Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, орта білім беруді, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 596 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 27 желтоқсанда № 16138 болып тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.07.2023 № 197 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының бірінші бөлігінің 98) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.07.2023 № 197 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, орта білім беруді, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.07.2023 № 197 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. "Орта білім беруді жан басына қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 30 қазандағы № 439 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8884 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2013 жылғы 19 желтоқсандағы № 277 (28216) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Бюджеттік жоспарлау департаменті (С.А. Жақыпова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б. А. Асыловаға жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрі
Е. Сағадиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      _____________Б. Сұлтанов

      2017 жылғы 12 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _____________Т. Сүлейменов

      2017 жылғы 8 желтоқсан

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2017 жылғы 27 қарашадағы
№ 596 бұйрығымен бекітілді

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, орта білім беруді, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидалары

      Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.07.2023 № 197 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 21.09.2018 № 477 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, орта білім беруді, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы "Білім туралы" Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының бірінші бөлігінің 98) тармақшасына сәйкес әзірленді және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, орта білім беруді, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.07.2023 № 197 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) білім беру ортасы – оқу-тәрбие процесінің іске асырылуын қамтамасыз ету үшін қажетті әлеуметтік, материалдық және тұрмыстық жағдайлардың жиынтығы;

      2) білім беру процесі – бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыру шеңберіндегі оқу-тәрбие процесі;

      3) жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі – білім берудің барлық деңгейлеріндегі мемлекеттік кепілдендірілген оқыту құнының қаржылық қамсыздандырылу нормативі;

      4) жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемі – жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативінің негізінде анықталатын білім беру процесіне және білім беру ортасына арналған шығыстарды қаржыландыру;

      5) кредиттік оқыту технологиясы - академиялық кредиттерді жинақтай отырып, білім алушылардың пәндерді оқып зерделеу дәйектілігін таңдауы және дербес жоспарлауы негізіндегі оқыту.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.07.2023 № 197 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, орта білім беруді, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.07.2023 № 197 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, орта білім беруді, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттер есебінен іске асырылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.07.2023 № 197 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды жергілікті атқарушы орган мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту қызметіне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға жасалған шарттардың шегінде, ай сайынғы негізде, ағымдағы айда сол қызметтерді алған тәрбиеленушілердің нақты контингентіне есептелген көлемде жүзеге асырады.

      5. Орта білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды жергілікті атқарушы орган мына тәртіпте жүзеге асырады:

      1) мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдары – ай сайын жеке қаржыландыру жоспарларына сәйкес;

      2) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған орта білім беру ұйымдары – ай сайын орта білім беруге және мына көлемдерде мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға жасалған шарттардың шегінде:

      қаңтардан бастап тамызға дейін – жоспарлы жылдық контингентке пропорционалды;

      қыркүйектен бастап желтоқсанға дейін – нақты орташа жылдық контингентке пропорционалды.

      6. Жан басына шаққандағы норматив өзгеріп, орта білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемінде жергілікті бюджет қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда жергілікті бюджет шығыстарын ұлғайтуға әкеп соғатын шығынның өтемі республика бюджетінен бөлінетін насаналы ағымдағы трансферттермен толтырылады.

      7. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды жергілікті атқарушы органдар мына тәртіпте жүзеге асырады:

      1) мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары – ай сайын жеке қаржыландыру жоспарларына сәйкес;

      2) басқа ұйымдық-құқықтық нысандардағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары – ай сайынғы негізде ағымдағы айда осы қызметтерді алған білім алушылардың нақты контингенті үшін есептелген көлемде және (немесе) ағымдағы айда нақты ұсынылған кредиттер саны үшін есептелген көлемде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға жасалған шарттардың шегінде ай сайын.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 24.03.2022 № 104 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруге жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемі Заңның 5-бабының бірінші бөлігінің 97) тармақшасына сәйкес бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, орта білім беруді, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесіне сәйкес есептелген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді қаржыландырудың жан басына шаққандағы нормативінің көлемінен төмен емес айқындалады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.07.2023 № 197 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      9. Алып тасталды – ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.07.2023 № 197 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      10. Алып тасталды – ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.07.2023 № 197 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      11. Алып тасталды – ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.07.2023 № 197 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Ағымдағы қаржы жылы республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттерден жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемінің өзгертілуіне жан басына шаққандағы норматив өзгергенде және (немесе) білім алушылардың немесе тәрбиеленушінің нақты контингенті айқындалған жағдайда ғана жол беріледі.