"Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған азаматтық қорғау органдарына қызметке (оқуға) қабылданатын кандидаттарды іріктеу және алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр саясаты департаментіне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі |
Ю. Ильин |
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 9 тамыздағы № 384 бұйрығымен бекітілген |
Азаматтық қорғау органдарына қызметке (оқуға) қабылданатын кандидаттарды іріктеу және алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы азаматтық қорғау органдарына қызметке (оқуға) қабылданатын кандидаттарды іріктеу және алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7 – бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және азаматтық қорғау органдарына қызметке (оқуға) қабылданатын кандидаттарды (бұдан әрі – кандидат) іріктеу және алдын ала зерделеуді жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидалардың күші "азаматтық қорғау" арнаулы атағы берілетін азаматтық қорғау органдары (бұдан әрі - АҚО) лауазымдарына (мамандығына) үміткер кандидаттарға қатысты қолданылады.
3. Азаматтық қорғау органдарына қызметке (оқуға) қабылданатын кандидаттарды іріктеу және алдын ала зерделеуді жүзеге асыру (бұдан әрі – іріктеу мен алдын ала зерделеу) – бұл кандидатты тағайындауға болжанып отырған лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі тұрғысынан, кандидаттың өмірбаяндарында нұқсан келтіретін мәліметтердің, сондай-ақ қызметтік міндеттерін тиімді орындау үшін қажетті жеке және кәсіби қасиеттердің болуын (не болмауын) анықтау бойынша АҚО-ның кадр бөлімшелері жүзеге асырылатын іс-шаралар кешені.
АҚО-ның лауазымдары санаттарына қойылатын біліктілік талаптары Заңның 29-бабының 3-тармағына сәйкес анықталады.
4. Осы Қағидаларда нұқсан келтіретін мәліметтер деп Заңның 6-бабы 2-тармағының 1), 5), 6), 6-1), 7), 8) и 9) тармақшаларында көзделген мәліметтер түсініледі.
5. Іріктеу мен алдын ала зерделеу Заңның 7 - бабында көзделген құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін адамдар үшін бастапқы кәсіби даярлыққа іріктеу және конкурстық іріктеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі - ТЖМ) білім беру ұйымына оқуға қабылдау рәсімдеріне дейін жүзеге асырылады.
6. Іріктеу мен алдын ала зерделеудің негізгі мақсаты АҚО-ның бос лауазымдарын (курсанттарын) уақтылы орналастыру болып табылады.
7. Іріктеу мен алдын ала зерделеудің нәтижесі кандидатты АҚО-ға қызметке (оқуға) кандидаттардың ведомстволық деректер банкіне енгізу немесе кандидатты АҚО-ға қызметке (оқуға) кандидаттардың ведомстволық деректер банкіне енгізуден бас тарту болып табылады.
2-тарау. Азаматтық қорғау органдарына қызметке (оқуға) қабылданатын кандидаттарды іріктеу мен алдын ала зерделеу тәртібі
8. АҚО-дағы бос лауазымдар (оқуға қабылдау туралы) туралы ақпарат АҚО-ның интернет-ресурстарында жарияланады.
9. Кандидат іріктеу мен алдын ала зерделеу үшін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша:
1) ТЖМ лауазымдарына – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің атына;
2) ТЖМ қарамағындағы аумақтық органдар мен мемлекеттік мекемелер лауазымдарына – АҚО-ның уәкілетті басшының атына;
3) оқуға – ТЖМ білім беру ұйымы бастығының атына жазбаша өтініш береді.
10. Өтініш қабылданғаннан соң кандидат бес жұмыс күні ішінде кандидатты пайдалану болжанатын АҚО-ның тиісті бөлімшесінің басшысында әңгімелесуден өтеді.
Әңгімелесу барысында кандидаттың АҚО-ға қызметке (оқуға) түсу себептері анықталады, кандидат қызмет бойынша шектеулермен, болашақ қызметінің сипатымен, оны қызметтен тыс уақытта, демалыс және мереке күндері қызметке тарту мүмкіндіктерімен, сондай-ақ АҚО-да қызмет өткеру кезіндегі жеңілдіктер мен басымдықтармен таныстырылады.
Тиісті бөлімшенің басшысы зерделеу және әңгімелесу қорытындылары бойынша бір жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша іріктеу мен алдын ала зерделеу қорытындысының (бұдан әрі - қорытынды) бірінші бөлімін толтырады және әрі қарай зерделеу үшін АҚО-ның кадр қызметіне жолдайды.
