"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 7-бабының 99) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен медициналық қызметтерді сатып алу шарты талаптарының орындалу мониторингін жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды үйлестіру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі М.Е. Шорановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы |
М. Шоранов |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-321/2020 бұйрығымен бекітілген |
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен медициналық қызметтерді сатып алу шарты талаптарының орындалу мониторингін жүргізу қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.09.2022 № ҚР ДСМ-105 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен медициналық қызметтерді сатып алу шарты талаптарының орындалу мониторингін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі (бұдан әрі - Кодекс) 7-бабының 99) тармақшасына сәйкес әзірленді және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен медициналық қызметтерді сатып алу шарты талаптарының орындалуына мониторинг жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) ағымдағы мониторинг - денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық жүйелерде және (немесе) денсаулық сақтау субъектісіне бару арқылы тұрақты негізде жүргізілетін, ағымдағы есепті кезеңде медициналық қызметтерді бағалауды білдіретін медициналық қызметтердің (көмектің) сапасы мен көлеміне мониторинг (бұдан әрі – медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы мен көлемінің мониторингі) жүргізу түрі;
2) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (бұдан әрі – қор) – аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және талаптарда сатып алуды және оларға ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;
3) бейінді маман - жоғары медициналық білімі бар, белгілі бір мамандық бойынша сертификаты бар медицина қызметкері;
4) бірлесіп орындаушы - ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына енгізілген, қызметтер беруші ТМККК шеңберінде немесе МӘМС жүйесінде медициналық қызметтерді сатып алудың жасалған шарты бойынша қызметтер берушінің міндеттемелерінің бір бөлігін орындау үшін бірлесіп орындау шартын жасасқан денсаулық сақтау субъектісі;
5) бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі - бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге, іске асыруға және нәтижелерге қол жеткізуге жауапты мемлекеттік орган;
6) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) - Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсету сапасы саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
7) денсаулық сақтау субъектілері - денсаулық сақтау ұйымдары, сондай-ақ жекеше медициналық практикамен және фармацевтикалық қызметпен айналысатын жеке тұлғалар;
8) жоспардан тыс мониторинг - медициналық қызметтер (көмек) көрсету тәртібін бұзудың нақты фактілері мен мән-жайлары бойынша медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы мен көлемі мониторингінің түрі;
9) қордың филиалы - қордың орналасқан жерінен тыс орналасқан және оның функцияларының бәрін немесе бір бөлігін, оның ішінде өкілдік функцияларын жүзеге асыратын оқшауланған бөлімшесі;
10) қызметтер беруші - қор немесе бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі Кодекстің 7-бабының 62) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін қағидаларға сәйкес көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартын жасасқан денсаулық сақтау субъектісі;
11) медициналық ақпарат - медициналық көмек көрсету процесінде туындайтын және медициналық құжаттар мен медициналық ақпараттық жүйелерде көрсетілген пациенттер мен аурулар туралы ақпарат, сондай-ақ денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі ақпарат;
12) медициналық ақпараттық жүйе (бұдан әрі – МАЖ) – денсаулық сақтау субъектілерінің процестерін электрондық форматта жүргізуді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе;
13) медициналық көмек - дәрілік қамтамасыз етуді қоса алғанда, халықтың денсаулығын сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған медициналық қызметтер кешені;
