударымдарының мониторингін жүзеге асырады.

      Егер осындай экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттар бойынша экспорттаушы алған немесе импорттаушы жіберген ақшаның жалпы сомасы есепті айда баламасы 100 000 (бір жүз) мың АҚШ долларынан асып кетсе, уәкілетті банк Ұлттық Банкке есепті кезеңнен кейінгі айдың 15 (он бесінші) күніне дейін (қоса алғанда) Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баламасы 100 000 (бір жүз) мың Америка Құрама Штаттарының долларынан асатын сомаға экспорт немесе импорт бойынша жүзеге асырылған төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы ақпарат жібереді.

      41. Экспорттаушы немесе импорттаушы экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын шетелдік банктегі банктік шот арқылы жүргізген кезде есепті кезеңнен кейінгі айдың 20 (жиырмасына) дейін (қоса алғанда) ай сайын есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банкке (оның филиалына) немесе есептік тіркеу банкі болып табылатын Ұлттық Банктің аумақтық филиалына:

      1) Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шетелдік банктегі шот арқылы экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша міндеттемелердің орындалғаны туралы ақпаратты;

      2) шетелдік банктегі шот бойынша үзінді-көшірмені ұсынады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      42-тармақ 01.01.2024 бастап 01.01.2025 дейін тоқтатыла тұрады, тоқтатылған кезеңде қолданыста болатын редакцияны осы бірлескен қаулы мен бұйрықтың 5-тармағын қараңыз.

      42. Ұлттық Банк есепті кезеңнен кейінгі айдың соңғы күніне дейінгі (қоса алғандағы) мерзімде мемлекеттік кірістер органына Қағидалардың 41-тармағы екінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттар бойынша міндеттемелердің Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шетелдік банктегі шот арқылы орындалуы туралы ақпаратты жібереді.

7-тарау. Экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттар бойынша репатриациялау талабының орындалуын бақылау тәртібі

      43. Есептік нөмір алу талабы қолданылатын экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын экспорттаушы немесе импорттаушы есептік тіркеуді жүзеге асыратын уәкілетті банк (оның филиалы) арқылы жүзеге асырады.

      Осындай шарт бойынша басқа уәкілетті банкке (оның филиалына) ақша түскен кезде соңғысы Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген уәкілетті банкке (оның филиалына) экспорттаушының немесе импорттаушының тиісті нұсқауы (төлем құжаты) негізінде түскен ақшаны бірмезгілде аудара отырып, өзінің резидент клиентінің банктік шотына есепке алады. Экспорттаушы немесе импорттаушы ақша аударуға арналған нұсқауға есептік нөмір беру туралы белгі қойылған экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт парағының көшірмесін не валюталық шартқа есептік нөмір беру туралы еркін нысандағы хабарламаның көшірмесін қоса береді.

      Қағидалардың 11-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайда, экспорттаушыға немесе импорттаушыға экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын уәкілетті банк (оның филиалы) арқылы жүзеге асырмауға рұқсат етіледі.

      44. Егер экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт АҚШ долларынан өзгеше валютамен көрсетілсе, бейрезиденттің орындамаған міндеттемелерінің сомасы экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың валютасымен, оны кейіннен экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша репатриациялау мерзімі аяқталатын айдың соңғы күніндегі валюталар айырбастаудың ресми бағамын пайдалана отырып, АҚШ долларымен қайта есептей отырып, экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың валютасымен есептеледі.

      Экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартты есептік тіркеуден шығару мақсаты үшін орындалмаған міндеттемелердің сомаларын АҚШ долларына қайта есептеу осындай шартты есептік тіркеуден шығару күнгі валюталар айырбастаудың ресми бағамын пайдалана отырып жүзеге асырылады.

      Егер экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт міндеттемелерді орындау валютасынан өзгеше валютамен көрсетілсе және осындай шарттың тараптары міндеттемелерді орындау валютасын шарттың валютасына қайта есептеу бағамын айқындамаса, орындалған міндеттемелердің сомаларын шарттың валютасына қайта есептеу міндеттемелерді орындау күнгі валюталар айырбастаудың ресми бағамын пайдалана отырып жүзеге асырылады.

      Егер төлемнің және (немесе) ақша аударымының валютасы экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың валютасымен сәйкес келмесе, экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың валютасымен түскен соманы есепке алу:

      1) төлемнің және (немесе) ақша аударымының валютасын экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың валютасына қайта есептеудің осындай шарттың тараптары айқындаған бағамына сәйкес;

      2) егер экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың тараптары төлемнің және (немесе) ақша аударымының валютасын осындай шарттың валютасына қайта есептеу бағамын айқындамаса, төлем және (немесе) ақша аударымы күнгі валюталар айырбастаудың ресми бағамына сәйкес жүзеге асырылады.

      Бейрезиденттің экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша орындалмаған міндеттемелерінің шетел валютасымен көрсетілген сомасын ұлттық валютамен қайта есептеу репатриациялау мерзімі аяқталған күнгі валюталар айырбастаудың ресми бағамы пайдаланыла отырып жүзеге асырылады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      45-тармақ 01.01.2024 бастап 01.01.2025 дейін тоқтатыла тұрады, тоқтатылған кезеңде қолданыста болатын редакцияны осы бірлескен қаулы мен бұйрықтың 5-тармағын қараңыз.

      45. Есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банк (оның филиалы) немесе есептік тіркеу банкі болып табылатын Ұлттық Банктің аумақтық филиалы есепті айдан кейінгі айдың 15 күніне дейінгі (қоса алғанда) мерзімде (репатриациялау мерзімі өткен ай) Ұлттық Банкке Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банктік бақылаудың жеке карточкасын мынадай жағдайларда:

      1) репатриациялау мерзімі аяқталса, ал экспорттаушы немесе импорттаушы алдындағы экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша бейрезидент орындамаған міндеттемелер сомасы баламасында 50 000 (елу мың) АҚШ долларынан асқан жағдайда;

      2) экспорттаушы немесе импорттаушы экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартқа есептік нөмір беруге өтініш жасау мерзімін бұзған жағдайда жібереді.

      Ұлттық Банк есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банктен (оның филиалынан) немесе филиалынан есептік тіркеу банкі болып табылатын Ұлттық Банктің аумақтық филиалынан Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген банктік бақылаудың жеке карточкасын алған күннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы ақпаратты мемлекеттік кірістер органының аумақтық бөлімшесі Қағидалардың 46 – 50-тармақтарында көрсетілген іс-шараларды жүргізуі мақсатында мемлекеттік кірістер органына жібереді.

      46. Мемлекеттік кірістер органының аумақтық бөлімшесі Қағидалардың 45-тармағына және (немесе) Қағидалардың 52-тармағының 3) және 4) тармақшалары бойынша ақпаратты алған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік кірістер органы мен Ұлттық Банктің ақпараттық жүйелеріндегі тауарларға арналған декларациялардан, тауарларды әкелу туралы өтініштерден, электрондық шот-фактуралардан алынған мәліметтерді салыстырып тексеруді жүргізеді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      47-тармақтың бірінші бөлігі 01.01.2024 бастап 01.01.2025 дейін тоқтатыла тұрады, тоқтатылған кезеңде қолданыста болатын редакцияны осы бірлескен қаулы мен бұйрықтың 5-тармағын қараңыз.

      47. Мемлекеттік кірістер органы мен Ұлттық Банктің ақпараттық жүйелеріндегі тауарларға арналған декларациялардан, тауарларды әкелу туралы өтініштерден, электрондық шот-фактуралардан алынған мәліметтерде алшақтықтардың болмау және (немесе) болу фактісі белгіленген кезде Қағидалардың 46-тармағында белгіленген мерзім ішінде мемлекеттік кірістер органының аумақтық бөлімшесі Ұлттық Банкке дәйекті деректерді жіберу қажеттілігі туралы мемлекеттік кірістер органын хабардар етеді.

      Мемлекеттік кірістер органы аумақтық бөлімшеден осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген дәйекті мәліметтерді алған күннен кейін оларды Қағидалардың 37 және 38-тармақтарында көзделген мерзімдерде Ұлттық Банкке жібереді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      48-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы 01.01.2024 бастап 01.01.2025 дейін тоқтатыла тұрады, тоқтатылған кезеңде қолданыста болатын редакцияны осы бірлескен қаулы мен бұйрықтың 5-тармағын қараңыз.

      48. Мемлекеттік кірістер органының аумақтық бөлімшесі Ұлттық Банктен банктік бақылаудың жеке карточкасын және (немесе) Қағидалардың 52-тармағының 3) және 4) тармақшалары бойынша ақпаратты алған күннен кейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілігі көзделген экспорттаушы немесе импорттаушы жол берген Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасын бұзу белгілерінің бар-жоғына салыстырып тексеру жүргізгеннен және оны анықтағаннан кейін экспорттаушыға немесе импорттаушыға мыналарды:

      1) экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша бейрезиденттің міндеттемелерді орындау мерзімдері мен шарттарына әсер ететін мән-жайлардың туындағанын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, репатриациялау талабының орындалуын қамтамасыз етпеу, экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартқа есептік нөмір беруге уақтылы өтініш бермеу себептері туралы жазбаша түсініктемелерді (олар болған кезде);

      2) бейрезиденттің экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша міндеттемелерін орындағанын растайтын құжаттарды ұсыну туралы сұрату жібереді.

      Мемлекеттік кірістер органының аумақтық бөлімшесі сұратқан ақпаратты және (немесе) құжаттарды (олардың көшірмелерін) экспорттаушы немесе импорттаушы жазбаша сұратуда белгіленген мерзімдерде, бірақ экспорттаушы немесе импорттаушы жазбаша сұратуды алған күннен кейінгі күннен кейін 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      49-тармақ 01.01.2024 бастап 01.01.2025 дейін тоқтатыла тұрады, тоқтатылған кезеңде қолданыста болатын редакцияны осы бірлескен қаулы мен бұйрықтың 5-тармағын қараңыз.

      49. Мемлекеттік кірістер органының аумақтық бөлімшесі қаралатын банктік бақылаудың жеке карточкасы бойынша ақпаратты және (немесе) валюталық бақылау құжаттарын (олардың көшірмелерін) және (немесе) Қағидалардың 52-тармағының 3) және 4) тармақшалары бойынша ақпаратты нақтылау қажет болған кезде есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банктің (оның филиалының) және есептік тіркеу банкі болып табылатын Ұлттық Банктің аумақтық филиалының немесе таратылатын уәкілетті банктің тарату комиссиясының мекенжайына жазбаша сұрату жібереді.

      50. Мемлекеттік кірістер органының аумақтық бөлімшесі репатриациялау талабын орындау бөлігінде, оның ішінде репатриациялау талабын орындау мерзімдері мен шарттарына әсер ететін ақпаратты және (немесе) құжаттарды уақтылы ұсыну, сондай-ақ экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартқа есептік нөмір беруге уақтылы өтініш жасау бөлігінде Қағидалардың нормаларын бұзу фактісі белгіленген жағдайда жауапкершілігі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілігі көзделген бұзушылықтар белгілерін экспорттаушының немесе импорттаушының іс-әрекеттерінде бар-жоғы (әрекетсіздігі) туралы мәселені қарайды және қажет болған жағдайда құзыреті бойынша валюталық бақылаудың басқа органдарына жібереді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      51-тармақ 01.01.2024 бастап 01.01.2025 дейін тоқтатыла тұрады, тоқтатылған кезеңде қолданыста болатын редакцияны осы бірлескен қаулы мен бұйрықтың 5-тармағын қараңыз.

      51. Мемлекеттік кірістер органы есепті айдан кейінгі айдың 20 (жиырмасыншы) күніне дейінгі (қоса алғанда) мерзімде Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша валюталық бақылау нәтижелері туралы ақпаратты Ұлттық Банкке жібереді.

8-тарау. Мемлекеттік кірістер органының аумақтық бөлімшесінде экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың жеке есебін жүргізу тәртібі

      52. Есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт мемлекеттік кірістер органының аумақтық бөлімшесінде экспорттаушының немесе импорттаушының тұрақты тұратын немесе орналасқан жері бойынша:

      1) репатриациялау талабын орындамағаны және оның үстіне бұдан әрі репатриациялық бақылауға жататын экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша ақша қозғалысының, тауарларды өткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің болмағаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу шеңберінде экспорттаушыға немесе импорттаушыға қатысты шығарылған сот шешімі болған кезде;

      2) оның тұрақты тұратын немесе орналасқан жері бойынша экспорттаушы немесе импорттаушы болмаған кезде;

      3) есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банк (оның филиалы) қабылдаған экспорттаушымен немесе импорттаушымен іскерлік қатынастарды тоқтату туралы шешім болған кезде;

      4) есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банкті мәжбүрлеп тарату туралы заңды күшіне енген сот шешімі болған кезде жеке есепке алынуға тиіс.

      53. Мемлекеттік кірістер органының аумақтық бөлімшесі Қағидалардың 52-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша экспорттаушының немесе импорттаушының репатриациялау талабын орындамағаны немесе оның тұрақты тұратын немесе орналасқан жері бойынша жоқ екендігін анықтағаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу шеңберінде экспорттаушыға немесе импорттаушыға қатысты шығарылған сот шешімін алған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартты жеке есепке алу туралы шешім қабылдайды.

      Мемлекеттік кірістер органының аумақтық бөлімшесі Қағидалардың 52-тармағының 3) тармақшасында көзделген негіз бойынша экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартты жеке есепке алу туралы шешімді Қағидалардың 26-тармағының 22) тармақшасында көзделген негіз бойынша экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартты есептік тіркеуден алу туралы ақпаратты алған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде қабылдайды.

      Мемлекеттік кірістер органының аумақтық бөлімшесі Қағидалардың 52-тармағының 4) тармақшасында көзделген негіз бойынша Қағидалардың 71-тармағының төртінші абзацында көзделген мерзім ішінде бұрын есептік тіркеу банкі болып табылған таратылатын уәкілетті банктің (оның филиалының) тарату комиссиясынан Қағидалардың 26-тармағының 18) тармақшасында көзделген негіз бойынша есептік тіркеуден алынған экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттарды қабылдайды.

      54. Жеке есепке жатқызылған экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша мемлекеттік кірістер органының аумақтық бөлімшесі экспорттаушыдан немесе импорттаушыдан репатриациялау талабын орындау үшін қабылданған шаралар туралы ақпаратты жыл сайын сұратады.

      Егер экспорттаушының немесе импорттаушының орналасқан жері белгіленбесе, мемлекеттік кірістер органының аумақтық бөлімшесі өзге мемлекеттік органдармен бірлесіп олардың құзыретіне сәйкес экспорттаушының немесе импорттаушының орналасқан жерін белгілеу бойынша жұмыс жүргізеді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      55-тармақ 01.01.2024 бастап 01.01.2025 дейін тоқтатыла тұрады, тоқтатылған кезеңде қолданыста болатын редакцияны осы бірлескен қаулы мен бұйрықтың 5-тармағын қараңыз.

      55. Мемлекеттік кірістер органының аумақтық бөлімшесі экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартты жеке есепке алған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік кірістер органы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша тиісті ақпаратты Ұлттық Банкке жібереді.

      Ұлттық Банк Қағидалардың 52-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген ақпаратты мемлекеттік кірістер органынан алған күннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банкке (оның филиалына) Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша тиісті ақпаратты жібереді.

      56. Мемлекеттік кірістер органының аумақтық бөлімшесі экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт жеке есепке алынған күннен кейін 3 (үш) жыл өткен соң 15 (он бес) жұмыс күні ішінде экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың жеке есепте болуына байланысты рәсімдерді аяқтайды.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      56-тармақтың екінші бөлігі 01.01.2024 бастап 01.01.2025 дейін тоқтатыла тұрады, тоқтатылған кезеңде қолданыста болатын редакцияны осы бірлескен қаулы мен бұйрықтың 5-тармағын қараңыз.

      Мемлекеттік кірістер органы Ұлттық Банкке экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың жеке есепте болуына байланысты рәсім аяқталған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша ақпаратты жібереді.

      Ұлттық Банк Қағидалардың 52-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген ақпаратты мемлекеттік кірістер органынан алған күннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде оны есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банкке (оның филиалына) немесе есептік тіркеу банкі болып табылатын Ұлттық Банктің аумақтық филиалына жібереді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      56-тармақтың төртінші бөлігі 01.01.2024 бастап 01.01.2025 дейін тоқтатыла тұрады, тоқтатылған кезеңде қолданыста болатын редакцияны осы бірлескен қаулы мен бұйрықтың 5-тармағын қараңыз.

      Есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банк (оның филиалы) немесе есептік тіркеу банкі болып табылатын Ұлттық Банктің аумақтық филиалы мемлекеттік кірістер органының экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың жеке есепте болуына байланысты рәсімді аяқтағаны туралы ақпаратты Ұлттық Банктен алған күннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде Қағидалардың 26-тармағы 16) тармақшасының негізінде экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартты есептік тіркеуден алып тастайды және экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт есептік тіркеуден алынған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша ақпаратты Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жібереді.

      57. Экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша ақша қозғалысы қайта басталған, тауарлар өткізілген, жұмыстар орындалған, қызметтер көрсетілген жағдайда Қағидалардың 52-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша ол жеке есепке алынған күннен кейін 3 (үш) жыл өткенге дейін экспорт немесе импорт жөніндегі мұндай валюталық шарт жеке есептен алынады және осы шартты есептік тіркеуді бұрын жүзеге асырған уәкілетті банкке (оның филиалына) немесе осы шартты есептік тіркеуді бұрын жүзеге асырған Ұлттық Банктің аумақтық филиалына валюталық бақылауға беріледі.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      57-тармақтың екінші бөлігі 01.01.2024 бастап 01.01.2025 дейін тоқтатыла тұрады, тоқтатылған кезеңде қолданыста болатын редакцияны осы бірлескен қаулы мен бұйрықтың 5-тармағын қараңыз.

      Есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банк (оның филиалы) немесе есептік тіркеу банкі болып табылатын Ұлттық Банктің аумақтық филиалы Қағидалардың 52-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша жекелеген есепке алынған экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша ақша қозғалысы қайта басталған, тауарлар өткізілген, жұмыстар орындалған, қызметтер көрсетілген күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша тиісті ақпаратты Ұлттық Банкке жібереді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      57-тармақтың үшінші бөлігі 01.01.2024 бастап 01.01.2025 дейін тоқтатыла тұрады, тоқтатылған кезеңде қолданыста болатын редакцияны осы бірлескен қаулы мен бұйрықтың 5-тармағын қараңыз.

      Ұлттық Банк осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген ақпаратты алған күннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша ақпаратты мемлекеттік кірістер органына жібереді.

9-тарау. Экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша репатриациялау талаптарын орындауды бақылау рәсімдерін қайта бастау тәртібі

      58. Есептік тіркеу банкі экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартқа жаңа есептік нөмір бермей, Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша экспорттаушының немесе импорттаушының экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартты валюталық бақылауға қабылдау туралы берген өтініші негізінде бұрын есептік тіркеуден алынған экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартты есептік тіркеуді қайта бастайды.

      59. Экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт есептік тіркеуден алынған күннен кейін 5 (бес) жыл өткен соң есептік тіркеу қайта басталған жағдайда экспорттаушы немесе импорттаушы бұрын есептік тіркеу банкі болған уәкілетті банкке (оның филиалына) немесе Ұлттық Банктің аумақтық филиалына:

      1) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартты валюталық бақылауға қабылдау туралы өтінішті;

      2) банктің экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартқа берілген есептік нөмірді есептік тіркеу туралы белгісі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың түпнұсқасын немесе көшірмесін және валюталық бақылаудың өзге де құжаттарын (бар болса) ұсынады.

      Электрондық құжат айналымы кезінде экспорттаушы немесе импорттаушы экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың электрондық көшірмесін банктің экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартқа берген есептік нөмірін есептік тіркегені туралы белгімен ұсынады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      60-тармақ 01.01.2024 бастап 01.01.2025 дейін тоқтатыла тұрады, тоқтатылған кезеңде қолданыста болатын редакцияны осы бірлескен қаулы мен бұйрықтың 5-тармағын қараңыз.

      60. Есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банк немесе есептік тіркеу банкі болып табылатын Ұлттық Банктің аумақтық филиалы есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша репатриациялау талабының орындалуын бақылау рәсімдері қайта басталған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде Ұлттық Банкке Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша ақпаратты жібереді.

10-тарау. Жеке жағдайлар

      61. Резиденттің экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша мынадай:

      1) резидент үшiншi тұлға бейрезидентке қарыз берген;

      2) импорттаушы мен резидент үшінші тұлғаның арасында жасалған бірлескен қызмет туралы шарттың не агенттік шарттың шеңберінде резидент үшінші тұлға импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асырған;

      3) экспорттаушының бейрезидентке және бейрезиденттің резидент үшінші тұлғаға талаптары есепке алынған;

      4) үшінші тұлғалар тауарларды сатып алуды, жұмыстарды орындауды, қызметтерді көрсетуді және өзге де мәмілелерді қаржыландырған, сондай-ақ үшінші тұлғалар осындай қаржыландыруды ұсынған және (немесе) осы орындауды жүзеге асырған тұлғаға ақшаны және өзге де мүлікті сыйақымен немесе сыйақысыз қайтару бойынша, нәтижесінде міндеттемелері орындалған тұлғаның міндеті туындайтын кредитор алдындағы борышкер міндеттемелерін орындаған жағдайларда төлеуші үшінші тұлға ретінде қатысуына болады.

      62. Егер экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт есептік тіркелуге жататын болса, экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша үшінші тұлға ретінде резидентке қызмет көрсететін уәкілетті банк (оның филиалы) (бұдан әрі – үшінші тұлғаның банкі) төлем және (немесе) ақша аударымын экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартқа қызмет көрсететін уәкілетті банк (оның филиалы) есептік нөмірді бергеннен кейін ғана жүзеге асырады.

      Үшінші тұлғаның банкі резидент үшінші тұлғаның есептік тіркеу банкіне жүргізілген төлемдер туралы ақпарат беруге жазбаша келісімі болған кезде ғана экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асырады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      62-тармақтың үшінші бөлігі 01.01.2024 бастап 01.01.2025 дейін тоқтатыла тұрады, тоқтатылған кезеңде қолданыста болатын редакцияны осы бірлескен қаулы мен бұйрықтың 5-тармағын қараңыз.

      Үшінші тұлғаның банкі резидент үшінші тұлға төлемді және (немесе) ақша аударымын жүзеге асырған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша міндеттемелердің орындалғаны туралы ақпаратты Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банкке (оның филиалына) жібереді.

      Экспорттаушының немесе импорттаушының банкі осындай шарт бойынша үшінші тұлғаның банкі жүзеге асырған төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын ескере отырып экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша репатриациялау талабының орындалуына бақылауды жүзеге асырады.

      Экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартты есептік тіркеуден алған кезде есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банк (оның филиалы) 3 (үш) жұмыс күні ішінде үшінші тұлғаның банкіне осындай шарттың есептік тіркеуден алынғаны туралы еркін нысандағы хабарламаны жібереді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      63-тармақ 01.01.2024 бастап 01.01.2025 дейін тоқтатыла тұрады, тоқтатылған кезеңде қолданыста болатын редакцияны осы бірлескен қаулы мен бұйрықтың 5-тармағын қараңыз.

      63. Жеке сот орындаушысының шотына қызмет көрсететін банк есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша атқарушылық құжаттар негізінде ақша аударымы жүзеге асырылған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде экспорттаушының немесе импорттаушының жазбаша келісімі негізінде есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банкке (оның филиалына) Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша міндеттемелердің орындалғаны туралы ақпаратты жібереді.

      64. Егер экспорттаушының немесе импорттаушының экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша талап ету құқығын басқа резидентке беру немесе борышын аудару нәтижесінде резиденттің бейрезидентке не бейрезиденттің резидентке талап ету сомасы баламасында 50 000 (елу мың) АҚШ долларынан асып кетсе, резидент Қағидалардың 2-тарауында белгіленген тәртіпте талап ету құқығын беру туралы шартқа немесе борышты аудару туралы шартқа есептік нөмір беру үшін уәкілетті банкке (оның филиалына) өтініш жасайды.

      Талап ету құқығын беру туралы шартта немесе борышты аудару туралы шартта резидентке қызмет көрсететін уәкілетті банктің (оның филиалының) осы шартты есептік нөмір беру арқылы не талап ету құқығын беру туралы шартқа немесе борышты аудару туралы шартқа есептік нөмір беру туралы хабарлама бар болған жағдайда, бақылауға қабылдау туралы белгі болған кезде экспорттаушыға немесе импорттаушыға қызмет көрсететін уәкілетті банк (оның филиалы):

      1) егер талап ету құқығын беру немесе борышты аудару нәтижесінде экспорттаушының немесе импорттаушының бейрезидентке талап ету немесе бейрезидент алдындағы міндеттемелерінің сомасы баламасында 50 000 (елу мың) АҚШ долларынан асып түскен болса, талап ету құқығын беру туралы шартқа немесе борышты аудару туралы шартқа сәйкес берілген талап ету құқығының немесе аударылған борыш сомасына азайтылған экспорттаушының немесе импорттаушының талаптарының немесе міндеттемелерінің сомасына экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша репатриациялау талабының орындалуын бақылауды жалғастырады;

      2) егер талап ету құқығын беру немесе борышты аудару нәтижесінде экспорттаушының немесе импорттаушының бейрезидентке талап ету немесе бейрезидент алдындағы міндеттемелерінің сомасы баламасында 50 000 (елу мың) АҚШ долларынан аспайтын болса, экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша репатриациялау талабының орындалуын бақылау рәсімдерін аяқтайды.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      64-тармақтың үшінші бөлігі 01.01.2024 бастап 01.01.2025 дейін тоқтатыла тұрады, тоқтатылған кезеңде қолданыста болатын редакцияны осы бірлескен қаулы мен бұйрықтың 5-тармағын қараңыз.

      Экспорттаушыға немесе импорттаушыға қызмет көрсететін уәкілетті банктер (олардың филиалдары) экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша және талап ету құқығын беру туралы шарт не борышты аудару туралы шарт бойынша талап ету құқығын беру сомасын не борыш сомасын Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша міндеттемелердің орындалуы жөніндегі ақпаратта көрсетеді.

      Егер талап ету құқығын беру туралы шартта не борышты аудару туралы шартта бейрезиденттің резидент алдындағы немесе резиденттің бейрезидент алдындағы міндеттемелерін орындаудың өзге мерзімі көзделмесе, резидентке қызмет көрсететін уәкілетті банк (оның филиалы) экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша репатриациялау мерзімін ескере отырып, талап ету құқығын беру туралы шарт не борышты аудару туралы шарт бойынша валюталық бақылауды жүзеге асырады.

      65. Репатриациялау мерзімі экспорттаушының немесе импорттаушының еркін нысандағы өтінішінде жаңа репатриациялау мерзімін көрсету арқылы мынадай:

      1) егер экспорттаушының немесе импорттаушының бұрын көрсеткен репатриациялау мерзімі экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың талаптарына сәйкес келмеген және (немесе) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес репатриациялау мерзімін есептеу тәртібі ескерілмей есептелген;

      2) мынадай:

      экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша тараптардың міндеттемелерін орындау мерзімдеріне және талаптарына әсер ететін жағдайлардың басталуын растайтын құжаттар;

      экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар;

      соттың немесе өзге мемлекеттік органның, төрелік соттың шешімдері;

      шет мемлекеттің уәкілетті органының бейрезиденттің таратылу кезеңінде тұрғанын немесе банкроттық рәсімінен өтіп жатқанын білдіретін құжаты болған;

      3) экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша тараптардың міндеттемелерін орындау мерзімдерін және (немесе) талаптарын өзгертуге әсер ететін дүлей күш жағдайларының туындауы болған жағдайларда өзгертіледі.

      Дүлей күш жағдайлары туындаған, сот немесе өзге мемлекеттік органның, төрелік соттың шешімінде экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша бейрезиденттің міндеттемелерін орындау мерзімдері болмаған не шет мемлекеттің уәкілетті органының құжатында бейрезидентті тарату немесе бейрезидентті банкрот деп тану процесінің аяқталу мерзімдері болмаған кезде репатриациялау мерзімі 3 (үш) жылдан аспайтын мерзімге ұзартылады.

      66. Уәкілетті банктің түрлі филиалдарында экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыруға, сондай-ақ уәкілетті банктің (оның филиалының) әр жерде орналасқан операциялық кассаларының есептік нөмірлерді беруіне мыналар:

      1) мыналарды:

      экспорттаушыға немесе импорттаушыға банктік шотты ашқаны және экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша жүргізілген төлемдер және (немесе) ақша аударымдары жөніндегі ақпаратпен банктік шот ашылған немесе төлем және (немесе) ақша аударымы жүргізілген операциялық күннен кешіктірмей уәкілетті банк пен оның филиалы арасында ақпарат алмасуға;

      Қағидаларда белгіленген тәртіппен ұсынылған экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша тауарлардың қозғалысы және міндеттемелердің өзгеше орындалуы туралы ақпаратқа уәкілетті банктің (оның филиалының) аталған ақпаратты алған операциялық күнінен кешіктірмей қол жеткізуге;

      уәкілетті банк (оның филиалдары) экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартқа есептік нөмір берген операциялық күннен кешіктірмей есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша уәкілетті банк бойынша жиынтық ақпараттың болуына;

      экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша жаңартылған электрондық досьеге қол жеткізуге мүмкіндік беретін интеграцияланған автоматтандырылған жүйенің болуына;

      2) мына:

      экспорттаушының немесе импорттаушының тапсырмалары бойынша валюталық операцияларды жүргізу;

      уәкілетті банктің өз филиалдарына мемлекеттік кірістер органынан алынған экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша тауарлардың қозғалысы туралы ақпаратты және өзге ақпаратты жеткізу;

      уәкілетті банктің тәуекелдерді басқару жүйесі шеңберінде уәкілетті банк филиалының валюталық бақылау агенттерінің функцияларын жүзеге асыруына және уәкілетті банктер филиалдарының экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттар бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы ақпаратқа қол жеткізуіне байланысты тәуекелдерді бағалауды, өлшеуді, бақылауды және мониторингтеуді жүзеге асыру рәсімдерін регламенттейтін ішкі ережелер;

      3) уәкілетті банк (оның филиалы) бойынша экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттарға есептік нөмірлерді және электрондық досьені жүйелі түрде беруді қамтамасыз ететін тіркеу журналын жүргізу мүмкіндігі болған жағдайларда рұқсат етіледі.

      67. Егер аккредитив немесе кепілдік беру есептік тіркеу банкінде ресімделмесе, аккредитивті немесе кепілдік беруді ресімдеген уәкілетті банк (оның филиалы) есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банкке (оның филиалына):

      1) егер орындаушы банк болып табылса, төлем және (немесе) ақша аударымы күнінен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде;

      2) егер орындаушы банк шетелдік банк болып табылса, төлем және (немесе) ақша аударымы туралы мәліметтер алынған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде төлемнің және (немесе) ақша аударымының жүзеге асырылғанын растайтын төлем құжатының көшірмесін жібереді.

      Импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша есеп айырысулардың аккредитивтік нысаны не банк кепілдігі орындалған жағдайда ақпарат бейрезиденттің пайдасына төлемді және (немесе) ақша аударымын жүзеге асыру кезінде көрсетіледі.

      68. Уәкілетті банк (оның филиалы) есеп айырысудың вексельдік нысанын көздейтін экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша ақша қозғалысын және міндеттемелердің өзгеше орындалуын мониторингтеуді вексель ұстаушылар болып табылатын экспорттаушыдан немесе импорттаушыдан мынадай құжаттарды:

      1) төлеуші не вексель бойынша міндетті өзге тұлға оны өтеген кезде вексель бойынша төлемақы келіп түскен жағдайда – осы төлемді растайтын құжаттарды (акцептелген вексельдің көшірмесін және төлем құжатын);

      2) экспорттаушы немесе импорттаушы есепке алу үшін есеп кеңсесіне вексель ұсынған жағдайда – вексельдің есепке алынғанын растайтын, яғни дисконтты шегере отырып немесе дисконтсыз экспорттаушыға немесе импорттаушыға вексель сомасын төлегенін растайтын құжаттарды (есеп кеңсесінің пайдасына индоссирленген вексельдің көшірмесін және төлем құжатын);

      3) вексельді төлем құралы ретінде пайдаланған жағдайда – вексель бойынша құқық берілген тұлғамен жасалған экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартты, тиісті өткізу жазбасы (индоссаменті) бар осы вексельдің көшірмесін, осы операцияның жүргізілгенін растайтын өзге де құжаттарды (есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартты, тауарларға арналған декларацияны және басқаларын) алғанға дейін (вексельді экспорттаушының немесе импорттаушының пайдалануына қарай) жүзеге асырады. Вексель бойынша ақша басқа уәкілетті банкке (оның филиалына) түскен кезде вексель ұстаушы болып табылатын экспорттаушы немесе импорттаушы басқа уәкілетті банкке (оның филиалына) ақшаны есептік тіркеу банкіне аударуды тапсырады.

      Егер вексель беруші импорттаушы болып табылса және импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша тауарлар вексель бойынша төлем мерзімі басталғанға дейін жеткізілген болса, онда мұндай шарт осы вексель ақы төлеуге ұсынылған күнге дейін бақылауға жатады. Бұл ретте вексель сомасы шарттың жалпы сомасынан аспауы керек. Егер есеп айырысудың вексель нысанындағы импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша вексель эмитенті үшінші тұлға болып табылса, онда шарт тауарлар импорттаушыға жеткізілген күнге дейін есептік тіркеуден алынбайды.

      69. Уәкілетті банк қайта ұйымдастырылған жағдайда қайта ұйымдастырылатын банк құқықтық мирасқор болып табылатын банкке экспорт немесе импорт жөніндегі әрбір валюталық шарт бойынша досьені қоса берумен, есептік тіркеуден алынбаған, есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттарды ұсынады. Ақпаратты электрондық түрде беруге рұқсат етіледі.

      70. Есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банк барлық банктік операцияларды жүргізуге арналған лицензиядан айырылған жағдайда, уақытша әкімшілік (уақытша әкімші) мұндай банк лицензиядан айырылған күннен бастап "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 48-1-бабының 1-тармағы екінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, оның клиенттерінің және банктің өзінің банктік шоттары бойынша барлық операцияларын тоқтатады.

      Есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банктің уақытша әкімшілігі (уақытша әкімшісі) осындай банкке келіп түсетін барлық ақшаның, оның ішінде экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттар бойынша келіп түсетін ақшаның есепке алынуын бақылайды.

      Осындай банктің құжаттарына түгендеу жүргізу кезінде есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банктің уақытша әкімшілігі (уақытша әкімшісі) банк операцияларының барлығын жүргізуге лицензиясынан айырылған уәкілетті банктің тіркеу журналында тіркелген экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша есептік нөмірлер бөлінісінде әрбір экспорттаушы немесе импорттаушы бойынша досьені (электрондық және қағаз түрінде) түгендеуді, құжаттаманың сақталуын, сондай-ақ Қағидалардың 43 және 44-тармақтарына сәйкес валюталық бақылаудың жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      70-тармақтың төртінші бөлігі 01.01.2024 бастап 01.01.2025 дейін тоқтатыла тұрады, тоқтатылған кезеңде қолданыста болатын редакцияны осы бірлескен қаулы мен бұйрықтың 5-тармағын қараңыз.

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілігі көзделген экспорттаушы немесе импорттаушы жіберген валюталық заңнаманы бұзушылықтарды есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банктің уақытша (уақытша әкімшісі) анықтаған кезде, мұндай банктің уақытша әкімшілігі (уақытша әкімшісі) Қағидалардың 45-тармағына сәйкес банктік бақылаудың жеке карточкасын Ұлттық Банкке жібереді.

      Экспорттаушы немесе импорттаушы басқа уәкілетті банкке (оның филиалына) қызмет көрсетуге ауысқан кезде есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банктің уақытша әкімшілігі (уақытша әкімшісі) жаңа есептік тіркеу банкінің сұратуын алған күннен кейін Қағидалардың 22-тармағында көзделген іс-шараларды жүзеге асырады.

      Экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартты есептік тіркеуден алуды Қағидалардың 26-тармағы 17) тармақшасының негізінде есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банктің уақытша әкімшілігі (уақытша әкімшісі) жүзеге асырады.

      Экспорттаушы немесе импорттаушы басқа уәкілетті банкке (оның филиалына) қызмет көрсетуге ауысуды қамтамасыз етпеген жағдайда, есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банктің уақытша әкімшілігі (уақытша әкімшісі) есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банктің тіркеу журналында тіркелген экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша есептік нөмірлер бөлінісінде әрбір экспорттаушы немесе импорттаушы бойынша осы уәкілетті банктің тарату комиссиясына досьені береді.

      71. Есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап мұндай банктің тарату комиссиясы 10 (он) жұмыс күні ішінде экспорттаушыларды немесе импорттаушыларды басқа уәкілетті банкке (оның филиалына) экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша қызмет көрсетуге ауысу рәсімін жүзеге асыру қажеттігі туралы уәкілетті банкті мәжбүрлеп тарату туралы ақпарат ресми баспа басылымдарында жарияланған күннен кейін күнтізбелік 60 (алпыс) күннен кем емес мерзімде хабардар етеді.

      Экспорттаушының немесе импорттаушының басқа уәкілетті банкке (оның филиалына) қызмет көрсетуге ауысу рәсімін Қағидалардың 22-тармағына сәйкес таратылатын уәкілетті банктің тарату комиссиясы жүзеге асырады. Экспорттаушы немесе импорттаушы есептік тіркеу банкі болып табылатын басқа уәкілетті банкке (оның филиалына) қызмет көрсетуге ауысқан кезде таратылатын уәкілетті банктің тарату комиссиясы экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартты есептік тіркеуден алуды Қағидалардың 26-тармағы 17) тармақшасының негізінде жүзеге асырады.

      Экспорттаушы немесе импорттаушы басқа уәкілетті банкке (оның филиалына) қызмет көрсетуге ауысуды қамтамасыз етпеген, сондай-ақ экспорттаушының немесе импорттаушының орналасқан жерін белгілеу мүмкін болмаған жағдайда таратылатын уәкілетті банктің тарату комиссиясы күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде Қағидалардың 26-тармағы 18) тармақшасының негізі бойынша экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартты есептік тіркеуден алып тастайды.

      Тарату комиссиясы экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт есептік тіркеуден алынған күннен кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде таратылатын уәкілетті банктің тіркеу журналында тіркелген экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша есептік нөмірлер бөлінісінде әрбір экспорттаушы немесе импорттаушы бойынша досьені (электрондық және қағаз түрінде) мемлекеттік кіріс органының аумақтық бөлімшелеріне береді, ол бойынша экспорттаушының немесе импорттаушының басқа банкке қызмет көрсетуге ауысуына болмайды.

      72. Егер келіп түскен ақша экспорттаушының немесе импорттаушының банктік шотына уәкілетті банктің банктік және өзге де операцияларды жүргізуге лицензиясын тоқтата тұру не одан айыру себебінен есепке алынбаса, онда экспорттық түсімнің келіп түсуін бақылау не таратылатын уәкілетті банктің корреспонденттік немесе ағымдағы шотына импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша бұрын аударылған ақшаны экспорттаушының немесе импорттаушының пайдасына қайтару мақсатында түсімді растайтын құжат ретінде таратылатын уәкілетті банктің есептік нөмірі бойынша сәйкестендірілген ақшаның таратылатын уәкілетті банктің корреспонденттік немесе ағымдағы шотына ақшаның түскені туралы таратылатын уәкілетті банктің тарату комиссиясының анықтамасын қабылдауға рұқсат беріледі.

11-тарау. Өтпелі ережелер

      73. Егер экспорттаушыда немесе импорттаушыда 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы тауарларды өткізу көзделмеген, есептік нөмір берілмеген тауарлардың экспорты немесе импорты жөніндегі қолданыстағы және (немесе) баламасында 50 000 (елу мың) АҚШ долларынан асатын сомаға не шарт сомасын көрсетпей, электрондық ақшаны сатып алуды немесе өтеуді көздейтін валюталық шарты болса:

      1) уәкілетті банк (оның филиалы) мұндай шарт бойынша төлем жүргізуден және (немесе) ақша аударудан бас тартады;

      2) экспорттаушы немесе импорттаушы уәкілетті банкке (оның филиалына) немесе Ұлттық Банктің аумақтық филиалына Қағидалар қолданысқа енгізілген күннен бастап 6 (алты) айдан кешіктірмейтін мерзімде, бірақ мұндай шарт бойынша міндеттемелерді орындау басталғанға дейін есептік нөмірді алу үшін өтініш жасайды.

      Осындай шартқа есептік нөмір берілгеннен кейін ол бойынша төлемдер және (немесе) ақша аударымдары әртүрлі уәкілетті банктер арқылы жүзеге асырылған жағдайда, экспорттаушы немесе импорттаушы есептік тіркеу банкіне мұндай шарт бойынша төлем және (немесе) ақша аударымы жүргізілгенге дейін, бірақ 2024 жылғы 1 сәуірден кешіктірмей осы шарт бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы ақпаратты және (немесе) құжаттарды (олардың көшірмелерін) ұсынады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      73-тармақтың үшінші бөлігі 01.01.2024 бастап 01.01.2025 дейін тоқтатыла тұрады, тоқтатылған кезеңде қолданыста болатын редакцияны осы бірлескен қаулы мен бұйрықтың 5-тармағын қараңыз.

      Есептік тіркеу банкі экспорттаушыдан немесе импорттаушыдан мұндай шарт бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы құжаттарды (олардың көшірмелерін) алғаннан кейін Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы ақпаратты мұндай құжаттарды алған күннен кейін 3 (үш) ай ішінде жібереді.

      74. Есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банк репатриациялау мерзімі 2023 жылғы қарашада аяқталған және экспорттаушының немесе импорттаушының бейрезидент алдындағы орындалмаған міндеттемелерінің сомасы баламасы 50 000 (елу мың) АҚШ долларынан асатын болса, 2024 жылғы 1 (бірінші) қаңтардан 15 (он бесінші) қаңтарға дейінгі кезеңде экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша банктік бақылаудың жеке карточкасын Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Ұлттық Банкке жібереді.

      Есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банк банктік бақылаудың жеке карточкасын жібергенге дейін экспорттаушыға немесе импорттаушыға репатриациялау мерзімі аяқталған айдан кейінгі айдың 5 (бесінші) күнінен кешіктірмей:

      1) репатриациялау талаптарын орындауды қамтамасыз етпеу себептері туралы ақпаратты;

      2) бейрезиденттің экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімдері мен талаптарына әсер ететін жағдаяттардың басталғандығын растайтын құжаттарды ұсыну туралы еркін нысандағы сұратуды жібереді.

      Осы тармақтың екінші бөлігіне сәйкес есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банк сұратқан ақпаратты және (немесе) құжаттарды (бар болса) экспорттаушы немесе импорттаушы сұрату алған күннен кейін күнтізбелік 10 (он) күн ішінде ұсынады.

      75. Ұлттық Банктің аумақтық филиалдары мемлекеттік кірістер органының аумақтық бөлімшелеріне 2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша қабылдау-өткізу актілері негізінде:

      1) экспорт немесе импорт жөніндегі, оның ішінде олар жеке есепке алған валюталық шарттар бойынша;

      2) уәкілетті банктер КЖТҚК туралы заңына сәйкес іскерлік қатынастарды тоқтату негізінде есептік тіркеуден алған экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша қарауындағы валюталық бақылау материалдарын береді.

  Қазақстан Республикасында
экспорттық-импорттық
валюталық бақылауды жүзеге
асыру қағидаларына
1-қосымша

Репатриациялау мерзімін есептеу тәртібі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Репатриациялау мерзімін есептеу мақсатында күнтізбелік күндер қолданылады, бұл ретте 30 (отыз) күндік мерзім 1 (бір) ай болып, 360 (үш жүз алпыс) күн 1 (бір) жыл болып алынады.

      2. Репатриациялау мерзімі бейрезиденттің экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартқа сәйкес міндеттемелерін орындаудың ең ұзақ мерзімі ретінде есептеледі және нүктемен бөлінген екі бөліктен тұратын цифрлық код түрінде көрсетіледі:

      бірінші бөлікте үш цифр, егер репатриациялау мерзімі 360 (үш жүз алпыс) күннен кем немесе одан асатын болса, толық емес жыл бойынша күндер санын көрсетеді;

      екінші бөлікте екі цифр репатриациялау мерзімінің толық жыл санын көрсетеді.

