Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелге емделуге жіберу және (немесе) емдеуді отандық медициналық ұйымдарда жүргізу үшін шетелдік мамандарды тарту қағидаларын әзірлеуді бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 26 мамырдағы № ҚР ДСМ -45 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 28 мамырда № 22866 болып тіркелді.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 7-бабының 60) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелге емделуге жіберу және (немесе) емдеуді отандық медициналық ұйымдарда жүргізу үшін шетелдік мамандарды тарту қағидалары бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау министрі А. Цой

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2021 жылғы 26 мамырдағы
№ ҚР ДСМ -45 бұйрыққа
1-қосымша

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелге емделуге жіберу және (немесе) емдеуді отандық медициналық ұйымдарда жүргізу үшін шетелдік мамандарды тарту қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелге емделуге жіберу және (немесе) емдеуді отандық медициналық ұйымдарда жүргізу үшін шетелдік мамандарды тарту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 7-бабының 60) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелге емделуге жіберу және (немесе) отандық медициналық ұйымдарда емдеу жүргізу үшін шетелдік мамандарды тарту тәртібін айқындайды.

      Осы Қағидалар жеке қаражаты есебінен шетелдік медициналық ұйымдарға емделуге өз бетінше кеткен пациенттердің жағдайларына қолданылмайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) бейінді маман ‒ жоғары медициналық білімі, денсаулық сақтау саласында сертификаты бар медицина қызметкері;

      2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі ‒ уәкілетті орган) ‒ Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсетудің сапасы саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      3) жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі ‒ ЖСН) ‒ жеке тұлға, соның ішінде өзіндік кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір.

      4) комиссияның жұмыс органы – Қазақстан Республикасының азаматтарын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде отандық медициналық ұйымдарда емдеу жүргізу үшін шетелге емделуге жіберу және (немесе) шетелдік мамандарды тарту мәселелері бойынша үйлестіруші орган (бұдан әрі – Жұмыс органы);

      5) Қазақстан Республикасының азаматтарын тегін медициналық көмектің кепілдік шеңберінде шетелдік медициналық ұйымдарға емделуге жіберу жөніндегі комиссия (бұдан әрі ‒ комиссия) Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелге емделуге жіберуді және (немесе) тегін медициналық көмектің кепілдік шеңберінде отандық медициналық ұйымдарда емдеу жүргізу үшін шетелдік мамандарды тартуды шешу үшін уәкілетті орган құрған, құрамында уәкілетті органның өкілдері, комиссияның жұмыс органының мамандары, бейінді мамандар, әртүрлі аурулар кезінде көмек көрсету жөніндегі өз қызметін жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері бар комиссия;

      6) пациент ‒ медициналық көмек көрсетуді қажет ететін ауруының немесе жай-күйінің болуына немесе болмауына қарамастан, медициналық көрсетілетін қызметтердің тұтынушысы болып табылатын (болып табылған) жеке тұлға;

      7) республикалық денсаулық сақтау ұйымы - уәкілетті органның, дербес білім беру ұйымының денсаулық сақтау ұйымының денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының және денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының медициналық ұйымдарының қарауындағы денсаулық сақтау ұйымы;

      8) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) ‒ бюджет қаражаты есебінен ұсынылатын медициналық көмектің көлемі.

2-тарау. "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелге емделуге жіберудің орындылығы және (немесе) емдеуді отандық медициналық ұйымдарда жүргізу үшін шетелдік мамандарды тарту мүмкіндігіне құжаттарды қабылдау және қарау" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі

      3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелге емделуге жіберудің орындылығы және (немесе) емдеуді отандық медициналық ұйымдарда жүргізу үшін шетелдік мамандарды тарту мүмкіндігіне құжаттарды қабылдау және қарау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – Стандарт) көзделген.

      4. Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен отандық медициналық ұйымдарда емдеу үшін шетелге емделуге жіберу және (немесе) шетелдік мамандарды тарту орындылығына арналған құжаттарды қарау үшін көрсетілетін қызметті алушы Стандартта көрсетілген құжаттарды облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдарына (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) ұсынады.

      5. Көрсетілетін қызметті беруші Cтандартқа сәйкес құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.

      Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері Стандартта көрсетілген құжаттарды тіркеген сәттен бастап ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      6. Көрсетілетін қызметті алушы Стандартта көзделген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      7. Құжаттардың толық топтамасы ұсынылған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарын республикалық денсаулық сақтау ұйымына жібереді.

      Республикалық денсаулық сақтау ұйымы құжаттардың топтамасын алғаннан кейін осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген іс-шараларды жүзеге асырады, құжаттардың топтамасын қарау қорытындысы бойынша оң шешім болған жағдайда қызмет көрсетушіге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пациентті шетелге емделуге жіберу және (немесе) отандық медициналық ұйымдарда емдеу жүргізу үшін шетелдік мамандарды тарту туралы қорытындыны немесе пациентті шетелге емделуге жіберудің орындылығы және (немесе) отандық медициналық ұйымдарда емдеу жүргізу үшін шетелдік мамандарды тарту туралы қабылданған шешім жөнінде хабарламаны жолдайды.

      Көрсетілетін қызметті беруші республикалық денсаулық сақтау ұйымынан жауап алғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға пациентті шетелге емделуге жіберу және (немесе) отандық медициналық ұйымдарда емдеу жүргізу үшін шетелдік мамандарды тарту туралы республикалық денсаулық сақтау ұйымының қорытындысын қоса бере отырып, жазбаша жауап не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту жібереді.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) көрсетілетін қызметті беруші немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган басшысының атына шағым беру арқылы жүзеге асырылады.

      Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) басшысына жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      9. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

      10. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің интернет–ресурсында орналастырылған dsm.gov.kz, "Мемлекеттік қызметтер" бөлімі.

      11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Министрліктің dsm.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

3-тарау. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелге емделуге жіберу және (немесе) емдеуді отандық медициналық ұйымдарда жүргізу үшін шетелдік мамандарды тарту тәртібі

      12. Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелге емделуге жіберу және (немесе) ТМККК шеңберінде отандық медициналық ұйымдарда емдеу жүргізу үшін шетелдік мамандарды тарту:

      1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары шетелге емделуге жіберілетін аурулар тізбесіне;

      2) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес шетелге емделуге жіберілетін Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.

      Пациентті шетелге емделуге жіберудің және (немесе) отандық медициналық ұйымдарда емдеу жүргізу үшін шетелдік мамандарды тартудың орындылығы туралы шешім қабылдау бейінді мамандардың қорытындылары негізінде республикалық денсаулық сақтау ұйымдары деңгейінде қабылданады.

      Диагнозды және инновациялық технологияларды сәйкестендіруде қиындықтар туындаған кезде республикалық денсаулық сақтау ұйымы отандық және шетелдік медициналық ұйымдардың жетекші бейінді мамандарының қатысуымен консилиум ұйымдастырады.

      Өткізілген іс-шаралардың қорытындысы бойынша оң нәтиже болған кезде республикалық денсаулық сақтау ұйымының бірінші басшысы пациентті шетелге емделуге жіберу және (немесе) отандық медициналық ұйымдарда емдеу жүргізу үшін шетелдік мамандарды тарту туралы республикалық денсаулық сақтау ұйымының қорытындысын береді.

      13. Республикалық денсаулық сақтау ұйымы жұмыс органының қарауына қағаз жеткізгіште және электрондық форматта мынадай құжаттарды енгізеді:

      1) пациенттің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      2) республикалық медициналық ұйым берген, диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамаларына сәйкес жүргізілген зерттеулер (растайтын құжаттарды қоса бере отырып) және консультациялар нәтижелерін қамтитын, ескіру мерзімі 30 (отыз) жұмыс күнінен аспайтын, кемінде 3 (үш) отандық және (немесе) шетелдік медициналық ұйымдардың жетекші бейінді мамандарының қатысуымен консилиум шешімін қоса бере отырып, пациенттің ауру тарихынан (стационарлық/амбулаториялық) үзінді көшірме;

      3) республикалық денсаулық сақтау ұйымының бірінші басшысы қол қойған және елтаңбалы мөрмен расталған пациентті шетелге емделуге жіберу және (немесе) отандық медициналық ұйымдарда емделу үшін шетелдік мамандарды тарту туралы қорытындысы;

      4) отандық медициналық ұйымдарда емдеу жүргізу үшін шетелдік маманның деректері (еркін нысанда), көрсетілетін қызметтердің тізбесі және оны көрсету мерзіміне оның құны көрсетілген пациентті емдеу бағдарламасы (баға ұсынысы) қоса беріледі.