14) медициналық көмек көрсету ақауы (бұдан әрі – ақау) - медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарын сақтамаудан және клиникалық хаттамалардан негізсіз ауытқудан көрінетін медициналық қызметтер (көмек) көрсету тәртібінің бұзылуы, сондай-ақ медициналық қызмет (көмек) көрсетудің расталмаған жағдайының және (немесе) медициналық қызметтер (көмек) құнының (шығын сыйымдылығы коэффициентінің, тарифтің) негізсіз жоғарылауының фактісі, сондай-ақ медициналық қызметтер (көмек) көрсету мерзімдерінің сақталмауы;
15) медициналық көрсетілетін қызметтер - денсаулық сақтау субъектілерінің нақты адамға қатысты профилактикалық, диагностикалық, емдік, оңалту және паллиативтік бағыты бар іс-әрекеттері;
16) медициналық көрсетілетін қызметтердің (көмектің) көлемі - қызмет беруші мен Қор немесе бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің арасындағы медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген медициналық көмек көрсетудің түрлері, нысандары мен шарттары бойынша медициналық көрсетілетін қызметтердің (көмектің) тізбесі;
17) медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушы - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық көмек алуға құқығы бар жеке тұлға;
18) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік орган - медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы басшылықты, медициналық қызметтер (көмек) сапасын бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
19) нысаналы мониторинг - медициналық қызметтің белгілі бір түрлері, медициналық көмектің түрлері бойынша жүргізілетін медициналық көрсетілетін қызметтердің (көмектің) сапасы мен көлемі мониторингінің түрі;
20) пациенттерге медициналық қызметтер көрсетуді басқару және оның сапасын арттыру жөніндегі сараптамалық кеңес (бұдан әрі – сараптамалық кеңес) - пациенттерге медициналық қызметтер көрсету (көмек) сапасын арттыру жөніндегі мәселелерді шешу және медициналық қызметтер көрсету сапасын арттыру жөнінде ұсынымдар тұжырымдау үшін қор Басқармасының ережесімен бекітілген қордың және оның филиалдарының қалыптастырылған кеңесі;
21) проактивті мониторинг - медициналық қызметтер (көмек) көрсету тәртібін бұзуға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтауға және алдын алуға бағытталған медициналық қызметтердің сапасы мен көлемі мониторингінің түрі;
22) тәуелсіз сарапшы - уәкілетті орган айқындайтын талаптарға сәйкес келетін және тәуелсіз сарапшылар тізілімінде тұрған жеке тұлға;
23) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты талаптарының орындалуын мониторингтеу – көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартын және медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы мен көлемі жөніндегі шарттық міндеттемелерді тиісінше орындау бойынша жүйелі бағалау;
24) ТМККК шеңберінде немесе МӘМС жүйесінде медициналық қызметтерді сатып алу шарты (бұдан әрі – қызметтерді сатып алу шарты) – ТМККК шеңберінде немесе МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсетуді көздейтін қор мен денсаулық сақтау субъектісі арасындағы жазбаша нысандағы келісім;
25) ТМККК-ні қосымша қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты жергілікті бюджет есебінен ТМККК шеңберінде медициналық көмек көрсетуді көздейтін, бюджеттік бағдарламалар әкімшісі мен денсаулық сақтау субъектісі арасындағы жазбаша нысандағы келісім;
3. Қызметтерді сатып алу шарты талаптарының орындалуына мониторингті қор және бюджеттік бағдарламалар әкімшілері жүргізеді.
2-тарау. ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының орындалуына монитринг жүргізу тәртібі
1-параграф. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты талаптарының орындалуына мониторинг жүргізу тәртібі
4. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ТМККК шеңберінде денсаулық сақтау субъектілерінен медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты талаптарының орындалуына мониторингті жүзеге асырады.
5. ТМККК шеңберінде денсаулық сақтау субъектілерінен медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты талаптарының орындалуын мониторингтеу медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру тәртібін, қызмет берушінің кадр және материалдық ресурстарын, медициналық ақпаратты зерделеу арқылы жүргізіледі.
6. ТМККК шеңберінде денсаулық сақтау субъектілерінен медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты талаптарының орындалуына мониторинг денсаулық сақтаудың медициналық ақпараттық жүйелерінде (бұдан әрі - ДСМАЖ) және (немесе) қызмет берушіге бару арқылы, сондай-ақ қызмет берушіден медициналық құжаттарды сұрату арқылы жүргізіледі.
