Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 5 желтоқсанда № 9936 тіркелді.

      "Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 27.05.2022 № 191 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібін дамыту департаменті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр В. Школьник

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2014 жылғы 3 қарашадағы
№ 96 бұйрығымен
бекітілген

Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану қағидалары

      Ескерту. Кіріспе алып тасталды - ҚР Энергетика министрінің 23.08.2021 № 272 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 23.08.2021 № 272 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 14) тармақшасына сәйкес әзірленді және тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 14.06.2023 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1-1. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) газ – тауарлық газ және (немесе) сұйытылған мұнай газы;

      2) газды жеткізудің (тұтынудың) орташа тәуліктік нормасы – жеткізуші мен тұтынушы арасындағы газды бөлшек саудада өткізу шартында белгіленген бір айдағы газ көлемін тиісті айдың күнтізбелік күндерінің санына бөлу жолымен айқындалатын газ көлемі;

      3) газ құбырындағы газдың технологиялық қоры – газды тасымалдаудың жұмыс режимін қамтамасыз ету үшін газ құбырындағы қажетті газдың ең төмен көлемі;

      4) газ құбырының өткізгіштік қабілеті – газ құбырының ішкі диаметрі және тәулігіне 24 сағат тұтыну есебінен жұмыс қысымы бойынша газ шығысы;

      5) газ тұтыну броні – отынның резервтік түрлерін барынша пайдаланған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңдарына және өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес тұтынушыларға ең төмен көлемде газ жеткізу тоқтатылмайтын олардың технологиялық жабдығының үздіксіз және авариясыз жұмысы үшін қажетті ең төмен газ тұтыну көлемі;

      6) газ тұтыну (газ) жабдығының қуаты – газ жабдығының тәулігіне 24 сағат жұмысы есебінен ең жоғарғы жиынтық қуаты;

      7) газды артық жұмсау – газды жеткізудің (тұтынудың) тәуліктік нормасынан асып кететін көлемде тұтынушының газды іріктеп алуы;

      8) газды жеткізудің (тұтынудың) тәуліктік нормасы – тараптардың келісімі бойынша диспетчерлік графикпен белгіленген тәуліктік газ көлемі;

      9) диспетчерлік график – жеткізушінің тасымалдаушыға берген өтініміне сәйкес газ жеткізудің сағаттық графигі;

      10) есеп айырысу кезеңі – жеткізіліп берілген газдың көлемі анықталатын, жеткізуші, газ тасымалдау, газ тарату ұйымдары, Заңның 27-1 бабының 11-тармағында көрсетілген тұлғалар мен тұтынушы арасында жеткізіліп берілген газ үшін өзара есеп айырысу жүргізілетін кезең. Есеп айырысу кезеңі бір күнтізбелік айды құрайды;

      11) жеткізу – газды бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызмет;

      12) жеткізуші – Заңмен және осы Қағидалармен белгіленген жағдайларда газды бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын тұлға;

      13) тасымалдаушы – газ тасымалдау немесе газ тарату ұйымы;

      14) техникалық жағдайлар – газбен жабдықтау жүйесінің объектілерін салуға, тұтынушыны сұратылатын (есеп айырысу) параметрлерге қосуға, газбен жабдықтау жүйесі объектісінің бастапқы жобалық шешімін өзгертуге газ тасымалдау, газ тарату немесе топтық резервуарлық қондырғылардың иелерімен беретін құжат;

      15) тұтынушы – тұрмыстық, коммуналдық-тұрмыстық, өнеркәсіптік тұтынушы, өнеркәсіптік тұтынушы-инвестор немесе электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушы, ірі коммерциялық тұтынушы, цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлға;

      16) уәкілетті орган – газды өндіруді, тасымалдауды (тасуды), сақтауды және көтерме саудада өткізуді, сондай-ақ тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді және тұтынуды мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

      17) ысырмалы кран – газ тұтыну жабдығының алдындағы газ құбырындағы бекіту құрылғысы;

      18) пайдалану жауапкершілігінің шекарасы – газ тарату желілері мен газ тұтыну жүйелерінің мүліктік тиесілігінің ара-жігін бөлу нүктесі, ол сондай-ақ пайдалану жауапкершілігінің аражігін айқындайды, әдетте қосылу нүктесімен сәйкес келеді.

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де терминдер мен анықтамалар Заңға сәйкес қолданылады.

      Ескерту. 1-тарау 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Энергетика министрінің 23.08.2021 № 272 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 27.05.2022 № 191 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.04.2023 № 152 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.06.2023 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

2-тарау. Тауарлық газды бөлшек саудада өткізу тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 23.08.2021 № 272 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Мыналар тауарлық газды тұтынушыларға жеткізушілер болып табылады:

      1) алып тасталды - ҚР Энергетика министрінің 25.02.2015 № 140 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2) газ тарату ұйымдары;

      3) авто газ толтыру компрессорлық станцияларының иелері;

      4) газ тұтыну жүйелері магистральдық немесе жалғастырушы газ құбырына тікелей қосылған өнеркәсіптік тұтынушыларға тауарлық газ бөлшек саудада өткізілген жағдайда, тауарлық газды өндірушілер, өздері өндірген шикі газды өңдеу процесінде өндірілген тауарлық газдың меншік иелері болып табылатын жер қойнауын пайдаланушылар, Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндірілген және тұтыну үшін Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарлық газдың меншік иелері.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 25.02.2015 № 140 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Өнеркәсіптік, коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылар, ірі коммерциялық тұтынушылар, цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғалар, цифрлық майнингті жүзеге асыру үшін электр энергиясын өндіру жөніндегі тұлғалар тауарлық газды өнім берушілерден Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жасалған шарттар негізінде сатып алады.

      Электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушыларға, ірі коммерциялық тұтынушыларға, цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғаларға, цифрлық майнингті жүзеге асыру үшін электр энергиясын өндіруді жүзеге асыратын тұлғаларға, цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғаларды электр энергиясымен жабдықтауды жүзеге асыратын тұлғаларға тауарлық газды өткізу шарттарында:

      электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушылардың халықты, заңды тұлғаларды, цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғаларды энергиямен жабдықтау үшін тауарлық газдың пайдаланылуын бөлек есепке алуды жүргізу жөніндегі;

      ірі коммерциялық тұтынушылардың әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын, сондай-ақ халық пен заңды тұлғалар үшін жылу және (немесе) электр энергиясын және басқа да тауарларды өндіру үшін тауарлық газдың пайдаланылуын бөлек есепке алуды жүргізу жөніндегі;

      цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғалардың цифрлық майнингті және өзге де қызметті жүзеге асыруға тауарлық газдың пайдаланылуын бөлек есепке алуды жүргізу жөніндегі;

      электр энергиясын өндіруді жүзеге асыратын тұлғалардың цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғаларға және өзге де тұлғаларға электр энергиясын өндіру үшін тауарлық газдың пайдаланылуын бөлек есепке алуды жүргізу жөніндегі;

      тұтынушыларды электр энергиясымен жабдықтауды жүзеге асыратын тұлғалардың цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғаларға және өзге де тұлғаларға электр энергиясын өткізу көлемін бөлек есепке алуды жүргізу жөніндегі міндеттемелері көзделеді.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 21.04.2023 № 152 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Тұтынушыларды газдандыру мүмкіндігін магистральдық газ құбыры мен газ тарату желісінің өткізу қабілеті ескеріліп тасымалдаушы мен айқындалады.

      5. Газды тиісінше жеткізу үшін тауарлық газды бөлшек саудада өткізу шартын жасасудың талаптары мынадай құжаттардың болуы болып табылады:

      1) тұрмыстық тұтынушы тарапынан – газбен жабдықтау жобасының, газ тұтыну жабдығына паспорттың, газ тұтыну жүйесін пайдалануға қабылдау актісінің, газ құбырын салу паспортының, желдету арналары мен түтін мұржаларын зерттеп-қарау актісінің, сондай-ақ газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуге жасалған шарттың болуы;

      2) басқа тұтынушылар тарапынан – газбен жабдықтау жобасының, газ тұтыну жабдығына паспорттың, газ тұтыну жүйесін пайдалануға қабылдау актісінің, газ құбырын салу паспортының, желдету арналары мен түтін мұржаларын зерттеп-қарау актісінің, газбен жабдықтау жүйелері объектілерін қауіпсіз пайдалануға жауапты адамды тағайындау туралы бұйрықтың, сондай-ақ газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуге жасалған шарттың болуы.

      Осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген тұтынушылар олардың газ тұтыну объектілері Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 165 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10666 болып тіркелген) Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларымен айқындалған техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызылған кезде газ беруге әзірлігін растайтын құжаттар ұсынады;

      3) жеткізуші тарапынан – газдың тиісті көлемі туралы растайтын құжаттың (газ сатып алу шарты) болуы.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 14.06.2023 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Олар үшін резервтік (авариялық) отынның басқа түрлері белгіленген коммуналдық-тұрмыстық, өнеркәсіптік тұтынушылармен, өнеркәсіптік тұтынушылар-инвесторлармен, ірі коммерциялық тұтынушылармен, цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғалармен жасалған шарттарда тұтынушының күзгі-қысқы кезеңдегі газ шығынын газ тұтыну броніне дейін қысқарту көзделеді.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 21.04.2023 № 152 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Тұтынушыларды газбен қамтамасыз ету бірыңғай газ желілері объектілерін, аспаптар мен жабдықтарды пайдалану кезінде тұтынушылар қауіпсіздік шараларын сақтағанда, газ құбырларының, жабдықтардың, құрылыстар мен есепке алу аспаптарының техникалық жай-күйі дұрыс (жарамды), сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына, стандарттары мен нормативтеріне сәйкес болған кезде жүргізіледі.

      8. Жеткізуші газды жеткізудің белгіленген орташа тәуліктік нормасы шегінде бір ай ішінде, ал қажет болған жағдайда тараптар мен тасымалдаушының келісімі бойынша – диспетчерлік график бойынша газды біркелкі жеткізеді, ал өнеркәсіптік тұтынушы, өнеркәсіптік тұтынушы-инвестор, ірі коммерциялық тұтынушы, цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлға алады (іріктейді).