11. Әңгімелесуден кейін үш жұмыс күні ішінде кандидат АҚО-ның кадр қызметіне келесі құжаттарды тапсырады:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы (нақты тұратын жерінің мекенжайын және байланыс телефондарын көрсете отырып);
2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) білімі туралы құжаттардың көшірмелері (диплом (аттестат) және қосымша);
4) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі мамандандырылған ұйымдарында әскери қызмет өткергенін немесе әскери даярлықтан өткенін, сондай-ақ "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылғанын немесе кейінге қалдырылғанын растайтын құжаттың көшірмесі;
5) өлшемі 3*4 фотосурет (4 дана);
6) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
7) қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, құжат тігетін папкаға салынған жұмыстан босату туралы бұйрықтан үзінді көшірмесі (бар болса), арнаулы атақ (әскери атақ) беру туралы немесе біліктілік сыныптарын белгілеу туралы бұйрықтан үзінді (басқа құқық қорғау органдарында және арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткерген адамдар үшін).
12. Осы Қағидалардың 11-тармағының 2), 3), 4) және 6) тармақшаларында көзделген құжаттардың көшірмелерін қабылдаған кезде салыстырып тексеру үшін олардың түпнұсқалары қаралады немесе нотариалды куәландырылған көшірмелер қабылданады.
Құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың бұрынғы қызметкерлері, әскери қызметшілері қатарындағы кандидаттардың материалдарын зерделеу үшін аталған адамдардың архивтік жеке істері қосымша сұратылады.
13. Осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде Кадр қызметінің қызметкері кандидаттың қолда бар білімінің сәйкестігін, пайдалануға болжанып отырған лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін, кандидаттың отбасылық жағдайын және еңбек қызметін зерделейді.
Құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың бұрынғы қызметкерлері, әскери қызметшілері қатарындағы кандидаттардың материалдарын зерделеу кезінде архивтік жеке ісінің материалдары, қызметтен шығарылғаннан кейінгі кандидаттардың еңбек қызметі бойынша сипаттайтын деректері, растайтын құжаттардың бар-жоғы зерделенеді. Бір мезгілде өзіндік қауіпсіздік бөлімшесінен немесе басқа құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың кандидат бұрын қызмет еткен ұқсас бөлімшелерінен кандидатқа қатысты нұқсан келтіретін материалдардың болуы туралы мәліметтер сұратылады.
Бір уақытта осы кезеңде де кадр қызметінің қызметкері кандидатты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің ақпараттық сервисі бойынша тексеруді жүзеге асырады.
14. Осы Қағидалардың 13-тармағында көзделген тексерістер аяқталған соң кадр қызметінің қызметкері зерделеу нәтижелерін қорытындының екінші бөліміне енгізеді.
15. Кандидатты алдын ала зерделеу нәтижелері бойынша және тиісті бөлімшенің басшысымен оның әңгімелесу қорытындылары бойынша кадр қызметі тиісті нәтижелері бар қорытынды шығарады.
16. Қорытындыға кадр қызметінің қызметкері мен бастығы, тиісті бөлімшенің басшысы қол қояды, сондай-ақ үш жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген адамдар бекітеді.
17. Оң қорытынды шығарылған кезде кандидаттың деректері АҚО-ға қызметке (оқуға) кандидаттардың ведомстволық деректер банкіне енгізіледі.
18. Кандидаттың АҚО-ға қызметке (оқуға) кандидаттардың ведомстволық деректер банкінде тұру мерзімі қабылданған күннен бастап алты айды құрайды.
19. Теріс қорытынды шығару үшін:
1) кандидатты пайдалануға болжанып отырған лауазымға қойылатын біліктілік талаптарға сәйкес келмеуі;
2) кандидаттың Заңның 6-бабының 2-тармағында көзделген құқық қорғау қызметіне тұру шарттарына сәйкес келмеуі негіздер болып табылады.
Бұл ретте, теріс қорытынды құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін адамдар үшін бастапқы кәсіби даярлыққа іріктеу және конкурстық іріктеу, сондай-ақ ТЖМ білім беру ұйымына оқуға түсуге кандидаттың қатысуына кедергі болмайды.
20. Қорытындымен келіспеген жағдайда, кандидат оны Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабымен белгіленген тәртіпте шағымданады.
Өтініш
Мені азаматтық қорғау органдарына қызметке (оқуға) іріктеуге және алдын ала зерделеуге жіберуді сұраймын.
Азаматтық қорғау органдарына қызметке (оқуға) іріктеу және алдын ала зерделеу шарттарымен және тәртібімен таныстым.
Ұсынылған құжаттардың түпнұсқалығын растаймын.
Құжаттардың тізбесі:
1)___________________________;
2)___________________________;
Менің жеке деректерімді іріктеу және алдын ала зерделеу үшін қолдануға келісімімді беремін.
Іріктеу және алдын ала зерделеу қорытындысы
________________________________________________________________________________
(кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ілік септігінде)
1. Азаматтық қорғау органдарының тиісті бөлімшесі басшысының зерделеу және әңгімелесу қорытындылары:
_______________________________________________________________________________.
(кандидатты зерделеген (әңгімелесу жүргізген) азаматтық қорғау органдарының тиісті бөлімшесі басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), зерделеу нәтижелері, кандидатты сипаттайтын деректер кандидатты тағайындауға болжанып отырған лауазымы мен жұмыс учаскесі, сондай-ақ шешім қабылдау үшін елеулі мәні бар деректер көрсетіледі)
1.1. Азаматтық қорғау органдарының тиісті бөлімшесі басшысының алдын ала шешімі___________________________.
