БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізілсін.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е.Д. Оспановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
Т. Дуйсенова |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі |
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2022 жылғы 5 тамыздағы № 291 бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
1-тармақтың күшін жою көзделген - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 23.05.2023 № 167 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. "Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережені, сонымен қатар өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру қорытындысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждығын айқындау өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 29-ө бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 23 ақпанда № 5562 болып тіркелді):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру қорытындысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждығын айқындау өлшемшарттары осы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!2-тармақтың күшін жою көзделген – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.05.2023 № 181 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 28 тамызда № 5757 болып тіркелді):
Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу қағидаларында:
4), 5), 6) және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"4) жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар; 5) бірінші, екінші, үшінші топтардағы жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар; 6) жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар; 7) бірінші, екінші, үшінші топтардағы жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар;";
9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"9) жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттерге, техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының (училищелер, колледждер) студенттеріне төленетін стипендия, оның ішінде мемлекеттік атаулы және атаулы стипендия;";
12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"12) Қазақстан Республикасының білім саласындағы заңнамасына сәйкес білім беру ұйымдарында табысы аз отбасылардан шыққан білім алушыларға көрсетілетін материалдық көмек;";
19) тармақшасының бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"мүгедектігі бар адамдарға бөлінген арнаулы жүріп-тұру құралдары (кресло-арбалар) мен оңалту құралдары;";
19) тармақшасының алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларына сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге берілетін материалдық көмек;";
2) тармақшада:
үшінші және төртінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
"жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыдан және бірінші, екінші, үшінші топтардағы жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға берілетін мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардан басқа, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;
жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақыдан және бірінші, екінші, үшінші топтардағы жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақыдан басқа, арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар;";
сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"үйде оқитын мүгедектігі бар балаларды оқыту шығындарын өтеу;";
он бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, асырап алушыға, қамқоршыға (қорғаншыға) тағайындалатын және төленетін мемлекеттік жәрдемақы;".
3. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу және кепілдедік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 24 маусымда № 11426 тіркелді.):
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу және кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну қағидаларында:
2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) әлеуметтік бейімдеу шаралары – "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабында айқындалған мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік оңалту шараларын, өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен көрсетілетін өзге де мемлекеттік қолдау шараларын қамтитын іс-шаралар кешені;";
2-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"9) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы – әлеуметтік-еңбек саласының ақпараттық жүйесі, ол халықтың жекелеген санаттарына "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың олардың құнын өтеуі шарттарымен тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді сатып алу мүмкіндігін беретін ақпараттандыру объектісін білдіреді;";
23-тармақтың 1) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;";
23-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) құрамында еңбекке қабілетті адамдары жоқ немесе жалғыз еңбекке қабілетті мүшесі үш жасқа дейінгі балаға, мүгедектігі бар балаға, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамға, бөгде адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж, сексен жастан асқан қартқа күтімді жүзеге асыратын табысы аз отбасыларға көрсетіледі.";
26-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;";
26-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"үш жасқа дейінгі балаға күтімді жүзеге асыратын ата-ананың біреуіне, мүгедектігі бар балаға, 6ipiнші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамға, бөгде адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж, сексен жастан асқан қарттарға күтімді жүзеге асыратын адамдарға;";
26-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Үш жасқа дейінгі балаға, мүгедектігі бар балаға, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, бөгде адамның күтіміне және көмегіне мұқтаж сексен жастан асқан қарттарға күтімді жүзеге асыраушыға отбасының еңбекке қабілетті бір ғана мүшесі жатқызылуы мүмкін.";
1-қосымшаны осы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
1-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын ұйымдастыру;"
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабында айқындалған мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік оңалту шаралары;".
Өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру қорытындысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждығын айқындау өлшемшарттары
1. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждығын айқындау өлшемшарттары:
1) жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтығы, қандас, босқын, шетелдік және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ адам мәртебесінің бар болуы;
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11426 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларының 7-тармағына сәйкес халықты жұмыспен қамту орталығымен немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімімен расталған мәліметтердің бар болуы;
3) учаскелік комиссиямен әзірленген өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру қорытындысы бойынша атаулы әлеуметтік көмек беру қажеттігі туралы қорытындының болуы болып табылады.
