Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақтау қаласында тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы

Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2021 жылғы 16 сәуірдегі № 2/18 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2021 жылғы 27 сәуірде № 4501 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, сонымен қатар "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысы әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы 2 қыркүйегіндегі № 05-10-1399 және 2020 жылғы 17 қыркүйегіндегі № 05-10-1517 ақпараттық хаттарының негізінде Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақтау қаласында тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Ақтау қалалық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Ақтау қалалық мәслихатының аппарат басшысы" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Д.Телегенова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер және заңдылық пен құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Б. Жүсіпов) жүктелсін.

      5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Ғ. Әбдісадық
      Ақтау қалалық мәслихатының хатшысы С. Зәкенов

  Ақтау қалалық мәслихатының
  2021 жылғы 16 сәуірдегі
  № 2/18 шешіміне 1 қосымша

Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақтау қаласында тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары

      1. Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақтау қаласында тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы", 1993 жылғы 14 сәуірдегі "Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасындағы мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" және 2020 жылғы 6 мамырдағы "Ардагерлер туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 445 "Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11745 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.

      2. Осы Қағидалар әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.

1 - тарау. Жалпы ережелер

      3. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жылжымайтын мүлікке құқықтарды оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасының тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

      3) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша қала әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      4) ең төмен күнкөріс деңгейі – "Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі ұлттық статистика бюросының Маңғыстау облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

      5) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      6) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      7) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      8) уәкілетті орган – "Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Уәкілетті орган);

      9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін Ақтау қаласы әкімінің шешімімен құрылған комиссия;

      10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      Осы Қағидаларда қолданылатын басқа да ұғымдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген мазмұнында қолданылады.

      4. Осы Қағидалар Ақтау қаласында тұрақты тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тұлғаларына қолданылады.

      5. Әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы органдарымен мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – Алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай және заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.

      6. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.

      7. Заттай нысандағы әлеуметтік көмек Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жеткізушілерді (бұдан әрі – Жеткізушілер) уәкілетті орган анықтайтын қызмет көрсету арқылы ұсынылады.

      8. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес белгіленеді.

      9. Атаулы күндері мен мереке күндеріне әлеуметтік көмегінің мөлшерлері және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесі осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес айқындалады.

      10. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 29-ө "Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережені, сонымен қатар өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру қорытындысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждығын айқындау өлшем шарттарын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5562 болып тіркелген) және 2013 жылғы 22 шілдедегі № 325-ө-м "Арнайы комиссия туралы үлгілік ережені бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8615 болып тіркелген) бұйрықтары негізінде жүзеге асырады.

2 - тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      11. 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды үйде оқуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін әлеуметтік көмек өтініш бойынша, табыс есебінсіз, ай сайын, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.

      12. Уәкілетті ұйымнан әлеуметтік төлемдер алмайтын,әлеуметтік маңызды аурулары бар: паллиативтік ем алуға мұқтаж онкологиялық науқастар, иммунитет тапшылығы вирусын жұқтырып алған тұлғаларға өтініш бойынша емделу және қосымша тамақтандыруға, табысын есебінсіз, 26 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде, біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі.

      13. Әлеуметтік көмек туберкулездің әртүрлі түрімен ауыратын науқастарға, ай сайын ұсынылатын Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының "Облыстық туберкулезге қарсы диспансері" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны берген тізімдерге сәйкес, амбулаториялық ем алу мерзіміне 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде емделу және қосымша тамақтандыруға көрсетіледі.

      14. Әлеуметтік көмек адамның иммунитет тапшылығы вирусын жұқтырып алған балаларға өтініш бойынша емделуге және қосымша тамақтандыруға,табысын есебінсіз, Қазақстан Республикасы бойынша кемінде 2 (екі) ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде ай сайын көрсетіледі.

      15. Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен тұлғаларға әлеуметтік көмек өтініш бойынша, өмірлік қиын жағдай туындаған кезден 6 айдан кешіктірілмей, табыс есебінсіз, біржолғы, 50 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде көрсетіледі.

      16. Өтініш берген тоқсан алдындағы Маңғыстау облысы бойынша ең төмен күнкөріс деңгейінің 1,5 еселік шамасынан төмен жан басына шаққандағы орташа табысы бар отбасыдан шыққан тұлғаларға өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек өтініш бойынша біржолғы, тұрмыстық қажеттіліктерге 40 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде көрсетіледі.

