"Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларын бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 22-НҚ нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2023 жылғы 13 ақпандағы № 4-НҚ нормативтік қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 15 ақпанда № 31905 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларын бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 22-НҚ нормативтік қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12720 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата) "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 5-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 39-бабының 5-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау тәртібін айқындайды.";

      2-тармақтың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) Ұлттық комиссияның жұмыс органы – қызметі Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 23-НҚ нормативтік қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12680 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия туралы ережемен (бұдан әрі – Ұлттық комиссия туралы ереже) айқындалатын Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата).";

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. "Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау" мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Жоғары аудиторлық палата көрсетеді.

      "Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 6-1-қосымшада келтірілген.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Білімді растауды "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалған ұйым (бұдан әрі – білімді растау жөніндегі ұйым) жүргізеді.

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес білімді растау жөніндегі ұйым айқындалмаған жағдайда, білімді растауды Заңның 12-бабы 4-тармағының 8) тармақшасына және 14-бабының 6) тармақшасына сәйкес:

      сыртқы мемлекеттік аудитті жүзеге асыратын кандидаттар үшін – Жоғары аудиторлық палата;

      ішкі мемлекеттік аудитті жүзеге асыратын кандидаттар үшін – ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) ұйымдастырады.

      Білімді растау компьютерлік техниканы пайдалана отырып, біліктілік емтихандарын тапсыру жолымен жүргізіледі, қажет болған жағдайда қашықтық форматында жүргізіледі.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Пәндер бойынша біліктілік емтихандарын өткізудің күнтізбелік жылға арналған кестесін:

      сыртқы мемлекеттік аудитті жүзеге асыратын кандидаттар үшін – Жоғары аудиторлық палатаның;

      ішкі мемлекеттік аудитті жүзеге асыратын кандидаттар үшін – уәкілетті органның келісімі бойынша білімді растау жөніндегі ұйым айқындайды.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалған білімді растау жөніндегі ұйым:

      сыртқы мемлекеттік аудитті жүзеге асыратын кандидаттар үшін – Жоғары аудиторлық палатамен;

      ішкі мемлекеттік аудитті жүзеге асыратын кандидаттар үшін – уәкілетті органмен келісілген емтихан модульдері бойынша біліктілік емтиханын өткізу арқылы біліктілік емтиханын ұйымдастырады.

      Емтихан модульдері қолданыстағы заңнама мен мемлекеттік аудиттің халықаралық стандарттары ескеріле отырып, қазақ және орыс тілдерінде әзірленеді және жыл сайын жаңартылуға жатады. Емтихан модульдерінде пәндерге байланысты тест сұрақтары мен кешенді ахуалдық тапсырмалар қамтылады.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Білімді растау жөніндегі ұйым біліктілік емтихан өткізген кезде тиісті мемлекеттік органның:

      сыртқы мемлекеттік аудитті жүзеге асыратын кандидаттар үшін – Жоғары аудиторлық палатаның;

      ішкі мемлекеттік аудитті жүзеге асыратын кандидаттар үшін – уәкілетті органның өкілі қатысады.

      Жоғары аудиторлық палатаның өкілі білімді растау жөніндегі ұйымды алдын ала хабардар ете отырып, ішкі мемлекеттік аудитті жүзеге асыратын кандидаттар үшін өткізілетін біліктілік емтиханының кез келген кезеңіне қатысады.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Білімді растау жөніндегі ұйым емтихан комиссиясын:

      сыртқы мемлекеттік аудитті жүзеге асыратын кандидаттар үшін – Жоғары аудиторлық палатамен;

      ішкі мемлекеттік аудитті жүзеге асыратын кандидаттар үшін – уәкілетті органмен келісе отырып, адамдардың тақ санынан (кемінде бесеу) қалыптастырады.

      Емтихан комиссиясының құрамына: білімді растау жөніндегі ұйымның үш өкілі, сыртқы мемлекеттік аудитті жүзеге асыратын кандидаттар үшін Жоғары аудиторлық палатаның бір өкілі, ішкі мемлекеттік аудитті жүзеге асыратын кандидаттар үшін уәкілетті органның бір өкілі, үкіметтік емес ұйымның бір өкілі кіреді.";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Біліктілік емтиханын тапсыра алмаған кандидат оны біліктілік емтиханын тапсыра алмаған күнінен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күннен ерте емес, бірақ сертификаттаудың белгілі бір пәнінен біліктілік емтиханын тапсырма алмаған күнінен бастап 1 (бір) жылдан кешіктірмей қайта тапсырады.

