Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.09.2023 № 280 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 "Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің кейбір мәселелері" қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 36) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.09.2023 № 280 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.09.2023 № 280 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. "Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13418 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімшелеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы"
негізгі бөлігінің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімшелеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидалары бекітілсін.".
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығымен бекітілген Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімшелеріне, сондай-ақ балаларға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, орта білім беруге және қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларында:
қағидалардың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімшелеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидалары";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Қағидалар "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабы 43) тармақшасына сәйкес әзірленді және еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі-ЖЖОКБҰ) дайындық бөлімшелеріне орналастыруды айқындайды.".
көрсетілген бұйрықпен бекітілген:
1-тараудың 2, 3, 4, 5, 6 және 7-тармақтарының күші жойылды деп танылсын;
1-тараудың 12 және 13-тармақтарының күші жойылды деп танылсын;
2 және 3-тараулардың күші жойылды деп танылсын;
5-тараудың күші жойылды деп танылсын;
7-тараудың күші жойылды деп танылсын;
1, 2, 3, 4, 5, 6 және 7 қосымшалардың күші жойылды деп танылсын;
15 және 16-қосымшалардың күші жойылды деп танылсын;
18, 19, 20, 21 және 22-қосымшалардың күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі |
А. Аймағамбетов |
Бұйрыққа қосымша |
Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидалары
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.09.2023 № 280 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 "Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің кейбір мәселелері" қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 36) тармақшасына сәйкес әзірленді және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрлар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.09.2023 № 280 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелді) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығына сәйкес Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілердің тізбесіне (бұдан әрі – Мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесі) енгізілген талаптарды жүзеге асыратын меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан мектепке дейінгі ұйымдарда орналастырылады.
3. Орта білім беруге арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына, үлгілеріне, түрлеріне қарамастан білім беру ұйымдарында тарауға сәйкес орналастырылады осы Қағиданың 3-тармағы.
4. Балаларға қосымша білім беруге арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы балаларға қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына, үлгілеріне, түрлеріне және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан ұйымдарда (бұдан әрі – ұйымдар) орналастырылады.
5. Балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы қосымша білім берудің мынадай білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады:
- ғылыми-техникалық бағыт (бастапқы техникалық модельдеу; авиамодельдеу; автомодельдеу; судомодельдеу; ракетомодельдеу; робототехника; космонавтика; 3Д-модельдеу; компьютерлік графика; машина жасау; ғарыштық радиобайланыс; радиотехника; мотоцикл спорты; картинг; модельдеу; ату спорты; инженерлік жобалау негіздері; робототехникалық және мехатрондық жүйелердің инженерлік жобалау негіздері; өнертапқыштық және рационализаторлық; радиоспорт; радиоэлектроника; құрастыру; бағдарламалау; компьютерлік дизайн; кинобейне жасау; желкенді іс; электротехника; химиялық-техникалық бағдарламалау; лего-құрастыру; спорттық радиомоделизм; авто ісі негіздері; сәулеттік модельдеу; сәулет құрылыстарының технологиясы; телестудия; техникалық бағдарламалау; әскери техниканы модельдеу; стендтік моделизм; шағын көлемді су көлігін модельдеу; аэроғарыштық білім беру және модельдеу; ғарыштық ғылым; рендеринг – физикалық модель проекциясын құру; ұшу-парашюттік дайындық; квадроциклдер; қарда жүргіштер; ағаш ұстасы; автослесарь; багги; физика және робототехника; робототехника: құрастыру және бағдарламалау; ұлттық қолөнер; жас құтқарушы; STEAM-зертхана (СТЭМ-зертхана); ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған құрастыру; киберспорт ұшқышсыз ұшу аппараттары);
- туризм және өлкетану бағыты (тау туризмі; су туризмі; жорық; жартасқа өрмелеу; бағдарлау; үңгір туризмі; велоспорт туризмі; шаңғы туризмі; сауықтыру туризмі; экологиялық туризм; өлкетану; туристік лагерьлер; этнографиялық, ауылдық туризм; ғылыми туризм; тур гидтер, географиялық өлкетану, тарихи өлкетану, экологиялық өлкетану, мұражайтану, ат туризмі, жас тау құтқарушы, жол іздеуші-құтқарушы, археология);
- экологиялық-биологиялық бағыт (экология; орнитология; балық аулау; гүл өсіру; флористика; зоология (флора, түр құрамы, рациондар); жануарларды зерттеу; энтомология; өсімдік шаруашылығы; бау-бақша шаруашылығы; мал шаруашылығы; аквапоника; көкөніс шаруашылығы; қоян шаруашылығы; иппотерапия; ветеринария медицина; геология; ландшафттану; қоршаған ортаны зерттеуші; өндірістік экология; STEM зертханасы (зерттеу биологиясы, химия); гидропоника; экожурналистика; фитопатология;
- көркемдік-эстетикалық бағыт (керамика, қыш бұйымдары ісі; модельдеу, мүсін, керамикалық мүсін; кесте тігу; тоқыма тоқу; тігу, макраме; оригами, қағаздан жасалған қолөнер (гүлдер, құстар, жануарлар); кілем тоқу; зергерлік өнер; ағаштан көркем кескіндеме; металға көркемдік кескіндеме; керамикаға көркем кескіндеме; былғарыны көркем өңдеу; металды көркемдік өңдеу; пирография, ағаш күйдіру, былғары, мата; киімді көркемдік үлгілеу; томбурлы кестелеу; ағашты көркемдік өңдеу; арт-терапия; сән дизайны қыш өнері, модельдеу);
- әлеуметтік-педагогикалық бағыт (журналистика, медиа орталықтар; пікірсайыс қозғалысы; еріктілер қозғалысы; кәсіпкерлік негіздері; шешендік өнер; интеллектуалды ойындар клубы);
- гуманитарлық бағыт (тіл курстары);
- жаратылыстану-математикалық бағыт (математикалық курстар).
6. Балаларға қосымша білім беру үшін мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында бала бір секцияға (үйірмеге) қатысады бос орындар болса немесе кезек болмаған жағдайда, қосымша басқа секцияға немесе үйірмеге қатыса алады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.12.2022 № 485 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі (бұдан әрі - ТКОБКБ) бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы өңірлік кәсіпкерлік палаталарының және мүдделі ұйымдардың ұсыныстарын ескере отырып, меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – ТКОБКБ ұйымдары) орналастырылады.
2-тарау. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру
8. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды Мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесіне енгізілген мектепке дейінгі ұйымдарда, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармалары, аудандарда, қалаларда орналасқан білім бөлімдері (бұдан әрі – білім беруді басқару органдары) жүзеге асырады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.12.2022 № 485 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін білім беруді басқару органдары Ұлттық білім беру деректер қорындағы (бұдан әрі - ҰББДҚ) тіркеуге сәйкес мектеп жасына дейінгі балаларды, оның ішінде тәрбиеленушілердің мектепке дейінгі ұйымдар арасында өңірден тыс жерлерге орын ауыстыруын және олардың шығуын есепке алуды қамтамасыз етеді.
10. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын есепке алғандағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16137 болып тіркелді) (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 бұйрығына сәйкес айқындалады.
Бұл ретте мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын есепке алғандағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16138 болып тіркелді) (бұдан әрі – Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидалары) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 596 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
Параграф 1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру тәртібі
11. Білім беруді басқару органдары өздерінің ресми интернет-ресурстарында өткізілу күнін, уақытын және орнын, қажетті құжаттарды, оларды қарау күні мен уақытын көрсете отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін Мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурстық рәсімді өткізу туралы хабарландыру орналастырады.
Конкурстық рәсімдерді өткізу мерзімі білім беруді басқару органдарының ресми интернет-ресурстарында конкурс өткізу туралы хабарландыру мәтіні орналастырылған күннен бастап 16 (он алты) жұмыс күнін құрайды.
12. Мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесіне енгізуді білім беруді басқару органдары Конкурстық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) хаттамасы негізінде жүзеге асырады.
Комиссияның құрамы жыл сайын білім беруді басқару органның шешімімен күнтізбелік жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірілмей бекітіледі.
Сұранысты алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей жергілікті уәкілетті және атқарушы органдар, үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер және өңірлік кәсіпкерлер палатасы ресми хат-хабар арқылы кандидатураларды ұсынады.
Комиссияның құрамы төрағадан және Комиссия мүшелерінің тақ санынан, бірақ Комиссия төрағасын қоса алғанда кемінде 7 (жеті) адамнан тұрады.
Комиссия құрамы жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың, бiлiм беру органдарының, үкiметтiк емес ұйымдардың, қоғамдық бiрлестiктердiң және өңірлік кәсiпкерлер палатасының өкiлдерiнен олардың тең үлесiн қамтамасыз ете отырып қалыптастырылады.
Білім басқармасы органының басшысы комиссия төрағасы болып табылады.
Комиссияның қызметі білім беруді басқару органдарының шешімі негізінде тоқтатылады.
Комиссия төрағасы мен мүшелері дауыс беруге ауыстыру құқығынсыз қатысады.
Егер отырысқа Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екі бөлігі қатысса, ол заңды деп есептеледі.
Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасы дауыс берген ұсыным қабылданды деп есептеледі.
Комиссия тоқсанына кемінде бір рет мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесіне енгізу үшін конкурстық рәсімді өткізеді.
Мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін білім беруді басқару органдары қаржы жылы ішінде жаңартады.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.12.2022 № 485 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. Мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурстық рәсімге қатысуға мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарлаған және мыналарды:
1) "Мектепке дейінгі ұйымдарға және балалар үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар "Санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № ҚР ДСМ-59 бұйрығына (бұдан әрі - Санитариялық қағидалар) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23469 болып тіркелген) сәйкес жағдайларды;
2) "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген) (бұдан әрі-Өрт қауіпсіздігі қағидалары) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығына сәйкес жағдайларды;
3) "Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы № 117 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27414 болып тіркелген) (бұдан әрі – нұсқаулық) сәйкес талаптарды;
4) "Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26618 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 4 бұйрығына және "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Сәулет қызметі туралы Заң) сәйкес ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың (бар болған жағдайда) білім алуы үшін арнайы жағдайлар және қолжетімді орта ұйымдастырған;
5) "Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13272 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығына сәйкес жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыруды;
6) Санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерге медициналық қызмет көрсетуді және алғашқы медициналық көмек көрсету үшін жағдайлар жасауды;
7) "Педагогтер лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5750 болып тіркелген) және "Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысына сәйкес тиісті бейіні бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар педагог кадрлармен қамтамасыз еткен мектепке дейінгі ұйымдар жіберіледі.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.12.2022 № 485 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.09.2023 № 280 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.04.2024 № 73 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.14. Мектепке дейінгі ұйымдар мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға конкурстық рәсімге қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) мектепке дейінгі ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған бейнебақылау камераларының, дабыл түймешесінің және дауыстық хабарландырудың бар болуы жөнінде ақпарат;
3) Санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерді (сыйымдылығы үш топқа дейін болған кезде) медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға арналған бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету аумақтық ұйымымен шарт;
4) штаттық кестенің және педагогикалық немесе бейіндік білімі бар педагогтердің белгіленген үлгідегі білім туралы құжаттарының көшірмелері;
5) ғимаратты/үй-жайды жалдау шартының көшермесі (бар болса).
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.12.2022 № 485 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15. Осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынғаннан кейін Комиссия мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелер ("электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы www.egov.kz, www.elicense.kz) арқылы мынадай құжаттардың барын және жарамдылығын тексеруді жүзеге асырады:
1) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Рұқсаттар және хабарламалар туралы Заң) сәйкес мектепке дейінгі тәрбие және оқыту саласындағы қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар;
2) медициналық қызметке лицензиялар;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтамалар, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамалар;
4) "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының объектілеріндегі эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2022 жылғы 21 маусымдағы № 29/қе бұйрығына (Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының нормативтік құқықтық актілерді тіркеу № 28566 тізілімінде болып тіркелген) сәйкес мектепке дейінгі ұйымның санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды (бұдан әрі - № 29/қе бұйрық);
5) Конкурсқа құжаттарды тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын мерзімде мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін есеп бойынша берешегінің жоқ (бар) екені туралы мәліметтер.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.12.2022 № 485 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.16. Осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдауды Білім беруді басқару органдарын құжаттамалық қамтамасыз ету бойынша міндеттер мен функцияларды іске асыруға арналған құрылымдық бөлімше конкурстық рәсімдерді өткізу туралы хабарландыру орналастырылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
17. Мектепке дейінгі ұйымдар басшы қол қойған және мөрмен расталған құжаттарды Білім беруді басқару органдарының ҚҚҚБ-нің электрондық поштасына электрондық форматта жібереді.
Құжаттарды электрондық форматта ұсыну мүмкіндігі болмаған жағдайда көрсетілген құжаттарды мектепке дейінгі ұйым білім беруді басқару органдарының ҚҚҚБ -не қағаз форматта жібереді.
Құжаттарды тапсыру күні мен уақыты белгіленген тіркеу туралы анықтама (талон) мектепке дейінгі ұйымның электрондық поштасына жіберіледі және (немесе) білім беруді басқару органының ҚҚҚБ -не қолма-қол беріледі.
18. Құжаттарды ҚҚҚБ-де тіркеу аяқталған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Комиссия мектепке дейінгі ұйымдар ұсынған, оның ішінде тиісті мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелерден алынған құжаттарды қарайды. Құжаттар міндетті түрде бейне және аудио тіркеу жүргізіліп, әлеуетті қызмет берушілердің қатысуымен қаралады.
