Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 13 қазандағы № 554 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 16 қазанда № 33548 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берілген өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр және тәрбие жұмысы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
С. Шарипханов

  Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
2023 жылғы 13 қазандағы
№ 554 бұйрығымен
бекітілген

Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізімі

      1. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнының қызмет қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 13 тамыздағы № 394 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23991 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнының қызмет қағидаларында:

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шілдедегі № 2 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28916 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 2 бұйрық) 1-қосымшаға сәйкес Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының 20-тармағына сәйкес және № 2 бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының (бұдан әрі – МЖБС) 47-тармағына сәйкес бекітілетін оқу жұмыс жоспарларына сәйкес оқу пәндерінің мазмұнына сүйене отырып, кафедралар жалпы білім беретін және арнайы болып жіктеледі.";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Білім беру бағдарламалары ТЖМ арнаулы оқу орны бастығының бұйрығымен құрылатын ТЖМ арнаулы оқу орнының академиялық комитеті әзірлейді, оның құрамына академиялық персоналдың өкілдері, жұмыс берушілер (ТЖМ, оның ведомстволары, аумақтық органдары, ТЖМ мемлекеттік мекемелері), білім алушылар енгізіледі.";

      39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. Білім беру бағдарламасының мазмұны міндетті компонент пәндерінен тұрады, олардың мазмұны МЖБС сәйкес айқындалады, сондай-ақ мазмұны жұмыс оқу жоспарларында, бағдарламаларында (силлабустарда) айқындалатын жоғарғы оқу орны компоненті пәндерінен тұрады.".

      2. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрілігінің арнаулы оқу орнында оқу процесін, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 19 тамыздағы № 409 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24091 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнында оқу процесін, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларында:

      2-тармақтың 4) және 5) тармақшалары алып тасталсын;

      3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шілдедегі № 2 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28916 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 2 бұйрық) 1-қосымшаға сәйкес Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына және № 2 бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына (бұдан әрі – МЖБС);";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Оқу пәндерінің мазмұны МЖБС-ға сәйкес жұмыс оқу бағдарламаларымен (силлабустармен) анықталады.";

      52-тармақтың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) оқу бағдарламаларын әзірлеу;".

      3. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнында білім алушылардың кәсіптік практикасын мен тағылымдамасын ұйымдастыру және одан өту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 26 тамыздағы № 418 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24179 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнында білім алушылардың кәсіптік практикасын мен тағылымдамасын ұйымдастыру және одан өту қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Кәсіптік тәжірибе мен тағылымдаманың түрлері, мерзімдері мен мазмұны "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шілдедегі № 2 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28916 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 2 бұйрық) 1-қосымшаға сәйкес Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына және № 2 бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына (бұдан әрі-МЖМБС) сәйкес айқындалады.";

      12-тармақта:

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "осы лауазымда кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар, жоғары іскерлік және моральдық қасиеттері бар неғұрлым даярланған қызметкерлер (әскери қызметшілер) қатарынан тәжірибе және тағылымдама тікелей жетекшілерін бұйрықпен бекітеді, осы бұйрықпен тәжірибе және тағылымдама жетекшілеріне білім алушыларды (бір қызметкерге үштен аспайтын) бекітеді, бұл туралы ТЖМ арнаулы оқу орнынан тәжірибе ұйымдастыру туралы хабарлама алған сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде ТЖМ арнаулы оқу орнын хабардар етеді;";

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Білім алушыларды бөлімшенің жеке құрамына таныстырады, олардың құқықтық жағдайын, тәжірибе және тағылымдама жетекшілерінің, білім алушылардың өз міндеттерін орындау кезіндегі бөлімшелердің басқа да қызметкерлерінің (әскери қызметшілер) рөлі мен орнын түсіндіреді.".

