ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 12-бабының 5-тармақшасының жиырма жетінші азат жолына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң кейбір бұйрықтарының және құрылымдық элементтерінің осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызмет көрсету департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрге жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
Т. Дуйсенова |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрлігі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2023 жылғы 2 маусымдағы № 200 Бұйрығына 1 қосымша |
Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы білім беру және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу арқылы арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 12-бабы 5 тармақшасының 27 азат жолына сәйкес әзірленді және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж адамдардың (отбасылардың) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге деген мұқтаждығын бағалау мен айқындау тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер - адамның тыныс-тіршілігін обьективті түрде бұзатын негіздерді еңсеру үшін адамға (отбасына) жағдай жасауды қамтамасыз ететін және оның қоғам өміріне қатысуына басқа азаматтармен тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған көрсетілетін қызметтер кешені;
2) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтары – жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша құрылған және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж адамдарға (отбасыларға) стационар, жартылай стационар, уақытша болу жағдайларында және үйде арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдар;
3) әлеуметтік бейімсіздік – жеке адамның әлеуметтік ортамен өзара байланысының бұзылуы;
4) әлеуметтік депривация – адамның (отбасының) негізгі өмірлік қажеттіліктерін өз бетінше қанағаттандыру мүмкіндігін шектеу және (немесе) одан айрылу;
5) медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) – мүгедектікті және (немесе) еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілей (белгілемей) отырып, куәландырылатын адамның организм функцияларының тұрақты бұзылуынан туындаған тыныс-тіршілігінің шектелуін бағалау, сондай-ақ оның әлеуметтік қорғау шараларына қажеттілігін айқындау;
5) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (бұдан әрі – ПМПК) – балаларды зерттеп-қарауды және оларға консультация беруді, ерекше білім беру қажеттіліктерін және білім алу үшін арнаулы жағдайларды бағалауды, білім беру бағдарламасын айқындауды жүзеге асыратын, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға жіберетін білім беру ұйымы.
2 - тарау. Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау тәртібі
3. Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсыну арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждықты бағалау мен айқындау жөніндегі әлеуметтік жұмыскер айқындайтын арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж адамның (отбасының) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге қажеттілігін бағалау және айқындау негізінде жүзеге асырылады.
4. Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік жұмыскер арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж адамдардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы қорытынды дайындайды және адамның денсаулық жағдайы, ауруының диагнозы, тыныс-тіршілігінің шектелу дәрежесі және арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушылардың дербес деректері туралы мәліметтердің құпиялылығын қамтамасыз етеді.
5. Жергілікті атқарушы органдар арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкердің қорытындысының негізінде арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну туралы шешім қабылдайды.
6. Стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында (бұдан әрі – АӘҚКО) қызмет көрсетілетін арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж адамдарға (отбасыларға) арналған арнаулы әлеуметтік қызметтердің түрлері мен көлемін осы МӘҰ-ның әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы айқындайды.
7. Мыналар:
1) тыныс-тіршіліктің шектелуі;
2) әлеуметтік бейімсіздік;
3) әлеуметтік депривация;
4) қолайсыз әлеуметтік орта арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге қажеттілікке бағалау жүргізу және оны айқындау кезіндегі өлшемшарттар болып табылады.
8. Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж адамдардың (отбасылардың) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждығын бағалау арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті айқындау критерийлеріне сәйкес және мыналардың:
1) организм функцияларының бұзылу кезінде өзіне-өзі қызмет көрсетуге қабілетін айқындау осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес;
2) әлеуметтік бейімсізденуі кезінде, оқуға, еңбек қызметіне, бағдарлануға, қарым-қатынасқа және өзінің мінез-құлқын бақылауға жеке қабілеттеріне қарай, дербестік қабілетін айқындау негізінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес;
3) әлеуметтік депривация кезінде, өзіне-өзі қызмет етудің және осы проблеманы отбасымен шешудің жеке қабілетіне қарай, дербестік қабілетін айқындау негізінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес;
4) әлеуметтік ортаны бағалау, өмір сүруі үшін материалдық, экономикалық, әлеуметтік және рухани жағдайлардың жеткіліксіздігімен немесе болмауы негізінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес айқындалады.
9. Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж адамдардың тіршілік-тынысының шектелу дәрежесін Кодекстің 12-бабына сәйкес уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес белгіленеді.
10. Балалардың психикалық-дене және психикалық сөйлеу тұрғысынан даму деңгейін ПМПК психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру негізінде айқындайды.
11. Медициналық-әлеуметтік сараптама мен психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысын арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж адам не оның заңды өкілі немесе оның отбасы мүшелерінің біреуі:
1) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж адамдарға (отбасыларға) үйде немесе жартылай стационарлық үлгідегі АӘҚКО -да қызмет көрсетілген жағдайда – жергілікті атқарушы органдарға;
2) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж адамдар АӘҚКО -да тұрақты немесе уақытша тұрған жағдайда – стационарлық үлгідегі АӘҚКО -ға ұсынады.