      Шетелдік мамандарды тарта отырып емдеу жүргізу үшін мынандай отандық медициналық ұйымдарға рұқсат етіледі:

      1) қаралып отырған технологияның бейініне сәйкес "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 7-бабының 62) тармақшасына сәйкес бекітілген ТМККК шеңберінде медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына сәйкес ТМККК шеңберінде медициналық қызметтер көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына енгізілген;

      2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-238/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21746 болып тіркелген) бекітілген мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету қағидаларына сәйкес денсаулық сақтау ұйымының жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетуге сәйкестігі туралы қорытындылары бар адамдар.

      Комиссия базасында шетелдік мамандарды тарта отырып емдеу жүргізілетін отандық медициналық ұйымды таңдау туралы шешім қабылдайды.

      14. Жұмыс органы республикалық денсаулық сақтау ұйымынан пациентті шетелге емделуге жіберу және (немесе) ТМККК шеңберінде отандық медициналық ұйымдарда емдеу жүргізу үшін шетелдік мамандарды тарту туралы қорытынды келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде деректерді жұмыс органының сайтында орналастырылған "күту парағы" ақпараттық жүйесіне енгізеді.

      15. Азаматтарды шетелге емделуге жіберу және (немесе) ТМККК шеңберінде отандық медициналық ұйымдарда емдеу жүргізу үшін шетелдік мамандарды тарту туралы ұсыным шығару үшін жұмыс органы:

      1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары шетелге емделуге жіберілетін аурулар тізбесіне және (немесе) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес шетелге емделуге жіберілетін Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесіне оларды алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде республикалық денсаулық сақтау ұйымы ұсынған осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген құжаттарды қарайды;

      2) азаматтарды шетелге емделуге жіберу және (немесе) отандық медициналық ұйымдарда емдеу жүргізу үшін шетелдік мамандарды тарту үшін республикалық денсаулық сақтау ұйымының қорытындысын алған күннен бастап келесі жұмыс күні көрсетілетін қызметтердің тізбесін және оны көрсету мерзіміне олардың құнын көрсете отырып, шетелдік медициналық ұйымдардан пациентті емдеу бағдарламасын (баға ұсынысын) сұратады;

      3) шетелдік медициналық ұйым ұсынған пациенттерді емдеу бағдарламасын пысықтау және келісу үшін шетелде емдеуді ұсынған республикалық денсаулық сақтау ұйымының бейінді мамандарын тартады немесе отандық медициналық ұйымдарда емдеу жүргізу үшін шетелдік мамандарды тартады;

      4) шетелдік медициналық ұйымдардың мамандары пациенттің жай-күйі туралы қосымша ақпарат сұратқан жағдайда, сұрау салу келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шетелдік медициналық ұйымдармен онлайн консультациялар ұйымдастырады;

      5) технологиялар бөлінісінде жоспарлы тәртіппен шетелдік мамандарды тарта отырып, отандық медициналық ұйымдарда емдеуді ұйымдастыруға мұқтаж пациенттердің тізімін қалыптастырады;

      6) отандық медициналық ұйымдарда емдеу жүргізу үшін бейінді республикалық денсаулық сақтау ұйымдарымен бірлесіп, бейінді шетелдік маманды іздеуді жүзеге асырады.

      16. Осы Қағидалардың 15-тармағында көзделген іс-шараларды жүзеге асыру нәтижелері бойынша жұмыс органы комиссияға:

      1) республикалық денсаулық сақтау ұйымынан пациентті шетелге емделуге жіберу және (немесе) отандық медициналық ұйымдарда емдеу жүргізу үшін шетелдік мамандарды тарту туралы қорытындыны алған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс органының пациентті шетелге емделуге жіберу туралы ұсынымды;

      2) пациентті шетелге емделуге жіберу және (немесе) республикалық денсаулық сақтау ұйымынан отандық медициналық ұйымдарда емдеу жүргізу үшін шетелдік мамандарды тарту туралы қорытындыны алған күннен бастап 90 (тоқсан) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шетелдік мамандарды тарта отырып, отандық медициналық ұйымдарда пациентті емдеу жүргізу туралы жұмыс органының ұсынымын ұсынады.

