Арнайы комиссия туралы үлгілік ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 325-ө-м бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 08 тамызда № 8615 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 17 тамыздағы № 344 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 17.08.2023 № 344 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Арнайы комиссия туралы үлгілік ереже бекітілсін.

      2. Әлеуметтік көмек департаменті (А.О. Табергенова):

      1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын;

      2) осы бұйрықты облыстық, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е.Қ. Егембердіге жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Т. Дүйсенова


  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2013 жылғы 22 шілдедегі
№ 325-ө-м бұйрығымен бекітілген

Арнайы комиссия туралы үлгілік ереже
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Арнайы комиссия туралы үлгілік ереже (бұдан әрі – Үлгілік ереже) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді және өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау жөніндегі арнайы комиссияның мәртебесі мен өкілеттігін айқындайды.

      2. Осы Үлгілік ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) уәкілетті орган – әлеуметтік көмек көрсетуді жергілікті бюджет есебінен қаржыландыруды жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) қаладағы ауданның жергілікті атқарушы орган;

      2) арнайы комиссия – (бұдан әрі – Комиссия) өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасылардың) өтінішін қарау бойынша республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің шешімімен құрылатын комиссия.

      3. Комиссия республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) қаладағы аудан аумағында тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады. Комиссия өз жұмысын ашықтық, жариялылық, алқалылық және әділдік қағидаттарында ұйымдастырады.

      4. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Үлгілік ережені басшылыққа алады.

      5. Комиссияның қызметін бақылауды республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қалалар) әкімінің әлеуметтік қорғау мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары жүзеге асырады.

2. Комиссияның міндеттері мен функциялары

      6. Комиссияның негізгі міндеті Үлгілік қағидалардың 9-тармағы негізінде жергілікті өкілді органдар бекітетін азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесіне сәйкес азаматтардың әлеуметтік көмекке мұқтаждығын және өмірлік қиын жағдайлар туындаған кезде берілетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін айқындау болып табылады.

      7. Комиссияның негізгі функциясы әрбір жекелеген жағдайда әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсете отырып, Үлгілік ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытынды шығару болып табылады.

3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру

      8. Комиссия өз қызметін өтеусіз негізде жүзеге асырады.

      9. Комиссияның құрамына жергілікті атқарушы органдардың мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің, оның ішінде ұйымдардың және білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау уәкілетті органдарының өкілдері, құқық қорғау органдарының, қоғамдық бірлестіктердің қызметкерлері кіреді.

      Комиссия төрағадан, хатшыдан және комиссия мүшелерінен тұрады. Комиссияның жалпы құрамы жеті адамнан кем болмауға тиіс.

      10. Республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қалалар) әкімінің әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі орынбасары Төраға болып табылады.

      Төраға Комиссияның жұмысын ұйымдастырады және Комиссияға осы Үлгілік ережеде жүктелген міндеттер мен функциялардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.

      11. Уәкілетті орган – облыстардағы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, Астана және Алматы қалаларындағы республикалық маңызы бар қаланың, астананың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      Комиссия хатшысының міндеті осы басқарманың, бөлімнің маманына жүктеледі.

      12. Комиссия уәкілетті органнан құжаттардың толық пакетін алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды қарайды және ашық дауыс беру арқылы әлеуметтік көмек көрсетудің қажеттігі туралы шешім шығарады.

      13. Комиссияның шешімдері оның құрамы жалпы санының үштен екісі болған кезде заңды болады.

      14. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және комиссия мүшелерінің жалпы санының басым көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының даусы шешуші болып саналады.

      15. Комиссия қабылдаған шешім қорытынды нысанында ресімделеді және осы Үлгілік ереженің 12-тармағында көрсетілген мерзімде уәкілетті органға беріледі.

      Оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшері көрсетіледі.

      16. Комиссия әлеуметтік көмек мөлшерін айқындау кезінде жергілікті өкілді органдар бекіткен әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын басшылыққа алады.

  Арнайы комиссиялар туралы
үлгілік ережеге
қосымша

Арнайы комиссияның қорытындысы 20___ж.___ ______ №

      Арнайы комиссия өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты

      әлеуметтік көмек алуға өтініш берген адамның (отбасының)

      _______________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты)

      өтінішін және оған қоса берілген құжаттарын қарап, адамға (отбасыға)

      өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты төмендегідей себептер бойынша:

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      әлеуметтік көмек ұсыну

      __________________________________________________________________

      (қажеттілігі, қажеттілік жоқтығы)

      туралы қорытынды шығарады.

      Әлеуметтік көмектің мөлшері _______ ________________ теңге.

      (сомасы жазбаша)

      Комиссия төрағасы:__________________________________________

      Комиссия мүшелері:__________________________________________

      ______________________ ___________________

      ______________________ ___________________

      ______________________ ___________________

      ______________________ ___________________

      ______________________ ___________________

      (қолдары) (Т.А.Ә.)

      Қорытынды

      қоса берілген құжаттармен __ данада

      20__ж. "__" ___ қабылданды

      Құжаттарды қабылдаған уәкілетті орган қызметкерінің Т.А.Ә., лауазымы,

      қолы _______________________________________________________