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 21.04.2023 № 152 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Күзгі-қысқы кезеңдегі температураның ауытқуы салдарынан өнеркәсіптік тұтынушыға, өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторға, ірі коммерциялық тұтынушыға, цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғаға газ жеткізудің орташа тәуліктік нормасынан асып кету газ иесінің (егер өнім беруші меншік иесі болып табылмаса) және тасымалдаушының келісімі бойынша, егер бар болса, газ қоймасындағы газдың технологиялық қоры есебінен, егер бар болса, сондай-ақ жеткізушінің басқа да көздерінен өтелуі мүмкін. Бұл жағдайда газды нормативтен артық алу газды жеткізудің (тұтынудың) орташа тәуліктік нормасының 5%-нан аспауы тиіс.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 21.04.2023 № 152 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Өнеркәсіптік тұтынушыға, өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторға, ірі коммерциялық тұтынушыға, цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғаға не цифрлық майнингті жүзеге асыру үшін электр энергиясын өндіру жөніндегі тұлғаға газды бөлшек саудада өткізудің орташа тәуліктік нормасы 5%-дан астам өскен жағдайда, тасымалдаушыға жеткізушімен келісім бойынша тұтынушыға бұл туралы ескертілген сәттен бастап үш сағат өткен соң газды жеткізудің (тұтынудың) орташа тәуліктік нормасына дейін газ жеткізуді мәжбүрлеп шектеу құқығы беріледі.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 21.04.2023 № 152 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларға айлар бойынша газды біркелкі тұтынбауға жол беріледі.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 14.06.2023 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Тауарлық газ жеткізушінің келісімінсіз артық жұмсалған жағдайда өнеркәсіптік тұтынушы, өнеркәсіптік тұтынушы-инвестор, ірі коммерциялық тұтынушы, цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлға не цифрлық майнингті жүзеге асыру үшін электр энергиясын өндіру жөніндегі тұлға шартта белгіленген көлемнен артық өзі алған (іріктеп алған) газ көлемінің құнын және оны тасымалдау құнын әрбір тәулік үшін:

      1) 15 сәуірден 15 қазанға дейін – 1,2;

      2) 15 қазаннан 15 сәуірге дейін – 1,5 коэффициентін қолдана отырып қосымша төлейді.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 21.04.2023 № 152 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Тауарлық газды бөлшекті саудада өткізу шарттарында көзделген газ қысымы оны тұтынушының газ жеткізудің (тұтынудың) орташа тәуліктік нормасы шегінде іріктеу жағдайында сақталады.

      14. Газ толық іріктеліп алынбаған жағдайда тұтынушы кейін газды жеткізудің тәуліктік нормасының шегінде газ жеткізуді арттыруды талап ете алады.

      15. Тұтынушылар газбен қамтамасыз етудің басымдығы бойынша мынадай санаттарға бөлінеді:

      1) тұрмыстық тұтынушылар;

      2) коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылар;

      3) технологиялық процестің үздіксіз циклі бойынша өнімдер шығару үшін газды шикізат немесе отын ретінде пайдаланатын тұтынушылар;

      4) көктем-қыс кезеңінде оларды газбен жабдықтау заңнамада белгіленген тәртіппен оларды отынның резервтік түріне жартылай немесе толық көшіру жолымен реттеуі тиіс электр станциялары мен өнеркәсіптік кәсіпорындар;

      5) қалған тұтынушылар.

      15-1. Тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылар тек нақты тұтынылған газ көлемі үшін төлемақы жүргізеді.

      Ескерту. Қағида 15-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 11.07.2019 № 241 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу тәртібі

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 23.08.2021 № 272 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутегі шикізатын өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газын өндірушілер, оның меншік иелері Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндірілген және тұтыну үшін Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген сұйытылған мұнай газының меншік иелері сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді өнеркәсіптік тұтынушыларға ғана жүзеге асырады.

      17. Сұйытылған мұнай газын өнеркәсіптік тұтынушыларға бөлшек саудада өткізуді тек өндірушілер, көмірсутегі шикізатын өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газын өндірушілер, өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутегі шикізатын өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газының меншік иелері, Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндірілген және тұтыну үшін Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген сұйытылған мұнай газының меншік иелері, газ толтыру станцияларының иелері, сондай-ақ топтық резервуарлық қондырғылардың иелері ғана осы Қағидалардың 22-1-тармағымен көзделген тәртіппен жүзеге асырады.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 29.08.2023 № 326 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Сұйытылған мұнай газын өнеркәсіптік тұтынушыларға бөлшек саудада өткізу жаппай әдісімен (килограмм, тонна) жүзеге асырылады.

      19. Сұйытылған мұнай газын тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларға сату:

      1) газ толтыру станцияларының иелері – сұйытылған мұнай газын сақтау ыдыстарына құю арқылы;

      2) топтық резервуарлық қондырғылардың иелері – топтық резервуарлық қондырғылар арқылы;

      3) газ толтыру станцияларының және газ толтыру пункттерінің иелері – тұрмыстық баллондарда;

      4) автогаз құю станцияларының иелері –газ тарату колонкалары арқылы көлік құралдарын толтыру арқылы жүзеге асырады.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 29.08.2023 № 326 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. Тұтынушыларға топтық резервуарлық қондырғылар арқылы сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді тұтынушылар мен топтық резервуарлық қондырғыларының иелері арасында жасалған сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу шартының негізінде топтық резервуарлық қондырғылардың иелері жүзеге асырады.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 27.05.2022 № 191 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21. Топтық резервуарлық қондырғылар арқылы тұтынушылар мен топтық резервуарлық қондырғылардың иелері арасында сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу шарты әрбір тұтынушымен жеке және де топтық резервуарлық қондырғылар иелерінің шартының талаптарын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау (жария шарт) жолымен де жасалады.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 27.05.2022 № 191 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. Газды тиісінше жеткізу үшін құқықтық және техникалық (технологиялық) шарттардың болуы сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу шартын жасасу жағдайлары болып табылады, оның ішінде тұтынушы тарапынан – газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі шартты жасасқан газ тұтыну жүйелерін (техникалық шарттар, газбен жабдықтау жобасы, газ тұтыну жабдығына арналған паспорттары) пайдалану жөніндегі рұқсат құжаттарының болуы.

