Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 16.04.2021 №2/18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, сонымен қатар "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысы әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 10-15-117 ұсынысының негізінде Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 19.06.2020 № 32/374 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.1. "Ақтау қаласында тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Ақтау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы №5/58 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3190 болып тіркелген, 2016 жылғы 6 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесідей өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және Ақтау қаласының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:
20 тармақтың 2) тармақшасы, 21 тармақтың 2) тармақшасы, 22 тармақтың 2) тармақшасы, 23 тармақтың 3) тармақшасы, 23 – 1 тармақтың 2) тармақшасы, 23 – 3 тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын;
көрсетілген Қағиданың 1 қосымшасында:
келесідей мазмұндағы реттік нөмірі 11 жолмен толықтырылсын:
"
11 | 6 шілде | Астана күні | Жылына 1 рет |
";
көрсетілген Қағиданың 2 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Ақтау қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы − Д.Телегенова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтау қалалық мәслихатының әлеуметтік мәселелер және заңдылық пен құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Ы. Көшербай).
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | М. Саугабаев |
Ақтау қалалық мәслихатының хатшысы | С. Закенов |
Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшерлері және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесі
№ | Атаулы күндер мен мереке күндері | Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттары | Әлеуметтік көмек мөлшері |
1 | 21-23 наурыз – Наурыз мейрамы | "Алтын алқа", "Күміс алқа" салпыншақтарымен марапатталған көп балалы аналар немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, I және II дәрежедегі "Ана даңқы" орденімен марапатталғандар. | 4 810 теңге |
Барлық топтағы мүгедектер, он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедек балалар, он алты жасқа дейінгі мүгедек балалар, мүгедектігі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушылар. | 12 025 теңге | ||
| 26 сәуір – Чернобыль атом электр станциясындағы апат күні | Чернобыль АЭС-iндегi апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар және ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуы себебiнен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балалары. | 144 300 теңге |
1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдар. | 120 250 теңге | ||
1988-1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-iндегi апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, оқшаулау аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аудартқан (өз еркiмен көшкен) адамдар қоныс аудартқан күнi анасының құрсағындағы балаларды қоса алғанда. | 48 100 теңге | ||
3 | 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі | Барлық топтағы мүгедектер, он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедек балалар, он алты жасқа дейінгі мүгедек балалар, мүгедектігі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушылар. | 12 025 теңге |
4 | 9 мамыр – Жеңіс күні | Ұлы Отан соғысының қатысушылары және мүгедектері. | 1 000 000 теңге |
Жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдар (Чернобыль АЭС-індегі апаттың салдарынан мүгедек болған адамдардан басқа). | 144 300 теңге | ||
Жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдар (1986-1987 жылдардағы Чернобыль АЭС-індегі апат зардаптарын жоюға қатысушылардан басқа). | 120 250 теңге | ||
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдар. | 96 200 теңге | ||
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердiң ата-аналары және екiншi рет некеге тұрмаған жесiрлерi. | 96 200 теңге | ||
Ауғанстандағы немесе соғыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттердегі соғыс қимылдары кезiнде қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе жаралану, контузия алу, мертiгу, ауру салдарынан қайтыс болған әскери қызметшiлердiң, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасылары; | 96 200 теңге | ||
Қайта некеге тұрмаған, қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдері (күйеулері), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын әрекет жасаушылардың, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған, жалпы ауруға шалдығу, еңбекте мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетіндерін қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған азаматтардың әйелдері (күйеулері). | 96 200 теңге | ||
5 | 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні | Он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедек балалар, он алты жасқа дейінгі мүгедек балалар. | 12 025 теңге |
6 | 6 шілде – Астана күні | Барлық топтағы мүгедектер, он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедек балалар, он алты жасқа дейінгі мүгедек балалар, мүгедектігі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушылар. | 12 025 теңге |
7 | 29 тамыз – Семей ядролық сынақ полигонының жабылу күні | Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақ салдарынан зардап шеккен тұлғалар. | 20 000 теңге |
8 | 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні | Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар (балаларға). | 19 240 теңге |
Қазақстан Республикасы алдында сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған тұлғалар. | 144 300 теңге | ||
Маңғыстау облысы алдында сіңірген ерекше еңбегі үшін дербес зейнетақы тағайындалған, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" Заңына сәйкес арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алмайтын тұлғалар. | 86 580 теңге | ||
Барлық топтағы мүгедектер, он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедек балалар, он алты жасқа дейінгі мүгедек балалар, мүгедектігі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушылар. | 12 025 теңге | ||
9 | 1 қазан – Қарттар күні | 70 жастан асқан зейнеткерлер. | 4 810 теңге |
10 | Қазанның екінші жексенбісі – Қазақстан Республикасының мүгедектер күні | Барлық топтағы мүгедектер, он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедек балалар, он алты жасқа дейінгі мүгедек балалар, мүгедектігі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушылар. | 12 025 теңге |
11 | 16-17 желтоқсан - Тәуелсіздік күні | Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін қуғын – сүргінге қолданған, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда, саяси қуғын-сүргіндер құрбандары. | 120 250 теңге |
Ескерту:
аббревиатуралардың ажыратылып жазылуы:
"КСР Одағы"-"Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы";
"Чернобыль АЭС" - "Чернобыль атом электр станциясы".