Азаматтық қорғау органдарына қызметке (оқуға) қабылданатын кандидаттарды іріктеу және алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 9 тамыздағы № 384 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 10 тамызда № 23932 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2022 жылғы 18 тамыздағы № 33 бұйрығымен.

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 18.08.2022 № 33 (11.09.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне кезектен тыс арнаулы атақтарды беру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр саясаты департаментіне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
Ю. Ильин

  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2021 жылғы 9 тамыздағы
№ 382 бұйрығымен
бекітілген

Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне кезектен тыс арнаулы атақтарды беру қағидалары

      1. Осы Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне кезектен тыс арнаулы атақтарды беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 26-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді және азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне (бұдан әрі - қызметкерлер) кезектен тыс арнаулы атақтарды беру тәртібін айқындайды.

      Осы Қағидалардың күші "азаматтық қорғау" арнаулы атағы берілген қызметкерлерге қатысты қолданылады.

      2. Орта және (немесе) аға басшы құрамның қызметкерлеріне кезектен тыс арнаулы атақтарды беру туралы шешім Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі - ТЖМ) құрылымдық бөлімшелері басшыларының, ТЖМ ведомстволары басшыларының, ТЖМ аумақтық бөлімшелері және оның ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелері басшыларының ұсыным хаттарының (еркін нысанда) негізінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі (бұдан әрі - Министр) қабылдайды.

      Кіші басшы құрам қызметкерлеріне кезектен тыс арнаулы атақтарды беру туралы шешім ТЖМ ведомстволарының құрылымдық бөлімшелері басшыларының, ТЖМ аумақтық бөлімшелері және оның ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінің құрылымдық бөлімшелері басшыларының ұсыным хаттарының (еркін нысанда) негізінде азаматтық қорғау органдары (бұдан әрі - АҚО) уәкілетті басшысымен қабылданады.

      Бұл ретте, ұсыным хаттарда қосымша мынадай мәліметтер көрсетіледі:

      қызметкердің қысқаша мінездемесі;

      осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген қызметкердің еңбегі туралы мәліметтер.

      3. Кезектен тыс арнаулы атақтар мiндеттерiн үлгiлi атқарғаны және қызметтік жұмысында жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін Заңның 55-бабының 1-тармағында көрсетілген көтермелеу түрлерінің бірі болған кезде, қызметтік (функционалдық) міндеттерін қызметкердің өміріне қауіп төндірумен орындағаны, төтенше жағдайлар кезінде адам өмірін құтқарғаны үшін бар арнаулы атағында еңбек сіңірген жылдарының белгіленген мерзімінің кемінде үштен бірі өткен, бірақ бар арнаулы атақтан екі сатыдан жоғары емес және атқарып отырған лауазымы бойынша көзделген шекті арнаулы атаққа қарамастан қызметкерлерге көтермелеу тәртібінде беріледі.

      Көтермелеу жөніндегі комиссияны құру және шешім қабылдау тәртібі Заңның 55-бабы 1-тармағында көзделген Министрдің құзыретіне сәйкес бекітілетін Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне көтермелеуді қолдану қағидаларымен айқындалады.

      4. Қызметкерлерге кезектен тыс арнаулы атақ беру АҚО-да қызметiнiң бүкіл кезеңi iшiнде екі реттен артық жүргiзiлмейдi.

      5. Арнаулы атақта болу мерзімі қызметкерге тиісті арнаулы атақ берілген күннен бастап күнтізбелік есеппен есептеледі. Бұл мерзімге лауазымдардағы нақты қызмет уақыты, сондай-ақ қызметкердің АҚО бөлімшесінің қарамағында болу кезеңі кіреді.

      6. Ұсыным хатта көрсетілген мәліметтердің анықтылығын бақылау ТЖМ құрылымдық бөлімшелері басшыларына, ТЖМ ведомстволары басшыларына, ТЖМ аумақтық бөлімшелері және оның ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелері басшыларына, ТЖМ аумақтық бөлімшелері және оның ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінің құрылымдық бөлімшелері басшыларына жүктеледі.

      7. Алынбаған тәртiптiк жазасы болған жағдайда, қайта аттестаттау кезінде атқарып отырған лауазымына сәйкес келуі туралы мәселені шешуге дейін, қызметтік тергеу аяқталғанға дейін, ақтайтын негіздері бойынша қылмыстық іс тоқтатылғанға дейін, ақтау үкімінің заңды күшіне енгенге дейін қызметкерді кезектен тыс арнаулы атақ беруге ұсынуға рұқсат етілмейді.