      22-1. Қыс мезгілінде топтық резервуарлық қондырғылардың ыдыстарында шөгетін сұйытылған мұнай газының фракциялары (бутандар) Заңның 28-бабына сәйкес сұйытылған мұнай газының өзге де тұтынушыларына өткізілуі мүмкін.

      Ескерту. Қағида 22-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 29.08.2023 № 326 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      23. Сұйытылған мұнай газын отын ретінде пайданалатын көлік құралдарының иелеріне автогаз құю станциялары арқылы оны бөлшек саудада өткізу есепке алу бақылау аспаптары арқылы міндетті түрде шарт жасаспай-ақ жүзеге асырылады.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 27.05.2022 № 191 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24. Сұйытылған мұнай газын отын ретінде пайданалатын көлік құралдарының иелеріне автогаз құю станциялары арқылы оны бөлшек саудада өткізу көлемдік әдіспен (литрмен) жүзеге асырылады.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 27.05.2022 № 191 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      25. Автомобильдік газ толтыру станциясының иесі тұтынушыға сатып алынған сұйытылған мұнай газының көлемін және оның құнын растайтын құжатты (кассалық, тауарлық чек) береді.

      26. Мынадай:

      1) стационарлық – көлік құралдарына газ тарату колонкалары арқылы сұйытылған мұнай газын толтыруға арналған сұйытылған мұнай газды сақтау блоктарының жерастында не жер үстінде орналасуы;

      2) қозғалмалы – автомобиль шассиінде, тіркемеде, бірыңғай зауыт бұйымы ретінде орындалған жартылай тіркемеде бекітілген ұтқыр технологиялық жүйе үлгісінде автомобильдік газ толтыру станциялары арқылы сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге жол беріледі.

      27. Қозғалмалы үлгідегі автогаз толтыру станцияларынан сұйытылған мұнай газды бөлшек саудада өткізуге кенттерде, ауылдарда, сондай-ақ елді мекеннен тыс жерде жол беріледі.

      28. Қозғалмалы үлгідегі автогаз құю станциялары сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнама талаптарын ескере отырып, қатты жабыны бар, жеке кіріп-шыға алатын, сондай-ақ өртке қарсы құралдармен жабдықталған алаңдарда орналасады.

      Көлік құралдарына қозғалмалы үлгідегі автогаз құю станцияларынан сұйытылған мұнай газын құю сұйытылған мұнай газдарын пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 27.05.2022 № 191 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      29. Тұрмыстық баллондарда сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді газ толтыру станцияларының және газ толтыру пункттерінің иелері шарт жасаспай жүзеге асырады.

      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 29.08.2023 № 326 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      30. Мынадай:

      1) зауыттан шығарылған тұрмыстық баллондарды толтыру қондырғысымен жабдықталған сұйытылған мұнай газын сақтайтын резервуарлардың жер астында орналасқан;

      2) зауыттан шығарылған тұрмыстық баллондарды толтыру қондырғысымен жабдықталған сұйытылған мұнай газын сақтайтын резервуарлардың жер үстінде орналасқан стационарлық типтегі газ толтыру пункттерінің иелері тұрмыстық баллондарда сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге жол береді.

      31. Автогаз толтыру станциясын және газ толтыру пунктін біріктіріп орналастыру үшін бір алаңды пайдалануға жол берілмейді.

      32. Тұрмыстық баллондарда газды жеке тұлғаларға сату осы Қағидалардың 29-тармағына сәйкес өтінім бойынша жүзеге асырылады.

      Газ толтыру станциясының, газ толтыру пунктінің иесі тұрмыстық тұтынушыға сатылатын әрбір баллон үшін тұтынушыға құжат (алынған газ көлемі үшін кассалық, тауарлық чек), баллондарды тауарлық белгімен таңбалауды жүзеге асырады, кепілдік сапа талонын береді.

      Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 29.08.2023 № 326 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      33. Газ толтыру станциясының, газ толтыру пунктінің иесі толтырылатын газ баллондарына есеп жүргізеді, оларға нөмір береді, газ баллон қондырғыларына авариялық және жоспарлы қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 29.08.2023 № 326 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      34. Тұтынушы тұрмыстық баллондардың дұрыс техникалық жай-күйін қамтамасыз ететін газ толтыру станцияларының және газ толтыру пунктерінің иелерінен сұйытылған мұнай газы бар тұрмыстық баллондарды сатып алады.

      Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 29.08.2023 № 326 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4-тарау. Тауарлық және сұйытылған мұнай газын пайдалану тәртібі

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 23.08.2021 № 272 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      35. Тауарлық және сұйытылған мұнай газын пайдалану мақсатына қарай, газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздік қағидаларының талаптарын ескере отырып, жүзеге асырылады.