      4. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарында оқулық басылымдары мен оқу-әдістемелік кешендерді дайындау, сараптау, сынамақтан өткізу, басып шығару және оларға мониторинг жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 26 тамыздағы № 419 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24141 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнында оқулық басылымдары мен оқу-әдістемелік кешендерді дайындау, сараптау, сынамақтан өткізу, басып шығару және оларға мониторинг жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Оқу басылымдары мен оқу-әдістемелік кешендерді дайындауды автор (авторлық ұжым, әзірлеуші) "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шілдедегі № 2 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеуі тізілімінде № 28916 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 2 бұйрық) 1-қосымшаға сәйкес Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына және № 2 бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына (бұдан әрі-МЖМБС) сәйкес жүзеге асырады.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Оқулық басылымдары мен оқу-әдістемелік кешендердің авторлық ұжымының құрамына ғалымдар, ғылыми қызметкерлер (әскери қызметшілері), оқытушылар, оқу басылымының бейіні бойынша оқытушы-әдіскерлер, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі – ТЖМ) қызметкерлері (әскери қызметшілер) кіреді.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Оқулық басылымдары мен оқу-әдістемелік кешендерді сараптау мазмұнының МЖМБС талаптарына, ғылыми зерттеулерге, білім алушыларды оқыту, дамыту мақсаттарына, психологиялық-педагогикалық ғылымның қазіргі заманғы талаптарына сәйкестігін бағалау мақсатында жүзеге асырылады.".

      5. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 446 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24402 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Оқу үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шілдедегі № 2 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28916 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 2 бұйрық) 1-қосымшаға сәйкес Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына және № 2 бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына (бұдан әрі - МЖМБС) сәйкес білім беру бағдарламаларын алушылардың меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында өткізіледі.";

      52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "52. Курс бағдарламасын толығымен өтіп, белгіленген ең төменгі көшіру балы деңгейін жинамаған курсантқа өзінің орташа үлгерім балын (GPA) жоғарылатуы үшін пәндерді (мемлекеттік емтихан тапсырылатын "Қазақстан тарихы" пәнінен басқа) белгіленген тәртіппен өздігінен зерделеуге және жеке кесте бойынша сол пәндерден емтиханды қайта тапсыруына мүмкіндік беріледі.";

      3-тарау 3-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-параграф. "Қазақстан тарихы" пәні бойынша мемлекеттік емтиханды өткізу тәртібі";

      80, 81, 82, 83, 84, 85 және 86-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "80. "Қазақстан тарихы" бойынша мемлекеттік емтихан академиялық күнтізбеге сәйкес аралық аттестаттау кезеңінде өткізіледі.

      81. ТЖМ білім беру ұйымының курсанттары бакалавриат білім беру бағдарламасындағы "Қазақстан тарихы" пәні бойынша оқып, аяқтағаннан кейін сол академиялық кезеңде мемлекеттік емтихан тапсырады.

      82. Жеделдетіліп оқытатын техникалық және кәсіптік (орта білімнен кейінгі білім беру) білім базасындағы қысқартылған оқу бағдарламасы бойынша білім алатын курсанттар "Қазақстан тарихы" пәнін зерделейді және осы пән бойынша мемлекеттік емтихан тапсырады.

      83. Жеделдетіліп оқытатын қысқартылған оқу бағдарламасы бойынша жоғары білім базасында білім алатын курсанттар "Қазақстан тарихы" пәнін оқымайды және мемлекеттік емтихан тапсырмайды.

      84. Мемлекеттік емтиханға дайындықты факультетпен және мониторинг және білім сапасын бақылау (бағалау) бөлімшесімен бірлесе отырып, "Қазақстан тарихы" оқу пәні бойынша сабақ жүргізетін кафедра (бұдан әрі – кафедра) өткізеді.

      85. "Қазақстан тарихы" пәні бойынша мемлекеттік емтиханды өткізу үшін кафедра оқудың барлық нысаны мен мамандықтары үшін бірыңғай оқу жұмыс бағдарламасын әзірлейді.

