БҰЙЫРАМЫН:
1. "Сауда статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 24 қаңтардағы № 9 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19963 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 6 ақпанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 8) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 17-тармағының 24) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:";
9-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
10-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріне жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басшы | Н. Айдапкелов |
Басшысының 2021 жылғы 15 қаңтардағы № 4 1-қосымша |
Мемлекеттік статистика органдары құпиялылығына кепілдік береді |
Қазақстан Республикасы | ||||||||
Автожанармай құю, газ құю және газ толтыру станцияларының қызметі туралы есеп | |||||||||
Индексі | G-003 |
жылдық |
есепті кезең |
жыл | |||||
Экономикалық қызметтің негізгі және (немесе) қосалқы түрімен (Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің 47.30.1, 47.30.3-кодтарына сәйкес) автожанармай құю, автогаз құю, автогаз толтыру компрессорлық станцияларын пайдалануды жүзеге асыратын заңды тұлғалар және (немесе) олардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері мен дара кәсіпкерлер (меншік иелері, жалға алушылар) ұсынады | |||||||||
Ұсыну мерзімі – есепті кезеңнен кейінгі 31 наурызға (қоса алғанда) дейін | |||||||||
БСН коды | |||||||||
ЖСН коды | |||||||||
1. |
Тауарларды (көрсетілетін қызметті) нақты өткізу орнын көрсетіңіз(тіркелген жеріне қарамастан) - облыс, қала, аудан, елді мекен | ||||||||
1.1 Əкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішіне (ƏАОЖ) сəйкес аумақ коды (респондент статистикалық нысанды қағаз жеткізгіште ұсынған кезде аумақтық статистика органының тиісті қызметкері толтырады) | |||||||||
2. |
Станциялардың материалдық-техникалық базасы жөнінде ақпаратты көрсетіңіз |
Жол коды |
Көрсеткіштердің атауы |
Өлшем бірлігі |
Автожанармай құю станциясы (АҚС) |
Автогаз құю станциясы (АГҚС) |
Автогаз толтыру компрессорлық станциясы (АГТКС) |
А | Б | В | 1 | 2 | 3 |
1 |
Станциялардың саны – барлығы |
бірлік | |||
1.1 |
тұрақты |
бірлік | х | х | |
1.2 |
контейнерлік |
бірлік | х | х | |
1.3 |
жылжымалы |
бірлік | х | х | |
2. |
Станция аумағында орналасқан, мұнай өнімдерін сақтауға арналған резервуарлардың (баллондардың) саны |
бірлік | |||
3. |
Станция аумағында орналасқан, мұнай өнімдерін сақтауға арналған резервуарлардың көлемі | АГТКС үшін литр /текше метр | |||
4. |
Отын құю-тарату бағандарының нақты бары |
бірлік |
3. Мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізу көлемі
Объем розничной реализации нефтепродуктов
Жол коды |
Көрсеткіштердің атауы |
Мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізу |
Заңғы тұлғаларға өткізілгені (соның ішінде талон бойынша) |
Өз қажеттілігіне пайдаланылғаны |
Есепті кезеңнің соңына қалдығы, мың теңге | |||
тонна |
мың теңге |
тонна |
мың теңге |
тонна |
мың теңге | |||
А | Б | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 |
Барлығы | х | х | х | ||||
1.1 |
мотор бензині (айдау температурасы - 30-220 Цельсий градусы) | |||||||
одан маркалар бойынша | х | х | х | х | х | х | х | |
1.1.1 | АИ-92 | х | х | х | ||||
1.1.2 | АИ-95 | х | х | х | ||||
1.1.3 | АИ-96 | х | х | х | ||||
1.1.4 | АИ-98 | х | х | х | ||||
1.2 |
газойльдер (дизель отыны) | |||||||
соның ішінде | х | х | х | х | х | х | х | |
1.2.1 |
жазғы | х | х | х | ||||
1.2.2 |
қысқы | х | х | х | ||||
1.3 |
сұйытылған пропан мен бутан | |||||||
1.4 |
сығымдалған табиғи газ, текше метр |
4. Статистикалық нысанды толтыруға жұмсалған уақытты көрсетіңіз, сағатпен (қажеттісін қоршаңыз)
Укажите время,затраченное на заполнение статистической формы, в часах (нужное обвести)
1 сағатқа дейін | 1-2 | 2-4 | 4-8 | 8-40 | 40 сағаттан артық |
до 1 часа | более 40 часов |
Атауы Мекенжайы (респонденттің)