      3. Экспорт бойынша репатриациялау мерзімі мынадай тәртіппен есептеледі:

      егер валюталық шартта тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу көзделсе және экспорттаушының тауарды жеткізу бойынша міндеттемесі тауарды Қазақстан Республикасының шекарасынан өткеннен кейін беру болып табылса, экспорттаушы репатриациялау мерзімін бейрезиденттің валюталық шарт бойынша тауарға ақы төлеу бойынша міндеттемелерін орындауының ең ұзақ мерзіміне мемлекеттік кірістер органының аумақтық бөлімшесінің тауарды шығарғаннан кейін оны беру орнына дейін жеткізу үшін қажетті, 1 (бір) жылдан аспауға тиіс мерзімді қосу арқылы есептейді;

      егер шартта тауарларды Қазақстан Республикасы мен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің арасында өткізу көзделсе және экспорттаушының тауарды жеткізу бойынша міндеттемесі тауарды Қазақстан Республикасының шекарасынан өткеннен кейін беру болып табылса, экспорттаушы репатриациялау мерзімін бейрезиденттің валюталық шарт бойынша тауарға ақы төлеу бойынша міндеттемелерін орындауының ең ұзақ мерзіміне тауарды беру орнына дейін жеткізу үшін қажетті, 1 (бір) жылдан аспауға тиіс мерзімді қосу арқылы есептейді;

      егер экспорттаушының тауарды жеткізу бойынша міндеттемесі тауарды Қазақстан Республикасының шекарасынан өткенге дейін беру болып табылса, экспорттаушы репатриациялау мерзімі ретінде валюталық шарт бойынша бейрезиденттің тауарға ақы төлеу бойынша міндеттемелерін орындау мерзімін көрсетеді;

      егер шартта бейрезиденттің тауарларға, жұмыстарға немесе көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу бойынша міндеттемелерді орындауының әртүрлі талаптары (экспорттаушының тауарларға, жұмыстарға немесе көрсетілетін қызметтерге ақыны тауарларды тиеп жөнелткенге, жұмыстарды орындағанға немесе қызметтерді көрсеткенге дейін төлеуі не экспорттаушының тауарларға, жұмыстарға немесе көрсетілетін қызметтерге ақыны тауарларды тиеп жөнелткеннен, жұмыстарды орындағаннан немесе қызметтерді көрсеткеннен кейін төлеуі) көзделсе, экспорттаушы репатриациялау мерзімін экспорттаушы бейрезиденттің тауарларға, жұмыстарға немесе көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу бойынша міндеттемелерді орындауының валюталық шартта белгіленген мерзімін ескере отырып, тауарларды тиеп жөнелткеннен, жұмыстарды орындағаннан немесе қызметтерді көрсеткеннен кейін есептейді;

      егер валюталық шартта экспорт бойынша валюта түсімінің экспорт күні басталғанға дейін (бейрезиденттің алдын ала ақы төлеуі) не 180 (бір жүз сексен) күннен аспайтын мерзімде түсуі көзделсе мерзім 180 (бір жүз сексен) күн деп көрсетіледі;

      егер валюталық шартта тауарларды Қазақстан Республикасы мен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекет арасында алып өту көзделсе, экспорттаушы есептеген репатриациялау мерзіміне бейрезиденттен жанама салықтарды төлеу немесе қосымша құн салығын төлеуден және (немесе) акциздерден босату туралы растауы бар тауарларды әкелу туралы өтінішті (бұдан әрі – тауарларды әкелу туралы өтініш) алу үшін қажетті 180 (бір жүз сексен) күндік уақыт кезеңі қосылады.

      4. Импорт бойынша репатриациялау мерзімі мынадай тәртіппен есептеледі:

      егер бейрезиденттің тауарды жеткізу бойынша міндеттемесі тауарды Қазақстан Республикасының шекарасынан өткізгеннен кейін беру болып табылса, импорттаушы репатриациялау мерзімін валюталық шарт бойынша бейрезидент міндеттемелерінің орындалуының ең ұзақ мерзіміне пайдаланылмаған авансты қайтару мерзімін (ол валюталық шартта бар болса) қосу арқылы есептейді;

      егер валюталық шарт бойынша тауарды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы алып өту көзделсе және бейрезиденттің тауарды жеткізу бойынша міндеттемесі Қазақстан Республикасының шекарасынан өткенге дейін тауарды беру болып табылса, импорттаушы репатриациялау мерзімін бейрезиденттің тауарды жеткізу бойынша міндеттемелерді орындауының валюталық шарт бойынша ең ұзақ мерзіміне тауарды Қазақстан Республикасының шекарасына дейін жеткізу және мемлекеттік кірістер органының аумақтық бөлімшесінің тауарды шығару үшін қажетті мерзімін (күнтізбелік 1 (бір) жылдан аспауы тиіс), пайдаланылмаған авансты қайтару мерзімін (ол валюталық шартта бар болса) қосу арқылы есептейді;

      егер валюталық шарт бойынша тауарды Қазақстан Республикасы мен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің арасында алып өту және бейрезиденттің тауарды жеткізу бойынша міндеттемесі Қазақстан Республикасының шекарасынан өткізгенге дейін тауарды беру болып табылса, импорттаушы репатриациялау мерзімін бейрезиденттің тауарды жеткізу бойынша міндеттемелерді орындауының валюталық шарт бойынша ең ұзақ мерзіміне тауарды Қазақстан Республикасының шекарасына дейін жеткізуге қажетті мерзімді, пайдаланылмаған авансты қайтару мерзімін (ол валюталық шартта бар болса) қосу арқылы есептейді;

      егер валюталық шартта бейрезиденттің тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету бойынша міндеттемелерді орындаудың әртүрлі талаптары (тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету тауарларға, жұмыстарға немесе көрсетілетін қызметтерге төлемді және (немесе) ақша аудару жүзеге асырылғанға дейін не тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету тауарларға, жұмыстарға немесе көрсетілетін қызметтерге төлемді және (немесе) ақша аудару жүзеге асырылғаннан кейін) көзделсе, импорттаушы репатриациялау мерзімін валюталық шартта белгіленген бейрезиденттің тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету бойынша міндеттемелерді орындау мерзімін ескере отырып, тауарларға, жұмыстарға немесе көрсетілетін қызметтерге төлем жүргізгеннен және (немесе) ақша аударғаннан кейін есептейді;

      егер валюталық шартта тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету тауарларға, жұмыстарға немесе көрсетілетін қызметтерге төлем жүргізгенге дейін және (немесе) ақша аударғанға дейін (бейрезиденттің тауарларды алдын ала жеткізуі, жұмыстарды алдын ала орындауы немесе қызметтерді көрсетуі) не төлем жүргізген және (немесе) ақша аударған күннен кейін 180 (бір жүз сексен) күннен аспайтын мерзімде көзделсе, репатриациялау мерзімі 180 (бір жүз сексен) күнге тең деп көрсетіледі;

      егер валюталық шарт тауарларды импорт үшін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына өткізуді көздесе, импорттаушы есептеген репатриациялау мерзіміне тауарларды әкелу туралы өтінішті алу үшін қажетті 180 (бір жүз сексен) күндік уақыт кезеңі қосылады.

2-тарау. Экспорт бойынша репатриациялау мерзімін есептеу мысалдары

      5. Валюталық шартқа сәйкес экспорттаушының тауарды жеткізу бойынша міндеттемесі тауарды Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағынан тыс орналасқан қалада бергеннен кейін орындалды деп саналады. Бейрезиденттің тауарға ақы төлеуі – ішінара, алдын-ала ақы төлеу арқылы, ішінара - экспорттаушы тауарды тиеп жөнелткеннен кейін ақы төлеу арқылы. Бейрезиденттің тауарға ақы төлеуінің ең ұзақ мерзімі – 210 (екі жүз он) күн. Мемлекеттік кірістер органының аумақтық бөлімшесі тауарды шығарған күн мен бейрезидентке тауарды Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағынан тыс орналасқан қалада беру күні арасындағы экспорттаушы болжайтын мерзім – 30 (отыз) күн.

      Есеп: 210 күн + 30 күн = 240 күн, яғни 240 күн, 00 жыл.

      Экспорттаушы "Репатриациялау мерзімі" бағанында 240.00 деп көрсетеді.

      6. Валюталық шартқа сәйкес экспорттаушының тауарды жеткізу бойынша міндеттемесі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағында орналасқан қалада тауарды бергеннен кейін орындалды деп саналады. Бейрезиденттің тауарға ақы төлеуі – ішінара, алдын-ала ақы төлеу арқылы, ішінара – экспорттаушы тауарды тиеп жөнелткеннен кейін ақы төлеу арқылы. Бейрезиденттің тауарға ақы төлеуінің ең ұзақ мерзімі – 210 (екі жүз он) күн. Тауардың Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы өту күні мен тауарды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағында орналасқан қалада бейрезидентке беру күні арасындағы экспорттаушы болжайтын мерзім – 10 (он) күн.

      Бейрезиденттен тауарларды әкелу туралы өтінішті алу үшін қажетті уақыт кезеңі – 180 (бір жүз сексен) күн.

      Есеп: 210 күн + 10 күн + 180 күн = 400 күн, яғни 40 күн, 01 жыл.

      Экспорттаушы "Репатриациялау мерзімі" бағанында 040.01 деп көрсетеді.

      7. Валюталық шартқа сәйкес экспорттаушының тауарды жеткізу жөніндегі міндеттемесі тауарды Алматы-1 теміржол станциясында бергеннен кейін орындалды деп саналады. Бейрезиденттің тауарға ақы төлеуі – экспорттаушы тауарды тиеп жөнелткеннен кейін. Тауарға ақы төлеудің ең ұзақ мерзімі – 210 (екі жүз он) күн.

      Экспорттаушы "Репатриациялау мерзімі" бағанында 210.00 деп көрсетеді.

      8. Валюталық шартқа сәйкес бейрезидент тауарға, жұмысқа немесе көрсетілетін қызметке алдын ала ақы төлеуді толық көлемде жүзеге асырады.

      Экспорттаушы "Репатриациялау мерзімі" бағанында 180.00 деп көрсетеді.

      9. Валюталық шартқа сәйкес бейрезиденттің тауарға, жұмысқа немесе көрсетілетін қызметке ақы төлеуінің ең ұзақ мерзімі – 160 (бір жүз алпыс) күн.

      Экспорттаушы "Репатриациялау мерзімі" бағанында 180.00 деп көрсетеді.

3-тарау. Импорт бойынша репатриациялау мерзімін есептеу мысалдары

      10. Валюталық шартқа сәйкес бейрезиденттің тауарды жеткізу бойынша міндеттемесі Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағынан тыс орналасқан қалада тауарды бергеннен кейін орындалды деп есептеледі. Бейрезиденттің тауарды жеткізуі – ішінара, алдын ала жеткізу арқылы, ішінара – тауарға төлем жүргізілгеннен кейін және (немесе) ақша аударылғаннан кейін. Бейрезиденттің тауарды жеткізуінің ең ұзақ мерзімі – 800 (сегіз жүз) күн. Бейрезиденттің тауарды Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағынан тыс орналасқан қалада беру күні мен мемлекеттік кірістер органының аумақтық бөлімшесінің тауарды шығару күнінің арасындағы импорттаушы болжайтын мерзім – 70 (жетпіс) күн. Пайдаланылмаған авансты қайтару мерзімі тауарды Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағынан тыс орналасқан қалада беруді болжамдау күнінен кейін – 100 (бір жүз) күн.

      Есеп: 800 күн + 70 күн + 100 күн = 970 күн, яғни 250 күн, 02 жыл.

      Импорттаушы "Репатриациялау мерзімі" бағанында 250.02 деп көрсетеді.

      11. Валюталық шартқа сәйкес бейрезиденттің тауарды жеткізу бойынша міндеттемесі тауарды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағында орналасқан қалада бергеннен кейін орындалды деп саналады. Бейрезиденттің тауарды жеткізуі екі тәсілмен жүзеге асырылады: алдын ала жеткізу арқылы және тауарға төлем жүргізілгеннен кейін және (немесе) ақша аударылғаннан кейін. Бейрезиденттің тауарды жеткізуінің ең ұзақ мерзімі – 800 (сегіз жүз) күн. Бейрезиденттің тауарды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағында орналасқан қалада беру күні мен тауарды Қазақстан Республикасының шекарасына дейін жеткізу күнінің арасында импорттаушы болжайтын мерзім – 30 (отыз) күн. Пайдаланылмаған авансты қайтару мерзімі - тауарды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағында орналасқан қалада беруді болжамдау күнінен кейін – 100 (бір жүз) күн. Тауарларды әкелу туралы өтінішті ресімдеу мерзімі – 180 (бір жүз сексен) күн.

      Есеп: 800 күн + 30 күн + 100 күн + 180 күн = 1110 күн, яғни 030 күн, 03 жыл.

      Импорттаушы "Репатриациялау мерзімі" бағанында 030.03 деп көрсетеді.

      12. Валюталық шартқа сәйкес бейрезиденттің тауарды жеткізу бойынша міндеттемесі Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс орналасқан қалада бергеннен кейін орындалды деп саналады. Бейрезиденттің тауарды жеткізуі – ішінара, алдын ала жеткізу арқылы, ішінара – тауарға төлем жүргізілгеннен кейін және (немесе) ақша аударғаннан кейін. Бейрезиденттің тауарды жеткізуінің ең ұзақ мерзімі – 210 (екі жүз он) күн. Мемлекеттік кірістер органының аумақтық бөлімшесінің тауарды шығару күні мен бейрезидент тауарды Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағынан тыс орналасқан қалада өткізген күні арасындағы импорттаушы болжайтын мерзім – 70 (жетпіс) күн. Пайдаланылмаған авансты қайтару мерзімі валюталық шартта анықталмаған.

      Есеп: 210 күн + 70 күн = 280 күн, яғни 280 күн, 00 жыл.

      Импорттаушы "Репатриациялау мерзімі" бағанында 280.00 деп көрсетеді;

      13. Валюталық шартқа сәйкес бейрезиденттің тауарды жеткізу бойынша міндеттемесі тауарды Алматы-1 теміржол станциясында бергеннен кейін орындалды деп саналады. Бейрезиденттің тауарды жеткізуі – ішінара, алдын ала жеткізу арқылы, ішінара – тауарға төлем жүргізілгеннен кейін және (немесе) ақша аударғаннан кейін. Бейрезиденттің тауарды жеткізуінің ең ұзақ мерзімі – 100 (бір жүз) күн. Пайдаланылмаған авансты қайтару мерзімі – 100 (бір жүз) күн.

      Есеп: 100 күн + 100 күн = 200 күн, яғни 200 күн, 00 жыл.

      Импорттаушы "Репатриациялау мерзімі" бағанында 200.00 деп көрсетеді.

      14. Валюталық шартқа сәйкес бейрезиденттің тауарды жеткізу бойынша міндеттемесі тауарды Алматы-1 теміржол станциясында бергеннен кейін орындалды деп саналады. Бейрезиденттің тауарды жеткізуі – ішінара, алдын ала жеткізу арқылы, ішінара – тауарға төлем жүргізілгеннен кейін және (немесе) ақша аударғаннан кейін. Бейрезиденттің тауарды жеткізуінің ең ұзақ мерзімі – 100 (бір жүз) күн. Пайдаланылмаған авансты қайтару мерзімі валюталық шартта айқындалмаған.

      Импорттаушы "Репатриациялау мерзімі" бағанында 180.00 деп көрсетеді.

      15. Валюталық шартқа сәйкес бейрезидент тауарды алдын ала жеткізуді немесе жұмысты алдын ала орындауды, қызмет көрсетуді толық көлемде жүзеге асырады.

      Импорттаушы "Репатриациялау мерзімі" бағанында 180.00 деп көрсетеді.

  Қазақстан Республикасында
экспорттық-импорттық
валюталық бақылауды жүзеге
асыру қағидаларына
2-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне

      Әкімшілік деректер нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурста орналастырылды

Есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша тауарларға арналған декларациялар жөніндегі ақпарат

      Индексі: XMCO_1

      Кезеңділігі: күн сайын

      Есепті кезеңі: 20__жылғы "___" __________ үшін

      Ақпарат ұсынатын адамдар тобы: мемлекеттік кірістер органы

      Ұсыну мерзімі: күн сайын, тауарды репатриацияны бақылау мақсаттары үшін ескерілетін кедендік рәсіммен орналастырған күннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде

      Нысан

Кесте. Есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша тауарларға арналған декларациялар жөніндегі ақпарат

Экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың есептік нөмірінің деректемелері

Экспорт немесе импорт белгісі

Экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың деректемелері

Экспорт немесе импорт жөніндегі ақпарат

Нөмірі

Күні


Нөмірі

Күні

Бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН)

Жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН)

Экспорттаушы немесе импорттаушы белгісі

1

2

3

4

5

6

7

8









      кестенің жалғасы

Алушы

Тауарларға арналған декларацияның нөмірі

Тауарларға арналған декларациядағы тауардың нөмірі

Тауарларға арналған декларацияда көрсетілген кедендік рәсім

Алдыңғы кедендік рәсім

Шот бойынша тауардың сомасы

Тауардың шығарылған күні

Тауардың мәртебесі

Тауар мәртебесінің өзгерген күні

9

10

11

12

13

14

15

16

17










      кестенің жалғасы

Тауардың құны

Мәміле сипатының коды

Сыртқы экономикалық мәміле ерекшеліктерінің коды

Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының коды

Статистикалық

Фактуралық

Жеткізу валютасы

Валюта бағамы

18

19

20

21

22

23

24








      кестенің жалғасы

Тауарларды декларациялау ерекшеліктерінің коды

Алдыңғы құжат

Анықтама нөмірі

Тауарды жөнелтуші ел

Тауардың шығарылған елі

Тауардың тағайындалған елі

25

26

27

28

29

30







      кестенің жалғасы

Жөнелту/келу кезіндегі көлік құралын тіркеу елі

Белсенді көлік құралын шекарада тіркеу елі

Шекарадағы көлік түрі

Ел ішіндегі көлік түрі

Жеткізу шарттары

Мәлімет үшін және репатриация талаптарын бақылау үшін

31

32

33

34

35

36







      Атауы ______________________ Мекенжайы _______________________

      Телефоны _________________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы _________________________________________

      Орындаушысы ____________________________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), қолы, телефоны

      Басшы немесе оның міндеттерін атқаратын адам

      _______________________________________ ________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), қолы, телефоны

      Күні 20 ____ жылғы "____" ______________

  "Есептік нөмірі бар экспорт
немесе импорт жөніндегі
валюталық шарт бойынша
тауарларға арналған
декларациялар жөніндегі
ақпарат" әкімшілік деректерін
жинауға арналған нысанға
қосымша

Есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша тауарларға арналған декларациялар жөніндегі ақпарат (индексі – XMCO_1, кезеңділігі – күн сайын)

Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірмеде "Есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша тауарларға арналған декларациялар жөніндегі ақпарат" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша талаптар айқындалады.

      2. Нысан "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес әзірленді.

      3. Нысанды мемлекеттік кірістер органы күн сайын, тауарды репатриацияны бақылау мақсаттары үшін ескерілетін кедендік рәсімге орналастырған күннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде жібереді.

2-тарау. Нысанды толтыру

      4. 1-бағанда экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың есептік нөмірі көрсетіледі (тауарларға арналған декларацияның 44-бағаны).

      5. 2-бағанда экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартқа есептік нөмір берілген күн көрсетіледі (тауарларға арналған декларацияның 44-бағаны).

      6. 3-бағанда мына белгілер көрсетіледі:

      "1" – егер экспорт жөніндегі валюталық шарт болса;

      "2" – егер импорт жөніндегі валюталық шарт болса.

      7. 4-бағанда экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың нөмірі (бар болса) көрсетіледі (тауарларға арналған декларацияның 44-бағаны).

      8. 5-бағанда экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың күні көрсетіледі (тауарларға арналған декларацияның 44-бағаны).

      9. 6-бағанда экспорттаушы немесе импорттаушының БСН көрсетіледі (тауарларға арналған декларацияның 9-бағаны).

      10. 7-тарауда экспорттаушы немесе импорттаушының ЖСН көрсетіледі (тауарларға арналған декларацияның 9-бағаны).

      11. Егер экспорттаушы немесе импорттаушы заңды тұлға (оның филиалы) болып табылса, 8-бағанда "1" белгісі немесе егер экспорттаушы немесе импорттаушы дара кәсіпкер болып табылса, "2" белгісі көрсетіледі.

      12. 9-бағанда тауарларды тасымалдау аяқталған (аяқталатын) көлік (тасымалдау) құжаттарында тауарларды алушы ретінде көрсетілген тұлға туралы мәліметтер көрсетіледі (тауарларға арналған декларацияның 8-бағаны).

      13. 10-бағанда тауарларға арналған декларацияның тіркеу нөмірі (тауарларға арналған декларацияның әріптік бағаны) көрсетіледі.

      14. 11-бағанда тауарларға арналған декларацияда тауардың реттік нөмірі көрсетіледі (тауарларға арналған декларацияның 32-бағаны).

      15. 12-баған Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларды декларациялау мақсаттары үшін мемлекеттік кірістер органының аумақтық бөлімшелері пайдаланатын сыныптауышқа сәйкес кедендік рәсімнің цифрлық белгісі көрсетіле отырып толтырылады (тауарларға арналған декларацияның 1-бағанының екінші кіші бөлімі).

      16. 13-бағанда кедендік транзит кедендік рәсімін қоспағанда, егер декларацияланатын тауарлар бұрын өзге кедендік рәсімге орналастырылған болса, кедендік рәсімдер түрлерінің сыныптауышына сәйкес алдыңғы кедендік рәсімнің цифрлық белгісі көрсетіледі (тауарларға арналған декларацияның 37-бағаны).

      17. 14-бағанда шот бойынша тауардың жалпы сомасы көрсетіледі (тауарларға декларацияның 22-бағаны).

      18. 15-бағанда мемлекеттік кірістер органының тауарды шығару туралы (оның ішінде шартты шығару туралы) шешім қабылдаған күні көрсетіледі.

      19. 16-бағанда тауардың мәртебесі көрсетіледі (шығарылды, кері қайтарылды, шығарудан бас тартылды, шартты түрде шығарылды, түзетілді).

      20. 17-бағанда тауар мәртебесінің өзгерген күні көрсетіледі.

      21. 18-бағанда тауардың статистикалық құны Америка Құрама Штаттары долларының бірлігімен көрсетіледі (тауарларға арналған декларацияның 46-бағаны).

      22. 19-бағанда тауардың фактуралық құны жеткізу валютасының бірлігімен көрсетіледі (тауарларға арналған декларацияның 42-бағаны).

      23. 20-бағанда ҚР ҰС 07 ISO 4217 "Валюталар мен қорларды белгілеуге арналған кодтар" ұлттық сыныптауышына сәйкес жеткізу валютасының әріптік белгісі көрсетіледі.

      24. 21-бағанда фактуралық құнға қайта есептеу үшін пайдаланылған және тауарларға арналған декларацияда көрсетілген валюта бағамы көрсетіледі.

      25. 22-бағанда мәміле сипатының коды көрсетіледі (тауарларға арналған декларацияның 24-бағаны).

      26. 23-бағанда сыртқы экономикалық мәміле ерекшеліктерінің коды көрсетіледі (тауарларға арналған декларацияның 24-бағаны).

      27. 24-бағанда Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының коды көрсетіледі.

      28. 25-бағанда тауарларды декларациялау ерекшеліктерінің коды көрсетіледі (тауарларға декларацияның 7-бағаны).

      29. 26-бағанда алдыңғы құжат (тауарларға декларацияның 40-бағаны) көрсетіледі.

      30. 27-бағанда анықтама нөмірі (тауарларға арналған декларацияның 7-бағаны) көрсетіледі.

      31. 28-бағанда тауарды жөнелтуші ел көрсетіледі (тауарларға декларацияның 15-бағаны).

