ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Өзгерістер мен толықтыру енгізілетін Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесін реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.
2. Бағалы қағаздар нарығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы Тізбенің 2021 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілетін 4-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы |
М. Абылкасымова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Басқармасының 2021 жылғы 17 ақпаны № 33 Қаулыға қосымша |
Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесін реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
1. "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің есебінен инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 шілдедегі № 199 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8672 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2013 жылғы 2 қазанда № 148 (2349) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің есебінен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді, инвестициялық портфельді басқарушы туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау қағидаларын бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің есебінен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді, инвестициялық портфельді басқарушы туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің есебінен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді, инвестициялық портфельді басқарушы туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау қағидаларында:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің есебінен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді, инвестициялық портфельді басқарушы туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау қағидалары";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің есебінен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді, инвестициялық портфельді басқарушы туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен, оның ішінде инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері есебінен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді, инвестициялық портфельді басқарушылар туралы ақпаратты, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарттар жасасқан инвестициялық портфельді басқарушылардың тізбесін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау тәртібін және мерзімдерін айқындайды.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфельдің құрылымы туралы мәліметтер ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады (орналастырылады).
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфельдің құрылымы туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфельге қатысты және инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфельге қатысты жеке жарияланады (орналастырылады).";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өзінің интернет-ресурсында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарттар жасасқан инвестициялық портфельді басқарушылардың мынадай мәліметтерді қамтитын тізбесін (бұдан әрі – басқарушылардың тізбесі) орналастырады:
1) инвестициялық портфельді басқарушының атауы;
2) инвестициялық портфельді басқарушының орналасқан жері, байланыс телефондарының нөмірлері, электрондық поштасының мекенжайы және интернет-ресурсының домені;
3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен инвестициялық портфельді басқарушының арасында зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт жасалған күн мен нөмір;
4) инвестициялық портфельді басқарушыға берілген зейнетақы активтерін сақтауды және есепке алуды жүзеге асыратын кастодиан банктің атауы.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры инвестициялық портфельді басқарушымен зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт жасалғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде инвестициялық портфельді басқарушы туралы мәліметтерді бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының интернет-ресурсында орналастырылған басқарушылар тізбесіне енгізеді.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен инвестициялық портфельді басқарушы арасында жасалған зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт бұзылған кезде инвестициялық портфельді басқарушы туралы мәліметтер ол бұзылғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде басқарушылар тізбесінен алып тастауға жатады.";
Қағидаларға қосымша осы Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесін реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Зейнетақы активтерін есепке алуды және бағалауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 26 ақпандағы № 24 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9274 болып тіркелген, 2014 жылғы 7 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Зейнетақы активтерін есепке алу мен бағалауды жүзеге асыру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Зейнетақы активтерін есепке алу мен бағалауды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және зейнетақы активтерін есепке алу және бағалау тәртібін айқындайды.";.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) акциялардың баланстық құны - уәкілетті органымен келісілген қор биржасының ережесіне сәйкес осы акциялардың эмитентінің қаржылық есептіліктің негізінде айқындалатын акциялардың құны;
2) бағалаушы - лицензиялар негізінде мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) бағалау және (немесе) зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым;
3) борыштық қаржы құралының номиналды құны - шығарылымы кезде айқындалған, пайызда көрсетілген сыйақы, сондай-ақ оны өтеу кезінде борыштық қаржы құралының ұстаушысына төлеуге жататын сомасы есептелетін борыштық қаржы құралы құнының ақша көрінісі. Борыштық қаржы құралының номиналды құны осы борыштық қаржы құралы шығарылымының проспектісі негізінде айқындалады;
4) жинақтаушы зейнетақы қоры - зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті жүзеге асырған, лицензиясының қолданысы Заңның 73-бабының 4-тармағына сәйкес тоқтатылатын заңды тұлға;
5) инвестициялық портфельді басқарушы (бұдан әрі – ИПБ) – өзінің атынан және мүддені көздеп және зейнетақы активтері есебінен "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес лицензия негізінде инвестициялық портфельді басқару қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ уәкілетті органның зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды жүзеге асыруға арналған талаптарына сәйкес келетін бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы;
6) қаржы құралының ағымдағы құны - бухгалтерлік есепте көрсетілген, негізгі борыш, есептелген сыйақы, амортизацияланбаған сыйлықақы (дисконт), құнын оң (теріс) түзету, резервтер (провизиялар) қамтылатын қаржы құралының құны;
7) қаржы құралының әділ құны - Қағидалардың 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 16, 30, 31-2, 31-3, 32, 32-1, 34, 35, 39, 40, 41, 42 және 43-1-тармақтарына сәйкес айқындалатын құн;
8) құрылымдық ноттар - шығарылым шарттары негізгі борыш сомасының төлемі және (немесе) оларды шығару шартында берілген көрсеткіштеріне жетуге дейін осы қаржы құралдар бойынша сыйақының байланысын көздейтін Қазақстан Республикасының резидент эмитенттері шығарған қаржы құралдары;
9) өтімді емес борыштық бағалы қағаздар – құны (кірістілігі) қор биржасының директорлар кеңесі бекіткен бағалы қағаздарды бағалау әдістемесінде (бұдан әрі – Биржа әдістемесі) белгіленген борыштық бағалы қағаздардың құнын анықтау критерийлеріне қарай есептелмейтін борыштық бағалы қағаздар;
10) уәкілетті орган - қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.";
28, 29, 30-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"28. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің бухгалтерлік есебі Нұсқаулыққа және Стандартқа сәйкес жүзеге асырылады.
29. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қаржы активтері "әділ құны бойынша бағаланатын" санат бойынша жіктелінеді:
1) 2021 жылғы 1 наурызға дейін "амортизацияланған құны бойынша бағаланатын" санатына жатқызылған, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қаржы активтері, олар қаржы активін нақты өтегенге дейін амортизацияланған құны бойынша не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі инвестициялық комитетінің шешімі бойынша кейіннен қайта сыныптау мүмкіндігінсіз "әділ құны бойынша бағаланатын" санатына қайта сыныпталады;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы, экономиканы дамыту бағдарламалары шеңберінде сатып алынатын, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі инвестициялық комитетінің шешімі бойынша "амортизацияланған құны бойынша бағаланатын" активтер санатына жіктелуі мүмкін қаржы активтері.";
30. Қазақстан Республикасының резидент- ұйымдарының өтімді жай және артықшылықты акцияларын бағалау апта сайын аптаның бірінші жұмыс күнінің соңындағы жағдай бойынша Биржа әдістемесіне сәйкес айқындалатын құн бойынша жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының резидент-ұйымдарының өтімді депозитарлық қолхаттарын бағалау Bloomberg немесе Reuters ақпараттық-талдау жүйелері ұсынған алдыңғы сауда күнінің соңындағы сұраныс бағасы (bіd prіce) бойынша аптаның бірінші жұмыс күнінің соңындағы жағдай бойынша апта сайын жүзеге асырылады.";
31-2 және 31-3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"31-2. Бұрын өтімді деп танылған, бірақ қайта бағалау күніне Қағидалардың 31-тармағында белгіленген өтімділік шарттарына сәйкес келуді тоқтатқан Қазақстан Республикасының резидент-ұйымдарының жай және артықшылықты акцияларын (депозитарлық қолхаттарды) бағалау осы бағалы қағаздар мынадай:
1) Қағидалардың 43-1-тармағына сәйкес осы акциялардың (депозитарлық қолхаттардың) әділ құнын айқындау;
2) Қағидалардың 31-тармағына сәйкес осы акцияларды (депозитарлық қолхаттарды) өтімді деп тану күндердің бірі басталғанға дейін өтімді деп танылған соңғы кезеңдегі сұраныс бағасы (bіd prіce) бойынша жүзеге асырылады.
31-3. Қазақстан Республикасының бейрезидент- ұйымдарының жай және артықшылықты акцияларын, депозитарлық қолхаттарын бағалау Bloomberg немесе Reuters ақпараттық - талдау жүйелері ұсынған алдыңғы сауда күнінің соңындағы сұраныс бағасы (bіd prіce) бойынша аптаның бірінші жұмыс күнінің соңындағы жағдай бойынша апта сайын жүзеге асырылады.
Bloomberg немесе Reuters ақпараттық-талдау жүйелерінде нарықтық бағалар туралы ақпарат болмаған жағдайда, көрсетілген бағалы қағаздарды бағалау үшін мынадай:
Қағидалардың 43-1-тармағына сәйкес осы бағалы қағаздардың әділ құнын айқындау;
Bloomberg немесе Reuters ақпараттық-талдау жүйелерінде осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес оларды қайта бағалау үшін қажетті ақпараттың пайда болуы оқиғаларының ірі басталғанға дейін олардың бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфеліндегі ағымдағы құны пайдаланылады.";
32-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"32-1. "Әділ құны бойынша бағаланатындар" санатына жатқызылған, тек қана халықаралық (шетелдік) нарықтарда айналыста болатын (саудаланатын) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарын бағалау Bloomberg (басымдылық тәртібіндегі көздер: MLІX, BVAL, BGN) немесе Reuters ақпараттық-талдау жүйелері ұсынған алдыңғы сауда күнінің соңындағы сұраныс бағасы (bіd prіce) бойынша аптаның бірінші жұмыс күнінің соңында апта сайын жүзеге асырылады.
