БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізілсін.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызметтер саясатын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Р.К. Сәкеевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
С. Шапкенов |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2021 жылғы 23 желтоқсандағы № 488 бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11038 болып тіркелген):
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
""Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықты әлеуметтік қорғау саласында стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Халықты әлеуметтік қорғау саласында стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты (бұдан әрі – Стандарт) "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.";
5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметтерді алушының жазбаша өтініші, ал кәмелетке толмаған және әрекетке қабілетсіз адамдар үшін – заңды өкілінің (ата-анасының біреуі, қамқоршының немесе қорғаншының, асырап алушының, баланы қабылдайтын ата-ананың, патронат тәрбиешінің және "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес қамқор болуды, білім беруді, тәрбиелеуді, баланың, он сегіз жастан асқан адамның құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын алмастырушы басқа да адамдардың) (бұдан әрі – заңды өкілі) жазбаша өтініші немесе медициналық ұйымның қолдаухаты;";
5-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) зейнеткерлік жастағы адамдар үшін – "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы;";
21-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) стационарлық үлгідегі ұйымдарда Ішкі тәртіп қағидаларын тұрақты (үш реттен артық) түрде бұзған, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды әкелген және қабылдаған, тауарлық-материалдық құндылықтарды және өзге мүлікті бүлдірген, құқыққа қарсы әрекеттер жасаған, сондай-ақ қызметтер алушыда "Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 7-2) тармақшасында көзделген құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуға шектеу болған жағдайда;";
37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"37. Әлеуметтік-экономикалық қызметтерге "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы", "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы", "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы", "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес тиесілі жеңілдіктерді, жәрдемақыларды, өтемақыларды, алименттер мен тиісті төлемдерді алуға, тұрғын үй жағдайын жақсартуға жәрдемдесу жатады.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықты әлеуметтік қорғау саласында жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандартында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Халықты әлеуметтік қорғау саласында стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты (бұдан әрі – Стандарт) "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.";
5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметтерді алушының жазбаша өтініші, ал кәмелетке толмаған және әрекетке қабілетсіз адамдар үшін – заңды өкілінің (ата-анасының біреуінің, қамқоршының немесе қорғаншының, асырап алушы, баланы қабылдайтын ата-ана, патронат тәрбиеші және "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес қамқор болуды, білім беруді, тәрбиелеуді, баланың, он сегіз жастан асқан адамның құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын алмастырушы басқа да адамдардың) (бұдан әрі – заңды өкілі) жазбаша өтініші немесе медициналық ұйымның қолдаухаты;";
29-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы", "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы", "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы", "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес тиесілі жеңілдіктерді, жәрдемақыларды, өтемақыларды, алименттерді және тиісті төлемдерді алуға, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға жәрдемдесу;";
33-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) білім беру ұйымдарына ауыстырылған балалардың;";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықты әлеуметтік қорғау саласында үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандартында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Халықты әлеуметтік қорғау саласында үйде қызметтер көрсету жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты (бұдан әрі – Стандарт) "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.";
5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметтерді алушының жазбаша өтініші, ал кәмелетке толмаған және әрекетке қабілетсіз адамдар үшін – заңды өкілінің (ата-анасының біреуі, қамқоршының немесе қорғаншының, асырап алушының, баланы қабылдайтын ата-ананың, патронат тәрбиешінің және "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес қамқор болуды, білім беруді, тәрбиелеуді, баланың, он сегіз жастан асқан адамның құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын оларды алмастырушы басқа да адамдардың) (бұдан әрі – заңды өкілі) жазбаша өтініші немесе медициналық ұйымның қолдаухаты;";
15-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"8) білім беру ұйымдарында арнаулы әлеуметтік қызметтер алған жағдайда жүзеге асырылады.";
23-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге жәрдемдесу, қызметтерді алушыларға "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметті к қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 2-тармағына сәйкес бекітілетін тәртіппен организм функциясының тұрақты бұзылуын тудырған тыныс-тіршілігінің шектелуін бағалау негізінде әлеуметтік қорғау шараларына қажеттілікті айқындау мақсатында куәландырудан өту үшін құжаттарды дайындауда көмек көрсету;";
32-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы", "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы", "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы", "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес тиесілі жеңілдіктерді, өтемақыларды, алименттер мен тиісті төлемдерді алуға, тұрғын үй жағдайын жақсартуға жәрдемдесу;";
34-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"11) Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде, "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларда және тәртіппен адвокаттың тегін заңгерлік көмегін алуға жәрдемдесу жатады.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықты әлеуметтік қорғау саласында уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандартында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Халықты әлеуметтік қорғау саласында уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты (бұдан әрі – Стандарт) "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.";
18-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) стационарлық үлгідегі ұйымдарда Ішкі тәртіп қағидаларын тұрақты (үш реттен артық) түрде бұзған, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды әкелген және қабылдаған, тауарлық-материалдық құндылықтарды және өзге мүлікті бүлдірген, құқыққа қарсы әрекеттер жасаған, сондай-ақ қызметтер алушыда "Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 7-2) тармақшасында көзделген құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуға шектеу болған жағдайда;";
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"31. Уақытша болу ұйымдарында көрсетілетін әлеуметтік-экономикалық қызметтерге:
"Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы", "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы", "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы", "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес тиесілі жеңілдіктерді, өтемақыларды, алименттер мен тиісті төлемдерді алуға, тұрғын үй жағдайын жақсартуға жәрдемдесу жатады.".
ЗҚАИ-ның ескертпесі!2-тармақтың күшін жою көзделген – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 02.06.2023 № 200 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. "Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждықты бағалау мен айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 134 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13527 болып тіркелген):
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
""Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждықты бағалау мен айқындау қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждықты бағалау мен айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдардың (отбасылардың) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге деген мұқтаждығын бағалау мен айқындау тәртібін айқындайды.";
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) – мүгедектікті және (немесе) еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілей (белгілемей) отырып, куәландырылатын адамның организм функцияларының тұрақты бұзылуынан туындаған тыныс-тіршілігінің шектелуін бағалау, сондай-ақ оның әлеуметтік қорғау шараларына қажеттілігін айқындау;".
3. "Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту ұйымдарының басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 25 қазандағы № 360 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16057 болып тіркелген):
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 17-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту ұйымдарының басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларында:
34 тармақтың 6 абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"қорғаншылықты, қамқоршылықты ресімдеу, білім беру ұйымдарына, халықты әлеуметтік қорғау мекемелеріне жіберу;".
4. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.06.2023 № 230 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. "Психологиялық және әлеуметтік жұмыс" кәсіптік стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 30 мамырдағы № 292 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18764 болып тіркелген):
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 117-бабының 2-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Психологиялық және әлеуметтік жұмыс" кәсіптік стандартында:
2-тармақтың 17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"17) медициналық-әлеуметтік сараптама – мүгедектікті және (немесе) еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілей (белгілемей) отырып, куәландырылатын адамның организм функцияларының тұрақты бұзылуынан туындаған тыныс-тіршілігінің шектелуін бағалау, сондай-ақ оның әлеуметтік қорғау шараларына қажеттілігін айқындау;";
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) БА – Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 16-2) тармақшасына сәйкес әзірленіп, бекітілген басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы;";
кәсіптік стандартқа қосымшада "арнаулы түзеу ұйымдарына" деген сөздер "білім беру ұйымдарына" деген сөздермен ауыстырылсын.