      32. 29-бағанда тауарды шығарған ел көрсетіледі (тауарларға декларацияның 16-бағаны).

      33. 30-бағанда тауардың тағайындалған елі көрсетіледі (тауарларға декларацияның 17-бағаны).

      34. 31-бағанда екінші кіші бөлімнен жөнелту/келу кезінде көлік құралын тіркеу елі көрсетіледі (тауарларға арналған декларацияның 18-бағаны).

      35. 32-бағанда екінші кіші бөлімнен (тауарларға арналған декларацияның 21-бағаны) белсенді көлік құралын шекарада тіркеу елі көрсетіледі.

      36. 33-бағанда шекарадағы көлік түрі көрсетіледі (тауарларға арналған декларацияның 25-бағаны).

      37. 34-бағанда ел ішіндегі көлік түрі көрсетіледі (тауарларға арналған декларацияның 26-бағаны).

      38. 35-бағанда жеткізу шарттары көрсетіледі (тауарларға арналған декларацияның 20-бағаны).

      39. 36-бағанда мәлімет үшін немесе репатриация талаптарын бақылау үшін ақпарат көрсетіледі.

      40. 3, 6, 13 және 15-бағандар сегіз цифрді мына тәртіппен көрсету арқылы толтырылады: күні, айы, жылы.

      41. КД-ның 11 және 12-бағандарын беру кезінде алдыңғы және кейінгі кедендік рәсімдердің мына комбинациялары ескеріледі:

Р/с №

Рәсімнің атауы

Рәсім коды

Алдыңғы рәсім

1

Экспорт

10

00, 21, 23, 51, 60, 77, 78, 91, 96

2

Кеден аумағынан тыс қайта өңдеу

21

00, 21, 23, 77, 78, 96

3

Уақытша әкету

23

00, 21, 23, 77, 78, 96

4

Реэкспорт

31

00, 40, 51, 53, 70, 77, 78, 91,93, 96

5

Ішкі тұтыну үшін шығару

40

00, 21, 51, 53, 70, 77, 78, 91, 93, 96

6

Кеден аумағында қайта өңдеу

51

00, 31, 51, 53, 70, 77, 78, 91, 93, 96

7

Уақытша әкелу (рұқсат беру)

53

00, 51, 53, 70, 77, 78, 91, 93, 96

8

Реимпорт

60

00, 10, 21, 23, 77, 78

9

Кеден қоймасы

70

00, 51, 53, 70, 77, 78, 91, 93, 96

10

Бос тұрған қойма

77

00, 51, 53, 70, 77, 78, 91, 93, 96

11

Еркін кеден аумағы

78

00, 51, 53, 70, 77, 78, 91, 93, 96

12

Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу

91

00, 51, 53, 70, 77, 78, 91, 93, 96

13

Жою

93

51, 53, 70, 77, 78, 91, 96

14

Бажсыз сауда

96

00, 51, 53, 70, 77, 78, 91, 96

      Егер КД-ның "Анықтамалық нөмірі" 7-бағанында тауарды кедендік декларациялау ерекшеліктерінің мына коды көрсетілсе, декларациялау ерекшеліктері бар тауарларды декларациялау кезінде КД беріледі:

      "ПТД" (алдын ала кедендік декларациялау);

      "ПДТ" (мерзімдік кеден);

      "ВТД" (Уақытша (уақытша мерзімді) кедендік декларациялау (тауарларға уақытша декларация);

      "ПВД" (уақытша (уақытша мерзімді) кедендік декларациялау (тауарларға арналған толық декларация);

      "ОКТ" (Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жинақталмаған немесе аяқталмаған түрде өткізілетін тауарларды кедендік декларациялау ерекшеліктері (компонентке қатысты тауарларға арналған декларация));

      "ЗПК" (Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жинақталмаған немесе аяқталмаған түрде өткізілетін тауарларды кедендік декларациялау ерекшеліктері (соңғы компонентке қатысты тауарларға арналған декларация);

      "ВДТ" (кедендік декларация берілгенге дейін оларды шығару кезінде тауарларды кедендік декларациялау ерекшеліктері);

      "НТД" (Толық емес кедендік декларациялау);

      "НВТ" (Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағына заңсыз әкелінген тауарларды кедендік декларациялау ерекшеліктері).

  Қазақстан Республикасында
экспорттық-импорттық
валюталық бақылауды жүзеге
асыру қағидаларына
3-қосымша

      Форма

Экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартты валюталық бақылауға қабылдау туралы өтініш

  ____________________________
(уәкілетті банктің
(оның филиалының) немесе
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің
аумақтық филиалының атауы)

1-бөлім.

      1. Есептік нөмірді алу

      Экспортты немесе импортты көздейтін (керегінің асты сызылады) _____ жылғы "__" __________ №___________________ (бар болса) валюталық шартқа есептік нөмір беруді сұраймын.

      2. _____ жылғы "__" __________ №__/____/___/_______ есептік нөмірі бар _____ жылғы "__" __________ №___________________ (бар болса) экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартты валюталық бақылауға қабылдауды сұраймын.

      Кімнен _________________________________________________

      Экспорттаушы немесе импорттаушы бойынша ақпарат: атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі

      ______________________________________________________________

      мекенжайы __________________________________

      телефоны ________________________________

      электрондық поштасы _______________________

2-бөлім.

      1. Шетелдік сатып алушы (экспорт бойынша) немесе жеткізуші бойынша

      (импорт бойынша) ақпарат: атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      ____________________________________________________________

      2. Елі______________________________________________________

      3. Валюталық шарттың жалпы құны (болжамды құн) ______________

      (шарт валютасын көрсете отырып).

      4. Репатриациялау мерзімі _________________________________________

      5. Экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт түрінің коды. ___________________

      Мен:

      1) ұлттық және (немесе) шетел валютасын репатриациялау талабын орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершіліктің бар екендігі туралы;

      2) экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша есептік нөмір алу тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылықтың болуы туралы;

      3) есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша ақпарат, құжаттар мен есептерді ұсыну тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылықтың болуы туралы;

      4) валюталық құндылықтарды Қазақстан Республикасынан заңсыз әкеткені, жөнелткені және аударғаны үшін қылмыстық жауаптылықтың болуы туралы хабардармын.

      Есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша және ол бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы ақпаратты басқа уәкілетті банкке (оның филиалына), Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалына, сұратуы бойынша не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кірістер органына (басқа уәкілетті банктен (оның филиалынан), Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалынан, мемлекеттік кірістер органынан) беруге және (немесе) алуға келісемін.

      Осымен валюталық шарт бойынша есептік нөмірді алу үшін өтініш жасағанға дейін валюталық шарт бойынша міндеттемелердің болуын/болмауын (керегінің асты сызылады) растаймын.

      Осымен уәкілетті банктің (оның филиалының), Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалының атына ұсынылған ақпараттың және (немесе) құжаттардың дәйектігін, толықтығын және дұрыстығын растаймын.

      Уәкілетті банк (оның филиалы), Ұлттық Банктің аумақтық филиалы Қағидалардың 16-тармағында көзделген негіздер бойынша есептік нөмірді алудан бас тартатындығымен таныстым.

      Экспорттаушы (импорттаушы) басшысының қолы ____________________

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ___________________________

      Мөр орны

      (жеке кәсіпкерлік

      субъектілерін қоспағанда)

      Өтініштің қабылданған күні ______________________

      Уәкілетті банктің (оның филиалының) немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалының белгілері__________________________

  "Экспорт немесе импорт
жөніндегі валюталық
шартты валюталық бақылауға
қабылдау туралы
өтініш" нысанына
қосымша

Экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартты валюталық бақылауға қабылдау туралы өтініш

Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      1. "Уәкілетті банктің (оның филиалының) немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалының атауы" жолы мыналар ескеріліп:

      1) егер есептік тіркеу банкі ретінде уәкілетті банк іс-әрекет жасайтын болса, уәкілетті банктің толық атауы көрсетеді;

      2) егер есептік тіркеу банкі ретінде уәкілетті банктің филиалы немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалы іс-әрекет жасайтын болса, филиалдың толық атауы көрсетіліп толтырылады.

      2. "1. Есептік нөмірді алу" жолы экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша есептік нөмірді алған кезде толтырылады.

      3. "2. Есептік нөмірі бар валюталық шартты валюталық бақылауға қабылдау" жолы экспорттаушы немесе импорттаушы басқа есептік тіркеу банкіне ауысқан кезде толтырылады.

      4. "Есептік тіркеу банкінің белгілері" жолы есептік тіркеу банкінің қызметтік ақпаратына арналған.

      5. "Елі" жолында ҚР ҰС ISO 3166-1 "Елдердің атауларын және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің бірліктерін ұсынуға арналған кодтар. 1-бөлім. Елдердің кодтары" ұлттық сыныптауышына сәйкес шетелдік сатып алушының немесе жеткізушінің орналасқан елінің екі әріптен тұратын коды көрсетіледі.

      6. "Репатриациялау мерзімі" жолы нүктемен ажыратылған екі бөліктен тұрады:

      бірінші бөлікте репатриациялау мерзімі күндерінің саны көрсетіледі;

      екінші бөлікте репатриациялау мерзімінің толық жылдар саны көрсетіледі.

      7. "Экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт түрінің коды" бағанында мыналар көрсетіледі:

      "1" – талаптарында тауарларды Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы өткізу көзделген экспорт және (немесе) импорт жөніндегі валюталық шарт;

      "2" – талаптарында жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету көзделген экспорт және (немесе) импорт жөніндегі валюталық шарт;

      "3" – талаптарында тауарларды Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы өткізу, сондай-ақ жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету көзделген экспорт және (немесе) импорт жөніндегі валюталық шарт;

      "4" – талаптарында тауарларды Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы өткізу көзделмеген экспорт және (немесе) импорт жөніндегі валюталық шарт;

      "5" – электрондық ақшаны сатып алуды немесе өтеуді көздейтін валюталық шарт.

      8. Егер экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартта оны жасасу күніне валюталық шарттың сомасы көрсетілмесе, онда мұндай шарт бойынша сома 50 000 (елу мың) Америка Құрама Штаттары доллары және 1 (бір) цент баламасы түрінде көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасында
экспорттық-импорттық
валюталық бақылауды
жүзеге асыру қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

Тіркеу журналы

      Есептік тіркеу банкінің атауы ______________

      _______ жылы басталды

      _______ жылы аяқталды

Экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың есептік нөмірінің деректемелері

Экспорттаушының немесе импорттаушының атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың деректемелері

Экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт түрінің коды

Ескертпе

Күні

Нөмірі

Күні

Нөмірі

1

2

3

4

5

6

7

8









  "Тіркеу журналы"
нысанына қосымша

Тіркеу журналы

нысанын толтыру бойынша түсіндірме

      1. Экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың есептік нөмірі көлбеу сызықпен - _/___/____/_______ бөлінген мына төрт бөліктен тұрады:

      1) бірінші бөлігінде мына белгілер көрсетіледі:

      "1" – егер экспорт жөніндегі валюталық шарт болса;

      "2" – егер импорт жөніндегі валюталық шарт болса;

      2) екінші бөлікте Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21593 болып тіркелген, "Қазақстан Ұлттық Банкінің банктік идентификациялау кодтарын беру, пайдалану және жою, сондай-ақ банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кодтарын және банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар филиалдарының кодтарын беру және жою, олардың құрылымы, Банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың анықтамалығын қалыптастыру және жүргізу туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 27 қазандағы № 128 қаулысымен бекітілген Қазақстан Ұлттық Банкінің банктік идентификациялау кодтарын беру, пайдалану және жою, сондай-ақ банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кодтарын және банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар филиалдарының кодтарын беру және жою, олардың құрылымы, Банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың анықтамалығын қалыптастыру және жүргізу туралы нұсқаулыққа сәйкес, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк) беретін уәкілетті банктің үш мәнді коды көрсетіледі;

      3) үшінші бөлігінде есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банктің (оның филиалының) немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалының (бұдан әрі – Ұлттық Банктің аумақтық филиалы) уәкілетті банктің және Ұлттық Банктің ішкі анықтамалығына сәйкес төрт цифрдан тұратын коды көрсетіледі;

      4) төртінші бөлігінде тіркеу журналына сәйкес экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың реттік нөмірі көрсетіледі.

      2. Тіркеу журналын есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банк (оның филиалы) немесе Ұлттық Банктің аумақтық филиалы экспорт және импорт жөніндегі жеке-жеке жылдан жылға жүйелі түрде жүргізеді.

      Егер тіркеу журналы қағаз тасымалдауышта жүргізілсе, журнал аяқталысымен оған есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банктің (оның филиалының) немесе Ұлттық Банктің аумақтық филиалының басшысы не тиісті өкілеттіктері бар өзге адам қол қояды және есептік тіркеу банкінің архивінде сақталады.

      Егер тіркеу журналы электрондық нысанда жүргізілген болса, журналға күнтізбелік жыл аяқталысымен есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банктің (оның филиалының) немесе Ұлттық Банктің аумақтық филиалының басшысының не тиісті өкілеттіктері бар өзге адамның электрондық цифрлық қолы қойылады.

      3. 7-бағанда мыналар көрсетіледі:

      "1" – талаптарында тауарларды Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы өткізу көзделген экспорт және (немесе) импорт жөніндегі валюталық шарт;

      "2" – талаптарында жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету көзделген экспорт және (немесе) импорт жөніндегі валюталық шарт;

      "3" – талаптарында тауарларды Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы өткізу, сондай-ақ жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету көзделген экспорт және (немесе) импорт жөніндегі валюталық шарт;

      "4" – талаптарында тауарларды Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы өткізу көзделмеген экспорт және (немесе) импорт жөніндегі валюталық шарт;

      "5" – электрондық ақшаны сатып алуды немесе өтеуді көздейтін валюталық шарт.

  Қазақстан Республикасында
экспорттық-импорттық
валюталық бақылауды
жүзеге асыру қағидаларына
5-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне

      Әкімшілік деректер нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурста орналастырылды

Есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша ақпарат

      Индексі: XMCO_2

      Кезеңділігі: күн сайын

      Есепті кезеңі: 20 ___ жылғы "____" ___________ үшін

      Ақпарат ұсынатын адамдар тобы: есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банк, есептік тіркеу банкі болып табылатын Ұлттық Банктің аумақтық филиалы

      Ұсыну мерзімі:

      3 (үш) жұмыс күні ішінде:

      1) есептік нөмірін берген, есептік тіркеуден шығарған, экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы ақпарат беру туралы есептік тіркеудің жаңа банкі болып табылатын уәкілетті банктің (оның филиалының) сұратуын алған, жекелеген есепке жатқызылған экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша ақша қозғалысын жаңғыртқан, тауарларды өткізген, жұмыстарды орындаған, қызметтер көрсеткен, есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша репатриация талаптарының орындалуын бақылау рәсімдері қайта басталған күннен кейін;

      2) есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілгенін растайтын құжаттарды қабылдаған күннен кейін.

      Нысан

Кесте. Есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша ақпарат

  Есептік тіркеу банкі болып
табылатын уәкілетті банктің,
есептік тіркеу банкі болып
табылатын
Ұлттық Банктің аумақтық
филиалының
бизнес-сәйкестендіру нөмірі
(бұдан әрі – БСН)
____________________________

Экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың есептік нөмірінің деректемелері

Экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт түрінің коды

Экспорттаушы немесе импорттаушы жөніндегі ақпарат

Нөмірі

Күні

Атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

БСН

Жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН)

Экспорттаушы немесе импорттаушы белгісі

Облыс коды

1

2

3

4

5

6

7

8









      кестенің жалғасы

Экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша ақпарат

Экспорт немесе импорт белгісі

Нөмірі

Күні

Сомасы мың бірлікпен

Валютасы

9

10

11

12

13






      кестенің жалғасы

Бейрезидент жөніндегі ақпарат

Репатриациялау мерзімі

Валюта
лық шартты есептік тіркеуден алу

Валюталық шартты жеке есепке жатқызу

Жеке есепке жатқызылған валюталық шарт бойынша ақша қозғалысын, тауарларды өткізуді, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді қайта бастау туралы хабарлама

Экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың жеке есепте болуына байланысты рәсімнің аяқталғаны туралы хабарлама

Атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Елдің коды

Күні

Негіздеме

Күні

Негіздеме

14

15

16

17

18

19

20

21

22










      Атауы ______________________ Мекенжайы _______________________

      Телефоны _________________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы _________________________________________

      Орындаушысы ____________________________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), қолы, телефоны

      Басшы немесе оның міндеттерін атқаратын адам

      _______________________________________ ________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), қолы, телефоны

      Күні 20 ____ жылғы "____" ______________

  "Есептік нөмірі бар экспорт
немесе импорт жөніндегі
валюталық шарт бойынша
ақпарат" әкімшілік деректерін
жинауға арналған нысанға
қосымша

Есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша ақпарат (индексі – XMCO_2, кезеңділігі – күн сайын)

Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірмеде "Есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша ақпарат" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша талаптар айқындалады.

      2. Нысан "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес әзірленді.

      3. Есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банк, есептік тіркеу банкі болып табылатын Ұлттық Банктің аумақтық филиалы Нысанды толтырған кезде есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша қолда бар деректерді пайдаланады.

      4. Есепті кезеңде ақпарат болмаған жағдайда Нысан ұсынылмайды.

      5. Деректерді түзету (өзгерістер, толықтырулар) Нысанды ұсыну үшін белгіленген мерзімнен кейін 2 (екі) ай ішінде енгізіледі.

2-тарау. Нысанды толтыру

      6. Нысан Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларының 22-тармағының 3) тармақшасына, 33, 34, 55, 56, 57 және 60-тармақтарына сәйкес ұсынылады және мына жағдайлар болған кезде есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша жіберіледі:

      1) есептік нөмірін берген, есептік тіркеуден шығарған, экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы ақпарат беру туралы есептік тіркеудің жаңа банкі болып табылатын уәкілетті банктің (оның филиалының) сұратуын алған, жекелеген есепке жатқызылған экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша ақша қозғалысын жаңғыртқан, тауарларды өткізген, жұмыстарды орындаған, қызметтер көрсеткен, есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша репатриация талаптарының орындалуын бақылау рәсімдері қайта басталған;

      2) есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілгенін растайтын құжаттарды қабылдаған.

      7. 1-бағанда экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың есептік нөмірі көрсетіледі.

      8. 2-бағанда экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың есептік нөмірін беру күні көрсетіледі.

      9. 3-бағанда мыналар көрсетіледі:

      "1" – талаптарында тауарларды Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы өткізу көзделген экспорт және (немесе) импорт жөніндегі валюталық шарт;

      "2" – талаптарында жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету көзделген экспорт және (немесе) импорт жөніндегі валюталық шарт;

      "3" – талаптарында тауарларды Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы өткізу, сондай-ақ жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету көзделген экспорт және (немесе) импорт жөніндегі валюталық шарт;

      "4" – талаптарында тауарларды Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы өткізу көзделмеген экспорт және (немесе) импорт жөніндегі валюталық шарт;

      "5" – электрондық ақшаны сатып алуды немесе өтеуді көздейтін валюталық шарт.

      10. 4-бағанда экспорттаушы немесе импорттаушының атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі.

      11. 5-бағанда экспорттаушы немесе импорттаушының БСН көрсетіледі.

      12. 6-бағанда экспорттаушы немесе импорттаушының ЖСН көрсетіледі.

      13. 7-бағанда егер экспорттаушы немесе импорттаушы заңды тұлға (оның филиалы) болып табылса, "1" белгісі және егер экспорттаушы немесе импорттаушы дара кәсіпкер болып табылса, "2" белгісі көрсетіледі.

      14. 8-бағанда ҚР ҰС 11-2021 "Әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптауышы" Қазақстан Республикасының ұлттық сыныптауышына сәйкес экспорттаушы немесе импорттаушының заңды мекенжайы бойынша облыс кодының алғашқы екі цифрі көрсетіледі.

      15. 9-бағанда мына белгілер көрсетіледі:

      "1" – егер экспорт жөніндегі валюталық шарт болса;

      "2" – егер импорт жөніндегі валюталық шарт болса.

      16. 10-бағанда экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың нөмірі (бар болса) көрсетіледі.

      17. 11-бағанда экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың күні көрсетіледі.

      18. 12-бағанда экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың сомасы шарт валютасының мың бірлігімен көрсетіледі.

      19. 13-бағанда ҚР ҰС 07 ISO 4217 "Валюталар мен қорларды белгілеуге арналған кодтар" ұлттық сыныптауышына сәйкес валютаның әріптік белгісі көрсетіледі.

      20. 14-бағанда шетелдік сатып алушының немесе жеткізушінің атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі.

      21. 15-бағанда ҚР ҰС ISO 3166-1 "Елдердің атауларын және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің бірліктерін ұсынуға арналған кодтар. 1-бөлім. Елдердің кодтары" ұлттық сыныптауышына сәйкес шетелдік сатып алушы немесе жеткізуші елінің екі әріптік коды көрсетіледі.

      22. 16-бағанда репатриациялау мерзімі көрсетіледі.

      23. 17-бағанда экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың есептік тіркеуден алынған күні көрсетіледі.

      24. 18-бағанда Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларының 26-тармағына сәйкес экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартты есептік тіркеуден алу негізіне сәйкес келетін цифрлық код көрсетіледі.

      25. 19-бағанда Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларының 52-тармағына сәйкес есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартты жеке есепке жатқызу күні көрсетіледі.

      26. 20-бағанда Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларының 52-тармағына сәйкес есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартты жеке есепке жатқызу негізіне сәйкес келетін цифрлық код көрсетіледі:

      "1" – экспорттаушыға немесе импорттаушыға қатысты репатриациялау талабын орындамағаны және бұл ретте репатриацияның одан әрі бақылауына жататын экспорт немесе импорт жөніндегі валюта шарты бойынша ақша қозғалысының, тауарларды өткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтер көрсетудің болмағаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу шеңберінде шығарылған сот шешімінің болуы;

      "2" – экспорттаушының немесе импорттаушының оның тұрақты тұратын немесе тұрған жері бойынша болмауы;

      "3" – есептік тіркеу банкі болған уәкілетті банк (оның филиалы) қабылдаған экспорттаушымен немесе импорттаушымен іскерлік қатынастарды тоқтату туралы шешімнің болуы;

      "4" – есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банкті мәжбүрлеп тарату туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болуы.

      27. 21-бағанда жеке есепке жатқызылған экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша ақша қозғалысын, тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күні көрсетіледі.

      28. 22-бағанда Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларының 56-тармағына сәйкес экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың жеке есепте болуына байланысты рәсімнің аяқталу күні көрсетіледі.

      29. 2, 11 және 17-бағандар сегіз цифрды мына тәртіппен көрсету арқылы толтырылады: күні, айы, жылы.

