"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізілімін жүргізу қағидалары, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізу және алып тастау негіздері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушы |
Ш. Каринова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрлігі
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушы 2022 жылғы 7 қазандағы № 417 бұйрығымен бекітілген |
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізілімін жүргізу қағидалары, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізу және алып тастау негіздері
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізілімін жүргізу қағидалары, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізу және алып тастау негіздері (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-3) тармақшасына сәйкес әзірленді және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізілімін (бұдан әрі – Тізілім) жүргізу тәртібін айқындайды, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізудің және алып тастаудың негіздерін.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) әкімші – Тізілімді жүргізуді жүзеге асыратын және білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын заңды тұлға;
2) білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – ББ) – оқытудың мақсатын, нәтижелері мен мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды және оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешені;
3) өтініш беруші – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің ББ іске асыратын білім беру ұйымы.
3. Тізілімге кіру Интернет желісі арқылы ұсынылады.
4. Тізілімде қамтылған мәліметтер мүдделі тұлғалардың танысуы үшін ашық және қолжетімді болып табылады.
2-тарау. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізілімін жүргізу тәртібі, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізудің және алып тастау негіздері
5. Тізілімді жүргізу білім беру саласындағы ақпараттандыру объектісінде жүзеге асырылады.
6. Тізілімді жүргізу қазақ және орыс тілдерінде жүзеге асырылады.
7. Тізілімді жүргізу әкімшінің құжаттарды алуы және тексеруі, ББ сараптауды ұйымдастыру, ББ енгізу немесе Тізілімнен алып тастау арқылы жүзеге асырылады.
8. ББ Тізілімге енгізу үшін жыл сайын 1 тамызға дейін әкімшінің электрондық мекенжайына өтініш беруші мынадай құжаттарды жолдайды:
1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес білім беру бағдарламасын қосуға өтінім (бұдан әрі – ББ қосуға өтінім);
2) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандығы бойынша білім беру бағдарламасының паспорты (бұдан әрі – ББ паспорты);
3) білім беру ұйымының әдістемелік (оқу-әдістемелік/ғылыми-әдістемелік) кеңесінің жұмыс берушінің және (немесе) индустриялық кеңестің келісімімен ББ мақұлдау туралы шешімі (отырыс хаттамасынан үзінді).
9. Әкімші құжаттарды қарағаннан кейін ББ сараптамаға жіберіледі.
10. ББ Тізілімнен алып тастау үшін әкімшінің электрондық мекенжайына өтініш беруші Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес білім беру бағдарламасын алып тастауға өтінім (бұдан әрі – ББ алып тастауға өтінім) жібереді.
11. Әкімші ББ қосуға арналған өтінім немесе ББ алып тастауға арналған өтінім келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын, анықтығын және дұрыстығын тексереді.
Жетіспейтін құжаттар болмаған және (немесе) ББ қосуға өтінім немесе ББ алып тастауға өтінім дұрыс толтырылмаған кезде әкімші өтініш берушіні жетіспейтін құжаттарды ұсыну және (немесе) оларды түзету туралы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімге сәйкес хабардар етеді.
Өтініш беруші жетіспейтін құжаттарды әкімшіден хабарлама алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жолдайды және (немесе) оларды түзетеді.
12. ББ сараптамасын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтары бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктердің кандидатуралары қатарынан қалыптастырылған сараптама тобы жүргізеді.
13. Сараптама тобының құрамына конкурстық негізде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандығы бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктің педагогі (біліктілік санаты және тиісті даярлық бейіні бойынша техникалық және кәсіптік және (немесе) орта білімнен кейінгі білім және (немесе) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған кезде жұмыс стажына талаптар қойылмайды) және өндірістен маман (тиісті даярлық бейіні бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі болған кезде) тартылады. "Қауіпсіздік қызметі", "Гигиена және өндірісте еңбекті қорғау" бейіні бойынша педагогтерді тарту үшін арнайы немесе әскери атақ немесе сыныптық шен талап етіледі.
14. Конкурсты өткізу тәртібі мен сарапшыларды іріктеу өлшемшарттарын әкімші бекітеді.
15. Өтініш берушінің және сараптама тобының мүшесінің жұмыс орны сәйкес келген жағдайда осы сарапшы ББ сараптамасын жүргізуге жіберілмейді.
16. Сараптамалық топтардың құрамы әкімшінің бұйрығымен бекітіледі.
17. ББ сараптама жүргізуді ББ әкімшіден келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірмей сараптама тобы жүзеге асырады.
18. Сараптама тобы ББ мазмұнының мынадай талаптарға:
1) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелді) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына, ұлттық біліктілік шеңберіне және (немесе) салалық біліктілік шеңберлеріне, кәсіптік стандарттарға (олар болған кезде);
2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 500 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17564 болып тіркелді) бекітілген техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктерінің сыныптауышына;
3) әрбір пән және (немесе) модуль бойынша оқыту нәтижелерінің қол жетімділігіне сәйкестігіне сараптама жүргізеді.
19. ББ сараптау нәтижелері бойынша сараптама тобы мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) ББ Тізіліміне енгізу үшін ББ мақұлдансын;
2) ББ пысықтауға жіберілсін (бір реттен артық емес);
3) бас тарту себебін көрсете отырып, ББ қабылдамаудан бас тартылсын.