      86. Жұмыс оқу бағдарламасына сәйкес "Қазақстан тарихы" пәні бойынша мемлекеттік емтиханды тапсыру ауызша, жазбаша және тест нысанында жүзеге асырылады.";

      88-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "88. "Қазақстан тарихы" пәні бойынша мемлекеттік емтиханды қабылдау үшін факультеттің (институт) ұсынымы бойынша құрамында төрағасы мен комиссия мүшелері бар Мемлекеттік емтихан комиссиясы (бұдан әрі – МЕК) күнтізбелік жылға құрылады.";

      90-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "90. "Қазақстан тарихы" пәні бойынша МЕК төрағасы ағымдағы оқу жылының 1 желтоқсаннан кешіктірілмей Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен бекітіледі.";

      94-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "94. МЕК отырыстары осы Қағидаларға 6 – қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Қазақстан тарихы" пәні бойынша мемлекеттік емтихан комиссиясы отырысының хаттамасымен (бұдан әрі- МЕК отырысының хаттамасы) әрбір курсантқа ресімделеді және оған отырысқа қатысқан Комиссия төрағасы мен мүшелері қол қояды.";

      100, 101 және 102-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "100. "Қазақстан тарихы" пәні бойынша мемлекеттік емтихан нәтижелері бойынша курсанттарға рұқсат беру рейтингін бағалау және мемлекеттік емтиханды бағалау ескеріле отырып қорытынды баға қойылады. Бұл ретте рұқсат беру рейтингін бағалау пән бойынша білімді қорытынды бағалаудың 60% құрайды, ал мемлекеттік емтиханды бағалау пән бойынша білімді қорытынды бағалаудың 40% құрайды.

      101. Курсант "Қазақстан тарихы" пәні бойынша мемлекеттік емтиханнан "қанағаттанарлықсыз" деген баға алған жағдайда, ол академиялық үлгермеушілігі үшін ТЖМ білім беру ұйымынан шығарылады.

      102. "Қазақстан тарихы" пәні бойынша мемлекеттік емтиханнан алған оң бағаны көтеру үшін қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.";

      104 және 105-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "104. Апелляция өткізу үшін ТЖМ білім беру ұйымы бастығының бұйрығымен осы пән бойынша тәжірибелі оқытушылар қатарынан "Қазақстан тарихы" пәні бойынша апелляциялық комиссия құрылады және төраға тағайындалады.

      105. МЕК жұмысы аяқталғаннан кейін комиссия төрағасы осы Қағидаларға 7 – қосымшаға сәйкес "Қазақстан тарихы" пәні бойынша мемлекеттік емтиханды тапсыру нәтижелері туралы есепті (бұдан әрі-МЕК есебі) жасайды, ол ТЖМ білім беру ұйымының ғылыми кеңесінің отырысында талқыланады және бекітіледі және ТЖМ-ге ұсынылады.

      Бұл ретте қысқы емтихан сессиясына тапсырылған "Қазақстан тарихы" пәні бойынша МЕК есептері 1 наурыздан кешіктірілмей және жазғы емтихан сессиясына тапсырылған есептер 1 тамыздан кешіктірілмей ұсынылуы тиіс.";

      132-тармақ алып тасталсын;

      141-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "141. Хаттаманы бітіруші кафедраның қызметкерлері (әскери қызметшілері) қатарынан комиссия құрамында бекітілген МАК хатшысы толтырады.";

      167-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "ТЖМ білім беру ұйымында магистранттар мен докторанттарды қорытынды аттестаттау академиялық күнтізбеде көзделген мерзімдерде кешенді мемлекеттік емтихан тапсыру және/немесе магистратураның білім беру бағдарламалары үшін және докторантураның білім беру бағдарламалары үшін диссертациялық жұмыс немесе талаптары "Дәрежелерді беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6951 болып тіркелген) бекітілген Дәрежелерді беру қағидаларымен көзделген мақалалар сериясы нысанында өткізіледі.";

      172-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "172. Магистратураның білім беру бағдарламалары бойынша МАК құрамына кіретін мамандардың бейініне сәйкес келетін кандидат, ғылым докторы, магистр, PhD докторы ғылыми дәрежесі бар адамдар кіреді (бейінді магистратура үшін мак құрамына шығарылатын мамандардың бейініне сәйкес келетін азаматтық қорғау органдарының жоғары білікті қызметкерлері (әскери қызметшілері) енгізіледі).";

