ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.
2. Инвестициялық саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2022 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін, осы бұйрықпен бекітілетін қоса беріліп отырған кейбір бұйрықтар тізбесінің 2-тармағының он төртінші және он бесінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі |
А. Иргалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Бұйрықпен бекітілген |
Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. "Концессия объектісінің құнын және концессионерлер қызметін мемлекеттік қолдаудың жиынтық құнын және шығындардың орнын толтыру көздерін айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 23 ақпандағы № 24 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5604 болып тіркелген):
Концессия объектісінің құнын және концессионерлер қызметін мемлекеттік қолдаудың жиынтық құнын және шығындардың орнын толтыру көздерін айқындау әдістемесінде:
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Концессионердің инвестициялық шығындары өтемақысының сомасы концессия объектісін пайдалану кезеңі ішінде төлемдердің жиынтық шамасына тең.
Концессия объектісі бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысын жеке, сол сияқты мемлекеттік қолдаудың және мемлекеттік бюджеттен төленетін төлемдердің өзге де шараларымен бірге ұсынған кезде:
инвестициялық шығындардың өтемақысы инфляция деңгейіне индекстелмейді;
Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамаға сәйкес құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттар ескеріледі.
Инвестициялық шығындардың өтемақысын төлеу концессия объектісін пайдалануға бергеннен кейін концессия шартына сәйкес кемінде 5 (бес) жылды құрайтын мерзім ішінде тең үлестермен жүзеге асырылады.
Бұл ретте концессия шартында белгіленген инвестициялық шығындардың өтемақысын төлеу мерзімін неғұрлым ерте кезеңдерге ауыстыруға жол берілмейді.";
2. "Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудiң орындылығын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9938 болып тіркелген):
Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудiң орындылығын айқындау қағидаларында:
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. МИЖ инвестициялық ұсынысының қажетті сараптамаларын жүргізу осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды қарау және ББӘ-нің инвестициялық ұсыныстарына мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның экономикалық қорытынды әзірлеуі болып табылады.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган ББӘ-нің инвестициялық ұсыныстарын экономикалық орындылығы, жоба мақсаттарының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларында және Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларында белгіленген экономика саласын (аясын) дамыту басымдықтарына сәйкестігі тұрғысынан 20 (жиырма) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды және олар бойынша экономикалық қорытындыны ББӘ-ге жібереді.
Егер, ББӘ МИЖ-ді МЖӘ жобасын, оның ішінде концессиялық жобаны іске асыру арқылы ұсынса және МЖӘ жобасы, оның ішінде концессиялық жоба бойынша бюджеттен төленетін төлемдердің жалпы сомасы жергілікті атқарушы органның МЖӘ жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің ағымдағы жылға арналған лимитінің 2 (екі) пайызынан асатын болса мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган 1 (бір) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды ББӘ инвестициялық ұсыныстарына ұсыным тұжырымдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлғаға жібереді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлға ұсынылған деректерді бағалау негізінде 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ББӘ инвестициялық ұсынысына МИЖ-ды МЖӘ жобасын, оның ішінде концессиялық жобаны іске асыру арқылы іске асырудың негізділігі (МЖӘ қағмдаттарына және белгілеріне сәйкестігі) тұрғысынан ұсыным әзірлеп, олар бойынша ұсынымдарды осы Қағидаларға 50-қосымшаға сәйкес құрылым бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға жібереді.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаның ұсынымын (бар болған жағдайда) ескере отырып, экономикалық қорытынды дайындайды.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік инвестициялық жобаны іріктеу әдістемесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды іске асыру үшін басқалардың арасында мемлекет үшін негізгі алғышарттар (өлшемшарттар) мынадай факторлардың жиынтығы болып табылады:
1) жоба халық үшін ұзақ мерзімді кезеңге құндылық жасау мақсатында жеке әріптестің (концессионердің) инвестициялар тартуына бағдарланады;
2) жобаның мақсаты көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру болып табылады және жоба кәсіпкерлік субъектілері үшін тартымды болып табылады;
3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелер (олар қажет болғанда) көлемі жекеше әріптес (концессионер) жобаны іріктеу сатысында мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаға немесе концессиялық жобаға тартатын ақша қаражатының, оның ішінде жекеше әріптестің (концессионердің) меншікті ақша қаражатының сомасынан аспауға тиіс.
Бұл ретте, жекеше әріптестің (концессионердің) меншікті ақша қаражатымен қатысуы мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісі (концессия объектісі) құнының кемінде он пайызын құрайды;
4) жоба, республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын және концессиялық жобаларды қоспағанда, валюталық тәуекелдерді бюджет есебінен жабуды көздемейді.";
осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 50-қосымшамен толықтырылсын.
3. "Концессиялық жобаларды жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 157 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10122 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесін (бұдан әрі – тізбе) Заңның 16-бабына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган қалыптастырады.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу процесі мынадай өзара байланысты кезеңдерден тұрады:
1) әзірлеуші мемлекеттік органның бірінші басшысының не конкурстық құжаттаманы әзірлеуге жауапты мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің оны алмастыратын тұлғасының конкурстық құжаттаманы айқындауы және бекітуі.
Мемлекеттік орган жобаны басқару сапасын қамтамасыз ету үшін ведомстволық бағынысты ұйымдарды, тәуелсіз сарапшыларды, жобалау, инжинирингтік, консалтингтік және басқа да компанияларды, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдарды, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасын, кәсіпкерлік субъектілерін тарту жолымен Ведомствоаралық жобалау тобын құрады.
Ведомствоаралық жобалау тобы қызметінің мақсаты осы немесе өзге салада/аяда/өңірде концессиялық жобаны іске асырудың дәлелденген қажеттілігімен бірге конкурстық құжаттама әзірлеу болып табылады.
Ведомствоаралық жобалау тобы мынадай функцияларды жүзеге асырады:
концессиялық жобаны іске асыру бойынша келіп түскен ұсыныстар мен бастамаларды зерделейді, іріктейді, бағалайды, олардың басымдылығын айқындайды, келісімшарттың, конкурстың түрін, жер учаскелерін бөлуге, инженерлік желілерге қосуға байланысты мәселелерді және концессиялық жобаның өзге де түйінді параметрлерін айқындайды;
хаттамаға қол қою арқылы концессиялық жобаны іске асырудың орындылығы не орынсыздығы туралы ұсынымдар қабылдайды;
жоспарланған концессиялық жоба бойынша маркетингтік және өзге де қажетті зерттеулерді жүргізеді;
барлық қажетті есептеулерді, оның ішінде концессиялық жобаның алдын ала есептеулерін әзірлеуді жүргізеді;
жобаны іске асыру тетіктері бойынша ұсыныстар мен бастамаларды зерделейді;
конкурстық құжаттамаға қосу үшін ұсыныстар қалыптастырады;
концессиялық жобаны жоспарлау кезеңінен бастап концессия шартын жасасу кезеңіне дейін концессиялық жобаны дайындауға тартылған тұлғалардың есептерін тыңдайды;
келісуші уәкілетті органдар мен ұйымдардан ескертулер алуына қарай концессиялық жобаны келісу және сараптама процестері барысында оның конкурстық құжаттамасын пысықтауды жүзеге асырады. Бұл ретте сараптама немесе келісу қорытындысы бойынша қорытындыларда, бар болған жағдайда Ведомствоаралық жобалау тобы үшін жобаларды басқару жөніндегі ұсынымдар көрсетіледі;
концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасының қараудан, келісуден, сараптамадан және бекітуден өту мерзімдерінің және рәсімдерінің сақталуын қадағалайды;
2) концессиялық жобаны іске асырудың орындылығы туралы мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысына экономикалық қорытындыны қоса бере отырып, концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу мәселесін одан әрі тиісті бюджет комиссиясының қарауына шығару үшін әзірлеуші мемлекеттік орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға өтінімді енгізеді;
3) республикалық жобалар бойынша конкурстық құжаттаманы әзірлеуші мемлекеттік органның өтінімі негізінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын, оның ішінде техникалық экономикалық негіздемелерді (бұдан әрі – ТЭН) әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізуге не әзірленген жобалау-сметалық құжаттамалары (бұдан әрі – ЖСҚ) бар, сондай-ақ техникалық күрделі болып табылмайтын, концессия объектісінің нақты алаңына қолда бар ЖСҚ байланыстыра отырып, үлгі жобалар, үлгі жобалық шешімдер және қайта қолдану жобаларының негізінде іске асырылатын жобалар бойынша қорытындыны қалыптастырады және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығарады;
конкурстық құжаттаманы әзірлеуші мемлекеттік органның жергілікті жобалар бойынша өтінімі негізінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын, оның ішінде ТЭН-ін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізуге не әзірленген ЖСҚ бар, сондай-ақ техникалық күрделі болып табылмайтын, концессия объектісінің нақты алаңына қолда бар ЖСҚ байланыстыра отырып, үлгі жобалар, үлгі жобалық шешімдер және қайта қолдану жобаларының негізінде іске асырылатын жобалар бойынша қорытындыны қалыптастырады және тиісті бюджет комиссиясының қарауына шығарады;
4) конкурстық құжаттаманы әзірлеу, түзету, қажетті сараптамалар жүргізу және бекіту:
екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланбай концессионерді таңдау бойынша конкурс өткізген жағдайларда:
конкурс ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманы, оның ішінде концессиялық жобаның ТЭН-ін әзірлеуі.
