"Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5-1-бабының 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнына оқуға қабылдау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице - министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушы |
И. Кульшимбаев |
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар бірінші вице- министрінің 2021 жылғы 17 қыркүйектегі № 456 бұйрығымен бекітілген |
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнына оқуға қабылдау қағидалары
1-тарау. Негізгі ережелер
1. Осы Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнына оқуға қабылдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Құқық қорғау қызметі туралы" Заңының 9-бабына, Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 5-1-бабының 9) тармақшасына сәйкес әзірленді және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі – ТЖМ арнаулы оқу орны) арнаулы оқу орнына оқуға қабылдау тәртібін айқындайды.
2. ТЖМ арнаулы оқу орнына магистратураға, PhD докторантураға оқуға кандидаттарды (бұдан әрі – Оқуға кандидаттар) қабылдау жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 4-бабының 4) тармақшасына сәйкес бекітілетін мемлекеттік білім беру тапсырысын (бұдан әрі – мемлекеттік білім беру тапсырысы) орналастыру арқылы жүзеге асырылады.
3. Оқуға кандидаттарды қабылдау түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.
4. Даярлаудың білім беру бағдарламаларын көрсете отырып, оқуға кандидаттарды қабылдау ТЖМ арнаулы оқу орнының және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі – ТЖМ) аумақтық бөлімшелерінің интернет-ресурстары арқылы құжаттарды қабылдау басталатын күнге дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмей жарияланады.
5. Үміткерлердің құжаттарын қабылдау жыл сайын 15 маусымнан 19 шілдеге дейін жүргізіледі.
ТЖМ арнаулы оқу орнының магистратурасына және PhD докторантурасына түсу емтихандары жыл сайын 1-25 тамыз аралығында, оқуға қабылдау 28 тамызға дейін жүргізіледі.
2-тарау. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнына магистратураға және PhD докторантураға түсу үшін құжаттарды қабылдау тәртібі
6. ТЖМ арнаулы оқу орнының магистратурасына жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын меңгерген және азаматтық қорғау органдарында кемінде бір жыл практикалық жұмыс өтілі бар кандидаттар оқуға қабылданады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 03.08.2022 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. PhD докторантураға ғылыми-педагогикалық магистратураны бітірген және даярлық бейін бойынша "магистр" академиялық дәрежесі бар, құқық қорғау органдарындағы практикалық жұмыс өтілі немесе ғылыми-педагогикалық өтілі үш жылдан кем емес азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері қабылданады.
8. Құжаттарды қабылдау және қабылдау емтихандарын өткізуді ұйымдастыру үшін қабылдау комиссиясы құрылады. ТЖМ арнаулы оқу орнының басшысы немесе оның міндетін атқарушы адам қабылдау комиссиясының төрағасы болып табылады.
Қабылдау комиссиясының құрамы және қызметі ТЖМ арнаулы оқу орны басшысының немесе оның міндетін атқарушы адамның бұйрығымен бекітіледі.
9. PhD оқуға кандидаттар үшін қабылдау комиссиясы:
1) түсушілерге таңдаған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасының мәселелері бойынша кеңес беру, түсу емтиханының рәсімімен таныстыруды;
2) оқуға түсу үшін құжаттарды қабылдауды және тексеруді ұйымдастыруды;
3) шет тілі және даярлық бейіні бойынша түсу емтихандарын өткізуді ұйымдастыруды жүзеге асырады.
10. Магистратураға немесе PhD докторантураға оқуға үміткерлер: ТЖМ орталық аппаратында төтенше жағдайлар вице-министрінің орынбасары (бұдан әрі – вице-министр), ТЖМ аумақтық бөлімшелерінде – ТЖМ аумақтық бөлімшелерінің басшыларының атына, ТЖМ арнаулы оқу орнында – ТЖМ арнаулы оқу орныны бастығының атына еркін нысанда баянат ұсынады.
11. Оқуға кандидаттарды іріктеу үшін іріктеу комиссиялары құрылады. Орталық аппараттағы іріктеу комиссиясының құрамы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен, ТЖМ аумақтық бөлімшесінде – ТЖМ аумақтық бөлімшесі бастығының бұйрығымен, ТЖМ арнаулы оқу орнында – ТЖМ арнаулы оқу орны бастығының бұйрығымен бекітіледі.
Іріктеу комиссиясы мүшелерінің жалпы саны тақ саннан тұрады. Комиссияны төраға басқарады. Орталық аппараттағы іріктеу комиссиясының төрағасы болып вице-министр, аумақтық бөлімшеде – аумақтық бөлімше бастығының орынбасары, ТЖМ арнаулы оқу орнында – ТЖМ арнаулы оқу орны бастығының орынбасары тағайындалады.
