ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 9-бабы 40-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған лицензияланатын қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы |
В. Дудник |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-101 бұйрығына қосымша |
Денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған лицензияланатын қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптары
р/с | Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды: | Біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Штатта Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21856 болып тіркелген) денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар мен мамандандырулар номенклатурасына, денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасы мен біліктілік сипаттамаларына сәйкес жоғары санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі медициналық білімі бар, денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау мәселелері бойынша білім және ғылым ұйымдарында не аккредиттеу органдары таныған "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 10) тармақшасына сәйкес қалыптасатын аккредиттелген органдардың тізіліміне енгізілген, аккредиттеу органдарында институционалдық аккредиттеуден өткен, дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша кәсіптік өзін-өзі реттеу ұйымдарында сертификациялық курстан өткен санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің дәрігер(лер)і немесе маман(дар)ы болуы. | Осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер |
Жоғары немесе орта медициналық білім туралы мәліметті көрсетілетін қызметті беруші 2015 жылға дейін аяқтаған адамдарды, сондай-ақ білім туралы құжаттың көшірмесін ұсынатын, Қазақстан Республикасының аумағы шегінен тыс аяқтаған адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғарғы білім министрлігінің ақпараттық жүйесінен (мәліметтер 2015 жылдан бастап) алады. |
2. | Штатта Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21856 болып тіркелген) денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар мен мамандандырулар номенклатурасына, денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасы мен біліктілік сипаттамаларына сәйкес техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі медициналық білімі бар, денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау мәселелері бойынша білім және ғылым ұйымдарында не аккредиттеу органдары таныған "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 10) тармақшасына сәйкес қалыптасатын аккредиттелген органдардың тізіліміне енгізілген, аккредиттеу органдарында институционалдық аккредиттеуден өткен, дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша кәсіптік өзін-өзі реттеу ұйымдарында сертификациялық курстан өткен нұсқаушы-дезинфектор(лар)дың болуы. | Осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер |
Жоғары немесе орта медициналық білім туралы мәліметті көрсетілетін қызметті беруші 2015 жылға дейін аяқтаған адамдарды, сондай-ақ білім туралы құжаттың көшірмесін ұсынатын, Қазақстан Республикасының аумағы шегінен тыс аяқтаған адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғарғы білім министрлігінің ақпараттық жүйесінен (мәліметтер 2015 жылдан бастап) алады. |
3. | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 29 шiлдедегi № ҚР ДСМ-68 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28977 болып тіркелген) "Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар", Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 3 тамыздағы № ҚР ДСМ-72 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23852 болып тіркелген) "Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға және құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-2 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26447 болып тіркелген) "Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына сәйкес келетін, меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және (немесе) кемінде бір жыл мерзімге (құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркелген) жалға алу құқығында әкімшілік-тұрмыстық және өндірістік (дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын пайдалана отырып, қармақжемдерді, тұзақтарды, жұмыс ерітінділерін дайындау және (немесе) өлшеп-орау үшін арнайы жабдықталған) үй-жайлардың, дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын сақтау объектілерінің болуы. | Осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер |
Меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) құқығын растайтын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқорымен интеграцияланған "Жылжымайтын мүлік тізілімі" мемлекеттік дерекқорынан алады. |
4. |
Меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және (немесе) жалға алу құқығында ең аз материалдық-техникалық жарақтандырудың, мыналардың: | Осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер |
Көрсетілетін қызметті алушы жабдықтың меншік немесе жалға алу құқығын растайтын құжаттың көшірмесін ұсынады. |
Денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған лицензияланатын қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптарына қосымша |
Денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған лицензияланатын қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер
1. Штатта Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21856 болып тіркелген) денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар мен мамандандырулар номенклатурасына, денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасы мен біліктілік сипаттамаларына сәйкес жоғары санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі медициналық білімі бар, денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау мәселелері бойынша білім және ғылым ұйымдарында не аккредиттеу органдары таныған "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 10) тармақшасына сәйкес қалыптасатын аккредиттелген органдардың тізіліміне енгізілген, аккредиттеу органдарында институционалдық аккредиттеуден өткен, дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша кәсіптік өзін-өзі реттеу ұйымдарында сертификациялық курстан өткен санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің дәрігер(лер)і немесе маман(дар)ы болуы:
Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің дәрігері немесе маманы туралы мәліметтер:
1) Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) _____________________________________________
2) Мамандығы және біліктілігі _______________________________________________
3) Жоғары медициналық білімі туралы дипломның нөмірі
________________________________________________________________________________
4) Жоғары медициналық білімі туралы дипломның күні
________________________________________________________________________________
5) Оқу орнының атауы ____________________________________________________
6) Білімі туралы құжаттарды тану туралы мәліметтер (шетелде медициналық білім
алғандар үшін) ___________________________________________________________________
7) Жұмыс орны ____________________________________________________________
8) Еңбек өтілі ______________________________________________________________
9) Денсаулық сақтау саласында маман куәлігін берген ұйымның атауы
________________________________________________________________________________
2. Штатта Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21856 болып тіркелген) денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар мен мамандандырулар номенклатурасына, денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасы мен біліктілік сипаттамаларына сәйкес техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі медициналық білімі бар, денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау мәселелері бойынша білім және ғылым ұйымдарында не аккредиттеу органдары таныған "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 10) тармақшасына сәйкес қалыптасатын аккредиттелген органдардың тізіліміне енгізілген, аккредиттеу органдарында институционалдық аккредиттеуден өткен, дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша кәсіптік өзін-өзі реттеу ұйымдарында сертификациялық курстан өткен нұсқаушы-дезинфектор(лар)дың болуы:
Нұсқаушы-деинфектор туралы мәліметтер:
1) Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) _____________________________________________
2) Мамандығы және біліктілігі _______________________________________________
3) Орта медициналық білімі туралы дипломның нөмірі
________________________________________________________________________________
4) Орта медициналық білімі туралы дипломның күні
________________________________________________________________________________
5) Оқу орнының атауы ____________________________________________________
6) Білімі туралы құжаттарды тану туралы мәліметтер (шетелде медициналық білім
алғандар үшін)__________________________________________________________________
7) Жұмыс орны ____________________________________________________________
8) Еңбек өтілі ______________________________________________________________
9) Денсаулық сақтау саласында маман куәлігін берген ұйымның атауы
________________________________________________________________________________
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 29 шiлдедегi № ҚР ДСМ-68 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28977 болып тіркелген) "Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар", Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 3 тамыздағы № ҚР ДСМ-72 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23852 болып тіркелген) "Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға және құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-2 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26447 болып тіркелген) "Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына сәйкес келетін, меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және (немесе) кемінде бір жыл мерзімге (құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркелген) жалға алу құқығында әкімшілік-тұрмыстық және өндірістік (дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын пайдалана отырып, қармақжемдерді, тұзақтарды, жұмыс ерітінділерін дайындау және (немесе) өлшеп-орау үшін арнайы жабдықталған) үй-жайлардың, дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын сақтау объектілерінің болуы:
1) Кадастр нөмірі _________________________________________________________
2) Орналасқан жері ________________________________________________________
3) Жалға алу туралы шарттың нөмірі мен күні _________________________________
4) Жалға беруші ___________________________________________________________
5) Жалға алудың аяқталу мерзімі _____________________________________________
6) Үй-жайдың (ғимараттың) қабат жоспары ___________________________________
7) Әкімшілік-тұрмыстық және өндірістік (дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын пайдалана отырып, қармақжемдерді, тұзақтарды, жұмыс ерітінділерін дайындау және (немесе) өлшеп-орау үшін арнайы жабдықталған) үй-жайлардың, дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын сақтау объекті(лер)ге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болуы
__________________________________________________________________________ (тіркеу нөмірі, берілген күні, берген орган)
3. Меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және (немесе) жалға алу құқығында ең аз материалдық-техникалық жарақтандырудың болуы:
№ | Жабдықтың, аппаратураның, аспаптардың, мүкаммалдың, жеке қорғаныш құралдардың атауы | Меншік немесе жалға алу құқығын растайтын құжаттың атауы (нөмірі, күні) | Өндіруші ел | Саны | Шығарылған жылы | Жай-күйі (жұмысқа жарамды/жарамсыз) |
Қазақстан Республикасының және Еуразиялық экономикалық одақтың аумағында қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарының және (немесе) препараттарының мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің болуы:
№ | Дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарының және (немесе) препараттарының атауы | Өндіруші | Мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің номері | Берілген күні |