      30. "Атауы", "Мекенжайы", "Телефоны", "Электрондық пошта мекенжайы", "Басшы немесе оның міндеттерін атқаратын адам" және "Орындаушысы" деген жолдар Нысанды қағаз тасымалдағышта ұсынған жағдайда толтырылады.

  Қазақстан Республикасында
экспорттық-импорттық
валюталық бақылауды
жүзеге асыру қағидаларына
6-қосымша

      Нысан

Ақпаратты алуға арналған сұрату

      Сұратуды ұсынатын адамдар тобы: жаңа есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банк, жаңа есептік тіркеу банкі болып табылатын Ұлттық Банктің аумақтық филиалы

      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне

  Жаңа есептік тіркеу банкі болып
табылатын уәкілетті банктің,
жаңа есептік тіркеу банкі болып
табылатын
Ұлттық Банктің аумақтық
филиалының
бизнес-сәйкестендіру нөмірі
(бұдан әрі – БСН)
_________________________

Экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың есептік нөмірінің деректемелері

Экспорттаушы немесе импорттаушы бойынша ақпарат

Нөмірі

Күні

БСН

Жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН)

Экспорттаушы немесе импорттаушы белгісі

1

2

3

4

5






  "Ақпаратты алуға арналған
сұрату" нысанына
қосымша

Ақпаратты алуға арналған сұрату

нысанын толтыру бойынша түсіндірме

      1. 1-бағанда экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың есептік нөмірі көрсетіледі.

      2. 2-бағанда экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартқа есептік нөмір беру күні сегіз цифрді мына тәртіппен көрсету арқылы толтырылады: күні, айы, жылы.

      3. 3-бағанда экспорттаушы немесе импорттаушының БСН көрсетіледі.

      4. 4-бағанда экспорттаушы немесе импорттаушының ЖСН көрсетіледі.

      5. 5-бағанда егер экспорттаушы немесе импорттаушы заңды тұлға (оның филиалы) болып табылса, "1" белгісі немесе егер экспорттаушы немесе импорттаушы дара кәсіпкер болып табылса, "2" белгісі көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасында
экспорттық-импорттық
валюталық бақылауды
жүзеге асыру қағидаларына
7-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне

      Әкімшілік деректер нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурста орналастырылды

Есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы ақпарат

      Индексі: XMCO_3

      Кезеңділігі: күн сайын

      Есепті кезеңі: 20__жылғы "__" __________ үшін

      Ақпарат ұсынатын адамдар тобы: есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банк

      Міндеттемелерді орындау жағдайындағы ұсыну мерзімдері:

      1) төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын уәкілетті банктегі (оның филиалындағы) экспорттаушы немесе импорттаушының банк шоттары арқылы төлем карточкаларын пайдаланбай жүзеге асыру арқылы – төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асырған күннен кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде;

      2) төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын төлем карточкасын пайдалана отырып және (немесе) өзге тәсілмен жүзеге асыру арқылы – экспорттаушы немесе импорттаушы не валюталық шартты есептік тіркеу банкі болып табылмайтын банк растайтын ақпаратты және (немесе) құжаттарды ұсынған күннен кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      Нысан

Кесте. Есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы ақпарат

  Есептік тіркеу банкі
болып табылатын уәкілетті
банктің бизнес-сәйкестендіру
нөмірі (бұдан әрі – БСН)
____________________________

Экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың есептік нөмірінің деректемелері

Жөнелтуші

Нөмірі

Күні

Атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

БСН

Жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН)

Экспорттаушының немесе импорттау шының белгісі

Елдің коды

Облыстың коды

Резиденттік коды

1

2

3

4

5

6

7

8

9










      кестенің жалғасы

Алушы

Атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

БСН

ЖСН

Экспорттаушы немесе импорттаушы белгісі

Елдің коды

Облыстың коды

Резиденттік коды

10

11

12

13

14

15

16








      кестенің жалғасы

Төлем және (немесе) ақша аударымы немесе міндеттемелерді орындау туралы ақпарат

Күні

Сомасы мың бірлікпен

Есеп айырысу валютасы

Есеп айырысу тәсілінің коды

Шығыс, кіріс белгісі

Төлем белгілеу коды (бұдан әрі – ТБК)

Міндеттемелерді орындау нөмірі

17

18

19

20

21

22

23








      Атауы ______________________ Мекенжайы _______________________

      Телефоны _________________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы _________________________________________

      Орындаушысы ____________________________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), қолы, телефоны

      Басшы немесе оның міндеттерін атқаратын адам

      _______________________________________ ________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), қолы, телефоны

      Күні 20 ____ жылғы "____" ______________

  "Есептік нөмірі бар экспорт
немесе импорт жөніндегі
валюталық шарт бойынша
міндеттемелерді орындау
туралы ақпарат" әкімшілік
деректерін жинауға
арналған нысанға
қосымша

Есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы ақпарат (индексі – XMCO_3, кезеңділігі – күн сайын)

Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірмеде "Есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы ақпарат" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша талаптар айқындалады.

      2. Нысан "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес әзірленді.

      3. Есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банк Нысанды толтырған кезде есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша төлемдер және (немесе) ақша аударымдары, міндеттемелерді орындаудың өзге де тәсілдері бойынша қолда бар деректерді пайдаланады.

      4. Есепті кезеңде ақпарат болмаған жағдайда Нысан ұсынылмайды.

      5. Деректерді түзету (өзгерістер, толықтырулар) Нысанды ұсыну үшін белгіленген мерзімнен кейін 2 (екі) ай ішінде енгізіледі.

2-тарау. Нысанды толтыру

      6. 1-бағанда экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың есептік нөмірі көрсетіледі.

      7. 2-бағанда экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартқа есептік нөмір берілген күн көрсетіледі.

      8. 3 және 10-бағандарда жөнелтушінің немесе алушының атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі.

      9. 4 және 11-бағандарда жөнелтушінің немесе алушының БСН көрсетіледі.

      10. 4, 5, 11 және 12-бағандар, егер жөнелтуші немесе алушы резидент болып табылса, толтырылады.

      11. 5 және 12-бағандарда жөнелтушінің немесе алушының ЖСН көрсетіледі.

      12. 6 және 13-бағандарда егер жөнелтуші немесе алушы заңды тұлға (оның филиалы) болып табылса, "1" белгісі немесе егер жөнелтуші немесе алушы дара кәсіпкер болып табылса, "2" белгісі көрсетіледі.

      13. 7 және 14-бағандарда ҚР ҰС ISO 3166-1 "Елдердің атауларын және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің бірліктерін ұсынуға арналған кодтар. 1-бөлім. Елдердің кодтары" ұлттық сыныптауышын пайдалана отырып толтырады.

      14. 8 және 15-бағандарда (егер жөнелтуші немесе алушы резидент болса) ҚР ҰС 11-2021 "Әкімшілік-аумақтық объектілердің сыныптауышы" Қазақстан Республикасының ұлттық сыныптауышына сәйкес жөнелтушінің немесе алушының заңды мекенжайы бойынша облыс кодының алғашқы екі цифрі көрсетіледі.

      15. 9 және 16-бағандар Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14365 болып тіркелген, "Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 203 қаулысымен бекітілген Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларына (бұдан әрі – Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидалары) сәйкес толтырылады.

      16. 17-бағанда төлем және (немесе) ақша аударымы немесе міндеттемелерді орындау күні көрсетіледі.

      17. 18-бағанда міндеттемелердің орындалу сомасы мың бірлікпен көрсетіледі.

      18. 19-бағанда ҚР ҰС 07 ISO 4217 "Валюталар мен қорларды белгілеуге арналған кодтар" ұлттық сыныптауышына сәйкес валютаның әріптік белгісі көрсетіледі.

      19. 20-баған мына сыныптауышты ескере отырып толтырылады:

      11 – аккредитив шеңберінде төлем және (немесе) ақша аударымы;

      12 – банк кепілдігі шеңберінде төлем және (немесе) ақша аударымы;

      13 – экспорт бойынша алдын ала төлем (импорт бойынша алдын ала жеткізу);

      14 – тауар жөнелтілгеннен кейін экспорт бойынша ақы төлеу (импорт бойынша тауарды төлегеннен кейін жеткізу);

      15 – бейрезидентке талап ету құқығын басқа резидентке есепке алу, беру, резиденттің борышын басқа тұлғаға аудару;

      16 – бейрезиденттің міндеттемелерін орындамау тәуекелін сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру төлемін алу;

      17 – вексельді беру;

      18 – бағалы қағаздарды беру;

      19 – жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету;

      20 – Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы ішінде тауарларды өткізу;

      27 – тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге өткізу;

      28 – электрондық ақшаны сатып алу немесе өтеу;

      29 – міндеттемелерді өзгеше орындау.

      20. 21-баған мына белгілерді ескере отырып толтырылады:

      "1" – шығыс (бейрезиденттің пайдасына міндеттемелерді орындау);

      "2" – кіріс (экспорттаушының немесе импорттаушының пайдасына міндеттемелерді орындау).

      21. 22-баған Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларына сәйкес төлемді және (немесе) ақша аударымын жүзеге асыру кезінде толтырылады. Қалған жағдайларда 22-баған толтырылмайды.

      22. 23-бағанда міндеттемелердің орындалу нөмірі көрсетіледі.

      23. 2 және 17-бағандар сегіз цифрді мына тәртіппен көрсету арқылы толтырылады: күні, айы, жылы.

      24. "Атауы", "Мекенжайы", "Телефоны", "Электрондық пошта мекенжайы", "Басшы немесе оның міндеттерін атқаратын адам" және "Орындаушысы" деген жолдар Нысанды қағаз тасымалдағышта ұсынған жағдайда толтырылады.

  Қазақстан Республикасында
экспорттық-импорттық
валюталық бақылауды
жүзеге асыру қағидаларына
8-қосымша

      Нысан

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне

      Әкімшілік деректер нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурста орналастырылды

Есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша тауарларды әкелу және жанама салықтар төлеу туралы өтініштер бойынша ақпарат

      Индексі: XMCO_4

      Кезеңділігі: күн сайын

      Есепті кезеңі: 20__жылғы "__" __________ үшін

      Ақпарат ұсынатын адамдар тобы: мемлекеттік кірістер органы

      Ұсыну мерзімі: күн сайын, есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш келіп түскен күннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде.

      Нысан

Кесте. Есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша тауарларды әкелу және жанама салықтар төлеу туралы өтініштер бойынша ақпарат

Экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың есептік нөмірінің деректемелері

Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштің деректемелері (бұдан әрі – тауарларды әкелу туралы өтініш)

Экспорт немесе импорт белгісі

Шот-фактура

Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының коды

Тауардың құны

Валюта коды

Тауарды есепке алу күні

Нөмірі

Күні

Нөмірі

Күні

Нөмірі

Күні

Мәртебесі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12













      кестенің жалғасы

1-бөлімнен экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың деректемелері

1-бөлімнен экспорттаушының немесе импорттаушының деректемелері

Салық органының жанама салықтарды төлеу не қосылған құн салығынан және (немесе) акциздерден босату туралы белгі қою күні

1-бөлімнен бейрезиденттің деректемелері

Атауы

Сәйкестендіру коды (нөмірі)

Елдің коды

Нөмірі

Күні

13

14

15

16

17

18

19








      кестенің жалғасы

1-бөлімнен экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың деректемелері

3-бөлімнен сатып алушының, комиссионердің, сенім білдірілген өкілдің, агенттің деректемелері

3-бөлімнен сатушының, комитенттің, сенім білдірушінің, қағидаттың деректемелері

Кері қайтарып алынған немесе импортталған тауарлар бағасының өзгеруіне байланысты ұсынылған тауарларды әкелу туралы жаңа өтініштің деректемелері

Тауардың нөмірі рет-ретімен

Нөмірі

Күні

Атауы

Сәйкестендіру коды (нөмірі)

Елдің коды

Атауы

Сәйкестендіру коды (нөмірі)

Елдің коды

Нөмірі

Күні

Мәртебесі

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31













      Атауы ______________________ Мекенжайы _______________________

      Телефоны _________________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы _________________________________________

      Орындаушысы ____________________________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), қолы, телефоны

      Басшы немесе оның міндеттерін атқаратын адам

      _______________________________________ ________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), қолы, телефоны

      Күні 20 ____ жылғы "____" ______________

  "Есептік нөмірі бар экспорт
немесе импорт жөніндегі
валюталық шарт бойынша
тауарларды әкелу және
жанама салықтар төлеу
туралы өтініштер бойынша
ақпарат" әкімшілік
деректерін жинауға
арналған нысанға
қосымша

Есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша тауарларды әкелу және жанама салықтар төлеу туралы өтініштер бойынша ақпарат (индексі – XMCO_4, кезеңділігі – күн сайын)

Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірмеде "Есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша тауарларды әкелу және жанама салықтар төлеу туралы өтініштер бойынша ақпарат" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша талаптар айқындалады.

      2. Нысан "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес әзірленді.

2-тарау. Нысанды толтыру

      3. 1-бағанда экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың есептік нөмірі көрсетіледі.

      4. 2-бағанда экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартқа есептік нөмір берілген күн көрсетіледі.

      5. 3-бағанда тауарларды әкелу туралы өтініштің тіркеу нөмірі көрсетіледі.

      6. 4-бағанда тауарларды әкелу туралы өтінішке тіркеу нөмірі берілген күн көрсетіледі.

      7. 5-бағанда тауарларды әкелу туралы өтініштің мәртебесі көрсетіледі.

      8. 6-бағанда тауардың бағыты көрсетіледі:

      "1" – экспорт;

      "2" – импорт.

      9. 7-бағанда шот-фактураның нөмірі көрсетіледі.

      10. 8-бағанда шот-фактураның күні көрсетіледі.

      11. 9-бағанда Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының коды көрсетіледі.

      12. 10-бағанда шот-фактурадан немесе көлік (тауарға ілеспе) құжаттарынан не тауарды сатып алуды немесе сатуды растайтын өзге құжаттан алынған мәліметтер негізінде тауардың құны көрсетіледі.

      13. 11-бағанда 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 бекітілген "Кеден құжаттарын толтыру үшін пайдаланатын сыныптауыштар туралы" Кеден одағы Комиссиясының шешіміне (бұдан әрі – КОК № 378 шешімі) 23-қосымшада көзделген валюталар сыныптауышына сәйкес валютаның үш таңбалы сандық коды көрсетіледі.

      14. 12-бағанда импорттаушының немесе бейрезиденттің тауарды есепке қабылдаған күні көрсетіледі.

      15. 13-бағанда тауарларды әкелу туралы өтініштің 1-бөлімінен шарттың (келісімшарттың) нөмірі (болған жағдайда) көрсетіледі.

      16. 14-бағанда тауарларды әкелу туралы өтініштің 1-бөлімінен шарттың (келісімшарттың) күні көрсетіледі.

      17. 15-бағанда тауарларды әкелу туралы өтініштің 1-бөлімінен экспорттаушының немесе импорттаушының деректемелері (бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі) көрсетіледі.

      18. 16-бағанда салық органының жанама салықтардың төленгені не қосылған құн салығын және (немесе) акциздерді төлеуден босатылғаны туралы белгі қойылған күні көрсетіледі.

      19. 17, 18 және 19-бағандарда тиісінше, тауарларды әкелу туралы өтініштің 1-бөліміндегі бейрезиденттің атауы, сәйкестендіру коды (нөмірі), КОК-тың №378 шешіміне 22-қосымшада көзделген әлем елдерінің сыныптауышына сәйкес бейрезидент елінің әріптік коды көрсетіледі.

      20. 20-бағанда тауарларды әкелу туралы өтініштің 3-бөлімінен шарттың (келісімшарттың) нөмірі (болған жағдайда) көрсетіледі.

      21. 21-бағанда тауарларды әкелу туралы өтініштің 3-бөлімінен шарттың (келісімшарттың) күні көрсетіледі.

      22. 22, 23 және 24-бағандарда тиісінше тауарларды әкелу туралы өтініштің 3-бөлімінен сатып алушы, комиссионер, сенім білдірілген өкіл, агент елінің атауы, сәйкестендіру коды (нөмірі), әріптік коды көрсетіледі.

      23. 25, 26 және 27-бағандарда тиісінше тауарларды әкелу туралы өтініштің 3-бөлімінен сатушы, комитент, сенім білдіруші, принципал елінің атауы, сәйкестендіру коды (нөмірі), әріптік коды көрсетіледі.

      24. 28, 29 және 30-бағандарда кері қайтарып алынған немесе импортталған тауарлар бағасының өзгеруіне байланысты ұсынылған тауарларды әкелу туралы жаңа өтініштің нөмірі, күні және мәртебесі көрсетіледі.

      25. 31-бағанда тауардың нөмірі рет-ретімен көрсетіледі.

      26. 2, 4, 8, 12, 14, 16, 21 және 29-бағандар сегіз цифрді мына тәртіппен көрсету арқылы толтырылады: күні, айы, жылы.

  Қазақстан Республикасында
экспорттық-импорттық
валюталық бақылауды
жүзеге асыру қағидаларына
9-қосымша

      Нысан

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне

      Әкімшілік деректер нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурста орналастырылды

Есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша электрондық шот-фактуралар бойынша ақпарат

      Индексі: XMCO_5

      Кезеңділігі: күн сайын

      Есепті кезеңі: 20__жылғы "__" __________ үшін

      Ақпарат ұсынатын адамдар тобы: мемлекеттік кірістер органы

      Ұсыну мерзімі: күн сайын, есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша электрондық шот-фактуралар келіп түскен күннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде

       Нысан

Кесте. Есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша электрондық шот-фактуралар бойынша ақпарат

Экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың есептік нөмірінің деректемелері

Электрондық шот-фактураның деректемелері

Электрондық шот-фактураның мәртебесі

3. Негізгі

4. Түзетілген

5. Қосымша

Нөмірі

Күні

Тіркеу нөмірі

Жазылған күні

Тіркеу нөмірі

Жазылған күні

Тіркеу нөмірі

Жазылған күні

1

2

3.1

3.2

4.1

4.2

5.1

5.2

6










      кестенің жалғасы

Жеткізушінің деректемелері, оның ішінде бірлескен қызметке қатысушылардың деректемелері

Бизнес/жеке сәйкестенді ру нөмірі (бұдан әрі – БСН/ЖСН)

Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің БСН

Қайта ұйымдастырылған тұлғаның БСН

Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді жеткізушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)/атауы

Қатысу үлесі

Жеткізушінің санаты

7

8

9

10

11

12







      кестенің жалғасы

Сатып алушының, оның ішінде бірлескен қызметке қатысушылардың деректемелері

БСН/ ЖСН

Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің БСН

Қайта ұйымдастырылған тұлғаның БСН

Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді алушының атауы

Қатысу үлесі

Елдің коды

Алушының санаты

13

14

15

16

17

18

19








      кестенің жалғасы

Шарттың (келісімшарттың) деректемелері

Шарт бойынша ақы төлеу талаптары

Жеткізу талаптары

Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді жеткізуді растайтын құжат

Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді жеткізуге арналған шарт (келісімшарт)

Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді жеткізуге арналған шартсыз (келісімшартсыз)

Нөмірі

Күні

Нөмірі

Күні

20

21

22

23

24

25

26

27









      кестенің жалғасы

Тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша деректер

Валюта коды

Валюта бағамы

Тауардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің пайда болу белгісі

Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы

Тауарларға арналған декларацияға немесе тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішке сәйкес тауарлардың атауы

Жанама салықтарды қоспағанда, тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің құны

Жанама салықтарды қоса алғанда, тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің құны

28

29

30

31

32

33

34








      кестенің жалғасы

Бірлескен қызметке қатысушылардың тауарлары, жұмыстары, қызметтері бойынша деректер

Бірлескен қызметке қатысушының БСН/ЖСН

Қайта ұйымдастырылған тұлғаның БСН

Тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің пайда болу белгісі

Тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің атауы

Тауарларға арналған декларацияға немесе тауарларды әкелу және жанама салықтар төлеу туралы өтінішке сәйкес тауарлардың атауы

Жанама салықтарды қоспағанда, тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің құны

Жанама салықтарды қоса алғанда, тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің құны

35

36

37

38

39

40

41








      кестенің жалғасы

Сенім білдірілген (оператордың) жеткізушінің деректемелері

Сенім білдірілген (оператордың) сатып алушының деректемелері

БСН

Сенімді тұлғаның атауы

Құжаты

БСН

Сенімді тұлғаның атауы

Құжаты

Нөмірі

Күні

Нөмірі

Күні

42

43

44

45

46

47

48

49









      Атауы ______________________ Мекенжайы _______________________

      Телефоны _________________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы _________________________________________

      Орындаушысы ____________________________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), қолы, телефоны

      Басшы немесе оның міндеттерін атқаратын адам

      _______________________________________ ________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), қолы, телефоны

      Күні 20 ____ жылғы "____" ______________

  "Есептік нөмірі бар экспорт
немесе импорт жөніндегі
валюталық шарт бойынша
электрондық шот-фактуралар
бойынша ақпарат" әкімшілік
деректерін жинауға
арналған нысанға
қосымша

Есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша электрондық шот-фактуралар бойынша ақпарат (индексі – XMCO_5, кезеңділігі – күн сайын)

Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірмеде "Есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша электрондық шот-фактуралар бойынша ақпарат" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша талаптар айқындалады.

      2. Нысан "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес әзірленді.

2-тарау. Нысанды толтыру

      3. 1-бағанда экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың есептік нөмірі көрсетіледі.

      4. 2-бағанда экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартқа есептік нөмір берілген күн көрсетіледі.

      5. 3-бағанда электрондық шот-фактураның (бұдан әрі – ЭШФ) тіркеу нөмірі, ЭШФ тіркеу және оны алушыға жіберу күні көрсетіледі.

      6. 4-баған түзетілген ЭШФ жазылғанда белгіленуі тиіс. Бұл ретте осы жолды белгілеу "Қосымша" 5-баған белгіленбеген жағдайда жүргізіледі.

      7. 6-бағанды белгілеген кезде жойылатын (түзетілетін) ЭШФ тіркеу нөмірі мен күні көрсетілетін 5.1 және 5.2-жолдар міндетті түрде толтырылуы тиіс.

      8. 6-баған қосымша ЭШФ жазылған кезде белгіленуі тиіс. Бұл ретте осы жолды белгілеу 5-бағанда "Түзетілген" деген белгі болмаған жағдайда жүргізіледі.

      9. Түзетілген ЭШФ-ға қосымша ЭШФ жазылған жағдайда, 5.1 және 5.2-бағандарда қосымша ЭШФ жазылатын түзетілген ЭШФ жазып беру күні мен тіркеу нөмірі көрсетіледі.