      17. Комиссия уәкілетті орган жанындағы тұрақты жұмыс істейтін сараптау комиссиясы болып табылады.

      Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрайды және 15 (он бес) адамнан аспайды. Комиссия құрамына төраға, төрағаның орынбасары, мүшелері, хатшы кіреді.

      Комиссияның ұйымдастырушылық қызметін комиссия хатшысы қамтамасыз етеді. Комиссия хатшысы комиссия мүшесі болып табылмайды және комиссия шешімдер қабылдаған кезде дауыс беру құқығы жоқ. Комиссия хатшысының функцияларын уәкілетті органның маманы орындайды.

      Комиссияның құрамы және комиссияның қызметі туралы ереже уәкілетті орган басшысының не оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен бекітіледі және уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.

      18. Комиссия:

      1) таңдалған шетелдік медициналық ұйымның атауын, емдеу бағдарламасын, оның ішінде кезең-кезеңмен емдеуді (қажет болған жағдайда) қоса алғанда, пациентті шетелге емделуге жіберу туралы шарт сомасы, пациентке және ілесіп жүретін адамға (қажет болған жағдайда) әуе/теміржол билеттерін сатып алуға арналған рұқсат;

      2) шетелге емделуге жіберуден бас тарту туралы;

      3) пациенттің құжаттарын қарау мерзімін ұзарту туралы;

      4) шетелдік маманның деректерін, қаламақы сомасын, емдеу бағдарламасын және базасында емдеу жүргізілетін отандық медициналық ұйымның атауын қоса алғанда, шетелдік мамандарды тарта отырып, отандық медициналық ұйымдарда пациентке емдеу жүргізу туралы;

      5) шетелдік мамандарды тарта отырып, отандық медициналық ұйымдарда пациентке емдеу жүргізуден бас тарту туралы;

      6) жұмыс органының шетелдік медициналық ұйымға емделуге ақы төлеу міндеттемесі туралы кепілдік хат беруі туралы;

      7) қосымша келісім жасай отырып, емдеу бағдарламасы өзгерген кезде шетелдік медициналық ұйымда пациентті емдеуді жалғастыру және пациент емделуде болған кезеңде шарт сомасының 10 (он) пайызынан аспайтын мөлшерде шарт сомасын ұлғайту қажеттілігі туралы;

      8) пациент емделуде болған кезеңде шарттың жалпы сомасын ұлғайтпай, қосымша келісім жасай отырып, емдеу бағдарламасы өзгерген кезде шетелдік медициналық ұйымда пациентті емдеуді жалғастыру қажеттілігі туралы;

      9) қосымша келісім жасай отырып, шарт сомасын азайту туралы;

      10) қосымша келісім жасай отырып, шарттың жалпы сомасын ұлғайтпай шарттың қолданылу мерзімін ұзарту қажеттілігі туралы;

      11) комиссияның бұрын қабылданған шешімінің күшін жою туралы;

      12) шетелдік медициналық ұйымдардың тізбесін бекіту туралы шешім қабылдайды.

      Комиссия шешімі хаттамалық шешімде көрсетілетін комиссия мүшелерінің пікірлерін ескере отырып, әрбір жағдайда жеке қабылданады.

      19. Жұмыс органы пациентті шетелге емделуге жіберу және (немесе) отандық медициналық ұйымдарда емдеу жүргізу үшін шетелдік мамандарды тарту туралы комиссияның хаттамалық шешімінің негізінде шетелдік мамандарды азаматтық заңнамаға сәйкес тарта отырып, Қазақстан Республикасының азаматтарына медициналық қызметтер көрсетуге арналған шетелдік медициналық ұйыммен немесе отандық медициналық ұйыммен пациентті емдеуге арналған шартты комиссия отырысы өткізілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жасасады.

      Шетелдік медициналық ұйымда пациентті емдеу мақұлданған жағдайда, пациент немесе оның заңды өкілі:

      1) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пациенттің шетелге жіберу қағидаларымен келіміне;

      2) осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пациенттің фото және бейнетүсірілімге келісіміне;

      3) осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пациенттің шетелде емделуге арналған қаржылық алымдардан бас тарту туралы келісіміне қол қояды.