      180-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Хаттаманы бітіруші кафедраның қызметкерлері (әскери қызметшілері) қатарынан комиссия құрамында бекітілген МАК хатшысы толтырады.";

      189-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "189. Магистрлік және докторлық диссертациялық жұмыстарды басқа авторлардың мәтінін алуға (плагиатқа диссертацияны тексеру) МЖМБС 32 және 84-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады. Бөтен материалды пайдалануды анықтау жүйесінде тексерілген магистрлік диссертациялар (жобалар) және докторлық диссертациялар мемлекеттік Ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығының базасында сақталады.";

      195-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "195. Қорытынды аттестаттаудан өткен, магистратураның тиісті оқу бағдарламасын меңгергенін растаған және магистрлік диссертацияны жариялы түрде қорғаған магистрантқа МАК-тың шешімімен магистрлік диссертациясын қорғаған тиісті білім беру бағдарламасы бойынша "магистр" дәрежесі беріледі және қосымшасымен бірге мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.";

      198-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "198. Сонымен қатар ТЖМ білім беру ұйымының бастығы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімшесі бастығының мониторинг және білім сапасын бақылау (бағалау) бөлімінің келісімі бар ұсынысы негізінде қорытынды аттестаттаудан өтпеген магистранттарды оқудан шығару туралы бұйрық шығарады.

      Қорытынды аттестаттаудан "қанағаттанарлықсыз" деген баға алған магистрант "білім беру бағдарламаларының талаптарын орындамаған: диплом жұмысын (жобасын) қорғай алмаған" немесе "білім беру бағдарламаларының талаптарын орындамаған: кешенді емтиханды тапсыра алмаған" деп, Қазақстан Республикасының "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңының 26-бабының 7-тармағына, "Құқық қорғау қызметі туралы" 9-бабының 8-тармағына сәйкес ТЖМ білім беру ұйымынан оқудан шығарылады.

      Бұл ретте магистранттарды оқудан шығару туралы бұйрықта "магистрлік диссертацияны қорғауға ұсыну" мен немесе "магистрлік диссертацияны қорғауға ұсынусыз" тұжырымы көрсетіледі.

      Докторантураның білім беру бағдарламасының теориялық оқытудың толық курсын меңгерген, бірақ докторлық диссертацияны қорғамаған докторантқа келесі жылдары диссертацияны қорғауға мүмкіндік беріледі.";

      Қағидаларға 6-қосымша осы өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізіміне 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Қағидаларға 7-қосымша осы өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізіміне 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      6. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнында азаматтық қызметші лауазымдарын қоспағанда, педагогтер, ғылыми қызметкерлер лауазымдарына орналасу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 16 қыркүйектегі № 453 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24506 болып тіркелген) мынадай өзгерту енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнында азаматтық қызметші лауазымдарын қоспағанда, педагогтер, ғылыми қызметкерлер лауазымдарына орналасу қағидаларында:

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. ТЖМ-ның арнаулы оқу орнының педагогтері, ғылыми қызметкерлері лауазымдарына конкурстық негізде орналасудың негізгі критерийі "Құқық қорғау қызметі туралы" Заңның 6-бабының 2-тармағында көзделген біліктілік талаптарына, құқық қорғау қызметіне кіру шарттарына сәйкестігі болып табылады.

      ТЖМ-ның арнаулы оқу орнының педагогтері, ғылыми қызметкерлері лауазымдарына орналасу конкурсын өткізу тәртібі "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-1-бабымен және "Конкурстық комиссияны қалыптастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын, конкурс кезеңдерін өткізу мерзімдерін, сондай-ақ құқық қорғау органдарындағы бос және уақытша бос лауазымға орналасуға арналған конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 256, Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 40, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі міндетін атқарушының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 1009, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 358 және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 485 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31638 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.".