Әзірленген ЖСҚ бар, сондай-ақ техникалық күрделі болып табылмайтын, үлгі жобалар, үлгі жобалық шешімдер және қайта қолдану жобаларының негізінде іске асырылатын жобалар бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейді.
Конкурстық құжаттаманы әзірлеу немесе түзету қолда бар ЖСҚ-ны концессия объектісінің нақты алаңына байланыстыра отырып жүзеге асырылады.
Қолда бар ЖСҚ-ны концессия объектісінің нақты алаңына байланыстыру концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге бөлінген қаражат шеңберінде, Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкестігі ескеріле отырып, жүзеге асырылады;
республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның, сондай-ақ концессиялық жоба табиғи монополиялар салаларына жататын жағдайда, табиғи монополия салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның келісімін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, тиісті сараптамалар мен келісулерді жүргізу үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес алдын ала қажетті сараптамалардан өткен конкурстық құжаттаманы, концессиялық жобаның ТЭН-ін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға не Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайда мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ұсынуы;
мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар осы жобаны бюджеттен қоса қаржыландыру мүмкіндігі туралы ұсынымды қамтитын конкурстық құжаттама сараптамасының оң қорытындысы негізінде концессиялық жобалар бойынша қорытындылар қалыптастырады және тиісті бюджет комиссияларының қарауына енгізеді;
тиісті бюджет комиссиялары шешімінің негізінде конкурстық құжаттаманы конкурсты ұйымдастырушының бірінші басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның бекітуі;
екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау бойынша конкурс өткізген жағдайларда:
конкурсты ұйымдастырушының техникалық тапсырманы қалыптастыруы, конкурсты ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманы әзірлеуі және бекітуі;
республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның, сондай-ақ концессиялық жоба табиғи монополиялар салаларына жататын жағдайда, табиғи монополиялар саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның келісімін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, конкурстық құжаттаманы тиісті сараптамаларды жүргізу және келісу үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға не Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайда, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ұсынуы;
мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар осы жобаны бюджеттен қоса қаржыландыру мүмкіндігі туралы ұсынымды қамтитын конкурстық құжаттама сараптамасының оң қорытындысы негізінде концессиялық жобалар бойынша қорытынды қалыптастырады және тиісті бюджет комиссияларының қарауына енгізеді;
тиісті бюджет комиссиялары шешімінің негізінде конкурстық құжаттаманы конкурсты ұйымдастырушының бірінші басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның бекітуі;
5) бюджет комиссияларының тиісті шешімдерін шығаруы;
6) егер объектілер республикалық меншікке жататын болса мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның немесе егер объектілер коммуналдық меншікке жататын болса, облыстар, республикалық маңызы бар қала және астана мәслихаттарының Заңның 16-бабының 1-тармағына сәйкес тізбені қалыптастыруы және Заңның 1-бабының 24) тармақшасына сәйкес бекітуі.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға осы тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген рәсімді өту туралы бюджет комиссияларының тиісті шешімдері шыққан күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде хабарлайды.";
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
"7-1. Концессиялық жобаны іске асыру туралы шешім Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмалары не актілері негізінде, сондай-ақ концессиялық жобаның басымдылығы мен жеделдігін ескере отырып қабылданады.
Концессиялық жобаның басымдылығын, жеделдігін айқындау кезінде уәкілетті тұлға:
Ведомствоаралық жобалау тобының ұсынымдарын назарға алады;
кәсіпкерлік субъектілерінен келіп түскен бастамалардың (осы бастамалар келіп түскен жағдайда) Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмаларына не актілеріне сәйкестігін талдайды;
инвестициялық әлеуетті, республиканың және өңірлердің даму ерекшелігі мен проблемаларын ескере отырып, іске асыру жоспарланатын концессиялық жобалардың салалық басымдылығын айқындайды;
концессиялық жобаларға басымдық беруді пайдаланады.
Концессиялық жобаларға басымдық беру шеңберінде концессиялық жобаны іске асыру орындылығының дәрежесі қаралады. Бірінші кезекте халықтың негізгі қажеттіліктерін қамтамасыз ететін жобаларды іске асыру қаралады.
Егер басым концессиялық жоба бірнешеу болса мұндай жобаларды іске асыру жеделдігінің дәрежесі айқындалады.
Бұл кезеңде концессиялық жобаның алдын ала экономикалық және әлеуметтік тиімділігі айқындалады.
Концессиялық жобалар халық үшін ұзақ мерзімді кезеңге құндылық қалыптастыруға, концессионердің инвестициялар тартуына, сондай-ақ концессиялық жобаның ерекшеліктеріне байланысты кемінде 5 (бес) жыл мерзімге концессионердің концессия объектісін пайдалануына бағдарланады.";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Конкурсты ұйымдастырушы конкурсты өткізу шарттары мен тәртібін айқындау үшін конкурстық құжаттаманы Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірлейді және оны мемлекеттік жоспарлау жөніндегі, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдармен, концессиялық жоба табиғи монополиялар салаларына тиесілі болған жағдайда, табиғи монополиялар салаларында реттеу және бақылау жөніндегі уәкілетті органмен келіседі.
Тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасына салалық қорытындыны дайындауды жүзеге асырады.
Концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасына салалық қорытынды:
1) саланың одан әрі дамуына ықпал ететін ағымдағы жай-күйінің проблемаларын;
2) концессиялық жоба мақсаттарының салада орын алған проблемаларды шешуге сәйкестігін;
3) концессионердің және концессионер ұсынатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) тұтынушылардың мүдделері теңдестірілімдігін қамтамасыз ету қағидатын негізге ала отырып, концессиялық жобаны іске асырудың балама нұсқаларын;
4) концессиялық жобаны іске асырған және мұндай іске асыру болмаған жағдайда саладағы ахуалды;
5) концессиялық жобаны іске асырудан түскен пайданы бөлуді;
6) концессиялық жобаны іске асырудың экономиканың сабақтас саласына (аясына) болжамды мультипликативті әсерін;
7) құрылыс қызметін болжайтын концессиялық жобалар бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысында қамтылмаған концессия объектісі құрамдауыштарының оңтайлылығын, жеткіліктілігін және құнын бағалауды қамтиды. Екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау бойынша конкурс өткізу кезінде конкурстық құжаттаманың құрамында концессиялық жобаның ТЭН-і және концессиялық жобаның ТЭН-іне ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысы болмаған жағдайларда, концессия объектісінің барлық құрамдауыштары бойынша оңтайлылықты, жеткіліктілікті және құнды қосымша бағалау жүргізіледі.
Концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасына салалық қорытындыны дайындау:
егер жоба республикалық болса, концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасын әзірлеу аяқталған күннен бастап;
облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органына концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасын енгізген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасының қорытындысына тиісті саланың мемлекеттік органының бірінші басшысы не оны алмастыратын тұлға қол қояды.
Конкурстық құжаттаманың мазмұны мен шарттары Заңның 17-бабына сәйкес айқындалады.
Табиғи монополиялар салаларында іске асырылатын концессиялық жобаның ТЭН-і құрамында тариф белгілеу тәртібі Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар саласындағы заңнамасының талаптарын ескере отырып әзірленеді.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу қағидаларында:
19-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) әлеуетті концессионер конкурстық құжаттамаға сәйкес толтырған және қол қойған концессиялық өтінім мыналарды да қамтуы тиіс:
Концессия шартының жобасы;
Ведомстводан тыс кешенді сараптаманың нәтижелерін қоса алғанда (концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты екі кезеңдік рәсімдерді пайдалану арқылы өткiзген жағдайда), 10-тармақтың 2) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, қажетті сараптамалар қорытындыларын қоса бере отырып, осы бұйрықпен бекітілген концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптарға сәйкес жасалған, оның ішінде қосымша ретінде мыналарды:
объектілерге күрделі жөндеуді немесе жаңғыртуды жүргізуді қаржыландыру мерзімдері (кезеңдері) мен көздерін қамтитын "Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 наурыздағы № 171 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркелу тізілімінде № 18470 болып тіркелген) сәйкес әзірленген инвестициялық бағдарламаны (болжанатын концессия объектісі табиғи монополиялар саласына жатқан жағдайда) қамтитын концессиялық жобаның ТЭН-і.
мыналарды:
тарифке (баға, алымдар мөлшерлемесі) қосылатын шығындарды қалыптастыру тәртібін;
шикізат, материалдар, отын, энергия шығыстарының техникалық және технологиялық нормалары, сондай-ақ нормативтік техникалық шығындар шегіндегі шығыстардың баптарын қалыптастыруды;
тарифті (бағаны, алымдар мөлшерлемесін) қалыптастыру кезінде ескерілмейтін шығыстар тізбесін;
инвестициялар көлемі мен инвестицияланған капиталды қайтару тәртібін;
пайданы қалыптастыруды;
негізгі құралдардың әрбір түрі бойынша тозуын есептеу әдістерінің сипаттамасын;
негізгі құралдарды және тарифтік сметада көзделетін амортизациялық есептеу құралдарын пайдалану бағыттарын қайта бағалауды жүргізуді;
объектілерге күрделі жөндеу және жаңғыртуды жүргізудің мерзімдері (кезендері) және қаржыландыру көздері.
