Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізілімін жүргізу қағидалары, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізу және алып тастау негіздерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2022 жылғы 7 қазандағы № 417 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 11 қазанда № 30099 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізілімін жүргізу қағидалары, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізу және алып тастау негіздері бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
міндетін атқарушы
Ш. Каринова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мәдениет және спорт министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің м.а.
2022 жылғы 7 қазандағы
№ 417 бұйрығымен
бекітілген

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізілімін жүргізу қағидалары, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізу және алып тастау негіздері

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 26.04.2023 № 116 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізілімін жүргізу қағидалары, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізу және алып тастау негіздері (бұдан әрі - Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабының 5-3) тармақшасына сәйкес әзірленді және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізілімін (бұдан әрі - Тізілім) жүргізу тәртібін, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізу және алып тастау негіздерін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) әкімші - Тізілімді жүргізуді жүзеге асыратын және білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын заңды тұлға;

      2) білім беру бағдарламасы (бұдан әрі - ББ) - оқытудың мақсатын, нәтижелері мен мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды және оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешені;

      3) өтініш беруші - техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім ББ іске асыратын білім беру ұйымы;

      4) білім беру бағдарламаларының тізілімі – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі-ТжКОББ) әзірлеген ББ тізбесін қамтитын білім беру саласындағы уәкілетті органның ақпараттандыру объектісі.

      3. Тізілімге кіру Интернет желісі арқылы ұсынылады.

      4. Тізілімде қамтылған мәліметтер мүдделі тұлғалардың танысуы үшін ашық және қолжетімді болып табылады.

2-тарау. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізілімін жүргізу тәртібі, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізудің және алып тастау негіздері

      5. Тізілімді жүргізуді әкімші электрондық түрде жүзеге асырады.

      6. Тізілімді жүргізу қазақ және орыс тілдерінде жүзеге асырылады.

      7. ББ Тізілімін жүргізу төрт кезеңде жүргізіледі:

      1) білім беру ұйымының Тізілімде электрондық түрде толтыруы:

      - Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тізілімге енгізуге арналған өтінімдер (бұдан әрі-өтінім);

      - Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жалпы мәліметтер;

      - Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес құзыреттер тізбесі;

      - Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес модульдердің (пәндердің) мазмұны мен көлемі;

      2) әкімшінің ББ алғашқы сараптамасын жүргізу, өтініш берушіге пысықтауға жолдау (ескертулер болған жағдайда);

      3) сараптама тобының ББ сараптамасын жүргізуі, өтініш берушіге пысықтауға жолдауы (ескертулер болған жағдайда);

      4) бағдарламаны Тізілімге енгізу немесе әкімшінің өтінімді қабылдамауы.

      8. ББ Тізілімге енгізу үшін өтініш беруші өтінімді және ББ нысандарын оқыту тілінде толтырады және әкімшіге жібереді.

      9. Өтінім келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде әкімші ББ алғашқы сараптамасын жүргізеді, оған мыналар кіреді:

      1) ББ нысандарын толтырудың дұрыстығын тексеру;

      2) білікті жұмысшы кадрларды, орта буын мамандарын, қолданбалы бакалаврларды даярлау бөлігінде Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңына сәйкестігін бағалау;

      3) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкестігін бағалау (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 29031 тіркелген);

      4) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 500 бұйрығымен бекітілген Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктерінің сыныптауышына сәйкестігін бағалау (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 17564 тіркелген);

      5) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 1 бұйрығымен бекітілген Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін жалпы білім беретін пәндер циклінің немесе модулінің үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкестігін бағалау (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 31666 тіркелген).

      Әкімші ББ бастапқы сараптамасының нәтижелері бойынша келесі шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) сараптама тобының қарауына жіберілсін;

      2) себебін көрсете отырып, өтініш берушіге пысықтауға (бір реттен артық емес) жіберілсін.

      3) ББ алғашқы сараптамасында бас тартуға негіз анықталған жағдайда алдын ала қабылдаудан бас тарту жіберілсін.

      Әкімші өтініш берушіні одан әрі сараптамадан бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ өтініш берушіні алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.

      Әкімші өтініш берушіні тыңдау туралы сараптама жүргізу мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын хабардар етеді. Тыңдау Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабының 1-тармағына сәйкес хабарланған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      10. Өтінім беруші ББ пысықтауды әкімші жіберген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүргізеді.

      11. Әкімші пысықталған ББ келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде тексеруді жүргізеді. Ескертулер жойылған кезде ББ әкімшісі сараптама тобына сараптамаға жібереді. Осы Қағидалардың 9 тармағына сәйкес әкімші бұл туралы ескертулерді жоймаған кезде қабылдамайды.

      12. Білім беру бағдарламаларына сараптаманы ТжКОББ мамандықтары бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктер ұсынған сараптамалық топтар жүргізеді.