7. ТМККК шеңберінде медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының тиісінше орындалуын бағалау бойынша денсаулық сақтау субъектілерінен медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты талаптарының орындалуына мониторинг жылына 1 реттен жиі жүргізілмейді.
8. Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы мен көлемі бойынша шарттық міндеттемелерге мониторинг жүргізу үшін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-103/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21218 болып тіркелген) бекітілген Медициналық көрсетілетін қызметтер (көмек) сапасына сараптама жүргізу кезінде тәуелсіз сарапшыларды тарту қағидаларының (бұдан әрі – Тәуелсіз сарапшыларды тарту қағидалары) 6-тармағының 2-тармақшасына сәйкес тәуелсіз сарапшыларды тартады.
9. Тәуелсіз сарапшыларды тарту кезінде бюджеттік бағдарламалар әкімшісі мен тәуелсіз сарапшының арасында мониторинг жүргізу кезінде өздеріне мәлім болған ақпаратты үшінші тұлғаларға жария етпеу туралы келісімге қол қойылады.
10. Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы мен көлемінің мониторингі шарттық міндеттемелерге сәйкес тұрақты негізде жүргізіледі, оның нәтижелері бойынша "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-291/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21831 болып тіркелген) (бұдан әрі – Ақы төлеу қағидалары) сәйкес қызмет берушілерге көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу жүргізіледі.
11. Ағымдағы мониторинг жүргізу үшін бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі ДСМАЖ -да автоматтандырылған тәсілмен белгіленген ақауларды растай немесе қабылдамай, сондай-ақ осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес бірыңғай ақаулар жіктеуішінен (бұдан әрі - Бірыңғай ақаулар жіктеуіші) басқа да ақауларды бере отырып, қызмет беруші көрсеткен медициналық қызметтердің (көмектің) сапасы мен көлеміне бағалау жүргізеді.
12. Медициналық қызметтердің сапасы мен көлемі мониторингінің нәтижелері бойынша медициналық қызмет түрлері және медициналық көмек түрлері бойынша Бірыңғай ақаулар жіктеуішіне сәйкес қызметтер берушіге төлеуге жататын соманы азайту үшін негіз болып табылатын медициналық көмек көрсету ақаулары айқындалады.
13. Медициналық қызметтердің сапасы мен көлемін мониторингтеу нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы мен көлемінің мониторингі, сондай-ақ қызметтерді сатып алу шартын тиісінше орындау бойынша қорытынды қалыптастырылады, олардың біреуі қол қойылған күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде қызмет берушіге жіберіледі, бір данасы Қорда сақталады.
14. Көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты талаптарының тиісінше орындалмағаны анықталған кезде бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері көрсетілетін қызметті берушіге тұрақсыздық айыбын қолданады.
2-параграф. Қордың көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты талаптарының орындалуына мониторинг жүргізу тәртібі
15. Қор ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен медициналық қызметтерді сатып алу шарты талаптарының орындалуына мониторингті жүзеге асырады.
16. ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен медициналық қызметтерді сатып алу шарты талаптарының орындалуына мониторинг медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру тәртібін, қызмет берушінің кадрлық және материалдық ресурстарын, ДСМАЖ мен МАЖ-дан алынған деректерді зерделеу жолымен, сондай-ақ пациенттерге сауалнама жүргізу жолымен, оның ішінде телекоммуникация құралдарын (байланыс құралдарын) пайдалана отырып жүргізіледі.
17. ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты талаптарының орындалуына мониторинг ДСМАЖ мен МАЖ-да және (немесе) қызмет берушіге бару арқылы, пациенттерге сұрау салу арқылы, оның ішінде телекоммуникация құралдарын (байланыс құралдарын) пайдалана отырып, сондай-ақ қолданыстағы заңнама шеңберінде медициналық құжаттар мен бастапқы бухгалтерлік құжаттарды сұрату арқылы жүргізіледі.
18. Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы мен көлемінің мониторингі мынадай түрлермен қамтамасыз етіледі:
1) ағымдағы;
2) жоспардан тыс;
3) проактивті;
4) нысаналы;
5) өлім мен қайтыс болу жағдайлары.
19. Қызмет берушіге барған кезде ДСМАЖ және (немесе) МАЖ-ға енгізілген деректермен пациенттің медициналық деректерінің дұрыстығына таңдалған бағалау жүргізіледі.
20. Медициналық көрсетілетін қызметтер сапасының мониторингі қызмет берушінің медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарының және медициналық көмек көрсету жөніндегі басқа да нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтауы, сондай-ақ клиникалық хаттамалардан негізсіз ауытқулары тұрғысынан жүргізіледі.
21. Медициналық көрсетілетін қызметтер көлемінің мониторингі медициналық көрсетілетін қызметтер (көмек) тізбесінің сандық және сомалық сәйкестікке және қызмет беруші мен Қордың арасындағы көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан жүргізіледі.
22. Қызмет берушінің рұқсат беру және басқа да құқық белгілейтін құжаттарының болуы бойынша ақпарат алу үшін қор мемлекеттік ақпараттық жүйелерде деректерді іздеуді жүзеге асырады және (немесе) қызмет берушіден құжаттарға сұрау салуды жүргізеді.
23. Медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізу үшін қор тәуелсіз сарапшыларды, сондай-ақ бейінді мамандарды тарту Қағидаларының 9-тармағына сәйкес мынадай жағдайларда тартады:
1) "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелге емделуге жіберу және (немесе) емдеуді отандық медициналық ұйымдарда жүргізу үшін шетелдік мамандарды тарту қағидаларын әзірлеуді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 26 мамырдағы № ҚР ДСМ-45 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22866 болып тіркелген) 12-тармағына сәйкес шетелдік медициналық ұйымдарға жіберілген Қазақстан Республикасы азаматтарының өлім мен қайтыс болу жағдайларын, сирек кездесетін аурулармен емделген жағдайларын, арнайы мамандандырылған емделген жағдайларын (клиникалық жоспарда), асқынулармен емделген жағдайларын, өлім жағдайларын мониторингтеу кезінде, сондай-ақ іс жүзінде шеккен шығыстары үшін көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу кезінде медициналық көмектің сапасын растау қажеттілігі;
2) ағымдағы, жоспардан тыс, нысаналы және проактивті мониторингтерді жүргізу кезінде медициналық көмектің сапасын растау қажеттілігі;
3) азаматтық процестің тарабы ретінде қатысу.
24. Тәуелсіз сарапшылар мен бейінді мамандарды тарту кезінде қор, тәуелсіз сарапшы және (немесе) бейінді маман арасында мониторинг жүргізу кезінде өздеріне мәлім болған ақпаратты үшінші тұлғаларға жария етпеу туралы келісімге қол қойылады.
25. Қызметтерді сатып алу шарты талаптарының орындалуына мониторинг жүргізу кезінде қор қызметтерді сатып алу шартының талаптарын қызмет берушілердің орындауы бойынша мынадай ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етеді:
1) Бірыңғай ақаулар жіктеуішіне сәйкес медициналық көмек көрсету ақауларын анықтайды;
2) көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты міндеттемелерінің тиісінше орындалуын анықтайды.
26. Медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты талаптарының орындалуына мониторинг жүргізу кезінде қор қызмет берушілердің көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты талаптарын орындауы бойынша профилактикалық іс-шаралар жүргізеді:
1) проактивті мониторинг нәтижелері бойынша экономикалық әсер ету шараларын қолданбай анықталған бұзушылықтарды жою қажеттілігі туралы ескерту;
2) қателіктерді жою басқару органының және (немесе) құрылтайшының құзыретіне жататын кезде, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бойынша хабарламалар мен ұсыныстарды басқару органдарына және (немесе) құрылтайшыларға жіберу;
3) медициналық қызметтерді сатып алуға қатысу құқығынан айыра отырып, ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық қызметтер көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерін дерекқордан алып тастау;
4) денсаулық сақтау саласында аккредиттеуден өткен денсаулық сақтау субъектісіне медициналық көмек көрсету бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде басым құқық беру;
5) "Медициналық көрсетілетін қызметтер (көмек) сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-230/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21727 болып тіркелген) (бұдан әрі – Сараптама қағидалары) сәйкес медициналық көрсетілетін қызметтер (көмек) сапасына сыртқы сараптама жүргізу кезінде индикаторларды қолдана отырып, тоқсан сайынғы және жыл сайынғы негізде қызмет берушілер рейтингін айқындау жатады.
27. Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы мен көлемінің мониторингі шарттық міндеттемелерге сәйкес тұрақты негізде жүргізіледі, оның нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-291/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21831 болып тіркелген) бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидаларының 4-тармағына сәйкес қызмет берушілерге көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу жүргізіледі.
28. Егер мониторинг жүргізілетін медициналық қызметтерді берішуге қатысты үлестес тұлға болып табылса, қор қызметкері мониторинг жүргізуге қатыспайды.
29. Қызмет берушіге бару арқылы медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізу он жұмыс күнінен аспайды.
Нысаналы және проактивті мониторинг жүргізу мерзімдері мен кезеңі келу жоспарларымен айқындалады.
30. Медициналық қызметтердің сапасы мен көлемі мониторингінің нәтижелері бойынша медициналық қызмет түрлері және медициналық көмек түрлері бойынша Бірыңғай ақаулар жіктеуішіне сәйкес қызметтер берушіге төлеуге жататын соманы азайту үшін негіз болып табылатын медициналық көмек көрсету ақаулары анықталады.
31. Көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты талаптарының орындалуын мониторингтеу нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы мен көлемінің мониторингі бойынша қорытынды қалыптастырылады, олардың біреуі қол қойылған күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде қызмет берушіге жіберіледі, бір данасы Қорда сақталады.
32. Сатып алу шарты талаптарының орындалуына жүргізілген мониторингтер бойынша Қор осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес медициналық көрсетілетін қызметтердің (көмектің) сапасы мен көлеміне жүргізілген мониторинг нәтижелері және ТМККК шеңберінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты талаптарының орындалуы туралы есепті және медициналық көрсетілетін қызметтердің (көмектің) сапасы мен көлеміне жүргізілген мониторинг нәтижелері және МӘМС жүйесінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты талаптарының орындалуы туралы есепті осы Қағидалардың 4-қосымшаға сәйкес қорытындылары мен ұсынымдары бар, тоқсан, жартыжылдық және жыл кезеңділігімен, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, сондай-ақ уәкілетті органға есепті кезеңнен кейінгі айдың 30-күніне дейін қалыптастырылып жіберіледі.
33. Мониторинг нәтижелері мен қызмет берушілер рейтингінің нәтижелері медициналық көмектің сапасын, қызмет берушілер қызметінің тиімділігін жақсарту және пациенттердің қауіпсіздігін арттыру үшін ақпаратты тоқсан сайын жаңарта отырып, қордың сайтында орналастырылады.
34. Мониторинг жүргізу кезінде Бірыңғай ақаулар жіктеуішіне сәйкес медициналық қызметтер (көмек) көрсетудің анықталған ақаулары ағымдағы кезеңде ақы төлеу кезінде ескеріледі.
35. Көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының тиісінше орындалмағаны анықталған кезде қор медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының талаптарына сәйкес қызмет берушіге тұрақсыздық айыбын қолданады.
36. Қызмет беруші медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы мен көлемі бойынша шарттық міндеттемелер мониторингінің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мониторинг нәтижелеріне медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік органға шағым жасалуы мүмкін.