Іріктеу комиссиясының хатшысы болып ТЖМ арнаулы оқу орнының кадр қызметінің қызметкері тағайындалады. Іріктеу комиссиясы кемінде 5 жыл практикалық немесе ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі бар азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерінен жасақталады.
12. Іріктеу комиссиясы магистратураға және PhD докторантураға қабылдау жоспарын басшылыққа ала отырып, кандидаттарға ұсынылған құжаттарды зерделейді, кандидаттардың қабылдау шарттарына сәйкестігін айқындайды.
13. Іріктеу комиссиясының нәтижелері осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша іріктеу комиссиясы отырысының хаттамасымен ресімделеді.
14. Магистратураға оқуға түсетін кандидаттарға кадр қызметтері ТЖМ арнаулы оқу орнына мына құжаттарды жолдайды:
1) жеке іс;
2) оқу ісі, оның құрамында:
оқуға кандидаттың еркін нысандағы баянаты;
қызметтің соңғы кезеңіндегі қызметтік мінездеме және аттестаттау парағы;
оқуға жіберу туралы іріктеу комиссиясы хаттамасының көшірмесі;
жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
білімі туралы құжаттың көшірмесі;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығында шет тілі бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі немесе осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген бағдарламалар бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі (болған жағдайда);
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы;
3х4 сантиметр көлеміндегі алты фотосурет;
ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (болған жағдайда) болады.
15. PhD докторантурасына оқуға түсетін кандидаттарға кадр қызметтері ТЖМ арнаулы оқу орнына мынадай құжаттарды жібереді:
1) жеке іс;
2) оқу ісі, оның құрамында:
оқуға кандидаттың еркін нысандағы баянаты;
қызметтің соңғы кезеңіндегі қызметтік мінездеме және аттестаттау парағы;
оқуға жіберу туралы іріктеу комиссиясы хаттамасының көшірмесі;
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы;
жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
білімі туралы құжаттың көшірмесі;
3х4 сантиметр көлеміндегі алты фотосурет;
осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша болжамды ғылыми консультантпен келісілген жоспарланған диссертациялық зерттеудің негіздемесі;
осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген бағдарламалар бойынша тестілерді тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі;
ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (болған жағдайда) болады.
3-тарау. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнына Қабылдау емтихандарын өткізу тәртібі
16. Оқуға үміткерлер мына түсу емтихандарын тапсырады:
1) магистратура үшін таңдауы бойынша бір шет тілінен (ағылшын, француз, неміс). PhD докторантурасы үшін шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттың болуы қажет;
2) білім беру бағдарламасының бейіні бойынша.
17. Шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттары бар оқуға үміткерлер магистратураға және PhD докторантураға шет тілі бойынша мына қабылдау емтихандарынан босатылады:
ағылшын тілі:
IELTS (International English Language Tests System) шекті балл магистратураға – кемінде 6,0; PhD докторантураға – кемінде 5,5;
IELTS INDICATOR шекті балл магистратураға – кемінде 6,0; PhD докторантураға – кемінде 5,5;
TOEFL ITP (Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm) шекті балл магистратураға – кемінде 543 балл; PhD докторантураға – кемінде 460 балл;
TOEFL IBT (Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test) шекті балл магистратураға – кемінде 60; PhD докторантураға – кемінде 46;
TOEFL PBT (Test of English as a Foreign Language Paper-based testing) шекті балл магистратураға – кемінде 498; PhD докторантураға – кемінде 453;
неміс тілі:
DSH (Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang) магистратураға – Niveau C1 / C1 деңгейі;PhD докторантураға – Niveau В2 / В2 деңгейі;
TestDaF-Prufung магистратураға – Niveau C1 / C1 деңгейі; PhD докторантураға – Niveau В2 / В2 деңгейі;
француз тілі:
TFI (Test de Franзais International™) магистратураға – оқу және тындалым секциялары бойынша B1 деңгейден төмен емес;PhD докторантураға – оқу және тындалым секциялары бойынша B2 деңгейден төмен емес;
DELF (Diplome d’Etudes en Langue franзaise) магистратураға және PhD докторантураға – B2 деңгейі,
DALF (Diplome Approfondi de Langue franзaise) магистратураға – C1 деңгейі;PhD докторантураға – В2 деңгейі;
TCF (Test de connaissance du franзais) магистратураға және PhD докторантураға – кемінде 50 балл.