20. ББ мақұлдау туралы сараптама тобының шешімі одан әрі әкімшіге жіберіледі және сараптама тобынан шешім қабылданған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей Тізілімде орналастырылады.
21. Сараптама тобының ББ пысықтау туралы шешімі одан әрі әкімшіге жіберіледі және сараптама тобынан шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей әкімші өтініш берушіні хабардар етеді.
Өтініш беруші әкімшіден хабардар етілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ББ пысықтайды және қайта сараптамаға жібереді.
22. Пысықталған ББ сараптама тобына келіп түскен кезде анықталған ескертулерді жою тұрғысынан ББ өтініш берушіден келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей сараптаманы қайта жүргізу жүзеге асырылады.
Егер анықталған ескертулер жойылмаса, сараптама тобы ББ қабылдамау туралы шешім қабылдайды.
23. Әкімші өтінім берушіні сараптама тобынан шешім қабылданған күннен бастап ББ сараптамасының нәтижелері туралы 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етеді.
24. Тізілімнен ББ алып тастауды әкімші осы Қағидалардың 28-тармағында көрсетілген негіздерде ББ алып тастауға өтінім түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырады.
Әкімші өтініш берушіні шешім қабылданған күннен бастап Тізілімнен ББ алып тастау нәтижелері туралы 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етеді.
25. Тізілімде ББ жаңартуға жыл сайын жол беріледі. Өтініш беруші құжаттарды жібереді және осы Қағидаларға сәйкес жаңартылған ББ сараптама жүргізеді.
26. Әкімшінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексімен реттеледі.
27. ББ Тізілімге енгізуді әкімші ағымдағы күнтізбелік жылдың 25 тамызынан кешіктірмей жүзеге асырады.
28. Тізілімнен ББ алып тастауды әкімші негіздердің бірі болған кезде:
1) лицензияны, лицензияға қосымшаны кері қайтарып алу (білім беру саласындағы уәкілетті орган комиссиясының хаттамасынан үзінді);
2) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының ББ іске асырудан бас тартуы;
3) ББ өзектілігін жоғалту (мамандық (біліктілік) бойынша контингент болмаған кезде) жүзеге асырады.
Білім беру бағдарламасын қосуға өтінім
(Білім беру ұйымының атауы) ___________________ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру Тізіліміне орналастыру және сараптама жүргізу үшін мамандығы _________________ (коды, атауы), біліктілік (тер)_____________________ (коды, атауы) бойынша білім беру бағдарламасын жібереді.
Қосымшалар: 1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандығы бойынша білім беру бағдарламасының паспорты; 2) білім беру ұйымының әдістемелік (оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік) кеңесінің жұмыс берушінің және (немесе) индустриялық кеңестің келісімімен білім беру бағдарламасын паспортын мақұлдау туралы шешімі (отырыс хаттамасынан үзінді). |
Басшы ________________ тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда).
Орындаушы:
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) ________________
Ұялы телелефон _______________
Электрондық пошта мекенжайы _________________
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандығы бойынша білім беру бағдарламасының паспорты
Мамандықтың коды және атауы: | |||
Біліктіліктің (біліктіліктің) коды және атауы: | |||
Өңір, қала: | |||
Ұйым (әзірлеуші): | |||
Әзірлеуші әріптестер: | |||
Білім беру бағдарламасының мақсаты: | |||
Ұлттық біліктілік шеңбері бойынша деңгей: | |||
Салалық біліктілік шеңбері бойынша деңгей: | |||
Кәсіптік стандарт (бар болса): | |||
WorldSkills (Ворлдскилс) кәсіптік стандарты (бар болса): | |||
Оқыту түрі: | |||
Білім базасы: | |||
Оқыту тілі: | |||
Кредиттердің жалпы көлемі/сағат: | |||
Білім беру ұйымының әдістемелік (оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік) кеңесінде жұмыс берушінің және (немесе) индустриялық кеңестің келісімімен білім беру бағдарламасының паспортын мақұлдау туралы (отырыс хаттамасынан үзінді) қарау күні: | |||
Білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензияның нөмірі: | |||
Білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензияға қосымшаның нөмірі: | |||
Осы мамандық бойынша мамандандырылған аккредиттеуден өту күні (бар болса): | |||
Білім беру бағдарламасының ерекшеліктері: | |||
Модульдер (пәндер) мазмұны туралы мәліметтер: | |||
№ | Модульдің/пәннің атауы | Оқу нәтижелері/Пәннің қысқаша сипаттамасы | Кредит көлемі/сағат |
1 |
1. … |
... | |
... | … | … | … |
Білім беру бағдарламасын алып тастауға өтінім
(Білім беру ұйымының атауы) ___________________ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру Тізілімінен алып тастау үшін мамандығы _________________ (коды, атауы), біліктілік (тер)_____________________ (коды, атауы) бойынша білім беру бағдарламасын жібереді.
Қосымшалар: 1) лицензияны, лицензияға қосымшаны кері қайтарып алу туралы құжат (білім беру саласындағы уәкілетті орган комиссиясының хаттамасынан үзінді) немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының білім беру бағдарламасын іске асырудан бас тарту немесе білім беру бағдарламасын өзектілігін жоғалту (мамандық (біліктілік) бойынша контингент болмаған кезде). |
Басшы ________________ тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда).
Орындаушы:
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) ________________
Ұялы телелефон _______________
Электрондық пошта мекенжайы _________________