Bloomberg немесе Reuters ақпараттық-талдау жүйелерінде нарықтық бағалар туралы ақпарат болмаған жағдайда, көрсетілген бағалы қағаздарды бағалау үшін мынадай:
Қағидалардың 43-1-тармағына сәйкес осы бағалы қағаздардың әділ құнын айқындау;
Bloomberg немесе Reuters ақпараттық-талдау жүйелерінде осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес оларды қайта бағалау үшін қажетті ақпараттың пайда болуы оқиғаларының бірі басталғанға дейін олардың бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфеліндегі ағымдағы құны пайдаланылады.";
34, 35 және 35-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"34. Қазақстан Республикасының аумағында және халықаралық (шетелдік) нарықтарда айналыста болатын (саудаланатын), "әділ құны бойынша бағаланатындар" санатына жатқызылған борыштық бағалы қағаздарды бағалау аптаның бірінші жұмыс күнінің соңында Bloomberg (дерекөздер басымдылық тәртібімен: MLІX, BVAL, BGN) немесе Reuters ақпараттық-талдау жүйелерінің деректері бойынша алдыңғы сауда-саттық күнінің соңындағы сұраныс бағасы (bіd prіce) бойынша апта сайын жүзеге асырылады.
Нарықтық баға туралы ақпарат Bloomberg немесе Reuters ақпараттық-талдау жүйелерінде болмаған жағдайда, аталған борыштық бағалы қағаздарды бағалау үшін төмендегі оқиғалардың бірі орын алғанға дейін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфеліндегі ағымдағы құны пайдаланылады:
Қағидалардың 43-1-тармағына сәйкес аталған бағалы қағаздардың әділ құнын айқындау;
осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес оларды қайта бағалау үшін қажетті ақпараттың Bloomberg немесе Reuters ақпараттық-талдау жүйелерінде пайда болуы.
35. Халықаралық (шетелдік) нарықтарда ғана айналыста болатын (саудаланатын) және "әділ құны бойынша бағаланатындар" санатына жатқызылған борыштық бағалы қағаздарды бағалау аптаның бірінші жұмыс күнінің соңында Bloomberg (дерекөздер басымдылық тәртібімен: MLІX, BVAL, BGN) немесе Reuters ақпараттық-талдау жүйелерінің деректері бойынша алдыңғы сауда-саттық күнінің соңындағы сұраныс бағасы (bіd prіce) бағасы бойынша апта сайын жүзеге асырылады.
Нарықтық баға туралы ақпарат Bloomberg немесе Reuters ақпараттық-талдау жүйелерінде болмаған жағдайда, аталған борыштық бағалы қағаздарды бағалау үшін төмендегі оқиғалардың бірі орын алғанға дейін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфеліндегі ағымдағы құны пайдаланылады:
Қағидалардың 43-1-тармағына сәйкес аталған бағалы қағаздардың әділ құнын айқындау;
осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес оларды қайта бағалау үшін қажетті ақпараттың Bloomberg немесе Reuters ақпараттық-талдау жүйелерінде пайда болуы.
35-1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқаруындағы және олардың шетелдік ұйымға сенімгерлік басқаруға берілген зейнетақы активтерінің әділ құны бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ауқымды шетелдік кастодианы ұсынған активтердің нарықтық құны туралы түпкілікті есептер негізінде бір айда кемінде бір рет түзетіледі.";
43-1, 43-2, 44 және 45-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын;
"43-1. Мынадай қаржы құралдарын:
1) бағалаушы бағалаған күні Қағидалардың 31-тармағына сәйкес өтімді деп танылмайтын Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының акцияларын (депозитарлық қолхаттарын);
2) Қазақстан Республикасының аумағында ғана айналыста болатын (саудаланатын) және "әділ құны бойынша бағаланатындар" санатына жатқызылған борыштық бағалы қағаздарын;
3) олар бойынша бағалаушы бағалаған күні Bloomberg немесе Reuters ақпараттық-талдау жүйелерінде нарықтық бағалар туралы ақпарат болмайтын Қағидалардың 34 және 35-тармақтарында көрсетілген борыштық бағалы қағаздарды;
4) құрылымдық ноттарды;
5) Қағидалардың 30, 31-3, 32, 32-1, 34, 35, 39, 40, 41, 42 және 43-тармақтарында көрсетілмеген өзге қаржы құралдарын бағалау бағалаушы жүргізген бағалаудың қорытындысы бойынша белгіленген осы қаржы құралдарының соңғы әділ құны бойынша жүзеге асырылады.
Жоғарыда көрсетілген қаржы құралдарының әділ құны бағалаушы "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізген бағалау нәтижелері бойынша кемінде тоқсанына бір рет түзетіледі.