      17. Қазақстан Республикасының оқу орындарында (интернатура мен резидентура тыңдаушылары, сондай-ақ дәрігерлер еңбек әулеттерінің үшінші буындағы студенттерінен басқа) бакалавр академиялық дәрежесін алу үшін білім беру қызметіне ақы төлеуге күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобы ішіндегі студенттерге, мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарды білім беру, денсаулық сақтау, агроөнеркәсіп кешені (агроном, ветеринариялық дәрігер, ветеринариялық фельдшер, ветеринариялық техник, зоотехник, инженер-технолог, балық өсіруші, технолог, фермер), әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт, бұқаралық ақпарат құралдары және коммуникациялар мамандарымен қамтамасыз ету үшін, өтініш берген уақыттың алдыңғы 12 айға, Маңғыстау облысы бойынша төменгі күнкөріс деңгейінің 3 еселік шамасынан төмен жан басына шаққандағы орташа табысы бар отбасыларға ұсынылады.

      Қазақстан Республикасының оқу орындарында бакалавр академиялық дәрежесін алу үшін білім беру қызметіне ақы төлеуге күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын мүгедек студенттерге өтініш берген уақыттың алдыңғы 12 айға, Маңғыстау облысы бойынша төменгі күнкөріс деңгейінің 3 еселік шамасынан төмен жан басына шаққандағы орташа табысы бар отбасыларға ұсынылады.

      Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жоғары оқу орындарында бакалавр академиялық дәрежесін алу үшін білім беру қызметіне ақы төлеуге күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын дәрігерлер еңбек әулеттерінің үшінші буындағы студенттеріне әлеуметтік көмек табысы есебінсіз ұсынылады.

      Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын ("Стоматология" мамандығынан басқа) интернатура студенттеріне, резидентура тыңдаушыларына әлеуметтік көмек, табысы есебінсіз, жасалған Арнайы шарт негізінде ұсынылады.

      Арнайы шарт Ақтау қаласы бойынша мамандықтарға сұраныс болған жағдайда, жас мамандар бес жыл ішінде мемлекеттік мекемелер және мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарда еңбекпен өтеу үшін, "Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің келісімі бойынша жасақталады.

      18. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттары өңірлердің кадрларға қажеттілігі ескеріле отырып, талапкерлер өтініш білдірген нақты мамандықтар, тіл бөлімдері мен оқу нысандары бойынша ЖОО-да оқу үшін мамандықтар кезектілігіне сай білім беру грантын беру туралы куәлікті берумен қоса ҰБТ немесе КТ нәтижелері бойынша сертификаттар баллдарына сәйкес конкурстық негізде беріледі.

      19. Студенттерге әлеуметтік көмек оқу орындары көрсететін білім беру қызметі мөлшерінде бір жолғы төлемнен, сонымен қатар 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тамақтануға және тұруға кететін шығындарды ішінара өтейтін ай сайынғы әлеуметтік көмектен (шәкіртақы) тұрады.

      Әлеуметтік көмек екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларының тиісті түріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымдарында ашылған жеке шоттарына жіберіледі.

      20. Шипажайлық - курорттық емделу Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне және жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдарға, олардың жесiрлерiне, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына, тылда еңбек еткен және әскери қызмет өткерген азаматтарға табысы есебінсіз жыл сайын шипажайлық - курорттық жолдама беру арқылы (бұдан әрі − жолдама) ұсынылады.

      21. Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге, тұрғын үйді күтіп ұстауға әлеуметтік көмек, табысы есебінсіз ай сайын нақты шығын мөлшерінде ұсынылады.

      22. Әлеуметтік көмек жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім – балаларға, интернаттық ұйымдардың тәрбиеленушілеріне коммуналдық тұрғын үй қорынан бөлінген тұрғын үйді жалға алғаны үшін төлем, табысы есебінсіз ай сайын жалдау ақысы мөлшерінде ұсынылады.

      23. Алушылар санатының тізбесі, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері, өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдері осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес белгіленеді.

      Азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;

      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіруіне әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;

      3) жергілікті өкілді органдар ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы негіздеме болып табылады.

      24. Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу және адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу үшін негіздемелердің түпкілікті тізбесі осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес бекітіледі.

      Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде осы Қағидалардың 4-қосымшасын басшылыққа алады.

