Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № 411 "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнында іске асырылатын білім беру бағдарламаларының тізбесін бекіту туралы" және Қазақстан Республикас

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 13 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 8 тамызда № 29045 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнында іске асырылатын білім беру бағдарламаларының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № 411 бұйрығында: (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24092 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнында іске асырылатын білім беру бағдарламаларының тізбесінде:

      реттік нөмірі 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

5

"7М12302 - Өрт қауіпсіздігі" (ғылыми-педагогикалық бағыт)


Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс магистрі


      ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 6-1 және 6-2-жолдармен толықтырылсын:

      "

6-1

"7М12304 - Төтенше жағдайларда қорғау" (ғылыми-педагогикалық бағыт)


Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс магистрі


6-2

"7М12305 - Төтенше жағдайларда қорғау" (бейінді бағыт)


Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс магистрі


      ";

      реттік нөмірі 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

7

"8D12302 - Өрт қауіпсіздігі" (ғылыми-педагогикалық бағыт)



Философия докторы (PhD) / Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс докторы

      ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 8, 9 және 10-жолдармен толықтырылсын:

      "

8

"8D12303 - Өрт қауіпсіздігі" (бейінді бағыт)



Бейіні бойынша доктор / Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс докторы

9

"8D12304 - Төтенше жағдайларда қорғау" (ғылыми-педагогикалық бағыт)



Философии докторы (PhD)/Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс докторы

10

"8D12305 - Төтенше жағдайларда қорғау" (бейінді бағыт)



Бейіні бойынша доктор / Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс докторы

      ";

      2) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі міндетін ақтарушысының 2021 жылғы 17 қыркүйектегі № 456 "Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24495 болып тіркелген):

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. ТЖМ арнаулы оқу орнының магистратурасына жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын меңгерген және азаматтық қорғау органдарында кемінде бір жыл практикалық жұмыс өтілі бар кандидаттар оқуға қабылданады.".

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
Ю. Ильин