Қызмет беруші қарсылықтарды белгіленген мерзімде ұсынбаған жағдайда, қорытынды қызмет берушімен келісілген және қабылданған болып есептеледі.
Қордың филиалы ұсынылған қарсылықтарды 3 (үш) жұмыс күні ішінде қарайды және сараптамалық кеңеске шығарады.
Сараптамалық кеңес шешім қабылдағаннан кейін Қордың филиалы 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы шешімді қызмет берушіге жібереді.
Қордың филиалы қызмет берушінің қарсылықтарына келіскен жағдайда қаржылық ықпал ету шараларын қолданбайды.
Қызмет беруші медициналық қызметтердің (көмектің) сапасы мен көлемі бойынша шарттық міндеттемелер мониторингінің қорытындысымен келіспеген жағдайда, мониторинг нәтижелеріне медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік органға шағым жасалады.
37. Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы мен көлеміне жүргізілген мониторингтің нәтижелері бойынша ақпарат медициналық көмек көрсету кезінде қызмет берушілер бұзушылықтарының профилактикасына бағытталған іс-шараларды орындау бойынша ұйымдастырушылық және басқарушылық шешімдер қабылдау үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына жіберіледі.
38. Медициналық көмек көрсету кезінде қызмет берушілер бұзушылықтарының профилактикасына бағытталған іс-шараларды орындау жөніндегі ақпаратты облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары қорға орындалуына қарай ұсынады.
39. Қор тоқсан сайын, келесі есепті кезеңнен кейінгі айдың 30-күніне дейін медициналық қызметтер көрсету (көмек) саласындағы мемлекеттік органға мамандандырылған, оның ішінде қызметтер берушіге әкімшілік ықпал ету шараларын талап ететін жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетілгеннен кейін пациенттерді қолайсыз нәтижелерге әкелген анықталған бұзушылықтар бойынша ақпаратты жібереді.
40. Медициналық көрсетілетін қызметтердің (көмектің) сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізу осы өтініш бойынша жоспардан тыс мониторинг жүргізу сәтінде өтініш берушінің өтінішін кері қайтарып алуды тіркеу кезінде тоқтатылады.
41. Медициналық көрсетілетін қызметтердің (көмектің) сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізу тоқтатыла тұрады:
егер сатып алу шарты жасалған денсаулық сақтау субъектісінің қызметін тоқтата тұру туралы заңды күшіне енген сот шешімі болса;
егер Қазақстан Республикасының аумағында және (немесе) қызмет берушінің базасы орналасқан өңірде төтенше жағдайлар, төтенше жағдай режимін енгізу және еркін жүріп-тұруға басқа да шектеулер кезінде шектеу карантиндік шараларын енгізу туралы бас және (немесе) мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысы болса, қызмет берушінің базасына бару қажет болған жағдайда.
42. Медициналық көрсетілетін қызметтердің (көмектің) сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізу ұзартылады:
1) егер сатып алу шарты жасалған денсаулық сақтау субъектісінің қызметін тоқтата тұрудың күшін жою туралы заңды күшіне енген сот шешімі болса;
2) егер Қазақстан Республикасының аумағында және (немесе) өнім берушінің базасы орналасқан өңірде төтенше жағдайлардың күшін жою, төтенше жағдай режимін енгізу және еркін жүріп-тұруға басқа да шектеулер кезінде, өнім берушінің базасына бару қажет болған жағдайда, бас және (немесе) мемлекеттік санитариялық дәрігердің шектеу карантиндік шараларының күшін жою туралы қаулысы болған жағдайларда жүргізіледі.
43. Медициналық көрсетілетін қызметтердің (көмектің) сапасы мен көлемінің мониторингін тоқтата тұру, ұзарту немесе тоқтату туралы Өнім берушіге хабарлама соттың шешімі немесе бас және (немесе) мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысы күшіне енген күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде беріледі. Хабарлама жеткізушіде электрондық құжат айналымы болған кезде электрондық түрде немесе жеткізілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты хат-хабармен жіберіледі.