2. Өтініш берушіге және (немесе) "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының талаптарына сәйкес адамдарға атаулы әлеуметтік көмек беруге қажеттіліктің жоқтығы туралы учаскелік комиссиямен қорытынды шығаруға келесі өлшемшарттардың бірі негіз болып табылады:
1) барлық тұрғынжайдың жалпы пайдалы алаңы отбасының бір мүшесіне 18 шаршы метрден аспайтын жағдайларды, сондай-ақ тиісті актімен расталатын авариялық жағдайдағы тұрғын үйлерді қоспағанда, өтініш берушінің өзінің (өздерінің) меншік құқығына тиесілі, оның ішінде атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға жүгінгенге дейін соңғы бес жыл ішінде иеліктен шығару жүргізілген, тұруға жарамды оған (оларға) меншік құқығымен тиесілі біреуден көп тұрғынжайдың болуы;
2) оның (олардың) жеке меншігінде, иелігінде және (немесе) қолданысында тұрақты тұрудан басқа табыс алу үшін мақсаттарда қолданылатын жеке жайдың болуы;
3) жергілікті атқарушы органдармен жеке меншікке жер телімін ақысыз түрде беру жағдайын қоспағанда, оның (олардың) жеке меншік тұрғын үйінің бар болуы кезінде оның (олардың) сатып алған жеке тұрғын үй құрылысына арналған жеке меншікте жер телімінің бар болуы;
4) көпбалалы отбасыларды және мүгедектігі бар балалар, бірінші және екінші топ мүгедектігі бар адамдары бар отбасыларды қоспағанда оның (олардың) жеке меншігінде және (немесе) уақытша иелігінде, қолданысында біреуден астам жеңіл автокөлігі бар болуы;
5) жеке меншігінде және (немесе) уақытша иелігінде, қолданысында техникалық жарамды жағдайда ауыл шаруашылық техникасы және (немесе) автобустың және (немесе) микроавтобустың және (немесе) жүк автокөлігінің және (немесе) троллейбустың және (немесе) арнайы бейімделген және (немесе) арнаулы автомобильдердің және (немесе) теңіз және (немесе) ішкі су және (немесе) әуе көліктерінің бар болуы.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш
Халықты жұмыспен қамту орталығына _______________________________
(елді мекен, аудан, облыс)
___________________________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
___________________________________________________________________
мекенжайында тұратын (елді мекен, аудан)
___________________________________________________________________
(көшесі, үй және пәтер, телефон №)
жеке сәйкестендіру нөмірі _____________________________________________
жеке басты куәландыратын құжат:
құжат түрі______________________________________________________
құжат № /сериясы ________ берілген күні ________ кім берді __________
☐ |
Банк реквизиттері: |
Электрондық ақшаның электрондық әмиянына |
Менің ______ адамнан тұратын отбасыма:
(белгі қойылсын)
шартсыз ақшалай көмек | |
шартты ақшалай көмек (бір жолғы/ай сайынғы) (қажетінің асты сызылсын) |
сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек алушы ретінде менің балаларыма кепілдік берілген әлеуметтік топтама ұсыну:
бір жастан алты жасқа дейін | |
алты жастан он сегіз жасқа дейін |
түріндегі атаулы әлеуметтік көмек тағайындауды) сұраймын, сондай-ақ мені
және (немесе) менің отбасымның еңбекке қабілетті мүшелерін халықты
жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуға жіберуді сұраймын.
Сонымен қатар маған және менің отбасымның мүшелеріне әлеуметтік бейімдеу шараларын көрсету мүмкіндігін қарауды сұраймын.
Менің отбасымның құрамы мынадай:
"Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Заңның 4-бабына сәйкес бір мекенжай бойынша тіркелген өтініш беруші мен отбасы құрамына кіретін адамдар туралы мәліметтер, сондай-ақ "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Заңның 4-бабына сәйкес бірге тұру фактісі талап етілмейтін отбасы мүшелері туралы мәліметтер:
Жеке сәйкестендіру нөмірі № | Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | Туған күні | Туыстық қатынастары | Мәртебесі (жұмыс істейді, жұмыс істейтін зейнеткер, жасы бойынша зейнеткер, мүгедектігі бар адам, жұмыссыз, бала күтімі бойынша демалыста, үй шаруашылығындағы адам, студент, оқушы, мектепке дейінгі оқушы) | Жұмыс істейтіндердің жұмыс орны және қызметі, қазіргі кездегі (мектептегі оқу сыныбы) мектепке дейінгі ұйымдардағы балалардың оқу орны | 15 жастан асқан адамдардың білімі (диплом бойынша мамандығы) | 3-тоқсанда 31 тамызға дейін өтініш білдірген кезде мектепте оқитын балаларға бір атау таңдау мектеп формасы (МФ) жиынтығы немесе спорттық костюм (СК) көрсету |
"Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Заңның 4-бабына сәйкес басқа мекенжай* бойынша тіркелген отбасы құрамына кіретін адамдар туралы мәліметтер, сондай-ақ "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Заңның 4-бабына сәйкес бірге тұру фактісі талап етілмейтін отбасы мүшелері туралы мәліметтер:
Ескертпе:
* бірге тұратын, ортақ шаруашылық жүргізетін және бір елді мекенде тіркелген отбасы мүшелері көрсетіледі.
