Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 16.04.2021 №2/18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес және Маңғыстау облысының әділет департаментінің 2018 жылғы 13 қыркүйегіндегі №10-11-2857 ақпараттық хатының негізінде Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қалалық мәслихаттың 2016 жылғы 21 қазандағы №5/58 "Ақтау қаласында тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3190 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 6 желтоқсанда жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:
Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және Ақтау қаласының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:
3 тармақта:
8) тармақша келесі мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:
"8) уәкілетті ұйым – "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Маңғыстау облысы бойынша филиалы (бұдан әрі – Уәкілетті ұйым);".
2. "Ақтау қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы − Д.Телегенова) осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтау қалалық мәслихатының әлеуметтік мәселелер және заңдылық пен құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Ы. Көшербай) жүктелсін.
4. Осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Ы.Көшербай |
Қалалық мәслихат хатшысы | С. Зәкенов |