      13. Сараптама тобының құрамына мәлімделінген бағдарлама шеңберінде біліктілік санаты/дәрежесі және кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша біліктілігі бар, білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді, WorldSkills (Ворлдскилс) стандарттарын және кәсіптік стандарттарды білетін педагог және кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар ұйымнан (кәсіпорыннан) маман тартылады.

      "Қауіпсіздік қызметі", "Гигиена және өндірістегі еңбекті қорғау" бейіні бойынша педагогтерді тарту үшін арнайы немесе әскери атақ немесе сыныптық шен талап етіледі.

      Сараптама топтарының құрамы әкімшінің бұйрығымен бекітіледі.

      14. ББ сараптамасын жүргізу үшін әкімші сараптама жүргізудің тәртібі мен өлшемшарттарын әзірлейді және бекітеді.

      15. Сараптама тобы ББ мазмұнын:

      1) ұлттық біліктілік шеңберіне сәйкестігіне;

      2) кәсіптік стандарттарды (бар болса), WorldSkills (Ворлдскилс) кәсіптік стандарттарын (бар болса) қолданылуына;

      3) біліктілік бойынша кәсіби қызметтің кәсіби құзыреттеріне сәйкестігіне;

      4) әрбір модуль/пән бойынша оқыту нәтижелерінің қалыптасатын құзыреттеріне сәйкестігін тексереді.

      16. ББ сараптау нәтижелері бойынша сараптама тобы келесі шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) ББ Тізіліміне енгізу үшін ББ мақұлдансын;

      2) ББ пысықтауға жіберілсін (бір реттен артық емес);

      3) бас тарту себебін көрсете отырып, ББ қабылдамаудан бас тартылсын.

      17. ББ мақұлдау туралы сараптама тобының шешімі әкімшіге жіберіледі және сараптама тобынан шешім қабылданған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей Тізілімде орналастырылады.

      18. Сараптама тобының ББ пысықтау туралы шешімі әкімшіге жіберіледі және сараптама тобынан шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей әкімші өтініш берушіні хабардар етеді.

      Өтініш беруші әкімшіден хабардар етілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ББ пысықтайды және қайта сараптамаға жібереді.

      19. Сараптама тобына өтініш берушіден пысықталған ББ түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей анықталған ескертулерді жою мәніне тексеру үшін қайта сараптама жүргізу жүзеге асырылады.

      Егер анықталған ескертулер жойылмаса, сараптама тобы ББ қабылдамау туралы шешім қабылдайды.

      20. ББ қайта сараптамасын жүргізу өтініш берушінің қаражаты есебінен ақылы негізде жүргізіледі.

      21. Өтініш берушінің ББ сараптамасын жүргізуге осы өтініш берушіде еңбек қызметін жүзеге асыратын сарапшы жіберілмейді.

      22. Сараптама тобының оң қорытындысынан кейін ББ тіркеу нөміріне сәйкес QR (Кюар) кодын бере отырып, Тізілімге енгізіледі.

      23. Тізілімдегі ББ жаңартуға жыл сайын жол беріледі. Өтініш беруші құжаттарды жібереді және осы Қағидаларға сәйкес жаңартылған ББ сараптама жүргізеді.

      ББ әкімші келесі жағдайларда сараптама жүргізбей жаңартады:

      1) қолда бар оқыту нәтижелерін және модульдер блогы (пәндер циклі) бойынша кредиттердің жалпы санын сақтай отырып, модульдің кредиттердегі (пәннің) еңбек сыйымдылығы көлемінің өзгеруі;

      2) модульдер блогы (пәндер циклі) бойынша оқыту нәтижелерінің жалпы санынан оқыту нәтижелерін 25% - дан асырмай өзгерту немесе қосу;

      3) құзыреттердің 25% - дан асырмай өзгертуі;

      4) мәтінді техникалық түзету.

      24. Әкімшінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексімен реттеледі.

      25. ББ Тізілімнен алып тастау әкімші келесі негіздердің бірі болғанда жүргізеді:

      1) Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес өтініш берушінің өтінімдері;

      2) білім беру саласындағы уәкілетті органның ресми ұсынылған ақпараты және (немесе) заңды күшіне енген сот шешімі негізінде өтініш берушіні даярлаудың тиісті бағыты бойынша білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензиядан, лицензияға қосымшадан айыру;

      3) бағдарламаның өзектілігін жоғалту (соңғы 3 (үш) жыл ішінде білім алушылар контингентінің болмауы);

      4) өтініш берушінің ББ іске асырудан бас тартуы.

      2) бағдарламаның өзектілігін жоғалту (соңғы 3 (үш) жыл ішінде білім алушылар контингентінің болмауы);

      3) өтініш берушінің ББ іске асырудан бас тартуы.

  Техникалық және кәсіптік,
орта білімнен кейінгі білім
беру ұйымдары іске асыратын
білім беру бағдарламаларының
тізілімін жүргізу қағидаларына,
сондай-ақ білім беру
бағдарламаларының тізіліміне
енгізу және алып
тастау негіздеріне
1-қосымша

      Үлгі

Білім беру бағдарламасын қосуға өтінім

      ____________________________________________________________________________________ (білім беру ұйымының атауы)

      Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру тізіліміне орналастыру және сараптама жүргізу үшін мамандағы_______________________________________________(коды, атауы), біліктілік(тер) ___________________________________________(коды, атауы) бойынша білім беру бағдарламасын жібереді.