Әлеуетті концессионер конкурсты ұйымдастырушының конкурстық құжаттамасында келтірілген маркетингтік және (немесе) институционалдық және (немесе) әлеуметтік-экономикалық шешімдерді қабылдаған жағдайда, тиісті бөлімнің осы шешімдері концессиялық өтінімнің құрамында ТЭН әзірлеу кезінде пайдаланылады (екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау бойынша конкурс өткізілген жағдайда);";
63-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"63. Концессиялық жобаларды іске асыру үшін концедент, концессионер және концессионердің кредиторлары арасындағы тікелей келісімді жасасу мынадай реттіліктегі кезеңдерден тұрады:
Заңның 26-2-бабына сәйкес концессионер және (немесе) концессионердің кредиторы концедентке тікелей келісімнің жобасын ұсынады;
концедент тікелей келісімнің жобасын қарайды және оны Заңның 19-бабының 4-тармағына сәйкес ерекше маңызы бар концессиялық жобалар бойынша Премьер-Министрдің өкімімен құрылатын Комиссияның отырысына шығарады.
Комиссия тікелей келісімнің жобасын қарайды және қажет болған жағдайда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулығына сәйкес сарапшыларды тартады;
Комиссия тікелей келісім тараптарының келіссөздері қорытындысы бойынша тікелей келісімнің түпкілікті жобасын мақұлдайды;
тікелей келісімде мемлекеттік бюджеттен шығатын шығыстары бар ережелер болса, аталған мәселе Республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығарылады;
Концессиялар жөніндегі комиссия және Республикалық бюджет комиссиясының шешімдері негізінде тікелей келісім жасасу";
4. "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12717 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау, жекеше әріптесті айқындау жөнінде конкурс және тікелей келіссөздер жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының мониторингін жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу мониторингін жүргізу және бағалау мәселелерін қамтитын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Жоспарланатын және іске асырылатын МЖӘ жобалары туралы ақпараттық қамтамасыз ету МЖӘ дамыту орталығы қалыптастыратын тиісті тізбе арқылы жүзеге асырылады.
Тізбені қалыптастыру үшін уәкілетті тұлғалар (мемлекеттік әріптестер) ай сайын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша ақпаратты, мемлекеттік міндеттемелерді өтеу және бюджеттен төленетін төлемдер кестесін, сондай-ақ МЖӘ жобаларын іске асыруға мүдделі инвесторлар бойынша ақпаратты осы Қағидаларға 1 және 1-1-қосымшаларға сәйкес қазақ және орыс тілдерінде:
жергілікті жобалар бойынша – мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының аумақтық бөлімшелерін (филиалдарын/өкілдіктерін) бір мезгілде хабардар ете отырып, есепті айдан кейінгі айдың 5 (бесінші) күніне дейінгі мерзімде ұсынады. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган ұсынылған ақпаратты жинақтайды және көрсетілген ақпаратты МЖӘ дамыту орталығына мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органды және тиісті саланың орталық уәкілетті органын бір мезгілде хабардар ете отырып, есепті айдан кейінгі айдың 10 (оныншы) күніне дейінгі мерзімде жолдайды;
республикалық жобалар бойынша – есепті айдан кейінгі айдың 10 (оныншы) күніне дейінгі мерзімде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органды бір мезгілде хабардар ете отырып, МЖӘ дамыту орталығына жолдайды.
Тізбені қалыптастыру мақсатында бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 10 (оныншы) күніне дейінгі мерзімде МЖӘ дамыту орталығына мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органды бір мезгілде хабардар ете отырып 4, 7-11, 15-23, 25-31, 33, 35, 78-93, 103-107 бағандарды қоспағанда, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысанда МЖӘ жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер мен бюджеттен төлемдер туралы ақпаратты ұсынады.
Осы Қағидаларға 1 және 1-1-қосымшаларға сәйкес ұсынылатын МЖӘ жобалары бойынша және МЖӘ жобаларын іске асыруға мүдделі инвесторлар бойынша, сондай-ақ қабылданған және орындалған мемлекеттік міндеттемелер бойынша ұсынылатын ақпараттың нысандарын толтыру жөнінде ұсынымдарды МЖӘ дамыту орталығы береді.
Уәкілетті тұлғалар жоспарланатын және іске асырылатын МЖӘ жобалары мен мемлекеттік міндеттемелер туралы ұсынылатын ақпараттың аудармасының тең түпнұсқалылығын, толықтығын, сапасын және анықтығын қамтамасыз етеді.
МЖӘ дамыту орталығы уәкілетті тұлғалар ұсынған ақпараттарды жинақтауды жүзеге асырады және есепті айдан кейінгі айдың 15 (он бесінші) күніне дейін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жолдайды, сондай-ақ өзінің интернет-ресурсында орналастырады.
МЖӘ дамыту орталығы жоспарланатын және іске асырылатын МЖӘ жобалары мен мемлекеттік міндеттемелер туралы ақпаратты МЖӘ мәселелері бойынша зерттеулер жүргізу, ұсынымдар әзірлеу және тиісті жарияланымдар үшін пайдаланады.";
71-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"71. Жекеше әріптесті айқындау конкурс тәсілімен, оның ішінде:
ашық конкурс жолымен;
екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып;
оңайтылған тәртіппен жүргізіледі.
Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада Заңның 31-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес конкурс түрін айқындайды.
Конкурс Заңның 31-бабына сәйкес жабық болуы мүмкін.";
74 және 75-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"74. Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы жекеше әріптесті айқындау үшін конкурстық (аукциондық) комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрады.
Комиссияның төрағасы конкурсты (аукционды) ұйымдастырушының бірінші басшысы (конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы жергілікті атқарушы орган болған жағдайда – облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімінің орынбасарынан төмен емес) болып табылады.
Комиссия хатшысы конкурсты (аукционды) ұйымдастырушының құрылымдық бөлімше басшысының орынбасарынан төмен емес өкілі болып табылады.
Комиссияның құрамына мемлекеттік жоспарлау жөніндегі, бюджетті атқару жөніндегі орталық не жергілікті (жобаны іске асыру деңгейіне байланысты) уәкілетті органдардың (республикалық деңгейде іске асырылатын жобалар бойынша құрылымдық бөлімше басқармасының басшысынан төмен емес, жергілікті деңгейде іске асырылатын жобалар бойынша құрылымдық бөлімше басшысынан төмен емес) өкілдері, Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының өкілдері енгізіледі.
Бұл ретте, егер МЖӘ жобасында мемлекеттік міндеттемелер көзделмеген жағдайда Комиссияның құрамына бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның өкілін қосу міндетті емес.
Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы жарғылық капиталға қатысу үлестерінің немесе дауыс беретін акцияларының елу және одан көп пайызы мемлекетке тікелей немесе жанама түрде тиесілі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар болған жағдайларда Комиссия құрамына тиісті саланың уәкілетті органының өкілі (өкілдері) де қосылады.
Комиссия құрамына өзге мемлекеттік органдардың, ұйымдардың өкілдері қосылуы мүмкін.
Комиссияның жұмыс органы конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы болып табылады.";
75. Комиссия мынадай фукнцияларды жүзеге асырады:
1) конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы Комиссия отырысына енгізген біліктілік іріктеу нәтижелері бойынша әлеуетті жекеше әріптесті конкурсқа (аукционға) қатысушы ретінде тану туралы шешім қабылдау (жекеше әріптесті айқындау бойынша конкурсқа (аукционға) қатысуға рұқсат беру туралы хаттама);
2) біліктілік іріктеуден өткен конкурсқа (аукционға) қатысушылардың конкурстық (аукциондық) өтінімдерін қарау және іріктеу;
3) үздік конкурстық (аукциондық) өтiнiмдi айқындау;
4) конкурстық (аукциондық) өтінімі үздік деп танылған әлеуетті жекеше әріптеспен не жалғыз әлеуетті жекеше әріптеспен МЖӘ шартының талаптарын нақтылау бойынша келіссөздер жүргізу;
5) өтініш берушіні жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс (аукцион) жеңімпазы деп тану;
6) конкурсты (аукционды) өтпеді деп тану;
7) жекеше әріптесті айқындау бойынша конкурсты (аукционды) өткізу үшін қажетті, оның ішінде осы Қағидаларда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Комиссияның шешімдері хаттамамен ресімделеді.
Комиссияның шешімі дауыс беру арқылы қабылданады және егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Осы Комиссияның кез келген мүшесі Комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда ерекше пікір білдіреді, оны Комиссия отырысы өткізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Комиссияның жұмыс органына жібереді және оны Комиссияның жұмыс органы хаттамаға қоса береді.
Комиссияның отырысына Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, Комиссияның отырысы заңды болып есептеледі (кворум болса).