      25. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

3 - тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      26. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтiк көмек алушылардан өтiнiштер талап етiлмей Уәкілетті ұйым не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша жергілікті атқарушы орган бекітетін тізім бойынша көрсетiледi.

      Атаулы күндер мен мерекелік күндерге әлеуметтік көмек алуға құқығы барларға, алайда Уәкілетті ұйым не өзге де ұйымдардың тізімінің электрондық нұсқасына қандай да бір себеппен енгізілмей қалғандарға жергілікті атқарушы орган ұсынған құжаттар негізінде қосымша тізім бекітеді.

      Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшерлері және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесі осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес көрсетіледі.

      27. Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін саяси қуғын-сүргінге ұшырағандар және Семей ядролық сынақ полигонында зардап шеккен тұлғалар біржолғы әлеуметтік көмек алу үшін Уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округтың әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:

      1) жеке басын куәландыратын құжатты;

      2) Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда, қуғын-сүргіндерге қолданылған, ақталған адамның куәлігі немесе прокуратура органының, соттың ақталғаны туралы анықтамасы немесе азаматты қылмыстың жекелеген құрамына немесе оқиғасына қатысты ақтаған деп таныған жағдайдағы сот ұйғарымының (қаулысының) көшiрмесiн;

      3) Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккендерге жеңілдіктер мен компенсация алу құқығын растайтын куәлікті ұсынады.

      28. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан Уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округтың әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:

      1) жеке басын куәландыратын құжатты;

      2) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;

      3) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады.

      Адамның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамастан тағайындалатын әлеуметтік көмекті алу үшін адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер ұсынылмайды.

      29. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары ұсынылады, содан кейін құжаттардың төлнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      30. Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарындағы оқу ақысын төлеуге әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші Уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) жеке басын куәландыратын құжатты;

      2) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;

      3) алушының санатын растайтын құжаттарды;

      4) туу туралы куәлікті;

      5) білім қызметін көрсетуге келісімшартты;

      6) арнайы шартты (интернатурада немесе резидентурада оқитындар үшін);

      7) жергілікті бюджет есебінен білім беру грантын тағайындау туралы куәлік.

      Еңбек әулеттерінің үшінші буындағы (дәрігерлер) студенттері қосымша олардың туыстығы мен жоғары санатты маман ретінде еңбек өтілдерін дәлелдейтін құжаттар ұсынады.

      31. Үйде оқитын 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға ай сайынғы әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан Уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округтың әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:

      1) жеке басын куәландыратын құжатты;

      2) туу туралы куәлікті;

      3) мүгедектігі туралы анықтамасын;

      4) жеке оңалту бағдарламасынан үзіндіні;

      5) жалпы білім беру мекемесінің анықтамасын;

      6) психикалық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысын ұсынады.

      32. Шипажайлық - курорттық емделуге жолдама алу үшін өтiнiш беруші уәкілетті органға келесідей құжаттарды қоса отырып, өтініш ұсынады:

      1) жеке басын куәландыратын құжат;

      2) денсаулық сақтау ұйымы берген шипажайлық - курорттық карта.

      Жолдама Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне және жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдарға, олардың жесiрлерiне, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына, тылда еңбек еткен және әскери қызмет өткерген азаматтарға ұсынылады.

      Жолдаманы сатып алу Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Шипажайлық - курорттық емделу Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан арнаулы мекемелерде жүзеге асырылады.

      Шипажайлық - курорттық емделуден өту мерзімі он төрт күнді құрайды.

      Уәкілетті орган келiп түскен өтiнiштерге сәйкес, Жеткiзушi ұсынған келу кестесiне сәйкес жолдама алуға азаматтардың тiзiмiн кезектілік тәртібімен жасақтайды.

      Шипажайлық - курорттық емделу орнына дейінгі және керi қайту жолақысының құны өтініш берушінің жеке қаражаты есебiнен жүргiзiледi.

      Өтініш беруші шипажайлық - курорттық емдеуден өз еркімен бас тартқан жағдайда, жолдама уәкілетті органға қайтарылуы және кезектілікке сәйкес басқа өтініш берушіге берілуі тиіс.

      Шипажайлық - курорттық емделу құқығы күнтізбелік жылда бір реттен артық емес ұсынылады.