      20. Шетелдік медициналық ұйым жұмыс органына пациентті шетелдік медициналық ұйымда емдеуді жалғастыру қажеттілігі және (немесе) пациентті емдеу бағдарламасын өзгерту туралы ұсынымдар берген кезде жұмыс органы емдеу бағдарламасын қарайды және республикалық денсаулық сақтау ұйымының бейінді мамандарымен келіседі.

      Жұмыс органы келісу нәтижелері бойынша Комиссияның қарауына шетелдік медициналық ұйым ұсынған құжаттарды және республикалық денсаулық сақтау ұйымының бейінді маманының осы шетелдік медициналық ұйымда емдеуді жалғастырудың орындылығы туралы қорытындысын шығарады.

      Пациентке қайта транспланттау қажет болған кезде жаңа шарт жасалады.

      Жұмыс органы шетелдік медициналық ұйымды комиссия қабылдаған шешім туралы ол қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

      21. Пациентті емдеу аяқталғаннан және пациентті шығару эпикризі ұсынылғаннан кейін жұмыс органы шетелдік медициналық ұйым көрсеткен медициналық қызметтер көлемінің сәйкестігін айқындау үшін пациентті шетелге емделуге жіберу туралы қорытынды берген кемінде 2 (екі) отандық бейінді мамандардың, оның ішінде республикалық денсаулық сақтау ұйымының бейінді маманының қатысуымен шетелдік медициналық ұйыммен онлайн консультация беруді ұйымдастырады.

      Онлайн консультацияның қорытындылары хаттамамен рәсімделеді.

  Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілген көлемі
шеңберінде
Қазақстан Республикасының
азаматтарын шетелге емделуге
жіберу және (немесе) емдеуді
отандық медициналық
ұйымдарда жүргізу үшін
шетелдік мамандарды тарту
қағидаларына 1- қосымша

"Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелге емделуге жіберудің орындылығы және (немесе) емдеуді отандық медициналық ұйымдарда жүргізу үшін шетелдік мамандарды тарту мүмкіндігіне құжаттарды қабылдау және қарау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

2

3

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Көрсету мерзімі – көрсетілетін қызметті алушы мәліметтерді көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап-2 (екі) жұмыс күні ішінде;
көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге мәліметтерді тапсыруының рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

республикалық денсаулық сақтау ұйымының пациентті шетелге емделуге жіберу және (немесе) отандық медициналық ұйымдарда емдеу жүргізу үшін шетелдік мамандарды тарту туралы қорытындысына қосымшасымен жазбаша жауап не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.

7

Жұмыс кестесі

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – 2015 жылдың 23 қарашасындағы Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) еркін нысандағы өтініш;
2) жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат;
3) пациенттің ауру тарихынан үзінді (ескіру мерзімі 30 (отыз) жұмыс күнінен аспайды).

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидалармен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы не осы Қағидалармен белгіленген тексерулер.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылған. dsm. gov. kz "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі.
Қызмет көрсетілетін орынның жағдайларын көрсету (үй-жай режимі, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жеке мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін жасалған жағдайлар, күтудің және қажетті құжаттарды дайындаудың қолайлы жағдайлары (күту залы, үлгілер қойылған тағандар) және тағы сол сияқты).
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Министрліктің интернет-ресурсында көрсетілген. dsm. gov. kz мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

  Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілген көлемі
шеңберінде
Қазақстан Республикасының
азаматтарын шетелге емделуге
жіберу және (немесе) емдеуді
отандық медициналық
ұйымдарда жүргізу үшін
шетелдік мамандарды тарту
қағидаларына 2- қосымша

Пациентті шетелге емделуге жіберу және (немесе) отандық медициналық ұйымдарда емдеу жүргізу үшін шетелдік мамандарды тарту туралы республикалық денсаулық сақтау ұйымының қорытындысы

Пациенттің деректері

1

2

3

1

Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)


2

ЖСН


3

Туған күні


4

Мекен жайы


5

Толық клиникалық диагноз


6

Ілеспе диагноз


7

Ұсынылатын емдеу (нақты манипуляцияны көрсету)


8

Пациентті шетелге емделуге жіберу қажеттілігі туралы шешім

1. Қажет (дәлелдеу)
2. Қажет емес (керегінің астын сызу керек)

9

Шетелдік мамандарды тарта отырып, отандық медициналық ұйымдарда пациентті емдеу қажеттілігі туралы шешім

1. Қажет (дәлелдеу)
2. Қажет емес (керегінің астын сызу керек)

10

Бұл технологияның Қазақстан Республикасының бірде-бір Денсаулық сақтау ұйымында орындалмайтындығын растау


11

Емдеудің күтілетін әсері


12

Ағзалар мен тіндерді транспланттауға жіберген жағдайда донорлардың болуы/болмауы туралы мәліметтер қоса беріледі

1. Типтеу деректері (қоса берілген) – иә / жоқ
2. Туыстық донорлардың жоқтығын растайтын деректер (қоса беріледі) – иә / жоқ
3. Елде донорлардың жоқтығын растайтын деректер (қоса беріледі) – иә / жоқ
4. Халықаралық тіркелімдердегі алдын ала іздеу деректері (қоса беріледі) – иә / жоқ

13

Пациентті шетелге емделуге жіберу кезінде еріп жүретін адамның қажеттілігі туралы шешім

1. Қажет (дәлелдеу)
2. Қажет емес (керегінің астын сызу керек)

14

Қорытынды толтырылған күн


      Осы қорытындыға қол қоя отырып, денсаулық сақтау ұйымының басшысы ұсынылған деректердің дұрыстығы үшін жауапты болады

      Республикалық денсаулық сақтау ұйымының басшысы

      /______________/_______________________/

      (қолы)            Т.А.Ә ((бар болса))

  Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілген көлемі
шеңберінде
Қазақстан Республикасының
азаматтарын шетелге емделуге
жіберу және (немесе) емдеуді
отандық медициналық
ұйымдарда жүргізу үшін
шетелдік мамандарды тарту
қағидаларына 3- қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасының азаматтары шетелге емделуге жіберілетін аурулардың тізбесі

      1. Мидың хирургиялық қол жетпейтін функционалды маңызды аймақтарында орналасуына байланысты радиохирургиялық емдеу әдісін (гамма-пышақ) қажет ететін артериовеноздық мальформациялар мен ісіктер.

      2. Эндоваскулярлық емдеуге арналған ми діңі, жұлын тамырларының артериовенозды мальформациялары және артериялық аневризмдер.

      3. Трансоральды алып тастау үшін бас сүйегінің негізінің ісіктері.

      4. Радиохирургиялық емдеуді қажет ететін көздің қатерлі ісіктері (гамма-пышақ, радиоактивті аппликаторлар).

      5. Кератопротездеу.

      6. Ересектер мен балалардың гемопоэздік дің жасушаларын аутологиялық және туыстық транспланттауды қоспағанда, тіндерді (тіннің бөлігін) немесе ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттауды талап ететін аурулар, Қазақстан Республикасында талап етілетін технологиялардың болмауына байланысты емдеудің осы әдістемесі орындалмайтын аурулардан басқа, сондай-ақ мөлдір қабықты транспланттау.

      7. Көмейдің стенозы.

      8. Кеңірдек стенозы.

      9. Lu (лютеций) 177 изотопымен радионуклидтік терапиямен нейроэндокриндік ісіктер.

      Ескерту. Тізбе 9-тармақпен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 02.07.2021 № ҚР ДСМ-57 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілген көлемі
шеңберінде
Қазақстан Республикасының
азаматтарын шетелге емделуге
жіберу және (немесе) емдеуді
отандық медициналық
ұйымдарда жүргізу үшін
шетелдік мамандарды тарту
қағидаларына 4- қосымша

Шетелге емделуге жіберілетін Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесі

      1. Қазақстан Республикасында жүргізілмейтін жоғары технологиялық медициналық көмекке көрсетілімдер болған кезде 18 жасқа дейінгі балалар.

      2. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша ерекше жағдайларда Қазақстан Республикасында жүргізілмейтін жоғары технологиялық медициналық көмекке көрсетілімдер болған кезде қызметтік міндеттерін атқару кезінде ауыр жарақат алған және мертіккен құқық қорғау органдарының қызметкерлері, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің қызметшілері.

  Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілген көлемі
шеңберінде
Қазақстан Республикасының
азаматтарын шетелге емделуге
жіберу және (немесе) емдеуді
отандық медициналық
ұйымдарда жүргізу үшін
шетелдік мамандарды тарту
қағидаларына 5- қосымша
  Нысан

Пациентті шетелге емделуге жіберу туралы жұмыс органының ұсынысы

Пациенттің деректері

Ескертпе

1

2

3

1

Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)


2

ЖСН


3

Туған күні


4

Мекен жайы


5

Толық клиникалық диагноз


6

Ілеспе диагноз


7

Жүргізілген емдеу


8

Жүргізілген зертханалық-диагностикалық зерттеулер


9

Пациентті шетелге емделуге жіберу және (немесе) отандық медициналық ұйымдарда емдеу жүргізу үшін шетелдік мамандарды тарту қажеттілігі туралы республикалық денсаулық сақтау ұйымының қорытындысы

1. Мұқтаж
2. Мұқтаж емес (қажеттісінің астын сызу)

10

Шетелде медициналық орталықтарда емдеу құны

1.

2.

3.

11

Калькуляциямен емдеу бағдарламасы (қоса беріліп отыр)


12

Ұсынылатын шетелдік медициналық ұйым (ел)


13

Алып жүруге мұқтаждығы (себебін көрсету)


14

Емдеуге жатқызуға жіберу мерзімдері


15

Ескертпе


      Жұмыс органының басшысы

      /____________/___________________________/

      (қолы)            Т.А.Ә ((бар болса))

  Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілген көлемі
шеңберінде
Қазақстан Республикасының
азаматтарын шетелге емделуге
жіберу және (немесе) емдеуді
отандық медициналық
ұйымдарда жүргізу үшін
шетелдік мамандарды тарту
қағидаларына 6 - қосымша
  Нысан

Шетелдік мамандарды тарта отырып, отандық медициналық ұйымдарда пациентті емдеу жүргізу туралы жұмыс органының ұсынымы

Пациенттің деректері

Ескертпе

1

2

3

1

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)


2

ЖСН


3

Туған күні


4

Мекенжайы


5

Толық клиникалық диагноз


6

Ілеспе диагноз


7

Жүргізілген емдеу


8

Жүргізілген зертханалық-диагностикалық зерттеулер


9

Пациентті шетелге емделуге жіберу қажеттілігі туралы республикалық денсаулық сақтау ұйымының қорытындысы

1. Мұқтаж
2. Мұқтаж емес (қажеттісінің астын сызу)

10

Отандық клиника (мастер-класс ұйымдастырушысы)


11

Тартылатын маман туралы мәлімет (ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес қажетті құжаттар тізбесі, шетелдік маманды таңдау туралы негіздеме)


12

Шығындар сметасы


13

Оқу бағдарламасы


14

Емдеу жүргізу мерзімі


15

Ескертпе


      Жұмыс органының басшысы /___________/_____________/

      (қолы) (қолы) Т.А.Ә ((бар болса))

  Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілген көлемі
шеңберінде
Қазақстан Республикасының
азаматтарын шетелге емделуге
жіберу және (немесе) емдеуді
отандық медициналық
ұйымдарда жүргізу үшін
шетелдік мамандарды тарту
қағидаларына 7 - қосымша
  Нысан
  ________________________
жеке куәлігі №___
ЖСН ______________________
тұратын мекенжайы___________
тел.: ______________________

Пациенттің шетелге жіберу қағидаларымен келісуі

      Мен, (астын сызу) пациент/заңды өкіл

      _______________________________________________________________________________,

      (пациенттің/заңды өкілдің тегі, аты, әкесінің аты)

      осымен _______ клиникаға емделуге барумен байланысты барлық ықтимал тәуекелдерді түсінемін және өзіме қабылдаймын

      ________________________________________________________________________________

      (клиниканың атауы)

      ________________________________________________________________________________

      (ел, қала, клиниканың мекенжайы)

      _____ кезеңнен бастап, ______ аяқталғанға дейін ______.

      Осы арқылы жұмыс органының мамандары маған шетелдік медициналық ұйымның рейстері, координаттары туралы ақпаратты жеткізгенін растаймын, онда мені (менің баламды) бюджет қаражаты есебінен емделуге жібереді, сондай-ақ емдеу бағдарламасы, түрлері мен шарттары туралы хабардар етеді.

      Шетелдік медициналық ұйымның ішкі тәртіп қағидаларын (режимін) сақтау қажеттігі туралы хабардар етілді.

      Елге ұшудан бас тартқан жағдайда(__________), жұмыс органын электрондық және факсимильдік байланыс арқылы хабардар етемін (электрондық мекенжайға жаза отырып: және нөмірлері бойынша қоңырау шала отырып:).

      Жұмыс органына екі жаққа жол жүру бойынша растайтын құжаттардың түпнұсқаларын (отырғызу талонын) беремін.

      Жұмыс органының талабы бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасына келгеннен кейін мен медициналық құжаттарды және шетелдік медициналық ұйымда кешенді медициналық емдеуді алудың барысы мен нәтижелері туралы ақпаратты (үзінді) кез келген белгілі тәсілмен және/немесе электрондық мекенжайға ұсынамын: _____________

      Мен ақпараттандырылған келісімнің мәтінін оқыдым, осы құжаттың мағынасы мен мақсатын түсіндім. Осы ақпараттандырылған ерікті келісім медициналық көмек алудың барлық кезеңіне жасалған сәттен бастап жарамды.

      Мен медициналық араласуға келісемін маған (менің балама) көрсетілген шетелдік медициналық ұйымда.

      Мен ережелері маған түсіндірілген осы құжаттың барлық тармақтарымен таныстым (таныстым) және келісемін (келісемін) және ұсынылған көлемде тексерілуге және емделуге өз еркімен келісімімді беремін.

      20___жылғы"____"____________.

      _________________________ /қолы/

  Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілген көлемі
шеңберінде
Қазақстан Республикасының
азаматтарын шетелге емделуге
жіберу және (немесе) емдеуді
отандық медициналық
ұйымдарда жүргізу үшін
шетелдік мамандарды тарту
қағидаларына 8 - қосымша
  Нысан

Пациенттің фото және бейнетүсірілімге келісімі

      Мен, _____________________________________________________________________,

      (ата-анасының немесе заңды өкілінің аты-жөні)

      тегін фото мен бейнетүсірілімге, сондай-ақ фото мен бейнематериалдарды тек қана мынадай мақсаттарда пайдалануға келісім беремін:

      Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің, "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КеАҚ сайтында орналастыруға;

      Медициналық ұйымның жарнамалық бейне және фотоматериалдарында және баспа өнімдерінде орналастыруға.

      Мен фонды өзгерту және сапасын жақсарту үшін фото және бейнематериалдарды өңдеу мүмкіндігі туралы хабардар болдым.

      Осы келісім ақпаратты сақтау мерзімі ішінде қолданылады.

      Мен осындай келісім бере отырып, өз еркіммен және өз мүддеммен әрекет ететінімді растаймын.

      / _____________/________________________/___________ /

      Қолы            қолын таратып жазу            күні

  Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілген көлемі
шеңберінде
Қазақстан Республикасының
азаматтарын шетелге емделуге
жіберу және (немесе) емдеуді
отандық медициналық
ұйымдарда жүргізу үшін
шетелдік мамандарды тарту
қағидаларына 9 - қосымша
  Нысан

Пациенттің шетелде емделуге арналған қаржылық алымдардан бас тарту туралы келісімі

      Мен, Қазақстан Республикасының азаматы

      ____________________________________________, шетелдік медициналық ұйымда емделуге

      Қазақстан Республикасының және басқа да республикалардың азаматтарынан ақша жинаудан бас тартуға келісім беремін.

      Мен емделу бюджет қаражаты есебінен төленетіні туралы хабардармын.

      Мен осындай келісім бере отырып, өз еркіммен және өз мүддеммен әрекет ететінімді растаймын.

      /_________________/ _____________________ / ______________ /

      Қолы                  қолды таратып жазу            күні

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2021 жылғы 26 мамырдағы
№ ҚР ДСМ -45 бұйрығына
2 - қосымша

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 544 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11795 болып тіркелген).

      2. "Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 544 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 12 шілдедегі № 608 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14169 болып тіркелген).

      3. "Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 544 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 7 маусымдағы № 399 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15339 болып тіркелген).

      4. "Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 544 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 5 желтоқсандағы № 918 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16107 болып тіркелген).

      5. "Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 544 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № ҚР ДСМ-46/2020 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20620 болып тіркелген).