Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 23 тамыздағы № 272 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 28 тамызда № 24130 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ және мұнай-газ-химия департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
Н. Ногаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сауда және интеграция министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Стратегиялық жоспарлау

      және реформалар агенттігі

      Ұлттық статистика бюросы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2021 жылғы 23 тамыздағы
№ 272 Бұйрықпен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9936 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану қағидаларында:

      кіріспе алып тасталсын;

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану тәртібін айқындайды.";

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) газ – тауарлық газ және (немесе) сұйытылған мұнай газы;

      2) газ жеткізудің (тұтынудың) орташа тәуліктік нормасы – шартпен белгіленген бір айдағы газ көлемін тиісті айдың күнтізбелік күндеріне бөлу жолымен айқындалатын газ көлемі;

      3) газ құбырындағы газдың технологиялық қоры – газды тасымалдаудың жұмыс режимін қамтамасыз ету үшін газ құбырындағы қажетті газдың ең төмен көлемі;

      4) газ құбырының өткізгіштік қабілеті – газ құбырының ішкі диаметрі және тәулігіне 24 сағат тұтыну есебінен жұмыс қысымы бойынша газ шығысы;

      5) газ тұтыну броні – отынның резервтік түрлерін барынша пайдаланған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңдарына және өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес тұтынушыларға ең төмен көлемде газ жеткізу тоқтатылмайтын олардың технологиялық жабдығының үздіксіз және авариясыз жұмысы үшін қажетті ең төмен газ тұтыну көлемі;

      6) газ тұтыну (газ) жабдығының қуаты – газ жабдығының тәулігіне 24 сағат жұмысы есебінен ең жоғарғы жиынтық қуаты;

      7) газды артық жұмсау – газды жеткізудің (тұтынудың) тәуліктік нормасынан асып кететін көлемде тұтынушының газды іріктеп алуы;

      8) газды жеткізудің (тұтынудың) тәуліктік нормасы – тараптардың келісімі бойынша диспетчерлік кестемен белгіленген тәуліктік газ көлемі;

      9) диспетчерлік график – жеткізушінің тасымалдаушыға берген өтініміне сәйкес газ жеткізудің сағаттық графигі;

      10) есеп айырысу кезеңі – берілген газдың көлемі анықталатын, жеткізуші, газ тасымалдау, газ тарату, газ желісі ұйымдары арасындағы берілген газ үшін өзара есеп айырысу жүргізілетін кезең. Тараптармен келісілген есеп айырысу кезеңі шартта көрсетіледі;

      11) жеткізу – газды бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызмет;

      12) жеткізуші – Заңмен және осы Қағидалармен белгіленген жағдайларда газды бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын тұлға;

      13) тасымалдаушы – газ тасымалдау немесе газ тарату ұйымы;

      14) техникалық жағдайлар – газбен жабдықтау жүйесінің объектілерін салуға, тұтынушыны сұратылатын (есеп айырысу) параметрлерге қосуға, газбен жабдықтау жүйесі объектісінің бастапқы жобалық шешімін өзгертуге газ тарату немесе газ желісі ұйымы беретін құжат;

      15) тұтынушы – тұрмыстық, коммуналдық-тұрмыстық немесе өнеркәсіптік тұтынушы;

      16) уәкілетті орган – газды өндіруді, тасымалдауды (тасуды), сақтауды және көтерме саудада өткізуді, сондай-ақ елді мекендердің шекаралары шегінен тыс тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді және тұтынуды мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де терминдер мен анықтамалар Заңға сәйкес қолданылады.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Тауарлық газды бөлшек саудада өткізу тәртібі";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу тәртібі";

      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. Азаматтарға тұрмыстық баллондардағы газды сату өтінім бойынша шарт жасаспай жүзеге асырылады.

      Газ желісі ұйымы немесе газ толтыру пунктінің иесі тұрмыстық тұтынушыға сатылатын әрбір баллон үшін тұтынушыға құжат (алынған газ көлемі үшін кассалық, тауарлық чек), сапа кепілдік талонын береді, баллондарды тауарлық белгімен таңбалауды жүзеге асырады, сапа кепілдік талонын береді.";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Тауарлық және сұйытылған мұнай газын пайдалану тәртібі";

      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Тауарлық және сұйытылған мұнай газын пайдалану кезінде:

      1) газды рұқсатсыз алуға (ұрлауға) мүмкіндік беретін пломбаны жұлып алуға, пломбаға не есепке алу аспабына әсер етуге, сондай-ақ газ тарату, газ желісі ұйымдарының келісімінсіз газбен жабдықтау жүйесіне қосылуға, газ жабдығын және есепке алу аспаптарын монтаждауға, бөлшектеуге, пайдалануға жарамды есепке алу аспаптарын ауыстыруға;

      2) газ тарату немесе газ желісі ұйымының келісімінсіз газ аспаптары орнатылған үй-жайларды қайта жоспарлауға;

      3) газ аспаптарының құрылыстарына өзгерістер енгізуге;

      4) түтіндік және желдеткіш жүйелерінің қондырғыларын өзгертуге;

      5) желдеткіш каналдарын желімдеуге, түтіндіктерді тазалауға арналған "қалталар" мен люктерді бітеуге;

      6) қауіпсіздік және реттеу автоматикасын сөндіруге;

      7) газ аспаптарының, автоматиканың, арматуралар мен газ баллондарының жарамсыздығы кезінде газды пайдалануға;

      8) газдандырылған пештер мен түтіндіктер қалауының, сылағының (жарықтар) тығыздығы бұзылған кезде газды пайдалануға;

      9) түтіндік пен желдеткіш каналдарын тексеру және тазалау туралы актінің қолданылу мерзімі өткеннен кейін газды пайдалануға;

      10) газ тарату немесе газ желісі ұйымынан оқудан өтпей және рұқсат алмай, түтіндік пен желдеткіш каналдарын тазалауға, тексеруге, сондай-ақ газ баллон қондырғыларының баллондарын алмастыруға;