      Кандидат осы Қағидаларда белгіленген мерзімдерде біліктілік емтиханын тапсырмаған жағдайда, бұрын тапсырылған біліктілік емтихандарының оң нәтижелері жойылады, содан кейін кандидат сертификаттаудың барлық пәнін ақылы негізде қайта тапсырады.

      Осы кезең ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1033 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12733 болып тіркелген) бекітілген Екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленген аурулар тізбесіне кіретін ауруға, 6 (алты) айдан астам іссапарда болуына, мемлекеттік тапсырыс немесе тағылымдама шеңберінде оқуына, мерзімді әскери қызметке шақырылуына байланысты біліктілік емтиханын тапсыра алмаған кандидат бұрын тапсырылмаған сертификаттау пәнінен біліктілік емтиханын қайта тапсырады.

      6 (алты) айдан астам іссапарда, мемлекеттік тапсырыс немесе тағылымдама шеңберінде оқуда, сондай-ақ әскерге шақыру бойынша мерзімді әскери қызметте болған кандидат бұрын тапсырылмаған сертификаттау пәні бойынша біліктілік емтиханын оны аяқтаған күнінен бастап 1 (бір) жыл ішінде қайта тапсырады.

      Біліктілік емтиханын қайта тапсыру күні білімді растау жөніндегі үйымның тиісті күнтізбелік жылға арналған Біліктілік емтихандарының бекітілген кестесіне сәйкес белгіленеді.";

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Білімді растау жөніндегі ұйым апелляциялық комиссияны:

      сыртқы мемлекеттік аудитті жүзеге асыратын кандидаттар үшін – Жоғары аудиторлық палатамен;

      ішкі мемлекеттік аудитті жүзеге асыратын кандидаттар үшін – уәкілетті органмен келісе отырып, сертификаттау бойынша маманданудың (пәннің) тиісті салаларында сарапшылар болып табылатын және емтихан комиссиясының құрамына кірмейтін кемінде үш мүшеден тұратын құрамда қалыптастырады және бекітеді.";

      41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. Ұлттық комиссияда әңгімелесу үшін жоғары санатты мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарында мемлекеттік аудитор болып соңғы 5 (бес) жыл бойы жұмыс істейтін және:

      1) мемлекеттік аудитор сертификаты;

      2) мына халықаралық кәсіби ұйымдардың бірі: ICAEW (Institute of Chartered Accountants in England and Wales) (Англия мен Уэльстің алқа бухгалтерлер институты), АССА (Association of Chartered Certified Accountants) (Сертификатталған алқа бухгалтерлер қауымдастығы), CIPFA (Chartered Institute of Public Finance and Accountancy) (Мемлекеттік секторға арналған халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша диплом), IIA (Institute of Internal Auditors) (Ішкі аудиторлар институты) берген мына кәсіби біліктіліктердің бірі: ACA (Associated Chartered Accountant) (Қауымдастырылған дипломы бар бухгалтер), ACCA (Association of Chartered Certified Accountants) (Сертификатталған алқа бухгалтерлер қауымдастығы), CIPFA (Chartered Institute of Public Finance and Accountancy) (Мемлекеттік секторға арналған халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша диплом), CIPFA DipIPSAS-пен (Diploma in international public sector accounting standards) (Мемлекеттік сектордағы бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттары бойынша диплом) бірге CIPFA public auditor (Chartered Institute of Public Finance and Accountancy Public Auditor) (Дипломды мемлекеттік қаржы және бухгалтерлік есеп институты мемлекеттік аудитор), CIA (Certified Internal Auditor) (Дипломы бар ішкі аудитор), АССА F8 (Audit and Assurance) не АССА F8-пен (Аудит және анықтықты растау) бірге IPSAS АССА (Certificate in International Public Sector Accounting Standards) (Мемлекеттік сектордағы бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттары бойынша сертификат) (орыс тілінде) бар екенін растайтын құжаты;

      3) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Дүниежүзілік банкпен бірлесіп әзірлеген, ішкі мемлекет аудит және қаржылық бақылау органдары үшін қолданылатын сертификатпен (Public Audit and Assurance) (Мемлекеттік аудит және анықтықты растау) IPSAS АССА (Certificate in International Public Sector Accounting Standards) (Мемлекеттік сектордағы бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттары бойынша сертификат) кәсіби біліктілігінің бар екенін растайтын құжаты;

      4) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының жүйесінде соңғы екі жыл ішінде мемлекеттік аудиторлар қызметінің тиімділігін бағалаудың оң нәтижесі бар;

      5) алынбаған тәртіптік жазалары жоқ кандидат жіберіледі.

      Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жүйесінде кемінде 5 (бес) жыл жұмыс өтілі бар Жоғары аудиторлық палатаның және тексеру комиссияларының төрағалары, мүшелері, аппарат басшылары, Министрліктің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы мен орынбасарлары, Министрліктің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің аумақтық ішкі мемлекеттік аудит департаменттерінің басшылары мен орынбасарлары, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың ішкі мемлекеттік аудит қызметтерінің басшылары мен орынбасарлары (болған жағдайда) Қағидалардың осы тармағының 1), 2), 3) және 5) тармақшаларының талаптарына сәйкес жоғары санатты мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге Ұлттық комиссияға әңгімелесу үшін жіберіледі.";

      42-тармақ алып тасталсын;

      3-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-параграф. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі";

      43 және 44-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "43. Тиісті деңгейдегі мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге кандидат (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік қызметті алу үшін Жұмыс органына (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) қағаз түрінде мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушы үміт білдірген тиісті деңгейдегі мемлекеттік аудитор біліктілігі көрсетілген өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      3) жоғары білімінің болуын растайтын құжаттың қосымшаларымен бірге көшірмесі.

      Шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушінің шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттың (келісімнің) қолданылу аясына жататын білім туралы құжаттарды қоспағанда, білім беру саласындағы уәкілетті орган берген осы білім туралы құжаттарды тану немесе нострификациялау туралы куәліктердің көшірмелері қоса беріледі.

      Білімі туралы құжаттарға "Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамы берген "Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиантының мәртебесі туралы ақпарат қоса беріледі.

      Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттың (келісімнің) қолданылу аясына жататын білім туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген білім туралы осы құжаттарды тану туралы анықтамалардың көшірмелері қоса беріледі.

      Егер құжат (диплом/сертификат) және оған қосымшалар шет тілінде болса, белгіленген тәртіппен нотариат куәландырған қазақ және (немесе) орыс тіліндегі аудармасы ұсынылады.

      4) еңбек кітапшасының көшірмесі, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан аударымдардың бүкіл кезеңіндегі аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы үзінді көшірмелер.

      Мемлекеттік қызметшілер үшін "Мемлекеттік қызметті өткерудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) сәйкес ресімделген қызметтік тізім.

      5) бухгалтерлік есеп, аудит және қаржы саласында ұлттық немесе халықаралық кәсіби біліктілік берілгені туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);

      6) осы Қағидаларға 3 және 4-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша білімді растау жөніндегі ұйым берген ішкі мемлекеттік аудитор, мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдар үшін білімді растау жөніндегі құжаттардың көшірмесі;

      7) жеке деректердің (аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі) өзгергенін растайтын құжаттың көшірмесі;

      8) 3x4 көлеміндегі 1 (бір) фотосурет (жеке іске);

      9) осы Қағидаларға 5-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру туралы өтініш;

      10) жоғары санатты мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдар үшін мемлекеттік аудитор сертификатының көшірмесі;

      11) осы Қағидалардың 41-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген халықаралық кәсіби біліктіліктердің бірін иелену туралы құжаттың көшірмесі.

      Осы тармақтың 2), 3), 4), 5), 6), 7), 10) және 11) тармақшаларында көзделген құжаттар персоналды басқару қызметінің (кадр қызметі) қолымен және мөрімен (мөртабанымен) куәландырылған не нотариат куәландырған нысанда ұсынылады.