Мектепке дейінгі ұйымдар ұсынатын құжаттарды Комиссия дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамаға сәйкес білім беру органдарының ресми интернет-ресурстарында орналастырады.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.12.2022 № 485 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.19. Комиссия мүшелері қатарынан айқындаған тұлғалар келесі 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін айқындау үшін мектепке дейінгі ұйымға баруды жүзеге асырады.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.12.2022 № 485 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.20. Ұсынылған құжаттарды қарау және мектепке дейінгі ұйымға бару нәтижелері бойынша Комиссия осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі/сәйкес еместігі туралы хаттама жасайды және 3 (үш) жұмыс күні ішінде білім беруді басқару органының ресми интернет-ресурсында орналастырылады.
21. Білім беруді басқару органдары Комиссия хаттамасының негізінде атауын, өтініш берген кездегі бос орындар санын және байланыс деректерін көрсете отырып, мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастырады.
22. Мектепке дейінгі ұйымды Мектепке дейінгі ұйымдар тізбесіне енгізуден бас тарту Мектепке дейінгі ұйымдар тізбесіне енгізу бойынша келесі конкурстық рәсімге қайта қатысуға кедергі келтірмейді.
23. Бұрын мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған немесе бюджеттен қаржыландыру жүзеге асырылған 5 (бес) және одан да көп жыл ішінде мектепке дейінгі ұйымдар 14-тармағында көрсетілген жаңартылған құжаттар ұсынылған жағдайда және осы Қағидалардың 15 және 18-тармақтарында көзделген тәртіппен келесі күнтізбелік жылға арналған мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесіне енгізіледі.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.12.2022 № 485 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.24. Мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған мектепке дейінгі ұйымдарда қаржы жылында бір рет осы Қағидалардың 19-тармағының шарттарын сақтау және қамтамасыз ету бойынша жоспарлы мониторинг жүргізіледі.
Жоспарлы мониторингті жергілікті атқарушы органдардың, білім беруді басқару органдарының, аккредиттелген (салалық) қауымдастықтардың және (немесе) өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдерін тарта отырып, Комиссия жүзеге асырады.
Білім беруді басқару органы жоспарлы мониторинг жүргізу мерзімдерін көрсете отырып, мектепке дейінгі ұйымға хабарламаны бір ай бұрын жібереді.
Жоспарлы мониторинг нәтижелері бойынша Комиссия 3 (үш) жұмыс күні ішінде акт жасайды және мектепке дейінгі ұйымдармен танысу үшін білім беруді басқару органының ресми интернет-ресурсында орналастырады.
25. Осы Қағидалардың нормаларын бұзу фактілері анықталған кезде мектепке дейінгі ұйымдар Комиссияның актісін алғаннан кейін 7 (жеті) жұмыс күні ішінде анықталған бұзушылықтарды жояды және басшы қол қойған растайтын құжаттарды білім беруді басқару органының ҚҚҚБ-ге қағаз немесе электрондық форматта ұсынады.
Мектепке дейінгі ұйым анықталған бұзушылықтарды белгіленген мерзімде жоймаған кезде, Комиссия 3 (үш) жұмыс күні ішінде білім беруді басқару органына мектепке дейінгі ұйымның тізбеден шығарылғаны туралы хабарлайды.
Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.12.2022 № 485 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.26. Білім беруді басқару органдары мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін ресми интернет-ресурстарда өзектендіреді және Комиссияның хабарламасын алған күні мектепке дейінгі ұйымды қаржыландыруды тоқтата тұрады.
27. Мектепке дейінгі ұйымдар қызметіндегі бұзушылықтар бойынша жеке және (немесе) заңды тұлғалардың өтініштері және осы Қағидалардың талаптары негізінде білім беруді басқару органы Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде (бұдан әрі - ӘРПК) көзделген мерзімдерде жоспардан тыс мониторинг жүргізеді.
Параграф 2. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын конкурстық негізде орналастыру
28. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды "Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік білім беру тапсырысының көрсетілетін қызметтерінің шарттарын жасасу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы № 12 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26502 болып тіркелген) және осы Қағидаларда көзделген тәртіппен білім беруді басқару органдары Мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесіне енгізілген мектепке дейінгі ұйымдармен 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырады.
Мектепке дейінгі ұйымдармен мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру шарты тиісті қаржы жылына бекітілген бюджет қаражаты шегінде бір қаржы жылына жасалады.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру шарты жасалғаннан кейін мектепке дейінгі ұйым бос орындар туралы мәліметтерді білім беруді басқару органдарының ақпараттық жүйелерінде 3 (үш) жұмыс күні ішінде орналастырады.
Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.12.2022 № 485 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.29. Ата-аналар немесе балалардың өзге де заңды өкілдері білім беруді басқару органдарының ақпараттық жүйесіндегі бос орындар туралы мәліметтер негізінде кейіннен мектепке дейінгі ұйыммен білім беру қызметтерін көрсетуге шарт жасай отырып, мектепке дейінгі ұйымға өз бетінше жолдама алады.
30. Мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесіне енгізілген мектепке дейінгі ұйымдарды қаржыландыру қабылданған:
1) мектепке дейінгі ұйымға нақты келетін;
2) науқастануына, емделуіне, медициналық және өзге де ұйымдарда оңалтылуына, ата-анасының біреуі (баланың заңды өкілі) еңбек демалысын және жылына екі айға дейінгі мерзімге баланы сауықтыруға демалыс алуына байланысты мектепке дейінгі ұйымға бармаған (ата-анасының біреуінің немесе заңды өкілінің анықтамасын немесе жазбаша өтініш ұсынған кезде);
3) айына 3 (үш) жұмыс күні ішінде мектепке дейінгі ұйымға бармаған балалар үшін жүзеге асырылады.
31. Мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесіне енгізілген мектепке дейінгі ұйымдарды қаржыландыру мектепке дейінгі ұйым басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі-ЭЦҚ) баланың болмау себептерін (қатысу табеліне электрондық түрде бекітілетін болмау себептерін растайтын құжаттардың болуы) көрсете отырып, электрондық қатысу табелін және орындалған жұмыстардың электрондық актісін, электрондық шот – фактураны ұсынған кезде жүзеге асырылады.
Құжаттарды электрондық форматта ұсыну мүмкіндігі болмаған жағдайда, көрсетілген құжаттарды мектепке дейінгі ұйым білім беруді басқару органының ҚҚҚБ-не қағаз форматта жібереді.
Құжаттарды тапсыру күні мен уақыты белгіленген тіркеу туралы анықтама (талон) мектепке дейінгі ұйымның электрондық поштасына жіберіледі және (немесе) білім беруді басқару органының ҚҚҚБ -не қолма-қол беріледі.
32. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша айқындалатын көлемде және мөлшерде мынадай жағдайларда қаржыландырылады:
1) нәтижесінде балалар мектепке дейінгі ұйымға бармайтын шектеу іс-шараларының, оның ішінде карантиннің, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың қолданылу кезеңіне;
2) мектепке дейінгі ұйымға қабылданған, бірақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда кеңейту, жаңарту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау, қалпына келтіру, күрделі немесе ағымдағы жөндеу жүргізу себептері бойынша жылына 2 (екі) айдан аспайтын мерзімде бармайтын балалар үшін (құжаттамалық растау болған кезде).
33. Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиеленушілерін тәрбиелеу және оқыту бойынша көрсетілген білім беру қызметін есепке алу ҰБДҚ-да тәрбиеленушілердің күнделікті мектепке дейінгі ұйымға баруын тіркеу арқылы жүзеге асырылады.
34. Орналасқан жері өзгерген кезде (ғимаратты/үй-жайды ауыстыру) мектепке дейінгі ұйым орналасқан жері өзгергенге (ғимаратты/үй-жайды ауыстыру) дейін 1 (бір) ай бұрын білім беруді басқару органына хабарлайды.
Мектепке дейінгі ұйымның басшысы қол қойған, орналасқан жерін өзгерту (ғимаратты/үй-жайды ауыстыру) мерзімдері көрсетілген хабарлама білім беруді басқару органының ҚҚҚБ -нің электрондық поштасына электрондық форматта жіберіледі.
Құжаттарды электрондық форматта ұсыну мүмкіндігі болмаған жағдайда, хабарламаны мектепке дейінгі ұйым білім беруді басқару органының ҚҚҚБ -не қағаз түрінлегі форматта жібереді.
Хабарламаны тапсыру күні мен уақытын белгілей отырып, тіркеу туралы анықтама (талон) мектепке дейінгі ұйымның электрондық поштасына жіберіледі және (немесе) білім беруді басқару органының ҚҚҚБ -не қолма-қол беріледі.
35. Орналасқан орнының (ғимараттың/үй-жайдың ауыстыру) өзгергені туралы хабарлаған мектепке дейінгі ұйым хабарлама тіркелген сәттен бастап 1 (бір) ай мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша қаржыландырылады.
36. Білім беруді басқару органын хабардар еткен сәттен бастап бір ай өткен соң мектепке дейінгі ұйым мынадай құжаттарды:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) мектепке дейінгі ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған бейнебақылау камераларын, дабыл түймешесін және дауыстық хабарландыруды орналастыру болуы туралы ақпарат;
3) ғимаратты/үй-жайды жалдау шартының көшермесі (бар болса).
Көрсетілген құжаттарды мектепке дейінгі ұйым білім беруді басқару органының ЕАББ электрондық поштасына электрондық форматта жібереді.
Құжатты электрондық форматта ұсыну мүмкіндігі болмаған кезде мектепке дейінгі ұйым білім беруді басқару органының ҚҚҚБ -не қағаз форматта жібереді.
Білім беруді басқару органының ҚҚҚБ-сі мектепке дейінгі ұйымның электрондық поштасына тапсыру күні мен уақыты белгіленген құжатты тіркеу туралы анықтам (талон) береді.
Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.12.2022 № 485 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.37. Көрсетілген құжаттарды тіркегеннен кейін Комиссия мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелер ("электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы www.egov.kz, www.elicense.kz) арқылы мынадай құжаттардың барын және жарамдылығын тексеруді жүзеге асырады:
1) № 29/қе бұйрығына сәйкес санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды;
2) медициналық қызметке лицензия;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтамалар, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамалар
Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.12.2022 № 485 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.38. Ұсынылған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша Комиссия осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі/сәйкес еместігі туралы хаттама толтырады және 3 (үш) жұмыс күні ішінде білім беруді басқару органдарының ресми интернет-ресурстарында орналастырылады.
39. Білім беруді басқару органы Комиссия хаттамасының негізінде атауын, бос орындар санын және байланыс деректерін көрсете отырып, мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін өзектендіреді.
40. Осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда мектепке дейінгі ұйым Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға мектепке дейінгі ұйымдар тізбесінен шығарылады.
Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесіне ену үшін осы мектепке дейінгі ұйым келесі конкурстық рәсімге қайта қатысады.
41. Қағидалардың осы тармағында көзделген хабарлама тәртібі бұзылған жағдайда мектепке дейінгі ұйыммен мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру шарты орналасу орнының өзгеруі анықталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде кейіннен мектепке дейінгі ұйымдар тізбесінен алынып тастала отырып, бір жақты тәртіпте бұзылады.
Параграф 3. Білім беру қызметтерін алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру
42. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін білім беру қызметін алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, білім беруді басқару органдары балалар контингентін жасақтауды жүргізеді.
Білім беру қызметін алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша балалар контингентін жасақтау кезінде білім беруді басқару органдары кезектілік тізімін басшылыққа алады.
43. Білім беру қызметін алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, оларға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі ұйымдарды айқындауды осы Қағидалардың 42-тармағына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдар тізбесіне енгізілген мектепке дейінгі ұйымдар қатарынан қалыптастырылған контингентке кіретін балалардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері жүзеге асырады.
Білім беру қызметін алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі ұйымды айқындау нәтижесі балалардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері мен мектепке дейінгі ұйым арасында жасалған мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша білім беру қызметтерін көрсету шарты болып табылады.
44. Білім беру қызметтерін алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру мынадай дәйекті іс-қимылдар арқылы жүзеге асырылады:
1) осы Қағидалардың 42-тармағына сәйкес қалыптастырылған контингентке кіретін балалардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің пайдаланылмаған контингентті акцептсіз қайтаруды көздейтін білім беру қызметтерін алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру мақсатында балалардың атына немесе өз атына банк шоттарын және (немесе) электрондық әмияндарды ашуы Қағидалардың осы тармағының 4) тармақшасына сәйкес қаржы жылының қорытындысы бойынша бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылады.
Осы тармақшада көрсетілген банктік шоттарды және (немесе) электрондық әмияндарды ашу білім беруді басқару органымен негіздемелік келісім жасасқан Екінші деңгейдегі банкте және (немесе) Ұлттық пошта операторында жүзеге асырылады, оған сәйкес екінші деңгейдегі банк және (немесе) Ұлттық пошта операторы бюджет қаражатының нысаналы мақсатын сақтауға кепілдік береді, білім беру қызметтерін алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру шеңберінде тиісті балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту бойынша өздері көрсеткен қызметтер үшін кейіннен мектепке дейінгі ұйымдарға қолма-қол ақшасыз аударуға арналған;
2) осы Қағидалардың 42-тармағына сәйкес қалыптастырылған контингентке кіретін балалардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері мен мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесіне енгізілген мектепке дейінгі ұйымдар арасында Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша білім беру қызметтерін көрсету шартын жасасу;
3) білім беруді басқару органының білім беру қызметтерін алушылар, екінші деңгейдегі банктер және (немесе) Ұлттық пошта операторы бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру шеңберінде тиісті балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту бойынша өздері көрсеткен білім беру қызметтері үшін кейіннен мектепке дейінгі ұйымдарға қолма-қол ақшасыз аударуға арналған бюджет қаражатын ай сайын аударуы;
4) балалардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері қабылдаған білім беру қызметтерінің көлеміне сәйкес білім беру қызметтерін алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, бір балаға, бюджет қаражатының ай сайынғы сомасынан аспайтын, оның банктік шотына және (немесе) электрондық әмиянына түсетін, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы аясындаға бюджеттік қаражаттың мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесіне енгізілген тиісті мектепке дейінгі ұйымдардың шоттарына және (немесе) электрондық әмияндарына мөлшерде қолма-қол ақшасыз аудару.
45. Қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша пайдаланылмаған, білім беру қызметтерін алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру шеңберінде тиісті балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту бойынша өздері көрсеткен білім беру қызметтері үшін кейіннен мектепке дейінгі ұйымдарға қолма-қол ақшасыз аударуға арналған бюджет қаражаты 5 (бес) жұмыс күні ішінде тиісті жергілікті бюджетке акцептсіз қайтарылуға жатады.
46. Білім беру қызметтерін алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған мектепке дейінгі ұйымдар осы Қағидалардың 42-тармағына сәйкес ҰБДҚ-да өз тәрбиеленушілері, оның ішінде қалыптастырылған контингентке кіретіндер туралы ақпаратты ай сайын толтырады.
47. Білім беру қызметтерін алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға орналастырылған мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасына және (немесе) көлеміне мониторингті мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша білім беру қызметтерін көрсету шартының тараптары жүргізеді
3-тарау. Орта білімге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру
48. Орта білім беру ұйымдарында орналастырылатын мемлекеттік білім беру тапсырысы оқушылардың санын және бір оқушыға арналған шығыстардың орташа құнын қамтуы тиіс.
49. Орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі Әдістемеге сәйкес орта білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемін есептеу алгоритмі бойынша анықталады.
Бұл ретте орта білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру жан басына нормативтік қаржыландыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
1-параграф. Мемлекеттік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру
50. Жергілікті атқарушы орган жыл сайын орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мемлекеттік білім беру ұйымдарының өтініштерін қабылдау басталғандығы туралы ақпаратты интернет-ресурстарда орналастырады:
1) алдағы оқу жылына – күнтізбелік жылдың 1 маусымына дейін;
2) жаңадан құрылған немесе қайта ұйымдастырылған мемлекеттік білім беру ұйымдары үшін күнтізбелік жыл ішінде – жергілікті атқарушы органдары дербес белгілейтін мерзімде.
51. Орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мемлекеттік білім беру ұйымы жергілікті атқарушы орган орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мемлекеттік білім беру ұйымдарының өтініштерін қабылдау басталғандығы туралы ақпаратты интернет-ресурстарда орналастырған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннің ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті оған қоса берілетін құжаттармен бірге атқарушы органға ұсынады:
1) алдағы оқу жылына – күнтізбелік жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей;
2) жаңадан құрылған немесе қайта ұйымдастырылған мемлекеттік білім беру ұйымдары үшін күнтізбелік жыл ішінде – жергілікті атқарушы органдары дербес белгілейтін мерзімде.
Мемлекеттік білім беру ұйымы өтінішпен бірге жергілікті атқарушы органға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) "Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға және қайта ресімдеуге арналған өтініштердің нысандарын, лицензиялардың және (немесе) лицензияларға қосымшалардың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрығымен (бұдан әрі – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрығы) (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 6 ақпанда № 10195 тіркелді) бекітілген нысанда берілген бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензияның көшірмесі;
2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама.
Ескерту. 51-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.09.2023 № 280 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.52. Жергілікті атқарушы орган мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға өтініштерін және оған қоса берілген құжаттарын, олар тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарайды:
1) алдағы оқу жылына – күнтізбелік жылдың 1 тамызынан кешіктірмей;
2) жаңадан құрылған немесе қайта ұйымдастырылған мемлекеттік білім беру ұйымдары үшін күнтізбелік жыл ішінде – жергілікті атқарушы органдары дербес белгілейтін мерзімде.
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының өтініштерін, оларға қоса берілген құжаттармен бірге қарау кезінде жергілікті атқарушы орган ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруді жүзеге асырады.
Мемлекеттік білім беру ұйымының осы Қағидаларға сәйкес келмейтін өтінішті және (немесе) оған қоса берілген құжаттарды ұсыну фактісі анықталған жағдайда, жергілікті атқарушы орган үш жұмыс күннің ішінде өтініште көрсетілген мемлекеттік білім беру ұйымының электрондық почтасына, электрондық почта болмаған жағдайда өтініште көрсетілген почталық мекенжайына сәйкессіздіктерді жою қажеттігі туралы хабарлама жібереді.
Электрондық почтаға хабарлама жіберілген не ол почталық мекенжайға алынған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік білім беру ұйымы жергілікті атқарушы органға осы Қағидаларға сәйкес келтірілген өтінішті және оған қоса берілетін құжаттарды қайта ұсынады.
Жергілікті атқарушы орган мемлекеттік білім беру ұйымының өтініші оған қоса берілетін құжаттармен бірге қайтадан келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оларды қарауды жүзеге асырады.
53. Жергілікті атқарушы орган интернет-ресурстарда мемлекеттік білім беру ұйымдарының өтініштерін қабылдау басталғаны туралы ақпарат орналастырылған күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күннен кешіктірмей орындардың санын көрсете отырып, орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мемлекеттік білім беру ұйымдарының тізбесін қалыптастырады және оны интернет-ресурстарда жариялайды.
Орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы бұрын орналастырылған мемлекеттік білім беру ұйымдары орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мемлекеттік білім беру ұйымдарының тізбесіне өтініш ұсынбастан енгізіледі.
Жергілікті атқарушы орган орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мемлекеттік білім беру ұйымдарының тізбесіне енгізілген мемлекеттік білім беру ұйымымен шарт жасасу рәсімін жүзеге асыру жолымен орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырады.
2-параграф. Жекеменшік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру
54. Жекеменшік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды білім беру саласындағы уәкілетті органның операторы (бұдан әрі – оператор) жүзеге асырады.
55. Оператор жыл сайын интернет-ресурста орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін жекеменшік білім беру ұйымдарының өтініштерін қабылдау басталғандығы туралы ақпаратты орналастырады:
1) алдағы оқу жылына – күнтізбелік жылдың 1 маусымына дейін;
2) орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру мақсатында операторға алғаш рет өтініш беруші жекеменшік білім беру ұйымдары үшін күнтізбелік жыл ішінде – оператор дербес белгілейтін мерзімде.
56. Орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін жекеменшік білім беру ұйымы интернет-ресурста оператордың орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін жекеменшік білім беру ұйымдарының өтініштерін қабылдау басталғандығы туралы ақпараты орналастырылған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннің ішінде операторға қоса берілетін құжаттармен бірге осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш ұсынады.
Жекеменшік білім беру ұйымы өтінішпен бірге операторға қағаз және (немесе) электрондық pdf (пдф) форматында анық оқылатын түрде, ал көшірме болса бастапқы түпнұсқаға толық сәйкес келетін мынадай құжаттарды ұсынады:
1) лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрлерін және қызметтің кіші түрлерін (түрлерін) жүзеге асыру үшін білім беру ұйымы объектісінің нақты орналасқан жерінің мекенжайын қамтитын қосымшамен бірге № 3 бұйрыққа сәйкес нысан бойынша берілген бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға қолданыстағы лицензияның көшірмесі;
2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
3) Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкінде шотының болуы туралы анықтама;
4) жекеменшік білім беру ұйымы басшысының немесе оның міндетін атқарушы адамның жекеменшік білім беру ұйымында оқығаны үшін ата-аналық төлемақының мөлшерін бекіту туралы шешімінің көшірмесі;
5) Халықаралық Бакалавриат Ұйымында авторландырудан немесе халықаралық институционалдық аккредиттеуден өткен, дербес әзірленген интеграцияланған білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын жекеменшік білім беру ұйымдары үшін – дербес әзірленген интеграцияланған білім беру бағдарламаларының жүзеге асырылуын, Халықаралық Бакалавриат Ұйымында авторландырудан немесе халықаралық институционалдық аккредиттеуден өткенін растайтын құжаттар;
6) Әдістемеде көзделген жекеменшік орта білім беру ұйымдарының объектілерінде жаңадан енгізілген оқушы орындары және (немесе) тұруға арналған орындары бар жеке білім беру ұйымдары үшін - Қағидалардың 56-1-тармағында көзделген құжаттар.
Бұл ретте Әдістемеде көзделген жекеменшік орта білім беру ұйымдарының объектілерінде қайта жаңарту арқылы жаңадан енгізілген оқушы орындары бар ғимаратты пайдаланудың шекті мерзімі осы объектіге бастапқы өтініш берілген күнге 30 (отыз) жылды құрайды;
7) Әдістемеде көзделген жекеменшік орта білім беру ұйымдарының объектілерінде жаңадан енгізілген тұру орындары бар жекеменшік білім беру ұйымдары үшін – Қағидаларға 3-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша интернаттық ұйым туралы мәліметтер.
Бұл ретте Әдістемеде көзделген жекеменшік орта білім беру ұйымдарының объектілерінде тұру үшін қайта жаңарту арқылы жаңадан енгізілген орындары бар ғимаратты пайдаланудың шекті мерзімі осы объектіге бастапқы өтініш берілген күнге 30 (отыз) жылды құрайды;
8) ол туралы мәліметтер заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы ұсынылған анықтамада көрсетілген өтінішке басшының қол қоюын қоспағанда, жекеменшік білім беру ұйымының өтінішіне қол қойған тұлғаның өкілеттігін растайтын құжат.
Бір объектіден астам жекеменшік білім беру ұйымы орта білім беруге арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін операторға білім беру қызметі іс жүзінде жүзеге асырылатын объектілердің әрқайсысына қоса берілген құжаттары бар өтініштерін ұсынады;
9) Нұсқаулыққа сәйкес терроризмге қарсы қорғау талаптарының сақталуын растайтын құжат.
Ескерту. 56-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.09.2023 № 280 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Оқу-ағарту министрінің 04.04.2024 № 73 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.56-1. Әдістемеде көзделген жекеменшік орта білім беру ұйымдарының объектілерінде салу және (немесе) реконструкциялау арқылы жаңадан енгізілген оқушы орындары және (немесе) тұруға арналған орындары бар жекеменшік білім беру ұйымдары қосымша мынадай құжаттарды ұсынады:
1) оператор бекіткен нысан бойынша оператор мен жекеменшік білім беру ұйымы арасында жасалған қолданыстағы алдын ала шарттың көшірмесі;
2) Сәулет қызметі туралы Заңның 60-бабына сәйкес әзірленген және бекітілген жекеменшік білім беру ұйымының объектісіне жобалау (жобалық-сметалық) құжаттамасы не объектіге меншік құқығы туралы сот актісі;
3) Сәулет қызметі туралы Заңның 73-бабының 4-тармағына сәйкес объектіні пайдалануға беру күнін растайтын салынған объектіні пайдалануға қабылдау актісі;
4) реконструкциялау кезінде Сәулет қызметі туралы Заңның 34-4-бабының 4-тармағына сәйкес реконструкциялауға жататын ғимараттың жай-күйі туралы қорытынды;
5) интернаттық ұйым туралы өтініште және мәліметтерде көрсетілген (бар болса) жекеменшік орта білім беру ұйымы объектісінің нысаналы мақсатын кемінде жиырма жыл мерзімге өзгерту құқығының тіркелген ауыртпалығы бар жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және және оның техникалық сипаттамалары туралы мәліметтер;
6) интернаттық ұйым туралы өтініште және (немесе) мәліметтерде (бар болса) көрсетілген жеке білім беру ұйымының объектісіне тіркелген құқықтардың болуы не болмауы туралы, оның ішінде құқықтың түрі, құқық иеленуші, құқықтың туындау негізі, сондай-ақ құқықты тоқтату негізі (бар болса) жөнінде құқықтық кадастрдан алынған мәліметтер.
Ескерту. Қағида 56-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.09.2023 № 280 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.57. Оператор мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін жекеменшік білім беру ұйымдарының өтініштерін қоса берілген құжаттармен бірге олар тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күннің ішінде қарайды.
Операторға бір объект бойынша және сол білім беру деңгейлері бойынша бір жекеменшік білім беру ұйымына қатысты бірнеше өтініш келіп түскен жағдайда бірінші өтінішті оператор негізгі өтініш ретінде тіркейді, ал соңғылары негізгі өтінішке қоса тіркеледі және бір өтініш ретінде қаралады.
Оператор жекеменшік білім беру ұйымдарының өтініштері мен құжаттарын қарай отырып, ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруді жүзеге асырады.
Оператор өтініш тіркелген күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде жеке меншік білім беру ұйымына мынадай сәйкессіздіктер анықталған кезде сәйкессіздіктерді жою қажеттігі туралы хабарлама жібереді:
1) жекеменшік білім беру ұйымының өтініші және (немесе) интернаттық ұйым туралы мәліметтер Қағидаларға 3 және 3-1-қосымшаларда белгіленген нысандарға сәйкес келмейді және (немесе) толтырылмаған не ішінара толтырылмаған;
2) жекеменшік білім беру ұйымының өтінішінде бірнеше нысан көрсетілген;
3) жекеменшік білім беру ұйымының білім беру қызметіне арналған лицензияда және (немесе) лицензияға қосымшада қызметтің кіші түрлерін (түрлерін) жүзеге асыру үшін білім беру ұйымы объектісінің нақты орналасқан жерінің мекенжайы көрсетілмеген;
4) өтініште көрсетілген жекеменшік білім беру ұйымы объектісінің нақты орналасқан жерінің мекенжайы жеке білім беру ұйымының білім беру қызметіне арналған лицензияда және (немесе) лицензияға қосымшада көрсетілген мекенжайға сәйкес келмейді;
5) жекеменшік білім беру ұйымының интернаттық ұйымы (бар болса) туралы өтінішінде және (немесе) мәліметтерінде Әдістемеде көзделген жекеменшік орта білім беру ұйымының объектісінде жаңадан енгізілген оқушы орындары іс жүзінде болмаса да, олар туралы көрсетілген;
6) Қағидалардың 56-тармағында көзделген құжаттар толық немесе ішінара жоқ;
7) жекеменшік білім беру ұйымы өтініште және (немесе) интернаттық ұйым туралы мәліметтерде баяндаған ақпарат өтінішке қоса берілген құжаттарға сәйкес келмейді;
8) электрондық форматта ұсынылған құжаттар Қағидалардың 56-тармағының екінші бөлігіне сәйкес келмейді;
9) жекеменшік білім беру ұйымы мемлекеттік сатып алу веб-порталында өнім беруші рөлінде қатысушы ретінде тіркелмеген;
10) өтініште көрсетілген жекеменшік білім беру ұйымы және (немесе) жекеменшік білім беру ұйымының объектісі ҰББД-да тіркелмеген;
11) жекеменшік білім беру ұйымында оқығаны үшін ата-ана төлемақысының шекті мөлшері "Жекеменшік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын, оқуға ата-ана төлемақысының шекті мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 қаңтардағы № 29 бұйрығымен белгіленген мөлшерден асады (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19913 болып тіркелген).