      11) түтіндік пен желдеткіш каналдарының ауа тартқыштары болмаған кезде, желдеткіштер (фрамугалар), жалюзий торлары, желдеткіш каналдарының торлары жабық болғанда газ аспаптарын пайдалануға;

      12) үздіксіз жұмыс істеуге есептелген және осы үшін тиісті автоматикасы бар газ аспаптарынан басқа, жұмыс істеп тұрған газ аспаптарын қараусыз қалдыруға;

      13) мектеп жасына дейінгі балалардың, сондай-ақ өз әрекеттерін бақылай алмайтын және осы аспаптарды пайдалану қағидаларын білмейтін адамдардың газ аспаптарын пайдалануына;

      14) газ құбырларына жіп байлауға және газ құбырларын жүктеуге;

      15) газды және газ аспаптарын мақсатқа сай емес пайдалануға;

      16) газ плиталарын үй-жайды жылыту үшін пайдалануға;

      17) газ аспаптары орнатылған үй-жайларды ұйықтау және демалу үшін пайдалануға;

      18) газдың шығып кетуін айқындау үшін ашық отты қолдануға;

      19) үй-жайлар мен жертөлелерде бос және сұйытылған мұнай газымен толтырылған газ баллондарын сақтауға;

      20) газдандырылған үй-жайда сыйымдылығы 50 (55) литр (бұдан әрі – л) болатын бір баллоннан немесе әрқайсысының сыйымдылығы 27 л болатын екі баллоннан артық орналастыруға жол берілмейді. Баллондар газ аспаптары бар үй-жайда болады;

      21) газдандырылған үй-жайда жылу радиаторы мен пештен кемінде 1 метр (бұдан әрі – метр) арақашықтықта газы бар баллондарды орнатуға жол берілмейді. Баллондарды жылудан қорғайтын экран орнату кезінде баллондар мен жылыту аспаптарының арақашықтығы кемінде 0,5 м, ал экран мен баллондардың арақашықтығы кемінде 10 сантиметрден (бұдан әрі – см) кем болмауы тиіс;

      22) баллондарды от жанатын пештердің есіктеріне қарсы кемінде 2 м арақашықтықта қарама-қарсы орналастыруға;

      23) үй-жайларда орнатылған баллондарды ауыстыру кезінде электр жарығын қосуға және ажыратуға, ашық оттарды, электр жылытқыш аспаптары мен жылыту пештерін пайдалануға;

      24) көрсетілген жұмыстарды орындауға байланысы жоқ адамдардың қатысуымен баллондарды алмастыруға;

      25) Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілген, үлгіні бекіту немесе метрологиялық аттестаттау нәтижелері бойынша тексеруден өтпеген өлшеу құралдарын қолдануға жол берілмейді.";

      50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "50. "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 19-бабының 6-тармағына сәйкес (бұдан әрі – Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заң) қолданылатын есепке алу аспаптарының өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификаты және салыстырып тексеру таңбасы болады.";

      52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "52. Есепке алу аспаптарын тексеру Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңның 6-2-бабының 11) және 20) тармақшасына сәйкес жүргізіледі.".

      2. "Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің, сондай-ақ коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтынушы жүйелері мен газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсетудің үлгілік шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 12 қарашадағы № 117 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9980 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауарлық газды бөлшек саудада өткізудің үлгі шартында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Терминдер мен анықтамалар";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Шартта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) газ – тауарлық газ;

      2) газ тұтыну жүйесі – газ тарату жүйесінен тауарлық газды қабылдауға, сондай-ақ оларды отын ретінде пайдалануға арналған газ құбырлары (желілік бөлік) мен газ жабдығы кешені;

      3) есеп айырысу кезеңі – жеткізілген газдың көлемі айқындалатын, берілген газ үшін жеткізуші мен тұрмыстық тұтынушы арасында өзара есеп айырысу жүргізілетін кезең. Есеп айырысу кезеңі бір күнтізбелік айды құрайды;

      4) есепке алу аспаптары – мынадай функцияларды: газды өлшеуді, жинауды, сақтауды, оның шығысы, көлемі, температурасы, қысымы және аспаптың жұмыс уақыты туралы ақпарат көрсетуді орындайтын өлшеу құралдары мен басқа да техникалық құралдар;

      5) жеткізу – газды бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызмет;

      6) жеткізуші – "Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Газбен жабдықтау туралы заң) белгіленген жағдайларда газды бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын тұлға;

      7) смарт-картасы бар есепке алу аспаптары – тұрмыстық тұтынушы өзі төлеген газдың барлық көлемін пайдаланған жағдайда газ беруді жабатын салынған бекітпе клапанмен жарақталған смарт-карта арқылы ақы төлеу жүйесі бар газды есепке алу аспаптары;

      8) тұрмыстық тұтынушы – тауарлық газды кәсіпкерлік қызметте пайдалану және оларды одан әрі өткізу мақсатынсыз, тұрмыстық мұқтаждар үшін сатып алатын жеке тұлға;

      9) тұтыну нормасы – есепке алу аспаптары жоқ тұрмыстық тұтынушылар үшін өздері тұтынған тауарлық газдың орташа айлық көлемін көрсететін есептік шама.