      10. 6-бағанда ЭШФ мәртебесі көрсетіледі:

      1) "Қаралмаған" – "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 412-бабында белгіленген талаптарға сәйкес жазылған, электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған, берілген бірегей тіркеу нөмірі бар, бірақ тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді алушы қарамаған ЭШФ;

      2) "Жеткізілді" – Салық кодексінің 412-бабында белгіленген талаптарға сәйкес жазылған, электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған, берілген бірегей тіркеу нөмірі бар, тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді алушы қараған ЭШФ;

      3) "Күші жойылған" – түзетілген ЭШФ міндетті жазылған, тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді жеткізуші күшін жойған ЭШФ;

      4) "Кері қайтарылған" – тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді жеткізуші кері қайтарған ЭШФ;

      5) "Жобажазба" – ішінара толтырылған, тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді алушыға жіберілмеген, редакцияланатын құжат;

      6) "Импортталған" – Салық кодексінің 412-бабының талаптарына сәйкес келуіне тексеру жүргізілген, салық төлеушінің есептік жүйелерінен ЭШФ ақпараттық жүйесіне енгізілген, алайда тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді алушыға жіберілмеген ЭШФ;

      7) "Қате жасалған" – Қағидалардың талаптарына сәйкес келуіне тексеруден өтпеген және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді алушыға жіберілмеген ЭШФ;

      8) "Бас тартылған" – тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді алушы бас тартқан ЭШФ.

      11. 7-бағанда тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді жеткізушінің ЖСН немесе БСН көрсетіледі.

      12. 8-бағанда тауарларды, жеткізушілерді, қызметтерді жеткізуші заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің БСН көрсетіледі.

      13. 9-бағанда түзетілген немесе қосымша ЭШФ жазылған кезде қосу, біріктіру, бөлу арқылы қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның БСН көрсетіледі.

      14. 10-бағанда ЭШФ жазатын тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді жеткізушінің атауы көрсетіледі:

      1) тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді жеткізушілер болып табылатын дара кәсіпкерлерге немесе жеке практикамен айналысатын тұлғаларға қатысты – қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлікте көрсетілген салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және (немесе) атауы;

      2) тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді жеткізушілер болып табылатын заңды тұлғаларға (заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелеріне) қатысты – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамада (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамада) көрсетілген атауы. Бұл ретте ұйымдық-құқықтық нысанын көрсету бөлігінде қысқартылған сөздерді тәртіпке, оның ішінде іскерлік тәртіпке сәйкес пайдалануға болады.

      15. 11-бағанда бірлескен қызметке қатысу үлесі пайызбен көрсетіледі. Осы жол "Жеткізушінің санаты" 12-бағанында "Ғ" деген белгі қойылған жағдайда толтырылады.

      16. 12-бағанда жеткізушінің санаты көрсетіледі:

      "Е" – өнімді бөлу туралы келісімнің қатысушысы болып табылады;

      "F" – бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушы болып табылады;

      "G" – тауарлар экспортының кедендік рәсімінде тауарды шығаруды жүзеге асырады, тауарды Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына шығарады;

      "Н" – халықаралық тасымалдау бойынша қызмет көрсететін салық төлеуші болып табылады;

      "I" – сенім білдіруші болып табылады.

      17. 13 және 14-бағандарда тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді алушының ЖСН немесе БСН не тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді алушы заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің БСН көрсетіледі (жол толтырылуы тиіс). Егер "Алушының санаты" 19-жолда "F" белгісі қойылған жағдайда, осы жолды толтыру міндетті емес.

      18. 15-бағанда түзетілген немесе қосымша ЭШФ жазылған кезде қосу, біріктіру, бөлу арқылы қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның БСН көрсетіледі.

      19. 16-бағанда тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді алушының атауы көрсетіледі.

      20. 17-бағанда бірлескен қызметке қатысу үлесі пайызбен көрсетіледі. Бұл жол "Алушының санаты" 19-жолда "D" белгісі қойылған жағдайда толтырылады.

      21. 18-бағанда 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 бекітілген "Кеден құжаттарын толтыру үшін пайдаланатын сыныптауыштар туралы" Кеден одағы Комиссиясының шешіміне (бұдан әрі – КОК № 378 шешімі) 22-қосымшада көзделген әлем елдерінің сыныптауышына сәйкес елдің әріптік коды көрсетіледі.

      Осы жол тауарды экспортқа өткізген кезде немесе тауарды Қазақстан Республикасының аумағынан тыс бір заңды тұлғаның шегінде беруге (ауыстыруға) байланысты толтырылады, өзге жағдайларда "KZ" автоматты түрде толтырылады.

      22. 19-бағанда алушының санаты:

      "D" – егер алушы бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушы болып табылса;

      "F" – егер алушы Қазақстан Республикасында салықтық есепте тұрмаған бейрезидент немесе оның атына бір заңды тұлға шегінде тауарды беруге байланысты тауарды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына шығару жүзеге асырылатын жеткізушінің құрылымдық бөлімшесі болып табылса;

      "G" – егер алушы өнімді бөлу туралы келісімге қатысушы; өнімді бөлу туралы келісімнің қатысушысы болып табылатын салық төлеушіге тауарларды жеткізуге арналған шарт бойынша жеткізуші болып табылса;

      "H" – егер алушы сенім білдіруші болып табылса;

      "I" – егер алушы тауар бақылау-кассалық машина чегін міндетті түрде ұсына отырып немесе төлем карточкаларын пайдаланып төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықты (құрылғыны) қолдана отырып өткізілген жеке тұлға болып табылса;

      "J" – егер тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді алушы жеке тұлға болып табылса көрсетіледі.

      23. 22 және 23-бағандарда тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді жеткізуге арналған шарттың нөмірі және оны жасау күні көрсетіледі.

      Егер 21-баған толтырылса, онда 22 және 23-бағандар толтырылмайды.

      24. 24-бағанда тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді жеткізуге арналған шартқа сәйкес ақы төлеу талаптары көрсетіледі.

      25. 25-бағанда тәртіпке, оның ішінде іскерлік айналым тәртібіне (Инкотермс) сәйкес халықаралық операциялар үшін КОК № 378 шешіміне 13-қосымшада көзделген жеткізу талаптарының сыныптауышына сәйкес бас әріппен, латын қарпімен үш мәнді әріптік код көрсетіледі.

      26. 26 және 27-бағандарда тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді жеткізуді растайтын құжаттың нөмірі мен күні көрсетіледі.

      27. 28-бағанда КОК № 378 шешіміне 23-қосымшада көзделген валюталар сыныптауышына сәйкес валютаның коды көрсетіледі.

      28. 29-бағанда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасау күнінің алдындағы соңғы жұмыс күні белгіленген валютаның ресми бағамы көрсетіледі.

      29. 30-баған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің пайда болуының мына белгілері ескеріліп:

      "1" – Тізбеге енгізілген тауарды, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Тауар номенклатурасының (бұдан әрі – Одақтың СЭҚ ТН) коды мен атауы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген Тізбеге енгізілген тауарды өткізген жағдайда;

      "2" – Тізбеге енгізілмеген тауарды, сондай-ақ Одақтың СЭҚ ТН коды мен атауы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген Тізбеге енгізілмеген тауарды өткізген жағдайда;

      "3" – Одақтың СЭҚ ТН коды мен атауы Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген Тізбеге енгізілген тауарды өткізген жағдайда;

      "4" – Одақтың СЭҚ ТН коды мен атауы Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген Тізбеге енгізілмеген тауарды өткізген жағдайда;

      "5" – "1", "2", "3", "4" белгілеріне жатпайтын тауарды өткізген жағдайда;

      "6" – жұмыстарды орындаған, қызметтерді көрсеткен жағдайда толтырылады.

      30-бағанын толтыру үшін:

      1) Тізбеге енгізілген тауарлар деп Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан әкелінген, баж салығының, сондай-ақ осындай мөлшерлемелер мөлшерінің төмендетілген мөлшерлемелері қолданылуы мүмкін тауарлар түсініледі;

      2) Одақтың СЭҚ ТН коды мен атауы Тізбеге енгізілген тауарлар деп Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінген тауарлар, сондай-ақ Одақ СЭҚ ТН коды мен атауы Тізбеге енгізілген Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауарлар түсініледі.

      30. 31-бағанда салық төлеуші өзінің есептік жүйелерінде пайдаланатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің атауына сәйкес келетін өткізілетін тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің атауы көрсетіледі.

      Осы жол "Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің пайда болу белгісі" деген 30-бағанда "3", "4", "5", "6" белгілеріне жататын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша толтырылады.

      31. 32-бағанда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан импорттаған кезде тауар декларациясының негізгі (қосымша) парағының 30-бағанда немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан импорттаған кезде тауарлар әкелу және жанама салықтар төлеу туралы өтініштің 2-бағанында жазылған тауардың атауы көрсетіледі.

      Осы жол "Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің пайда болу белгісі" деген 30-бағанда "1", "2" белгілеріне жататын тауарлар бойынша толтырылуы тиіс.

      32. 33-бағанда ЭШФ бойынша тиеп жөнелтілген (жеткізілетін) тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің барлық санының (көлемінің) құны қосылған құн салығын (бұдан әрі – ҚҚС) және акцизді қоспай көрсетіледі.

      33. 34-бағанда ЭШФ бойынша тиеп жөнелтілген (жеткізілетін) тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің барлық санының (көлемінің) құны ҚҚС және акцизді қоса алғанда көрсетіледі.

      34. 35, 36, 37, 38, 39, 40 және 41-бағандар бірлескен қызмет туралы шарттың әрбір қатысушысы және (немесе) өнімді бөлу туралы келісімнің әрбір қатысушысы және (немесе) бірлескен қызмет туралы шартта және (немесе) өнімді бөлу туралы келісімде және (немесе) өнімді бөлу туралы келісім қатысушысы болып табылатын салық төлеушіге тауарлар жеткізу шартында айқындалған қатысушының қатысу үлесіне байланысты өнімді бөлу туралы келісім қатысушысы болып табылатын салық төлеушіге тауарлар жеткізу шарты бойынша әрбір қатысушы бойынша 30, 31, 32, 32 және 34-бағандарға сәйкес толтырылады.

      35. 42 және 43-бағандарда тапсыру шарты бойынша, оның ішінде өнімді бөлу туралы келісім шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша жеткізушінің сенім білдірілген тұлғасы (операторы) болып табылатын заңды тұлғаның БСН мен атауы көрсетіледі.

      36. 44 және 45-бағандарда тапсыру шартының, өнімді бөлу туралы келісімнің, БСН 42-жолда көрсетілген сенім білдірілген тұлғаны (операторды) айқындайтын өзге құжаттың нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Осы бөлім Салық кодексінің 426-бабының 3-тармағында көзделген жағдайда, өнімді бөлу туралы келісім шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша толтырылмайды.

      37. 46 және 47-бағандарда тапсыру шарты бойынша, оның ішінде өнімді бөлу туралы келісім шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша сенім білдірілген (оператор) тұлға болып табылатын заңды тұлғаның БСН мен атауы көрсетіледі.

      38. 48 және 49-бағандарда тапсыру шартының, өнімді бөлу туралы келісімнің, БСН 46-жолда көрсетілген сенім білдірілген тұлғаны (операторды) айқындайтын өзге құжаттың нөмірі мен күні көрсетіледі

      Осы бөлім Салық кодексінің 426-бабының 3-тармағында көзделген жағдайда, өнімді бөлу туралы келісім шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша толтырылмайды.

  Қазақстан Республикасында
экспорттық-импорттық
валюталық бақылауды
жүзеге асыру қағидаларына
10-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне

      Әкімшілік деректер нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурста орналастырылды

Баламасы 100 000 (бір жүз мың) Америка Құрама Штаттары долларынан асатын сомада экспорт немесе импорт жөніндегі жүзеге асырылған төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы ақпарат

      Индексі: XMCO_6

      Кезеңділігі: ай сайын

      Есепті кезеңі: _____ жылғы ____ ай үшін

      Ақпарат ұсынатын адамдар тобы: уәкілетті банк

      Ұсыну мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі айдың 15 (он бесіне) дейінгі (қоса алғанда) мерзімде

      Нысан

Кесте. Баламасы 100 000 (бір жүз мың) Америка Құрама Штаттары долларынан асатын сомада экспорт немесе импорт жөніндегі жүзеге асырылған төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы ақпарат

  Уәкілетті банктің
бизнес-сәйкестендіру нөмірі
(бұдан әрі – БСН)
____________________________

Экспорттаушы немесе импорттаушы бойынша ақпарат

Атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

БСН

Жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН)

Экспорттаушы немесе импорттаушы белгісі

Мекенжайы

Облыс коды

1

2

3

4

5

6







      кестенің жалғасы

Төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы ақпарат

Экспорт немесе импорт белгісі

Шығыс, кіріс белгілері

Сомасы

Ескертпе

7

8

9

10





      Атауы _____________________ Мекенжайы ________________________

      Телефоны ________________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы _________________________________________

      Орындаушысы ____________________________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), қолы, телефоны

      Басшы немесе оның міндеттерін атқаратын адам

      _______________________________________ ________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), қолы, телефоны

      Күні 20 ____ жылғы "____" ______________

  "Баламасы 100 000
(бір жүз мың)
Америка Құрама Штаттары
долларынан асатын сомада
экспорт немесе импорт
бойынша жүзеге асырылған
төлемдер және (немесе)
ақша аударымдары туралы
ақпарат" әкімшілік деректерін
жинауға арналған нысанға
қосымша

Баламасы 100 000 (бір жүз мың) Америка Құрама Штаттары долларынан асатын сомада экспорт немесе импорт жөніндегі жүзеге асырылған төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы ақпарат (индексі – XMCO_6, кезеңділігі – ай сайын)

Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірмеде "Баламасы 100 000 (бір жүз мың) Америка Құрама Штаттары (бұдан әрі – АҚШ) долларынан асатын сомада экспорт немесе импорт жөніндегі жүзеге асырылған төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы ақпарат" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша талаптар айқындалады.

      2. Нысан "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес әзірленді.

      3. Уәкілетті банк Нысанды толтырған кезде баламасы 10 000 (он мыңнан) бастап 50 000 (елу мың) АҚШ доллары (қоса алғанда) сомасында жасалған экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша қолда бар ақпараттарды пайдаланады.

      4. Есепті кезеңде ақпарат болмаған жағдайда, Нысан нөлдік мәнмен ұсынылады.

      5. Деректерге түзетулер (өзгерістер, толықтырулар) Нысанды ұсыну үшін белгіленген мерзімнен кейінгі 2 (екі) айдың ішінде енгізіледі.

2-тарау. Нысанды толтыру

      6. 1-бағанда экспорттаушының немесе импорттаушының атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі.

      7. 2-бағанда экспорттаушының немесе импорттаушының БСН көрсетіледі.

      8. 3-бағанда экспорттаушының немесе импорттаушының ЖСН көрсетіледі.

      9. 4-бағанда егер экспорттаушы немесе импорттаушы заңды тұлға (оның филиалы) болып табылса, "1" белгісі немесе егер экспорттаушы немесе импорттаушы дара кәсіпкер болып табылса, "2" белгісі көрсетіледі.

      10. 5-бағанда экспорттаушы немесе импорттаушының заңды мекенжайы көрсетіледі.

      11. 6-бағанда ҚР ҰС 11-2021 "Әкімшілік-аумақтық объектілердің сыныптауышы" Қазақстан Республикасының ұлттық сыныптауышына сәйкес экспорттаушының немесе импорттаушының заңды мекенжайы бойынша облыстар кодының алғашқы екі цифрі көрсетіледі.

      12. 7-бағанда мына белгілер көрсетіледі:

      "1" – егер экспорт жөніндегі валюталық шарт болса;

      "2" – егер импорт жөніндегі валюталық шарт болса.

      13. 8-баған мына белгілерді ескере отырып толтырылады:

      "1" – шығыс төлемі (бейрезиденттің пайдасына төлем және (немесе) ақша аударымы) үшін;

      "2" – кіріс төлемі (экспорттаушының немесе импорттаушының пайдасына төлем және (немесе) ақша аударымы) үшін.

      14. 9-бағанда жүзеге асырылған төлемдердің және (немесе) ақша аударымдарының жалпы сомасы АҚШ долларымен баламада көрсетіледі.

      15. "Атауы", "Мекенжайы", "Телефоны", "Электрондық пошта мекенжайы", "Басшы немесе оның міндеттерін атқаратын адам" және "Орындаушысы" деген жолдар Нысанды қағаз тасымалдағышта ұсынған жағдайда толтырылады.

  Қазақстан Республикасында
экспорттық-импорттық
валюталық бақылауды
жүзеге асыру қағидаларына
11-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Қайда ұсынылады: есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банк (оның филиалы) немесе есептік тіркеу банкі болып табылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалы

      Әкімшілік деректер нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурста орналастырылды

Шетел банкіндегі шот арқылы экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттар бойынша міндеттемелерді орындау туралы ақпарат

      Индексі: XMCO_7

      Кезеңділігі: ай сайын

      Есепті кезеңі: _____ жылғы ____ ай үшін

      Ақпарат ұсынатын адамдар тобы: шетел банкінде экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша төлемдер және (немесе) ақша аударымдары жүзеге асырылатын шоты бар экспорттаушы немесе импорттаушы

      Ұсыну мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі айдың 20 (жиырмасына ) дейін (қоса алғанда)

      Нысан

Кесте. Шетел банкіндегі шот арқылы экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттар бойынша міндеттемелерді орындау туралы ақпарат

Экспорттаушы немесе импорттаушының деректемелері

Шетел банкіндегі шот бойынша ақпарат

Атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН)

Жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН)

Экспорттаушы немесе импорттаушы белгісі

Атауы

Елдің коды

Нөмірі

Валютасы

1

2

3

4

5

6

7

8









      кестенің жалғасы

Экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың есептік нөмірінің деректемелері

Экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың деректемелері

Экспорттаушы немесе импорттаушының міндеттемелерді бейрезиденттің пайдасына орындауы

Нөмірі

Күні

Нөмірі

Күні

Күні

Міндеттемелерді орындау тәсілінің коды

Мың бірлікпен сомасы

9

10

11

12

13

14

15








      кестенің жалғасы

Бейрезиденттің міндеттемелерді экспорттаушы немесе импорттаушының пайдасына орындауы

Ескертпе

Күні

Міндеттемелерді орындау тәсілінің коды

Мың бірлікпен сомасы

16

17

18

19





      Атауы ______________________ Мекенжайы _______________________

      Телефоны _________________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы _________________________________________

      Орындаушысы ____________________________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), қолы, телефоны

      Басшы немесе оның міндеттерін атқаратын адам

      _______________________________________ ________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), қолы, телефоны

      Күні 20 ____ жылғы "____" ______________

      Мөр орны

      (жеке кәсіпкерлік

      субъектілерін қоспағанда)

  "Шетел банкіндегі шот
арқылы экспорт немесе
импорт жөніндегі валюталық
шарттар бойынша
міндеттемелерді
орындау туралы ақпарат"
әкімшілік деректерін жинауға
арналған нысанға
қосымша

Шетел банкіндегі шот арқылы экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттар бойынша міндеттемелерді орындау туралы ақпарат (индексі – XMCO_7, кезеңділігі – ай сайын)

Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірмеде "Шетел банкіндегі шот арқылы экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттар бойынша міндеттемелерді орындау туралы ақпарат" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша талаптар айқындалады.

      2. Нысан "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес әзірленді.

      3. Нысанды экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша төлемдер және (немесе) ақша аударымдары жүзеге асырылатын шетел банкінде шоты бар экспорттаушы немесе импорттаушы ұсынады.

      4. Есепті кезеңде ақпарат болмаған жағдайда, Нысан нөлдік мәнмен ұсынылады.

      5. Деректерге түзетулер (өзгерістер, толықтырулар) Нысанды ұсыну үшін белгіленген мерзімнен кейінгі 2 (екі) айдың ішінде енгізіледі.

2-тарау. Нысанды толтыру

      6. 1-бағанда экспорттаушының немесе импорттаушының атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі.

      7. 2-бағанда экспорттаушының немесе импорттаушының БСН көрсетіледі.

      8. 3-бағанда экспорттаушының немесе импорттаушының ЖСН көрсетіледі.

      9. 4-бағанда егер экспорттаушы немесе импорттаушы заңды тұлға (оның филиалы) болып табылса, "1" белгісі немесе егер экспорттаушы немесе импорттаушы дара кәсіпкер болып табылса, "2" белгісі көрсетіледі.

      10. 5-бағанда экспорттаушы немесе импорттаушы шот ашқан шетелдік банктің атауы көрсетіледі.

      11. 6-бағанда ҚР ҰС ISO 3166-1 "Елдердің атауларын және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің бірліктерін ұсынуға арналған кодтар. 1-бөлім. Елдердің кодтары" ұлттық сыныптауышына сәйкес шот ашылған шетел банкінің орналасқан елінің екі әріптік коды көрсетіледі.

      12. 7-бағанда шетелдік банктегі шоттың нөмірі көрсетіледі.

      13. 8-бағанда ҚР ҰС 07 ISO 4217 "Валюталар мен қорларды белгілеуге арналған кодтар" ұлттық сыныптауышына сәйкес шетелдік банкте ашылған шот валютасының әріптік белгісі көрсетіледі.

      14. 9-бағанда экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың есептік нөмірі көрсетіледі.

      15. 10-бағанда экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартқа есептік нөмір берілген күн көрсетіледі.

      16. 11-бағанда экспорт және импорт жөніндегі валюталық шарттың нөмірі (бар болса) көрсетіледі.

      17. 12-бағанда экспорт және импорт жөніндегі валюталық шарттың күні көрсетіледі.

      18. 13 және 16-бағандарда міндеттемелерді орындау күні көрсетіледі.

      19. 14 және 17-бағандарда міндеттемелерді орындау тәсілінің кодтары көрсетіледі:

      11 – аккредитив шеңберіндегі төлем және (немесе) ақша аударымы;

      12 – банк кепілдігі шеңберіндегі төлем және (немесе) ақша аударымы;

      13 – экспорт бойынша алдын ала ақы (импорт бойынша алдын ала жеткізу);

      14 – экспорт бойынша тауарды тиегеннен кейін ақы төлеу (импорт бойынша тауарға ақы төлегеннен кейін жеткізу);

      15 – бейрезидентке талап ету құқығын басқа резидентке есепке алу, беру, резиденттің борышын басқа тұлғаға аудару;

      16 – бейрезиденттің міндеттемелерді орындамауы тәуекелін сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру төлемін алу;

      17 – вексельді беру;

      18 – бағалы қағаздарды беру;

      19 – жұмыстарды орындау, қызмет көрсету;

      20 – Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы ішінде тауарларды өткізу;

      27 – тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге өткізу;

      28 – электрондық ақшаны сатып алу немесе өтеу;

      29 – міндеттемелерді өзге де орындау.

      20. 15 және 18-бағандарда сома шарт валютасының мың бірлігімен көрсетіледі.

      21. Қажет болған жағдайда есепке өзге қосымша ақпаратпен және түсіндірмелермен анықтама қоса беріледі.