Тәуелсіз бағалау бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен сатып алынған және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және (немесе) ИПБ-ның бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен бағалаушы арасында жасалған сенімгерлік басқаруындағы қаржы құралдарына тәуелсіз бағалау жүргізу туралы шарт негізінде жүргізіледі.
Қағидалардың 44-тармағында көрсетілген оқиғалар туындаған кезде жоғарыда көрсетілген қаржы құралдарының әділ құнын бағалаушы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен бағалаушы арасында жасалған қаржы құралдарына тәуелсіз бағалау жүргізу туралы шартқа сәйкес түзетуге жатады.
Жоғарыда көрсетілген қаржы құралдары бойынша бағалаушы жүргізген бағалау нәтижелері бойынша әділ құны болмаған жағдайда, есептеуге бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфеліндегі осы қаржы құралдарының соңғы ағымдағы құны қабылданады.
Қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бастамасы бойынша бағалаушы осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес бағалауды жүзеге асыратын қаржы құралдарының тізбесіне "амортизациялық құны бойынша бағаланатын" санатында ескерілетін борыштық бағалы қағаздар кіреді.
43-2. Артықшылықты акциялар бойынша дивиденттерді қоса алғанда, бағалы қағаздар бойынша осындай бағалы қағаздар бойынша дефолт басталған күннен бастап эмитент дефолт жіберілген бағалы қағаздар бойынша міндеттемелерді орындау күніне дейін күнтізбелік 90 (тоқсан) күн өткен соң есептелмейді.
44. Дефолт болған және (немесе) эмитент дефолт және (немесе) банкроттығы туралы жариялаған және (немесе) эмитент таратылған жағдайларда:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы қаржы активтері бойынша "амортизацияланған құны бойынша бағаланатын" санаттан "әділ құны бойынша бағаланатын" санатқа қайта сыныптау;
2) бағалау Қағидалардың 43-4-тармағына сәйкес жүзеге асырылатын қаржы активтері бойынша бағалаушы жүргізген бағалау нәтижелері бойынша осы қаржы құралдарының соңғы әділ құны бойынша айқындалған күннен кейін осы қаржы құралдарының құны бағалаушы жүргізген бағалау нәтижелері бойынша олардың әділ құны айқындалған сәтке дейінгі олардың ағымдағы құнының 50%-ы мөлшерінде азайту жүргізіледі;
3) банктік салымдар мен дебиторлық берешек бойынша олардың ағымдағы құны бойынша 50% мөлшерінде резервтер (провизиялар) құру.
Банктік салымдар мен дебиторлық берешек бойынша міндеттемелер толық орындалмаған жағдайда дефолт күнінен бастап 180 күн өткеннен кейін ағымдағы құны бойынша 100% мөлшерінде резервтер (провизиялар) құру.
45. Қағидалардың 44-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қаржы активтерін қайта жіктеу:
1) бағалау Қағидалардың 32-1, 34, 35-тармақтарына сәйкес жүргізілетін қаржы құралдары бойынша Bloomberg (дерекөздер басымдылық тәртібімен: MLІX, BVAL, BGN) немесе Reuters ақпараттық-талдау жүйелерінің деректері бойынша алдыңғы сауда-саттық күнінің соңындағы сұраныс бағасы (bіd) бағасы бойынша;
2) бағалау Қағидалардың 32-тармағына сәйкес жүргізілетін қаржы құралдары бойынша Биржа әдістемесіне сәйкес белгіленетін алдыңғы сауда-саттық күнінің соңындағы құны туралы деректер негізінде;
3) бағалау Қағидалардың 43-1-тармағына сәйкес жүргізілетін қаржы құралдары бойынша бағалаушы жүргізген бағалау нәтижелері бойынша белгіленген осы қаржы құралдарының соңғы әділ құны бойынша жүзеге асырылады.
Осы тармақтың 1), 2) 3) тармақшаларында көрсетілген ақпарат болмаған жағдайда, қаржы құралдарын бағалауды жүзеге асыру үшін олардың бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфеліндегі ағымдағы құны пайдаланылады.".
51-тармақ алып тасталсын;
52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"52. Нұсқаулықта белгіленген тәртіппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері бойынша бухгалтерлік есепте Қағидалардың 44-бабының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес есептелген құнын түзету (резерв) көрсетіледі.".
3. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.10.2022 № 73 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.4. "Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына ауыстыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 17 шілдедегі № 137 қаулысына ("Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11974 болып тіркелген, 2015 жылғы 16 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жасау қағидалары;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың үлгілік нысаны бекітілсін.";
1-қосымша Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
2-қосымша Тізбеге 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
Нысан
Басқарудағы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфельдің құрылымы _________________________________________ (атауы)
20 __жылғы "_____" "_______________" жағдай бойынша
Эмитенттің атауы және қаржы құралының түрі | Қаржы құралының сәйкестендіргіші | Нақтылы құнның (базалық активтің) валютасы | Рейтингі | Өтеу күні |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
кестенің жалғасы |
Саны | Нақтылы құны | Ағымдағы құны | Инвестициялық портфельден үлес салмағы, % | Ескерту |
6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
"Таза" зейнетақы активтерінің ағымдағы құны ___________ мың теңге.