      2. Осы Шартта пайдаланылатын өзге де терминдер мен анықтамалар Газбен жабдықтау туралы заңға сәйкес қолданылады.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Шарттың нысанасы";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығымен бекітілген Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9936 болып тіркелген) 38-тармағына сәйкес, сондай-ақ 39-тармағында көзделген жағдайды ескере отырып, тауарлық газдың көлемін өлшеу бірлігі ретінде Цельсий бойынша 20 градус температура және сынап бағанының 760 миллиметр қысымы кезінде газдың бір текше метрі қабылданады.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері";

      9-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімдерде газ тұтыну схемасын өзгерту, жаңа және қосымша газ жабдығын орнату бойынша рұқсат алуға тұрмыстық тұтынушының жазбаша өтінімін нақты қарауға";";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Тұрмыстық тұтынушы:

      1) осы Шарттың талаптарына сәйкес газ үшін ақы төлеуді жүргізуге;

      2) газ тұтыну жүйелерін, түтіндік және желдеткіш каналдарын, оның қарамағындағы газ желілерінің учаскелерін қауіпсіз пайдалануды, түтіндік және желдеткіш каналдарын уақтылы тексеру және тазартып тұруды қамтамасыз етуге;

      3) жеткізушінің өкілдеріне қызметтік куәліктерін көрсеткен кезде есепке алу аспаптарын, газ жабдығын, тұрып жатқандардың саны жөніндегі деректердің дұрыстығы мен мемлекеттік салыстырып тексеру туралы қолданыстағы куәліктің бар екенін тексеру үшін газ тұтыну жабдықтарына, газ желілеріне және есепке алу аспаптарына кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз етуге;

      4) өзіне тиесілі газды есепке алу аспаптарының сақталуына, техникалық жай-күйіне және салыстырып тексерілуіне, сондай-ақ жеткізуші жүзеге асырған оның пломбалануының бүтіндігіне жауапты болуға;

      5) жеткізушінің жазбаша рұқсатын алғаннан кейін ғана газбен жабдықтау схемасын өзгертуді, жаңа және қосымша газ жабдығын орнатуды және іске қосуды жүргізуге;

      6) газ тұтыну көлемінде және оған ақы төлеуде (тұрып жатқандар санының өзгеруі, жылытылатын ауданның мөлшері, газ жабдығының қуаты) көрінетін деректердің жай-күйі және өзгергендігі туралы жеткізушіні жазбаша түрде хабардар етуге міндетті. Тұрмыстық тұтынушы болған өзгерістер және есепке алу аспабынсыз газды тұтыну, оның жарамсыз екені не газ жабдығының параметрлеріне сәйкес келмейтіндігі туралы хабарламаған жағдайда, тұтынылған газдың көлемі жеткізушіде бар деректер бойынша есептеледі. Бұл ретте газ үшін қайта есептеулер тұрмыстық тұтынушы растайтын құжаттарды қоса бере отырып, тиісті өтінішті берген сәттен бастап жүзеге асырылады;

      7) осы Шарттың талаптарына сәйкес газды оның тікелей мақсатына қарай ұтымды пайдалануға;

      8) паспорт деректеріне сәйкес оны пайдалану мерзімінен асып кеткен жағдайда, газ жабдығын ауыстыру бойынша шаралар қабылдауға;

      9) есепке алу аспабы жарамсыз болған және тоқтаған жағдайда жеткізушіге жедел түрде хабардар етуге міндетті.";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Ақы төлеу тәртібі";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Есепке алу аспабының жарамсыз екені анықталған кезде тұтынылған газды есептеу соңғы тексеру жүргізілген күннен бастап анықталған күнге дейінгі, бірақ тұрмыстық тұтынушы жүргізген төлемді ескере отырып, екі айдан аспайтын кезең үшін қолданыстағы газ тұтыну нормалары бойынша жүргізіледі.";

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Тараптардың жауапкершілігі";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығымен бекітілген Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9936 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қағидалар) 36-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген бұзушылық кезінде жеткізуші Қағидалардың 47-тармағының 1) тармақшасына сәйкес газдың шығысын қайта есептеуді жүргізеді.";

      6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-тарау. Қорытынды ережелер";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Шарт оны жасасқан сәттен бастап күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болады және газ тұтыну жүйелерін пайдалану кезеңінде, ал есеп айырысулар мен қаржылық міндеттемелер бойынша – олар толық аяқталғанға дейін қолданылады.";

      7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің үлгі шартында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Шартта пайдаланылатын негізгі ұғымдар";

      "1. Шартта мынадай терминдер мен ұғымдар пайдаланылады:

      1) газ – сұйытылған мұнай газы;

      2) газ жабдығы – газ құбырларының құрамдас элементтері ретінде пайдаланылатын, толықтай зауытта дайындалатын техникалық бұйымдар (компенсаторлар, конденсат жинақтары, сақтандыру-ығыстыру арматурасы, құбыр бекітпе арматура), сондай-ақ газ пайдаланушы қондырғылар (газ аспаптары, пештері мен плиталары);

      3) газбен жабдықтау жүйесінен ажырату – жеткізушінің өкілдері орындайтын және тұтынушының газ жабдығына газ беруді тоқтатуға бағытталған газ қаупі бар жұмыстардың кешені;

      4) газбен жабдықтау схемасын өзгерту – пәтерішілік газ құбырының аралық қабатын өзгерту және газ аспаптарын көшіру;

      5) газбен жабдықтаушы ұйым – сұйытылған мұнай газын тұтынушыға топтық резервуарлық қондырғылар арқылы бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын аккредиттелген газ желісі ұйымы;

      6) есепке алу аспаптары – мынадай функцияларды: газды өлшеуді, жинауды, сақтауды, оның шығысы, көлемі, температурасы, қысымы және аспаптың жұмыс уақыты туралы ақпарат көрсетуді орындайтын өлшеу құралдары мен басқа да техникалық құралдар;

      7) заңсыз қосылу – тұтынушыны газбен жабдықтау жүйесінен ажырату туралы куәландыратын жеткізушінің пломбасы (бітеуіш стакан және т.б.) болған кезде орындалған тұтынушының газбен жабдықтау жүйесіне қосылуы;

      8) өздігінен қосылу – тұтынушының газбен жабдықтау жүйесіне өз күшімен не оған арнайы рұқсаты жоқ адамдардың көмегімен қосылуға бағытталған іс-әрекеті;

      9) тұрмыстық тұтынушы – сұйытылған мұнай газын кәсіпкерлік қызметте пайдалану және оларды одан әрі өткізу мақсатынсыз, тұрмыстық мұқтаждар үшін сатып алатын жеке тұлға;