12. Мүгедектігі бар адамды абилитациялау және оңалтудың жеке бағдарламасын ескере отырып, ұсынылған МӘС нәтижелерінің және ПМПК қорытындысының, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру және ішкі істер органдары ақпаратының негізінде жергілікті атқарушы органдар мен АӘҚКО -ның әлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандары әлеуметтік бейімсіздену және әлеуметтік депривация деңгейіне қарай тіршілік-тынысының шектелу дәрежесінің негізінде және әлеуметтік ортаның жай-күйіне байланысты әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық қызметтердің көлемін айқындайды.
____________________________________________
Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждықты бағалау мен айқындау қағидаларына 1-қосымша |
Организм функцияларының бұзылуы кезінде өзіне-өзі қызмет көрсету қабілетін айқындау
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ______________________________
Туған күні __________________________________________________
Бағалау күні ________________________________________________
Негіздеме __________________________________________________
Әлеуметтік қызметкердің бағалауы ____________________________
___________________________________________________________
№ | Өзіне-өзі қызмет көрсету критерийлері | Дәрежесі | Өзіне-өзі қызмет көрсетуді бағалау | Белгі (+ немесе -) |
1 | Өзіне-өзі қызмет көрсету қабілеті | Бірінші | Қажетті жағдайлар жасалған кезде өзіне-өзі қызмет көрсету қабілеті | |
Екінші | Біреудің көмегімен өзіне-өзі қызмет көрсету қабілеті | |||
Үшінші | Өзіне-өзі қызмет көрсетуге қабілетсіздігі және басқа адамдарға толық тәуелді болу | |||
2 | Өздігінен жүріп-тұру қабілеті | Бірінші | Көмекші құралдардың көмегімен өздігінен жүріп-тұру қабілеті | |
Екінші | Көмекші құралдардың және жеке өмекшінің көмегімен өздігінен жүріп-тұру қабілеті | |||
Үшінші | Өздігінен жүріп-тұруға қабілетсіздігі және басқа адамдарға толық тәуелді болу | |||
3 | Оқу қабілеті | Бірінші | Көмекші құралдарды пайдалану арқылы оқу қабілеті | |
Екінші | Арнайы білім беру ұйымдарында немесе үй жағдайларында көмекші құралдарды пайдалану арқылы оқу қабілеті | |||
Үшінші | Оқуға қабілетсіздігі | |||
4 | Еңбек қызметіне қабілеті | Бірінші | Мазмұнға қойылатын талаптарға сәйкес еңбек қызметіне қабілеті | |
Екінші | Басқа адамдардың көмегімен өздігінен еңбек қызметіне ішінара қабілеті | |||
Үшінші | Еңбек қызметіне қабілетсіздігі немесе басқа адамдарға толық тәуелді болу |
Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін | |
қызметтерге мұқтаждықты | |
бағалау мен айқындау | |
қағидаларына | |
2-қосымша |
Әлеуметтік бейімсіздену кезінде өзіне-өзі қызмет көрсету қабілетін айқындау
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ________________________________
Туған күні ____________________________________________________
Бағалау күні ___________________________________________________
Негіздеме _____________________________________________________
Әлеуметтік қызметкердің бағалауы _______________________________
______________________________________________________________
№ | Өзіне-өзі қызмет көрсету критерийлері | Дәрежесі | Өзіне-өзі қызмет көрсету қабілетінің шектелуі | Белгі (+ немесе -) |
1 | Өз бетінше оқу қабілеті | Бірінші | Оқу процесінің арнайы режимін сақтай отырып және/немесе көмекші құралдарды пайдалану арқылы және/немесе басқа адамдардың көмегімен жалпы үлгідегі білім беру ұйымдарында өз бетінше оқу қабілеті | |
Екінші | Тек арнайы білім беру ұйымдарында немесе үй жағдайларында арнайы бағдарламалар бойынша өз бетінше оқу қабілеті | |||
Үшінші | Өз бетінше оқуға қабілетсіздігі | |||
2 | Еңбек қызметіне қабілеті | Бірінші | Біліктіліктің төмендеу немесе өндірістік қызмет көлемінің азаю жағдайларында, өз кәсібі бойынша жұмысты орындау мүмкін болмаған кезде еңбек қызметін өз бетінше орындау қабілеті | |
Екінші | Көмекші құралдарды және/немесе арнайы жабдықталған жұмыс орнын пайдалану арқылы және/немесе басқа адамдардың көмегімен еңбек қызметін өз бетінше орындау қабілеті | |||
Үшінші | Еңбек қызметін өз бетінше орындауға қабілетсіздігі | |||
3 | Бағдарлау қабілеті | Бірінші | Көмекші құралдарды пайдалану жағдайында өзін-өзі бағдарлау қабілеті | |
Екінші | Басқа адамдардың көмегін қажет ететін өз бетінше бағдарлау қабілеті | |||
Үшінші | Өз бетінше бағдарлау қабілетсіздігі | |||
4 | Қарым-қатынас жасау қабілеті | Бірінші | Ақпаратты түсіну, қабылдау, беру жылдамдығының төмендеуі, көлемінің азаюы арқылы сипатталатын өз бетінше қарым-қатынас жасау қабілеті | |
Екінші | Көмекші құралдарды пайдалану арқылы және/немесе басқа адамдардың көмегімен өз бетінше қарым-қатынас жасау қабілеті | |||
Үшінші | Өз бетінше қарым-қатынас жасауға қабілетсіздігі | |||
5 | Өз мінез-құлқын бақылау қабілеті | Бірінші | Өз мінез-құлқын дербес бақылау қабілетінің ішінара төмендеуі | |
