Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 5 тамыздағы № 291 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 8 тамызда № 29047 болып тіркелді.

Жаңартылған

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е.Д. Оспановқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
Т. Дуйсенова

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы Индустрия және
инфрақұрылымдық даму министрлігі
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
2022 жылғы 5 тамыздағы
№ 291 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 23.05.2023 № 167 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      2. Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.05.2023 № 181 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу және кепілдедік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 24 маусымда № 11426 тіркелді.):

      Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу және кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну қағидаларында:

      2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) әлеуметтік бейімдеу шаралары – "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабында айқындалған мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік оңалту шараларын, өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен көрсетілетін өзге де мемлекеттік қолдау шараларын қамтитын іс-шаралар кешені;";

      2-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы – әлеуметтік-еңбек саласының ақпараттық жүйесі, ол халықтың жекелеген санаттарына "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың олардың құнын өтеуі шарттарымен тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді сатып алу мүмкіндігін беретін ақпараттандыру объектісін білдіреді;";

      23-тармақтың 1) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;";

      23-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) құрамында еңбекке қабілетті адамдары жоқ немесе жалғыз еңбекке қабілетті мүшесі үш жасқа дейінгі балаға, мүгедектігі бар балаға, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамға, бөгде адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж, сексен жастан асқан қартқа күтімді жүзеге асыратын табысы аз отбасыларға көрсетіледі.";

      26-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;";

      26-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "үш жасқа дейінгі балаға күтімді жүзеге асыратын ата-ананың біреуіне, мүгедектігі бар балаға, 6ipiнші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамға, бөгде адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж, сексен жастан асқан қарттарға күтімді жүзеге асыратын адамдарға;";

      26-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Үш жасқа дейінгі балаға, мүгедектігі бар балаға, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, бөгде адамның күтіміне және көмегіне мұқтаж сексен жастан асқан қарттарға күтімді жүзеге асыраушыға отбасының еңбекке қабілетті бір ғана мүшесі жатқызылуы мүмкін.";

      1-қосымшаны осы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      7-қосымшада:

      1-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын ұйымдастыру;"

      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабында айқындалған мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік оңалту шаралары;".

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің және
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
кейбір бұйрықтарына өзгерістер
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымшаның күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 23.05.2023 № 167 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің және
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
кейбір бұйрықтарына
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
2-қосымша
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік
көмек тағайындау және төлеу
және кепілдік берілген
әлеуметтік топтаманы ұсыну
қағидаларына
1-қосымша
 
нысан

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш

      Халықты жұмыспен қамту орталығына _______________________________

      (елді мекен, аудан, облыс)

      ___________________________________________________________________

      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      ___________________________________________________________________

      мекенжайында тұратын (елді мекен, аудан)

      ___________________________________________________________________

      (көшесі, үй және пәтер, телефон №)

      жеке сәйкестендіру нөмірі _____________________________________________

      жеке басты куәландыратын құжат:

      құжат түрі______________________________________________________

      құжат № /сериясы ________ берілген күні ________ кім берді __________

Банк реквизиттері:
Банктің атауы ______________________________
Банк шоты № ______________________________
Шоттың түрі: ағымдағы
__________________________________________




Электрондық ақшаның электрондық әмиянына
__________________________________

      Менің ______ адамнан тұратын отбасыма:

      (белгі қойылсын)

шартсыз ақшалай көмек




шартты ақшалай көмек  (бір жолғы/ай сайынғы) (қажетінің асты сызылсын)




      сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек алушы ретінде менің балаларыма кепілдік берілген әлеуметтік топтама ұсыну:

бір жастан алты жасқа дейін




алты жастан он сегіз жасқа дейін




      түріндегі атаулы әлеуметтік көмек тағайындауды) сұраймын, сондай-ақ мені

      және (немесе) менің отбасымның еңбекке қабілетті мүшелерін халықты

      жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуға жіберуді сұраймын.

      Сонымен қатар маған және менің отбасымның мүшелеріне әлеуметтік бейімдеу шараларын көрсету мүмкіндігін қарауды сұраймын.

      Менің отбасымның құрамы мынадай:

      "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Заңның 4-бабына сәйкес бір мекенжай бойынша тіркелген өтініш беруші мен отбасы құрамына кіретін адамдар туралы мәліметтер, сондай-ақ "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Заңның 4-бабына сәйкес бірге тұру фактісі талап етілмейтін отбасы мүшелері туралы мәліметтер:

Жеке сәйкестендіру нөмірі №

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Туған күні

Туыстық қатынастары

Мәртебесі (жұмыс істейді, жұмыс істейтін зейнеткер, жасы бойынша зейнеткер, мүгедектігі бар адам, жұмыссыз, бала күтімі бойынша демалыста, үй шаруашылығындағы адам, студент, оқушы, мектепке дейінгі оқушы)

Жұмыс істейтіндердің жұмыс орны және қызметі, қазіргі кездегі (мектептегі оқу сыныбы) мектепке дейінгі ұйымдардағы балалардың оқу орны

15 жастан асқан адамдардың білімі (диплом бойынша мамандығы)

3-тоқсанда 31 тамызға дейін өтініш білдірген кезде мектепте оқитын балаларға бір атау таңдау мектеп формасы (МФ) жиынтығы немесе спорттық костюм (СК) көрсету

















      "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Заңның 4-бабына сәйкес басқа мекенжай* бойынша тіркелген отбасы құрамына кіретін адамдар туралы мәліметтер, сондай-ақ "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Заңның 4-бабына сәйкес бірге тұру фактісі талап етілмейтін отбасы мүшелері туралы мәліметтер:

      Ескертпе:

      * бірге тұратын, ортақ шаруашылық жүргізетін және бір елді мекенде тіркелген отбасы мүшелері көрсетіледі.