      10) тұрмыстық тұтынушының тұрғын үй-жайында іс жүзінде тұру – тұрмыстық тұтынушының тұрғын үй-жайында тұрақты (кемінде бір ай) тұратын отбасы мүшелерінің, өзге де тұратын адамдардың, оның ішінде жалға алу (жалдау) шарты бойынша тұратындар саны;

      11) уақтылы ақы төлемеу – тұтынушының заңнамада және/немесе осы Шартта белгіленген ақы төлеу мерзімі өткен соң тұтынылған газ үшін ақы төлемеуі/тиісінше ақы төлемеуі;

      12) ысырмалы кран – тұтынушының газ жабдығы алдындағы газ құбырындағы бекітпе арматура.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Шарттың нысанасы";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Газды есепке алу және ол үшін ақы төлеу";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Тұтынушыда орнатылған есепке алу аспаптарын өлшем құралдарын салыстырып тексеруге аккредиттелген заңды тұлға салыстырып тексеруге және пломбалауға тиіс.";

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Тараптардың жауапкершілігі";

      6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-тарау. Шарттың қорытынды ережелері";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Шарт оны жасасқан сәттен бастап күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болады және мерзімсіз сипатта болады.";

      7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтынушы жүйелері мен газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсетудің үлгі шартында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Шарттың нысанасы";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Орындаушының құқықтары мен міндеттері";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Тапсырыс берушінің құқықтары мен міндеттері";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Тапсырыс беруші :

      1) газ жабдығын оларды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарға сәйкес пайдалануды қамтамасыз етуге;

      2) газ жабдығы, түтіндік пен желдеткіш каналдары жарамсыз болған, газдың иісі шыққан кезде, газды пайдалануды жедел тоқтатуға және газ тарату, газ желісі ұйымының авариялық қызметіне хабарлауға;

      3) түтіндік және желдеткіш каналдарын уақтылы тексеруді және тазартуды қамтамасыз етуге;

      4) орындаушының өкіліне (қызметтік куәлікті немесе жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде), газ тұтыну жүйесіне жөндеу қажет болған жағдайда – қарап тексеру үшін, ал авариялық жағдайлар кезінде – тәуліктің кез келген уақытында қол жеткізуді қамтамасыз етуге міндетті. Орындаушы техникалық қызмет көрсетуді жүргізген кезде газдандырылған объектіге газбен жабдықтау жобасының (атқарушы-техникалық құжаттаманың) көшірмесін ұсынуға;

      5) газ жабдығын, түтіндік және желдеткіш каналдарын өз бетінше газдандыру, қайта монтаждау, монтаждау, бөлшектеу, құрылысын өзгерту және жөндеу (оның ішінде ауыстыру) жөніндегі жұмыстарды жүргізбеуге және оларды жүргізуге жол бермеуге;

      6) газ жабдығының алдында және ажыратқышта (тіреуіштер) іске қосу крандарының орналасқан жеріне заттарды үймелемеуге;

      7) газ жабдығын қауіпсіз пайдалану туралы бұзушылықтарды жою актісіне сәйкес, орындаушы анықтаған бұзушылықтарды жоюға;

      8) бес жұмыс күнінің ішінде орындаушыға техникалық қызмет көрсетілуге жататын жабдықтар санының өзгеруі туралы хабардар етуге міндетті.";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Көрсетілетін қызметтер құны мен ақы төлеу тәртібі";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстардың құны орындаушының қолданыстағы прейскуранты негізінде айқындалады. Осы Шарт бойынша газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарға ақы төлеуді тапсырыс беруші оның қалауы бойынша ай сайын немесе жылына бір рет орындаушының есеп шотына аудару арқылы жүргізеді. Төлем шот ұсынылған айдың жиырма бесінші күніне дейін ұсынылған шот негізінде жүргізіледі.";

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Тараптардың жауапкершілігі";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13.Тапсырыс беруші осы Шарттың талаптарын бұзған кезде орындаушы газ тұтыну жүйесінің жұмысына жауапты болмайды және кепілдік бермейді.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Орындаушыға газ тұтыну жүйелеріне қолжетімділік берілмеген жағдайда, газ тұтыну жүйелерінің жарамды техникалық жай-күйі үшін тапсырыс беруші жауапты болады.";

      6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-тарау. Шарттың қолданылу мерзімі";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Шарт оны жасасқан сәттен бастап күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болады және газ тұтыну жүйелерін пайдалану кезеңінде, ал есеп айырысулар мен қаржылық міндеттемелер бойынша – олар толық аяқталғанға дейін қолданылады.".

      3. "Газ және газбен жабдықтау саласындағы нормативтік-техникалық құжатты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 491 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16429 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 32) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:".

      4. "Шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасының орындалуы туралы есептің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 166 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16953 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасының орындалуы туралы есеп нысаны осы тізбеге 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      5. "Тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын есептеу мен бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 18 қыркүйектегі № 377 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17472 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын есептеу мен бекіту қағидаларында:

      6 және 7-қосымшалар осы тізбеге 2 және 3-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
өзгерістер мен толықтыру
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2018 жылғы 5 мамырдағы
№ 166 бұйрығымен бекітілген
Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан*

      Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігіне

      Әкімшілік деректердің нысаны интернет-ресурста орналастырылған:

      https://www.gov.kz/memleket/entities/energo?lang=kk.

      Әкімшілік деректер нысанының атауы: Шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасының орындалуы туралы есеп.

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: № 1-БЕН нысаны.

      Кезеңділік: жыл сайынғы.

      Есепті кезең: 20___ жыл

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: Қазақстан Республикасының көмірсутектер саласындағы жер қойнауын пайдаланушылары.