      33. Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне коммуналдық қызметтерге, тұрғын үйді күтіп ұстауға ақы төлеуге әлеуметтік көмек алуға тұрғылықты жері бойынша төлем жасау үшін, уәкілетті орган алушылардан өтініштерді талап етпей, қызметті жеткізушілердің ұсынымы бойынша жергілікті атқарушы орган бекіткен тізімді жасақтайды.

      34. Жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім - балаларға, интернаттық ұйымдардың тәрбиеленушілеріне коммуналдық тұрғын үй қорынан бөлінген тұрғын үйді жалға алғаны үшін төлемге әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші уәкілетті органға келесідей құжаттарды қоса отырып, өтініш ұсынады:

      1) жеке басын куәландыратын құжат;

      2) жетімдік мәртебесін растайтын құжат;

      3) коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалдау шарты.

      35. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары ұсынылады, содан кейін құжаттардың төлнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      36. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсету үшін өтініш келіп түскен кезде Уәкілетті орган немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкімі құжаттарды алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.

      37. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Үлгілік қағидалардың 2,3-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды Уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жібереді.

      Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен Уәкілетті органға жібереді.

      38. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда Уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.

      39. Өтініш беруші қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда Уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.

      40. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.

      41. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.

      42. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Үлгілік қағидалардың 17 және 18 тармақтарында көрсетілген жағдайларда Уәкілетті орган өтініш берушіден немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      43. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.

      44. Отбасының жиынтық табысы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237 "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы" бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізімінде 60303 болып тіркелген) сәйкес есептеледі.

      45. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:

      1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;

      2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;

      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.

      46. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру 451.007.015. "Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек" және 451.010.015. "Үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламалары бойынша қалалық бюджеттің ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      Әлеуметтік көмек алушының таңдауы бойынша екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының тиісті түріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымдар арқылы жеке шотының реквизиттерін көрсете отырып, оның өтініші негізінде жүзеге асырылады.

4 - тарау. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер

      47. Әлеуметтік көмек:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы Ақтау қаласының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;

      4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      48. Артығымен төленген немесе негізсіз төленген сомалар туралы фактілер белгіленген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде уәкілетті орган әлеуметтік көмек алушыға әлеуметтік көмекті ерікті түрде қайтару туралы жазбаша хабарлама жібереді.

      Әлеуметтік көмек алушы артығымен төленген немесе негізсіз төленген соманы ерікті түрде толық көлемде алушыға хабарлама жіберілген күннен бастап бір айлық мерзімде қайтармаса, уәкілетті орган артығымен төленген немесе оған негізсіз төленген соманы қайтару бойынша сот тәртібімен шаралар қабылдайды. Сотқа арыз әлеуметтік көмек алушының тұрғылықты жері бойынша Қазақстан Республикасының Азаматтық процессуалдық кодексінде көзделген тәртіппен беріледі.

      Әлеуметтік көмек алғаннан кейін артық төленген сомалар кейінгі төлемдерден ұсталады.

      Алушының көшуіне байланысты басқа өңірде әлеуметтік көмекті одан әрі алған жағдайда, артық төленген сома әлеуметтік көмекті тағайындау орны бойынша тағайындалған сомадан ұсталады.

5 - тарау. Қорытынды ережелер

      49. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды Уәкілетті орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайданалана отырып жүргізеді.

  Әлеуметтік көмек көрсетудің,
  оның мөлшерлерін белгілеудің
  және Ақтау қаласында тұратын
  мұқтаж азаматтардың жекелеген
  санаттарының тізбесін айқындаудың
  қағидаларына 1- қосымша

Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі

р/с №

Күні

Атаулы күндер және мереке күндері

1

21-23 наурыз

Наурыз мейрамы

2

26 сәуір

1986 жылғы Чернобыль атом электр станциясындағы апат күні

3

1 мамыр

Қазақстан халқының бірлігі мерекесі

4

9 мамыр

Жеңіс күні

5

1 маусым

Халықаралық балаларды қорғау күні

6

6 шілде

Астана күні

7

29 тамыз

Семей ядролық сынақ полигонының жабылу күні

8

30 тамыз

Қазақстан Республикасының Конституция күні

9

1 қазан

Қарттар күні

10

Қазанның екінші жексенбісі

Қазақстан Республикасының Мүгедектер күні

11

16-17 желтоқсан

Тәуелсіздік күні

  Әлеуметтік көмек көрсетудің,
  оның мөлшерлерін белгілеудің
  және Ақтау қаласында тұратын
  мұқтаж азаматтардың жекелеген
  санаттарының тізбесін айқындаудың
  қағидаларына 2- қосымша

Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшерлері және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесі

Атаулы күндер мен мереке күндері

Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттары

Әлеуметтік көмек мөлшері

1

21-23 наурыз – Наурыз мейрамы

"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған көп балалы аналар немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, I және II дәрежелі "Ана даңқы" орденімен наградталғандар.