Кестені толтыру бойынша түсіндірмелер:
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфелінің құрылымы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы активтері бөлінісінде бөлек жарияланады.
Егер мәліметтер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерінің есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфельдің құрылымы туралы ұсынылған жағдайда, онда "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" көрсетіледі.
Егер мәліметтер инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерінің есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфельдің құрылымы туралы ұсынылған жағдайда, онда осы инвестициялық портфельді басқарушының атауы көрсетіледі.
1-бағанда қаржы құралы эмитентінің толық атауы және оның түрі (оның ішінде "кері РЕПО" операциясы нәтижесінде алынған бағалы қағаз, тазартылған бағалы металл, туынды қаржы құралы, банк депозиті және басқалары) көрсетіледі.
2-бағанда баға белгіленетін қаржы құралдарының қысқаша атауы (бірегей сәйкестендіргіші), сондай-ақ қаржы құралдары үшін халықаралық сәйкестендіру нөмірі (Іnternatіonal Securіtіes Іdentіfіcatіon Number-ІSІN) не банк депозитін ашуға арналған шарттың нөмірі көрсетіледі.
3-бағанда ол номиналданған қаржы құралының 07 ІSO 4217-2019 ҚР ҰЖ "Валюталар мен қорларды белгілеуге арналған кодтар" Қазақстан Республикасының ұлттық жіктеушісіне сәйкес валюта коды не туынды қаржы құралы бойынша базалық актив болып табылатын валюта коды көрсетіледі.
4-бағанда борыштық бағалы қағаздар үшін бағалы қағаздың қолда бар рейтингтік бағасы, акциялар (банк салымы) үшін эмитенттің (банктің) рейтингі не туынды қаржы құралдары үшін контрәріптестің рейтингі, сондай-ақ рейтингтік баға берген рейтингтік агенттіктің атауы көрсетіледі. Екі және одан да көп рейтингтік бағалар болған жағдайда рейтингтік агенттіктердің бірінің халықаралық және (немесе) ұлттық шәкілі бойынша ең жоғары рейтингтік бағасы көрсетіледі.
5-бағанда шығарылым (мәміле (шарт) талаптарына сәйкес борыштық бағалы қағаздар ("кері РЕПО" операциясы немесе банктік салым немесе туынды қаржы құралы) үшін "күні/айы/жылы" форматында өтеу (жабу) күні көрсетіледі, үлестік және өзге де мерзімсіз бағалы қағаздар үшін бұл баған толтырылмайды.
6-бағанда қаржы құралдарының саны данамен көрсетіледі.
7-бағанда бір шығарылым облигацияларының санын осы шығарылымның бір облигациясының нақтылы құнына көбейту ретінде есептелетін облигациялардың нақтылы құны мың теңгемен көрсетіледі.
8-бағанда есепті күнге есептелген сыйақыны қамтитын қаржы құралдарының ағымдағы жиынтық құны олардың құнсыздануын ескере отырып, мың теңгемен көрсетіледі.
9-бағанда қаржы құралының үлес салмағы үтірден кейін екі белгіге дейінгі дәлдікпен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелінен пайызбен көрсетіледі.
10-бағанда қаржы құралдарымен жасалатын мәміленің мәнін нақтылайтын қаржы құралдары туралы қосымша ақпарат көрсетіледі (мысалы, егер бағалы қағаз "кері РЕПО" операциясы нәтижесінде алынған жағдайда, осы бағанда тиісті белгі жасалады).
Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жасау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жасау қағидалары "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабына сәйкес әзірленді және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жасау тәртібін айқындайды.
2-тарау. Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жасау тәртібі
2. Салымшы (алушы) "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерікті зейнетақы жарнасының бастапқы сомасы немесе аударылған ерікті зейнетақы жинақтарының бастапқы сомасы түскен немесе кепілдік берілген өтемақының талап етілмеген сомасы түскен күннен бастап Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылған болып саналады.
3. Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың үлгілік нысаны салымшының (алушының) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорымен жасалатын қосылу шарты болып табылады, оның талаптарын салымшы (алушы) жалпы ұсынылған шартқа қосылу арқылы ғана қабылдайды..
4. Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың үлгілік нысаны Қордың интернет-ресурсына орналастырылады.
Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы ШАРТТЫҢ ҮЛГІЛІК НЫСАНЫ (қосылу шарты)
Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт (қосылу шарты) (бұдан әрі – Шарт) _________ (бұдан әрі - Қор) және ерікті зейнетақы жарналарының салымшысы (ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алушы) (бұдан әрі – Салымшы (Алушы)) арасында соңғысының Шарттың талаптарына қосылуы арқылы жасалды және тараптардың құқықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін, сондай-ақ Қордың және Салымшының (Алушының) арасындағы өзге де ерекшеліктерді белгілейді.
1. Шарттың мәні
1. Шарттың талаптарына сәйкес Салымшы (Алушы) ерікті зейнетақы жарналарын салады, ал Қор оларды қабылдауға және Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына және Шарттың талаптарына сәйкес міндеттерді орындауға міндеттенеді.
2. Шарт Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 389-бабының, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңның (бұдан әрі – Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң), Қордың ішкі құжаттарымен бекітілген Қордың зейнетақы қағидалары (ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша) (бұдан әрі – Қордың зейнетақы қағидалары) талаптарына сәйкес жасалатын қосылу шарты болып табылады.
Шарт, Қордың зейнетақы қағидалары, оларға өзгерістер мен толықтырулар Қордың интернет-ресурсына және Қордың филиалдарында көрінетін қолжетімді жерге орналастырылады.
3. Қорда ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу үшін жеке зейнетақы шотын ашу "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қорға түскен ерікті зейнетақы жарналары салымшысының ерікті зейнетақы жарнасының бастапқы сомасы немесе Салымшының (Алушының) басқа жинақтаушы зейнетақы қорынан аударылған ерікті зейнетақы жинақтарының сомалары не депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымнан бастапқы талап етілмеген кепілдік берілген өтем сомасы негізінде жүзеге асырылады.
Салымшы (Алушы) Қордағы ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу үшін ерікті зейнетақы жарнасының сомасы не салымшының (алушының) ерікті зейнетақы жинақтарының сомасы не бастапқы талап етілмеген кепілдік берілген өтем сомасы жеке зейнетақы шотына есептелген күннен бастап Шартқа қосылған деп саналады.
2. Тараптардың құқықтары және міндеттері
4. Қордың:
1) өз қызметі үшін комиссиялық сыйақы алуға;
2) зейнетақымен қамсыздандыруға байланысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сотта Салымшының (Алушының) мүдделерін білдіруге;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңға, сондай-ақ Қордың зейнетақы қағидаларына сәйкес Салымшының (Алушының) құқықтарына нұқсан келтірмейтін және нашарлатпайтын өзге құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
5. Қор:
1) ерікті зейнетақы жарналарын қабылдауға;
2) Шартқа және Қордың зейнетақы қағидаларына сәйкес Салымшыға (Алушыға) зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға;
3) Салымшының (Алушының) зейнетақы жинақтарының және оған төленген зейнетақы төлемдерінің жеке есебін жүзеге асыруға;
4) Салымшыға (Алушыға) оның сұратуы бойынша жеке зейнетақы шоты ашылған күннен бастап кез келген сұратылған күнгі жағдай бойынша оның зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты ақы алмай беруге, сондай-ақ Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 57-бабында көзделген ережелерді ескере отырып оның зейнетақы жинақтары туралы ақпаратқа электрондық және өзге тәсілмен қолжетімділікті қамтамасыз етуге міндетті. Егер Салымшы Зейнетақы төлемдерін алушының пайдасына ерікті зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын заңды тұлға (немесе жеке тұлға) болып табылатын болса, Қор Қазақстан Республикасы азаматтық кодексінің талаптарына сәйкес ресімделген Алушының жазбаша келісімі болған кезде Алушының зейнетақы жинақтары туралы ақпаратты Салымшығы беруге құқылы;
5) Салымшыға (Алушыға) жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жұмыс істеуі және инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызмет мәселелері бойынша өтеусіз консультациялық қызметтер көрсетуге;
6) Салымшының (Алушының) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат конфиденциалдылығын қамтамасыз етуге;
7) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасын және Қордың зейнетақы қағидаларын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілік атқаруға;
8) Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен Салымшының (Алушының) зейнетақы жинақтарын басқа жинақтаушы зейнетақы қорын немесе сақтандыру ұйымына аударуға;
9) Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 33-бабында және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген талаптар басталған жағдайларда, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңда, Шартта және Қордың зейнетақы қағидаларында белгіленген тәртіппен зейнетақы жинақтарын төлеуді жүзеге асыруға;
10) өзінің деректемелері өзгерген күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде бұл туралы Салымшыға (Алушыға) қазақ тіліндегі және орыс тіліндегі кемінде 2 (екі) мерзімді баспа басылымында хабарландыру жариялау арқылы хабарлар етуге;
11) Салымшының (Алушының) деректемелері Қордың міндеттемелерді орындауына әсер ететіндей өзгерген жағдайда, осы өзгерістерді растайтын құжаттардың және (немесе) мәліметтердің негізінде автоматтандырылған ақпараттық жүйеге тиісті өзгерістер енгізуге;
12) Өзінің Салымшыларын (Алушыларын) тең жағдайлармен қамтамасыз етуге міндетті.