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: есепті жылдан кейінгі жылдың жиырма бесінші қаңтарынан кешіктірмей (есепті жыл ішінде шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасының қолданылу мерзімі аяқталған жағдайда, есеп шикі газды қайта өңдеуді дамытудың аяқталған және қолданыстағы бағдарламалары бойынша ұсынылады)

№ р/н

Жер қойнаун пайдаланушының атауы

Келісім шарт нөмірі көрсетілген кен орнының атауы

Шикі газды қайта өңдеуді дамытудың есепті бағдарламасының қолданылу кезеңі

Шикі газды өндіру (миллион метр3 (бұдан әрі – млн. м3)

Шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарла масына сәйкес шикі газ өндірудің жоспарлы көрсеткі
ші

Нақты өндіру, соның ішінде:

Шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасында көрсетілген шикі газ өндірудің жоспарлы көрсеткішінен шикі газды нақты өндірудегі айырмашылық себептері

Шикі газды өнеркәсіптік өндіру

Кен орынды сынамалап пайдалану кезінде шикі газ өндіру

Ұңғы маны сынау кезін де шикі газ өндіру

1

2

3

4

5

6

7

8

9

      Кестенің жалғасы

Қайта өңдеуге және (немесе) кәдеге жаратуға жұмсалған шикі газ көлемі, соның ішінде (млн.м³):

Тауарлық және сұйытылған газға дейін өңдеу үшін

Электр энергиясын өндіру үшін

Қабатқа кері айдау үшін (айдаудың мақсатын көрсете отырып)

Жеке технологиялық қажеттілікке пайдалану үшін

Газ құбырына тапсыру үшін (алушылар бөлінісінде көрсете отырып)

Өзгелері (жазу)

10

11

12

13

14

15

      Кестенің жалғасы

Шикі газдың технологиялық ысыраптары

Жағылған шикі газ көлемі (млн.м³)

Жағуға рұқсат етілген шикі газ көлемі, соның ішінде:

Шикі газды технологиялық еріксіз жағу кезінде:

Кен орынды сынамалап пайдалану кезінде

Ұңғыманың объектілерін сынау кезінде

Технологиялық жабдықты іске қосу-баптау кезінде

Технологиялық жабдықты пайдалану кезінде

Технологиялық жабдыққа техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде

Технологиялық жабдық жұмысындағы технологиялық іркілістер, істен шығу мен ауытқулар кезінде


16

17

18

19

20

21

22

      Кестенің жалғасы

Жағылған шикі газ көлемі (млн.м³)

Нақты жағылған шикі газ көлемі, соның ішінде:

Шикі газды технологиялық еріксіз жағу кезінде:

Кен орынды сынамалап пайдалану кезінде

Ұңғыма ның объектілерін сынау кезінде

Басқалары (соның ішінде авариялық)

Технологиялық жабдықты іске қосу-баптау кезінде

Технологиялық жабдықты пайдалану кезінде

Технологиялық жабдықты техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде

Технологиялық жабдық жұмысындағы технологиялық іркілістер, істен шығу мен ауытқулар кезінде

23

24

25

26

27

28

29

      Кестенің жалғасы

Шикі газды кәдеге жарату объектісінің атауы (құбырды салу, газ генераторын орнату, газпоршеньді электр станциясын орнату, газ кешенді дайындау қондырғысын салу және т. б.)

Шикі газды кәдеге жарату объектілерін салу күні

Орында луы, %

Орындал мау себептері

Ескертпе

Басталуы

Аяқталуы

Шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасы бойынша

Нақты

Шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасы бойынша

Нақты

30

31

32

33

34

35

36

37


Орындаушы: _______________________________ (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы және телефон)


Мекенжайы
______________________________

 
Басшы: _______________________________ (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы және телефон)


Электрондық
______________________________

 
Бас бухгалтер: _______________________________ (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы және телефон)

      Ескертпе:* - нысанды толтыру бойынша түсініктеме осы нысанға қосымшада көрсетілген.

  Шикі газды қайта өңдеуді
дамыту бағдарламасының
орындалуы туралы есеп
нысанына қосымша

"Шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасының орындалуы туралы есеп" нысанын толтыру бойынша түсініктеме (Индекс: № 1 нысан, кезеңділік: жыл сайынғы)

      "Шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасының орындалуы туралы есеп" нысаны былай толтырылады:

      "№ р/н" деген 1-бағанда үдемелі реттік нөмір көрсетіледі;

      "Жер қойнауын пайдаланушының атауы" деген 2-бағанда жер қойнауын пайдаланушының толық атауы көрсетіледі;

      "Келісімшарт нөмірі көрсетілген кен орнының атауы" деген 3-бағанда келісімшарт нөмірі көрсетілген кен орнының атауы көрсетіледі;

      "Шикі газды қайта өңдеуді дамытудың есепті бағдарламасының қолданылу кезеңі" деген 4-бағанда есепті шикі газды өңдеуді дамыту бағдарламасының қолданылу нақты кезеңі көрсетіледі;

      "Шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасына сәйкес шикі газ өндірудің жоспарлы көрсеткіші" деген 5-бағанда шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасына сәйкес шикі газ өндірудің жоспарлы көрсеткіші көрсетіледі;

      "Шикі газды өнеркәсіптік өндіру" деген 6-бағанда шикі газды өнеркәсіптік өндірудің көлемі сандық мәнде көрсетіледі;

      "Кен орынды сынамалап пайдалану кезінде шикі газ өндіру" деген 7-бағанда кен орынды сынамалап пайдалану кезінде шикі газ өндірудің көлемі сандық мәнде көрсетіледі;

      "Ұңғыманы сынау кезінде шикі газ өндіру" деген 8-бағанда ұңғыманы сынау кезінде шикі газ өндірудің көлемі сандық мәнде көрсетіледі;

      "Шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасында көрсетілген шикі газ өндірудің жоспарлы көрсеткішінен шикі газды нақты өндірудегі айырмашылық себептері" деген 9-бағанда шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасында көрсетілген шикі газ өндірудің жоспарлы көрсеткішінен газды нақты өндірудегі айырмашылық себептері туралы ақпарат көрсетіледі;

      "Тауарлық және сұйытылған газға дейін өңдеу үшін" деген 10-бағанда тауарлық және сұйытылған газға дейін өңдеу үшін жұмсалған шикі газ көлемі сандық мәнде көрсетіледі;