Хабарлама жіберілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жекеменшік білім беру ұйымы Операторға осы Қағидаларға сәйкес келтірілген өтінішті және оған қоса берілген құжаттарды қайта ұсынады. Операторға белгіленген мерзімде жекеменшік білім беру ұйымының өтініші оған қоса берілген құжаттармен бірге берілмеген жағдайда, оператор жекеменшік білім беру ұйымына орта білімге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырудан негізделген және дәлелді бас тартуды жібереді.
Оператор қоса берілген құжаттармен бірге жекеменшік білім беру ұйымының өтініші қайта келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде оларды қарауды жүзеге асырады:
Өтінішті және оған қоса берілген құжаттарды қайта қарау нәтижелері бойынша оператор жекеменшік білім беру ұйымына орта білімге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырудан негізді және дәлелді бас тартуды мынадай жағдайларда жібереді:
1) жекеменшік білім беру ұйымының хабарламада оператор көрсеткен сәйкессіздіктерді жоймауы;
2) оператордың Қағидалардың осы тармағының төртінші бөлігінде көзделген сәйкессіздіктерді анықтауы.
Оператор Қағидалардың 56-тармағында көзделген орта білімге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін жекеменшік білім беру ұйымдарының өтініштерін ұсыну мерзімі аяқталғаннан кейін жекеменшік білім беру ұйымынан алынған құжаттармен қоса берілген өтінішті қараудан бас тартады.
Оператор Қағидалардың осы тармағында көзделген бас тартулар мен хабарламаларды жекеменшік білім беру ұйымдарына өтініште көрсетілген электрондық поштаға не электрондық пошта болмаған жағдайда өтініште көрсетілген пошталық адресіне жібереді.
Мемлекеттік сатып алу веб-порталында тіркелген жекеменшік білім беру ұйымдары осы Қағидаларға сәйкес келетін өтініштер мен құжаттарды ұсынған кезде оператор жекеменшік білім беру ұйымдарының өтініштерін қабылдауды бастау туралы ақпаратты оператордың интернет-ресурсында орналастырған күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күннен кешіктірмей, орындардың санын көрсете отырып, орта білімге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін жекеменшік білім беру ұйымдарының тізбесін (бұдан әрі - Жекеменшік білім беру ұйымдарының тізбесі) қалыптастырады және оны оператордың интернет-ресурсында жариялайды.
Оператор немесе жергілікті атқарушы орган бұрын орналастырған орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы бар, өтініште орта білім беру ұйымының объектілерін көрсеткен жекеменшік білім беру ұйымдары операторға осы Қағидалардың 56-тармағында көзделген өтінішке қосымша құжаттарды ұсынбастан, Жекеменшік білім беру ұйымдарының тізбесіне енгізіледі.
Ескерту. 57-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.09.2023 № 280 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.01.2024 № 14 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2024 № 318 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.3-параграф. Білім беру қызметтерін алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, жекеменшік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру.
Ескерту. 3-тарау 3-параграфпен толықтырылды – ҚР Оқу-ағарту министрінің 28.10.2024 № 318 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
58-1. Білім беру қызметтерін алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, жекеменшік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру мынадай дәйекті іс-қимылдар жолымен жүзеге асырылады:
1) білім алушының не оның ата-анасының немесе өзге де заңды өкілінің білім алушының атына осы Қағидалардың 58-3-тармағына сәйкес пайдаланылмаған бюджет қаражатын акцептсіз қайтаруды көздейтін бір банктік шотты және (немесе) электрондық әмиянды ашуы.
Осы тармақшада көрсетілген банктік шотты және (немесе) электрондық әмиянды ашу оператор орналастырған қосылу шартына қосылған екінші деңгейдегі банктердің бірінде және (немесе) Ұлттық почта операторында жүзеге асырылады, оған сәйкес екінші деңгейдегі банктер және (немесе) Ұлттық пошта операторы білім беру қызметтерін алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, жекеменшік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру шеңберінде тиісті білім алушыларға орта білім беру бойынша көрсеткен білім беру қызметтері үшін кейіннен жекеменшік білім беру ұйымдарына қолма-қол ақшасыз есептен шығаруға арналған бюджет қаражатының нысаналы мақсатын сақтауға кепілдік береді;
2) білім алушының ата-анасы немесе өзге де заңды өкілі мен Жекеменшік білім беру ұйымдарының тізбесіне енгізілген жекеменшік білім беру ұйымы арасында білім беру қызметтерін көрсету шартын жасасу;
3) оператордың білім алушылардың банктік шоттарына және (немесе) электрондық әмияндарына білім беру қызметтерін алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, жекеменшік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру шеңберінде тиісті білім алушыларға орта білім бойынша көрсеткен білім беру қызметтері үшін кейіннен жекеменшік білім беру ұйымдарына қолма-қол ақшасыз есептен шығаруға арналған бюджет қаражатын ай сайын аударуы;
4) білім алушының банктік шотынан және (немесе) электрондық әмиянынан білім беру қызметтерінің нақты көрсетілген көлеміне сәйкес тиісті жекеменшік білім беру ұйымының шотына бюджет қаражатын қолма-қол ақшасыз есептен шығару.
Екінші деңгейдегі банктер және (немесе) Ұлттық пошта операторы өзінің ақпараттық жүйесі және (немесе) мобильді қосымшасы арқылы білім алушыға не оның ата–анасына немесе өзге де заңды өкіліне ай сайын Жекеменшік білім беру ұйымының атауы және өзі көрсеткен білім беру қызметтері үшін осы жекеменшік білім беру ұйымының пайдасына есептен шығарылатын бюджет қаражатының сомасы (бұдан әрі - банктің мектеп туралы ақпараты) туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді.
Кәмелетке толмаған білім алушының ата-анасы немесе өзге де заңды өкілі, сондай-ақ кәмелетке толған білім алушы банктің мектеп туралы ақпаратымен таныса отырып, қарсылық болған жағдайда екінші деңгейдегі банктің және (немесе) Ұлттық пошта операторының ақпараттық жүйесіне және (немесе) мобильді қосымшасына банктің мектеп туралы ақпаратымен келіспеу негіздемесі бар тиісті жазбаны банктің мектеп туралы ақпаратын алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде енгізеді.
Екінші деңгейдегі банктер және (немесе) Ұлттық пошта операторы оператор бекіткен нысан бойынша операторға қарсылық туралы мәліметтерді жібереді.
58-2. Оператор екінші деңгейдегі банктерден және (немесе) Ұлттық пошта операторынан қарсылық туралы мәліметтерді алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде білім алушының не оның ата-анасының немесе өзге де заңды өкілінің қарсылығы туралы тиісті жекеменшік білім беру ұйымының операторға 5 (бес) жұмыс күні ішінде:
1) растайтын құжаттарды (олар болған жағдайда) қоса бере отырып, білім алушының не оның ата-анасының немесе өзге де заңды өкілінің қарсылығын теріске шығаруды;
2) білім алушының не оның ата-анасының немесе өзге де заңды өкілінің негізделген қарсылығымен келісуді беру үшін хабардар етеді.
Білім алушының не оның ата-анасының немесе өзге де заңды өкілінің қарсылығымен келіскен жағдайда жекеменшік білім беру ұйымы негізсіз есептен шығарылған бюджет қаражатын білім алушының банктік шотына және (немесе) электрондық әмиянына қайтарады.
Көрсеткен білім беру қызметтері үшін білім алушының банктік шотынан және (немесе) электрондық әмиянынан жекеменшік білім беру ұйымының пайдасына білім алушының бюджет қаражатын есептен шығару білім алушы не оның ата-анасы немесе өзге де заңды өкілі тарапынан қарсылық болмаған жағдайда жүргізіледі.
Екінші деңгейдегі банктер және (немесе) Ұлттық пошта операторы тиісті күнтізбелік жылдың маусым, шілде және тамыз айларын қоспағанда, ай сайын операторға жекеменшік білім беру ұйымының пайдасына өзі көрсеткен білім беру қызметтері үшін білім алушының банктік шотынан және (немесе) электрондық әмиянынан бюджет қаражатын есептен шығару туралы ақпаратты оператор бекіткен нысан бойынша есепті айдан кейінгі айдың 5 (бесінші) күнінен кешіктірмей жолдайды.
Білім беру қызметтерін алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, жекеменшік білім беру ұйымдарында орта білім беруге арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша тараптардың өзара іс-қимыл жүргізу шарттары тиісті қосылу шартында қарастырылған.
58-3. Білім алушының банктік шотында және (немесе) электрондық әмиянында пайдаланылмаған бюджет қаражаты:
1) егер осы тармақтың 2) тармақшасында өзгеше көзделмесе, екінші деңгейдегі банктер және (немесе) Ұлттық пошта операторы оператордың талабында белгіленген мерзімдерде операторға акцептісіз қайтаруға жатады;
2) қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша екінші деңгейдегі банктер және (немесе) Ұлттық пошта операторы 5 (бес) жұмыс күні ішінде республикалық бюджетке акцептісіз қайтаруға жатады.
58. Оператор жекеменшік білім беру ұйымымен шарт жасасу рәсімін жүзеге асыру жолымен орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырады.
4-тарау. Жергілікті атқарушы органдардың балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруы
59. Облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары балаларға қосымша бiлiм берудiң бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын ұйымдарда балаларға қосымша бiлiм беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастырады және бiр баланы қамтамассыз ету орташа құнын айқындайды.
Балаларға қосымша білім беруге арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемінде білім беру тапсырысы шеңберінде қосымша білім алатын 4 жастан 18 жасқа дейінгі балалардың санына мынадай шығындар өтеледі:
1) "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына сәйкес қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Ұйым қызметкерлерінің жалақысы;
2) ғимаратты (орынды) ұстауға және пайдалануға жұмсалатын шығыстар;
3) мұғалімдердің біліктілігін арттыруға жұмсалатын шығыстар;
4) қосымша білім беру бағытына сәйкес келетін білім беру бағдарламаларын іске асыруға арналған шығыстар.
Шектеу шараларының, оның ішінде карантиннің, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарынан балалардың қосымша білім берудің білім бағдарламаларын іске асыратын ұйымға бармайтын осындай шектеу іс-шараларының қолданысы кезеңінде балалардың қосымша білім беруге арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша айқындалатын көлемде және мөлшерде қаржыландырылады.
Ескерту. 59-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.12.2022 № 485 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.60. Балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін білім беруді басқару органдары өздерінің интернет-ресурстарында қосымша білім берудің түрлері мен бағыттары бойынша орындар саны, бір балаға есептегенде орташа құны, елді мекендер бөлінісінде және балаларға қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларына қойылатын ең төменгі талаптар туралы хабарландыру жариялайды.
Балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі ұйымдардың тізбесіне енгізу үшін Комиссияның құжаттарды қарау мерзімі 15 (он бес) жұмыс күнін құрайды.
Ескерту. 60-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.12.2022 № 485 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.61. Балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы жарғысында (ережесінде, құрылтай шартында) балаларға қосымша білім беру саласындағы қызметті көздейтін Ұйымдарда орналастырылады.
62. Ұйымдардың тізбесін қалыптастыруды тұрақты жұмыс істейтін Комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) хаттамасы негізінде білім беруді басқару органдары жүзеге асырады.
Комиссия құрамы жыл сайын білім беруді басқару органының шешімімен күнтізбелік жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірілмей бекітіледі.
Комиссия құрамы жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың, бiлiм беру органдарының, үкiметтiк емес ұйымдардың, қоғамдық бiрлестiктердiң және өңірлік кәсiпкерлер палатасының өкiлдерiнен олардың тең үлесiн қамтамасыз ете отырып жасақталады.
Ескерту. 62-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.12.2022 № 485 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.63. Жергілікті өкілді және атқарушы органдар, білім беруді басқару органдары, үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер және өңірлік кәсіпкерлер палатасы сұранысты алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей ресми хат алмасу арқылы кандидатураларды ұсынады.
Ескерту. 63-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.12.2022 № 485 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.64. Комиссия төрағасы мен мүшелері дауыс беруге алмастыру құқығынсыз қатысады.
Отырысқа Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысса, ол құзыреттi болып саналады.
Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
65. Комиссия мүшелерінің саны Комиссия төрағасын қоса алғанда кемінде 7 (жеті) адамды құрайды және тақ болып табылады.
Комиссия төрағасы білім беруді басқару органының басшысы немесе оның орынбасары болып табылады.
Комиссияның қызметі білім беруді басқару органының шешімі негізінде тоқтатылады.