      20__жылғы ___тоқсанда менің отбасымның табысы келесідей:

Отбасы мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Жұмыс, оқу орны

Құжатпен расталған табыс сомалары

Мәлімделген басқа табыстар

Еңбекке ақы төлеу бойынша

Зейнетақы, жәрдемақы және басқа төлемдер

Алименттер

Кәсіпкерлік қызметтен, басқа да қызметтерден

Табыстың өзге түрлері















      Жеке қосалқы шаруашылық жүргізу туралы:

Жеке қосалқы шаруашылық объектісі

Өлшем бірлігі

Саны

Жасы (үй малының, құстың)

Саяжай




Бақша




Жер учаскесі, оның ішінде үй жанындағы




Шартты жер үлесі




Мүліктік пай (берілген жылы)




Үй малы, құсы:




Ірі қара: сиыр, бұқа




бие, айғыр




түйе




қой, ешкі




тауық, үйрек, қаз




шошқа




      Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту үшін қажетті менің дербес мәліметтерімді, жиырма таңбалық ағымдығы есепшоттың нөмірін (ІBAN коды), жинақтауға және өңдеуге, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Осы арқылы жобаға қатысу заңдылығын бағалау үшін "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Заңның 4-бабына сәйкес отбасы құрамына кіретін адамдар (өзімді қоса алғанда) туралы ақпаратты (табысы, білімі, тұрғылықты жері, отбасылық жағдайы) пайдалануға, сондай-ақ менің мүдделерім бойынша атаулы әлеуметтік көмек алушы ретіндегі мәртебем, оның ішінде кепілдендірілген әлеуметтік пакетті ұсыну үшін өзім көрсеткен ақпараттарды және ақпараттық жүйелерден алынған ақпаратты пайдалануға (беру), келісім білдіремін.

      Мен атаулы әлеуметтік көмек алушы ретінде мәртебем туралы ақпаратты үшінші тұлғаларға беруге келісімді беремін және хабардармын.

      Мен ұсынған деректерде өзгерістер және (немесе) атаулы әлеуметтік көмек алу, оның ішінде кепілдендірілген әлеуметтік пакет алу құқығына әсер ететін мән-жайлар туындаған жағдайда олар туралы он жұмыс күні ішінде хабарлауға міндеттенемін.

      Жалған ақпарат пен дәйексіз (жасанды) құжаттар бергенім үшін жауапқа тартылатыным туралы ескертілді.

      Мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақыларды және (немесе) әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін жеке банк шотын немесе электрондық ақшаның электрондық әмиянын ашу мүмкіндігі туралы, сондай-ақ осындай шоттағы ақшаны, оның ішінде электрондық әмияндардағы электрондық ақшаны үшінші тұлғалардың өндіріп алуға жүгінуіне жол берілмейтіні туралы хабардар етілді.

      Өтініш берушінің байланыс деректері:

      телефон__________ ұялы телефон ___________ Е-маіl _______________

      20___ жылғы "___" ______________ ___________________________________

      (күні) (өтініш берушінің қолы)

      Халықты жұмыспен қамту орталығының қызметтік белгілері үшін

      Құжаттар қабылданды

      20___ жылғы "___" _____________

      __________________________________________________________________

      (Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, қолы)

      Өтініш берушінің (отбасының) тіркеу нөмірі ___________

      Өтініш қоса берілген құжаттармен учаскелік комиссияға берілді:

      20___ жылғы "___" ____________

      ___________________________________________________________________

      (Құжаттарды тапсыратын адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      20___ жылғы "____" ___________ учаскелік комиссия өтінішті қоса берілген құжаттармен қабылдады

      ___________________________________________________________________

      (Құжаттарды қабылдаған учаскелік комиссия мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы)

      20___ жылғы "____" ___________ учаскелік комиссиядан өтінішті қоса берілген құжаттармен қабылданды

      ___________________________________________________________________

      (Құжаттарды жеткізушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы)

      Халықты жұмыспен қамту орталығының кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен өтініш берушінің құжаттарын қабылдаған күні 20___ жылғы "____"

      ___________________________________________________________________

      (Құжаттарды жеткізетін адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, қолы)

      ___________________________________________________________________

      (Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, қолы)

      _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ __ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ __ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _

      (үзбелі талонның қию сызығы)

      Жалған ақпарат пен дәйексіз (жасанды) құжаттар бергенім үшін жауаптылық туралы ескертілдім.

      Азамат (ша) _____________________________ өтініші қоса берілген ______ данадағы құжаттармен, отбасының ________________ тіркеу нөмірімен 20___ жылғы "___" _______ қабылданды.

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, қолы