      7. "Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 17 қыркүйектегі № 456 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24495 болып тіркелген) мынадай өзгерту енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнына оқуға қабылдау қағидаларында:

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Шет тілі бойынша түсу емтихандары Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің "Ұлттық тестілеу орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны әзірлеген технология бойынша өткізіледі.".

      8. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің білім беру ұйымына, бюджет қаражаты есебінен ақысын төлей отырып, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің жолдамасы бойынша шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарының жоғары білім беретін кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына түсетін адамдармен келісімшарт жасасу, ұзарту, өзгерту, бұзу және тоқтату қағидалары" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 28 қыркүйектегі № 473 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24588 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Білім беру ұйымына, шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға бюджет қаражаты есебінен ақы төлей отырып, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің жолдамасы бойынша түсетін адамдармен келісімшарт жасасу, ұзарту, өзгерту, бұзу және тоқтату қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Білім беру ұйымына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің жолдамасы бойынша шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына түсетін адамдармен келісімшарт жасасу, ұзарту, өзгерту, бұзу және тоқтату қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің білім беру ұйымына, бюджет қаражаты есебінен ақысын төлей отырып, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің жолдамасы бойынша шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарының жоғары білім беретін кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына түсетін адамдармен келісімшарт жасасу, ұзарту, өзгерту, бұзу және тоқтату қағидаларында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жалызсын:

      "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің білім беру ұйымына, шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға бюджет қаражаты есебінен ақы төлей отырып, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің жолдамасы бойынша түсетін тұлғалармен келісімшарт жасасу, ұзарту, өзгерту, бұзу және тоқтату қағидалары";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің білім беру ұйымына, шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға бюджет қаражаты есебінен ақы төлей отырып, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің жолдамасы бойынша (бұдан әрі – Қағидалар) "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің білім беру ұйымына (бұдан әрі – ТЖМ) білім беруді іске асыратын білім беру ұйымдарына түсетін тұлғалармен келісімшарт жасасу, ұзарту, өзгерту, бұзу және тоқтату тәртібін айқындайды бюджет қаражаты есебінен оқу ақысын төлей отырып, ТЖМ бағыты бойынша шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға ақы төлей отырып, бюджет қаражатын төлей отырып, келісімшарт жасасу, ұзарту, өзгерту, бұзу және тоқтату тәртібін айқындайды.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсетін тұлғалармен ТЖМ жолдамасы бойынша келісімшарт қабылдау комиссиясы ТЖМ жолдамасы бойынша шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарының жоғары және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау және оқуға жіберу туралы шешім шығарғаннан кейін жеке істері кадр қызметінде қалдырыла отырып жасалады.";

      6-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Келісімшарт шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын білім беру ұйымдарында оқитын адамдармен ТЖМ жолдамасы бойынша ұзартылады, егер:";

      9-тармақтың 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын ТЖМ білім беру ұйымынан, білім беру ұйымынан үлгерімсіздігі, тәртіпсіздігі бойынша, сондай-ақ өз қалауы бойынша оқудан шығару;

      4) қызметкердің ТЖМ білім беру ұйымын және ТЖМ жолдамасы бойынша шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымын бітіргеннен кейін 5 жыл ішінде азаматтық қорғау органдарында қызмет өткеруден бас тартуы;";

      10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын, шақыру жасына жеткен, келісімшартты мерзімінен бұрын бұзған ТЖМ білім беру ұйымының күндізгі бөлім курсанттары арнайы есептен шығарылады және ТЖМ білім беру ұйымының кадр қызметі әскери есепке қою және әскерге шақыру үшін тұрғылықты жері бойынша әскери басқару органдарына жібереді әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу Қағидаларының 77-тармағына сәйкес әскери қызмет, осы Қағидалардың 9-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, "Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы № 28 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14881 болып тіркелген).

