"Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 9-бабының 23) тармақшасына және "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 17.01.2023 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында қашықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы (бұдан әрі - Академия):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Академия ректорына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры |
Г. Нурдаулетов |
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2021 жылғы 12 шілдедегі № 101 бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында қашықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында қашықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында (бұдан әрі – Академия) қашықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
2. Академияда қашықтан оқыту жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білімнің білім беру бағдарламалары бойынша қашықтан оқыту бойынша білім беру жүйесін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін ақпараттық-білім беру порталының базасында (бұдан әрі – білім беру порталы) жүзеге асырылады.
3. Төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген жағдайларда Академияда оқу процесі қашықтан оқыту форматында жүргізіледі.
4. Қашықтан оқыту онлайн және офлайн режимінде оқу сабақтарын жүргізе отырып жүзеге асырылады.
Онлайн режиміндегі оқу процесі цифрлық технологияларды (бейнеконференциялар, вебинарлар, Интернет желісі бойынша хабарламалар алмасу) қолдана отырып, нақты уақыт режимінде оқытудың өзара іс-қимыл процесін көздейді.
Офлайн режиміндегі оқу процесі оқытушы мен білім алушының қарым-қатынасы асинхронды болатын (білім алушыға оқу материалын өзіне ыңғайлы кез келген уақытта меңгеру және байланыс құралдарын пайдалана отырып оқытушымен қарым-қатынас жасау) оқытудағы өзара іс-қимыл процесін көздейді.
5. Қашықтан оқыту бойынша білім алушылармен оқу сабақтары басталғанға дейін білім беру порталымен таныстыру бойынша кіріспе курс өткізіледі.
2-тарау. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша қашықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру тәртібі
6. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқу процесін ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 31 наурыздағы № 55 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13671 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында оқу процесін, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметті ұйымдастыру мен жүзеге асыру қағидаларында көзделген оқу-әдістемелік құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады.
7. Қашықтан оқыту үшін Академияда мынадай электрондық оқу-әдістемелік құжаттар жасалады:
1) академиялық күнтізбе;
2) жұмыс оқу жоспары;
3) үлгілік оқу бағдарламалары;
4) жұмыс оқу бағдарламалары;
5) дәрістің конспектілері (бейнедәрістер);
6) практикалық және семинарлық сабақтардың материалдары;
7) білім алушының өзіндік жұмысы және оқытушының жетекшілік етуімен білім алушының өзіндік жұмысы үшін тапсырмалар;
8) аралық бақылауды ұйымдастыру бойынша материалдар (бақылау жұмыстары, тест тапсырмалары, жеке тапсырмалар);
9) қорытынды бақылауды ұйымдастыру бойынша материалдар (тесттік емтихан тапсырмалары, емтиханға сұрақтар, билеттер, емтихандық бақылау жұмыстары);
10) қашықтан консультациялар өткізу кестесі;
11) аралық бақылау және емтихандар кестесі;
12) өзге де оқу-әдістемелік құжаттар.
8. Оқыту қызметінің барлық түрлері:
1) қашықтан оқытуды сүйемелдеуді жүзеге асыратын бейінді Институттың оқытушысы мен оқу-әдістемелік бөлімшесі қызметкерінің білім алушылармен телекоммуникациялық құралдарды немесе Академияда аралық және қорытынды аттестаттаудан өту кезінде тікелей байланысты пайдалана отырып қарым-қатынас жасау;
2) білім алушының оқу материалдарымен өзіндік жұмысы (дәріс материалдары, тапсырмалар, қосымша әдебиеттер) арқылы жүзеге асырылады.
9. Кем дегенде айына бір рет білім алушылар үшін оқу сабақтары білім беру порталында оқу сабақтарының кестесіне сәйкес нақты уақыт режимінде өткізіледі.
10. Оқу сабақтарын өткізу үшін оқыту тақырыбы бойынша құқық қорғау және мемлекеттік органдардың, жоғары оқу орындарының және басқа да ұйымдардың өкілдері шақырылуы мүмкін. Шақырылған адамдарды оқу сабақтарына жіберу кафедра меңгерушісінің баянаты негізінде бейінді Институт директорының рұқсатымен жүзеге асырылады.
11. Білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 31 наурыздағы № 64 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13660 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
12. Білім беру порталында тапсырмаларды орындамаған білім алушы келесі тапсырманы орындауға және тиісінше аралық бақылауды тапсыруға жіберілмейді.
Дәлелді себептер болған жағдайда (ауырғанына байланысты, жақын туыстарының қайтыс болуына байланысты, қызметтік қажеттілікке байланысты) бейінді Институт директорының атына жазылған баянат негізінде (растайтын құжаттарды қоса бере отырып) білім алушыға жекелеген кесте бойынша орын алған академиялық берешектерін пысықтау мүмкіндігі беріледі.
13. Қашықтан оқыту бойынша білім алушылар академиялық күнтізбеге және Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 31 наурыздағы № 60 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13657 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында білім алушылардың кәсіптік практикасын және тағылымдамасын ұйымдастыру және одан өту қағидаларына сәйкес кәсіптік практикадан және тағылымдамадан өтеді.
3-тарау. Қосымша білім берудің оқу бағдарламасы бойынша қашықтан білім беру бойынша оқу процесін ұйымдастыру тәртібі
14. Қосымша білім берудің оқу бағдарламасы бойынша қашықтан білім беру құқық қорғау органдары, оның ішінде Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары басшылығының Президенттік резервінде тұрған қызметкерлерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстары түрінде оқу жоспарлары және (немесе) бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.
15. Қашықтан оқыту бойынша оқу процесін қамтамасыз ету мақсатында Академия келесі оқу-әдістемелік құжаттарды әзірлейді:
1) оқу жоспарлары мен оқу бағдарламалары;
2) дәріс және практикалық, оның ішінде бейне дәрістер, кейстік тапсырмалар түріндегі материалдар кіретін оқу материалдары;
3) оқу сабақтарының кестесі;
4) білімнің кіріс және шығыс бақылауын, аралық тестілік емтихандық тапсырмалар өткізуге арналған материалдар.
16. Оқу жоспарлары, оқу бағдарламалары мен оқу сабақтарының кестесі оқыту тілінде әзірленеді және оларды уәкілетті адамдар бекітеді.
17. Қашықтан оқытуды өткізу үшін Академия құқық қорғау органдарының кадр қызметтерімен өзара іс-қимыл жасай отырып, құрамында жиырмадан кем емес білім алушылар тобын қалыптастырады.
18. Оқу процесін тиісті түрде ұйымдастыру және жүзеге асыру үшін ақпараттық-білім беру порталының мүмкіндіктерін, қолдану тәртібін, сондай-ақ тиісті оқу курсы бойынша сабақ кестесін Академия құқық қорғау органдарының кадр бөлімшелерінің назарына жеткізеді.
19. Қашықтан оқыту кезеңінде Академияның бейінді Институты оқу процесін есепке алады, бақылау, мониторинг жүргізеді және құқық қорғау органдарының кадр қызметтерімен өзара іс-қимыл жасайды.
20. Қашықтан оқыту кезеңінде оқу процесіне бақылауды жүргізу мақсатында аралық тестілік және (немесе) кейстік тапсырмаларды белгілеуге жол беріледі, оларды орындамаған жағдайда білім алушы одан әрі қашықтан оқуға және қорытынды тестілеуді тапсыруға жіберілмейді.