      36. Тауарлық және сұйытылған мұнай газын пайдалану кезінде:

      1) газды рұқсатсыз алу (ұрлау) мүмкіндігіне жол беретін пломбаны жұлып алуға, пломбаны не есепке алу аспабын шұқуға;

      2) техникалық шарттарды алмай – газбен жабдықтау жүйесіне өздігінен қосылуға, қосымша газ жабдығын немесе қуатын ұлғайта отырып жабдықты монтаждауға, газ тарату ұйымының немесе топтық резервуарлық қондырғы иесінің келісімінсіз – есепке алу аспаптарын монтаждауға, бөлшектеуге, пайдалануға жарамды есепке алу аспабын ауыстыруға;

      3) газ тарату ұйымына немесе топтық резервуар қондырғысының иесіне немесе газ толтыру станциясының иесіне хабарламай газ жабдығы орнатылған үй-жайларды қайта жоспарлауға;

      4) газ аспаптарының конструкциясына өзгерістер енгізуге;

      5) түтіндік және желдеткіш жүйелерінің құрылғыларын өзгертуге;

      6) желдеткіш каналдарын желімдеуге, түтіндіктерді тазалауға арналған "қалталар" мен люктерді бітеуге;

      7) қауіпсіздік және реттеу автоматикасын сөндіруге;

      8) газ аспаптары, автоматика, арматура және газ баллондары ақаулы болған жағдайда газды пайдалануға;

      9) газдандырылған пештер мен түтіндіктер қалауының, сылағының (жарықтар) тығыздығы бұзылған кезде газды пайдалануға;

      10) түтін және желдету арналарын тексеру және тазалау туралы актінің қолданылу мерзімі өткеннен кейін газды пайдалану;

      11) оқудан өтпей түтіндік және желдеткіш каналдарын тазалауға, тексеруге, сондай-ақ оқудан өтпей және топтық резервуарлық қондырғы иесінен немесе газ толтыру станциясы иесінен рұқсат алмай, газ баллон қондырғыларының баллондарын ауыстыруға;

      12) түтіндік пен желдеткіш каналдарының ауа тартқыштары болмаған кезде, желдеткіштер (фрамугалар), жалюзий торлары, желдеткіш каналдарының торлары жабық болғанда газ аспаптарын пайдалануға;

      13) үздіксіз жұмыс істеуге есептелген және осы үшін тиісті автоматикасы бар газ аспаптарынан басқа, жұмыс істеп тұрған газ аспаптарын қараусыз қалдыруға;

      14) мектеп жасына дейінгі балалардың, сондай-ақ өз әрекеттерін бақылай алмайтын және осы аспаптарды пайдалану қағидаларын білмейтін адамдардың газ аспаптарын пайдалануына;

      15) газ құбырларына жіп байлауға және газ құбырларын жүктеуге;

      16) газды және газ аспаптарын мақсатқа сай емес пайдалануға, оның ішінде үй-жайды жылыту үшін газ плиталарын пайдалануға;

      17) газ аспаптары орнатылған үй-жайларды ұйықтау және демалу үшін пайдалануға;

      18) газдың шығып кетуін айқындау үшін ашық отты қолдануға;

      19) үй-жайларда және жертөлелерде бос және сұйытылған мұнай газымен толтырылған баллондарды сақтауға;

      20) газдандырылған үй-жайда сыйымдылығы 50 (55) литр болатын бір баллоннан немесе әрқайсысының сыйымдылығы 27 литр болатын екі баллоннан артық орналастыруға жол берілмейді. Баллондар газ аспаптары бар үй-жайда болады;

      21) газдандырылған үй-жайда жылу радиаторы мен пештен кемінде 1 метр арақашықтықта газы бар баллондарды орнатуға жол берілмейді. Баллондарды жылудан қорғайтын экран орнату кезінде баллондар мен жылыту аспаптарының арақашықтығы кемінде 0,5 метр, ал экран мен баллондардың арақашықтығы кемінде 10 сантиметрден кем болмауы тиіс;

      22) баллондарды от жанатын пештердің есіктеріне кемінде 2 метр арақашықтықта қарама-қарсы орналастыруға;

      23) үй-жайларда орнатылған баллондарды ауыстыру кезінде, сондай-ақ үй-жайда газ иісі пайда болған кезде электр жарығын қосуға және ажыратуға, ашық отты, электр жылытқыш аспаптары мен жылыту пештерін пайдалануға;

      24) үлгіні бекіту мақсаттары үшін сынақтан немесе метрологиялық аттестаттаудан, сондай-ақ салыстырып тексеруден өтпеген және (немесе) Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілмеген өлшеу құралдарын қолдануға жол берілмейді.

      Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 14.06.2023 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      37. Тауарлық газды оның көлемін есепке алмай өткізуге және пайдалануға жол берілмейді.

      38. Тауарлық газдың көлемін өлшеу бірлігін есепке алу мақсатында Цельсий бойынша 20 градус температура және сынап бағанының 760 миллиметр қысымы кезінде газдың бір текше метрі қабылданады.

      Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 14.06.2023 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      39. Егер сыртқы ортаның параметрлері осы Қағидалардың 38-тармағында көрсетілгендерден ерекшеленген жағдайда, жеткізуші газдың жұмыс параметрлерін стандартты шарттарға келтіру жолымен корректорларсыз есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін қайта есептеуді есепке алу аспабының паспортына сәйкес немесе Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы №491 бұйрығымен бекітілген Газдың жұмыс параметрлерін стандартты жағдайларға келтіру жолымен корректорларсыз есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін қайта есептеу әдістемесіне сәйкес жүзеге асырады (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 16429 болып тіркелді).

      Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 11.12.2018 № 498 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      40. Сұйытылған мұнай газын қабылдау, сақтау, сату кезінде мынадай сақтау орындарында:

      1) газ толтыру станциясының (газ толтыру пунктінің) сақтау базасының резервуарларында;

      2) технологиялық құбыр жолдарында;

      3) темір жол және автомобиль цистерналарында;

      4) газ баллондарында (толтыру цехы, газ толтыру станциясындағы дайын өнімдердің қоймасы (газ толтыру пунктінде), баллондарды ауыстыру пункті мен пайдалану қызметтері);

      5) топтық резервуарлық қондырғыда;

      6) автогаз толтыру станцияларында оларды есепке алу жүргізіледі.

      41. Сақтау орындарында сұйытылған мұнай газын есепке алу тәртібі коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган бекітетін газ толтыру станцияларында, газ толтыру пункттерінде және топтық резервуарлық қондырғыларда сұйытылған мұнай газының шығыстарын есепке алу әдістемесімен айқындалады.

      42. Тұрмыстық тұтынушылармен пайдаланылатын тауарлық газдың көлемін есепке алу:

      1) жеке есепке алу аспаптары бойынша;

      2) көппәтерлі үйлерде ұжымдық есепке алу аспаптары бойынша;

      3) реттеуіш немесе газреттеуіш пункттерінің шкафтарында орнатылған көппәтерлі үйлерде ұжымдық есепке алу аспаптары бойынша;

      4) тұтыну нормалары бойынша - жеке немесе ұжымдық есепке алу құралдары болмаған жағдайда, олардың жарамсыздығы не газ жабдықтары параметрлеріне сәйкессіздігі жағдайында жүргізіледі.

      43. Коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылар, өнеркәсіптік тұтынушылар, өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторлар, ірі коммерциялық тұтынушылар, цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғалар не цифрлық майнингті жүзеге асыру үшін электр энергиясын өндіру жөніндегі тұлғалар пайдаланатын тауарлық газдың көлемін есепке алу:

      1) тауарлық газды қабылдау (беру) пункттерінде орнатылған есепке алу аспаптары бойынша;

      2) есепке алу аспаптары болмаса, олардың ақаулары болса не олар газ жабдығының параметрлеріне сәйкес келмесе – газ тұтынатын жабдықтың қуаты бойынша жүргізіледі.

      Ескерту. 43-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 21.04.2023 № 152 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      44. Топтық резервуарлық қондырғылар арқылы тұрмыстық тұтынушылар өткізетін сұйытылған мұнай газын есепке алу, көлемді әдіспен жүргізіледі:

      1) жеке есепке алу аспаптары бойынша;

      2) тұтыну нормалары бойынша - жеке есептеу құралдары болмаған жағдайда, олардың жарамсыздығы не газ жабдықтары параметрлеріне сәйкессіздігі жағдайында жүргізіледі.

      45. Топтық резервуарлық қондырғылар арқылы сұйытылған мұнай газын тұтынуды есептеу бірлігі текше метр болып табылады.

      Өндірістік немесе коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылар пайдаланатын сұйытылған мұнай газ көлемін есепке алу:

      1) жеке есепке алу аспаптары бойынша;

      2) газ жабдығының қуаты бойынша – есепке алу аспабы болмаған кезде, олар бұзылған не газ жабдығының параметрлеріне сәйкес келмеген кезде.

      46. Тұрмыстық тұтынушының кінәсі бойынша дәлелді себептерсіз қатарынан екі есеп айырысу кезеңі ішінде есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін алу мүмкін болмаған кезде жеткізуші тұрмыстық тұтынушының есепке алу аспабының нақты деректері бойынша кейіннен қайта есептей отырып, тұрмыстық тұтынушыға тұтынудың қолданыстағы нормалары бойынша есеп айырысу жүргізеді.

      Ескерту. 46-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 14.06.2023 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      47. Осы Қағидалардың 36-тармағының 1) және 2) тармақшалары бұзылған кезде жеткізуші газ шығысын мыналарға қайта есептеуді жүзеге асырады:

      1) тұрмыстық тұтынушыға – газ тұтыну жабдығының алдындағы ысырмалы кранға дейінгі газ құбырының өткізгіштік қабілеті бойынша соңғы тексеру өткізілген күннен бастап анықталған күнге дейінгі, бірақ екі айдан аспайтын кезеңге;

      2) коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыға – газ тұтыну жабдығының алдындағы ысырмалы кранға дейінгі газ құбырының өткізгіштік қабілеті бойынша, өнеркәсіптік тұтынушыға, өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторға, электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушыларға, ірі коммерциялық тұтынушыға, цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғаға не цифрлық майнингті жүзеге асыру үшін электр энергиясын өндіру жөніндегі тұлғаға – пайдалану жауапкершілігі шегінде газ құбырының өткізгіштік қабілеті бойынша, соңғы тексеру өткізілген күннен бастап анықталған күнге дейінгі, бірақ екі айдан аспайтын кезеңге жүргізеді.

      Газ құбырының өткізгіштік қабілеті бойынша газ көлемін есептеу Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі №340 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21347 болып тіркелген) бекітілген Газ тарату жүйелеріндегі жеке технологиялық қажеттіліктер мен ысыраптарға арналған тауарлық газ шығыны нормаларын есептеу әдістемесіне сәйкес жүргізіледі.