Екінші | Өз мінез-құлқын тек бөгде адамдардың көмегімен ішінара немесе толықтай дербес бақылау қабілеті | |||
Үшінші | Өз мінез-құлқын дербес бақылау қабілетсіздігі |
Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждықты бағалау мен айқындау қағидаларына 3-қосымша |
Әлеуметтік депривация кезінде өзіне-өзі қызмет көрсету қабілетін айқындау
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ______________________________
Туған күні _______________________________________________________
Бағалау күні _____________________________________________________
Негіздеме _______________________________________________________
Әлеуметтік қызметкердің бағалауы _________________________________
_________________________________________________________________
№ | Өзіне-өзі қызмет көрсету критерийлері | Дәрежесі | Қабілетінің шектелуі |
Белгі |
1 | Өзіне-өзі қызмет көрсету қабілеті | Бірінші | Өзіне-өзі қызмет көрсетуге ішінара қабілеті | |
Екінші | Басқа адамдардың көмегімен өзіне-өзі қызмет көрсетуге ішінара қабілеті | |||
Үшінші | Өзіне-өзі қызмет көрсетуге қабілетсіздігі және басқа адамдарға толық тәуелді болу | |||
2 | Дербес еңбек қызметіне қабілеті | Бірінші | Дербес еңбек қызметіне ішінара қабілеті | |
Екінші | Басқа адамдардың көмегімен дербес еңбек қызметіне ішінара қабілеті | |||
Үшінші | Еңбек қызметіне қабілетсіздігі және басқа адамдарға толықтай тәуелді болу |
Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждықты бағалау мен айқындау қағидаларына 4-қосымша |
Әлеуметтік ортаны бағалау
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ______________________________
Туған күні _______________________________________________________
Бағалау күні _____________________________________________________
Негіздеме ______________________________________________________
Әлеуметтік қызметкердің бағалауы _________________________________
_________________________________________________________________
№ | Әлеуметтік ортаны бағалау | Белгі |
1 | Жетімдік | |
2 | Ата-ана қамқорлығының болмауы | |
3 | Бірге тұратын отбасы мүшелерінің тіршілік-тынысының шектелуі | |
4 | Отбасының белгілі бір тұрғылықты жерінің болмауы | |
5 | Отбасының аз қамтамасыз етілуі | |
6 | Қатігездік | |
7 | Созылмалы аурулар және бірге тұратын отбасы мүшелері денсаулығының ерекшелігі | |
8 | Бірге тұратын отбасы мүшелерінің зиянды әдеттері: алкогольді, есірткіні және темекіні тұтынуы және т.б. | |
9 | Дінге көзқарасы | |
10 | Отбасының өзара қарым-қатынас ерекшелігі, келіспеушілік мінез-құлықтар | |
11 | Тәрбиелеу стилі (гипер қамқорлық, қатаңдатылған бақылау, қараусыздық, көңіл бөлмеу және т.б.) | |
12 | Бірге тұратын отбасы мүшелерінің тәрбиелеу, дамыту процесіне қатысуға дайындығы | |
13 | Әлеуметтік-еңбек ерекшеліктері (бірге тұратын отбасы мүшелерінің кәсібі, білімі) | |
14 | Әлеуметтік-тұрмыстық ерекшеліктері (отбасындағы тұрмыстық міндеттерді бөлу, отбасында арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж адам қандай көмек көрсетеді, арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж адамның үйдегі міндеттері) | |
15 | Отбасындағы бос уақыт (арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж адамның бос уақытта/демалыс кезінде отбасының басқа мүшелерімен бірге қатысуы) | |
16 | Отбасының әлеуметтік-құқықтық ерекшеліктері және проблемалары (бұрынғы және қазіргі құқықтық жағдайы, арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж адамның отбасында әлеуметтік-құқықтық қорғалуы) |
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2023 жылғы 2 маусымдағы № 200 Бұйрығына 2 қосымша |
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір бұйрықтарының және кейбір бұйрықтарының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп тану туралы
1. "Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждықты бағалау мен айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 134 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13527 болып тіркелген).
2. "Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждықты бағалау мен айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 134 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 20 қыркүйектегі № 340 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24482 болып тіркелген).
3. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 23 желтоқсандағы № 488 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына енгізілетін өзгерістер тізбесінің 2-тармағы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № №26092 болып тіркелген).
4. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 22 қыркүйектегі № 383 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына енгізілетін өзгерістер тізбесінің 1-тармағы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29785 болып тіркелген).