      Құжат тігілетін папкада барлық құжат бекітіледі, оның беткі жағында: осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша №__ жеке іс, көрсетілетін қызметті алушының аты және әкесінің аты (болған жағдайда), тегі, ресімделу күні көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының өтініш берген кезде өтелмеген немесе заңнамада белгіленген тәртіппен алынбаған сотталғандығы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.";

      44. Көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінің жұмыскері қабылдап, электрондық құжат айналымының ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) құжаттар келіп түскен күні тіркейді.

      Құжаттар құрылымдық бөлімшенің жауапты қызметкеріне 2 (екі) жұмыс күні ішінде жіберіледі.";

      46 және 47-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "46. Көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттардың толықтығын және кандидаттың осы Қағидалардың 38, 39, 40, 41 және 43-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеруді ұйымдастырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы Қағидалардың 43-тармағына және Тізбенің 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.";

      47. Тізбедегі 10-тармақта белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер бар болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтініштің тіркелген күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға әңгімелесуге жіберуден жазбаша түрде дәлелді бас тартуды жібереді.

      Осы тармақта көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттарды қайта беруге тыйым салуға әкеп соқпайды.";

      50-тармақ алып тасталсын;

      52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "52. Көрсетілетін қызметті алушылардың әңгімелесуден өтуге кезектілігі олардың құжаттарының ақпараттық жүйеде тіркелген күні мен нөміріне қарай айқындалады.

      Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының жүйесінде жұмыс істеп жүрген жұмыскер болып табылатын көрсетілетін қызметті алушы Ұлттық комиссияның Төрағасына мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органының басшысы енгізген уәжделген өтінішхат негізінде және оң шешім қабылданған жағдайда Ұлттық комиссияның кезекті әңгімелесуіне жіберіледі.

      Ұлттық комиссияның отырыстары Ұлттық комиссия туралы ережеге сәйкес тоқсанына кемінде 1 (бір) рет өткізіледі.";

      58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "58. Ұлттық комиссияның шешімі әңгімелесу аяқталған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде хаттамамен ресімделеді және Ұлттық комиссия отырысының хаттамасына қол қойылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Жұмыс органының интернет-ресурсына орналастырылады.";

      60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "60. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) айдан кейін мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттарын (бірақ жылына 2 (екі) реттен көп емес) қайта тапсырады.

      Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.".

      мынадай мазмұндағы 60-1, 60-2, 60-3 және 60-4-тармақтармен толықтырылсын:

      "60-1. Тізбенің 10-тармағында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер бар болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 73-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты, күні мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама алдын ала, бірақ мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей жіберіледі. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Қарау нәтижелері бойынша сертификат беру туралы шешім қабылданады немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту туралы шешім қалыптастырылады.

      60-2. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған әкімшілік органға, лауазымды адамға беріледі.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы шешім қабылдаса, әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.

      60-3. Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      60-4. Егер Қазақстан Республикасының заңында өзгеше көзделмесе, Кодекстің 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа шағым жасауға жол беріледі.";

      67-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) Заңның 19-бабының 2-тармағына сәйкес Жоғары аудиторлық палата жүргізген бақылау барысында мемлекеттік аудитор материалдарының танылмауына себеп болған мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарын бірнеше рет (бір жылда үш реттен көп) бұзғаны үшін мемлекеттік аудит нәтижелерін тану қорытындысы бойынша Жоғары аудиторлық палатаның қорытындысын қоса бере отырып, Жұмыс органына тиісті деңгейдегі мемлекеттік аудитор сертификатын қайтарып алу туралы ұсыныс жолдайды.";

      71-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "71. Осы Қағидалардың 47-тармағында белгіленген адамдарды қоспағанда, Заңның 39-бабының 8-тармағында көзделген негіздер бойынша тиісті деңгейдегі мемлекеттік аудитор сертификаты қайтарып алынған адамдар әңгімелесуден өту үшін Ұлттық комиссия отырысының тиісті деңгейдегі мемлекеттік аудитор біліктілігін иелену туралы сертификатты қайтарып алу туралы хаттамасына қол қойылған күннен бастап үш жыл өткен соң Жұмыс органына осы Қағидалардың 43-тармағында көрсетілген құжаттарды қайта бере алады.";

      мынадай мазмұндағы 72-тармақпен толықтырылсын:

      "72. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық акті бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер мен (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның операторына және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.";