      Тұтынушыда есепке алу аспабының газ жабдығының параметрлеріне сәйкес келмеу фактісі анықталған кезде тұтынушыға соңғы тексеру күнінен бастап осы Қағидалардың 42 және 43-тармақтарына сәйкес газ шығысын қайта есептеу жүргізіледі.

      Жеткізуші есептелген газ көлемі есебімен жүргізілетін қайта есептеу кезеңіне газ шығысын қайта есептеуді жүргізеді.

      Тұрмыстық тұтынушы үшін – тұтынушының көзінше есепке алу аспабының көрсеткіштерін жазып алу, ал коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылар, өнеркәсіптік тұтынушылар, өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторлар, электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушылар, ірі коммерциялық тұтынушылар, цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғалар не цифрлық майнингті жүзеге асыру үшін электр энергиясын өндіру жөніндегі тұлғалар үшін – жеткізушінің тұтынушы журналындағы жүргізілген тексеру туралы белгісі, ал ол болмаған кезде, жеткізуші деректері тексеру фактісі болып табылады.

      Ескерту. 47-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 14.06.2023 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      48. Тұтынушы жазбаша түрде жеткізушіні жай-күйі туралы және газ тұтыну көлемі мен оны төлеуде көрсетілген деректердің өзгеруі туралы (тұратын адам санының өзгеруі, жылытылатын алаңның көлемі, газ жабдығының қуаты) хабардар етеді. Тұтынушы болған өзгерістер туралы хабарламаған жағдайда және есепке алу аспабынсыз газды тұтынған жағдайда не газ жабдығының параметрлері сәйкес келмеген жағдайда, тұтынылған газ көлемі жеткізушіде бар деректер бойынша есептеледі.

      Төлемді қайта есептеуге әкеп соқтыратын барлық өзгерістер тұтынушы растау құжаттарын қоса бере отырып, тиісті өтінішін берген сәттен бастап жүзеге асырылады.

      49. Есепке алу аспаптарын орнату осы Қағидалардың және қолданыстағы нормативтік техникалық құжаттардың талаптарында көзделген тәртіпте орындалады. Орнатылған есепке алу аспабы тұтынушыға тауарлық не сұйытылған мұнай газын жеткізетін газ тарату ұйымында немесе топтық резервуарлық қондырғы иесінде міндетті тіркеуден өтеді, акті жасалып, онда есепке алу аспабының бастапқы көрсеткіштері, аспаптың маркасы және басқа да қажетті мәліметтер көрсетіледі.

      Ескерту. 49-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 27.05.2022 № 191 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      50. "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 19-бабының 6-тармағына сәйкес (бұдан әрі – Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заң) қолданылатын есепке алу аспаптарының өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификаты және салыстырып тексеру таңбасы болады.

      Ескерту. 50-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 23.08.2021 № 272 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      51. Есепке алу аспаптарын ұстауды, оларға техникалық қызмет көрсетуді және салыстырып тексеруді есепке алу аспабының меншік иесі жүзеге асырады. Меншік иесімен шарт бойынша есепке алу аспаптарына техникалық қызмет көрсетуді газ тарату ұйымы, топтық резервуарлық қондырғының иесі немесе өзге де мамандандырылған ұйым жүргізуі мүмкін.

      Ескерту. 51-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 27.05.2022 № 191 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      52. Есепке алу аспаптарын тексеру Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңның 6-2-бабының 11) және 20) тармақшасына сәйкес жүргізіледі.

      Ескерту. 52-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 23.08.2021 № 272 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      53. Газды есепке алу аспаптарын тексеру мерзімі өткен кезде тұтынылған газдың көлемі үшін есеп айырысу мынадай тәртіппен жүргізіледі:

      1) тұрмыстық тұтынушылар үшін – тұтыну нормасы бойынша;

      2) коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылар, өнеркәсіптік, өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторлар, электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушылар, ірі коммерциялық тұтынушылар, цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғалар не цифрлық майнингті жүзеге асыру үшін электр энергиясын өндіру жөніндегі тұлғалар үшін – газ жабдығының қуаты бойынша жүргізіледі.

      Өнеркәсіптік, коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың, өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторлар, электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушылар, ірі коммерциялық тұтынушылар, цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғалар не цифрлық майнингті жүзеге асыру үшін электр энергиясын өндіру жөніндегі тұлғалардың есепке алу аспабының тексеру мерзімі өткен кезде тұтынылған газ көлемі үшін есеп айырысу газ жабдығының қуаты бойынша тексеру мерзімі өткен күннен бастап жүргізіледі. Есепке алу аспабының көрсеткіштері бойынша қайта есептеу тексеру нәтижелері оң болған жағдайда жүргізіледі, бірақ алты айдан аспайтын мерзімге жүргізіледі.

      Ескерту. 53-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 14.06.2023 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      54. Газды есепке алу аспабы тұтынушыларда кіреберістерде, басқыш алаңдарында, дәлізде, жеке пәтерлерде, жеке үйлерде орнатылуы мүмкін. Тұтынушылардың газ тарату ұйымдарының немесе топтық резервуарлық қондырғы иесінің қызметкерлеріне газды есепке алу аспаптарына еркін кіруге бөгет жасауларына жол берілмейді.