3-параграф. Ағымдағы мониторинг
44. Медициналық көрсетілетін қызметтердің (көмектің) сапасы мен көлемінің ағымдағы мониторингі жүзеге асырылады:
1) көрсетілген медициналық қызметтер (көмек) ақауларының Бірыңғай жіктеуішінен ақаулар бере отырып, МАЖ-ға;
2) есепті кезеңде қызметтер берушінің медициналық көрсетілетін қызметтер көлемін орындауын мониторингтеу жолымен ДСМАЖ-ға;
қағаз жеткізгіштердегі бастапқы медициналық құжаттаманы зерделеу, МАЖ-ға енгізілген медициналық деректерді бастапқы медициналық құжаттамамен салыстырып тексеруді және шарттық міндеттемелерді орындау жөніндегі шараларды қамтамасыз ету мақсатында өзге де іс-шараларды жүзеге асыру үшін қызмет берушіге бару арқылы жүргізіледі.
45. Қор ағымдағы мониторинг кезінде ДСМАЖ мен МАЖ-да автоматтандырылған тәсілмен белгіленген ақауларды растай отырып немесе қабылдамай, сондай-ақ Бірыңғай ақаулар жіктеуішінен басқа да ақауларды бере отырып, қызмет беруші көрсеткен медициналық көрсетілетін қызметтердің (көмектің) сапасы мен көлеміне бағалау жүргізеді.
46. Есепті кезеңде медициналық қызметтер көрсету көлемін орындау мониторингі медициналық қызметтер (көмек) көрсетуге арналған сомаларды ай сайынғы бөлуге сәйкес жүргізіледі.
Сатып алу шартының талаптары орындалмаған жағдайда, сатып алу:
1) денсаулық сақтауды дамытудың басым бағыттары;
2) халықтың медициналық көмекке қажеттілігін бағалау;
3) қордың нысаналы көрсеткіштері.
Ұсынымдарды орындау қорытындылары бойынша тұрақсыздық айыбын қолдану туралы шешім шығарылады.
Мониторинг нәтижелері бойынша қор тоқсан сайын медициналық көрсетілетін қызметтер көлемінің және көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарттары бойынша қаржылық міндеттемелердің орындалуын салыстырып тексеруді тиісті салыстырып тексеру актісін қалыптастыра отырып жүзеге асырады.
47. Ағымдағы мониторинг кезінде қор жүргізілген проактивті мониторингтен кейін күнтізбелік 45 күн өткен соң көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты бойынша анықталған ақаулар мен міндеттемелер жойылмаған жағдайда, Бірыңғай ақаулар жіктемесіне сәйкес өнім берушіге төлеуге жататын соманы азайтуды жүргізеді.
48. Медициналық көрсетілетін қызметтердің (көмектің) сапасы мен көлемі бойынша шарттық міндеттемелердің ағымдағы мониторингі тұрақты негізде жүргізіледі.
4-параграф. Жоспардан тыс мониторинг
49. Медициналық көрсетілетін қызметтер (көмек) сапасының жоспардан тыс мониторингі мынадай жағдайларда жүргізіледі:
1) медициналық қызметтер (көмек)көрсетудің расталмаған жағдайлары фактілерін анықтау;
2) медициналық көрсетілетін қызметтерді (көмекті) тұтынушылардан және (немесе) заңды тұлғалардан өтініштердің түсуі;
3) басқа өнім берушінің ағымдағы немесе нысаналы мониторингтерін жүргізу нәтижелері бойынша қызмет берушінің денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзу жағдайлары анықталған жағдайларда жүргізіледі.
50. Медициналық көрсетілетін қызметтер (көмек) көлемінің жоспардан тыс мониторингі мынадай жағдайларда жүргізіледі:
1) қызмет берушіден көрсетілетін қызметтерге ақы төлеудің қосымша көлемінің қажеттігі туралы өтініштің келіп түсуі;
2) медициналық қызметтер (көмек) көлеміне мониторинг жүргізу қажеттілігіне қатысты уәкілетті органнан өтініш келіп түскен жағдайларда жүргізіледі.