Ескерту. 65-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.12.2022 № 485 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.66. Балаларды қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін ұйымдарды іріктеу оларда мынадан құжаттар болған кезде жүзеге асырылады:
1) өтініш;
2) заңды тұлға құрмай, қосымша білім беретін білім беру бағдарламаларын іске асыратын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, Ұйым Жарғысы (ереженің, құрылтай шартының);
3) Ұйым пайдаланатын жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттар немесе жалдау шарты;
4) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасына сәйкес балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламалар;
5) педагогикалық немесе кәсіптік білімі бар педагогтер;
6) жоғары және бірінші санаттағы, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, педагог-шебер біліктілік санаттары бар педагогтердің олардың жалпы санынан педагогикалық құрамның жалпы санының кемінде 10 пайызы;
7) қосымша білім беру саласындағы Ұйымның жұмыс тәжірибесі (жарғыға, құрылтай құжаттарымен, шарттармен);
8) балаларға қосымша білім беру бойынша іске асырылатын білім беру бағдарламаларын көрсете отырып, ҰБДҚ ақпараттық жүйесінде тіркеу;
9) рұқсаттар және хабарламалар туралы Заңға сәйкес эпидемиялық маңыздылығы болмашы объект қызметінің (пайдалануының) басталғаны және тоқтатылғаны туралы хабарлама;
10) заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (сақтандыруларды) және оның техникалық сипаттамалары;
11) санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22004 болып тіркелген) қосымша білім беру ұйымдарында күндізгі болу ұзақтығы төрт сағат және одан да көп болғанда балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру;
12) балалардың қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға құжаттарды тапсырғанға дейін кемінде бір ай бұрын мемлекеттік кірістер органдарында есепке алу жүргізілетін берешектің жоқ (болуы) екендігі туралы мәліметтер;
13) өртке қарсы қауіпсіздік жүйелері;
14) Нұсқаулыққа сәйкес терроризмге қарсы қорғау талаптары.
Ескерту. 66-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.12.2022 № 485 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Оқу-ағарту министрінің 04.04.2024 № 73 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.67. Балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға үміткер ұйымдар мына құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) заңды тұлға құрмай, қосымша білім беретін білім беру бағдарламаларын іске асыратын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, Ұйым жарғысының (ережесінің, құрылтай шартының) көшірмесі;
3) Ұйым пайдаланатын жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттардың көшірмесі немесе ғимаратты жалдау шартының көшірмесі;
4) балаларға арналған қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларының көшірмелері;
5) педагогтік немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білімі бар және білім алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу, білім беру қызметін әдістемелік қолдау немесе ұйымдастыру бойынша педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыратын, белгіленген үлгідегі білім туралы педагогтер құжаттарының көшірмелері;
6) педагогтердің біліктілік деңгейі туралы құжаттардың көшірмелері бар штат кестесінің көшірмесі;
7) Ұйымның жұмыс өтілін растайтын құжаттардың көшірмелері (болған жағдайда) (жарғыға сәйкес, құрылтай құжаттарымен, шарттармен) немесе Ұйымның жұмыс тәжірибесінің жоқтығы туралы хат;
8) Ұйым басшысының қолымен және мөрімен куәландырылған бейнебақылау камераларын орналастыру схемасы;
9) Ұйым басшысының қолымен және мөрімен куәландырылған және өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органмен келісілген Өрт кезіндегі эвакуациялау жоспарының схемасы.
Ескерту. 67-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.12.2022 № 485 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.68. Мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелер ("электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы), Ұйымның интернет-ресурсы және ҰБДҚ арқылы Комиссия мынадай мәліметтердің болуын және негізділігін тексереді:
1) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш негізінде балаларға қосымша білім беру бойынша жүзеге асырылатын білім беру бағдарламаларын көрсете отырып, ҰБДҚ ақпараттық жүйесінде тіркелу;
2) Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңға сай эпидемиялық маңызы аз нысанның қызметінің (пайдалануының) басталғаны және тоқтатылғаны туралы хабарландыру;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтаманы, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтаманы тіркеу;
4) күндізгі ұзақтығы төрт сағат және одан көп балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарында тамақтандыруды ұйымдастыру кезінде санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы бұйрыққа сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесі болуы;
5) балалардың қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға құжаттарды тапсырғанға дейін кемінде бір ай бұрын мемлекеттік кірістер органдарында есепке алу жүргізілетін берешектің жоқ (болуы) екендігі туралы мәліметтер.
Ескерту. 68-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.12.2022 № 485 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.69. Осы Қағидалардың 67-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдауды білім беруді басқару органдары балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы туралы хабарландыру орналастырылған кезден бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Ұйымдар басшының қол қойған және мөрмен расталған құжаттарды білім беруді басқару органдары кеңсесінің электрондық поштасына электрондық форматта жібереді.
Құжаттарды тапсыру күні мен уақыты белгіленген тіркеу туралы анықтаманы (талонды) білім беруді басқару органының кеңсесі ұйымның электрондық поштасына жібереді.
Ескерту. 69-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.12.2022 № 485 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.70. Комиссия білім беруді басқару органында құжаттарды тіркеу аяқталған күннен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде Ұйымдар ұсынған құжаттарды, оның ішінде тиісті мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелерден алынған құжаттарды қарайды.
Құжаттар міндетті түрде бейне және аудио тіркеумен Ұйымдардың қатысуымен қаралады.
Ұйымдар ұсынған құжаттарды Комиссия дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамаға сәйкес білім беруді басқару органдарының ресми интернет-ресурстарында орналастырады.
Комиссия құжаттарды алдын ала зерделеу үшін жұмыс топтарын құрады.
3 (үш) жұмыс күні ішінде Комиссияның мүшелері қатарынан айқындаған жұмыс тобы ұсынылған құжаттардың осы Қағидалар талаптарына сәйкестігін айқындау үшін Ұйымға баруды жүзеге асырады.
Комиссия хаттамасының негізінде білім беру органдары 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтініш берген кездегі атауын, бос жұмыс орындарының санын және байланыс деректерін көрсете отырып, Ұйымдардың Тізімін қалыптастырады.
Ұйымды Тізбеге енгізуден бас тарту балаларға қосымша білім беруге арналған мемлекеттік тапсырысты орналастыру туралы келесі хабарландыруға қайта қатысуға кедергі келтірмейді.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бұрын орналастырылған ұйымдар жаңартылған құжаттар ұсынылған және осы Қағидалардың 66 және 67-тармақтарына толық сәйкес келген жағдайда келесі күнтізбелік жылға Ұйымдар тізбесіне енгізіледі.
Ескерту. 70-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.12.2022 № 485 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.71. Құжаттарды қарау нәтижелері бойынша Комиссия мына шешімдердің бірін қабылдайды:
1) балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі ұйымдардың тізбесіне енгізу;
2) егер ол осы Қағидалардың 66-тармағына сәйкес келмесе, Ұйымда балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі ұйымдардың тізіміне енгізуден бас тарту.
Ескерту. 71-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.12.2022 № 485 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.72. Ашық дауыс беру арқылы комиссия мүшелерінің көпшілік даусымен шешім қабылданды деп есептеледі.
Комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
73. Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді.
74. Хаттамаға төраға және отырысқа қатысқан Комиссияның барлық мүшелері қол қояды.
75. Комиссия отырыстары, егер оған оның мүшелерінің жалпы санының жартысынан көбі қатысса, заңды деп есептеледі.
76. Балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі ұйымдардың тізбесіне енгізу туралы шешім шешім қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде білім беру органдарының интернет-ресурстарында жарияланады.
77. Комиссияның шешімі негізінде білім басқармасы органдары қолда бар ресурстарда (ресми веб-сайтта, әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда) балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі ұйымдардың тізбесіне енгізілген Ұйымдар туралы ақпаратты, ұйымның атауын, заңды мекен-жайын, орналасқан жерін, қосымша білім берудің білім беру бағдарламалары туралы мәліметтерді, сағаттардың көлемін, оқыту тілдерін, үйірмелердің/секциялардың түрлерін, орындардың санын қамтиды.
78. Ұйым балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша орындардың санын көрсете отырып, білім басқармасы органдарымен балаларға қосымша білім беру бойынша білім беру қызметтерін көрсетуге шарттар жасайды.
79. Ұйымның қызметтерді көрсетуі Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен Ұйым мен ата-аналар немесе өзге де заңды өкілдер арасында жасалған шарт негізінде жүзеге асырылады.
Ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініші бойынша белгіленген құнына сәйкес балаларға қосымша білім беруге арналған мемлекеттік білім беру тапсырысында көзделмеген сабақтарды өткізу үшін ұйымның ақылы қызметтер көрсету шарттары көрсетілген шартта көзделеді.
Балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын алу үшін балалар контингентін қалыптастыру ҰБДҚ сәйкес жүзеге асырылады.
Ұйымға қабылдау Оқу-ағарту министрінің бұйрығымен бекітілген "Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 219 бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 20695 болып тіркелген) мемлекеттік қызмет көрсету Ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Қосымша қабылдау жыл ішінде бос орындар болған жағдайда ата-аналардың (заңды өкілдердің) өтініштері негізінде жүзеге асырылады.
80. Білім басқармасы органы балаларға қосымша білім беру жөніндегі қызметтердің құнын төлейді:
1) кестеге сәйкес сабаққа қатысу (болу) дәлелі бойынша;
2) дәлелді себептер бойынша сабаққа қатыспаған (растайтын құжаттарды көрсеткен кезде: ауру, сауықтыру және емдеу, санаториялық-курорттық ұйымдарда оңалту, айына 3 (үш) сабақтан аспайтын);
3) күнтізбелік бір жыл ішінде ата-анасының біреуінің немесе өзге де заңды өкілдерінің бір айдан аспайтын (өтініш болған жағдайда) еңбек демалысында болуына байланысты сабаққа қатыспауы.
81. Балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы 3 (үш) сабақтан артық және себепсіз жағдайлармен болмаған балалар үшін төленбейді.
82. Күнтізбелік жылдың 15 желтоқсанындағы жағдай бойынша ҰБДҚ ақпараттық жүйесінен жүктелген ақпаратты қолдану арқылы көрсетілетін қызметтердің актісі шығарылатын желтоқсан айын қоспағанда, әрбір келесі айдың 1-ші күні ұйым айдың соңғы жұмыс күніндегі жағдай бойынша ҰБДҚ ақпараттық жүйесінен жүктелген ақпаратты қолданумен көрсетілген қызмет көрсету актісін береді.
83. Балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған ұйымдарда күнтізбелік жылда бір рет осы Қағиданың 66-тармағының талаптарын сақтау және қамтамасыз ету, оның ішінде балалардың сабаққа қатысуы туралы жоспарлы мониторинг жүргізіледі.
Жоспарлы мониторингті Комиссия жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, білім беру органдарының, үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің және өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдерін тарта отырып, балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы орналасқан Ұйымға бару арқылы жүзеге асырады.
Білім беру саласындағы уәкілетті орган жоспарлы мониторинг жүргізу мерзімі көрсетілген хабарламаны Ұйымға тапсырыс хатпен немесе электрондық пошта арқылы бір ай бұрын жібереді.
Жоспарлы мониторинг нәтижелері бойынша Комиссия 5 (бес) жұмыс күні ішінде акт жасайды және Ұйымдардың қарауы үшін білім басқармасы органының ресми интернет-ресурсында орналастырады.
Ескерту. 83-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.12.2022 № 485 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.84. Осы Қағидалардың нормаларын бұзу фактілері анықталған кезде Ұйымдар Комиссия актісін алғаннан кейін 14 (он төрт) жұмыс күні ішінде анықталған бұзушылықтарды жояды және білім беруді басқару органының кеңсесіне басшы қол қойған растайтын құжаттарды электрондық нұсқада ұсынады.
Құжаттарды электронды форматта мүмкін болмаған жағдайда, бұл құжаттарды білім басқармасы органдарының кңсесіне қағаз форматта жіберіледі.
Қайталанатын сәйкессіздіктер анықталған жағдайда Ұйым Комиссияның тиісті шешімі негізінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі ұйымдардың тізбесінен шығарылуға жатады.
Комиссия 5 (бес) жұмыс күні ішінде білім беруді басқару органына Ұйымның Тізбеден шығарылғаны туралы хабарлайды. Білім беруді басқару органдары Ұйымдардың тізбесін ресми интернет-ресурстарда өзектендіреді және Комиссияның хабарламасын алған күні ұйымды қаржыландыруды тоқтата тұрады.
Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың Ұйымдардың қызметіндегі бұзушылықтар және осы Қағидалардың талаптары туралы өтініштері негізінде білім басқару органы ӘРПК көзделген мерзімдерде жоспардан тыс мониторинг жүргізеді.
Ескерту. 84-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.12.2022 № 485 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.85. Ұйым балаларға арналған қосымша білім берудің білім беру бағдарламасын меңгеру нәтижелері бойынша оқу жылының соңында осы Ережелерге 6-қосымшаға сәйкес электрондық немесе қағаз нысанда оқу нәтижелерін растайтын құжат (сертификат) береді.
5-тарау. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру
86. ТКОБКБ бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы осы Қағидалардың 105 және 106 – тармақтарына сәйкес ТКОБКБ бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) бекіткен ТКОБКБ ұйымдарында орналастырылады.
ТКОБКБ ұйымдарында мамандықтар мен біліктіліктер бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру талапкерлердің таңдауы бойынша жүзеге асырылады.
87. Талапкерлерді ТКОБКБ мамандықтары, біліктіліктері және ұйымдары бойынша бөлуді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 578 бұйрығымен бекітілген Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына (бұдан әрі - № 578 бұйрық) сәйкес конкурстық негізде жүзеге асырылады.
88. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын ТКОБКБ ұйымдарында тиісті саланың уәкілетті органдары (бұдан әрі – ТСУО) еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мамандықтар бойынша ТКОБКБ бар кадрлар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырады.
Ескерту. 88-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.09.2023 № 280 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.89. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - ЖАО) еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырады.
90. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі Әдістемеге сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды есептеу алгоритмі бойынша анықталады. Бұл ретте техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру Жан басына нормативтік қаржыландыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
91. ТКОБКБ бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін комиссия құрылады, оның құрамы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астана әкімдерінің өкімімен немесе ТСУО бұйрығымен бекітіледі. Комиссия тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
92. Комиссияның құрамына жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің, Өңірлік кәсіпкерлер палатасының, қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді.
Облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімінің білім беру мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары немесе оның міндетін атқарушы тұлға Комиссия төрағасы болып табылады.
ТСУО-дағы Комиссия құрамы білім беру саласындағы уәкілетті орган қызметкерлерінен, азаматтық қоғам институттарының, "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының, салалық қауымдастықтардың өкілдерінен құрылады. Комиссияның төрағасы ТСУО басшысының орынбасары немесе оны алмастыратын тұлға болып табылады.
93. Комиссияның отырыстары оның төрағасы бекіткен жоспар бойынша өткізіледі және егер оған оның мүшелерінің жалпы санының 2/3-інен астамы қатысса, жарамды деп есептеледі.
Комиссияның жоспардан тыс отырыстары мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру кезінде бос орындар болған кезде немесе даулы мәселелер туындаған жағдайларда өткізіледі.
Комиссия шешімдері отырысқа қатысушы Комиссия мүшелері көпшілігінің ашық дауыс беруі арқылы қабылданады және комиссия төрағасы қол қоятын отырыс хаттамасымен ресімделеді. Комиссия құрамының дауыстары тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Хаттамаға комиссия мүшелері қол қояды.
Комиссия отырыстарында аудио немесе бейнежазба жүргізіледі. Аудио және бейнежазбалар архивте кемінде 3 (үш) жыл сақталады.
94. Комиссия осы Қағидалардың 101 және 102 тармақтарында көрсетілген білім беру саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын ТКОБКБ ұйымдарына қойылатын талаптарына сәйкес келетін ТКОБКБ ұйымдарының тізбесін анықтайды.
95. Конкурс шарттары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын ТКОБКБ ұйымдарын анықтау үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың білім беруді басқару органдары ресми интернет-ресурстарында ТКОБКБ ұйымдары арасында конкурс жариялайды.
96. ТКОБКБ бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша конкурсқа қатысу үшін көрсетілетін қызметтерді алушылар көрсетілетін қызметті берушіге Мемлекеттік корпорацияға немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы осы Қағидаларға 7-қосымшадағы "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес құжаттар топтамасын ұсынады.
Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Cтандартта келтірілген.
97. Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасын қабылдағаны туралы қолхат береді не көрсетілетін қызметті алушы толық емес құжаттар топтамасын ұсынған жағдайда құжаттарды қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат береді.
Мемлекеттік корпорация арқылы өтініш жасалған жағдайда қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Құжаттарды портал арқылы тапсырған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуге сұраныстың қарастырылу мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" көрсетіледі.
98. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі өтінішті түскен күні тіркейді және оны жауапты құрылымдық бөлімшеге орындау үшін жолдайды. Өтініш жұмыс уақытынан кейін, демалыс және мерекелік күндері түскен жағдайда Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күнімен тіркеледі.
1) Жауапты құрылымдық бөлімшенің жауапты қызметкер қабылдаған сәттен бастап, 2 (екі) жұмыс күні барысында ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы көзделген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жауапты қызметкері өтінішті одан әрі қарастыру туралы қағаз жүзінде немесе құжаттарды портал арқылы ұсынған жағдайда қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында дәлелді жауап жолдайды.
2) көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасын толық ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жауапты қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға білім беру ұйымдарында техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттардың қабылданғаны туралы хабарламаны еркін нысанда жолдайды.
Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды мемлекеттік қызметті көрсету мерзімінің аяқталуына дейін бір тәуліктен кешіктірмей жеткізуді қамтамасыз етеді.
99. Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – мемлекеттік қызметтер туралы Заң) 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
100. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының өтініші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2) тармақшасына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарастыруға жатады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
101. ТКОБКБ бар кадрлар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру және ТКОБКБ бар кадрларды даярлауды қаржыландыру үшін ТКОБКБ ұйымдарын анықтағанда Комиссия осы Қағидалардың 10-қосымшасында берілген ақпараттық карта бойынша білім беру саласындағы уәкілетті органның талаптарына сәйкес келетіндігін растайтын шарттарды және ақпаратты басшылыққа алады:
1) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-қосымшасының 3-тармағына сәйкес даярлық бейінін ескере отырып (ауылдық елді мекендерде орналасқан ТКОБКБ, қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) мәлімделген мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензияның болуы;
2) мамандықтар (біліктіліктер) бойынша оқу процесін ұйымдастыру үшін тиісті оқу-өндірістік шеберханалардың, оқу кабинеттерінің, зертханалардың, оқу полигондарының, білім беру процесін ұйымдастыру үшін оқу-өндірістік базалардың болуы;
3) жалпы педагогтер санынан педагог-сарапшы, педагог-модератор, педагог-зерттеуші, педагог-шебер, жоғары және бірінші санаттағы педагогтер және магистрлердің болуы (30%-дан төмен емес);
4) педагогтердің жалпы санынан кемінде 70% штаттағы педагогтердің болуы (өнер мен мәдениет саласындағы білім беру бағдарламаларын іске асыратын ТКОБКБ ұйымдарында 50%-дан кем емес);
5) студенттерге арналған әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлардың болуы (меншікті немесе жалға алу, жедел басқару, сенімгерлік құқығында тиесілі, жатақхананың және/немесе хостелдің, және/немесе қонақ үйдің, қоғамдық тамақтану және медициналық қызмет көрсету пункттерінің болуы);
6) ерекше білім беруді қажет ететін адамдар үшін жағдайлардың болуы (пандустар, жарық сигналдары, шақыру түймесі, СНжЕ сәйкес санитарлық торап);
7) Заңның 9-1-бабына сәйкес институционалдық және/немесе мамандандырылған аккредиттеуден немесе мемлекеттік аттестаттаудан өткені туралы құжаттың болуы;
8) мәлімделген мамандықтар бойынша ТКОБКБ ұйымын бітірген соң бітірушілердің бір жыл ішінде жұмысқа орналасуы және жұмыспен қамтылуы туралы мәліметтер.
Бұл талап жаңа мамандықтар, сондай-ақ бітіру жүзеге асырылмаған мамандықтар бойынша мәлімделген ТКОБКБ ұйымдарына таралмайды;
9) білім алушыларды дуальды оқытумен, өндірістік практикамен қамту;
10) мәлімделген мамандық бойынша жұмыс берушілермен немесе Индустриялдық кеңеспен келісілген білім беру бағдарламаларының болуы;
11) мәлімделген мамандықтар бойынша ерекше білім беруді қажет ететін адамдарды оқыту үшін бейімделген білім беру бағдарламаларының немесе жеке оқу бағдарламалары мен жоспарларының болуы;
12) мәлімделген мамандықтар шеңберінде өңірлік деңгейде WorldSkills (Ворлдскилз), Abilympics (Абилимпикс), Deafskills (Дэфскилз) чемпионаттарына (бұдан әрі – чемпиионат) қатысқан құзыреттер саны. Бұл талап жаңа мамандықтар бойынша өтінім берген ТКОБКБ ұйымдарына, сондай-ақ чемпионат өткізілмеген мамандықтарға қолданылмайды;
13) сайттың, әлеуметтік желілердегі аккаунттың болуы;
14) ТКОБКБ ұйымының мүмкіндігін ескере отырып, білім алушыларды қабылдауға арналған орындар саны;
15) Нұсқаулыққа сәйкес терроризмге қарсы қорғау талаптарының сақталуын растайтын құжаттар мен мәліметтер.
Ескерту. 101-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Оқу-ағарту министрінің 04.04.2024 № 73 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.102. Орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жататын кәсіпорындардың (ұйымдардың, мекемелердің) өтінімдері бойынша кадрларды даярлау үшін мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін ТКОБКБ ұйымдарын айқындау кезінде Комиссия келесі негізгі өлшемшарттарды басшылыққа алады:
1) білім алушының практикадан өтуіне, жұмысқа орналасуына міндеттемені көздейтін ТКОБКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйым және кәсіпорын (ұйым, мекеме) арасында екі жақты келісімің болуы;
2) кәсіпорындардың еңбек нарығындағы қызмет бейіні бойынша кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесінің болуы (жергілікті атқарушы органдардың немесе тиісті уәкілетті органдардың шешімі (келісімі) бойынша құрылатын кәсіпорындарды қоспағанда);
3) кәсіпорындарда (ұйымдарда, мекемелерде) дуальді оқытуды ұйымдастыру үшін тиісті базаның болуы;
4) сұраныс берген мамандықтың мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру және бөлу жөніндегі Комиссия бекіткен мамандықтар тізбесіне сәйкес келуі.
103. 101 және 102 тармақтарында көрсетілген құжаттар мен мәліметтерді ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болмаған жағдайда, Комиссия ТКОБКБ ұйымдарынан растайтын құжаттарды сұратады.
104. Комиссия конкурстық өтінімдерді Конкурс басталған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде қарайды, олардың осы Қағидалардың 101 және 102 тармақтарында көрсетілген білім беру саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын ТКОБКБ ұйымдарына қойылатын талаптарына олардың сәйкестік дәрежесін анықтайды және осы Қағидалардың 9-қосымшасына сәйкес оларды бағалауды жүргізеді.
105. ТКОБКБ ұйымдары осы Қағидалардың 101 және 102 тармақтарының талаптарына сәйкес келген кезде Комиссия мамандығы (біліктілігі) бойынша орындар санын, оқыту базасы мен тілін көрсете отырып, кәсіпорындармен (ұйымдармен, мекемелермен) екіжақты шарт негізінде кәсіпорындардың өтінімдері бойынша кадрларды даярлау үшін мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын ТКОБКБ ұйымдарының тізбесін бекітеді.
106. ТКОБКБ ұйымы осы Қағидалардың 101-тармағының талаптарына сәйкес келген кезде Комиссия мамандығы (біліктілігі), оқыту базасы мен тілі, сондай-ақ білім беру ұйымының жобалық мүмкіндіктері көрсетіле отырып, білікті жұмысшы кадрларды, орта буын және қолданбалы бакалавр мамандарын даярлау үшін мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын ТКОБКБ ұйымдарының тізбесін бекітеді.
107. Комиссияның ТКОБКБ бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын ТКОБКБ ұйымдарында орналастыру туралы шешімі мамандықты (біліктілікті), оқыту базасын және оқыту тілін, жобалық мүмкіндігін көрсете отырып, бес жұмыс күні ішінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың білім беруді басқару органдарының интернет-ресурстарында жарияланады.
108. Конкурс шарттары бойынша кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын ТКОБКБ ұйымдарының бекітілген тізімін 105 және 106 тармақтарына сәйкес ТКОБКБ мен мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлу үшін ақпараттық жүйеге күнтізбелік жылдың 15 маусымына дейінгі мерзімде жіберіледі.
109. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың білім беруді басқару органдары № 578 бұйрыққа сәйкес Комиссия шешімімен анықталған ТКОБКБ ұйымдарында абитуриенттердің таңдауы бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлуді жүргізеді.
110. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша бөлінбеген орындар, қамтылмаған талапкерлер болған кезде Комиссия кемінде он бес адамнан, оның ішінде кемінде он адамнан тұратын ТКОБКБ ұйымдарында ауылдық елді мекендерде орналасқан ТКОБКБ ұйымдарында топтар құру үшін ТКОБКБ мамандықтары мен ұйымдары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын қайта бөлу туралы шешім қабылдайды.
111. Комиссия мемлекеттік білім беру тапсырысты абитуриенттер арасында бөлу нәтижесіне, сондай-ақ бөлу рәсімінсіз мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын ТКОБКБ ұйымдарына нақты қабылдауға сәйкес ТКОБКБ бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырады.
112. Комиссияның ТКОБКБ бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын ТКОБКБ ұйымдарында орналастыру туралы шешімі 5 (бес) жұмыс күні ішінде күнтізбелік жылдың 29 тамызына дейінгі мерзімде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың білім беруді басқару органдарының, ТСУО-ның интернет-ресурстарында жарияланады.
Комиссия шешімдері мамандықтар, біліктіліктер бойынша топтар құру және ТКОБКБ ұйымдары педагогтерінің жүктемесі үшін негіз болып табылады.
113. Комиссия шешімдерінің негізінде ТСУО бұйрығымен, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының қаулысымен күнтізбелік жылдың 1 қыркүйегіне дейін ТКОБКБ ұйымдарында кадрлар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес орналастырылады.
Ескерту. 1-қосымшада жоғарғы оң жақ бұрыш жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.09.2023 № 280 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Өтініш нысаны (мектепке дейінгі ұйымның бланкінде толтырылады) Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша комиссия төрағасына _______(төрағаның Т.А.Ә. (бар болғанда) |
Өтініш
Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі тәрбие және
оқу бойынша жеткізушілер тізбесіне__________________________________________
(мектепке дейінгі ұйымның атауы, БИН)
қосуды өтінемін.
Осы арқылы келесіні хабарлаймын:
1) мектепке дейінгі ұйымның жаңа орындарының саны: _______________;
2) өтініш берген күнгі жағдай бойынша тәрбиеленушілердің нақты контингенті: _____
бала, оның ішінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру
тапсырысы бойынша _________ бала;
3) бұрын мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы
____________________________________________;
(орналастырылды/ орналастырылған жоқ)
4) мектепке дейінгі ұйым Ұлттық білім беру деректер базасын пайдаланушы болып
табылады.