      Осы мамандық бойынша лицензияның болуы: бар/жоқ

      Басшы _____________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Орындаушы _____________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Ұялы телефон _____________________ Электрондық пошта мекенжайы _____________________

  Техникалық және кәсіптік,
орта білімнен кейінгі білім
беру ұйымдары іске асыратын
білім беру бағдарламаларының
тізілімін жүргізу қағидаларына,
сондай-ақ білім беру
бағдарламаларының тізіліміне
енгізу және алып
тастау негіздеріне
2-қосымша

      Үлгі

Жалпы мәліметтер

Өтінімнің түскен күні

...

Өтінімнің нөмірі

...

ББ Тізілімде тіркелген күні

...

ББ тіркеу нөмірі

...

Білім беру бағдарламасының коды

...

Білім беру бағдарламасының жаңартылған күні

...

Өңір

...

ТжКОББ ұйымы

...

Әзірлеуші әріптес (жұмыс беруші)

...

Білім деңгейі

...

Даярлық бағыты

...

Даярлық мамандануы

...

ҰБШ бойынша деңгейі (Ұлттық біліктілік шеңбері)

...

Мамандық коды және атауы

...

Біліктілік(-тер) коды және атауы

...

Білім беру бағдарламасының мақсаты

...

Кәсіптік стандарт (бар болса)

...

WorldSkills (Ворлдскилс) кәсіптік стандарты (бар болса)

...

Оқыту түрі

...

Білім базасы

...

Оқыту тілі

...

Кредиттердің жалпы көлемі

...

Индустриалдық (жұмыс берушілер) кеңес отырысының күні, хаттамасының №

...

Оқу-әдістемелік кеңесі отырысының кеңес отырысының күні, хаттамасының №

...

Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері

...

  Техникалық және кәсіптік,
орта білімнен кейінгі білім
беру ұйымдары іске асыратын
білім беру бағдарламаларының
тізілімін жүргізу қағидаларына,
сондай-ақ білім беру
бағдарламаларының тізіліміне
енгізу және алып
тастау негіздеріне
3-қосымша

      Үлгі

Құзыреттер тізімі

Құзыреттің индексі

Құзыреттің атауы

Қ 1.

...

...

...

  Техникалық және кәсіптік,
орта білімнен кейінгі білім
беру ұйымдары іске асыратын
білім беру бағдарламаларының
тізілімін жүргізу қағидаларына,
сондай-ақ білім беру
бағдарламаларының тізіліміне
енгізу және алып
тастау негіздеріне
4-қосымша

      Үлгі

Модульдердің (пәндердің) мазмұны мен көлемі

Модульдер (пәндер)

Модульдердің (пәндердің) қысқаша сипаттамасы

Оқыту нәтижелері

Модульдер (пәндер) бойныша кредиттер саны

Модульдер (пәндер) бойныша сағаттар саны

Құзыреттер индексі

Жалпы білім беретін пәндер

1

ЖБП 1. ...

...

...

...

...

...

...

2

ЖБП 2. ...

...

...

...

...

...

...

...

...

...

...

...

...

...

...

Базалық модульдер (жалпы гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық пәндер)

...

БМ 1. (ЖГП 1)...

...

...

...

...

...

...

...

...

...

...

...

...

...

...

...

БМ ... (ӘЭП ...) ...

...

...

...

...

...

...

...

...

...

...

...

...

...

...

Кәсіптік модульдер (жалпы кәсіптік және арнайы пәндер)

...

КМ 1. (ЖКП 1.)...

...

...

...

...

...

...

...

...

...

...

...

...

...

...

...

КМ ... (АП ...) ...

...

...

...

...

...

...

...

...

...

...

...

...

...

...

...

Аралық аттестаттау

...

...


...

Қорытынды аттестаттау

...

...


...

Факультативтер

...

...


...

Консультациялар

...

...


...

Өзіндік жұмыс

...

...


  Техникалық және кәсіптік,
орта білімнен кейінгі білім беру
ұйымдары іске асыратын білім
беру бағдарламаларының
тізілімін жүргізу қағидаларына,
сондай-ақ білім беру
бағдарламаларының тізіліміне
енгізу және алып
тастау негіздеріне
5-қосымша

      Үлгі

Білім беру бағдарламасын алып тастауға өтінім

      ____________________________________________________________________________________ (білім беру ұйымының атауы)

      Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру тізілімінен мамандағы _____________________________________ (коды, атауы), біліктілік (тер) _____________________________________(коды, атауы) бойынша білім беру бағдарламасын алып тастауды сұрайды.

      Қосымша:

      Басшы _____________________________________ тегі,аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Орындаушы _____________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)Ұялы телефон _____________________ Электрондық пошта мекенжайы _____________________