      Ескерту. 54-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 27.05.2022 № 191 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      55. Газды есепке алу аспаптарында есептеу тетігінің қаптама бекітпесінде газ тарату ұйымының немесе топтық резервуарлық қондырғы иесінің пломбасы болады.

      Ескерту. 55-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 27.05.2022 № 191 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      56. Тұтынушылардың газ тарату ұйымы немесе топтық резервуарлық қондырғы иесінің пломбасының бүтіндігін бұзуына жол берілмейді.

      Ескерту. 56-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 27.05.2022 № 191 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      57. Газды есепке алу схемасын өзгертуге немесе бұзуға байланысты жұмыстардың кез келген түрлерін жүргізген кезде тұтынушы жұмысты бастамас бұрын газ тарату ұйымының немесе топтық резервуар қондырғысы иесінің техникалық шарттарын алады.

      Ескерту. 57-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 14.06.2023 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      58. Газ беруді тоқтату және қайта бастау тұтынушымен жасалған шартқа және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

      59. Үйдің меншік иесінің қалауы бойынша жеке пәтерлерге, кіреберістерге газ беруді тоқтата тұруды, газ бағанын немесе көпқабатты тұрғын үйлердің жекелеген пәтерлерін газдан ағытуды оның жазбаша өтініші бойынша газ тасымалдау, газ тарату ұйымы, топтық резервуарлық қондырғы иесі жүргізеді.

      Ескерту. 59-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 27.05.2022 № 191 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      60. Газ тасымалдау, газ тарату ұйымы, топтық резервуарлық қондырғы иесі немесе газ толтыру станциясының иесі біржақты тәртіппен тұтынушыға тауарлық немесе сұйытылған мұнай газын беруді бұзушылықтарды жойғанға дейін мынадай жағдайларда:

      1) тұтынушы газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздік талаптарын бұзғанда;

      2) газды заңсыз тұтынуға әкеп соққан газбен жабдықтау жүйесіне өз бетінше және/немесе заңсыз қосылғанда;

      3) газбен жабдықтау жүйесі объектілері техникалық істен шыққанда;

      4) осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген тауарлық газды бөлек есепке алуды жүргізу жөніндегі шарттың талаптары бұзылған жағдайларда тоқтата тұрады;

      5) газ тұтынатын жүйелерге қолданыстағы техникалық қызмет көрсету шартының болмауы.

      Ескерту. 60-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 14.06.2023 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 29.08.2023 № 326 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      61. Газ тасымалдау, газ тарату ұйымы, топтық резервуарлық қондырғы иесі немесе газ толтыру станциясының иесі жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу және жаңа тұтынушыларды қосу үшін тауарлық немесе сұйытылған мұнай газын беруді тоқтата тұру туралы тұтынушыны ағытуға дейін кемінде қырық сегіз сағаттан кешіктірмей ескертеді.

      Ескерту. 61-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 14.06.2023 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      62. Жеткізуші тұтынушыға алдын ала хабарланған сәттен бастап күнтізбелік бес күннен ерте емес жағдайларда газ беруді мынадай жағдайларда:

      1) газ тарату ұйымы өкілдерін, топтық резервуарлық қондырғы иесін немесе газ толтыру станциясы иесін газ құбырларына, газ жабдықтары мен есепке алу аспаптарына жібермегенде;

      2) жеткізушінің техникалық шарттарын алмай-ақ газ желілерін қайта жабдықтағанда;

      3) тауарлық немесе сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу шартына сәйкес берілген тауарлық немесе сұйытылған мұнай газы үшін дебиторлық берешек болғанда тоқтата тұрады.

      Бұл ретте осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген жағдайда тұрмыстық тұтынушылар үшін газ беруді тоқтата тұру тұрмыстық тұтынушыға алдын ала хабарлама берген сәттен бастап жүзеге асырылады, бірақ күнтізбелік он күннен ерте емес.

      Жеткізуші тұтынушыда газ тұтынатын жүйелерге қолданыстағы техникалық қызмет көрсету шартының болмауының фактісін анықтаған жағдайда жеткізуші тұтынушыны алдын ала хабардар ету сәтінен бастап отыз күнтізбелік күннен кейін газ беруді тоқтатады.

      Газ беруді тоқтату (шектеу) туралы хабарлама тұтынушыға электрондық поштамен, пошта жөнелтілімімен, қысқа мәтіндік хабарламамен, мультимедиалық хабарламамен, қолданыстағы мессенджерлермен не хабарлаудың немесе шақырудың тіркелуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдары пайдаланыла отырып жіберіледі.

      Ескерту. 62-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 29.08.2023 № 326 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      63. Газ беруді қайта бастау осы Қағидалардың 60 және 62-тармақтарында аталған газ жеткізуді тоқтатуды тудырған себептерді тұтынушы жойғаннан кейін, сондай-ақ газды бөлшек саудада өткізу шартына сәйкес тұрақсыздық айыбы төлемінің берешегі өтелген соң жүргізіледі.

      Жоспарлы қосатын күн туралы газ тасымалдау, газ тарату ұйымы, топтық резервуарлық қондырғы иесі немесе газ толтыру станциясының иесі тұтынушыны газды беруді қайта бастау туралы шешім қабылданған күні хабардар етеді. Тұтынушыны ажырату себебі жойылғаннан кейін газды беруді қайта бастаудың шекті мерзімдері газды беруді қайта бастау туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайды.

      Ескерту. 63-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 27.05.2022 № 191 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.