6. Салымшының (Алушының):
1) Қордың зейнетақы қағидаларымен танысуға;
2) өзінің зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат алуға;
3) Қордан жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жұмыс істеуі және инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызмет мәселелері бойынша өтеусіз консультациялық қызметтер алуға;
4) Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңда және Қордың зейнетақы қағидаларында көзделген тәртіппен зейнетақы жинақтарын басқа жинақтаушы зейнетақы қорын немесе сақтандыру ұйымына аударуға;
5) Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 33-бабына, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес құқықтар туындаған кезде, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңда, Шартта және Қордың зейнетақы қағидаларында белгіленген тәртіппен зейнетақы төлемдерін алуға;
6) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен өзінің зейнетақы жинақтарын мұраға қалдыруға;
7) Қордың шешімдері, әрекеті (әрекетсіздігі) бойынша сот тәртібімен шағым жасауға;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
7. Салымшы (Алушы):
1) Қордың міндеттемелерін орындауға әсер ететін барлық өзгерістер туралы олар басталған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде растайтын құжаттарды ұсына отырып, Қорға хабарлауға міндетті.
Қордың міндеттемелерін орындауға әсер ететін өзгерістерге мыналар:
ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының телефон нөмірінің, бұрын қорға ұсынылған электрондық мекенжайдың (e-maіl);
зейнетақы төлемдерін алу мақсатында Қорға ұсынылған зейнетақы төлемдерін алушының банктік деректемелерінің өзгеруі жатады.
2) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат алу үшін қолданылатын жеке өлшемдердің (логин, пароль, электрондық мекенжай, телефон нөмірі және т. б.) сақталуын және құпиялылығын қамтамасыз етуге;
3) қасақана және/немесе абайсызда әрекет ету нәтижесінде оларға қол жеткізген үшінші тұлғалардың зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат (логин, пароль, электрондық мекенжай, телефон нөмірі және т. б.) алу үшін қолданылатын жеке өлшемдерді пайдаланғаны үшін жауапкершілік алуға;
4) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес өзге де міндеттемелерді орындауға міндетті.
3. Ерікті зейнетақы жарналарын енгізу, зейнетақы жинақтары мен зейнетақы төлемдерін аударуды жүзеге асыру тәртібі мен талаптары
8. Салымшы (Алушы) жеке тұлға болып табылатын Алушыны қоспағанда, Шарт бойынша ерікті зейнетақы жарналарының мөлшері мен төлеу кезеңділігін дербес айқындайды, оның пайдасына Алушы болып табылмайтын заңды тұлғаның (немесе жеке тұлғаның) ерікті зейнетақы жарналары жүзеге асырылады.
9. Зейнетақы төлемдері Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 33-бабына сәйкес жүргізіледі. Зейнетақы төлемдерін алу тәртібін Алушы Қордың зейнетақы қағидаларына сәйкес дербес айқындайды.
10. Зейнетақы жинақтарын басқа жинақтаушы зейнетақы қорына немесе сақтандыру ұйымына аударудың тәртібі мен талаптары Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңда және Қордың зейнетақы қағидаларында көзделген.
4. Қордың Салымшының (Алушының) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат ұсыну тәртібі
11. Қор Салымшыға (Алушыға), оның ішінде Қордың интернет-ресурсы және "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы берілетін зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат:
1) сұрау салынатын кезеңнің басындағы және соңындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы;
2) сұрау салынатын кезеңнің басындағы және соңындағы жағдай бойынша есептелген инвестициялық кіріс сомасы;
3) зейнетақы активтерінен комиссиялық сыйақының мөлшері;
4) сұратылған кезең ішіндегі күндерді көрсете отырып, зейнетақы жарналарының, өсімпұлдардың, аударымдардың, зейнетақы жинақтары төлемдерінің және (немесе) ұсталған жеке табыс салығының сомасы;
5) сұратылатын кезең ішіндегі күндерді көрсете отырып, Салымшының (Алушының) ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотында көрсетілетін өзге де операциялардың сомасы туралы ақпаратты қамтиды.
12. Егер Салымшының (Алушының) сұрау салуында өзгеше көрсетілмесе, Салымшының (Алушының) сұрау салуы бойынша ол сұратқан кез келген күнге Қор ұсынатын ақпарат Шарттың 11-тармағында санамаланған, сұрау салынатын кезеңнің басындағы және соңындағы жағдай бойынша жасалған мәліметтерді қамтиды.