Наименование ___________________ Адрес (респондента) _______________________
____________________________________
Телефоны (респонденттің)
Телефон (респондента) __________________________ __________________________
стационарлық ұялы
стационарный мобильный
Электрондық пошта мекенжайы (респонденттің)
Адрес электронной почты (респондента) ______________________________________
Орындаушы
Исполнитель __________________________________ ___________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефоны (орындаушының)
фамилия, имя и отчество (при его наличии) подпись, телефон (исполнителя)
Бас бухгалтер немесе оның
міндетін атқарушы тұлға
Главный бухгалтер или лицо,
исполняющее его обязанности _______________________________ ________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы
фамилия, имя и отчество (при его наличии) подпись
Басшы немесе оның
міндетін атқарушы тұлға
Руководитель или лицо,
исполняющее его обязанности ________________________________ _______________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы
фамилия, имя и отчество (при его наличии) подпись
Ескертпе:
Примечание:
Мемлекеттік статистиканың тиісті органдарына анық емес бастапқы статистикалық деректерді ұсыну және бастапқы статистикалық деректерді белгіленген мерзімде ұсынбау 2014 жылғы 5 шілдедегі "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 497-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар болып табылады
Представление недостоверных и непредставление первичных статистических данных в соответствующие органы государственной статистики в установленный срок являются административными правонарушениями, предусмотренными статьей 497 Кодекса Республики Казахстан от 5 июля 2014 года "Об административных правонарушениях"
Басшысының 2021 жылғы 15 қаңтардағы № 4 2-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы "24" қаңтардағы № 9 бұйрығына 10-қосымша |
"Автожанармай құю, газ құю және газ толтыру станцияларының қызметі туралы есеп" (индексі G-003, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық
1. Осы "Автожанармай құю, газ құю және газ толтыру станцияларының қызметі туралы есеп" (индексі G-003, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының (бұданәрі - Заң) 12-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Автожанармай құю, газ құю және газ толтыру станцияларының қызметі туралы есеп" (индексіG-003, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын (бұдан әрі – статистикалық нысан) толтыруды нақтылайды.
2. Осы Нұсқаулықта "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 2011 жылғы 20 шілдедегі және "Газ және газбен жабдықтау туралы" 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарында айқындалған мәндердегі ұғымдар, сондай-ақ мынадай анықтамалар пайдаланылады:
1) талон – бұл ұйымдардың мұнай өнімдерін станцияның белгілі бір желілері арқылы жіберілуін ұйымдастыратын сатушымен жасалған сатып алу-сату шарттары бойынша мұнай өнімдерін сатып алуына арналған құжат;
2) отын құю-тарату бағаны – бұл көлік құралдарына және тұтынушы ыдысына жанармай құю кезінде мұнай өнімдері көлемін өлшеуге және оларды беруге арналған қондырғы;
3) қалдықтар – бұл станциялардағы, қоймалардағы, белгілі бір күнде жолда болатын мұнай өнімдерінің ақшалай мәндегі мөлшері.
3. 1-бөлімде кәсіпкерлік субъектілерінің тіркелу орнына (облыс, қала, аудан, елді мекен) қарамастан, тауарларды нақты өткізу орны көрсетіледі. Статистикалық нысандарды өзінің тұрған жері бойынша заңды тұлғалардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері, егер оларға заңды тұлғалардың статистикалық нысандарды тапсыру бойынша өкілеттіктері берілген жағдайда тапсырады. Егер құрылымдық және оқшауланған бөлімшелерде мұндай өкілеттіктер болмаса, статистикалық нысандарды олардың орналасқан жерін көрсете отырып, өзінің құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері бөлінісінде заңды тұлғалар ұсынады.