      "Электр энергиясын өндіру үшін" деген 11-бағанда электр энергиясын өндіру үшін жұмсалған шикі газ көлемі сандық мәнде көрсетіледі;

      "Қабатқа кері айдау үшін (айдаудың мақсатын көрсете отырып)" деген 12-бағанда қабатқа кері айдау үшін (айдаудың мақсаты көрсете отырып) жұмсалған шикі газ көлемі сандық мәнде көрсетіледі;

      "Жеке технологиялық қажеттілікке пайдалану үшін" деген 13-бағанда жеке технологиялық қажеттілікке пайдалану үшін жұмсалған шикі газ көлемі сандық мәнде көрсетіледі;

      "Газ құбырына тапсыру үшін (алушылар бөлінісінде көрсете отырып)" деген 14-бағанда газ құбырына тапсыру үшін (алушылар бөлінісінде көрсете отырып) жұмсалған шикі газ көлемі сандық мәнде көрсетіледі;

      "Өзгелері (жазу)" деген 15-бағанда қайта өңдеуге және (немесе) кәдеге жаратуға жұмсалған өзге шикі газ көлемі сандық мәнде көрсетіледі;

      "Шикі газдың технологиялық ысыраптары" деген 16-бағанда шикі газдың технологиялық ысыраптары көлемі сандық мәнде көрсетіледі;

      "Технологиялық жабдықты іске қосу-баптау кезінде" деген 17-бағанда технологиялық жабдықты іске қосу-баптау кезінде жағуға рұқсат етілген шикі газ көлемі сандық мәнде көрсетіледі;

      "Технологиялық жабдықты пайдалану кезінде" деген 18-бағанда технологиялық жабдықты пайдалану кезінде жағуға рұқсат етілген шикі газ көлемі сандық мәнде көрсетіледі;

      "Технологиялық жабдыққа техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде" деген 19-бағанда технологиялық жабдыққа техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде жағуға рұқсат етілген шикі газ көлемі сандық мәнде көрсетіледі;

      "Технологиялық жабдық жұмысындағы технологиялық іркілістер, істен шығу мен ауытқулар кезінде" деген 20-бағанда технологиялық жабдық жұмысындағы технологиялық іркілістер, істен шығу мен ауытқулар кезінде жағуға рұқсат етілген шикі газ көлемі сандық мәнде көрсетіледі;

      "Кен орынды сынамалап пайдалану кезінде" деген 21-бағанда кен орынды сынамалап пайдалану кезінде жағуға рұқсат етілген шикі газ көлемі сандық мәнде көрсетіледі;

      "Ұңғыманың объектілерін сынау кезінде" деген 22-бағанда ұңғыманың объектілерін сынау кезінде жағуға рұқсат етілген шикі газ көлемі сандық мәнде көрсетіледі;

      "Технологиялық жабдықты іске қосу-баптау кезінде" деген 23-бағанда технологиялық жабдықты іске қосу-баптау кезінде нақты жағылған шикі газ көлемі сандық мәнде көрсетіледі;

      "Технологиялық жабдықты пайдалану кезінде" деген 24-бағанда технологиялық жабдықты пайдалану кезінде нақты жағылған шикі газ көлемі сандық мәнде көрсетіледі;

      "Технологиялық жабдыққа техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде" деген 25-бағанда технологиялық жабдыққа техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде нақты жағылған шикі газ көлемі сандық мәнде көрсетіледі;

      "Технологиялық жабдық жұмысындағы технологиялық іркілістер, істен шығу мен ауытқулар кезінде" деген 26-бағанда технологиялық жабдық жұмысындағы технологиялық іркілістер, істен шығу мен ауытқулар кезінде нақты жағылған шикі газ көлемі сандық мәнде көрсетіледі;

      "Кен орынды сынамалап пайдалану кезінде" деген 27-бағанда кен орынды сынамалап пайдалану кезінде нақты жағылған шикі газ көлемі сандық мәнде көрсетіледі;

      "Ұңғыманың объектілерін сынау кезінде" деген 28-бағанда ұңғыманың объектілерін сынау кезінде нақты жағылған шикі газ көлемі сандық мәнде көрсетіледі;

      "Басқалары (соның ішінде авариялық)" деген 29-бағанда басқа технологиялық процестерге, соның ішінде авариялық нақты жағылған шикі газ көлемі сандық мәнде көрсетіледі;

      "Шикі газды кәдеге жарату объектісінің атауы (құбырды салу, газ генераторын орнату, газпоршеньді электр станциясын орнату, газ кешенді дайындау қондырғысын салу және т. б.)" деген 30-бағанда шикі газды кәдеге жарату объектісінің атауы (құбырды салу, газ генераторын орнату, газпоршеньді электр станциясын орнату, газ кешенді дайындау қондырғысын салу және т. б.) көрсетіледі;

      "Шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасы бойынша" деген 31-бағанда шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасы бойынша шикі газды кәдеге жарату объектісін салудың басталу күні көрсетіледі;

      "Нақты" деген 32-бағанда шикі газды кәдеге жарату объектісін салудың нақты күні көрсетіледі;

      "Шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасы бойынша" деген 33-бағанда шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасы бойынша шикі газды кәдеге жарату объектісін аяқтау күні көрсетіледі;

      "Нақты" деген 34-бағанда шикі газды кәдеге жарату объектісін аяқтаудың нақты күні көрсетіледі;

      "Орындалуы, %" деген 35-бағанда шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасы бойынша жоспарланған іс-шаралардың нақты орындалуы проценттік мәнде көрсетіледі;

      "Орындалмау себептері" деген 36-бағанда шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасы бойынша жоспарланған іс-шаралардың нақты орындалмауы туралы ақпарат көрсетіледі;

      "Ескертпе" деген 37-бағанда шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасын орындау туралы есепке қосымша ақпарат көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
өзгерістер мен толықтыру
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
2-қосымша
  Тауарлық және сұйытылған
мұнай газын тұтыну
нормаларын есептеу мен
бекіту қағидаларына
6-қосымша

Жылытуға арналған тауарлық және/немесе сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын есептеуге арналған климаттық параметрлер

№ р/н

Қазақстан Республикасының субъектісі


,
оС

Жылу берілетін кезең


,
оС

, тәулік

, Мдж/м2

V,
м/с

1.