13. Қор Салымшыны (Алушыны) оның сұрау салуы бойынша оның зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы кез келген сұратылған күнге хабардар етуді өтемақысыз жүргізеді.
14. Салымшының (Алушының) өтініші бойынша хабардар ету байланыс құралдары (пошта, электрондық пошта және Қордың зейнетақы қағидаларында көзделген басқа да байланыс құралдары) арқылы немесе Салымшы (Алушы) жеке өтініш жасаған кезде жүргізіледі.
5. Салымшының (Алушының) өтінішін қарау
15. Салымшы (Алушы) Қорға жазбаша, ауызша нысанда не өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында мынадай түрде:
1) Салымшының (Алушының) өз құқықтары мен бостандықтарын немесе басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын іске асыруда жәрдем көрсету туралы өтініші не Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнаманың бұзылуы, Қордың, лауазымды адамдардың жұмысындағы кемшіліктер не олардың қызметін сынау туралы хабарламасы;
2) Салымшының (Алушының) құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы, Қор қызметкерлері мен өзге де адамдардың құқыққа қарсы әрекеттері немесе әрекетсіздігі туралы шағымдары;
3) Салымшының (Алушының) Шарт шеңберінде ақпарат беру туралы сұрау салуы;
4) "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өтініштің өзге де нысаны түрінде өтініш жасауға құқылы.
16. Салымшының (Алушының) өтініштерін қарау "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының заңында және Шартта белгіленген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.
6. Қордың комиссиялық сыйақысы
17. Қордың комиссиялық сыйақы шамасы зейнетақы активтерінің бір айдағы ____ пайыз мөлшерінде белгіленеді.
7. Міндеттемелер орындалмаған жағдайда тараптардың жауапкершілігі
18. Шарт бойынша қабылданған міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тараптар Шартта және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен жауап береді.
19. Қордың кінәсінен зейнетақы жинақтарын басқа жинақтаушы зейнетақы қорына немесе сақтандыру ұйымына аудару кешіктірілген жағдайда Қор Салымшының (Алушының) пайдасына Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 1,5 есе базалық мөлшерлемесінің мөлшерінде аударылатын зейнетақы жинақтары сомасына әрбір кешіктірілген күн үшін (аудару күнін қосқанда) өсімпұл төлеуге міндетті.
20. Зейнетақы төлемдерін уақтылы жүзеге асырмағаны үшін Қор құқықтары бұзылған тұлғалардың пайдасына төлемдерді Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 1,5 есе базалық мөлшерлемесінің мөлшерінде әрбір кешіктірілген күн үшін (төлем күнін қоса алғанда) өсімпұл төлеуге міндетті.
21. Өсімпұлды төлеу Қорды зейнетақы жинақтарын аудару (зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру) бойынша міндеттерін орындаудан босатпайды.
22. Шартпен реттелмеген жауапкершілік мәселелері Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес регламенттеледі.
8. Тараптардың дүлей күш салдарынан міндеттемелерді орындамаған жағдайда жауапкершілігі
23. Шарттың тараптары, дүлей күш жағдайларына байланысты міндеттемелерді тиісінше орындау мүмкін болмаған жағдайда, Шарт бойынша міндеттемелерді ішінара немесе толық орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.
24. Дүлей күш жағдайлары өрт, су тасқыны, жер сілкінісі, табиғи апаттар, қоршаулар, ереуілдер, әскери қимылдар, террористік актілер және оларды тараптар болжай алмаған және Шарттың орындалуына тікелей әсер еткен басқа да осыған ұқсас жағдайлар болып табылады.
25. Салымшының (Алушының) сұратуы бойынша Қор Шарттың 23-тармағында көрсетілген мән-жайлардың туындағанын растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.
9. Шартты өзгерту немесе бұзу тәртібі мен шарттары
26. Шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, Қор Салымшыға (Алушыға) осындай өзгерістер мен толықтырулар туралы, көрсетілген өзгерістер мен толықтыруларды, сондай-ақ Шарттың жаңартылған редакциясын Қордың интернет-ресурсында және Қор филиалдарында көрінетін қолжетімді жерде орналастыру арқылы хабарлайды.
27. Шарттың қолданысы зейнетақы жинақтары болмаған жағдайда 1 (бір) ай өткеннен кейін тоқтатылады.
10. Қорытынды ережелер
28. Тараптардың Шарт бойынша реттелмеген даулары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының соттары қарайды.
29. Тараптар Шарттың мәніне қатысты және Шарт бойынша тараптардың қатынастарын реттейтін Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасын сақтауға міндеттенеді.
30. Шарт заң күші бірдей қазақ және орыс тілдерінде жасалған.