Осы арқылы мектепке дейінгі ұйым:
1) санитариялық-эпидемиологиялық, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымның нақты
қуаты шегінде балаларды мектепке дейінгі ұйымға қабылдау жөніндегі талаптарды;
2) адамдар мен мүлікті қорғау мақсатында өрт қауіпсіздігі талаптарын;
3) мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің нормалары мен қағидаларын;
4) Ұлттық білім беру деректер базасындағы:
- тәрбиеленушілер;
- тәрбиешілер, оның ішінде олардың саны, білім деңгейі, біліктілігі, еңбек өтілі туралы
ақпаратты ай сайын толтырудың;
5) "Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету
қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 19 маусымдағы № 254 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді
мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20883 болып тіркелген) сәйкес "Мектепке дейінгі
ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау" мемлекеттік қызмет
көрсету тәртібінің;
6) тәрбиеленушілердің өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі
Қазақстан Республикасының заңнамасының;
7) қолданыстағы заңнамаға сәйкес балалардың тамақтануы үшін жергілікті атқарушы
орган белгілеген ата-ана төлемінің мөлшерінің сақталуын қамтамасыз етеді.
Қосымша: конкурсқа қатысу үшін құжаттар ___ парақта.
Басшы _______________________________
(мектепке дейінгі ұйымның атауы)
______________________________________________
(қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда)
Толтырған күні "______" __________20____ж.
Мөр орны (бар болғанда)
Ескерту. 2-қосымшада жоғарғы оң жақ бұрыш жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.09.2023 № 280 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Нысан (білім беру ұйымының бланкісінде толтырылады) Жергілікті атқарушы органның атауы |
Өтініш ________________________________________________________________________________ (мемлекеттік білім беру ұйымының атауы (табыс септігінде), БСН)
орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мемлекеттік білім
беру ұйымдарының тізбесіне енгізуді сұраймын.
Өтініш берілген күнгі жағдай бойынша оқушылардың нақты контингенті:
Сыныптар | Барлығы оқитындар(адам) | оның ішінде: | |||
білім беру сыныптарында оқитындар | жалпы білім беретін сыныптарда оқитын ерекше білім беруге қажеттілігі бар тұлғалар (балалар) | арнайы (түзету) сыныптарында оқитындар | үйде оқитындар | ||
1-4 | |||||
5-9 | |||||
10-11 | |||||
Барлығы: |
Алдағы оқу жылының 1 қыркүйегіне оқушылардың болжамды контингенті:
Сыныптар | Барлығы оқитындар(адам) | оның ішінде: | |||
білім беру сыныптарында оқитындар | жалпы білім беретін сыныптарда оқитын ерекше білім беруге қажеттілігі бар тұлғалар (балалар) | арнайы (түзету) сыныптарында оқитындар | үйде оқитындар | ||
1-4 | |||||
5-9 | |||||
10-11 | |||||
Барлығы: |
Сәйкессіздіктерді жою қажеттілігі туралы хабарлама жіберу
үшін__________________почталық мекенжайды және _____________ электрондық
почтаны растаймын.
Қосымша __ парақта.
Басшы
_________________________ ________ ____________________________________
(білім беру ұйымының атауы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
Толтырылған күні
Мөр орны (болған жағдайда)
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.01.2024 № 14 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Өтініш
__________________________________________________________________________
(жекеменшік білім беру ұйымының атауы, БСН, заңды мекенжайы заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаға сәйкес көрсетіледі)
20___ - 20___ оқу жылына арналған орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін құжаттарды қарауды сұрайды.
Қала/ауыл мектебі (қажеттісін көрсету) оқушыларының нақты контингенті өтініш берілген күнгі жағдай бойынша*:
Сыныптар | Барлық оқушылар (адам) | оның ішінде: | |||
жалпы білім беру сыныптарының оқушылары | жалпы білім беретін сыныптарда оқитын ерекше білім беруге қажеттілігі бар тұлғалар (балалар) | арнайы (түзету) сыныптарының оқушылары | үйде оқитындар | ||
1-4 | |||||
5-9 | |||||
10-11 | |||||
Барлығы: |
* Ескерту: балалар контингенті болмаған жағдайда толтырылмайды.
Алдағы 20__- 20___ оқу жылының 1 қыркүйегіне оқушылардың болжамды контингенті:
Сыныптар | Барлығы оқушылар (адам) | оның ішінде: | |||
жалпы білім беру сыныптарының оқушылары | жалпы білім беретін сыныптарда оқитын ерекше білім беруге қажеттілігі бар тұлғалар (балалар) | арнайы (түзету) сыныптарының оқушылары | үйде оқитындар | ||
1-4 | |||||
5-9 | |||||
10-11 | |||||
Барлығы: |
1. Осы арқылы жекеменшік білім беру ұйымы объектісінің сипаттамасын хабарлаймын:
1) объектінің атауы:__________________________________________________________
2) орналасқан жері (мекенжайы) – _____________________________________________ (білім беру қызметімен айналысуға лицензияның қосымшасына сәйкес нақты мекенжайы көрсетіледі); 3) жобалық қуаты –__________________________________________________________ (бар болса, объектінің литерін көрсете отырып); 4) пайдалануға енгізу күні – ___________________________________________________ (күні, айы, жылы көрсетіледі).
2. Осы арқылы:
1) жекеменшік білім беру ұйымында оқу үшін ата-аналар төлемінің мөлшері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 қаңтардағы № 29 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19913 болып тіркелген) оқу үшін ата-аналар төлемінің шекті мөлшерінен аспайтынын және жылына ___________ теңгені құрайтынын;
2) "Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға және қайта ресімдеуге арналған өтініштердің нысандарын, лицензиялардың және (немесе) лицензияларға қосымшалардың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 6 ақпанда № 10195 тіркелген) нысан бойынша берілген, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензияның болуы. Білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензия № ______ ;
3) _____________________ почталық мекенжайды және _____________ электрондық почтаны (сәйкессіздіктерді жою қажеттілігі туралы хабарлама жіберу үшін);
4) жекеменшік білім беру ұйымы басшысының не оны алмастыратын тұлғаның ____________________, құрылтайшының ______________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), байланыс телефондары ____________________:
5) Ұлттық білім беру деректер қорында (ҰБДҚ) тіркеуде барын, №____;
6) мемлекеттік сатып алу веб-порталында тіркеуде барын;
7) жекеменшік білім беру ұйымдарының жанынан оқушылардың тұруы үшін интернаттың барын/жоғын (қажеттісін көрсету) растаймын;
8) оқыту:
бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларына -
__________________________________________________________________________________________; иә/жоқ (керегін бөліп көрсету)
Халықаралық Бакалавриат Ұйымында авторизациядан немесе халықаралық институционалдық аккредиттеуден өткен дербес әзірленген интеграцияланған білім беру бағдарламалары -
__________________________________________________________________________________________. иә/жоқ (керегін бөліп көрсету)
3. Осы арқылы мыналарды хабарлаймын.**
Салу/реконструкциялау (қажеттісін көрсету) жолымен 2018 жылғы 20 шілдеден кейін пайдалануға берілген жекеменшік білім беру ұйымының объектісінде жаңадан енгізілген оқушы орындарының саны ____________________.
Жекеменшік білім беру ұйымы объектісінің пайдалануға енгізілу күні ____________________ (күні, айы, жылы).
2018 жылғы 20 шілдеден кейін пайдалануға берілген жекеменшік білім беру ұйымының объектісінде жаңадан енгізілген оқушы орындарына мемлекеттік білім беру тапсырысы бұрын орналастырылды/орналастырылмады (қажеттісін көрсету).
** 3-тармақты "Қаржы орталығы" АҚ-мен жасалған алдын ала шарты және орта білім беру ұйымы объектісінің нысаналы мақсатының өзгермейтіндігі туралы келісімі бар жекеменшік білім беру ұйымы толтырады.
Қосымша ___ парақта.
Басшы _____________________________________________________
(жекеменшік білім беру ұйымының атауы)
_________ ___________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
Күні Мөр орны (болған жағдайда)
Ескерту. Қағида 3-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.09.2023 № 280 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.01.2024 № 14 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
Интернаттық ұйым туралы мәліметтер
____________________________ № ______ өтінішке қосымша мына деректерді жолдаймыз.
Өтініш берілген күнгі жағдай бойынша қалалық/ауылдық (қажеттісін көрсету) мектеп оқушыларының нақты контингенті:
Сыныптар | Барлық оқушы (адам) | оның ішінде: | ||||||||
жалпы білім беретін сыныптың оқушылары | арнайы (түзету) сыныптардың оқушылары | үйде оқитындар | ||||||||
нормотиптік | ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылар | |||||||||
күндізгі | интернат* | күндізгі | интернат* | күндізгі | интернат* | күндізгі | ||||
1-4 | ||||||||||
5-9 | ||||||||||
10-11 | ||||||||||
Барлығы: |
* Ескерту: жекеменшік орта білім беру ұйымдарында білім алушылар және олардың интернаттарында тұратындар.
Алдағы оқу жылының 1 қыркүйегіне оқушылардың болжамды контингенті:
Сыныптар | Барлық оқушы (адам) | оның ішінде: | ||||||||
жалпы білім беретін сыныптың оқушылары | арнайы (түзету) сыныптардың оқушылары | үйде оқитындар | ||||||||
нормотиптік | ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылар | |||||||||
күндізгі | интернат* | күндізгі | интернат* | күндізгі | интернат* | күндізгі | ||||
1-4 | ||||||||||
5-9 | ||||||||||
10-11 | ||||||||||
Барлығы: |
** Ескерту: жекеменшік орта білім беру ұйымдарында білім алушылар және олардың интернаттарында тұратындар.
1. Осы арқылы жекеменшік білім беру ұйымы объектісінің және оның жанындағы интернаттың сипаттамасын хабарлаймын:
1) жекеменшік білім беру ұйымы объектісінің орналасқан жері (мекенжайы) – ________ ________________________________________________________________________________(білім беру қызметімен айналысуға лицензияның қосымшасына сәйкес нақты мекенжайы көрсетіледі);
2) жекеменшік білім беру ұйымы объектісінің жанындағы интернаттың орналасқан жері (мекенжайы) ____________________________________________________________________;
3) жекеменшік білім беру ұйымы объектісінің жобалық қуаттылығы – ________ _______________________________________________________________________________ (объектінің литері бар болса, көрсетіледі);
4) жекеменшік білім беру ұйымы объектісінің жанындағы интернаттың жобалық қуаттылығы– ___________________________________________________________________;
5) жекеменшік білім беру ұйымы объектісінің пайдалануға берілген күні – ________________________________________________________________________________ (күні, айы, жылы көрсетіледі);
6) жекеменшік білім беру ұйымы объектісінің жанындағы интернаттың пайдалануға берілген күні – ________________________________________________________________ (күні, айы, жылы көрсетіледі).
2. Осы арқылы мыналарды хабарлаймын. **
Салу/реконструкциялау (қажеттісін көрсету) жолымен 2020 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға берілген жекеменшік білім беру ұйымы объектісінің жанындағы интернатта оқушылардың жаңадан енгізілген тұратын орындарының саны __________________________.
Жекеменшік білім беру ұйымы объектісінің, орта білім беру ұйымының жанындағы интернаттың нысаналы мақсатын өзгертуге жиырма жыл мерзімге құқық ауыртпалығын салудың болжамды күні___________________________________________________________.
** 2-тармақты "Қаржы орталығы" АҚ-мен жасалған алдын ала шарты және орта білім беру ұйымы объектісінің жанындағы интернаттың нысаналы мақсатының өзгермейтіндігі туралы келісімі бар жекеменшік білім беру ұйымы толтырады.
Басшы ___________________________________________________
(жекеменшік білім беру ұйымының атауы
_________ _________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
Күні Мөр орны (болған жағдайда)
Ескерту. 4-қосымшада жоғарғы оң жақ бұрыш жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.09.2023 № 280 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Өтінім формасы (қосымша білім беру ұйымының бланкісіне толтырылады) Білім басқармасының (бөлімінің) Басшысына ________облыс (қала, аудан) _______________________ (Басшының Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)) |
Өтініш
Сізден ______________________________________"Ұлттық білім беру деректер қоры"
(Ұйым атауы) ақпараттық жүйесіне қосуды сұраймын.
Ұйым Басшысы __________________________________________________
(Басшының Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)) ______________ (қолы)
Толтырылған күні
Ескерту. 5-қосымшада жоғарғы оң жақ бұрыш жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.09.2023 № 280 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Өтінім формасы (қосымша білім беру ұйымының бланкісіне толтырылады) Балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссия төрағасына _________________________ (Басшының Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)) |
Өтініш
Сізден ____________________________________________________
(Ұйым атауы)
Балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін
тізбеге енгізуді сұраймын.
Осымен келесіні хабарлаймын:
1) дайындық бағыты _________________;
2) орналасқан жері _________________.
Қосымша білім беру ұйымы балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру шеңберінде балаларды оқыту жөніндегі қызметтер үшін ата-анадан төлемақы алынбайды.
Осы арқылы қосымша білім беру ұйымы:
1) санитариялық-эпидемиологиялық, оның ішінде қосымша білім беру ұйымының нақты мүмкіндіктер шегінде балаларды қосымша білім беру ұйымына қабылдау жөніндегі талаптары;
2) Балалар мен мүлікті қорғау мақсатында өрт қауіпсіздігі талаптары;
3) қосымша білім беру ұйымдары қызметінің нормалары мен қағидалары бекітілсін.
4) ай сайын ұлттық білім беру деректер базасында өзінің білім туралы ақпаратты:
- білім алушылар;
- педагогтер, оның ішінде олардың саны, білім деңгейі, біліктілігі, еңбек өтілі туралы;
5) Қазақстан Республикасы заңнамасының білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі талаптары;
6) балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырудың осы қағидаларының талаптары бекітілсін.
Қосымша: конкурсқа қатысу үшін құжаттар ______ парақта.