      Қағидаларға 5-қосымша осы нормативтік қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      осы нормативтік қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда 5-1-қосымшамен толықтырылсын;

      осы нормативтік қаулыға 3-қосымшаға сәйкес редакцияда 6-1-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Жоғары аудитолық палатаның Сертификаттау және ұйымдастыру жұмысы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы нормативтік қаулының Жоғары аудиторлық палатаның интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы нормативтік қаулының орындалуын бақылау Жоғары аудиторлық палатаның аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Жоғары аудиторлық палатасының
Төрағасы
Н. Годунова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"


      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Жоғары аудиторлық
палатасының
2023 жылғы 13 ақпандағы
№ 4-НҚ нормативтік қаулысына
1-қосымша
  Мемлекеттік аудитор біліктілігін
иеленуге үміткер адамдарды
сертификаттау қағидаларына
5-қосымша

      Нысан

  Мемлекеттік аудитор біліктілігін
иеленуге үміткер адамдарды
сертификаттау жөніндегі ұлттық
комиссия
___________________________
___________________________
(өтініш берушінің аты, әкесінің
аты (болған жағдайда), тегі)

ӨТІНІШ

      _______________________________________________________________

      (деңгейін (тиісті саладағы ішкі мемлекеттік аудитор/мемлекеттік аудитор/жоғары санатты мемлекеттік аудитор) көрсету)

      біліктілігі сертификатын беруіңізді сұраймын.

      Нақты тұратын мекенжайы, үйінің және ұялы телефондарының №_____________

      Электрондық поштасының мекенжайы: _________________________________

      Осы өтінішке мыналарды қоса беріп отырмын:

      ☑ ("белгімен" көрсету)


жеке куәліктің көшірмесі;

жоғары білімінің болуын растайтын құжаттың көшірмесі;

еңбек өтілі бар адамдар үшін еңбек кітапшасының көшірмесі;

мемлекеттік қызметшілер үшін "Мемлекеттік қызметті өткерудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) сәйкес ресімделген қызметтік тізім;

аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді көшірмелер;

бухгалтерлік есеп, аудит және қаржы саласында ұлттық немесе халықаралық кәсіби біліктілікті иелену туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);

жеке деректердің өзгергенін растайтын құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);

тиісті саладағы ішкі мемлекеттік аудитор, мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдар үшін осы Қағидаларға 3 және 4-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша білімді растау жөніндегі ұйым берген білімді растау жөніндегі құжаттардың көшірмесі;

жоғары санатты мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдар үшін мемлекеттік аудитор сертификатының көшірмесі;

осы Қағидалардың 41-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген халықаралық кәсіби біліктіліктердің бірін иелену туралы құжаттың көшірмесі;

3x4 көлеміндегі 1 (бір) фотосурет (жеке іске);

"Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармағында көзделген негіздер бойынша дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру туралы өтініш.

      Осымен:

      Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларымен танысқанымды және олармен келісетінімді;

      қоса берілген барлық құжаттың шындыққа сәйкес келетінін және жарамды екенін растаймын.

      Толтырылған күні: 20___жылғы "_____" _____________________ (қолы)

  Қазақстан Республикасының
Жоғары аудиторлық
палатасының
2023 жылғы 13 ақпандағы
№ 4-НҚ нормативтік қаулысына
2-қосымша
  Мемлекеттік аудитор
біліктілігін иеленуге үміткер
адамдарды сертификаттау
қағидаларына
5-1-қосымша

      Нысан

  Мемлекеттік аудитор
біліктілігін иеленуге үміткер
адамдарды сертификаттау
жөніндегі ұлттық комиссия
___________________________
____________________________
(өтініш берушінің аты, әкесінің
аты (болған жағдайда), тегі)

Дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру туралы өтініш

      Мен, _______________________________________________________________,
(аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі – толығымен жазу қажет)

      жеке сәйкестендіру нөмірім (ЖСН) ________________________, жеке басты

      куәландыратын құжаттың деректері ____________________________________,

      № ________________________, берілген күні ____________________________,
(құжаттың атауы)

      Құжатты берген орган ______________________, нақты тұратын мекенжайым:

      __________________________________________________________________,
(нақты тұратын мекенжайы)

      "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып, осымен Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссияның жұмыс органына (бұдан әрі – Жұмыс органы) олардың электрондық, қағаз және (немесе) өзге де материалды тасығышта тіркелген кірістер мен мүлік туралы мәліметтерден тұратын менің дербес деректерімді жинауды және өңдеуді жүзеге асыруына сөзсіз келісім беремін.