Комиссия отырыстарының хаттамаларына отырысқа қатысқан Комиссияның мүшелері, сондай-ақ Комиссияның хатшысы қол қояды.
Отырыста Комиссияның төрағасы болмаған не ол болмаған кезеңде оны алмастыратын адам болмаған жағдайда Комиссияның отырысы өткізілмейді.";
77-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"77. Техникалық күрделі және (немесе) бірегей болып табылатын жобалар бойынша жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты өткізу туралы ақпаратты МЖӘ дамыту орталығына конкурстық құжаттаманың электрондық көшірмесін жібере отырып және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға бір мезгілде хабарлай отырып, конкурсты ұйымдастырушы өзінің ресми интернет-ресурсында орналастырады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының барлық аумағына таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында (кемінде біреу), МЖӘ дамыту орталығының интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты өткізу күніне дейін кемінде күнтізбелік 60 (алпыс) күн бұрын, ал жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты қайта өткізу кезінде кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын орналастыруды қамтамасыз етеді.
МЖӘ дамыту орталығы жоба МЖӘ Бірыңғай деректер базасында болған жағдайда конкурсты өткізу туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсына орналастырады.
Қалған жобалар бойынша – жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты өткізу күніне дейін кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын, ал жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты қайта өткізу кезінде кемінде күнтізбелік 15 (он бес) күн бұрын.
Қайталама конкурс бұрын бекітілген конкурстық құжаттама негізінде сараптамалар мен келісулерден өтпей, бірақ конкурс өтпеді деп танылған кезден бастап күнтізбелік бір жылдан кешіктірілмей конкурс өткізілмеді деп танылған жағдайда өткізіледі.
Хабарламаны өзге де интернет-ресурстарда және мерзімді баспасөз басылымдарында қосымша орналастыруға жол беріледі.
Бұл ретте көрсетілген мерзімдер хабарламаның Қазақстан Республикасының барлық аумағына таралатын мерзімді баспасөз басылымында алғашқы жариялану күнінен бастап есептеледі.";
79-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"79. Конкурсты ұйымдастырушы жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап, әлеуетті жекеше әріптеске (оның уәкілетті өкіліне) конкурстық құжаттаманың көшірмесін қағаз немесе электрондық жеткізгіште ұсынады.
Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмесін арнайы құрылған интернет-ресурс (веб-портал) немесе электрондық поштамен ұсынады.
Конкурстық құжаттаманың көшірмесі қағаз жеткізгіште әлеуетті жекеше әріптестің сұрау салуы бойынша Заңның 37-бабының 3-тармағына сәйкес ұсынылады.";
82-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"82. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы түсіндіру үшін әлеуетті жекеше әріптестермен Заңның 37-бабының 6-тармағына сәйкес кездесу өткізеді.
Бұл ретте конкурсты ұйымдастырушы осы кездесу барысында ұсынылған, дереккөздерін көрсетпей конкурстық құжаттаманы түсіндіру туралы сұрау салуларды, сондай-ақ осы сұрау салуларға жауаптарды қамтитын хаттаманы әзірлейді.
Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы хаттама ресімделген және қол қойылған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей Комиссияға және конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы ұсынған барлық әлеуетті жекеше әріптестерге аталған хаттаманың көшірмесін жібереді.";
130 және 131-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"130. Бұл кезеңде әлеуетті жекеше әріптес уәкілетті тұлғаға мыналарды:
әлеуетті жекеше әріптестің атауы мен мекенжайы;
мемлекетке тиесілігі (заңды тұлғалар үшін), азаматтығы (жеке тұлғалар үшін);
заңды тұлғалардың басшылары немесе иелері және әлеуетті жекеше әріптеске өкілдік ететін тұлғалар туралы деректер;
осы Қағидалардың 128-тармағына сәйкес объектіге қатысты меншік немесе ұзақ мерзімге жалға алу құқығын не әлеуетті жекеше әріптеске тиесілі зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелеріне айрықша құқықтарды растайтын құжаттар;
Бұл ретте ұзақ мерзімге жалға алу құқығының және/немесе зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелеріне айрықша құқықтардың аяқталу мерзімі жоспарланған МЖӘ жобасын іске асыру мерзімінен кемінде 12 (он екі) айға ұзақ болуы тиіс.
әлеуетті жекеше әріптесте зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелеріне айрықша құқықтардың болуы туралы тиісті уәкілетті мемлекеттік органның растау хаты;
Әлеуетті жекеше әріптестің зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелеріне айрықша құқықтарының болуын растайтын құжатқа қосымша "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" 1996 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Патент заңына, "Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы" 2001 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қалыптастырылатын тиісті Мемлекеттік тізілімнен (бұдан әрі - Мемлекеттік тізілім) үзінді көшірме ұсынылады.
Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздерге қатысуға өтінім енгізілген уәкілетті тұлға әлеуетті жекеше әріптестің зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелеріне айрықша құқықтарын болуын растайтын құжаттың дұрыстығын Мемлекеттік тізілімге не тиісті уәкілетті мемлекеттік органға өтініш жіберу арқылы тексереді;
осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес құрылым бойынша әзірленген МЖӘ жобасына бизнес-жоспарды қамтитын жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздерге қатысуға өтінім енгізеді. Бұл ретте МЖӘ жобасының қаржы-экономикалық моделін МЖӘ жобасының бастамашысы әзірлейді және МЖӘ жобасына бизнес-жоспардың құрамында ұсынылады.
Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздерге қатысуға арналған өтінім МЖӘ шартын жасасудың офертасы болып табылады.";
131. Егер жоба 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" тұрғын үй - коммуналдық дамыту мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй салуды болжаса, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздерге қатысуға арналған өтінім берілген уәкілетті тұлға, оның түскен күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде немесе 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде:
түскен өтінім шеңберінде тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге іс жүзінде қажеттілікті көрсете отырып, жобаның техникалық күрделі және (немесе) бірегей болып табылатын жобаларға жататынын көрсете отырып, МЖӘ жобасын іске асырудың қажеттігін;
таңдап алынған жекеше әріптесті айқындау тәсілінің негізділігін;
"Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудiң орындылығын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9938 болып тіркелген) сәйкес МЖӘ жобасының өлшемшарттарына сәйкестігін айқындайды.
Егер, әлеуетті жекеше әріптес бастамашылық жасаған жергілікті МЖӘ жобасы бойынша бюджеттен берілетін төлемдер сомасы МЖӘ жобалары бойынша жергілікті атқарушы органның мемлекеттік міндеттемелерінің ағымдағы жылға арналған лимитінің 2 (екі) пайызынан асқан жағдайда, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздерге қатысуға өтінім енгізілген уәкілетті орган 1 (бір) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, МЖӘ жобасы бойынша зерттеулер жүргізу және/немесе ұсынымдар әзірлеу үшін МЖӘ орталығын тарту жағдайларын қоспағанда осы Қағидалардың 130-тармағында көрсетілген құжаттарды МЖӘ жобасына бизнес-жоспарға ұсыным әзірлеу мақсатында, осы МЖӘ дамыту орталығына жібереді.
МЖӘ дамыту орталығы ұсынылған деректерді бағалаудың негізінде 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде МЖӘ жобасына бизнес-жоспарға МЖӘ жобасын жүзеге асыру негізділігі (МЖӘ принциптері мен сипаттамаларына сәйкестігі) тұрғысынан ұсыным әзірлейді және осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті органға ұсынымдар жібереді.
Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздерге қатысуға арналған өтінімді қараудың қорытындысы бойынша уәкілетті тұлға қорытындыны дайындау кезінен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде немесе 1 (бір) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, егер жоба 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" тұрғын үй - коммуналдық дамыту мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй салуды болжаса, бірінші басшының, ол болмаған жағдайда оны ауыстыратын тұлғаның немесе ол уәкілеттік берген тұлға қол қойған, МЖӘ жобасына бастамашылық жасаған әлеуетті жекеше әріптеске жіберілетін МЖӘ дамыту орталығының ұсынымын (бар болған жағдайда) ескере отырып, қорытынды дайындайды.
Бұл ретте экономикалық орындылығы, оның ішінде болжанып отырған мемлекеттік қолдау шараларын, жекеше әріптестің шығындарын өтеу және кіріс алу көздерін беру мүмкінділі осы қағидалардың 3-тарауының 13-параграфына сәйкес МЖӘ жобасына бизнес-жоспардың сараптамасы шеңберінде айқындалады.
Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздерге қатысуға өтінім берілген уәкілетті тұлға түскен өтінімді нақтылау және (немесе) талқылау мақсатында, әлеуетті жекеше әріптестен қосымша материалдарды сұратады және (немесе) хаттама (хаттамалар) ресімдей отырып, алдын ала келіссөздер жүргізеді.
Ұсынылған өтінімді нақтылау және (немесе) талқылау қажеттігі туралы хабарлама жолданған күннен бастап әлеуетті жекеше әріптес қажетті ақпарат ұсынған күнге және (немесе) алдын ала келіссөздердің соңғы хаттамасына қол қойған күнге дейін уәкілетті тұлға қорытынды дайындау мерзімін тоқтата тұрады.
