"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 1), 47), 65-2) және 69) тармақшаларына, "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 46-бабының 10 және 10-1-тармақтарына және "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының әкімшілік деректер жинау және есептілік ұсыну мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір қаулыларының тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.
2. Қаржы нарығының статистикасы департаменті (Боранбаева А.М.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Қасенов А.С.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Ақпарат және коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметі (Адамбаева Ә.Р.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары А.М. Баймағамбетовке жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы |
Е. Досаев |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту агенттігі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
| Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2021 жылғы 19 сәуірдегі № 37 Қаулыға қосымша |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының әкімшілік деректер жинау және есептілік ұсыну мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір қаулыларының тізбесі
1. "Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 203 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14365 болып тіркелген, 2016 жылғы 14 қарашада "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларында:
Ескертудің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Төлем құжаттарында пайдалану үшін институционалдық бірліктерді экономика секторларының кодтары бойынша бөлу Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17274 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 маусымдағы № 139 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстанның Даму Банкінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржы секторына шолуды қалыптастыруға арналған мәліметтерді ұсынуы жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.".
2. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 02.12.2025 № 88 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 02.12.2025 № 85 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
4. "Ең төмен резервтік талаптар туралы қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 229 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19679 болып тіркелген, 2019 жылғы 9 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ең төмен резервтік талаптар туралы қағидаларда:
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Ең төмен резервтік талаптар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 маусымдағы № 139 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 17274 болып тіркелген) бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Даму Банкінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының және Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Ұлттық Банкіне қаржы секторына шолуды қалыптастыруға арналған мәліметтерді ұсынуы жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес ұсынылатын күн сайынғы мәліметтер негізінде есептеледі.".
5. "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру брокері есептілігінің тізбесін, нысандарын, табыс ету мерзімдерін және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 275 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19927 болып тіркелген, 2020 жылғы 20 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірмеде:
9-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"1) жеке сақтандыру бойынша:
сақтандыру сыйлықақылары бөлігінде - сақтанушының тұрақты тұру (тіркелу) орны, заңды мекенжайы;
сақтандыру төлемдері бөлігінде - сақтандырылушының тұрақты тұру (тіркелу) орны, заңды мекенжайы.".
| Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының әкімшілік деректер жинау және есептілік ұсыну мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір қаулыларының тізбесіне 1-қосымша |
Ескерту. 1-қосымшаның күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 02.12.2025 № 88 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
| Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының әкімшілік деректер жинау және есептілік ұсыну мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір қаулыларының тізбесіне 2-қосымша |
Ескерту. 2-қосымшаның күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 02.12.2025 № 88 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
| Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының әкімшілік деректер жинау және есептілік ұсыну мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір қаулыларының тізбесіне 3-қосымша |
Ескерту. 3-қосымшаның күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 02.12.2025 № 88 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
| Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының әкімшілік деректер жинау және есептілік ұсыну мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір қаулыларының тізбесіне 4-қосымша |
|
| Нысан |
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 02.12.2025 № 85 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
| Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының әкімшілік деректер жинау және есептілік ұсыну мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір қаулыларының тізбесіне 5-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 02.12.2025 № 85 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.