      22. "Атауы", "Мекенжайы", "Телефоны", "Электрондық пошта мекенжайы", "Басшы немесе оның міндеттерін атқаратын адам" және "Орындаушысы" деген жолдар Нысанды қағаз тасымалдағышта ұсынған жағдайда толтырылады.

  Қазақстан Республикасында
экспорттық-импорттық
валюталық бақылауды
жүзеге асыру қағидаларына
12-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне

      Әкімшілік деректер нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурста орналастырылды

Банктік бақылаудың жеке карточкасы № ______ /______/______

      Индексі: XMCO_8

      Кезеңділігі: ай сайын

      Есепті кезеңі: _____ жылғы ________ ай үшін

      Ақпарат ұсынатын адамдар тобы: есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банк, Ұлттық Банктің есептік тіркеу банкі болып табылатын аумақтық филиалы

      Ұсыну мерзімі: есепті айдан кейінгі айдың 15-не (қоса алғанда) дейінгі мерзімде (репатриациялау мерзімі өткен ай)

      Нысан

Кесте. Банктік бақылаудың жеке карточкасы № ______ /______/______

Банктік бақылаудың жеке карточкасы бойынша ақпараттың атауы

Жолдың коды

Банктік бақылаудың жеке карточкасы бойынша ақпарат

1.

Банктік бақылаудың жеке карточкасын жіберуге негіз:

10


2.

Экспорттаушы немесе импорттаушы бойынша ақпарат:

20


3.

Атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

21


4.

Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН)

22


5.

Жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН)

23


6.

Экспорттаушы немесе импорттаушы белгісі

24


7.

Мекенжайы

25


8.

Облыс коды

26


9.

Экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың есептік нөмірінің деректемелері:

30


10.

Нөмірі

31


11.

Күні

32


12.

Уәкілетті банктің БСН:

40


13.

Экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша ақпарат:

50


14.

Экспорттың немесе импорттың белгісі

51


15.

Нөмірі

52


16.

Күні

53


17.

Сомасы мың бірлікпен

54


18.

Экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың валютасы

55


19.

Бейрезидент бойынша ақпарат:

60


20.

Атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

61


21.

Елі

62


22.

Репатриациялау мерзімі:

70


23.

Бейрезиденттің экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша экспорттаушы немесе импорттаушы алдындағы репатриациялау мерзімдерінде орындамаған міндеттемелерінің сомасы туралы ақпарат:

80


24.

Экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт валютасымен

81


25.

Америка Құрама Штаттарының (бұдан әрі – АҚШ) долларымен

82


26.

Ескертпе:

90


      Атауы _____________________ Мекенжайы ________________________

      Телефоны ________________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы _________________________________________

      Орындаушысы ____________________________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), қолы, телефоны

      Басшы немесе оның міндеттерін атқаратын адам

      _______________________________________ ________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), қолы, телефоны

      Күні 20 ____ жылғы "____" ______________

  "Банктік бақылаудың жеке
карточкасы" әкімшілік
деректерін жинауға
арналған нысанға
қосымша

Банктік бақылаудың жеке карточкасы (индексі – XMCO_8, кезеңділігі – ай сайын)

Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірмеде "Банктік бақылаудың жеке карточкасы" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша талаптар айқындалады.

      2. Нысан "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес әзірленді.

      3. Нысанды есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банк, есептік тіркеу банкі болып табылатын Ұлттық Банктің аумақтық филиалы ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 15-не (қоса алғанда) дейінгі мерзімде (репатриациялау мерзімі өткен ай) жібереді.

      4. Есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банк, есептік тіркеу банкі болып табылатын Ұлттық Банктің аумақтық филиалы Нысанды толтырған кезде қолда бар ақпаратты пайдаланады:

      1) есепті айдың соңғы күніндегі жағдай бойынша баламасы 50 000 (елу мың) АҚШ долларынан асатын сомаға репатриациялау мерзімінде экспорттаушы немесе импорттаушы алдындағы экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша бейрезидент орындамаған міндеттемелер;

      2) экспорттаушының немесе импорттаушының экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартқа есептік нөмір беру үшін өтініш мерзімін бұзуы.

      5. Есепті кезеңде ақпарат болмаған жағдайда Нысан ұсынылмайды.

      6. Деректерді түзету (өзгерістер, толықтырулар) Нысанды ұсыну үшін белгіленген мерзімнен кейін 2 (екі) ай ішінде енгізіледі.

2-тарау. Нысанды толтыру

      7. Банктік бақылаудың жеке карточкасының нөмірі көлбеу сызықпен бөлінген екі бөліктен тұрады:

      1) бірінші бөлігінде есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банктің БСН көрсетіледі;

      2) екінші бөлікте уәкілетті банк үшін (оның филиалдарын ескере отырып) банктік бақылаудың жеке карточкасының бірегей нөмірі көрсетіледі.

      8. 10-коды бар жолда мыналар көрсетіледі:

      "1" – бейрезиденттің есепті айдың соңғы күніндегі жағдай бойынша баламасы 50 000 (елу мың) АҚШ долларынан асатын сомаға репатриациялау мерзімінде экспорттаушы немесе импорттаушы алдындағы экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша міндеттемелерін орындамауы;

      "2" – экспорттаушының немесе импорттаушының экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартқа есептік нөмір беру үшін өтініш мерзімін бұзуы.

      9. 22-коды бар жолда экспорттаушының немесе импорттаушының БСН көрсетіледі.

      10. 23-коды бар жолда экспорттаушының немесе импорттаушының ЖСН көрсетіледі.

      11. 24-коды бар жолда егер экспорттаушы немесе импорттаушы заңды тұлға (оның филиалы) болып табылса, "1" белгісі немесе егер экспорттаушы немесе импорттаушы дара кәсіпкер болып табылса, "2" белгісі көрсетіледі.

      12. 26-коды бар жолда ҚР ҰС 11-2021 "Әкімшілік-аумақтық объектілерінің сыныптауышы" Қазақстан Республикасы ұлттық сыныптауышына сәйкес экспорттаушының немесе импорттаушының заңды мекенжайы бойынша облыс кодының алғашқы екі цифрі көрсетіледі.

      13. 31-коды бар жолда экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың есептік нөмірі көрсетіледі.

      14. 32-жолда экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартқа есептік нөмір берілген күн көрсетіледі.

      15. 40-коды бар жолда есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банктің, есептік тіркеу банкі болып табылатын Ұлттық Банктің аумақтық филиалының БСН көрсетіледі.

      16. 51-коды бар жолда мына белгілер көрсетіледі:

      "1" – егер экспорт жөніндегі валюталық шарт болса;

      "2" – егер импорт жөніндегі валюталық шарт болса.

      17. 52-коды бар жолда экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың нөмірі (бар болса) көрсетіледі.

      18. 53-коды бар жолда экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың күні көрсетіледі.

      19. 55-коды бар жолда ҚР ҰС 07 ISO 4217 "Валюталар мен қорларды белгілеуге арналған кодтар" ұлттық сыныптауышына сәйкес валютаның әріптік белгісі көрсетіледі.

      20. 62-коды бар жол ҚР ҰС ISO 3166-1 "Елдердің атауларын және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің бірліктерін ұсынуға арналған кодтар. 1-бөлік. Елдердің коды" ұлттық сыныптауышын пайдалана отырып толтырылады.

      21. 70-коды бар жолда репатриациялау мерзімі көрсетіледі.

      22. 81 және 82-жолдар валютаның мың бірлігімен толтырылады.

      23. 90-коды бар жолда уәкілетті банк, Ұлттық Банктің аумақтық филиалы кез келген өзге қосымша ақпаратты көрсетеді.

      24. Банктік бақылаудың жеке карточкасы алдыңғы есепті кезеңдерде Ұлттық Банкке жіберілген болса және есепті кезеңде оны жіберу үшін негіз бар болса, уәкілетті банк немесе Ұлттық Банктің аумақтық филиалы алғашқы рет банктік бақылаудың жеке карточкасы жіберілген нөмірді көрсете отырып, 20-70 кодтары бар жолдардағы ақпарат өзгерген жағдайларды қоспағанда, осы жолдарды толтырмай, банктік бақылаудың жеке карточкасын жібереді.

      25. 32, 53-кодтары бар жолдар сегіз цифрді мына тәртіппен көрсету арқылы толтырылады: күні, айы, жылы.

      26. "Атауы", "Мекенжайы", "Телефоны", "Электрондық пошта мекенжайы", "Басшы немесе оның міндеттерін атқаратын адам" және "Орындаушысы" деген жолдар Нысанды қағаз тасымалдағышта ұсынған жағдайда толтырылады.

  Қазақстан Республикасында
экспорттық-импорттық
валюталық бақылауды
жүзеге асыру қағидаларына
13-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне

      Әкімшілік деректер нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурста орналастырылды

Валюталық бақылау нәтижелері туралы ақпарат

      Индексі: XMCO_9

      Кезеңділігі: ай сайын

      Есепті кезеңі: ____ жылғы __________ай үшін

      Ақпарат ұсынатын адамдар тобы: мемлекеттік кірістер органы

      Ұсыну мерзімі: ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 20 (жиырмасыншы) күніне дейінгі (қоса алғанда) мерзімде

      Нысан

Кесте. Валюталық бақылау нәтижелері туралы ақпарат

Ақпараттың атауы

Жолдың коды

Ақпарат

1

Валюталық бақылау рәсімдерін жүргізу үшін негіздеме

10


1.1.

Банктік бақылаудың жеке карточкасының түсуі

11


1.2.

Репатриация талаптарының бұзылуын дербес анықтау

12


2

Валюталық бақылау рәсімдерін жүргізу нәтижесі:

20


2.1.

Іс қозғалған жоқ

21


2.2.

Іс Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі – ӘҚБтК) 251-бабы бойынша қозғалып, сотқа жіберілді

22


2.2.1

Сот шешімі

221


2.3.

ӘҚБтК-нің 244-бабы (1 немесе 2-бөліктері) бойынша іс қозғалды

23



Мемлекеттік кірістер органының шешімі

231


2.4.

ӘҚБтК-нің 244-бабы (3 немесе 4-бөліктері) бойынша іс қозғалды

24



Мемлекеттік кірістер органының шешімі

241


3

Ескертпе:

30


      Атауы _____________________ Мекенжайы ________________________

      Телефоны ________________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы _________________________________________

      Орындаушысы ____________________________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), қолы, телефоны

      Басшы немесе оның міндеттерін атқаратын адам

      _______________________________________ ________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), қолы, телефоны

      Күні 20 ____ жылғы "____" ______________

  "Валюталық бақылау
нәтижелері туралы ақпарат"
әкімшілік деректерін жинауға
арналған нысанға
қосымша

Валюталық бақылау нәтижелері туралы ақпарат (индексі – XMCO_9, кезеңділігі – ай сайын)

Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірмеде "Валюталық бақылау нәтижелері туралы ақпарат" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша талаптар айқындалады.

      2. Нысан "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес әзірленді.

      3. Нысанды мемлекеттік кірістер органы ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 20 (жиырмасы) күніне дейінгі (қоса алғанда) мерзімде жібереді.

      4. Есепті кезеңде ақпарат болмаған жағдайда Нысан ұсынылмайды.

2-тарау. Нысанды толтыру

      5. 1-бөлімде валюталық бақылауды жүргізу үшін негіздеме көрсетіледі (1.1. немесе 1.2.). Мемлекеттік кірістер органының аумақтық бөлімшесі банктік бақылаудың жеке карточкасын қараған жағдайда карточканың деректемелері көрсетіледі. Бұзушылық, репатриация талаптары өз бетінше анықталған жағдайда бұзушылық анықталған мән-жайлар көрсетіледі.

      6. 2-бөлімнің жолдарында мемлекеттік кірістер органының аумақтық бөлімшесінің банктік бақылаудың жеке карточкасын қарау нәтижелері туралы ақпарат толтырылады.

      7. 3-бөлімде кез келген өзге қосымша ақпарат көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасында
экспорттық-импорттық
валюталық бақылауды
жүзеге асыру қағидаларына
14-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне

      Әкімшілік деректер нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурста орналастырылды

Есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша ақпарат

      Индексі: EICC_1

      Кезеңділігі: ай сайын

      Есепті кезеңі: 20 ___ жылғы "___" __________ үшін

      Ақпаратты ұсынатын адамдар тобы: есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банк, есептік тіркеу банкі болып табылатын Ұлттық Банктің аумақтық филиалы

      Ұсыну мерзімі:

      3 (үш) жұмыс күні ішінде:

      1) есептік нөмірін берген, есептік тіркеуден шығарған, экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы ақпарат беру туралы есептік тіркеудің жаңа банкі болып табылатын уәкілетті банктің (оның филиалының) сұратуын алған, жекелеген есепке жатқызылған экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша ақша қозғалысын жаңғыртқан, тауарларды өткізген, жұмыстарды орындаған, қызметтер көрсеткен, есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша репатриация талаптарының орындалуын бақылау рәсімдері қайта басталған күннен кейін;

      2) есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілгенін растайтын құжаттар қабылданған күннен кейін.

      Нысан

Кесте. Есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша ақпарат

  Есептік тіркеу банкі болып
табылатын уәкілетті банктің,
есептік тіркеу банкі болып
табылатын
Ұлттық Банктің аумақтық
филиалының бизнес-
сәйкестендіру нөмірі
(бұдан әрі – БСН)
____________________________

Экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың есептік нөмірінің деректемелері

Экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт түрінің коды

Экспорттаушы немесе импорттаушы бойынша ақпарат

Нөмірі

Күні

Атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

БСН

Жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН)

Экспорттаушы немесе импорттаушы белгісі

Облыстың коды

1

2

3

4

5

6

7

8









      кестенің жалғасы

Экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша ақпарат

Экспорт немесе импорт белгісі

Нөмірі

Күні

Сомасы мың бірлікпен

Валютасы

9

10

11

12

13






      кестенің жалғасы

Бейрезидент бойынша ақпарат

Репатриациялау мерзімі

Валюталық шартты есептік тіркеуден алу

Валюталық шартты жеке есепке жатқызу

Атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Елдің коды

Күні

Негіздеме

Күні

Негіздеме

14

15

16

17

18

19

20















      Атауы _____________________ Мекенжайы ________________________

      Телефоны ________________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы _________________________________________

      Орындаушысы ____________________________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), қолы, телефоны

      Басшы немесе оның міндеттерін атқаратын адам

      _______________________________________ ________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), қолы, телефоны

      Күні 20 ____ жылғы "____" ______________

  "Есептік нөмірі бар экспорт
немесе импорт жөніндегі
валюталық шарт бойынша
ақпарат" әкімшілік деректерін
жинауға арналған нысанына
қосымша

Есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша ақпарат (индексі – EICC_1, кезеңділігі – күн сайын)

Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірмеде "Есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша ақпарат" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша талаптар айқындалады

      2. Нысан "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес әзірленді.

      3. Есепті тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банк, есептік тіркеу банкі болып табылатын Ұлттық Банктің аумақтық филиалы Нысанды толтырған кезде есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша қолда бар деректер пайдаланылады.

      4. Есепті кезеңде ақпарат болмаған жағдайда Нысан ұсынылмайды.

      5. Деректерді түзету (өзгерістер, толықтырулар) Нысанды ұсыну үшін белгіленген мерзімнен кейін 2 (екі) ай ішінде енгізіледі.

2-тарау. Нысанды толтыру

      6. Нысан Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларының 22-тармағының 3) тармақшасына, 33, 34, 55, 56, 57 және 60-тармақтарына сәйкес ұсынылады және жағдайлар болған кезде есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша жіберіледі:

      1) есептік нөмірін берген, есептік тіркеуден шығарған, экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы ақпарат беру туралы есепті тіркеудің жаңа банкі болып табылатын уәкілетті банктің (оның филиалының) сұратуын алған, жекелеген есепке жатқызылған экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша ақша қозғалысын жаңғыртқан, тауарларды өткізген, жұмыстарды орындаған, қызметтер көрсеткен, есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша репатриация талаптарының орындалуын бақылау рәсімдері қайта басталған;

      2) есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілгенін растайтын құжаттар қабылдаған.

      7. 1-бағанда экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың есептік нөмірі көрсетіледі.

      8. 2-бағанда экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартқа есептік нөмір берілген күн көрсетіледі.

      9. 3-бағанда көрсетіледі:

      "1" – талаптарында тауарларды Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы өткізу көзделген экспорт және (немесе) импорт жөніндегі валюталық шарт;

      "2" – талаптарында жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету көзделген экспорт және (немесе) импорт жөніндегі валюталық шарт;

      "3" – талаптарында тауарларды Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы өткізу, сондай-ақ жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету көзделген экспорт және (немесе) импорт жөніндегі валюталық шарт;

      "4" – талаптарында тауарларды Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы өткізу көзделмеген экспорт және (немесе) импорт жөніндегі валюталық шарт;

      "5" – электрондық ақшаны сатып алуды немесе өтеуді көздейтін валюталық шарт.

      10. 4-бағанда экспорттаушының немесе импорттаушының атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі.

      11. 5-бағанда экспорттаушының немесе импорттаушының БСН көрсетіледі.

      12. 6-бағанда экспорттаушының немесе импорттаушының ЖСН көрсетіледі.

      13. 7-бағанда егер экспорттаушы немесе импорттаушы заңды тұлға (оның филиалы) болып табылса, "1" белгісі және егер экспорттаушы немесе импорттаушы дара кәсіпкер болып табылса, "2" белгісі көрсетіледі.

      14. 8-бағанда ҚР ҰС 11-2021 "Әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптауышы" Қазақстан Республикасының ұлттық сыныптауышына сәйкес экспорттаушы немесе импорттаушының заңды мекенжайы бойынша облыс кодының алғашқы екі цифрі көрсетіледі.

      15. 9-бағанда мына белгілер көрсетіледі:

      "1" – егер экспорт жөніндегі валюталық шарт болса;

      "2" – егер импорт жөніндегі валюталық шарт болса.

      16. 10-бағанда экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың нөмірі (бар болса) көрсетіледі.

      17. 11-бағанда экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың күні көрсетіледі.

      18. 12-бағанда экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың сомасы шарт валютасының мың бірлігімен көрсетіледі.

      19. 13-бағанда ҚР ҰС 07 ISO 4217 "Валюталар мен қорларды белгілеуге арналған кодтар" ұлттық сыныптауышына сәйкес валютаның әріптік белгісі көрсетіледі.

      20. 14-бағанда шетелдік сатып алушының немесе жеткізушінің атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі.

      21. 15-бағанда ҚР ҰС ISO 3166-1 "Елдердің атауларын және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің бірліктерін ұсынуға арналған кодтар. 1-бөлім. Елдердің кодтары" ұлттық сыныптауышына сәйкес шетелдік сатып алушы немесе жеткізуші елінің екі әріптік коды көрсетіледі.

      22. 16-бағанда репатриациялау мерзімі көрсетіледі.

      23. 17-бағанда экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың есептік тіркеуден алынған күні көрсетіледі.

      24. 18-бағанда Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларының 26-тармағына сәйкес экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартты есептік тіркеуден алу негізіне сәйкес келетін цифрлық код көрсетіледі.

      25. 19-бағанда Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларының 52-тармағына сәйкес есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартты жеке есепке жатқызу күні көрсетіледі.

      26. 20-бағанда Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларының 52-тармағына сәйкес есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартты жеке есепке жатқызу негізіне сәйкес келетін цифрлық код көрсетіледі:

      "1" – экспорттаушыға немесе импорттаушыға қатысты репатриациялау талабын орындамағаны және бұл ретте репатриацияның одан әрі бақылауына жататын экспорт немесе импорт жөніндегі валюта шарты бойынша ақша қозғалысының, тауарларды өткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтер көрсетудің болмағаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу шеңберінде шығарылған сот шешімінің болуы;

      "2" – экспорттаушы немесе импорттаушының оның тұрақты тұратын немесе тұрған жері бойынша болмауы;

      "3" – есептік тіркеу банкі болған уәкілетті банк (оның филиалы) қабылдаған экспорттаушымен немесе импорттаушымен іскерлік қатынастарды тоқтату туралы шешімнің болуы;

      "4" – есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банкті мәжбүрлеп тарату туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болуы.

      27. 2, 11 және 17-бағандар сегіз цифрлі мына тәртіппен көрсету арқылы толтырылады: күні, айы, жылы.

      28. "Атауы", "Мекенжайы", "Телефоны", "Электрондық пошта мекенжайы", "Басшы немесе оның міндеттерін атқаратын адам" және "Орындаушысы" деген жолдар Нысанды қағаз тасымалдағышта ұсынған жағдайда толтырылады.

  Қазақстан Республикасында
экспорттық-импорттық
валюталық бақылауды
жүзеге асыру қағидаларына
15-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне

      Әкімшілік деректер нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурста орналастырылды

Есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы ақпарат

      Индексі: EICC_2

      Кезеңділігі: ай сайын

      Есепті кезеңі: _____ жылғы ____________ай үшін

      Ақпарат ұсынатын адамдар тобы: есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банк

      Ұсыну мерзімдері:

      1) экспорттаушының немесе импорттаушының уәкілетті банктегі (оның филиалындағы) банк шоттары арқылы төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын төлем карточкаларын пайдаланбай жүзеге асыру арқылы есепті айда экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттар бойынша міндеттемелер орындалған жағдайда – есепті кезеңнен кейінгі айдың 15 (он бесінші) күніне (қоса алғанда) дейінгі мерзімде;

      2) төлем карточкасын пайдалана отырып және (немесе) өзге де тәсілмен төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру арқылы экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттар бойынша міндеттемелер орындалған жағдайда – экспорттаушы немесе импорттаушы не валюталық шартты есептік тіркеу банкі болып табылмайтын банк растайтын ақпаратты және (немесе) құжаттарды ұсынған айдан кейінгі айдың 15 (он бесіне) дейінгі мерзімде (қоса алғанда).