Ұсынылған өтінімді нақтылау және (немесе) талқылаудың қорытындысы бойынша әлеуетті жекеше әріптес бұған дейін енгізілген өтінімді түзете алады.
Алдын ала келіссөздерге қатысудан жазбаша түрде бас тартқан, өтінімді қайтарып алған және (немесе) қажетті ақпаратты әлеуетті жекеше әріптес хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күнінен аспайтын мерзімде бермеген жағдайда, енгізілген жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздерге қатысуға арналған өтінім қаралмайды.";
3-тарау мынадай мазмұндағы 16-параграфпен толықтырылсын:
"16-параграф. Жекеше әріптесті айқындау жөнінде аукцион өткізу.
164-1. Жекеше әріптесті аукцион өткізу арқылы айқындау МЖӘ жобасы төмендегі барлық белгілерге сәйкес келген:
МЖӘ мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдау (жалға алу) түріндегі МЖӘ шартын жасасу арқылы іске асырылған;
мемлекеттік әріптес мемлекеттік қолдау шараларын бермеген;
мемлекеттік әріптес МЖӘ субъектілеріне бюджеттен төлем жүргізуді болжамаған жағдайларда жүзеге асырылады.
164-2. Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі аукционды ұйымдастыру және өткізу мынадай дәйекті сатылар:
1) аукциондық құжаттаманы әзірлеу және келісу;
2) аукционды ұйымдастырушы жекеше әріптесті айқындау бойынша аукцион өткізу туралы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органды бір мезгілде хабардар ете отырып, әлеуетті жекеше әріптестерді хабардар етуі;
3) аукционды ұйымдастырушының жекеше әріптесті айқындау бойынша аукционға қатысуға ниет білдірген тұлғаларға аукциондық құжаттар көшірмесін ұсынуы;
4) аукциондық құжаттаманың көшірмесін алған тұлғаларға оның ережелерін түсіндіру, талқылау және түзету;
5) біліктілік іріктеуді өткізу;
6) әлеуетті жекеше әріптестің аукциондық өтінімді енгізуі және оны қамтамасыз етуі;
7) аукцион өткізу және жекеше әріптесті айқындау;
8) аукционның қорытындыларын шығару және МЖӘ шартын жасасу арқылы жүзеге асырылады.
164-3. Жекеше әріптесті айқындау бойынша аукционды өткізу туралы ақпаратты конкурсты ұйымдастырушы өзінің ресми интернет-ресурсында орналастырады, сондай-ақ жекеше әріптесті айқындау жөніндегі аукцион өткізілетін күнге дейін кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын, ал жекеше әріптесті айқындау жөнінде қайталама аукцион өткізілген кезде кемінде күнтізбелік 15 (он бес) күн бұрын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органды бір мезгілде хабардар ете отырып, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жариялау қамтамасыз етеді.
Қайталама аукцион бұрын келісулерден өтпей бекітілген аукциондық құжаттаманың негізінде, бірақ аукцион өтпеді деп танылған кезден бастап күнтізбелік бір жылдан кешіктірілмей аукцион өткізілмеді деп танылған жағдайда өткізіледі.
164-4. Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі аукционды өткізу туралы ақпарат МЖӘ жобасы туралы мәліметтерді, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі аукционды өткізу күні, орны және уақыты туралы мәліметтерді қамтиды.
164-5. Аукционды ұйымдастырушы жекеше әріптесті айқындау жөніндегі аукционды өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап, әлеуетті жекеше әріптеске (оның уәкілетті өкіліне) аукциондық құжаттаманың көшірмесін қағаз немесе электрондық жеткізгіште ұсынады.
Аукциондық құжаттаманы әзірлеу және келісу Заңның 37-бабына сәйкес жүргізіледі.
Аукционды ұйымдастырушы аукциондық құжаттаманың көшірмесін әлеуетті жекеше әріптестің (оның уәкілетті өкілінің) сұрауын алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей арнайы құрылған интернет-ресурс (веб-портал) немесе электрондық пошта арқылы береді.
Аукциондық құжаттаманың көшірмесі қағаз жеткізгіште әлеуетті жекеше әріптестің сұрау салуы бойынша сұрау салу алынған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.
Аукционды ұйымдастырушы ұсынылған аукциондық құжаттама үшін аукциондық құжаттаманың көшірмесін жасау шығынынан аспайтын төлемді алады.
164-6. Аукционды ұйымдастырушы:
1) аукциондық құжаттаманың көшірмесін алуға арналған, тиісінше ресімделген әлеуетті жекеше әріптес өкілінің өкілеттіктерін құжаттық растаудың болуын тексереді;
2) әлеуетті жекеше әріптестің немесе оның уәкілетті өкілінің құжаттаманың көшірмесін алу үшін ақы төлегені туралы құжаттық растаудың болуын тексереді;
3) аукциондық құжаттаманы алған тұлғаларды тіркеу журналына қажетті мәліметтерді (реттік нөмірі, алған уақыты мен күні, әлеуетті жекеше әріптестің атауы, мекенжайы және өзге де мәліметтер) енгізеді;
4) әлеуетті жекеше әріптестің уәкілетті өкіліне аукциондық құжаттаманың көшірмесін қол қою арқылы ұсынады;
5) жекеше әріптесті айқындау жөніндегі аукционды өткізу үшін қажетті, оның ішінде осы Қағидаларда көзделген өзге де функцияларды орындайды.
164-7. Аукциондық құжаттаманы алған тұлғалар қажет болған жағдайда аукционды ұйымдастырушыға Заңның 37-бабына сәйкес аукциондық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салумен жүгінеді.
Аукционды ұйымдастырушы Заңның 37-бабына сәйкес аукциондық құжаттамаға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізе алады.
164-8. Аукционды ұйымдастырушы аукциондық құжаттаманы түсіндіру үшін әлеуетті жекеше әріптестермен кездесу өткізеді.
Бұл ретте аукционды ұйымдастырушы осы кездесу барысында ұсынылған, дереккөздері көрсетілмеген аукциондық құжаттаманы түсіндіру туралы сұрау салуларды, сондай-ақ осы сұрау салуларға жауаптарды қамтитын хаттаманы әзірлейді.
Аукционды ұйымдастырушы аукциондық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы хаттама ресімделген және қол қойылған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей Комиссияға және аукционды ұйымдастырушы аукциондық құжаттама ұсынған барлық әлеуетті жекеше әріптестерге осы хаттаманың көшірмесін жібереді.
164-9. Егер аукциондық құжаттама ережелерін түсіндіру бойынша әлеуетті жекеше әріптестермен кездесу әлеуетті жекеше әріптестердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің аукциондық құжаттамада белгіленген кездесуді өткізу күні мен уақытында келмеуі себебінен өткізілмеген жағдайда, аукционды ұйымдастырушы көрсетілген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде мұндай факт туралы Комиссияны жазбаша түрде хабардар етеді.
164-10. Әлеуетті жекеше әріптестердің олардың қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсыныуы аукциондық құжаттамада көрсетілген мерзімде жүзеге асырылады.
164-11. Аукционды ұйымдастырушы әлеуетті жекеше әріптестердің Заңның 32-бабында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындау мақсатында біліктілік іріктеуді құжаттарды ұсыну мерзімі аяқталған кезден бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Әлеуетті жекеше әріптестердің белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі анықталған жағдайда, аукционды ұйымдастырушы әлеуетті жекеше әріптеске тиісті құжаттарды ұсыну мерзімдерін көрсете отырып, анықталған сәйкессіздіктерді жою жөнінде хабарлайды.
Хабарламаны жолдаған күннен бастап және тиісті құжаттарды ұсынғанға дейін біліктілік іріктеуді өткізу мерзімдері тоқтатыла тұрады.
Тиісті құжаттарды хабарламада белгіленген мерзімнен кеш ұсынған не оларды уақтылы ұсынбаған әлеуетті жекеше әріптес біліктілік талаптарына сәйкес емес деп танылады.
Біліктілік іріктеу нәтижелері аукционды ұйымдастырушының әлеуетті жекеше әріптестердің Заңның 32-бабында бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігі не сәйкес еместігі туралы қорытындысы түрінде ресімделеді.
164-12. Біліктілік іріктеу нәтижелері Комиссияның қарауына шығарылады.
Комиссия біліктілік іріктеуден өткен әлеуетті жекеше әріптестерді айқындайды және оларды тиісті хаттаманы (жекеше әріптесті айқындау жөніндегі аукционға қатысуға рұқсат беру туралы хаттама) ресімдей отырып, аукцион қатысушылары деп таниды.
Заңның 32-бабында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін әлеуетті жекеше әріптес біліктілік іріктеуден өтті деп есептеледі.
Аукционға қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы аукционды ұйымдастырушы Комиссияның шешімі қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде әлеуетті жекеше әріптестерге жолдайды.
164-13. Аукциондық өтінім әлеуетті жекеше әріптестің аукциондық құжаттамада белгіленген талаптар мен шарттарға келісім білдіру нысаны болып табылады.
Аукциондық өтінім аукциондық құжаттамада белгіленген нысан бойынша жазбаша түрде ресімделеді.