4. 2-бөлімде станциялардың материалдық-техникалық базасы бойынша ақпарат көрсетіледі. Автожанармай құю станциялары бойынша станциялар саны келесі типтер бойынша көрсетіледі: стационарлық, контейнерлік, жылжымалы.
3-баған 3-жол бойынша автогаз толтыру компрессорлық станциялары бойынша станция аумағында орналасқан мұнай өнімдерін сақтауға арналған резервуарлар (баллондар) көлемі текше метрмен көрсетіледі.
4-жол бойынша отын құю-тарату бағандарының саны көрсетіледі.
5. 3-бөлімде 2-баған бойынша "Мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізу көлемі" сатып алушыларға мұнай өнімдерін қолма-қол және қолма-қол емес есеп айырысуға өткізгені үшін алынған ақшалай түсімнің сомасын көрсетеді.
3, 4-бағандар бойынша заңды тұлғаларға мұнай өнімдерін өткізу, соның ішінде талон бойынша тиісінше заттай және құндық мәндегі көлемі көрсетіледі.
Өткізу көлемі қосылған құн салығынсыз және акциздерсіз сату құны бойынша есептеледі.
1, 3, 5-бағандарда өткізу көлемі заттай мәнде: мотор бензині, дизель отыны, сұйытылған пропан мен бутан бойынша тоннамен, сығымдалған табиғи газ бойынша текше метрмен көрсетіледі.
5, 6-бағандарда мұнай өнімдерін жеке қажеттіліктер үшін (жеке меншік көлік құралдары үшін) пайдалану туралы ақпарат көрсетіледі.
7-бағанда – есепті кезең соңына қалдықтар көрсетіледі.
6. Есепті кезеңде қызметі болмаған кезде респондент тиісті жылға арналған бекітілген Респонденттердің жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар бойынша алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигінде көрсетілген осы есепті кезең үшін статистикалық нысандарды ұсынудың ең ерте мерзімдерінің аяқталу күнінен кешіктірмей Қызметінің болмағандығы туралы хабарламаны Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 9 шілдедегі № 173 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6459 болып тіркелген) Респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну қағидаларымен белгіленген тәртіпте ұсынады.
7. Осы статистикалық нысанды ұсыну қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде жүзеге асырылады. Статистикалық нысанды электрондық түрде толтыру Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында (https://cabіnet.stat.gov.kz/) орналастырылған "Деректерді он-лайн режимде жинау" ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Ескерту: Х – осы позиция толтыруға жатпайды.
8. Арифметикалық-логикалық бақылау: 2-бөлім:
1-жол = 1-баған бойынша ∑ 1.1, 1.2, 1.3-жолдар;
егер 2-жол≠0, онда 3-жол≠0 және керісінше;
егер 1-жол≠0, онда 4-жол≠0 және керісінше. 3-бөлім:
1-жол=2,4,6,7-бағандар бойынша ∑ 1.1, 1.2, 1.3, 1.4-жолдар;
1.1-жол=∑ 1.1.1– 1.1.4-жолдар;
1.2-жол=∑ 1.2.1, 1.2.2-жолдар;
егер 1-баған>0, онда 2-баған>0 және керісінше (1-жолдан басқа барлық жолдар бойынша);
егер 3-баған>0, онда 4-баған>0 және керісінше (1-жолдан басқа барлық жолдар бойынша);
егер 5-баған>0, онда 6-баған>0 және керісінше (1-жолдан басқа барлық жолдар бойынша);
егер 2-баған≠0 немесе 4-баған≠0 немесе 6-баған≠0, онда 7-баған≠0 (жол берілетін бақылау).
Бөлімдер арасындағы бақылау:
егер 2-бөлімде 1-жол 1-баған≠0, онда 3-бөлімде 1.1-жол 2-баған немесе 4-баған немесе 6-баған≠0 (жол берілетін бақылау);
егер 2-бөлімде 1-жол 2-баған≠0, онда 3-бөлімде 1.3-жол 2-баған немесе 4-баған немесе 6-баған≠0 (жол берілетін бақылау);
егер 2-бөлімде 1-жол 3-баған≠0, онда 3-бөлімде 1.4-жол 2-баған немесе4-баған немесе 6-баған≠0 (жол берілетін бақылау).