Кандидатты зерделеген тиісті
азаматтық қорғау органдары
бөлімшесі басшысының
тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған кезде)
(лауазымы, арнайы атағы)
қолы ________
20___ жыл "____" _____________
2. Азаматтық қорғау органдарының кадр қызметі қызметкерінің кандидатты тексеру қорытындылары
_______________________________________________________________________________.
(тексеру жүргізген азаматтық қорғау органдарының кадр қызметі қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), зерделеу нәтижелері, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің ақпараттық сервисі бойынша кандидатты тексеру нәтижелері көрсетіледі)
2.2 Кандидатты зерделеуді жүргізген азаматтық қорғау органдарының кадр қызметі қызметкерінің қорытындысы:_________________________________________________.
____________________
Кандидатты зерделеген тиісті
азаматтық қорғау органдары
бөлімшесі басшысының
тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған кезд)
(лауазымы, арнайы атағы)
қолы ________
20___ жыл "____" _____________.
3. Кадр қызметінің қорытындысы:___________________________________________.
_______________
Кадр қызметінің бастығы,
тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған жағдайда)
(лауазымы, арнайы атағы)
қолы _________________
20___ жыл "____" _____________.
Іріктеу және алдын ала зерделеудің соңғы корытындысы:
______________________________________________________________________________
(Кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)) азаматтық қорғау органдарына қызметке (оқуға) кандидаттардың ведомстволық деректер банкіне енгізілсін/ заматтық қорғау органдарына қызметке (оқуға) кандидаттардың ведомстволық деректер банкіне енгізуден бас тартылсын (осы Қағидалардың 19-тармағында көзделген нақты негіздеме көрсетіледі.)
Азаматтық қорғау органдарына қызметке (оқуға) қабылданатын кандидаттарды іріктеу және алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидаларына 3- қосымша |
|
Нысан |
Кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы
1. Тегі _________________________________________ |
| ||||||||
Оқу орнының атауы және оның орналасқан жері | Факультеті немесе бөлімшесі | Түскен жылы | Бітірген немесе шыққан жылы | Бітірмесе, қай курстан шықты | Оқу орнын бітірген соң қандай біліктілікті алды, дипломның немесе куәліктің № көрсету |
8. Ана тілі, қандай тілдерді біледі және қандай деңгейде
__________________________________________________________________________
(сөздікпен, оқиды және ойын жеткізе алады, еркін меңгерген)
9. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы ___________________________________________
10. Қандай ғылыми еңбектеріңіз және жаңалықтарыңыз бар
__________________________________________________________________________
11. Сіз әкімшілік және/немесе қылмыстық жауаптылыққа тартылғансыз ба?
__________________________________________________________________________ (қашан, не үшін кім соттады, жазалау шарасы) 12. Еңбек жолы басталғаннан бері атқаратын жұмысы (жоғары және орта арнаулы оқу орындарындағы оқуды, әскери қызметті және қоса атқаратын жұмысты қосқанда)
Айы мен жылы | Кәсіпорынды, ұйым-мекемелерді, сондай-ақ министрлікті (ведомствоны) көрсете отырып, лауазымы | Кәсіпорындардың, ұйым-мекемелердің орналасқан жері | |
Түскен | шыққан |
Осы тармақты толтыратын кезде кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің атауларын кезінде қалай аталғанына қарай атап, әскери қызметті лауазымды көрсете отырып толтыру керек.
13. Жеке парақты толтырған сәттегі отбасы жағдайы, сіздің жақын туыстарыңыз
Туыстық дәрежесі | Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) | Күні және туылған жері | Жұмыс орны, лауазымы | Тұрғылықты жері |
14. Шет елде болуы (жұмыс, қызметтік іссапар, делегациямен бірге сапар, туристік сапар)
Айы мен жылы | Қай елде | Шет елде болу мақсаты | |
Қай уақыттан | Қай уақытқа |
15. Қандай сайланбалы органдарға (қашан, қандай және қай жерде) сайланған немесе сайланды _______________________________________________________
______________________________________________________________________
16. . Әскер міндетке қатыстылығы
______________________________________________________________________
(әскери міндетті, әскери міндетті емес, әскери есептегі мамандығы, әскери атағы, әскери билеттің номері және жеке номері)
17. Қандай мемлекетттік наградаларыңыз бар (қашан, немен, кім марапаттады)
_______________________________________________________________________
18. Төлқұжат ___________________________________________________________
(сериясы, нөмірі, қашан, кім берген, тіркелген мекен жайы)
19. Тұрғылықты жері ____________________________________________________
20___ жыл "_____" ___________. Жеке қолы ________________________________________
_______________________________________________________________________
(толтырған күні)