164-14. Аукциондық өтінімді әлеуетті жекеше әріптестер оларды ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін нөмерленген және қол қойылған беттермен тігілген түрде ұсынады, соңғы беті, әлеуетті жекеше әріптестің толық атауы мен пошталық мекенжайын (егер ол "кешіккен" болып жарияланса, аукциондық өтінімді қайтару мақсатында), аукционды ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайын, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі аукционның атауын, сондай-ақ "(жекеше әріптесті айқындау жөніндегі аукцион атауын көрсету) жөніндегі аукционға қатысуға өтінім" деген мазмұндағы мәтінді көрсете отырып оның қолы куәландырылады.
164-15. Белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін ұсынылған аукциондық өтінімі аукциондық өтінімдерді тіркеу журналында тіркелмейді және әлеуетті жекеше әріптеске қайтарылады.
164-16. Аукциондық құжаттамада белгіленген мерзім ішінде аукционды ұйымдастырушы аукциондық өтінімдерді қабылдайды.
Аукционды ұйымдастырушы:
1) әлеуетті жекеше әріптестің атынан аукциондық өтінімді ұсынған әлеуетті жекеше әріптестің өкілінің өкілеттігін құжаттамалық растаудың болуын тексереді;
2) тиісінше ресімделген аукциондық өтінімдерді қабылдайды және аукциондық өтінімдерді тіркеу журналына енгізеді;
3) аукциондық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін енгізілген аукциондық өтінімге өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайды;
4) аукциондық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін оны қайтарып алған жағдайда аукциондық өтінімді қайтаруды қамтамасыз етеді.
164-17. Әлеуетті жекеше әріптестің аукциондық өтінімі Заңның 38-бабында көзделген жағдайларда қабылданбайды.
164-18. Аукциондық өтінімді қамтамасыз ету Заңның 39-бабына сәйкес енгізіледі.
164-19. Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі аукционды өткізу бағаны көтеру әдісімен жүргізіледі.
164-20. Аукциондық құжаттамада көрсетілген мерзімдерде үш аукциондық өтінімнен аз өтінім ұсынылған жағдайда және (немесе) аукциондық өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша аукционға қатысуға жіберілген әлеуетті жекеше әріптестердің саны үштен кем болған жағдайда аукцион өткізілмеген болып есептеледі.
Аукционның болмайтыны туралы ақпарат Комиссия тиісті шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде аукционды ұйымдастырушының интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жариялануы тиіс.
164-21. Аукционға қатысуға жіберілген және аукционның қатысушылары ретінде тіркелген әлеуетті жекеше әріптестер аукционға қатысады.
Аукцион аукционды өткізу туралы хабарламада көрсетілген күнге сәйкес күні өткізіледі.
Аукционды ұйымдастырушы аукционды өткізу күніне дейін кемінде он жұмыс күні бұрын аукционға қатысуға жіберілген әлеуетті жекеше әріптестерге аукционды өткізу күні, уақыты және орны туралы хабарлайды.
Аукционға қатысушылардың өкілдерін тіркеу аукцион өткізуді бастаудан бір сағат бұрын басталып, оның басталуына бес минут қалғанда аяқталады.
Аукционның тіркелген қатысушылары өткізіліп отырған аукционның аудио- және бейнетіркелуін жүргізеді.
Аукцион ашық нысанда, аукционға қатысушылардың аукциондық құжаттамада көрсетілген МЖӘ шарты мәнінің бастапқы бағасынан бастап аукцион қадамына бағаның өсуі бойынша өз ұсыныстарын хабарлауы арқылы өткізіледі.
Аукцион қадамының шамасы бастапқы бағаның бес пайызынан елу пайызына дейін құрайды.
Аукционға қатысушыларға берілген тіркеу нөмірлері бар тақтайшалар беріледі егер олар осы соманы мәлімдеуге дайын болса, оны кезекті бағаны жариялағаннан кейін көтереді.
164-22. Аукцион аукционға қатысушылардың санын, МЖӘ объектісі туралы мәліметтерді, оның негізгі сипаттамаларын, сондай-ақ оны ұсыну шарттарын, аукционды жүргізу тәртібін, бастапқы бағаны және аукцион қадамын жариялаудан басталады.
164-23. Аукционды өткізу кезінде аукционға қатысушылар ағымдағы ең төменгі бағаны аукцион қадамының шамасына арттыруды көздейтін баға туралы ұсыныстар береді.
164-24. Аукционды ұйымдастырушы аукцион қадамының шамасына ұлғайтылған оның бастапқы бағасына тең бірінші мәнді хабарлайды.
Егер бірінші мән хабарланып, осы мән үш рет қайталанғаннан соң аукционға қатысушылардың бір де біреуі өзінің тіркеу нөмірі көрсетілген тақтайшасын көтермесе, аукцион тоқтатылады және өткізілмеген болып танылады.
164-25. Аукционға қатысушы ағымдағы ең төмен ұсыныс болмаған жағдайда аукцион қадамының шамасына қарамастан, бастапқы бағадан жоғары баға туралы ұсыныс береді.
164-26. Бір тақтайша көтерілген жағдайда аукционды ұйымдастырушы өз тақтайшасын көтерген аукционға қатысушының тіркеу нөмірін атайды. Бірнеше тақтайша көтерілген жағдайда аукционды ұйымдастырушы өз тақтайшасын бірінші болып көтерген аукционға қатысушының тіркеу нөмірін атайды.
Аукцион қадамдарының өту ведомостына аукционды ұйымдастырушы атаған аукционға қатысушының нөмірі ғана енгізіледі.
Аукционды ұйымдастырушы әрбір келесі мәнді ағымдағы мәнді аукцион адымының шамасына ұлғайту жолымен белгілейді.
164-27. Аукцион қорытындыларын шығару және МЖӘ шартын жасасу.
Ең жоғары баға ұсынған әлеуетті жекеше әріптес аукцион жеңімпазы болып танылады.
Аукционның нәтижелері ол өткізілген күні жарияланады және Комиссияның барлық қатысқан мүшелері қол қоятын хаттамамен рәсімделеді. Хаттаманың көшірмесі аукцион жеңімпазына тапсырылады.
Аукцион нәтижелері ол өткізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде аукционды ұйымдастырушының интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жариялануы тиіс.
Аукционды ұйымдастырушы аукционның қорытындылары шығарылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде МЖӘ шартын аукцион жеңімпазына қол қою үшін жібереді.
Аукцион жеңімпазы МЖӘ шартын алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде МЖӘ шартына қол қояды.
164-28. Аукционды ұйымдастырушы аукцион жеңімпазынан МЖӘ шартын алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде онымен МЖӘ шартын жасасады және аукцион жеңімпазына оның қол қойылған данасын жібереді.
Аукцион жеңімпазы 164-27-тармақта көрсетілген мерзім ішінде өз тарапынан қол қойылған МЖӘ шартын ұсынбаған жағдайда, мұндай тұлға МЖӘ шартын жасасу құқығынан айырылады.
164-29. Аукцион:
осы Қағидалардың 164-20 және 164-24-тармақтарында белгіленген жағдайларда өткізілмеген болып танылады.";
170-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"170. Жасалған МЖӘ шартына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу Заңда, осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен, сондай-ақ МЖӘ шартына сәйкес жүзеге асырылады.
Жасалған МЖӘ шартына ұсынылатын өзгерістер және (немесе) толықтырулар МЖӘ шартының жобасы түрінде (МЖӘ шартына қосымша келісім) ресімделеді.
Қосымша келісім жобасы мүдделі мемлекеттік органдармен келісілуі тиіс.
МЖӘ шартына, оның ішінде МЖӘ жобасын іске асырудың мониторингі және (немесе) бағалануы нәтижелері бойынша өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу мақсатында мемлекеттік әріптес жекеше әріптеспен мүдделі мемлекеттік органдармен қосымша келісу қорытындылары бойынша МЖӘ шартына қосымша келісім жасасады.
Жасалған МЖӘ шартына жекеше әріптестің МЖӘ объектісін пайдалану кезеңін алып тастау бөлігінде өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілмейді.
Тиісті бюджеттік комиссияның қарауынсыз мемлекеттік міндеттемелердің мөлшерінің өзгеруіне алып келетін МЖӘ шартын өзгертуге жол берілмейді.
Заңның 46-бабының 1-тармағында көрсетілген МЖӘ шартының талаптары елеулі болып табылады және тараптардың келісімі бойынша осындай өзгерістердің (бюджет шығыстары ұлғайтылмаған, мемлекеттік кіріс ұлғайған) оң бюджеттік тиімділігі (ақшалай мәнде) жағдайында, сондай-ақ егер мұндай өзгерістер МЖӘ шартында көзделген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сапалық сипаттамаларына және (немесе) көлеміне және (немесе) қолжетімділігіне қойылатын талаптарды төмендетпесе, сондай-ақ МЖӘ жобасының экономикалық және әлеуметтік тиімділігі сақталған (ұлғайған) жағдайда ғана өзгертілуі мүмкін.";
185-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"МЖӘ жобаларының іске асырылуын бағалау жобаның қаржылық параметрлерін және қабылданған мемлекеттік міндеттемелерді көрсете отырып, мониторинг деректерінің негізінде МЖӘ шартына сәйкес МЖӘ іске асыру бойынша іс-шараларды және жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізуді талдау процесі болып табылады.";
1-2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
3-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес 8-қосымшамен толықтырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін құру және (немесе) реконструкциялау құнын және мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілерін мемлекеттік қолдау мен шығындарын өтеу көздерінің жиынтық құнын есептеу әдістемесінде:
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20. МЖӘ жобасы бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысын (бұдан әрі – ИШӨ) жеке, сол сияқты мемлекеттік қолдаудың және мемлекеттік бюджеттен төленетін төлемдердің өзге де шараларымен бірлесіп ұсынған кезде:
ИШӨ инфляция деңгейіне индекстелмейді;
Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамаға сәйкес құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттар ескеріледі.