(Басшының Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)) ______________ (қолы)
Толтырылған күні ______________
Ескерту. 6-қосымшада жоғарғы оң жақ бұрыш жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.09.2023 № 280 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Сертификат (құжат атауы)
_________________________________________________________________________-
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) кезеңінде балаларға қосымша білім
беруге арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде білімін жетілдірді
__________________________________________________________________________
(кезеңін көрсету) (ұйымның атауы)
___________________________________ көлемі___________сағат ________________
(бағытын көрсету)
Ұйым Басшысының бұйрығы "__"___________ 20 ____ жылғы ________
Тіркеу № _ _ _ _ Берілген күні "____" ___________ 20 ___ жыл
Қосымша ________________________________ (құжаттың атауы)
№ | Бөлімдер атауы | Сағат саны |
Ескерту. 7-қосымшада жоғарғы оң жақ бұрыш жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.09.2023 № 280 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Мемлекеттік қызметті облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. |
2 | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері (қолжетімділік арналары) | Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) және "электрондық үкіметтің" www. egov. kz веб-порталы" (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады. |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға тапсырған сәттен бастап - 2 жұмыс күні. Портал арқылы – 2 жұмыс күні. |
4 | Қызмет көрсету нысаны | Қағаз жүзінде/электрондық түрде |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі | Білім беру ұйымдарында техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттардың қабылданғаны туралы еркін нысандағы хабарлама не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету барысында қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және оны алу тәсілдері болған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған | Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі. |
7 | Жұмыс кестесі |
1) Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ге дейін; |
8 | Құжаттар тізбегі |
1) Комиссия төрағасының атына жазылған осы Қағидаларға 21-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздемелер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электронды нысанда көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар | Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777 арқылы алу мүмкіндігіне ие. |
Нысан 1 |
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы өтінішінің нысаны (білім беру ұйымының бланкісінде толтырылады)
Комиссия төрағасы___________________________________________
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптармен және конкурсты өткізу
шарттарымен танысып
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
(білім беру ұйымының атауы)
_______ ж. "_____" _______ №_________ білім беру қызметін жүргізу құқығына
берілетін лицензиясына сәйкес
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(мамандықтардың, біліктіліктің коды, атауы, орын саны, оқыту тілі, 9/11, ТКОБКБ
базасында) мамандықтары бойынша уәкілетті орган және ЖАО өткізетін конкурсқа
қатысады.
Қосымша: конкурсқа қатысу үшін құжаттар ___ бетте.
Ұйым басшысы ___________________________________
(қолы, Т.А.Ә. (бар болғанда)
Толтырылған күні
М.О.
Нысан 2 |
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының ақпараттық картасы ____________________________________________________________________________ (техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының толық атауы
___________________________________________________
(нақты мекенжайы, телефоны, факс, электрондық поштасы)
__________________________________________________
(құрылтайшы)
__________________________________________________
(мамандықтардың, біліктіліктердің коды, атауы)
№ п/п | Талаптардың атауы | Сипаттамасы |
---|---|---|
1. | Кадрларды даярлау бейіні бойынша мәлімделген мамандықтар бойынша білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензияға қосымша (ауылдық елді мекендерде, қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелерінде орналасқан ТКОБКБ ұйымдарын қоспағанда) | №, берілген күні |
2. | Біліктіліктер мен мамандықтар бойынша оқу процесін ұйымдастыру үшін тиісті оқу-өндірістік шеберханалардың, оқу кабинеттерінің, зертханалардың, оқу полигондарының, оқу-өндірістік базалардың болуы | Мамандықтар бойынша оқу-өндірістік шеберханалардың, зертханалардың саны |
3. | Педагогтер санынан жоғары және бірінші санатты педагогтердің, сарапшы педагогтердің, зерттеуші педагогтердің, шебер педагогтердің және магистрлердің үлесі (30%-дан төмен емес) | Мәлімделген мамандықтар бөлінісінде біліктілік санаттары бойынша педагогтер саны |
4. | 70%-дан төмен емес штаттық оқытушылар мен өндірістік шеберлердің болуы (өнер мен мәдениет саласындағы білім беру бағдарламаларын іске асыратын ТКОБКБ ұйымдарында 50%-дан кем емес) | Штаттық педагогтер саны |
5. | Студенттерге арналған әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлардың болуы (меншікті немесе жалға алынған жатақхананың және/немесе хостелдің, және/немесе қонақ үйдің, қоғамдық тамақтану және медициналық қызмет көрсету пункттерінің болуы) | №, күні, шарт |
6. | Ерекше білім беруді қажет ететін адамдар үшін жағдайлардың болуы (міндетті талаптар: пандустар, жарық сигналдары, шақыру түймесі, СНжЕ сәйкес санитарлық торап) | Қысқаша сипаттамасы |
7. | Институционалдық және/немесе мамандандырылған аккредиттеуден немесе мемлекеттік аттестаттаудан өткені туралы құжаттың болуы | құжаттың№, берілген күні |
8. | Мәлімделген мамандықтар бойынша ТКОБКБ ұйымын бітірген соң бітірушілердің бірінші жылы жұмысқа орналасуы және жұмыспен қамтылуы. Бұл талап жаңа мамандықтар бойынша өтінім берген ТКОБКБ ұйымдарына, сондай-ақ шығарылым өткізілмеген мамандықтарға қолданылмайды | Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығының (ЗТМО) деректері негізінде мамандықтар бойынша жұмысқа орналасқан бітірушілердің және ЖЖОКБҰ-да оқуды жалғастыруды, ӘК қатарында қызмет етуді, бала күтімі бойынша демалыста болуды растайтын деректер негізінде жұмыспен қамтылған бітірушілердің үлесі |
9. | Білім алушыларды дуальді оқытумен қамту және/немесе өндірістегі кәсіптік практикамен қамту | Дуальді оқытумен және/немесе өндірістегі практикамен қамтылған білім алушылардың саны |
10. | Мәлімделген мамандық бойынша жұмыс берушілермен немесе индустриялық Кеңеспен келісілген білім беру бағдарламаларының болуы | Білім беру бағдарламалары |
11. | Мәлімделген мамандықтар бойынша ерекше білім беруді қажет ететін адамдарды оқыту үшін бейімделген білім беру бағдарламаларының немесе жеке оқу бағдарламалары мен жоспарларының болуы; | Мәлімделген мамандықтар бойынша ерекше білім беруді қажет ететін адамдарды оқыту үшін бейімделген білім беру бағдарламалары |
12. | Мәлімделген мамандықтар шеңберінде өңірлік деңгейде WorldSkills (Ворлдскилз), Abilympics (Абилимпикс), Deafskills (Дэфскилз) чемпионаттарына қатысқан құзыреттер саны. Бұл талап жаңа мамандықтар бойынша өтінім берген ТКОБКБ ұйымдарына, сондай-ақ чемпионат өткізілмеген мамандықтарға қолданылмайды; | Мамандықтар атаулары бар құзыреттер саны |
13. | ТКОБКБ ұйымдарының мүмкіндігін ескере отырып, білім алушыларды қабылдауға арналған орындар саны | Орындар саны оқу процесін жоспарлай отырып, жобалық қуаттылықты (екі аусымды) ескере отырып айқындалады |
14. | Білім беру ұйымы сайтының, әлеуметтік желілердегі аккаунтының болуы | Сайт деректері, аккаунт |
* Кәсіпорындардың (ұйымдардың, мекемелердің) өтінімдері бойынша кадрлар даярлау үшін мемлекеттік білім беру тапсырысын алу үшін ТКОБКБ ұйымдары 3-тараудың 32-1-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
Жоғарыда келтірілген ақпараттың шынайылығын растаймын.
Ұйымның басшысы ________________________
(қолы, Т. А. Ә. (бар болған жағдайда))
Толтырылған күні
М.О.
Ескерту. 8-қосымшада жоғарғы оң жақ бұрыш жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.09.2023 № 280 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 2013 жылғы 15 сәуірдегі 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы филиалының №______бөлімі (мекенжай көрсету керек) "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсетуге" Сіздің тізбеге сәйкес, құжаттар топтамасын толық ұсынбағандықтан мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге құжаттарыңызды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
Ұсынылмаған құжаттардың атаулары:
1) _______________________________________;
2) _______________________________________;
Нақты қолхат 2 (екі) данада құрастырылған, әр тарапқа бір данадан
_________________________________________________________________
(қолы) (Мемлекеттік корпорация қызметкерінің Т.А.Ж. (бар болғанда)
_________________________________________________________________
(Қызмет берушінің Т.А.Ж. (бар болғанда) (қолы)
Алдым: _________________________________________________________________
(Қызметті алушының Т.А.Ж. (бар болғанда) (қолы)
20___ жылғы "___" ____________
Ескерту. 9-қосымшада жоғарғы оң жақ бұрыш жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.09.2023 № 280 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына қойылатын талаптарға сәйкестікті бағалау парағы
№ п/п | Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары туралы мәліметтер | Растайтын көздер | Мәннің тұрі |
1. | Кадрларды даярлау бейіні бойынша мәлімделген мамандықтар бойынша білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензияға қосымша (ауылдық елді мекендерде, қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелерінде орналасқан ТКОБКБ ұйымдарын қоспағанда) | "Е-лицензиялау мемлекеттік базасы" АЖ | Жіберу/жібермеу |
2. | Біліктіліктер мен мамандықтар бойынша оқу процесін ұйымдастыру үшін тиісті оқу-өндірістік шеберханалардың, оқу кабинеттерінің, зертханалардың, оқу полигондарының, оқу-өндірістік базалардың болуы | ҰБДҚ-дан алынған немесе қағаз түріндегі растайтын құжаттар |
Бар – 1 бал |
3. | Педагогтер санынан жоғары және бірінші санатты педагогтердің, сарапшы педагогтердің, зерттеуші педагогтердің, шебер педагогтердің және магистрлердің үлесі (30%-дан төмен емес) | ҰБДҚ-дан түсіру |
51% және жоғары - 3 бал 35% -50% - 2 бал |
4. | 70%-дан төмен емес штаттық оқытушылар мен өндірістік шеберлердің болуы (өнер мен мәдениет саласындағы білім беру бағдарламаларын іске асыратын ТКОБКБ ұйымдарында 50%-дан кем емес) | ҰБДҚ түсіру |
81% және одан жоғары – 3 балл; |
5. | Студенттерге арналған әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлардың болуы (меншікті немесе жалға алынған жатақхананың және/немесе хостелдің, және/немесе қонақ үйдің), қоғамдық тамақтану және медициналық қызмет көрсету пункттерінің болуы | ҰБДҚ-дан алынған немесе қағаз түріндегі растайтын құжаттар | Бар – әрқайсысы үшін 1 бал Жоқ – 0 бал |
6. | Ерекше білім беруді қажет ететін адамдар үшін жағдайлардың болуы (міндетті талаптар: пандустар, жарық сигналдары, шақыру түймесі, СНжЕ сәйкес санитарлық торап) | ҰБДҚ-дан алынған немесе қағаз түріндегі растайтын құжаттар | Бар – әрқайсысы үшін 1 бал Жоқ – 0 бал |
7. | Институционалдық және/немесе мамандандырылған аккредиттеуден немесе мемлекеттік аттестаттаудан өткені туралы құжаттың болуы | ҰБДҚ-дан алынған немесе қағаз түріндегі растайтын құжаттар | Мамандырылған аккредиттеу – 1 бал; Институциональді аккредиттеу - 1 бал; Мемлекеттік аттесттау – 1 бал Жоқ – 0 бал |
8. | Мәлімделген мамандықтар бойынша ТКОБКБ ұйымын бітірген бітірушілердің бірінші жылы жұмысқа орналасуы және жұмыспен қамтылуы. Бұл талап жаңа мамандықтар бойынша өтінім берген ТКОБКБ ұйымдарына, сондай-ақ шығарылым өткізілмеген мамандықтарға қолданылмайды | Әлеуметтік төлемдердің ведомствоаралық есеп айырысу орталығымен расталған деректер, ТКОБКБ ұйымдарында, ЖЖОКБҰ-да оқуын жалғастырған түлектері, бала күтімі бойынша демалыста жүрген ҚР ҚК қатарындағы қызметшілер туралы немесе қағаз түріндегі растайтын құжаттар туралы ҰБДҚ-дан алынған мәліметтер |
81%-90% - 3 бал 75%-80% - 1 бал; |
9. | Білім алушыларды дуальді оқытумен қамту және/немесе өндірістегі кәсіптік практикамен қамту | ҰБДҚ түсіру |
Мамандық (біліктілік) бойынша 60% білім алушыларды қамту– 2 бал; |
10. | Мәлімделген мамандық бойынша жұмыс берушілермен немесе индустриялық Кеңеспен келісілген білім беру бағдарламаларының болуы | Қағаз түрінде |
Болуы |
11. | Мәлімделген мамандықтар бойынша ерекше білім беруді қажет ететін адамдарды оқыту үшін бейімделген білім беру бағдарламаларының немесе жеке оқу бағдарламалары мен жоспарларының болуы; | Қағаз түрінде |
Болуы |
12. | Өңірлік деңгейде WorldSkills (Ворлдскилз), Abilympics (Абилимпикс), Deafskills (Дэфскилз) чемпионаттарына қатысқан құзыреттер саны | Ақпарат |
3-тен көп |
13. | ТКОБКБ ұйымдастыру мүмкіндігін ескере отырып, білім алушыларды қабылдауға арналған орындар | ТКОБКБ ұйымының қағаз жеткізгіштердегі үлгідегі өтінімдері | ТКОБКБ ұйымының жобалық мүмкіндігін ескере отырып, мамандықтар бойынша өтінімнің болуы |
14. | Мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастыру үшін ТКОБКБ ұйымдарының тізбесіне енгізу үшін қажетті балдар саны | 16 балдан 26,5 балға дейін |
Ескерту. 10-қосымшада жоғарғы оң жақ бұрыш жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.09.2023 № 280 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік, орта білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымының атауы | Мамандық коды | Мамандық атауы | 9-сынып базасында (орын саны) | 11-сынып базасында (орын саны) | ТКОБКБ негізінде (жұмыс біліктілігі) | Жан басына шаққандағы нормативке сәйкес бір маманды даярлаудың құны | Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі |