"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабының 99) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 23.06.2023 № 118 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен медициналық қызметтерді сатып алу шарты талаптарының орындалу мониторингін жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды үйлестіру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі М.Е. Шорановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы |
М. Шоранов |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-321/2020 бұйрығымен бекітілген |
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен медициналық қызметтерді сатып алу шарты талаптарының орындалу мониторингін жүргізу қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 18.07.2025 № 68 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен медициналық қызметтерді сатып алу шарты талаптарының орындалу мониторингін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 7-бабының 99) тармақшасына сәйкес әзірленді және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен медициналық қызметтерді сатып алу шарты талаптарының орындалу мониторингін жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) ағымдағы мониторинг – ағымдағы есепті кезеңде ақы төлеуге ұсынылған медициналық қызметтер (көмек) көрсету жағдайларының, оның ішінде осы Қағидалардың 40-тармағында көзделген, тұрақты негізде жүргізілетін мониторингі;
2) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (бұдан әрі – Қор) – аударымдар мен жарналарды жинақтауды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және талаптармен сатып алу мен оларға ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;
3) бастапқы медициналық құжаттама – халықтың денсаулық жағдайы туралы деректерді жазуға арналған құжаттар жиынтығы;
4) бейінді маман – жоғары медициналық білімі, денсаулық сақтау саласында сертификаты бар медицина қызметкері;
5) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсетудің сапасы саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
6) жоспардан тыс мониторинг – медициналық қызметтер (көмек) көрсету тәртібін және (немесе) сатып алу шартының талаптарын бұзу фактілері және (немесе) мән-жайлары бойынша мониторингтің түрі;
7) Қордың ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ҚАЖ) – Қордың функцияларын электрондық форматта іске асыруды қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе;
8) Қордың филиалы – Қордың орналасқан жерінен тыс орналасқан және оның функцияларының бәрін немесе бір бөлігін, оның ішінде өкілдік функцияларын жүзеге асыратын оқшауланған бөлімшесі;
9) өнім беруші – онымен Қор медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартын жасасқан денсаулық сақтау субъектісі;
10) медициналық ақпараттық жүйе (бұдан әрі – МАЖ) – денсаулық сақтау субъектілерінің процестерін электрондық форматта жүргізуді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе;
11) медициналық көмек – дәрілік қамтамасыз етуді қоса алғанда, халықтың денсаулығын сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған медициналық көрсетілетін қызметтер кешені;
12) медициналық қызмет (көмек) көрсету ақауы (бұдан әрі – ақау) – медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарында, медициналық көмек көрсету қағидаларында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген медициналық қызмет (көмек) көрсету тәртібінің және (немесе) шарттарының сақталмауы;
13) медициналық қызмет (көмек) көрсету кезінде медициналық қызмет (көмек) көлеміне байланысты бұзушылық (бұдан әрі – бұзушылық) – көрсетілген медициналық қызмет (көмек) көлемінің негізсіз асырып көтеру, сондай-ақ медициналық қызмет (көмек) көрсетудің расталмаған жағдайының фактілері;
14) медициналық көрсетілетін қызметтер – денсаулық сақтау субъектілерінің нақты адамға қатысты профилактикалық, диагностикалық, емдеу, оңалту және паллиативтік бағыты бар іс-қимылдары;
15) медициналық көрсетілетін қызметтердің (көмектің) көлемі – өнім беруші мен Қордың арасындағы медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген медициналық көмек көрсетудің түрлері, нысандары мен шарттары бойынша медициналық көрсетілетін қызметтердің тізбесі;
16) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік орган – медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы басшылықты, медициналық көрсетілетін қызметтердің (көмектің) сапасын бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
17) медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының елеулі бұзушылықтары – Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасы талаптарының, медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарын, медициналық көмек көрсету қағидаларын, сондай-ақ клиникалық хаттамаларды сақтау жөніндегі медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының талаптарының бұзушылықтары;
18) медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының елеусіз бұзушылықтары – елеулі бұзушылықтарға жатпайтын, оның ішінде денсаулық сақтау саласындағы заңнаманың талаптарына, медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының талаптарына сәйкес келмейтін бұзушылықтары;
19) тәуелсіз сарапшы – уәкілетті орган айқындайтын талаптарға сәйкес келетін және тәуелсіз сарапшылар тізілімінде тұратын жеке тұлға;
20) ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты талаптарының орындалу мониторингі (бұдан әрі – мониторинг) – ағымдағы және (немесе) жоспардан тыс мониторинг, оның ішінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты талаптарының сақталу сәйкестігін талдау;
21) ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты (бұдан әрі – көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты) – ТМККК және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсетуді көздейтін Қор мен денсаулық сақтау субъектілері арасындағы жазбаша нысандағы келісім.
3. Мониторинг Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 26 мамырдағы № ҚР ДСМ-45 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22866 болып тіркелген) бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлем шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелге емделуге жіберу және (немесе) емдеуді отандық медициналық ұйымдарда жүргізу үшін шетелдік мамандарды тарту қағидаларының 19-тармағына сәйкес Қормен Қазақстан Республикасының азаматтарына көмек көрсетуге шарт жасасқан шетелдік ұйымдарды қоспағанда, сатып алу шартын жасасқан денсаулық сақтау субъектілерінде жүргізіледі.
4. Сатып алу шарты талаптарының орындалу мониторингі мониторингтің мынадай түрлерін қамтиды:
1) ағымдағы;
2) жоспардан тыс.
5. Мониторинг кезінде өнім берушілер көрсеткен қызметтердің медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарының, медициналық көмек көрсету қағидаларының талаптарына сәйкестігін, сондай-ақ өнім берушінің өз міндеттемелерін орындау мүмкіндігін қамтамасыз ететін сатып алу шартының талаптарына сәйкестігін растау процесі болып табылатын сатып алу шарты талаптарының орындалуын талдау жүргізіледі. Тиісті ақпараттық жүйелерде қажетті медициналық құжаттама болмаған жағдайда, Қор тиісті деректерді алу үшін өнім берушіге жазбаша сұрату жібереді.
6. Сатып алу шартының талаптарын орындау мониторингі мынадай тәсілдермен жүзеге асырылады:
1) ҚАЖ арқылы;
2) өнім берушінің өндірістік базасына барумен (қажет болған жағдайда);
3) өнім берушіге бастапқы бухгалтерлік құжаттардың сұратуларын қоса алғанда, жазбаша сұратулар жіберу жолымен;
4) МАЖ-да, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйелерінде, оның ішінде деректерді талдау құралдарын қолдана отырып ақпаратты зерделеу;
5) пациенттерге сауалнама жүргізу арқылы, оның ішінде телекоммуникация құралдарын (байланыс құралдарын) пайдалану арқылы.
7. Өнім берушінің өндірістік базасына бару арқылы мониторинг жүргізу кезінде Қор электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы немесе алғанын растай отырып, электрондық пошта арқылы келген күнге дейін кемінде бір жұмыс күні бұрын хабарлама жібереді.
Медициналық көрсетілетін қызметтердің (көмектің) сапасы мен көлемінің мониторингін тоқтата тұру немесе ұзарту туралы өнім берушіге хабарлама көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты жасалған денсаулық сақтау субъектісінің қызметін тоқтата тұру туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде немесе Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің (көліктегі) бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдардың ведомстволық объектілерінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерінің бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің шектеу іс-шараларын, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында және (немесе) өнім берушінің базасы орналасқан өңірде төтенше жағдайлар кезінде, төтенше жағдай режимін және басқа да шектеулерді енгізу туралы шешімімен еркін қозғалу, өнім берушінің базасына бара отырып, мониторинг жүргізу кезінде беріледі.
Жоспардан тыс мониторинг жүргізуді тоқтату туралы хабарлама өнім берушіге өтінішті кері қайтарып алу тіркелген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылады.
8. Өнім берушіге хабарлама жіберер алдында Қор МАЖ-дан қажетті мәліметтерді, сондай-ақ растайтын құжаттарды қоса отырып және дәрігерлік құпияны сақтау туралы талаптарды сақтай отырып, жеке тұлғаның медициналық көмекке жүгінуі туралы мәліметтерді тіркейді.
9. Техникалық себептер бойынша, сондай-ақ ҚАЖ қолжетімсіздігіне байланысты ҚАЖ-да мониторинг жүргізу мүмкіндігі болмаған кезде мониторинг жүргізу кезеңін мониторинг жүргізу мүмкіндігі болмаған мерзімге ұзарта отырып, мониторинг ҚАЖ жұмысы қайта басталған сәттен бастап жүргізіледі.
ҚАЖ мүмкіндігінің болмауы немесе қолжетімсіздігі фактісі Қордың хатымен расталады.
10. Мониторинг нәтижелері бойынша ҚАЖ-да осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес ақаулар мен бұзушылықтардың бірыңғай сыныптамасына (бұдан әрі – Бірыңғай сыныптамасы) сәйкес ақаулар мен бұзушылықтардың кодтары анықталады және қойылады.
Көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының талаптары орындалмаған және (немесе) тиісінше орындалмаған кезде Қор көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының талаптарына сәйкес өнім берушіге тұрақсыздық айыбын қолданады.
11. Ақаулар мен бұзушылықтар оларды анықтау түріне қарай бөлінеді:
1) жалпы;
2) ықтимал;
3) қосымша.
12. Жалпы ақаулар мен бұзушылықтар автоматты режимде орындалатын деректердің дұрыс енгізілмеуін болдырмау үшін, сондай-ақ, ҚАЖ және медициналық ақпараттық жүйелерде іске асырылған іс-қимылдардың құрылымдық реттілігі болып табылатын автоматтандырылған алгоритмдер арқылы ақауларды және (немесе) бұзушылықтарды анықтау болып табылады. Жалпы ақаулар мен бұзушылықтарды қолдану төленетін соманың азаюына әсер етпейді.
13. Ықтимал ақаулар мен бұзушылықтар жалпы және қосымша болып табылмайтын автоматтандырылған алгоритмдер негізінде ҚАЖ арқылы анықталады.
14. Қосымша ақаулар мен бұзушылықтар ықтимал ақаулар мен бұзушылықтарды қарау, жоспардан тыс мониторинг жүргізу, сондай-ақ Қор қолданатын деректерді талдау құралдарының көмегімен медициналық ұйымдардың қызметін талдау нәтижелері бойынша анықталады.
15. Қор қызметкерлерінің арасында ҚАЖ қолданылатын автоматтандырылған алгоритмдер, ақауларды және (немесе) бұзушылықтарды қарау кезектілігін бөлу кезінде басымдықты айқындау критерийлері тіркелген Қордың ішкі құжаттары Қазақстан Республикасы 2022 жылғы 24 маусымдағы № 429 Үкіметінің қаулысымен бекітілген Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларына сәйкес таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатады.
16. Мониторинг жүргізу кезінде анықталған бұзушылықтар бойынша ақпаратты Қордың филиалдары облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті мемлекеттік денсаулық сақтау басқарудың жергілікті органдарына тиісті құзыреттілігі бойынша тоқсан сайынғы негізде шаралар қабылдау үшін жібереді.
17. Өнім берушіге әкімшілік-құқықтық ықпал ету шараларын талап ететін мониторинг жүргізу кезінде анықталған бұзушылықтар бойынша ақпаратты Қор филиалдары медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік органға анықталған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде жібереді.
18. Медициналық қызметтер (көмек) көрсетудің расталмаған жағдайлары осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сатып алу шарты талаптарының орындалуын мониторингтеу барысында анықталған медициналық қызметтер (көмек) көрсетудің расталмаған жағдайларының тізілімінде ҚАЖ-да көрсетіледі.
Расталмаған жағдайлар бойынша ақпарат тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету жөніндегі денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу Қағидаларының 48-тармағына сәйкес ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде көрсетілетін қызметтер көлемін және (немесе) қаражат көлемін денсаулық сақтау субъектілері арасында бөлу кезінде ескеріледі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-242/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21744 болып тіркелген).
19. Медициналық қызметтер (көмек) көрсетудің расталмаған жағдайлары анықталған кезде Қор осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес қорытынды қалыптастырады.
Республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 200 еселенген мөлшерінен асатын жалпы сомаға расталмаған жағдайлар туралы ақпарат күнтізбелік ай үшін немесе қылмыстық құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайларда Қор қорытындыға қол қойған күннен бастап он жұмыс күні ішінде құқық қорғау органдарына жіберіледі.
20. Республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 800 еселенген мөлшерінен асатын сомаға медициналық қызметтер (көмек) көрсетудің расталмаған жағдайлары анықталған кезде қызметтерді сатып алу шартының қолданылу кезеңінде немесе қылмыстық құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайларда ақпарат Қордың соңғы қорытындысына қол қойған күннен бастап он жұмыс күні ішінде құқық қорғау органдарына жіберіледі.
Республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 800 еселенген мөлшерінен асатын сомаға медициналық қызметтер (көмек) көрсетудің расталмаған жағдайлары анықталған кезде қызметтерді сатып алу шартының қолданылуы аяқталғаннан кейін немесе қылмыстық құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайларда ақпарат Қордың соңғы қорытындысына қол қойған күннен бастап он жұмыс күні ішінде құқық қорғау органдарына жіберіледі.
Мониторинг жүргізу кезінде республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 200 еселенген мөлшерінен асатын сомаға медициналық қызметтер (көмек) көрсетудің расталмаған жағдайларын қайта анықтау кейінгі айлар ішінде, көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының қолданылу кезеңінде, осы әкімшілік-аумақтық бірлікте көрсетілетін қызметтердің жалғыз өнім берушісі болып табылатын денсаулық сақтау субъектілерімен жасалған шарттарды қоспағанда, Қордың көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартын мерзімінен бұрын бұзуы үшін негіз болып табылады.
2-тарау. Ағымдағы мониторинг жүргізу тәртібі
21. Ағымдағы мониторинг ҚАЖ-да тұрақты негізде жүзеге асырылады.
22. Ағымдағы мониторинг нәтижелері бойынша Бірыңғай сыныптамасына сәйкес ақаулар және (немесе) бұзушылықтар беріледі.
23. Өнім берушіге ағымдағы мониторинг шеңберінде анықталған ақаулар және (немесе) бұзушылықтар туралы анықталған күні ҚАЖ арқылы хабардар етіледі.
24. ҚАЖ-да ақаулар және (немесе) бұзушылықтар берілгеннен және тиісті ақпарат көрсетілгеннен кейін МАЖ-да осы жағдай/қызмет бойынша кез келген түзетулер қарауға қабылданбайды және Қор есептемейді.
25. Жалпы ақаулар және (немесе) бұзушылықтар бойынша ұсыныстар болған кезде өнім беруші Қор автоматтандырылған алгоритмдерді өзектендіру, ҚАЖ, Қор және денсаулық сақтау жүйесі жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған өзге де талдамалық жұмыстарды жүргізу үшін пайдалануы мүмкін түсіндірмелерді жібереді.
26. Ықтимал ақаумен немесе бұзушылықпен келіспеген жағдайда, өнім беруші анықталған күннен бастап, бес жұмыс күні ішінде дәлелді негіздеме келтіре отырып, ҚАЖ-да қарсылық береді.
27. Көрсетілген мерзімде қарсылық болмаған кезде ықтимал ақау немесе бұзушылық расталды деп есептеледі және одан әрі Қор қарсылықты ескермейді. Бірыңғай сыныптамасына сәйкес ҚАЖ арқылы медициналық көрсетілетін қызметтің өнім берушісіне төленетін сома автоматты түрде азайтылады.
28. Қор филиалдарының қызметкерлері арасында өнім берушілердің қарсылықтарын бөлу олардың дербес жүктемесін ескере отырып, ҚАЖ арқылы автоматты режимде жүргізіледі.
29. Өнім берушінің тарапынан қарсылық алған кезде ықтимал ақау немесе бұзушылық қарсылықтарды автоматтандырылған бөлуді пайдалана отырып, ҚАЖ арқылы Қордың басқа өңірдегі филиалының қызметкеріне қарауға жіберіледі.
30. Ықтимал ақаулар мен бұзушылықтар бойынша қарсылықтарды қарауды Қор филиалының қызметкері олар анықталған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
31. Қарсылықты қарау нәтижелері бойынша Қор филиалының қызметкері ҚАЖ арқылы өнім берушіге жеткізілетін мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) дәлелді негіздеме келтіре отырып, өнім берушінің қарсылығымен келісу және ықтимал ақауды немесе бұзушылықты қабылдамау (төлем медициналық өнім беруші қойған соманы азайтпай жүргізіледі);
2) өнім берушінің қарсылығымен келіспеу және дәлелді негіздеме келтіре отырып, ықтимал ақауды немесе бұзушылықты растау.
32. Өнім беруші ықтимал ақауды немесе бұзушылықты растаудың ұсынылған негіздемесімен келіспеген жағдайда, өнім беруші растауды алған күннен кейін үш жұмыс күні ішінде Қор филиалы қызметкерінің қорытындыларымен келіспеу себептерінің дәлелді негіздемесін келтіре отырып (қосымша растайтын деректер болған жағдайда, қосымшамен) ҚАЖ арқылы қайта қарсылық жібереді.
33. Өнім берушінің қайта қарсылығы ҚАЖ арқылы жіберіледі сол күні дау туындаған өңірден тыс орналасқан Қор филиалының басқа қызметкерінің қарауына түседі. Бұл ретте ҚАЖ-да қарсылықты бастапқы қарауды жүзеге асырған Қор қызметкерінің деректері көрсетілмейді.
34. Өнім берушінің қайта қарсылығын қарау нәтижелері бойынша Қор қызметкері үш жұмыс күні ішінде мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) өнім берушінің қайта қарсылығымен келісу және дәлелді негіздеме келтіре отырып, ықтимал ақауды немесе бұзушылықты қабылдамау;
2) өнім берушінің қайта қарсылығымен келіспеу және ҚАЖ арқылы өнім берушіге жеткізілетін дәлелді негіздеме келтіре отырып, расталған ықтимал ақау немесе бұзушылық мәртебесін сақтау.
35. Өнім берушінің қарсылықтарымен қайта келіспеген жағдайда, ҚАЖ медициналық көрсетілетін қызметтің өнім берушісіне төленуге тиісті сома Бірыңғай сыныптамасына сәйкес автоматты түрде азайтылады.
36. Өнім берушінің қайта қарсылығымен келіскен кезде ҚАЖ бұл ықтимал ақауды немесе бұзушылықты барлық қарсылықтар мен негіздемелерді көрсете отырып, Қордың орталық аппаратының қызметкеріне қарауға жібереді.
37. Қарау нәтижелері бойынша Қордың орталық аппаратының қызметкері үш жұмыс күні ішінде ҚАЖ арқылы өнім берушіге жеткізілетін мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) негіздемені келтіре отырып, ықтимал ақауды немесе бұзушылықты қабылдамау (төлем медициналық өнім беруші қойған соманы азайтпай жүргізіледі);
2) негіздемені келтіре отырып, ықтимал ақауды немесе бұзушылықты растау.
38. Қарау қорытындылары бойынша ықтимал ақау немесе бұзушылық расталған жағдайда, Бірыңғай сыныптамасына сәйкес ҚАЖ арқылы медициналық көрсетілетін қызметтің өнім берушісіне төленуге тиісті сома автоматты түрде азайтылады.
39. АИТВ-инфекциясын жұқтырған адамдарға медициналық-әлеуметтік көмектің ағымдағы мониторингі шеңберінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес өнім берушінің орналасқан жері бойынша Қор филиалының қызметкері сатып алу шарты талаптарының орындалу мониторингі бойынша қорытындыны қалыптастырады.
40. Ағымдағы мониторингке:
1) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік орган сараптамасын жүргізетін ана өлімі жағдайларын қоспағанда, стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда өліммен аяқталған барлық жағдайлар;
2) жазатайым оқиғаларды қоспағанда, нәресте өлімінің (1 жасқа дейінгі балалар өлімі) барлық жағдайлары жатады.
41. Стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда өліммен аяқталған жағдайлар бойынша ықтимал ақаулар және (немесе) бұзушылықтар ҚАЖ арқылы анықталғаннан кейін Қор филиалының қызметкерлеріне аумақтық белгісі бойынша (өнім берушінің орналасқан жері бойынша филиалына) қарауға түседі.
42. Амбулаториялық жағдайда нәресте өлімі жағдайлары бойынша ағымдағы мониторингті Қор филиалының қызметкерлері аумақтық белгісі бойынша (өнім берушінің орналасқан жері бойынша филиалға) медициналық-санитариялық алғашқы көмекті ұйымдастырудан бастапқы медициналық құжаттаманы сұрату жолымен жүргізеді.
43. Мониторингтің нәтижелері бойынша Қор филиалының қызметкері ҚАЖ арқылы өнім берушіге жеткізілетін мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) дәлелді негіздеме келтіре отырып, ықтимал ақауды немесе бұзушылықты қабылдамау (төлем медициналықкөрсетілетін қызметтің өнім берушісі қойған соманы азайтпай жүргізіледі);
2) дәлелді негіздеме келтіре отырып, ықтимал ақауды немесе бұзушылықты растау.
44. Қор филиалы қызметкерінің стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда өліммен аяқталған, нәресте өлімі жағдайлары бойынша ықтимал ақауды немесе бұзушылықты растау туралы шешімімен келіспеген жағдайда, өнім беруші бес жұмыс күні ішінде дәлелді негіздеме келтіре отырып, ҚАЖ-ға қарсылық береді.
Көрсетілген мерзімде қарсылық болмаған кезде ықтимал ақау немесе бұзушылық расталды деп есептеледі және одан әрі Қор қарсылықты қабылдамайды. ҚАЖ Бірыңғай сыныптамасына сәйкес медициналық көрсетілетін қызметтің өнім берушісіне төленетін соманы автоматты түрде азайтады.
45. Стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда өліммен аяқталған, нәресте өлімі жағдайлары бойынша қарсылық ықтимал ақауды немесе бұзушылықты алғаш растаған филиал қызметкеріне түседі.
Қарсылықты қарау нәтижелері бойынша үш жұмыс күні ішінде Қор филиалының қызметкері ҚАЖ арқылы өнім берушіге жеткізілетін мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) дәлелді негіздеме келтіре отырып, өнім берушінің қарсылығымен келісу және ықтимал ақауды немесе бұзушылықты қабылдамау (төлем медициналық өнім беруші қойған соманы азайтпай жүргізіледі);
2) өнім берушінің қарсылығымен келіспеу және дәлелді негіздеме келтіре отырып, ықтимал ақауды немесе бұзушылықты растау.
46. Өнім беруші стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда өліммен аяқталған, қарсылық нәтижелері бойынша нәресте өлімі жағдайлары бойынша ықтимал ақауды немесе бұзушылықты растау туралы ұсынылған негіздемемен қайта келіспеген жағдайда, өнім беруші растауды алған күннен кейін үш жұмыс күні ішінде осы жағдайды Қор филиалы қызметкерінің қорытындыларымен келіспеу себептерінің дәлелді негіздемесін келтіре отырып (қосымшамен, қосымша растайтын деректер болған жағдайда), ҚАЖ арқылы Қордың орталық аппараты қызметкерінің қарауына жібереді.
Стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда өліммен аяқталған, нәресте өлімі жағдайлары бойынша ықтимал ақау немесе бұзушылық Қордың орталық аппаратының қызметкерінің қарауына түседі.
47. Стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда өліммен аяқталған жағдайлар, нәресте өлімі бойынша ықтимал ақауды немесе бұзушылықты қарау нәтижелері бойынша Қордың орталық аппаратының қызметкері үш жұмыс күні ішінде ҚАЖ арқылы өнім берушіге жеткізілетін мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) негіздемені келтіре отырып, ықтимал ақауды немесе бұзушылықты қабылдамау (төлем медициналық өнім беруші қойған соманы азайтпай жүргізіледі);
2) негіздемені келтіре отырып, ықтимал ақауды немесе бұзушылықты растау.
Ықтимал ақау немесе бұзушылық расталған жағдайда, ҚАЖ медициналық көрсетілетін қызметтің өнім берушісіне төленуге жататын соманы Бірыңғай сыныптамаға сәйкес автоматты түрде азайтады.
48. Қор Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-230/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21727 болып тіркелген) бекітілген Медициналық көрсетілетін қызметтер (көмек) сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына сәйкес стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда өліммен аяқталатын жағдайлар, нәресте өлімі бойынша ағымдағы мониторинг шеңберінде қажет болған жағдайда тәуелсіз сарапшыларды немесе бейінді мамандарды тартады.
49. Нәресте өлімінің әрбір жағдайының ағымдағы мониторингінің нәтижелері бойынша Қор филиалының қызметкерлері осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өлім мен қайтыс болу жағдайларының мониторингінің нәтижелері бойынша қорытынды қалыптастырады.
50. 11.0 ақау коды бар медициналық көмекті (көрсетілетін қызметтерді) сатып алу шартына енгізілмеген медициналық қызметтер (көмек) көрсету жағдайлары анықталғаннан кейін ҚАЖ арқылы Қор филиалының қызметкерлеріне аумақтық белгісі бойынша (өнім берушінің орналасқан жері бойынша филиалға) қарауға түседі.
Мониторинг нәтижелері бойынша Қор филиалының қызметкері ҚАЖ арқылы өнім берушіге жеткізілетін мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) дәлелді негіздеме келтіре отырып, ықтимал ақауды қабылдамау (төлем медициналық көрсетілетін қызметтің өнім берушісі қойған соманы азайтпай жүргізіледі);
2) дәлелді негіздеме келтіре отырып, ықтимал ақауды растау.
Бұдан әрі қарсылық білдіру тәртібі осы Қағидалардың 26-38-тармақтарына сәйкес жүргізіледі.
3-тарау. Жоспардан тыс мониторинг жүргізу тәртібі
51. Медициналық көрсетілетін қызметтер (көмек) сапасының, көлемінің және (немесе) сатып алу шарты талаптарының жоспардан тыс мониторингі:
1) медициналық қызметтер (көмек) көрсетудің расталмаған жағдайларының фактілері анықталған;
2) медициналық көрсетілетін қызметтерді (көмекті) және (немесе) заңды тұлғаларды тұтынушылардан өтініштер келіп түскен;
3) өнім беруші денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзу жағдайларын анықтаған;
4) медициналық көрсетілетін қызметтердің (көмектің) сапасына және (немесе) көлеміне мониторинг жүргізу қажеттілігіне қатысты уәкілетті органнан өтініш келіп түскен;
5) өнім берушілер тізілімін талдау және қызметтерді сатып алу шартының талаптарын орындамау немесе тиісінше орындамау тәуекелін айқындау нәтижелері бойынша;
6) көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының талаптарын бұзу фактілері, оның ішінде денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін талдау нәтижелері бойынша белгіленген фактілер анықталған;
7) көрсетілетін қызметтерге ақы төлеудің қосымша көлемінің қажеттілігі туралы өнім берушіден өтініш келіп түскен;
8) мемлекеттік органдардан ден қою шараларын қабылдау бойынша өтініштер түскен жағдайларда жүргізіледі.
52. Жоспардан тыс мониторинг мынадай жағдайларда жүргізілмейді:
1) анонимді өтініш;
2) мәселенің мәні баяндалмаған өтініш.
53. Мониторинг кезінде анықталмаған ақаулар және (немесе) бұзушылықтар көрсетілген қызметтерге ақы төлегеннен кейін анықталған және көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының талаптары орындалмаған және (немесе) тиісінше орындалмаған кезде (жасырын кемшіліктер) Қор бұл туралы өнім берушіге жасырын кемшілік анықталған күннен бастап бір айдың ішінде хабарлайды және Бірыңғай сыныптамаға және жоспардан тыс мониторинг шеңберінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының талаптарына сәйкес экономикалық ықпал ету шараларын қолданады.
54. Жоспардан тыс мониторинг жүргізу кезінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес сатып алу шарты талаптарының орындалуына мониторинг бойынша қорытынды қалыптастырылады.
55. Қорытындыға мониторинг жүргізген Қордың және (немесе) Қор филиалының қызметкері (қызметкерлері) қол қояды және мынадай тәсілдердің бірімен танысу үшін қол қойылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өнім берушіге:
1) электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, ҚАЖ-да электрондық түрде;
2) электрондық түрде электрондық құжат айналымы арқылы немесе алғаны туралы хабарламасы бар электрондық пошта арқылы;
3) хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы қағаз түрінде жібереді.
56. Сатып алу шартының талаптарын орындау мониторингінің қорытындысымен келіспеген жағдайда өнім беруші қарсылықпен 3 жұмыс күні ішінде қорытындыға қол қояды және қарсылықтардың тізбесін Қор филиалының мекенжайына, қорытындыға қол қойылған күні мынадай тәсілдердің бірімен:
1) ҚАЖ-да электрондық түрде;
2) электрондық құжат айналымы арқылы немесе алғаны туралы хабарламасы бар электрондық пошта арқылы;
3) хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы қағаз түрінде жібереді.
57. Өнім беруші қол қойылғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде қарсылық білдірмеген жағдайда, қорытынды өнім берушімен келісілген және қабылданған болып есептеледі.
58. Қор филиалы ұсынылған қарсылықтарды 3 (үш) жұмыс күні ішінде қарайды және өнім берушінің қарсылықтары қабылданған жағдайда сатып алу шарты талаптарының орындалуына мониторинг қорытындысына түзету енгізеді, содан кейін өнім берушіге дәлелді жауап жібереді.
59. Өнім беруші қарсылықсыз қорытындыға қол қойған кезде қорытынды қабылданды деп есептеледі.
60. Өнім беруші дәлелді жауаппен келіспеген жағдайда, мониторинг нәтижелеріне өнім беруші Қор филиалын хабардар ете отырып, медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік органға шағым жасайды.
Ақаулар мен бұзушылықтардың* бірыңғай сыныптамасы
Р/с № | Ақау/бұзушылық коды | Ақау/бұзушылық атауы | Амбулаториялық жағдайларда медициналық көмек | Стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда, қабылдау бөлмелерінде, сондай-ақ мамандандырылған медициналық ұйымдағы (республикалық деңгейде) медициналық көмек | ||||||
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету кезінде төленетін медициналық қызметтер (БКЖН / ЖБН еселігінде) | Амбулаториялық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек (қызмет құнынан) | Темір жол көлігіндегі ЖМК қызметтері (бір адамға шаққандағы құннан) | Шығын сыйымдылығының коэффициентін (емделген жағдайдың және(немесе) қабылдау бөлімшесінің жағдайының құнынан) ескере отырып, КШТ бойынша бір емделген жағдай үшін | Нақты шығыстар бойынша бір емделген жағдай үшін(қызмет құнынан және (немесе) ДЗ) | Бір төсек-күн үшін (1 төсек-күн құнынан) | есептік орташа құны бойынша бір емделген жағдай үшін (1 жағдай құнынан) | медициналық-экономикалық тарифтер бойынша бір емделген жағдай үшін (1 жағдайдың құнынан) | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
1 | 1.0. | Медициналық көмекті негізсіз көрсету | 20 КЖН/ЖБН | 100% | 100% | 100% | 100% | 100% | 100% | 100% |
2 | 1.1. | Медициналық көрсетілімдер болмаған кезде пациентті емдеуге жатқызу | - | - | - | + | + | + | + | + |
3 | 1.2. | Консультациялық-диагностикалық қызметтерге негізсіз жіберу/көрсету | + | + | + | - | - | - | - | - |
4 | 1.3. | Медициналық көмек көрсету кезінде рұқсат беру тәртібі құжаттарының болмауы | + | + | + | + | + | + | + | + |
5 | 2.0 | Медициналық құжаттаманы ресімдеу ақаулары: денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелеріне деректерді дұрыс емес/ уақтылы емес/ сапасыз енгізу | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 |
6 | 3.0 | Көрсетілген медициналық қызмет (көмек) көлемінің негізсіз асырып көтеру | 10 КЖН/ЖБН | 100% | 50% | 50% | 50% | 50% | 50% | 50% |
7 | 3.1. | Емдеу және диагностикалық қызметтер санын негізсіз ұлғайту | + | + | + | - | - | - | - | - |
8 | 3.2. | Баламалары болған кезде барынша қымбат қызметтер көрсету арқылы клиникалық-диагностикалық қызметтер құнының қымбаттауы | + | + | + | - | - | - | - | - |
9 | 3.3. | Көрсетілген медициналық көмек құнының қымбаттауы | - | - | - | + | + | + | + | + |
10 | 4.0 | Негізсіз қайта емдеуге жатқызу (стационарда емдеу аяқталған күннен бастап күнтізбелік 30 күн) паллиативтік медициналық көмек көрсететін өнім берушілерден басқа | - | - | - | 100% | 100% | 100% | 100% | 100% |
11 | 5.0 | Медициналық көмек (қызмет) көрсетудің расталмаған жағдайы | 100 КЖН/ЖБН | 300% | 300% | 300% | 300% | 300% | 300% | 300% |
12 | 5.1. | Медициналық қызметтің (көмектің), ДЗ мен МБ- бойынша ның расталмаған жағдайларын төлемге арналған шот-тіркелімге қосу | + | + | + | + | + | + | + | + |
13 | 5.2. | Медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыны хабардар етпей және оның келісімінсіз басқа МСАК ұйымына бекіту | + | - | - | - | - | - | - | - |
14 | 6.0 | Емдеу – диагностикалық іс-шаралардың, қызметтер көрсетудің денсаулық сақтау саласындағы стандарттардан, қағидалардан негізсіз ауытқуы | 5 КЖН/ЖБН | 30% | 30% | 30% | 30% | 30% | 30% | 30% |
15 | 6.1. | Емдеу нәтижесінде асқынуларға/ нашарлауларға/өзгерістерсіз әкелген диагностикалық / емдеу іс-шараларын уақтылы және (немесе) тиісінше орындамау | + | + | + | + | + | + | + | + |
16 | 6.2. | Медициналық көмек көрсету кезінде денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтамау | + | + | + | + | + | + | + | + |
17 | 6.3. | ДЗ мен МБ тізбесі бойынша препараттармен, МБ, оның ішінде АДҚ бойынша уақтылы қамтамасыз етпеуы | + | - | + | + | + | + | + | |
18 | 6.4. | Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды негізсіз тағайындау/жазып беру | + | - | - | + | + | + | + | + |
19 | 7.0 | Қызметтерді күту ұзақтығы 15 жұмыс күнінен асады | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 |
20 | 8.0 | Медициналық көрсетілетін көмектің (қызметтердің) сапасы мен көлеміне шағымдар | 30 КЖН/ЖБН | 100% | 100% | 50% | 50% | 50% | 50% | 50% |
21 | 9.0. | Стационар деңгейінде төлеуге жатпайтын өлім/АЕК/жедел жәрдем деңгейіндегі өлім | 50 КЖН/ЖБН | - | - | 100% | 100% | 100% | 100% | 100% |
22 | 10.0. | Клиникалық диагноздың морфологиялық немесе патологиялық диагноздармен сәйкес келмеу жағдайлары | 20 КЖН/ЖБН | - | - | 50% | 50% | 50% | 50% | 50% |
23 | 11.0 | Медициналық көрсетілетін қызметтерді (көмекті) сатып алу шартына енгізілмеген медициналық көрсетілетін қызметтер (көмек) | 30 КЖН/ЖБН | 100% | 100% | 100% | 100% | 100% | 100% | 100% |
24 | 12.0 | ТМККК/МӘМС-ке кіретін медициналық көмекті ақылы негізде көрсету | 50 КЖН/ЖБН | 100% | 100% | 50% | 50% | 50% | 50% | 50% |
25 | 12.1 | ТМККК/МӘМС-ке кіретін медициналық көмек (қызметтер) көрсету кезінде пациенттің дәрілік заттарын, медициналық бұйымдарын тарту | + | + | + | + | + | + | + | + |
26 | 12.2 | ТМККК/МӘМС-ке кіретін медициналық көмек көрсету кезінде пациенттің ақшалай қаражатын тарту | + | + | + | + | + | + | + | + |
27 | 12.3 | Ақылы негізде көрсетілген медициналық қызметтердің шот-тізіліміне енгізу | + | + | + | 100% | 100% | 100% | 100% | 100% |
28 | 14.0 | Қабылдау бөлімшесі деңгейінде емдеуге жатқызудан негізсіз бас тарту | - | - | - | 100% |
кестенің жалғасы
р/с № | Жедел медициналық көмек (1-4 санат) (айына 1 адамға шаққандағы жедел жәрдемнің жан басына шаққандағы нормативінің еселігінде) | Ауыл халқына медициналық көмек (айына 1 ауыл тұрғынына базалық кешенді жан басына шаққандағы нормативтің еселігінде (БКЖН) | Медициналық-әлеуметтік көмек | Патологиялық-анатомиялық диагностика (қызмет құнынан) | Қанды және оның компоненттерін дайындау, өңдеу, сақтау және өткізу, қан препараттарын өндіру жөніндегі қызметтер (қызмет құнынан) | Медициналық қызмет көрсету бойынша бұзушылықтар түрлерін градациялау | ||
Психикалық және мінез-құлық бұзылыстары бар (аурулары бар) адамдарға (кешенді тарифтің (КТ) еселігі | Туберкулезбен ауыратын науқастарға (кешенді тарифтің еселігі (КТ) | АИТВ инфекциясын жұқтырғандарға (кешенді тарифтің (КТ) еселігі/қызмет құнынан) | ||||||
1 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
1 | 20 ЖБН | 20 КЖН | 5 КТ | 1КТ | 1 КТ / 100 % | 100% | 100% | елеулі бұзушылықтар |
2 | - | + | + | + | - | - | - | елеулі бұзушылықтар |
3 | + | - | + | + | + | + | + | елеулі бұзушылықтар |
4 | + | + | + | + | + | + | + | елеулі бұзушылықтар |
5 | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 | елеусіз бұзушылықтар |
6 | - | 10 КЖН | - | - | 100% | 100% | 100% | елеулі бұзушылықтар |
7 | - | + | - | - | + | + | + | елеулі бұзушылықтар |
8 | - | + | - | - | + | + | + | елеулі бұзушылықтар |
9 | - | + | - | - | - | - | - | елеулі бұзушылықтар |
10 | - | 15 КЖН | - | - | - | - | - | елеулі бұзушылықтар |
11 | 100 ЖБН | 100 КЖН | 3 КТ | 3 КТ | 3 КТ / 300 % | 300% | 300% | елеулі бұзушылықтар |
12 | + | - | + | + | + | + | + | елеулі бұзушылықтар |
13 | - | - | - | - | - | - | - | елеулі бұзушылықтар |
14 | 15 ЖБН | 5 КЖН | 3 КТ | 0,3 КТ | 1 КТ | 30% | 50% | елеулі бұзушылықтар |
15 | + | + | + | + | + | - | - | елеулі бұзушылықтар |
16 | + | + | + | + | + | + | + | елеулі бұзушылықтар |
17 | + | + | + | + | + | - | - | елеулі бұзушылықтар |
18 | - | + | + | + | + | - | - | елеулі бұзушылықтар |
19 | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 | - | елеусіз бұзушылықтар |
20 | 25 ЖБН | 30 КЖН | 3 КТ | 0,5 КТ | 1 КТ | 100% | 100% | елеулі бұзушылықтар |
21 | 100 ЖБН | 50 КЖН | 6 КТ | 1 КТ | - | - | - | елеулі бұзушылықтар |
22 | - | 20 КЖН | 3 КТ | 0,5 КТ | - | - | - | елеулі бұзушылықтар |
23 | - | 30 КЖН | - | - | - | 100% | 100% | елеулі бұзушылықтар |
24 | 50 ЖБН | 50 КЖН | 1 КТ | 0,5 КТ | 1 КТ / 100 % | 50% | 50% | елеулі бұзушылықтар |
25 | + | + | + | + | + | + | + | елеулі бұзушылықтар |
26 | + | + | + | + | + | + | + | елеулі бұзушылықтар |
27 | + | + | + | + | + | 100% | 100% | елеулі бұзушылықтар |
28 | - | - | - | - | - | - | - | елеулі бұзушылықтар |
Ескертпе:
*3.0, 3.1, 3.2, 5.0, 5.1, 5.2 кодтарына қолданылады
"+" белгісі – ақаулардың осы кодтары мен кіші кодтары медициналық көмектің осы нысаны/түрі үшін қолданылады;
"–" белгісі – ақаулардың осы кодтары мен кіші кодтары медициналық көмектің осы нысаны/түрі үшін қолданылмайды
Қысқартулар тізімі:
АББ – ауруларды басқару бағдарламасы;
АДҚ – амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету;
АЕК – амбулаториялық емханалық көмек;
АЖ – ақпараттық жүйе;
ӘППҰ – әмбебап прогрессивті патронаж үлгісі;
БЖЖБН – базалық жан басына шаққандағы кешенді норматив;
ДЗ – дәрілік заттар;
ЖБН – жан басына шаққандағы норматив;
КЖН – кешенді жан басына шаққандағы норматив;
КТ – кешенді тариф;
КШТ - клиникалық шығындық топтар
МӘМС – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру.
МБ – медициналық бұйымдар;
МСАК –медициналық-санитариялық алғашқы көмек;
ТМККК – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі.
Сатып алу шарты талаптарының орындалу мониторингі барысында анықталған медициналық қызметтер (көмек) көрсетудің расталмаған жағдайларының тізілімі
Р/с | Өңір | Медициналық ұйымның БСН-і | Медициналық ұйымның атауы | Картаның нөмірі | Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) | Қызмет көрсету күні (шығару күні) | Медициналық көрсетілетін қызметтің (көмектің) құны | Қызметтің ID | Растау (анықтау) күні |
Медициналық қызмет (көмек) көрсетудің расталмаған жағдайларының мониторингі бойынша қорытынды 202__жылғы "__" ___ № _ / _
1. Қор филиалының атауы:
__________________________________________________________________________
2. Өнім берушінің атауы: ____________________________________________________
(өнім берушінің толық атауы)
__________________________________________________________________________
2.1 Басшының ТАӘ (бар болған жағдайда) _____________________________________
__________________________________________________________________________
2.2 Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН);
__________________________________________________________________________
2.3 Өнім берушінің және оның өндірістік базаларының пошталық мекенжайы
__________________________________________________________________________
2.4 Қормен көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының нөмірі (көрсетілетін қызметтерді
сатып алу шартына қосымша келісімдерді қоса алғанда) сомасын көрсете отырып
_________________________________________________________________________
3. Медициналық көмектің түрі:
__________________________________________________________________________
4. Мониторинг үшін негіз:
__________________________________________________________________________
5. Мониторинг түрі: ағымдағы, жоспардан тыс (керегінің астын сызу керек)
6. Қор маманының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)/лауазымы
__________________________________________________________________________
7. Мониторинг жүргізу кезеңі: ________________________________________________
(мониторинг қай кезеңде жүргізілгенін көрсетілсін)
8. Мониторинг жүргізу мерзімдері: 202__ жылғы "____" ________ бастап 202__ жылғы "____" ________ дейін.
9. Мониторинг нәтижелері:
№ | Медициналық кітапшаның нөмірі/бұзушылықтардың коды | Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) | Шығару күні/ қызмет көрсету күні | Бұзушылықтардың кодтары | Анықталған бұзушылықтың сомасы |
БАРЛЫҒЫ, Бұзушылықтардың саны: |
__________________________________________________________________________
Қордың сарапшысы (сарапшылары) /жұмыскері (жұмыскерлері): | Қарсылықсыз/қарсылықтармен таныстым (керегінің астын сызыңыз) Өнім берушінің бірінші басшысы/уәкілетті тұлғасы: |
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) / қолы) | (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)/қолы) МО (бар болса) |
қарсылықтардың тізбесін қысқаша сипаттау (өнім берушінің бірінші басшысы/уәкілетті тұлғасы толтырады). |
Ескертпе: қорытынды Қордың сарапшысы (сарапшылары/қызметкері (қызметкерлері) қол қойған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өнім берушіге жіберіледі.
Сатып алу шарты талаптарының орындалу мониторингі бойынша қорытынды 202__ жылғы "____" ___________ ____/____
1. Қор филиалының атауы:__________________________________________________
2. Өнім берушінің атауы: ___________________________________________________
(өнім берушінің толық атауы)
3. Медициналық көмектің түрі _______________________________________________
4. Мониторинг жүргізу үшін негіз: ___________________________________________
5. Мониторинг түрі: ағымдағы/жоспардан тыс (қажеттінің асты сызылсын)
6. Қор маманының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)/лауазымы:
7. Мониторинг жүргізу кезеңі: _______________________________________________
(қай кезең үшін көрсетілсін)
8. Мониторинг жүргізу мерзімдері: 202__ жылғы "____" ________ бастап 202__ жылғы "____" ________ дейін
9. Мониторинг нәтижелері:
№ | Медициналық картаның №/ тарификатор бойынша көрсетілетін қызметтің коды/ рецептің нөмірі | Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) | Шығару күні / қызмет көрсету күні |
Анықталған ақаулардың/ | Ақаудың сомасы |
БАРЛЫҒЫ, ақаулардың саны: |
Шарттың № және күні | Шарттың орындалмаған тармағы | Шарт талаптарының орындалмауының сипаттамасы | Тұрақсыздық айыбының сомасы |
БАРЛЫҒЫ, Шарттың орындалмаған тармақтарының саны |
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Қордың сарапшысы (сарапшылары) /жұмыскері (жұмыскерлері): |
Қарсылықсыз/қарсылықтармен таныстым |
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) / қолы) |
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) / қолы) |
қарсылықтардың тізбесін қысқаша сипаттау |
Өлім және қайтыс болу жағдайлары мониторингінің нәтижелері бойынша қорытынды 202__жылғы "__" ___ № ___ / ____
1. Қор қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), сараптама жүргізген, оның ішінде мамандығын, біліктілік санатын, ғылыми
дәрежесін, аккредиттеу туралы куәліктің №, көрсете отырып тәуелсіз сарапшының, бейінді маманның лауазымы.
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
2. Сараптама жүргізілген денсаулық сақтау субъектісінің (объектісінің) атауы
__________________________________________________________________________
Бөлімше _________________________________________________________________
Қабылдау/емдеуге жатқызу күні _____________________________________________
Қайтыс болған күні/уақыты
3. Өлім жағдайына мониторинг жүргізу кезеңі.
4. Өлім жағдайы мониторингінің мәні.
5. Пациенттің деректері:
Жынысы _________________________________________________________________
Жасы ____________________________________________________________________
Жеке сәйкестендіру нөмірі __________________________________________________
Медициналық картаның нөмірі ______________________________________________
6. Мониторинг нәтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар туралы, олардың сипаты туралы мәліметтер:
Анамнез
Объективті қарап-тексеру деректері
Зерттеу нәтижелері
Диагноз
Пациентті қадағалау және емдеу жоспары (оның ішінде пациенттің бағыты)
Анықталған ақаулар мен бұзушылықтар
7. Қорытындылар:
8. Ұсынымдар:
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (өлім жағдайының мониторингін жүргізген адамның қолы)
Күні 202__жылғы "____" ________________