Нұр-Сұлтан қаласы

-35

-8,1

216

1591

5,2

2.

Алматы қаласы

-25

-1,8

167

1001

1,1

3.

Ақмола облысы

-33

-8,1

217

1520

5,5

4.

Ақтөбе облысы

-33

-6,7

193

1421

4,5

5.

Алматы облысы

-26

-3,6

171

1466

1,6

6.

Атырау облысы

-24

-2,8

176

1342

5,3

7.

Батыс Қазақстан облысы

-30

-5,4

191

1358

4

8.

Жамбыл облысы

-24

-2,3

153

1001

3,2

9.

Қарағанды облысы

-32

-6,9

204

1591

4,9

10.

Қостанай облысы

-33

-8,1

214

1450

4,8

11.

Қызылорда облысы

-25

-4,6

174

1485

4,2

12.

Маңғыстау облысы

-17

-1

161

909

-

13.

Түркістан облысы

-18

-2,6

163

1001

2,5

14.

Павлодар облысы

-34

-8,6

213

1514

4,3

15.

Солтүстік Қазақстан облысы

-36

-8,6

222

1302

5,7

16.

Шығыс Қазақстан облысы

-37

-7,3

204

1684

2,7

17.

Шымкент қаласы

-18

-2,6

163

1001

2,5

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
өзгерістер мен толықтыру
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
3-қосымша
  Тауарлық және сұйытылған
мұнай газын тұтыну
нормаларын есептеу мен
бекіту қағидаларына
7-қосымша

Инфильтрация және желдету есебінен жылу ысырабын ескере отырып, ғимараттың жылу беруінің шартты коэффициентін анықтау алгоритмі

      1. Инфильтрация және желдеткіш есебінен жылу ысырабын ескеретін, Вт/(м2 х 0С) ғимараттың жылу берудің шартты коэффициенті мынадай формула бойынша анықталады:



      мұндағы:

      СЕ – 1,0 кДж/(кг х оС) тең келетін ауаның үлестік жылу сыйымдылығы;

      nE – формуласы бойынша анықталатын жылу беру кезеңінде ауа алмасудың орташа еселігі, сағат-1, (7.3);

      bV – ішкі қоршау конструкцияларының болуын ескеретін ғимараттағы ауа көлемін төмендету коэффициенті (=0,85 ұсынылады);

      VOT – ғимараттың жылытатын көлемі, м3 (Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 18 қыркүйектегі № 377 бұйрығымен бекітілген Тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын есептеу мен бекіту қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17472 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қағидалар) 4-қосымшаға сәйкес).


- жылытылатын үй-жайларды жылытылмайтын үй-жайлардан, сыртқы ауадан және топырақтан бөліп тұратын қоршау құрылыс конструкцияларының ішкі бетінің жалпы алаңы, м2 (осы Қағидаларға 4-қосымша);

      k – екі қабат жеке ағашы бар терезелерге арналған жарық өткізу конструкцияларына қарсы жылу ағынына әсер етуді есептеу коэффициенті, k=8;


– жылу беру кезеңінде ағынды ауаның орташа тығыздығы, кг/м3, мынадай формула бойынша анықталады:


      мұндағы:


– 20-22 оС аралықта тұрғын үй ғимаратының тиімді температурасының ең төмен мәндері бойынша қабылданатын ғимараттың ішіндегі ауаның есептік орташа температурасы, оС;

– жылыту кезеңінде сыртқы ауаның орташа температурасы оС, Қағидалардың 6-қосымшаға сәйкес нақты өңір үшін қабылданады.

      2. Жылыту кезеңінде ғимараттағы ауа алмасудың орташа еселігі , сағат-1, желдету және инфильтрация есебінен қосылған ауа алмасуды ескере отырып, мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      LE– (7.4) формуласы бойынша анықталатын желдету жүйесі арқылы ғимаратқа келетін ағынды ауаның көлемі, м3/сағат;

      Gинф– (7.5-7.8) формуласы бойынша қоршау конструкциялары арқылы ғимаратқа сіңіретін ауаның көлемі.

      3. Тұрғын үй ғимаратының (үйдің) желдету жүйесінің ең төмен өнімділігі бір сағаттың ішінде ауа көлемінің бір еседен кем емес ауысуын қамтамасыз етуі тиіс.

      Ұйымдастырылмаған (табиғи) ағын кезінде желдеткіш жүйесі арқылы тұрғын үй ғимаратына (үйге) келетін ағынды ауаның көлемі LE , м3/сағат, мынадай формула бойынша анықталады:



      мұндағы bE – табиғи желдету кезінде ағынды ауаның ең төмен көлемінің жоғарылау коэффициенті мынадай факторлардың әсерінен болады:

      реттелетін желдету торлары мен клапандардың болмауы;

      есіктерде, терезелерде тығыз емес (саңылаулардың) болуы;

      ғимараттардың қоршау конструкцияларының нормативтік емес ауаны оқшаулауы.

      Өңірдегі тұрғын үй қорының басым жағдайын ескере отырып, аталған факторлардың болуына байланысты практикалық есептердегі bE коэффициентін былайша қабылдау қажет:

      1,1-ден 2,0 дейін бір фактор болғанда;

      1,5-ден 2,5 дейін екі фактор болғанда;

      2,2-ден 3,0 дейін үш фактор болғанда.