ИШӨ төлеу МЖӘ объектісін пайдалануға енгізгеннен кейін МЖӘ шартына сәйкес кемінде 5 (бес) жылды құрайтын мерзім ішінде тең үлестермен жүзеге асырылады.
Бұл ретте МЖӘ шартында белгіленген ИШӨ төлеу мерзімін неғұрлым ерте кезеңдерге ауыстыруға жол берілмейді." .
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің (ББӘ) мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) жобасын іске асыру жолымен мемлекеттік инвестициялық жобаны (МИЖ) іске асыру туралы инвесциялық ұсынысына арналған ұсынымның құрылымы
Жобаның атауы | Жобаның атауы көрсетіледі |
ББӘ атауы | Уәкілетті тұлғаның (мемлекеттік әріптестің, бюджеттік бағдарлама әкімшісінің) атауы көрсетіледі |
Жобаның қысқаша сипаттамасы | Жобаның қысқаша сипаттамасы, ұсынылатын жобаны іске асыру шешетін мәселелер көрсетіледі |
Мақсаты | Жобаның мақсаты, сандық және сапалық көрсеткіштер көрсетіледі |
Түпкілікті нәтиже | Жобаны іске асырудың түпкілікті нәтижесі, сандық және сапалық көрсеткіштер көрсетіледі |
Тікелей нәтиже | Жобаны іске асырудың тікелей нәтижесі, сандық және сапалық көрсеткіштер көрсетіледі |
Жобаның құны | Жобаның құны: МЖӘ шартының мерзімі ішінде түрлендірілетін барлық шығыстар мен табыстар көрсетіледі |
Объектінің құны | Жобаның (құру, салу, реконструкциялау және т.б.) құны көрсетіледі |
Жобаның мерзімі | Жобаның мерзімі көрсетіледі |
Шығындарды өтеу және табыс алу көздері, мемлекеттік қолдау шаралары | Бюджеттен сұралатын төлемдердің, ақылы қызметтерің сомалары, түрлері және мерзімдері көрсетіледі |
Жобаны басқарудың болжамды институционалдық схемасы | Жобаға қатысушылардың өзара әрекеттесу; теңгерім ұстаушылардың пайдалары мен шығындарын бөлу схемасы; инвестициялық және инвестициялықтан кейінгі кезеңді басқару схемасы көрсетіледі |
Әлеуметтік-экономикалық әсер | Әлеуметтік-экономикалық әсерлер (бюджетке түрлері бойынша бөліністегі түсімдер, құрылатын жұмыс орындары және басқалар), олардың құны (бар болған жағдайда) көрсетіледі |
Ұсынылған құжаттардың заңнама талаптарына сәйкестігі | Осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмейтін құжаттардың тізбесі көрсетіледі |
МЖӘ міндеттеріне, қағидаларына және белгілеріне сәйкестігі | Жобаның МЖӘ міндеттеріне, қағидаттарына және белгілеріне сәйкестігі көрсетіледі |
Ұсынымдар | Ұсынылған ақпарат негізінде ұсынымдар |
Салалық қорытынды
_________________________________
(оң не теріс қорытынды көрсетіледі)
1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі - МЖӘ) жобасы бойынша қысқаша ақпарат.
1) Салалық сараптама жүргізетін салалық мемлекеттік органның атауы (құны төрт миллион айлық есептік көрсеткіштен асатын жергілікті МЖӘ жобалары бойынша не республикалық МЖӘ жобалары бойынша) не жергілікті салалық мемлекеттік органның атауы (жергілікті МЖӘ жобалары бойынша) көрсетіледі.
2) Жобаны іске асыру саласы (аясы) (экономиканың саласы (аясы) көрсетіледі).
3) Салалық сараптама объектісі (конкурстық құжаттама не МЖӘ жобасына бизнес-жоспар көрсетіледі).
4) МЖӘ жобасының атауы (жоспарланған жобаның мәнін көрсететін МЖӘ жобасының атауы көрсетіледі).
5) МЖӘ жобасының қуаты (тиісті өлшем бірліктерінде жобаның қуаты көрсетіледі).
6) Іске асыру орны (жобаны іске асыру орны көрсетіледі (мекенжайы не талаптары не орналасқан жерінің сипаттамасы).
7) МЖӘ объектісі (МЖӘ объектісінің атауы және ол туралы негізгі ақпарат көрсетіледі).
8) Іске асыру мерзімдері мен кезеңдері (жобаны іске асыру мерзімдері мен кезеңдері жылдармен көрсетіледі).
9) Жобаның құны (жобаның болжамды құны мың теңгемен, шығындарды өтеу және кірістер алу көздерінің жоспарланатын құны, Заңға сәйкес мемлекеттік қолдаудың болжамды шаралары және мемлекеттің қатысу нысандары көрсетіледі).
10) Жобаның нәтижесі (МЖӘ жобасының тікелей және түпкілікті нәтижесі көрсетіледі).
2. Негізгі бөлім (төменде көрсетілген кіші бөлімдердің әрқайсысы бойынша бағалау нәтижелерін (оң не теріс) қамтиды).
1) Саланың одан әрі дамуына әсер ететін ағымдағы жай-күйінің проблемаларын бағалау.
2) МЖӘ жобасы мақсаттарының саладағы бар проблемаларды шешуге сәйкестігін бағалау.
3) МЖӘ жобасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкестігін бағалау, оның ішінде тиісті салада (аяда, өңірде) тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге қажеттіліктің болуын, сондай-ақ МЖӘ жобасының болжамды түпкілікті нәтижесінің болуын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмаларына не актілеріне сәйкестігін көрсету.
4) Ұсынылатын схема бойынша МЖӘ жобасын іске асырудың мүмкіндігі мен орындылығын бағалау.
5) МЖӘ жобасының техникалық күрделілігін және (немесе) бірегейлігін бағалау.
6) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 қарашадағы № 710 қаулысымен бекітілген мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру үшін, оның ішінде концессияға беруге жатпайтын объектілер тізбесіне МЖӘ объектісінің тиесілігін бағалау.
7) Жекеше әріптестің және жекеше әріптес ұсынатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) тұтынушылардың мүдделерінің теңгерімділігін қамтамасыз ету қағидатын негізге ала отырып, МЖӘ жобасын іске асырудың балама нұсқаларын бағалау.
8) МЖӘ жобасын іске асыру және мұндай іске асыру болмаған жағдайларда саладағы жағдайды бағалау.
9) МЖӘ жобасын іске асырудан түсетін пайданы, оның ішінде халық үшін құндылық қағидатын негізге ала отырып бөлуді бағалау.
10) Жобаны іске асырудан экономиканың аралас салаларына (аясына) болжамды мультипликативтік әсерді бағалау.
11) Шығындарды өтеу мен табыс алудың, мемлекеттік қолдау мен баға шешімдерінің ұсынылатын көздерін бағалау, оның ішінде инвестициялық және операциялық шығындардың барлық құрамдауыштары бойынша баға-сапа арақатынасының оңтайлылығын бағалау.
12) Конкурстық құжаттамада көзделген технологиялық, техникалық шешімдерді, оның ішінде іске асыру кестесін бағалау.
13) МЖӘ жобасын іске асыру нәтижесінде құрылатын объектінің жоспарланатын физикалық параметрлері мен техникалық сипаттамаларын бағалау.
14) Құрылыс қызметін көздейтін МЖӘ жобалары бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысында қамтылмаған МЖӘ объектісі құрамдауыштарының оңтайлылығына, жеткіліктілігіне және құнына қосымша бағалау жүргізіледі. Екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып жекеше әріптесті айқындау бойынша конкурсты өткізу кезінде конурстық құжаттама құрамында МЖӘ жобасының ТЭН-і және МЖӘ жобасының ТЭН-іне ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысы болмаған жағдайда МЖӘ объектісінің барлық құрамдауыштары бойынша оңтайлылықты, жеткіліктілікті және құнды бағалау қосымша жүргізіледі.
3. Салалық қорытындының нәтижелері бойынша тұжырымдар (тұжырымдамаларда жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша МЖӘ жобасын қолдау туралы (оң қорытынды) не жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша МЖӘ жобасын қолдамау туралы (теріс қорытынды) салалық мемлекеттік органның ұстанымы көрсетіледі).