      Осы арқылы Жұмыс органы қолданыстағы заңнаманың талаптарын сақтаған жағдайда, менің дербес деректерімді жинау және өңдеу жөніндегі оның қызметіне қатысты қандай да бір наразылықтардың бұдан әрі болмайтындығын растаймын.

      Осы келісім мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алғанға дейін барлық кезең ішінде қолданылады.

      ________________ ______________________________________
(қолы) (аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі)

      "____" ____________20 _ жыл.

  Қазақстан Республикасының
Жоғары аудиторлық
палатасының
2023 жылғы 13 ақпандағы
№ 4-НҚ нормативтік қаулысына
3-қосымша
  Мемлекеттік аудитор
біліктілігін иеленуге үміткер
адамдарды сертификаттау
қағидаларына
6-1-қосымша

"Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау

2

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы

3

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері

Өтінішті қабылдау Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

6 (алты) ай ішінде

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Қағаз түрінде

6

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Мемлекеттік аудитор сертификатын беру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді түрде бас тарту

7

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

8

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі

Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 8.30-дан 17.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағат 12.30-дан 13.30-ға дейін.
Құжаттар Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 12.30-дан 13.30-ға дейін түскі асқа үзіліспен сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін қабылданады.

9

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан сұратылатын құжаттар мен мәліметтер тізбесі

1) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кандидат үміт білдірген тиісті деңгейдегі мемлекеттік аудитор біліктілігі көрсетілген өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) жоғары білімінің болуын растайтын құжаттың қосымшаларымен бірге көшірмесі.
Шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушінің шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттың (келісімнің) қолданылу аясына жататын білім туралы құжаттарды қоспағанда, білім беру саласындағы уәкілетті орган берген осы білім туралы құжаттарды тану немесе нострификациялау туралы куәліктердің көшірмелері қоса беріледі.
Білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне "Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамы берген "Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиантының мәртебесі туралы ақпарат қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттың (келісімнің) қолданылу аясына жататын білім туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген білім туралы осы құжаттарды тану туралы анықтамалардың көшірмелері қоса беріледі.
Егер құжат (диплом/сертификат) және оған қосымшалар шет тілінде болса, белгіленген тәртіппен нотариат куәландырған қазақ және (немесе) орыс тіліндегі аудармасы ұсынылады.
4) еңбек кітапшасының көшірмесі, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан аударымдардың бүкіл кезеңіндегі аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы үзінді көшірмелер.
Мемлекеттік қызметшілер үшін "Мемлекеттік қызметті өткерудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) сәйкес ресімделген қызметтік тізім;
5) бухгалтерлік есеп, аудит және қаржы саласында ұлттық немесе халықаралық кәсіби біліктілік берілгені туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);
6) осы Қағидаларға 3 және 4-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша білімді растау жөніндегі ұйым берген ішкі мемлекеттік аудитор, мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдар үшін білімді растау жөніндегі құжаттардың көшірмесі;
7) жеке деректердің (аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі) өзгергенін растайтын құжаттың көшірмесі;
8) 3x4 көлеміндегі 1 (бір) фотосурет (жеке іске);
9) осы Қағидаларға 5-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру туралы өтініш;
10) жоғары санатты мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдар үшін мемлекеттік аудитор сертификатының көшірмесі;
11) осы Қағидалардың 41-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген халықаралық кәсіби біліктіліктердің бірін иелену туралы құжаттың көшірмесі.
Көрсетілетін қызметтерді алушының өтініш берген кезде өтелмеген немесе заңнамада белгіленген тәртіппен алынбаған соттылығының болуы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

10

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
4) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
6) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі болып, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнаулы құқығынан айырылуы;
7) Ұлттық комиссияның тиісті деңгейдегі мемлекеттік аудитор біліктілігін беруден бас тартуы.

11

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Мемлекеттік қызметтік көрсету орнының мекенжайы Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының www.esep.gov.kz интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.
Мемлекеттік қызметті көрсету орны: Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, 10-кіреберіс.