      4. Қоршау және жарық өткізу конструкциялары арқылы инфильтрация есебінен тұрғын үй (үй) ғимаратына келетін ауаның жиынтық көлемі, Gинф, кг/ сағат, мынадай формулалар бойынша анықталады:



      мұндағы:


– қоршау конструкциялары арқылы ғимаратқа (үйге) сіңіретін ауаның көлемі (жарық ойықтары мен кіретін есіктерді толтыруды қоспағанда), кг/сағат;

– жарық өткізетін мөлдір конструкциялар арқылы, кг/ сағат;

– кіретін есіктер арқылы, кг/сағат;

– жылытылатын үй-жайларды жылытылмайтын үй-жайлардан, сыртқы ауадан және топырақтан бөліп тұратын қоршау құрылыс конструкцияларының ішкі бетінің жалпы алаңы, м2, (осы Қағидаларға 4-қосымша);

      AF – жарық ойықтарының жиынтық алаңы, м2 (осы Қағидаларға 4-қосымша);

      AДЕ– кіретін есіктердің жиынтық алаңы, м2 (бір кіретін есікке орташа AДЕ =2 м2);


– қоршау конструкциялардың сыртқы және ішкі беттеріндегі ауа қысымының айырмасы, Па, 7.5- кіші бөлімде белгіленеді;

– ғимараттың коршау конструкцияларының ауаның өтуіне нормаланған кедергісі, м2 х сағат х Па/кг;

– жарық өткізу конструкцияларының ауаның өтуіне нормаланған кедергісі, м2 х сағат х Па/кг (ағаш терезелер үшін

=0,167 м2 х сағат х Па/кг);

– кіретін есіктердің ауа өтуіне нормаланған кедергісі, м2 х сағат х Па/кг (тұрғын үй ғимараттарының кіретін есіктері үшін

=0,452 м2 х сағат х Па/кг).

      5. Қоршау конструкцияларының сыртқы және ішкі беттеріндегі ауа қысымының айырмасы,

, Па, мынадай формула бойынша анықталады:


      мұндағы:

      hЗД– ғимараттың биіктігі (бірінші қабаттың еденінен сору шахтасына дейін биіктігі), м;


– сыртқы ауаның үлестік салмағы, Н/м3, мынадай формула бойынша анықталады:



– ішкі ауаның үлестік салмағы, Н/м3, мынадай формула бойынша анықталады:


      v – жылыту кезеңіндегі желдің орташа жылдамдығы, м/с, және

– жылыту кезеңінде сыртқы ауаның орташа температурасы оС осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нақты өңір үшін қабылданады.

      6. Табиғи-климаттық факторлардың және адам тіршілігінің әсер ету нәтижесінде уақыт өткеннен кейін бастапқы тұрғын үй ғимараттардың техникалық-пайдалану сапасы (ауаны өткізу, жылуды қорғау, беріктілігі, тұрақтылығы) жоғалады.

      Тұрғын үй ғимараттарының (конструкциялардың, элементтердің немесе олардың учаскелерінің) физикалық тозуы тозудың нақты белгілері бойынша және олардың сандық бағасы бойынша бағаланады.

      7. Тұрғын үй ғимараттарының конструкцияларының және элементтерінің нормаланған ауа өткізгіштігін арттыруға себеп болатын физикалық тозуды есептеу (7.1) формуласы бойынша есептелетін ғимараттың жылу беру шартты коэффициентін Кинф ұлғайтуға әкеп соғады.

      Ғимараттың жылу берудің шартты коэффициентінің нақты мәні

пайдаланылатын тұрғын үй ғимараттарындағы инфильтрация және желдету есебінен жылу шығынын ескеретін, мынадай формула бойынша айқындалатын:


      мұндағы:

      r– пайдаланып жатқан тұрғын үй ғимараттарындағы нормаланған ауаның өткізгіштігін арттыру коэффициенті;

      Кинф– инфильтрация және желдету есебінен жылу ысырабын ескеретін Вт/(м2 оС), ғимараттың жылу беруінің шартты коэффициенті (7.1) формуласы бойынша анықталады.

      8. Қазақстан Республикасының өңірлерінде ғимараттар қабырғаларының материалдары бойынша тұрғын үй қорын бөлу кестесі және қабырғалардың материалдары мен конструкцияларының ауа өткізгіштігіне орташаланған кедергісі:

№ р/н

Қазақстан
Республикасының
субъектісі

t суықн,
оС

Жылыту кезеңі

t оп,
оС



тәулік


Мдж/м2

V,
м/с

1.

Нұр-Сұлтан қаласы






2.

Алматы қаласы






3.

Ақмола облысы






4.

Ақтөбе облысы






5.

Алматы облысы






6.

Атырау облысы






7.

Батыс Қазақстан облысы






8.

Жамбыл облысы






9.

Қарағанды облысы






10.

Қостанай облысы






11.

Қызылорда облысы






12.

Маңғыстау облысы






13.

Түркістан облысы






14.

Павлодар облысы






15.

Солтүстік Қазақстан облысы






16.

Шығыс Қазақстан облысы






17.

Шымкент қаласы






      9. Қазақстан Республикасының өңірлерінде жылдар бойынша ғимараттарды салу, табиғи тозуы бойынша тұрғын үй қорын бөлу кестесі және пайдаланылатын тұрғын үй ғимараттарындағы нормаланған ауаның өткізгіштігін асыру коэффициенттері:

№ р/н

Қазақстан Республика
сының субъектісі

Салыну жылдары бойынша пәтерлердің үлесі, %

Физикалық тозған ғимараттардағы пәтерлердің үлесі (алаң бойынша), %

Нормаланған ауаның өткізгіштігін асыру коэффициенті

1920 жыл
ға дейін

1921 - 1945

1946 – 1970

1971 - 1995

1995 жыл
дан кейін

0-ден
30 дейін

31-ден
65 дейін

65 жоғары

1.

Нұр-Сұлтан қаласы










2.

Алматы қаласы










3.

Ақмола облысы










4.

Ақтөбе облысы










5.

Алматы облысы










6.

Атырау облысы










7.

Батыс Қазақстан облысы










8.

Жамбыл облысы










9.

Қарағанды облысы










10.

Қостанай облысы










11.

Қызылорда облысы










12.

Маңғыстау облысы










13.

Түркістан облысы










14.

Павлодар облысы










15.

Солтүстік Қазақстан облысы










16.

Шығыс Қазақстан облысы










17.

Шымкент қаласы