4 810 теңге

Барлық топтағы мүгедектер, он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедек балалар, он алты жасқа дейінгі мүгедек балалар, мүгедектігі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушылар.

12 025 теңге

 2

26 сәуір – Чернобыль атом электр станциясындағы апат күні

Чернобыль АЭС-сындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедек болған адамдар және мүгедектігі ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балалары.

144 300 теңге

1986 – 1987 жылдары Чернобыль АЭС-сындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдар

120 250 теңге

1988 – 1989 жылдары Чернобыль АЭС-сындағы апаттың салдарын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдар

48 100 теңге

3

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі

Барлық топтағы мүгедектер, он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедек балалар, он алты жасқа дейінгі мүгедек балалар, мүгедектігі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушылар.

12 025 теңге

4

9 мамыр – Жеңіс күні

Ұлы Отан соғысының ардагерлері.

1 000 000 теңге

Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы "Ардагерлер туралы" Заңының 6-бабының 2 тармақшасына сәйкес, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдар (Чернобыль АЭС-індегі апаттың салдарынан мүгедек болған адамдардан басқа).

144 300 теңге

Басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері және Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы "Ардагерлер туралы" Заңының 6-бабының 1 тармақшасына сәйкес, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдар (1986-1987 жылдардағы Чернобыль АЭС-індегі апат зардаптарын жоюға қатысушылардан басқа).

120 250 теңге

Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар.

96 200 теңге

Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің ата-аналары және екінші рет некеге тұрмаған жесірлері; екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы).

96 200 теңге

Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы "Ардагерлер туралы" Заңының 8-бабының 1 тармақшасына сәйкес, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары.

96 200 теңге

Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедегінiң немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестiрiлген адамның екiншi рет некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығу, жұмыста мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетiндердi қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған, Ұлы Отан соғысының қайтыс болған қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушiнің, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы).

96 200 теңге

5

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні

Он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедек балалар, он алты жасқа дейінгі мүгедек балалар.

12 025 теңге

6

6 шілде – Астана күні

Барлық топтағы мүгедектер, он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедек балалар, он алты жасқа дейінгі мүгедек балалар, мүгедектігі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушылар.

12 025 теңге

7

29 тамыз – Семей ядролық сынақ полигонының жабылу күні

Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақ салдарынан зардап шеккен тұлғалар.

20 000 теңге

8

30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні

Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар (балаларға).

19 240 теңге

Қазақстан Республикасы алдында сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған тұлғалар.

144 300 теңге

Маңғыстау облысы алдында сіңірген ерекше еңбегі үшін дербес зейнетақы тағайындалған, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" Заңына сәйкес арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алмайтын тұлғалар.

86 580 теңге

Барлық топтағы мүгедектер, он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедек балалар, он алты жасқа дейінгі мүгедек балалар, мүгедектігі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушылар.

12 025 теңге

9

1 қазан – Қарттар күні

70 жастан асқан зейнеткерлер.

4 810 теңге

10

Қазанның екінші жексенбісі – Қазақстан Республикасының Мүгедектер күні

Барлық топтағы мүгедектер, он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедек балалар, он алты жасқа дейінгі мүгедек балалар, мүгедектігі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушылар.

12 025 теңге

11

16-17 желтоқсан - Тәуелсіздік күні

Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін қуғын – сүргінге қолданған, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда, саяси қуғын-сүргіндер құрбандары.

