Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі басшысының 2023 жылғы 6 маусымдағы № 20 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 7 маусымда № 32726 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің жергілікті соттардың жұмысын үйлестіру бөлімі қамтамасыз етсін:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ресми интернет-ресурсында орналастыру.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі басшысының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Сот әкімшілігінің басшысы
Н. АХМЕТЗАКИРОВ

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Сот әкімшілігінің басшысы
2023 жылғы 6 маусымдағы
№ 20 Бұйрыққа
қосымша

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының, өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Сот отырысының барысын түсіріп алуды қамтамасыз ететін аудио-, бейнежазба құралдарын техникалық қолдану, аудио-, бейнежазбаны сақтау және жою, аудио-, бейнежазбаға қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының 2015 жылғы 24 қарашадағы № 6001-15-7-6/486 бұйрығында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12457 болып тіркелді):

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Сот отырысының хатшысы аудио-, бейнежазба құралдарын қолдану мүмкін болмаған жағдайда аудио-, бейнежазбаны қолданбау себебін сот отырысының хаттамасында міндетті түрде көрсете отырып, бұл туралы судьяға баяндайды. Сот отырысы аяқталғаннан кейін сот отырысының хатшысы аудио-, бейнежазба құралдарының техникалық ақаулықтары туралы аудандық және оған теңестірілген Сот әкімшісінің басшысын (бұдан әрі - Сот әкімшісі) хабардар етеді, ол өз кезегінде Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі департаментінің (бұдан әрі – Сот әкімшілігі департаменті) тиісті құрылымдық бөлімшесінің қызметкерін хабардар етеді.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Бірінші сатыдағы сотта актіге сот отырысының хатшысы мен Сот әкімшісі қол қояды және сот отырысының хаттамасына тіркеледі.

      Апелляциялық сатыдағы сотта актіге сот отырысының хатшысы, Сот әкімшілігі департаментінің тиісті құрылымдық бөлімшесінің басшысы мен қызметкері қол қояды және сот отырысының хаттамасына қоса тіркеледі.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Бірінші және апелляциялық сатылардағы сот отырыстарының аудио-, бейнежазбалары күн сайын регламенттелген уақытта бірінші сатыдағы соттардың деректері репликацияланып, Сот әкімшілігі департаментінің аудио -, бейнежазба құралдары жүйесінің серверінде сақталады.".

      2. "Бейнеконференцбайланыс құралдарын техникалық қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының 2018 жылғы 7 маусымдағы № 6001-18-7-6/185 бұйрығында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 17124 болып тіркелді):

      2-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Сот әкімшілігінің бейнеконференцбайланыс жүйесін үйлестіруші -соттардағы бейнеконференцбайланыс жүйесінің жұмысын үйлестіру үшін Сот әкімшілігінің басшысы айқындайтын Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің тиісті құрылымдық бөлімшесінің қызметкері.";

      3) Сот әкімшілігі департаментінің бейнеконференцбайланыс жүйесінің үйлестірушісі - бірінші және апелляциялық сатыдағы соттарда бейнеконференцбайланыс жүйесінің жұмысын үйлестіру үшін Сот әкімшілігі департаментінің басшысы айқындайтын Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі департаментінің қызметкері;";

      7-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Мыналар бейнеконференцбайланысты ұйымдастыруға және өткізуге қатысушылар болып табылады:

      1) сот тарапынан:

      төрағалық етуші;

      судья;

      сот отырысының хатшысы;

      сот приставы;

      Сот әкімшілігінің/Сот әкімшілігі департаментінің бейнеконференцбайланыс жүйесінің үйлестірушісі;

      техникалық маман;";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Бірінші және апелляциялық сатыдағы соттарда бейнеконференцбайланыс құралдарын қолдану арқылы сот отырысын өткізудің күні мен уақыты Сот әкімшілігі департаментінің бейнеконференцбайланыс жүйесінің үйлестірушісімен келісіледі.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Кассациялық сатыда бейнеконференцбайланыс құралдарын қолдану арқылы сот отырысын өткізудің күні мен уақыты Сот әкімшілігінің бейнеконференцбайланыс жүйесінің үйлестірушісімен келісіледі.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Техникалық ақауларды жою мүмкін болмағанда, техникалық не өзге де себептер бойынша сот отырысының басталуы кешіктірілген жағдайда, сот отырысының хатшысы техникалық мүмкіндіктің болмауы жөнінде акт толтырады (еркін түрде), оған аудандық және оған теңестірілген Сот әкімшісінің басшысы, сот отырысының хатшысы және техникалық маман қол қояды. Бейнеконференцбайланыс құралдарын қолданудың техникалық мүмкіндігінің болмағаны туралы акт іс материалдарына қоса тіркеледі.";

      3. "Соттарға құжаттарды электрондық құжат нысанында беру құралдарын техникалық қолдану, оларды тіркеу, өңдеу, олармен танысу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының 2018 жылғы 9 маусымдағы № 6001-18-7-6/188 бұйрығында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 17148 болып тіркелді):

      18–тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Арыз беруші өтініш беру кезінде "Өтініш беру" бөлімін таңдауды жүзеге асырады және электрондық нысанды толтырады. Келіп түскен өтініштер Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне (ары қарай - ӘРПК) сәйкес қаралады.";

      23–тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Электронды құжатты СО АЖ-да аумақтық бөлімшелердің жауапты қызметкерлері бір жұмыс күні ішінде тіркейді.";

      24-тармақтың 2) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      2) ӘРПК-ға сәйкес қаралуға жататын өтініштерді қоспағанда, құжат қайта жіберілгенде және бұрын СО АЖ-да тіркелгенде;

      6) Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің аумақтық бөлімшелерінің қызметкері көрсеткен өзгеде себептер болған кезде.".