      Нысан

Кесте. Есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы ақпарат

  Есептік тіркеу банкі
болып табылатын уәкілетті
банктің бизнес-сәйкестендіру
нөмірі (бұдан әрі – БСН)
____________________________

Экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың есептік нөмірінің деректемелері

Жөнелтуші

Нөмірі

Күні

Атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

БСН

Жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН)

Экспорттаушы немесе импорттаушы белгісі

Елдің коды

Облыстың коды

Резиденттік коды

1

2

3

4

5

6

7

8

9










      кестенің жалғасы

Алушы

Атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

БСН

ЖСН

Экспорттаушы немесе импорттаушы белгісі

Елі

Облыстың коды

Резиденттік коды

10

11

12

13

14

15

16








      кестенің жалғасы

Төлем және (немесе) ақша аударымы немесе міндеттемелердің орындалуы туралы ақпарат

Күні

Сомасы мың бірлікпен

Есеп айырысу валютасы

Есеп айырысу әдісінің коды

Шығыс, кіріс белгісі

Төлем тағайындау коды (бұдан әрі – ТТК)

Міндеттемелерді орындау нөмірі

17

18

19

20

21

22

23








      Атауы ______________________ Мекенжайы _______________________

      Телефоны _________________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы _________________________________________

      Орындаушысы ____________________________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), қолы, телефоны

      Басшы немесе оның міндеттерін атқаратын адам

      _______________________________________ ________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), қолы, телефоны

      Күні 20 ____ жылғы "____" ______________

  "Есептік нөмірі бар экспорт
немесе импорт жөніндегі
валюталық шарт бойынша
міндеттемелердің орындалуы
туралы ақпарат" әкімшілік
деректерін жинауға
арналған нысанға
қосымша

Есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы ақпарат (индексі – EICC_2, кезеңділігі – ай сайын)

Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірмеде "Есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы ақпарат" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша талаптар айқындалады.

      2. Нысан "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес әзірленді.

      3. Есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банк Нысанды толтырған кезде төлемдер және (немесе) ақша аударымдары, есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша міндеттемелерді орындаудың өзге де тәсілдері бойынша қолда бар деректерді пайдаланады.

      4. Есепті кезеңде ақпарат болмаған жағдайда Нысан ұсынылмайды.

      5. Деректерге түзетулер (өзгерістер, толықтырулар) Нысанды ұсыну үшін белгіленген мерзімнен кейін 2 (екі) ай ішінде енгізіледі.

2-тарау. Нысанды толтыру

      6. 1-бағанда экспорт немесе импорт бойынша валюталық шарттың есептік нөмірі көрсетіледі.

      7. 2-бағанда экспорт немесе импорт бойынша валюталық шартқа есептік нөмір берілген күн көрсетіледі.

      8. 3 және 10-бағандарда жөнелтушінің немесе алушының атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі.

      9. 4 және 11-бағандарда жөнелтушінің немесе алушының БСН көрсетіледі.

      10. 4, 5, 11 және 12-бағандар егер жөнелтуші немесе алушы резидент болып табылса толтырылады.

      11. 5 және 12-бағандарда жөнелтушінің немесе алушының ЖСН көрсетіледі.

      12. 6 және 13-бағандарда егер жөнелтуші немесе алушы заңды тұлға (оның филиалы) болып табылса, "1" белгісі немесе егер жөнелтуші немесе алушы дара кәсіпкер болып табылса, "2" белгісі көрсетіледі.

      13. 7 және 14-бағандарда ҚР ҰС ISO 3166-1 "Елдердің атауларын және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің бірліктерін ұсынуға арналған кодтар. 1-бөлім. Елдердің кодтары" ұлттық сыныптауышын пайдалана отырып толтырады.

      14. 8 және 15-бағандарда (егер жөнелтуші немесе алушы резидент болса) ҚР ҰС 11-2021 "Әкімшілік-аумақтық объектілердің сыныптауышы" Қазақстан Республикасының ұлттық сыныптауышына сәйкес жөнелтушінің немесе алушының заңды мекенжайы бойынша облыс кодының алғашқы екі цифрі көрсетіледі.

      15. 9 және 16-бағандар Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14365 тіркелген "Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 203 қаулысымен бекітілген Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларына (бұдан әрі – Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидалары) сәйкес толтырылады.

      16. 17-бағанда төлем және (немесе) ақша аударымы немесе міндеттемелердің өзге де орындалу күні көрсетіледі.

      17. 18-бағанда міндеттемелердің орындалу сомасы мың бірлікпен көрсетіледі.

      18. 19-бағанда ҚР ҰС 07 ISO 4217 "Валюталар мен қорларды белгілеуге арналған кодтар" ұлттық сыныптауышына сәйкес валютаның әріптік белгісі көрсетіледі.

      19. 20-баған мына сыныптауышты ескере отырып толтырылады:

      11 – аккредитив шеңберінде төлем және (немесе) ақша аударымы;

      12 – банк кепілдігі шеңберінде төлем және (немесе) ақша аударымы;

      13 – экспорт бойынша алдын ала ақы төлеу (импорт бойынша алдын ала жеткізу);

      14 – тауар жөнелтілгеннен кейін экспорт бойынша ақы төлеу (импорт бойынша тауарды төлегеннен кейін жеткізу);

      15 – бейрезидентке талап ету құқығын басқа резидентке есептеу, басқаға беру, резиденттің борышын басқа тұлғаға аудару;

      16 – бейрезиденттің міндеттемелерін орындамау тәуекелін сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру төлемін алу;

      17 – вексельді беру;

      18 – бағалы қағаздарды беру;

      19 – жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету;

      20 – Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы ішінде тауарларды өткізу;

      27 – тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге өткізу;

      28 – электрондық ақшаны сатып алу немесе өтеу;

      29 – міндеттемелердің өзгеше орындалуы.

      20. 21-баған мына белгілерді ескере отырып толтырылады:

      "1" – шығыс (бейрезиденттің пайдасына міндеттемелерді орындау);

      "2" – кіріс (экспорттаушының немесе импорттаушының пайдасына міндеттемелерді орындау).

      21. 22-баған Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидалары сәйкес төлемді және (немесе) ақша аударымын жүзеге асыру кезінде толтырылады. Қалған жағдайларда 22-баған толтырылмайды.

      22. 23-бағанда міндеттемелердің орындалу нөмірі көрсетіледі.

      23. 2 және 17-бағандар сегіз цифрді мына тәртіппен көрсету арқылы толтырылады: күні, айы, жылы.

      24. "Атауы", "Мекенжайы", "Телефоны", "Электрондық пошта мекенжайы", "Басшы немесе оның міндеттерін атқаратын адам" және "Орындаушысы" деген жолдар Нысанды қағаз тасымалдағышта ұсынған жағдайда толтырылады.

  Қазақстан Республикасында
экспорттық-импорттық
валюталық бақылауды
жүзеге асыру қағидаларына
16-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне

      Әкімшілік деректер нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурста орналастырылды

Есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы қозғалысы туралы ақпарат

      Индексі: EICC_3

      Кезеңділігі: ай сайын

      Есепті кезеңі: _____ жылғы ____ ай үшін

      Ақпарат ұсынатын адамдар тобы: мемлекеттік кірістер органы

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 10 (оныншы) күніне дейінгі (қоса алғанда) мерзімде

      Нысан

Кесте. Есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы қозғалысы туралы ақпарат

Тауарларға арналған декларациядағы тауардың нөмірі

Валюталық шарттың есептік нөмірінің деректемелері

Экспорт немесе импорт белгісі

Келісімшарттың деректемелері

Экспорттаушының немесе импорттаушының деректемелері

Нөмірі

Күні

Нөмірі

Күні

Бизнес-сәйкестендіру нөмірі
(бұдан әрі –БСН)

Жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН)

Заңды тұлға немесе дара кәсіпкердің белгісі

1

2

3

4

5

6

7

8

9










      кестенің жалғасы

Тауарларға арналған декларацияның нөмірі

Тауарларға арналған декларацияда көрсетілген кедендік рәсім

Шот бойынша тауардың сомасы

Тауардың шығарылған күні

Тауардың мәртебесі

Тауар мәртебесінің өзгерген күні

Тауардың құны

Статистикалық

Фактуралық

Жеткізу валютасы

Валюта бағамы

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19











      Атауы _____________________ Мекенжайы ________________________

      Телефоны ________________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы _________________________________________

      Орындаушысы ____________________________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), қолы, телефоны

      Басшы немесе оның міндеттерін атқаратын адам

      _______________________________________ ________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), қолы, телефоны

      Күні 20 ____ жылғы "____" ______________

  "Есептік нөмірі бар экспорт
немесе импорт жөніндегі
валюталық шарт бойынша
тауарлардың Еуразиялық
экономикалық одақтың
кедендік шекарасы арқылы
қозғалысы туралы ақпарат"
әкімшілік деректерін жинауға
арналған нысанға
қосымша

Есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы қозғалысы туралы ақпарат

Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

(индексі – EICC_3, кезеңділігі – ай сайын)

1. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірмеде "Есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы қозғалысы туралы ақпарат" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша талаптар айқындалады.

      2. Нысан "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес әзірленді.

      3. Нысанды мемлекеттік кірістер органы ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 10 (оныншы) күніне дейінгі (қоса алғанда) мерзімде жібереді.

      4. Нысанды толтыру кезінде мемлекеттік кірістер органы есепті айда есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт бойынша валюталық шарттар бойынша ресімделген тауарларға арналған декларациялар туралы және есепті айда есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт бойынша валюталық шарттар бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарлардың қозғалысы туралы бұрын жіберілген ақпарат бойынша өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы деректерді пайдаланады.

2. Нысанды толтыру

      5. 1-бағанда тауарларға арналған декларацияда тауардың реттік нөмірі көрсетіледі (тауарларға арналған декларацияның 32-бағаны).

      6. 2-бағанда экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың есептік нөмірі көрсетіледі (тауарларға арналған декларацияның 44-бағаны).

      7. 3-бағанда экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартқа есептік нөмір берілген күн көрсетіледі (тауарларға арналған декларацияның 44-бағаны).

      8. 4-бағанда мына белгілер көрсетіледі:

      "1" – егер экспорт жөніндегі валюталық шарт болса;

      "2" – егер импорт жөніндегі валюталық шарт болса.

      9. 5-бағанда экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың нөмірі (бар болса) көрсетіледі (тауарларға арналған декларацияның 44-бағаны).

      10. 6-бағанда экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың күні көрсетіледі (тауарларға арналған декларацияның 44-бағаны).

      11. 7-бағанда экспорттаушының немесе импорттаушының БСН көрсетіледі (тауарларға арналған декларацияның 9-бағаны).

      12. 8-тарауда экспорттаушының немесе импорттаушының ЖСН көрсетіледі (тауарларға арналған декларацияның 9-бағаны).

      13. 9-бағанда егер экспорттаушы немесе импорттаушы заңды тұлға (оның филиалы) болып табылса, "1" белгісі немесе егер экспорттаушы немесе импорттаушы дара кәсіпкер болып табылса, "2" белгісі көрсетіледі.

      14. 10-бағанда тауарларға арналған декларацияның тіркеу нөмірі (тауарларға арналған декларацияның әріптік бағаны) көрсетіледі.

      15. 11-баған Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларды декларациялау мақсаттары үшін мемлекеттік кірістер органының аумақтық бөлімшелері пайдаланатын сыныптауышқа сәйкес кедендік рәсімнің цифрлық белгісін көрсете отырып толтырылады (тауарларға арналған декларацияның 1-бағанының екінші кіші бөлімі).

      16. 12-бағанда шот бойынша тауардың жалпы сомасы көрсетіледі (тауарларға арналған декларацияның 22-бағаны).

      17. 13-бағанда мемлекеттік кірістер органының тауарды шығару (оның ішінде шартты шығару) туралы шешім қабылдаған күні көрсетіледі.

      18. 14-бағанда тауардың мәртебесі көрсетіледі (шығарылды, кері қайтарылды, шығарудан бас тартылды, шартты түрде шығарылды, түзетілді).

      19. 15-бағанда тауар мәртебесінің өзгерген күні көрсетіледі.

      20. 16-бағанда тауардың статистикалық құны Америка Құрама Штаттары долларының бірлігімен көрсетіледі (тауарларға арналған декларацияның 46-бағаны).

      21. 17-бағанда тауардың фактуралық құны жеткізу валютасының бірлігімен көрсетіледі (тауарларға арналған декларацияның 42-бағаны).

      22. 18-бағанда ҚР ҰС 07 ISO 4217 "Валюталар мен қорларды белгілеуге арналған кодтар" ұлттық сыныптауышына сәйкес жеткізу валютасының әріптік белгісі көрсетіледі.

      23. 19-бағанда фактуралық құнға қайта есептеу үшін пайдаланылған және тауарларға арналған декларацияда көрсетілген валюта бағамы көрсетіледі.

      24. 3, 6, 13, 15-бағандар сегіз цифрді мына тәртіппен көрсету арқылы толтырылады: күні, айы, жылы.

  Қазақстан Республикасында
экспорттық-импорттық
валюталық бақылауды
жүзеге асыру қағидаларына
17-қосымша

      Нысан

Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш бойынша ақпарат алуға электрондық сұрату

      Электрондық сұрату нысанын ұсынатын адамдар тобы: есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банк, есептік тіркеу банкі болып табылатын Ұлттық Банктің аумақтық филиалы

      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне

  Есептік тіркеу банкі болып
табылатын уәкілетті банктің,
есептік тіркеу банкі болып
табылатын
Ұлттық Банктің аумақтық
филиалының бизнес-
сәйкестендіру нөмірі
(бұдан әрі – БСН)
_________________________

Келісімшарттың есептік нөмірінің деректемелері

Экспорт немесе импорт белгісі

Резиденттің деректемелері

Бейрезиденттің деректемелері

Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштің нөмірі

Нөмірі

Күні

1

2

3

4

5

5







  "Тауарларды әкелу және жанама
салықтарды төлеу туралы өтініш
бойынша ақпарат алуға
электрондық сұрату" нысанына
қосымша

Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш бойынша ақпарат алуға электрондық сұрату

Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      1. 1-бағанда экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың есептік нөмірі көрсетіледі.

      2. 2-бағанда экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартқа есептік нөмір берілген күн көрсетіледі.

      3. 3-бағанда мына белгілер көрсетіледі:

      "1" - егер экспорт жөніндегі валюталық шарт болса;

      "2" - егер импорт жөніндегі валюталық шарт болса.

      4. 4-бағанда экспорттаушы немесе импорттаушының БСН немесе ЖСН көрсетіледі.

      5. 5-бағанда валюталық бақылау құжатында көрсетілген бейрезиденттің сәйкестендіргіші (бар болса) көрсетіледі.

      6. 6-бағанда импорт кезінде тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштің тіркеу нөмірі не экспорт кезінде Еуразиялық экономикалық одақтың салық органында тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштің тіркелгені туралы белгі нөмірі көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасында
экспорттық-импорттық
валюталық бақылауды
жүзеге асыру қағидаларына
18-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне

      Әкімшілік деректер нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурста орналастырылды

Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы сұратылған өтініш бойынша ақпарат

      Индексі: EICC_4

      Кезеңділігі: сұрату бойынша

      Есепті кезеңі: күн сайын

      Ақпарат ұсынатын адамдар тобы: мемлекеттік кірістер органы

      Ұсыну мерзімі: электрондық сұрату келіп түскен күннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде

      Нысан

Кесте. Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы сұратылған өтініш бойынша ақпарат

Тауарларды әкелу туралы өтініштің деректемелері

Экспорт немесе импорт белгісі

Шот-фактура

Тауардың құны

Валюта коды

Тауарды есепке алу күні

Нөмірі

Күні

Нөмірі

Күні

1

2

3

4

5

6

7

8









      кестенің жалғасы

Келісімшарттың деректемелері

Экспорттаушының немесе импорттаушының деректемелері

Салық органының жанама салықтарды төлеу не қосылған құн салығын және (немесе) акциздерді салық салудан босату туралы белгі қою күні

Бейрезиденттің деректемелері

Атауы

Сәйкестендіру нөмірі

Елдің коды

Нөмірі

Күні

9

10

11

12

13

14

15








      Атауы _____________________ Мекенжайы ________________________

      Телефоны ________________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы _________________________________________

      Орындаушысы ____________________________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), қолы, телефоны

      Басшы немесе оның міндеттерін атқаратын адам

      _______________________________________ ________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), қолы, телефоны

      Күні 20 ____ жылғы "____" ______________

  "Тауарларды әкелу және
жанама салықтарды
төлеу туралы сұратылған
өтініш бойынша ақпарат"
әкімшілік деректерін
жинауға арналған нысанға
қосымша

Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы сұратылған өтініш бойынша ақпарат (индексі – EICC_4, кезеңділігі – күн сайын)

Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме

1. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірмеде "Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы сұратылған өтініш бойынша ақпарат" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша талаптар айқындалады.

      2. Нысан "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес әзірленді.

      3. Нысанды мемлекеттік кірістер органы тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туа3-ралы Ұлттық Банктің өтініші бойынша ақпаратты алуға электрондық сұратуды алғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде ақпараттық жүйе арқылы кейіннен Ұлттық Банктің электрондық сұратуға бастамашы болған уәкілетті банкке немесе Ұлттық Банктің аумақтық филиалына беруі үшін жібереді.

      4. Нысанды толтыру кезінде мемлекеттік кірістер органы Еуразиялық экономикалық одақтың салық органдары қабылдаған және экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттар бойынша ресімделген тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштер бойынша деректерді пайдаланады.

2. Нысанды толтыру

      5. 1-бағанда тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштің тіркеу нөмірі көрсетіледі.

      6. 2-бағанда тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштің тіркеу нөмірі берілген күн көрсетіледі.

      7. 3-бағанда тауардың бағыты көрсетіледі:

      "1" - экспорт;

      "2" - импорт.

      8. 4-бағанда шот-фактураның нөмірі көрсетіледі.

      9. 5-бағанда шот-фактураның күні көрсетіледі.

      10. 6-бағанда шот-фактурадан немесе көлік (тауарға ілеспе) құжаттарынан не тауарды сатып алуды немесе сатуды растайтын өзге құжаттан алынған мәліметтер негізінде тауардың құны көрсетіледі.

      11. 7-бағанда 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 бекітілген "Кеден құжаттарын толтыру үшін пайдаланатын сыныптауыштар туралы" Кеден одағы Комиссиясының шешіміне (бұдан әрі – КОК № 378 шешімі) 23-қосымшада көзделген валюталар сыныптауышына сәйкес валютаның үш таңбалы сандық коды көрсетіледі.

      12. 8-бағанда импорттаушының немесе бейрезиденттің тауарды есепке қабылдаған күні көрсетіледі.

      13. 9-бағанда шарттың (келісімшарттың) нөмірі (бар болса) көрсетіледі.

      14. 10-бағанда шарттың (келісімшарттың) күні көрсетіледі.

      15. 11-бағанда экспорттаушының немесе импорттаушының деректемелері (бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі) көрсетіледі.

      16. 12-бағанда салық органының жанама салықтардың төленгені не қосылған құн салығын және (немесе) акциздерді төлеуден босатылғаны туралы белгі қойылған күні көрсетіледі.

      17. 13, 14 және 15-бағандарда тиісінше, бейрезиденттің атауы, сәйкестендіру коды (нөмірі), КОК-тың №378 шешіміне 22-қосымшада көзделген әлем елдерінің сыныптауышына сәйкес бейрезидент елінің әріптік коды көрсетіледі.

      18. 2, 5, 8, 10 және 12-бағандар сегіз цифрлі мына тәртіппен көрсету арқылы толтырылады: күні, айы, жылы.

  Қазақстан Республикасында
экспорттық-импорттық
валюталық бақылауды
жүзеге асыру қағидаларына
19-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне

      Әкімшілік деректер нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурста орналастырылды

Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш бойынша бұрын мемлекеттік кірістер органы жіберген ақпарат бойынша мәліметтердің өзгеруі туралы ақпарат

      Индексі: EICC_5

      Кезеңділігі: бұрын мемлекеттік кірістер органы жіберген тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштегі мәліметтердің өзгеруіне қарай

      Есепті кезеңі: өзгеруіне қарай

      Ақпарат ұсынатын адамдар тобы: мемлекеттік кірістер органы

      Ұсыну мерзімі: бұрын мемлекеттік кірістер органы жіберген тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш өзгерген күннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде

      Нысан

Кесте. Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш бойынша бұрын мемлекеттік кірістер органы жіберген ақпарат бойынша мәліметтердің өзгеруі туралы ақпарат

Бұрын Ұлттық Банктің электрондық сұратуы негізінде мемлекеттік кірістер органы жіберген тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштің деректемелері

Импортталған тауарлар бағасының өзгеруіне байланысты қайтарып алынған немесе ұсынылған тауарлардың орнына ұсынылған тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы жаңа өтініштің деректемелері

Нөмірі

Күні

Мәртебесі

Нөмірі

Күні

1

2

3

4

5






      Атауы _____________________ Мекенжайы ________________________

      Телефоны ________________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы _________________________________________

      Орындаушысы ____________________________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), қолы, телефоны

      Басшы немесе оның міндеттерін атқаратын адам

      _______________________________________ ________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), қолы, телефоны

      Күні 20 ____ жылғы "____" ______________

  "Тауарларды әкелу және
жанама салықтарды төлеу
жөніндегі өтініш туралы
бұрын мемлекеттік кірістер
органы жіберген ақпарат
бойынша мәліметтердің
өзгеруі туралы ақпарат"
әкімшілік деректерін
жинауға арналған нысанға
қосымша

Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу жөніндегі өтініш туралы бұрын мемлекеттік кірістер органы жіберген ақпарат бойынша мәліметтердің өзгеруі туралы ақпарат

(индексі – EICC_5, кезеңділігі – бұрын мемлекеттік кірістер органы жіберген тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштің өзгеруіне қарай)

Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме

1. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірмеде "Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу жөніндегі өтініш туралы бұрын мемлекеттік кірістер органы жіберген ақпарат бойынша мәліметтердің өзгеруі туралы ақпарат" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша талаптар айқындалады.

      2. Нысан "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес әзірленді.

      3. Нысанды мемлекеттік кірістер органы бұрын мемлекеттік кірістер органы электрондық сұрату негізінде жіберген тауарды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш бойынша мәліметтер өзгерген кезде ақпараттық жүйе арқылы жібереді.

      4. Нысанды толтыру кезінде мемлекеттік кірістер органы Еуразиялық экономикалық одақтың салық органдары қабылдаған және экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттар бойынша ресімделген тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштер бойынша мәліметтерді пайдаланады.

2. Нысанды толтыру

      5. 1-бағанда ақпаратты бұрын мемлекеттік кірістер органы электрондық сұрату негізінде жіберген тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштің нөмірі көрсетіледі.

      6. 2-бағанда ақпаратты бұрын мемлекеттік кірістер органы электрондық сұрату негізінде жіберген тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштің күні көрсетіледі.

      7. 3-бағанда ақпаратты бұрын Ұлттық Банктің электрондық сұратуы негізінде мемлекеттік кірістер органы жіберген тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштің мәртебесі көрсетіледі:

      "1" - жоюға байланысты кері қайтарылды;

      "2" - жаңасына ауыстыруға байланысты қайтарып алынды;

      "3" - бағаның өзгеруіне байланысты толықтырылды.

      8. 4-бағанда қайтарып алынған немесе импортталған тауарлар бағасының өзгеруіне байланысты ұсынылған тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы жаңа өтініштің нөмірі көрсетіледі.

      9. 5-бағанда қайтарып алынған немесе импортталған тауарлар бағасының өзгеруіне байланысты ұсынылған тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы жаңа өтініштің күні көрсетіледі.

      10. 2 және 5-бағандар сегіз цифрді мына тәртіппен көрсету арқылы толтырылады: күні, айы, жылы.