      11. Заңның 9-бабы 8-тармағына сәйкес мерзімінен бұрын келісімшарт бұзылған курсанттар өздерін оқыту кезеңінде оқуға, стипендия төлеуге, тамақтандыруға, заттай жабдықталымына және каникулдық демалыс кезеңінде оқу орнына баруға және кері қайтуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтейді. Ұсталуға тиісті сомма ТЖМ білім беру ұйымында, ТЖМ жолдамасы бойынша шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарының жоғары білім беретін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында болған әрбір толық айға пропорционалды түрде есептеледі.";

      Қағидаларға 1-қосымшада:

      оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің білім беру ұйымдарына түсуші тұлғалардың Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің жолдамасы бойынша шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына бюджет қаражаты есебінен оқу ақысын төлей отырып, келісімшартты жасасу, ұзарту, өзгерту, бұзу және тоқтату қағидаларына 1-қосымша

      Нысан";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. ТЖМ білім беру ұйымы "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шілдедегі № 2 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28916 тіркелген) 1-қосымшаға сәйкес Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес курсантты білім беру бағдарламалары бойынша оқытуды ұйымдастыру бойынша міндеттемелерді өзіне қабылдайды (бұдан әрі – МЖМБС);";

      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Білім беру ұйымына, шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға бюджет қаражаты есебінен ақы төлей отырып, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің жолдамасы бойынша түсетін тұлғалармен келісімшарт жасасу, ұзарту, өзгерту, бұзу және тоқтату қағидаларында белгіленген тәртіппен, "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 3-тармағына сәйкес бекітілетін, осы келісімшартты өзгерту және бұзу;";

      5-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) ТЖМ білім беру ұйымын бітіргеннен кейін азаматтық қорғау органдарында қызмет өткеруден бас тартқан, сондай-ақ тармақшаларда көзделген негіздер бойынша жұмыстан шығарылған жағдайда 5), 6), 11), 12), 13), 14), 15), 16) 18) және 19) "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабы 1-тармағының ТЖМ білім беру ұйымын бітіргеннен кейін немесе келісімшартты мерзімінен бұрын бұзғаннан кейін бес жыл ішінде шәкіртақы төлеуді, тамақтануды қоса алғанда, оқуға жұмсалған бюджет қаражаты, оның оқу кезеңіндегі заттай үлесі және демалыс кезеңінде оқу орнына бару және кері қайту шығындары мемлекетке өтелсін. Ұстауға жататын сома келісімшарт мерзімі аяқталғанға дейін әрбір толық қызмет етілмеген ай үшін пропорционалды қаралады.";

      6-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тараптардың бірінің бастамасы бойынша келісімшарт "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабы 1-тармағының 12), 13), 14), 15), 16) 18) және 19) тармақшаларды қоспағанда, екінші Тараптың оны бұзғаны туралы жазбаша хабарлама алған күннен бастап 30 жұмыс күні өткен соң бұзылады.";

      Қағидаларға 2-қосымшада:

      оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің білім беру ұйымдарына түсуші тұлғалардың Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің жолдамасы бойынша шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына бюджет қаражаты есебінен оқу ақысын төлей отырып, келісімшартты жасасу, ұзарту, өзгерту, бұзу және тоқтату қағидаларына 2-қосымша

      Нысан";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. ТЖМ білім беру ұйымы "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шілдедегі № 2 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28916 тіркелген) 2-қосымшаға сәйкес Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес білім беру бағдарламалары (бұдан әрі – МЖБС) бойынша магистрантты/PhD докторантты оқытуды ұйымдастыру бойынша міндеттемелерді өзіне қабылдайды;";

      Қағидаларға 3-қосымшада:

      оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің білім беру ұйымдарына түсуші тұлғалардың Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің жолдамасы бойынша шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына бюджет қаражаты есебінен оқу ақысын төлей отырып, келісімшартты жасасу, ұзарту, өзгерту, бұзу және тоқтату қағидаларына 2-қосымша

      Нысан";

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "_______________________________________________________________,

      (Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің білім беру

      ұйымының (бұдан әрі – ТЖМ білім беру ұйымы) атауы)