20__жылғы ___тоқсанда менің отбасымның табысы келесідей:
Отбасы мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | Жұмыс, оқу орны | Құжатпен расталған табыс сомалары | Мәлімделген басқа табыстар | |||
Еңбекке ақы төлеу бойынша | Зейнетақы, жәрдемақы және басқа төлемдер | Алименттер | Кәсіпкерлік қызметтен, басқа да қызметтерден | Табыстың өзге түрлері | ||
Жеке қосалқы шаруашылық жүргізу туралы:
Жеке қосалқы шаруашылық объектісі | Өлшем бірлігі | Саны | Жасы (үй малының, құстың) |
Саяжай | |||
Бақша | |||
Жер учаскесі, оның ішінде үй жанындағы | |||
Шартты жер үлесі | |||
Мүліктік пай (берілген жылы) | |||
Үй малы, құсы: | |||
Ірі қара: сиыр, бұқа | |||
бие, айғыр | |||
түйе | |||
қой, ешкі | |||
тауық, үйрек, қаз | |||
шошқа |
Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту үшін қажетті менің дербес мәліметтерімді, жиырма таңбалық ағымдығы есепшоттың нөмірін (ІBAN коды), жинақтауға және өңдеуге, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
Осы арқылы жобаға қатысу заңдылығын бағалау үшін "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Заңның 4-бабына сәйкес отбасы құрамына кіретін адамдар (өзімді қоса алғанда) туралы ақпаратты (табысы, білімі, тұрғылықты жері, отбасылық жағдайы) пайдалануға, сондай-ақ менің мүдделерім бойынша атаулы әлеуметтік көмек алушы ретіндегі мәртебем, оның ішінде кепілдендірілген әлеуметтік пакетті ұсыну үшін өзім көрсеткен ақпараттарды және ақпараттық жүйелерден алынған ақпаратты пайдалануға (беру), келісім білдіремін.
Мен атаулы әлеуметтік көмек алушы ретінде мәртебем туралы ақпаратты үшінші тұлғаларға беруге келісімді беремін және хабардармын.
Мен ұсынған деректерде өзгерістер және (немесе) атаулы әлеуметтік көмек алу, оның ішінде кепілдендірілген әлеуметтік пакет алу құқығына әсер ететін мән-жайлар туындаған жағдайда олар туралы он жұмыс күні ішінде хабарлауға міндеттенемін.
Жалған ақпарат пен дәйексіз (жасанды) құжаттар бергенім үшін жауапқа тартылатыным туралы ескертілді.
Мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақыларды және (немесе) әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін жеке банк шотын немесе электрондық ақшаның электрондық әмиянын ашу мүмкіндігі туралы, сондай-ақ осындай шоттағы ақшаны, оның ішінде электрондық әмияндардағы электрондық ақшаны үшінші тұлғалардың өндіріп алуға жүгінуіне жол берілмейтіні туралы хабардар етілді.
Өтініш берушінің байланыс деректері:
телефон__________ ұялы телефон ___________ Е-маіl _______________
20___ жылғы "___" ______________ ___________________________________
(күні) (өтініш берушінің қолы)
Халықты жұмыспен қамту орталығының қызметтік белгілері үшін
Құжаттар қабылданды
20___ жылғы "___" _____________
__________________________________________________________________
(Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, қолы)
Өтініш берушінің (отбасының) тіркеу нөмірі ___________
Өтініш қоса берілген құжаттармен учаскелік комиссияға берілді:
20___ жылғы "___" ____________
___________________________________________________________________
(Құжаттарды тапсыратын адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
20___ жылғы "____" ___________ учаскелік комиссия өтінішті қоса берілген құжаттармен қабылдады
___________________________________________________________________
(Құжаттарды қабылдаған учаскелік комиссия мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы)
20___ жылғы "____" ___________ учаскелік комиссиядан өтінішті қоса берілген құжаттармен қабылданды
___________________________________________________________________
(Құжаттарды жеткізушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы)
Халықты жұмыспен қамту орталығының кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен өтініш берушінің құжаттарын қабылдаған күні 20___ жылғы "____"
___________________________________________________________________
(Құжаттарды жеткізетін адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, қолы)
___________________________________________________________________
(Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, қолы)
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ __ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ __ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
(үзбелі талонның қию сызығы)
Жалған ақпарат пен дәйексіз (жасанды) құжаттар бергенім үшін жауаптылық туралы ескертілдім.
Азамат (ша) _____________________________ өтініші қоса берілген ______ данадағы құжаттармен, отбасының ________________ тіркеу нөмірімен 20___ жылғы "___" _______ қабылданды.
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, қолы