120 250 теңге

  Әлеуметтік көмек көрсетудің,
  оның мөлшерлерін белгілеудің
  және Ақтау қаласында тұратынмұқтаж
  азаматтардың жекелеген
  санаттарының тізбесін айқындаудың
  қағидаларына 3 - қосымша

Алушылар санатының тізбесі, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері, өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдері

р/с №

Алушылардың жекелеген санаттарының тізбесі

Әлеуметтік көмектің шекті мөлшері

Әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімі

1

Өтініш берген тоқсан алдындағы Маңғыстау облысы бойынша ең төмен күнкөріс деңгейінің 1,5 еселік шамасынан төмен жан басына шаққандағы орташа табысы бар өмірлік қиын жағдайға ұшыраған адамдар

40 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде

Бір рет

2

Уәкілетті ұйымнан әлеуметтік төлем алмайтын, әлеуметтік маңызды аурулары бар: паллиативтік ем алуға мұқтаж онкологиялық науқастар, иммунитет тапшылығы вирусын жұқтырып алған тұлғаларға әлеуметтік көмек емделу мен қосымша тамақтандыруға – табыс есебінсіз

26 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде

Бір рет

3

Туберкулездің әр түрлі түрлерімен ауыратын азаматтар

20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде

амбулаториялық ем алу мерзіміне

4

Әлеуметтік көмек адамның иммунитет тапшылығы вирусын жұқтырып алған балаларға

Қазақстан Республикасы бойынша кемінде 2 (екі) ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде

Ай сайын

5

Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен тұлғалар – табыс есебінсіз

50 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде

Бір рет (өмірлік қиын жағдай туындаған күннен бастап 6 айдан кешіктірмей)

6

Үйде оқитын 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар

5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде

Ай сайын

7

Қазақстан Республикасының оқу орындарында бакалавр академиялық дәрежесін алу үшін білім беру қызметіне ақы төлеуге күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын (Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласында жоғары оқу орындарының интернатура студенттерінен және резидентура тыңдаушыларынан, сондай-ақ дәрігерлер еңбек әулеттерінің үшінші буындағы студенттерінен басқалар), мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарды білім беру, денсаулық сақтау, агроөнеркәсіп кешені, әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорттың, бұқаралық ақпарат құралдары және коммуникациялар мамандарымен қамтамасыз ету үшін, өтініш берген уақыттың алдыңғы 12 айға, Маңғыстау облысы бойынша төменгі күнкөріс деңгейінің 3 еселік шамасынан төмен жан басына шаққандағы орташа табысы бар отбасылардан шыққан, халықтың әлеуметтік жағынан дәрменсіз топтарына жататын студенттер, оның ішінде:жетім балалар, ата-аналардың біреуі қайтыс болған балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;балалар үйінде, балалар ауылында тәрбиеленушілер;балалар, ата-анасының екеуі де жасы бойынша зейнеткер немесе біреуі мүгедек болып табылатын;төрт және төрттен жоғары бірге тұратын кәмелет жасқа толмаған балалары бар көп балалы отбасыдан шыққан балалар, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі білім беру мекемелерінде, жоғарғы оқу орнында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын балалар, кәмелет жасқа толғаннан кейін оқу орнын аяқтаған уақытқа дейін (жиырма үш жасқа толғанға дейін)

1. Оқу орындары көрсететін білім беру қызметінің ақысы мөлшерінде;
2. Шәкіртақы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

1. Бір рет;
2. Ай сайын;

8

Өтініш берген уақыттың алдыңғы 12 айға Маңғыстау облысы бойынша төменгі күнкөріс деңгейінің 3 еселік шамасынан төмен жан басына шаққандағы орташа отбасылық табысы бар, Қазақстан Республикасының оқу орындарында бакалавр академиялық дәрежесін алу үшін білім беру қызметіне ақы төлеуге күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын мүгедек студенттер

1. Оқу орындары көрсететін білім беру қызметінің ақысы мөлшерінде;
2. Шәкіртақы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; 

1. Бір рет;
2. Ай сайын;

9.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жоғары оқу орындарында бакалавр академиялық дәрежесін алу үшін білім беру қызметіне ақы төлеуге күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын дәрігерлер еңбек әулеттерінің үшінші буындағы студенттері – табысы есебінсіз

1.Оқу орындары көрсететін білім беру қызметінің ақысы мөлшерінде;
2. Шәкіртақы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

1. Бір рет;
2. Ай сайын;

10.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын ("Стоматология" мамандығынан басқа) интернатура студенттері, резидентура тыңдаушылары – табысы есебінсіз, жасалған Арнайы шарт негізінде

1.Оқу орындары көрсететін білім беру қызметінің ақысы мөлшерінде;
2. Шәкіртақы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

1. Бір рет;
2. Ай сайын;

  Әлеуметтік көмек көрсетудің,
  оның мөлшерлерін белгілеудің
  және Ақтау қаласында тұратын
  мұқтаж азаматтардың жекелеген
  санаттарының тізбесін айқындаудың
  қағидаларына 4 - қосымша

Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу және адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу үшін негіздемелердің түпкілікті тізбесі

      1) шұғыл ем (ота жасау);

      2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 29 тамыздағы №666 "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілуге, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар азаматтардың жекелеген санаттарын, амбулаториялық деңгейде тегін және (немесе) жеңілдікпен берілетін дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесін бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №15724 болып тіркелген) сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде амбулаториялық деңгейде халықты тегін және (немесе) жеңілдікпен қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың және медициналық бұйымдардың тізбесіне енбейтін дәрілік заттарды дәрігерлік-кеңестік комиссияның қорытындысы бойынша алу;

      3) отбасы мүшесінің қайтыс болуы;

      4) тұрмыстық қажеттілік;

      5) Маңғыстау облысы бойынша жан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейінің 1,5 еселік шамасынан төмен болғаны;

      6) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматқа (отбасына) зиян келтіру;

      7) өмірлік қиын жағдай туындағанын растайтын тиісті уәкілетті органмен берілген акт немесе басқа да құжаттың бар болуы.

      Ескерту:

      аббревиатуралардың ажыратылып жазылуы:

      "КСР Одағы"-"Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы";

      "Чернобыль АЭС" - "Чернобыль атом электр станциясы".

      "ЖОО" - "Жоғары оқу орны";

      "ҰБТ" - "Ұлттық бірыңғай тестілеу";

      "КТ" - "Кешенді тестілеу".

  Ақтау қалалық мәслихатының
  2021 жылғы 16 сәуірдегі
  № 2/18 шешіміне 2 қосымша

Ақтау қалалық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Ақтау қаласы мәслихатының 2014 жылғы 24 қарашада № 25/244 "Қалалық мәслихаттың 2014 жылғы 6 маусымдағы № 21/198 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы және мереке күндерінің тізбесін, оны көрсету еселігін бекіту, сондай-ақ әлеуметтік көмектің мөлшерін белгілеу туралы" 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 16/155 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2565 болып тіркелген, 2015 жылы 13 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      2. Ақтау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы № 5/58 "Ақтау қаласында тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3190 болып тіркелген, 2016 жылы 6 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. Ақтау қалалық мәслихатының 2017 жылғы 3 қазандағы № 10/117 "Қалалық мәслихаттың 2016 жылғы 21 қазандағы № 5/58 "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және Ақтау қаласының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3447 болып тіркелген, 2017 жылы 3 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      4. Ақтау қалалық мәслихатының 2018 жылғы 7 ақпандағы № 13/146 "Қалалық мәслихаттың 2016 жылғы 21 қазандағы № 5/58 "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және Ақтау қаласының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3539 болып тіркелген, 2018 жылы 20 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      5. Ақтау қалалық мәслихатының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 20/218 "Қалалық мәслихаттың 2016 жылғы 21 қазандағы № 5/58 "Ақтау қаласында тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3739 болып тіркелген, 2018 жылы 25 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      6. Ақтау қалалық мәслихатының 2019 жылғы 13 наурыздағы № 24/258 "Ақтау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы № 5/58 "Ақтау қаласында тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3847 болып тіркелген, 2019 жылы 28 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      7. Ақтау қалалық мәслихатының 2019 жылғы 13 мамырдағы № 26/274 "Ақтау қалалық мәслихатының 2019 жылғы 13 наурыздағы № 24/258 "Ақтау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы № 5/58 "Ақтау қаласында тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3897 болып тіркелген, 2019 жылы 27 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      8. Ақтау қалалық мәслихатының 2019 жылғы 28 қазандағы № 28/293 "Ақтау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы № 5/58 "Ақтау қаласында тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4015 болып тіркелген, 2019 жылы 13 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      9. Ақтау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 26 наурыздағы № 30/347 "Ақтау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы № 5/58 "Ақтау қаласында тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4190 болып тіркелген, 2020 жылы 13 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      10. Ақтау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 19 маусымдағы № 32/374 "Ақтау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 26 наурыздағы № 30/347 "Ақтау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы № 5/58 "Ақтау қаласында тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4248 болып тіркелген, 2020 жылы 30 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      11. Ақтау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 19 маусымдағы № 32/375 "Ақтау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы № 5/58 "Ақтау қаласында тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4249 болып тіркелген, 2020 жылы 7 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).