Әлеуетті жекеше әріптестердің өздерінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растауы үшін ұсынатын құжаттар тізбесі:
1) өз шоттарында ақшаның болуын, әлеуетті жекеше әріптестің меншік құқығын және жылжитын және жылжымайтын мүліктің құнын растайтын құжаттардың түпнұсқалары немесе нотариат куәландырған көшірмелері;
2) "Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 2, 13, 14, 15, 16, 17, 18, және 19-баптарына не халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес жасалған толық алдыңғы екі қаржы жылының қаржылық есептілігінің түпнұсқасы. Егер әлеуетті жекеше әріптес қызметін екі жылдан аз жүзеге асырса, қаржылық есептілік мемлекеттік тіркелген сәттен басталған кезеңге ұсынылады. Еншілес ұйымдары бар ұйымдар негізгі ұйым қызметі жөніндегі қаржылық есептілікке қосымша "Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына не халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасайды және ұсынады. Ерекше маңызы бар МЖӘ жобаларына қатысты, егер әлеуетті жекеше әріптес МЖӘ жобасын іске асыру мақсатында жеке және (немесе) заңды тұлғалар құрған жаңа заңды тұлға болып табылса, онда мұндай құжаттаманы осындай әлеуетті жекеше әріптестің құрылтайшысы болып табылатын жеке және (немесе) заңды тұлғалар ұсынады;
3) әлеуетті жекеше әріптестің бірінші басшысының немесе уәкілетті өкілінің қолы қойылған және әлеуетті жекеше әріптестің мөрімен куәландырылған соңғы есепті күнге (соңғы қаржы жылындағы) "Негізгі құралдар" бухгалтерлік балансының баптарының таратылып жазылуы;
4) әлеуетті жекеше әріптестің бірінші басшысының немесе уәкілетті өкілінің қолы қойылған және әлеуетті жекеше әріптестің мөрімен куәландырылған, олардың қалыптасқан күні мен болжамды өтеу күні, сондай-ақ берешектің мақсаты (не үшін берешек пайда болды), оларды құнсыздандыру бойынша есептелген резервтердің сомасы көрсетілген соңғы есепті күнге (соңғы қаржы жылындағы) дебиторлық және кредиторлық берешектің таратылып жазылуы. Банктік қарыздар болған жағдайда банктік қарыздар шарттарының көшірмелерін негізгі борышты және пайыздарды өтеу кестелерімен қоса беру қажет;
5) әлеуетті жекеше әріптестің төлем қабілеттілігі, оның таратылуға жатпайтыны, мүлкіне тыйым салынбағаны, оның қаржылық-шаруашылық қызметінің тоқтатылмағаны, әлеуетті жекеше әріптестің жасалған МЖӘ шарттары бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін соңғы үш жыл ішінде заңды күшіне енген сот шешімі негізінде жауапкершілікке тартылмағаны туралы кепілхат.
Ерекше маңызы бар МЖӘ жобалары бойынша әлеуетті жекеше әріптестің мұндай тұлға конкурс жеңімпазы болып танылған жағдайда, МЖӘ шартын жасасу мақсаты үшін мұндай тұлға, егер мұндай заңды тұлға МЖӘ жобасын іске асыру мақсатында конкурстық өтінім беру сатысында құрылмаса, конкурс жеңімпазы мемлекеттік әріптеске МЖӘ шартында айқындалған көлемде және талаптарда осындай жаңа заңды тұлғаның міндеттемелерін орындаудың банктік кепілдіктерін ұсынған жағдайда МЖӘ шартының тарапы болатын жаңа заңды тұлғаны құратыны туралы кепілхатының түпнұсқасы;
6) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде міндетті түрде аудит өткізу белгіленген заңды тұлғалар да соңғы қаржы жылы үшін аудиторлық есепті ұсынады;
7) заңды тұлға қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда, заңды тұлға нотариат куәландырған жарғысының көшірмесін ұсынады. Қазақстан Республикасының резиденті еместер мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріне аударылған сауда тізілімінен нотариат куәландырған заңдастырылған үзіндіні ұсынады;
8) тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы анықтама;
9) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға тиісті мемлекеттік орган берген заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін, жеке сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, нотариат куәландырған жеке бас куәлігінің (төлқұжат) көшірмесін ұсынады;
10) әлеуетті жекеше әріптеске қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының қолы мен мөрі қойылған, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының қаулысымен бекітілген екінші деңгейдегі банктер мен ипотекалық компаниялардағы Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарына сәйкес банк немесе банк филиалы алдындағы әлеуетті жекеше әріптес міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдында үш айдан астам мерзімі өткен берешегі жоқ екендігі туралы анықтамасының түпнұсқасы. Егер әлеуетті жекеше әріптес бірнеше екінші деңгейдегі банктердің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетел банкінің клиенті болып табылса, аталған анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады.
"Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабына сәйкес кредиттік бюро беретін кредиттік есепті ұсынуға рұқсат етіледі.
Банк анықтамасы (не кредиттік есеп) конкурсты ұйымдастырушыға құжаттарды ұсыну күнінің алдындағы екі айдан аспайтын мерзімге беріледі.
Конкурсқа жеке және (немесе) заңды тұлғалардың бірлестіктері қарапайым серіктестік нысанында қатысқан жағдайда қарапайым серіктестіктің өкілі біліктілік талаптарын растау үшін осы Қағидаларда белгіленген құжаттардан басқа мынадай құжаттарды:
бірлескен қызмет туралы шарттың нотариат куәландырған көшірмесін;
қарапайым серіктестік мүшелері арасында жасалған ортақ жауапкершілік туралы шарттың нотариат куәландырған көшірмесін;
конкурс шеңберінде қарапайым серіктестік атынан келіссөздерді және басқа да іс-шараларды жүзеге асыратын оның өкіліне арналған сенімхаттың нотариат куәландырған көшірмесін қоса ұсынады.
Әлеуетті жекеше әріптестер өздерінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды өз қалауы бойынша ұсынады.
Қазақстан Республикасының резиденті емес әлеуетті жекеше әріптес өздерінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін Қазақстан Республикасының резиденттері ұсынатын құжаттарды не конкурстық құжаттаманың тілдеріне аударылған нотариат куәландырған аудармамен Қазақстан Республикасының резиденті емес әлеуетті жекеше әріптес біліктілігі туралы ұқсас мәліметтерді қамтитын құжаттарды, сондай ақ резиденттіктің апостиль қойылған сертификатын (егер халықаралық шартпен өзгеше көзделмесе) ұсынады.
МЖӘ объектісі ақпараттық ресурстар және (немесе) ақпараттық жүйелер болған жағдайда әлеуетті жекеше әріптес ақпараттық ресурстарға және (немесе) ақпараттық жүйелерге меншік және (немесе) ие болу құқығы туралы құжаттарды ұсынады.
Жергілікті МЖӘ жобасына бизнес-жоспарға ұсынымның құрылымы
Жобаның атауы | Жобаның атауы көрсетіледі |
ББӘ атауы | Уәкілетті тұлғаның (мемлекеттік әріптестің, бюджеттік бағдарлама әкімшісінің) атауы көрсетіледі |
Әлеуетті жекеше әріптестің атауы | Әлеуетті жекеше әріптестің атауы көрсетіледі |
Жобаның қысқаша сипаттамасы | Жобаның қысқаша сипаттамасы, ұсынылатын жобаны іске асыру шешетін мәселелер көрсетіледі |
Мақсаты | Жобаның мақсаты, сандық және сапалық көрсеткіштер көрсетіледі |
Түпкілікті нәтиже | Жобаны іске асырудың түпкілікті нәтижесі, сандық және сапалық көрсеткіштер көрсетіледі |
Тікелей нәтиже | Жобаны іске асырудың тікелей нәтижесі, сандық және сапалық көрсеткіштер көрсетіледі |
Жобаның құны | Жобаның құны: МЖӘ шартының мерзімі барысында түрлендірілетін барлық шығыстар мен кірістер көрсетіледі |
Объектінің құны | Жобаның (құру, салу, қайта құру және өзге) құны көрсетіледі |
Жобаның мерзімі | Жобаның мерзімі көрсетіледі |
Шығындарды өтеу және табыс алу көздері, мемлекеттік қолдау шаралары | Бюджеттен сұралатын төлемдердің, ақылы қызметтерің сомалары, түрлері және мерзімдері көрсетіледі |
Жобаны басқарудың болжамды институционалдық схемасы | Жобаға қатысушылардың өзара іс-қимылы; теңгерім ұстаушылардың пайдалары мен шығындарын бөлу схемасы; инвестициялық және инвестициялықтан кейінгі кезеңді басқару схемасы көрсетіледі |
Әлеуметтік-экономикалық әсер | Барлық әлеуметтік-экономикалық әсерлер (бюджетке түрлері бойынша бөліністегі түсімдер, құрылатын жұмыс орындары және басқалар), олардың құны (бар болған жағдайда) көрсетіледі |
Ұсынылған құжаттардың заңнама талаптарына сәйкестігі | Осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмейтін құжаттардың тізімі көрсетіледі |
МЖӘ міндеттеріне, қағидаттарына және белгілеріне сәйкестігі | Жобаның МЖӘ міндеттеріне, қағидаттарына және белгілеріне сәйкестігі көрсетіледі |
Ұсынымдар | Берілген ақпарат негізінде ұсынымдар |