18. Шет тілі бойынша түсу емтихандары Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің "Ұлттық тестілеу орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны әзірлеген технология бойынша өткізіледі.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 13.10.2023 № 554 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.19. ТЖМ арнаулы оқу орнының магистратурасына және PhD докторантурасына түсу емтихандарын өткізу кезеңінде құрамы ТЖМ арнаулы оқу орны басшысының бұйрығымен бекітілетін білім беру бағдарламасының бейіні бойынша қабылдау және емтихан комиссиялары құрылады.
Қабылдау комиссиясы төраға, хатшы және комиссияның кемінде үш мүшесі құрамында құрылады.
Қабылдау комиссиясының төрағасы қабылдау комиссиясының қызметіне басшылық ететін ТЖМ арнаулы оқу орнының басшысы болып табылады.
Қабылдау комиссиясының хатшысы болып ТЖМ арнаулы оқу орнының құрылымдық бөлімшелері басшыларының қатарынан қызметкер тағайындалады. Комиссия мүшелері болып кемінде 5 жыл практикалық жұмыс өтілі бар азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері тағайындалады.
Қабылдау комиссиясының шешімі комиссия мүшелері жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Қабылдау комиссиясының шешімі хаттамамен еркін нысанда ресімделеді және оған төраға қол қояды.
20. Білім беру бағдарламасының бейіні бойынша емтихан комиссиясы ТЖМ арнаулы оқу орнының тиісті бейіні бойынша ғылыми дәрежесі бар профессорлық-оқытушылық құрамынан және қызметкерлерінен құрылады және ТЖМ арнаулы оқу орны басшысының бұйрығымен бекітіледі.
Білім беру бағдарламалары бойынша түсу емтихандарын өткізу бағдарламалары мен кестесін (емтиханды өткізу нысанын, күнін, уақыты мен орнын, консультацияларды) ТЖМ арнаулы оқу орны әзірлейді, қабылдау комиссиясының төрағасы бекітеді және оқуға кандидаттардың назарына түсу емтиханы басталғанға дейін күнтізбелік 3 (үш) күн бұрын жеткізіледі.
Оқуға кандидаттарға арналған білім беру бағдарламасының бейіні бойынша емтихан алдыңғы білім беру деңгейінің білім беру бағдарламалары көлемінде өткізіледі. Білім беру бағдарламалары бойынша түсу емтиханын өткізу нысанын ТЖМ арнаулы оқу орны дербес айқындайды.
Білім беру бағдарламасының бейіні бойынша түсу емтихандары бейне және (немесе) аудио жазбалармен жабдықталған аудиторияларда (үй-жайларда) өткізіледі.
Түсу емтихандарының нәтижелері өткізілген күні жарияланады.
21. Қабылдау емтихандарын қайта тапсыруға болмайды.
22. Даулы мәселелерді шешу мақсатында магистратураға және PhD докторантураға қабылдау емтихандарын өткізу кезеңінде апелляциялық комиссиялар құрылады.
Апелляциялық комиссиялар қабылдау емтихандарының нәтижелерімен келіспеген оқуға үміткерлердің өтініштерін қарау үшін құрылады.
Апелляциялық комиссиялардың құрамы төрағадан, хатшыдан, екі комиссия мүшесінен тұрады және ТЖМ арнаулы оқу орнының қабылдау комиссиясы төрағасының бұйрығымен бекітіледі.
Апелляциялық комиссия ТЖМ арнаулы оқу орнының қызметкерлері қатарынан құрылады, жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің және кемінде 3 жыл ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілінің болуы апелляциялық комиссияның құрамына іріктеу үшін өлшем болып табылады.
Апелляция түсу емтиханының нәтижелері жарияланған күні немесе келесі жұмыс күні ішінде беріледі. Осы Қағидалардың 3-тарауында көзделген түсу емтиханын өткізудің белгіленген тәртібін бұзу туралы апелляция да түсу емтиханын өткізген күні берілуі мүмкін.
Апелляцияны қарау ол берілгеннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Оқуға үміткерлер қабылдау комиссиясы белгілеген уақытта апелляциялық комиссияның отырысына дәлелсіз себеппен келмеген жағдайда, апелляцияны қайта қарау өткізілмейді.
Апелляцияны қарау түсу емтиханын қайта тапсыру болып табылмайды. Апелляцияны қарау барысында осы Қағидалардың 3-тарауында белгіленген түсу емтиханын өткізу тәртібінің сақталуы және (немесе) түсу сынағының нәтижелерін бағалаудың дұрыстығы ғана тексеріледі.
Апелляцияны қарағаннан кейін апелляциялық комиссия түсу емтиханының нәтижелерін бағалауды өзгерту (ол жоғарылаған және төмендеген жағдайда да) немесе көрсетілген бағаны өзгеріссіз қалдыру туралы шешім қабылдайды.