      4. "Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын қолдану қағидаларын және оларға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының 2019 жылғы 15 қазандағы № 7 бұйрығында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 19499 болып тіркелген):

      2 - тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) бейнеконференцбайланысты ұйымдастыруды қамтамасыз ететін адамдар - бейнеконференцбайланысты өткізу жөніндегі жұмыстарын үйлестіру үшін Сот әкімшілігінің/Сот әкімшілігі департаментінің басшысы айқындайтын Сот әкімшілігінің құрылымдық немесе аумақтық бөлімшелерінің/Сот әкімшілігі департаментінің қызметкерлері.";

      12 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Судья қарарының негізінде сот отырысының хатшысы үш жұмыс күнінен кешіктірмей іс қаралатын өңірдегі Сот әкімшілігі департаменттеріне, сондай-ақ бейнеконференцбайланысты қамтамасыз ететін соттың немесе мекемеге және тиісті өңірдің Сот әкімшілігі департаментіне (егер процеске қатысушы жеке байланыс құралдарын пайдалана отырып қатысуға мүмкіндігі болмаса) бейнеконференцбайланысты өткізуді ұйымдастыру туралы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес техникалық байланыс құралдарын қолдана отырып, сот отырысын өткізуді ұйымдастыру туралы өтінім (бұдан әрі – өтінім) жібереді. Жедел өзара іс-қимыл жасау мақсатында, сот отырысының хатшысы өтінімді электрондық пошта арқылы жіберу мүмкін, мұндай жіберу тәсілі сот немесе мекемемен алдын ала келісіледі.";

      18–тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Техникалық ақаулықтарды жою мүмкін болмаған жағдайда істі қарайтын сот Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 198-бабына сәйкес істі одан әрі талқылау мәселесін шешеді. Еркін нысанда акт жасалады, оған Аудандық және оған теңестірілген сот әкімшісінің басшысы мен сот отырысының хатшысы қол қояды және іс материалдарына қоса тігіледі.";

      5. "Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту және кейбір нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының 2020 жылғы 13 сәуірдегі № 13 бұйрығында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 20393 болып тіркелген):

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 19 қаңтардағы № 106 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Сот Әкімшілігі туралы ереженің 6-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңының" 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      2 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. "Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі және оның облыстардағы, республикалық маңызы бар қалаларда және астананың аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы қағаз тасығышта не "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі-портал) арқылы электронды түрде, не Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігінің кеңсесі арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша апостиль қоюға өтінішті осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою жөніндегі" мемлекеттік көрсетілетін қызмет Тізбесінің (бұдан әрі – Тізбе) 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бірге береді.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижелерін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар Тізбеде берілген.";

      11–тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Өтініштер Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері арқылы келіп түскен жағдайда, апостиль қойылатын құжатты талап ету қажет болған кезде көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері соттың әкімшілендіру саласындағы уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшесіне сұрау салу жібереді.";

      Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік қызмет көрсету Қағидаларына 1-қосымшаның 2 және 3-жолдары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Көрсетілетін қызмет берушінің атауы - Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі және оның облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелері.;

      3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері - Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі-Мемлекеттік корпорация);

      2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі-портал);

      3) Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерінің өтініштері бойынша Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.".

      6. "Электрондық құжатқа қойылатын техникалық талаптар және оның соттың автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде айналыс қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының 2020 жылғы 29 шілдедегі № 18 бұйрығында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21065 болып тіркелген):

      5–тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Электрондық құжатқа қоса берілетін құжаттар көшірмелерінің рұқсат етілетін форматтары:

      1)PDF, PDF/A-1, TIFF, JPEG, JPG – графикалық формат;

      2)RTF, DOCX – мәтіндік формат;

      3)XLS, XLSX – кестелік формат.

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. "Электрондық үкімет" веб-порталынан сотқа электрондық құжаттарды беру веб-порталдың тиісті электрондық қызметімен қамтамасыз етіледі. Авторизациялау рәсімінен өткеннен кейін өтініш беруші "құқықтық көмек" бөлімі арқылы "сот ісін жүргізу" сервисінің электрондық қызметтерінің бірін таңдайды":

      1) талап қоюды сотқа беру;

      2) сот хаттамасын беру туралы өтінішті электрондық түрде беру;

      3) сот отырысының хаттамасына электрондық өтініш-арыз беру.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Өтініш беруші талап қоюдың (арыздың), шағымның, өтінішхаттың, кері қайтарып алудың және АПК-де белгілеген талаптарға сәйкес келетін басқа да құжаттардың электрондық нысанын толтырады.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Талап қоюды (арызды), шағымды, өтінішті, кері қайтарып алуды және басқа құжаттарды тіркеу мәртебесі және қарау барысы "менің істерім" қосымша бетінде қаралады.";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. ЭЦҚ қойылған талап қоюды, апелляциялық шағымдарды, өтініштерді электрондық түрде берген кезде оларға қоса берілген барлық құжаттар АПК-нің талаптарына сәйкес болуы тиіс.";

      35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "35. СО ААТЖ-да электрондық құжаттарды тіркеуді және бөлуді Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің аумақтық бөлімшелерінің жауапты қызметкерлері соттарда іс жүргізуге қойылатын жалпы талаптарға сәйкес бір жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.";

      42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "42. Электрондық форматта қаралған іс бойынша сот актісі электрондық құжат форматында да, қағаз форматта да жасалады. Қалған жағдайларда, судья (судьялар) өз қолымен қол қойған жазбаша форматтағы сот актісімен қатар, СО ААТЖ-ға салу үшін электрондық құжат ресімделеді, оған судьяның (судьялардың) ЭЦҚ-сы қол қойылады.".