      _______________________________________мекенжайы бойынша орналасқан

      ____________________________________________ (20____ ж. "____" ________Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі берген №__________ сериясы______________ лицензия) Жарғы негізінде әрекет ететін, одан әрі "ТЖМ білім беру ұйымы" деп аталатын ___________________________________________________, бір тараптан және шет мемлекеттің құқық қорғау органдарының жоғары білім берудің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымына оқуға жіберілетін, бұдан әрі "курсант" деп аталатын _________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы, арнаулы атағы) екінші тараптан, ал бірге "Тараптар" деп аталатын төмендегілер туралы осы Келісімшартты жасады:";

      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Білім беру ұйымына, шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға бюджет қаражаты есебінен ақы төлей отырып, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің жолдамасы бойынша түсетін адамдармен келісімшарт жасасу, ұзарту, өзгерту, бұзу және тоқтату қағидаларында белгіленген тәртіппен, "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 3-тармағына сәйкес бекітілетін осы Келісімшартты өзгертуге және бұзуға;".

  Өзгерістер енгізілетін
кейбір бұйрықтардың
тізіміне
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар
министрлігінің арнаулы оқу
орнында білім алушылардың
үлгеріміне ағымдағы
бақылау, оларға аралық және
қорытынды аттестаттау
жүргізу қағидаларына
6-қосымша

      Нысан

"Қазақстан тарихы" пәні бойынша мемлекеттік емтихан комиссия отырысының №___ ХАТТАМАСЫ (әрбір білім алушыға толтырылады)

      20__жыл "___" ______ сағат _____ минуттан ____ сағат _____ минутқа дейін

      Қатысқандар: Мемлекеттік емтихан комиссиясының

      төрағасы________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы,

      ____________________________________________________________________

      (ұйымының атауы, атқаратын лауазымы)

      Комиссия мүшелері:

      ____________________________________________________________________

      "Қазақстан тарихы" пәні бойынша мемлекеттік емтиханды тапсыру туралы

      1. Білім алушы __________________________________ емтихан тапсыруы

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), мамандығы)

      2. Сұрақтар: (тестілеу нысанында емтихан өткізу кезінде хаттамаға білім алушы

      орындаған тест тапсырмасы қоса беріледі)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      3. Білім алушы ______________________________________________ (тегі, аты-жөні)

      рұқсат беру рейтингі ___________________________________________________

      (балдық-рейтингі әріптік жүйесі бойынша рұқсат беру рейтингі)

      4. Білім алушы ___________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      "Қазақстан тарихы" пәні бойынша мемлекеттік емтиханды

      ________________________________________ бағамен тапсырды деп танылсын

      (әріптік жүйедегі балдық-рейтингі бойынша рейтингі көрсетілсін)

      5. Білім алушының ________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      "Қазақстан тарихы" пәні бойынша қорытынды бағасы ____________________________

      (балдық-рейтингтік әріптік жүйесі бойынша бағасы көрсетілсін)

      6. Мемлекеттік емтихан комиссиясы мүшелерінің ерекше пікірлері

      ________________________________________________________________

      Төраға ____________________ (қолы)

      Комиссия мүшелері ____________________ (қолы)

      ____________________ (қолы)

      Хатшы ____________________ (қолы)

  Өзгерістер енгізілетін
кейбір бұйрықтардың
тізіміне
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар
министрлігінің арнаулы оқу
орнында білім алушылардың
үлгеріміне ағымдағы
бақылау, оларға аралық және
қорытынды аттестаттау
жүргізу қағидаларына
7-қосымша
  Нысан

________________________________________ оқу жылына

"Қазақстан тарихы" пәні бойынша мемлекеттік емтихан тапсыру нәтижелері туралы есеп

Қорытынды аттестаттаудың нысаны

Қорытынды аттестацияға жіберілгендердің саны

Тапсырғандардың саны

Оның ішінде тапсырғандар:


Өте жақсы

Жақсы

Қанағаттанарлық

Қанағаттанарлықсыз

Орташа балл

Келмегендер

% сапасы

Тапсырғандардың % оқу үлгерімі

"Қазақстан тарихы" пәні бойынша мемлекеттік емтихан











Барлығы