23. Апелляциялық комиссия оқуға кандидаттардан емтихан материалдарының мазмұны және техникалық себептер бойынша өтініштерді қабылдайды және қарайды.
24. Апелляцияға өтінішті оқуға кандидат апелляциялық комиссия төрағасының атына береді. Емтихан материалдарының мазмұны және техникалық себептер бойынша өтініштер түсу емтиханының нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін қабылданады және апелляциялық комиссия өтініш берілген күннен бастап күнтізбелік бір күн ішінде қарайды.
Апелляциялық комиссия әрбір үміткермен жеке тәртіпте жұмыс істейді. Үміткер апелляциялық комиссияның отырысына келмеген жағдайда, оның апелляцияға берген өтініші қаралмайды.
25. Апелляциялық комиссия өтінішті қарау кезінде апелляцияға берген үміткер жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады.
26. Апелляциялық комиссияның шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының даусы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы төраға және барлық комиссия мүшелері қол қойған хаттамамен (еркін нысанда) ресімделеді.
Қабылдау комиссиясы төрағасының іс-әрекетіне шағым болған жағдайда оқуға кандидат Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жоғары тұрған органға немесе сотқа жүгінеді.
4-тарау. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнына арнаулы оқу орнының магистратурасына және PhD докторантурасына қабылдау
27. Магистранттар және PhD докторанттар қатарына қабылдауды ТЖМ арнаулы оқу орнының қабылдау комиссиясы жүзеге асырады.
28. ТЖМ арнаулы оқу орнының магистратурасына және PhD докторантурасына мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға қабылдау емтихандарының жиынтығы бойынша "Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6976 болып тіркелген) бекітілген Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес бағалау шкаласы бойынша кемінде 100 балл жинаған үміткерлер оқуға қабылданады.
29. Конкурстық балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда қабылдау кезінде басым құқықты білім беру бағдарламасының бейіні бойынша неғұрлым жоғары баға алған оқуға кандидаттар алады, білім беру бағдарламасының бейіні бойынша түсу емтиханының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда басым құқықты шет тілі бойынша неғұрлым жоғары баға алған оқуға кандидаттар алады. Бұдан әрі білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес келетін ғылыми еңбектердің саны ескеріледі.
30. Қабылдау комиссиясының шешімі негізінде ТЖМ арнаулы оқу орнының бастығы оқуға үміткерлерді азаматтық қорғау органдарынан жоғары оқу орнының қарамағына жіберу үшін негіз болып табылатын магистратураға және PhD докторантураға қабылдау туралы бұйрық шығарады.
31. ТЖМ арнаулы оқу орны бастығының оқуға қабылдау туралы бұйрығынан үзінді көшірмелер оған қол қойылғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей оқуға үміткерді жіберген азаматтық қорғау органына жіберіледі.
32. Магистратураға және PhD докторантураға оқуға қабылданбаған үміткердің жеке істері және басқа да құжаттары жасақтау орны бойынша қайтарылады.
33. ТЖМ арнаулы оқу орны күнтізбелік он күн ішінде ТЖМ-ның кадр бөлімшесіне қабылдауды ұйымдастыру және өткізу бойынша қорытынды есепті, сондай-ақ магистратураға және PhD докторантураға қабылдау туралы бұйрықтардың көшірмелерін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне ұсынады.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнына оқуға қабылдау қағидаларына 1-қосымша |
Нысан
Іріктеу комиссиясы отырысының хаттамасы
Жері №____ Күні_____
Қатысқандар: төраға, іріктеу комиссиясының мүшелері
_________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))
__________________________________________________________________________
бөлімшенің атауы, атқаратын лауазымы)
Комиссия мүшелері:
_________________________________________________________________________
Күн тәртібі: Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу
орнының магистратурасына, PhD докторантурасына түсетін үміткерлердің құжаттарын
қарау
1. Үміткер ________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))
2. Сұрақтар:
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
3. Дауыс беру қорытындысы бойынша үміткер
__________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))
дауыс беру нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
министрлігінің арнаулы оқу орнының магистратурасына, PhD докторантурасына оқуға
жіберуге ұсынылады/ұсынылмайды.
Төраға _________________________ (қолы)
Комиссия мүшелері ______________ (қолы)
________________ (қолы)
Хатшы _________________________ (қолы)
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнына оқуға қабылдау қағидаларына 2-қосымша |
Кадрларды есепке алу бойынша ЖЕКЕ ПАРАҚ
1. Тегі _________________________________ Фотосурет орны
Аты _______________________________________
Әкесінің аты (ол болған жағдайда) _______________
2. Жынысы ________
3. Туылған жылы, күні, айы _________________
4. Туылған жері ____________________________
(село, ауыл, қала, аудан, облыс, республика)
5. Ұлты ____________________________
6. Азаматтығы _______________________________
7. Білімі ______________________________
Оқу орнының атауы және оның орналасқан жері | Факультеті немесе бөлімшесі | Түскен жылы | Бітірген немесе шыққан жылы | Бітірмесе, қай курстан шықты | Оқу орнын бітірген соң қай мамандықты алды, дипломның немесе куәліктің № көрсету |
8. Ана тілі, қандай тілдерді біледі және қандай деңгейде
_____________________________________________________________________
(сөздікпен, оқиды және ойын жеткізе алады, еркін меңгерген)
9. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы _______________________________________
10. Қандай ғылыми еңбектеріңіз және жаңалықтарыңыз бар
_____________________________________________________________________
11. Сіз әкімшілік және/немесе қылмыстық жауаптылыққа тартылғансыз ба?
_____________________________________________________________________
(қашан, не үшін кім соттады, жазалау шарасы)
12. Еңбек жолы басталғаннан бері атқаратын жұмысы (жоғары және орта арнаулы оқу
орнындарындағы оқуды, әскери қызметті және қоса атқаратын жұмысты қосқанда)
Айы мен жылы | Лауазымы, кәсіпорындарды, ұйым-мекемелерді, сондай-ақ министрлікті (ведомствоны) көрсете отырып | Кәсіпорындардың, ұйым-мекемелердің орналасқан жері | |
Түскен | шыққан |
Осы тармақты толтыратын кезде мекемелердің, ұйымдардың және кәсіпорындардың атауларын кезінде қалай аталғанына қарай атап, әскери қызметті лауазымды көрсете отырып толтыру керек.
13. Жеке іс парақ толтырған сәттегі отбасы жағдайы, сіздің жақын туыстарыңыз
Туыстық дәрежесі | Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) | Күні және туған жері | Жұмыс орны, лауазымы | Тұрғылықты жері |
14. Шет елде болуы (жұмыс, қызметтік іссапар, делегациямен бірге сапар)
Айы мен жылы | Қай елде | Шет елде болу мақсаты | |
Қай уақыттан | Қай уақытқа |
15. Қандай сайланбалы органдарға (қашан, қандай және қай жерде) сайланған немесе
сайланды ______________________________________________________
_____________________________________________________________________
16. Әскери қызметіне қатысы
_____________________________________________________________________
(әскери міндетті, әскери міндетті емес, әскери есептегі мамандығы, әскери атағы,
әскери билеттің номері және жеке номері)
17. Қандай мемлекеттік наградаларыңыз бар (қашан, немен, кім марапаттады)
_____________________________________________________________________
18. Төлқұжат __________________________________________________________
(сериясы, нөмірі, қашан, кім берген, тіркелген тұрығының мекен-жайы)
19. Тұрғылықты жері ___________________________________________________
20___ жыл "_____" ___________ Өзінің қолы ______________________________
(толтырылған күні)
(Жеке парақты толтыратын қызметкер барлық кейінгі өзгерістер туралы
(білімі, ғылыми дәреже, ғылыми атақ беру) осы өзгерістерді оның жеке ісіне енгізу
үшін жұмыс орнына хабарлайды).
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнына оқуға қабылдау қағидаларына 3-қосымша |
Нысан
Жоспарланған диссертациялық зерттеулер бойынша негіздеме
1. Оқуға үміткердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), арнайы атағы, лауазымы.
2. Болжамды отандық немесе шетелдік ғылыми консультанттың ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, лауазымы, жұмыс істейтін жоғары оқу орны.
3. Жоспарланған диссертациялық зерттеудің тақырыбы.
4. Жоспарланған диссертациялық зерттеу тақырыбының өзектілігі.
5. Ғылыми проблеманың әзірлену деңгейі.
6. Жоспарланған диссертациялық зерттеудің мақсаттары және міндеттері.
7. Жоспарланған диссертациялық зерттеу объектісі мен мәні.
8. Жоспарланған диссертациялық зерттеу әдіснамасы.
9. Диссертациялық зерттеулерден күтілетін нәтижелер, олардың теориялық және
практикалық маңыздылығы. Оларды енгізудің және апробация жасаудың болжамды
бағыттары.
_______________________________________________________________
(оқуға үміткердің қолы, тегі, аты-жөні, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Келісілді
_______________________________________________________________
(ғылыми консультанттың қолы, тегі, аты-жөні, әкесінің аты (бар болған жағдайда)