51. Қызмет берушіге алдағы жоспардан тыс мониторинг жүргізу туралы хабарлама кемінде 1 жұмыс күн бұрын беріледі.
Хабарлама қызмет берушіде электрондық құжат айналымы болған кезде электрондық түрде немесе жеткізілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты хат-хабармен жіберіледі.
52. Медициналық көрсетілетін қызметтерді (көмекті) тұтынушылардан және (немесе) заңды тұлғалардан өтініштер себебі бойынша жоспардан тыс мониторинг өтініш шеңберінде және өтініш берушілердің өздеріне қатысты медициналық қызметтер (көмек) көрсету тәртібін бұзу фактілері бойынша жүргізіледі. Медицина қызметкерінің құпиясын құрайтын мәліметтерді қамтитын мониторинг нәтижелері Кодекстің 273-бабына сәйкес өтініш берушіге ұсынылады.
53. Жоспардан тыс мониторинг мынадай жағдайларда жүргізілмейді:
1) жасырын өтініштер;
2) мәселенің мәні баяндалмаған өтініш.
5-параграф. Проактивті мониторинг
54. Проактивті мониторинг жүргізу кезінде Бірыңғай ақаулар жіктеуішінің қосалқы ақаулары бар 3.0 (көрсетілген медициналық көмектің/қызметтердің көлемін негізсіз арттыру), қосалқы ақаулары бар 5.0 (медициналық көмек (қызмет көрсету) көрсетудің расталмаған жағдайы), 8.0 қосалқы ақаулары бар (көрсетілген медициналық көмектің/қызметтердің көлемін негізсіз арттыру) анықталған жағдайларын (Негізделген шағымдарды) қоспағанда, медициналық көмек көрсетудің анықталған ақаулары бойынша қызмет берушіге төлеуге жататын соманы азайту бойынша іс-шаралар жүргізілмейді.
55. Проактивті мониторинг қолданыстағы аккредиттеу туралы куәлігі немесе медициналық қызметтер сапасының әмбебап халықаралық стандарттарына (JCI (Джи-Си-Ай), EFQM (Еф-Кю-Эм), HAS (ХАС), NSQHS (Эн-Эс-Кю-Аш-Эс), ACSA (Эй-Си-Эс-Эй) сәйкестігіне өзге де қолданыстағы құжаты бар қызмет берушілерде жүргізілмейді, мынадай жағдайларды қоспағанда:
1) алғаш рет қызмет берушімен көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартын жасасу кезінде;
2) медициналық көрсетілетін қызметтің жаңа белгілі бір түрлеріне, медициналық көмек түрлеріне қызмет берушімен шарт жасасу кезінде;
3) Кодекстің 35-бабының 5-тармағына сәйкес уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен медициналық көрсетілетін қызметтердің (көмектің) сапасына сыртқы сараптама жүргізу кезінде индикаторларды қолдана отырып, қызмет берушілер рейтингінің нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.
56. Проактивті мониторинг мыналарға қатысты көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының талаптарына қолданылады:
1) медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарына, медициналық көмек көрсету қағидаларына, сондай-ақ медициналық көмек көрсетудің сапасы мен тиімділігін жақсартуды қамтамасыз ететін клиникалық хаттамаларға сәйкес сапалы медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
2) тұтынушыға медициналық қызметтерді Шарттың бүкіл қолданылу мерзімі ішінде медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігін, уақтылығын, іркіліссіздігін қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді.
Көрсетілген міндеттемелерді орындауға кедергі келтіретін жағдайлар туындаған кезде қызмет беруші сатып алу қағидаларына сәйкес дерекқорға енгізілген бірлесіп орындаушыларды тарту арқылы қызметтер көрсетуді қамтамасыз етуі не қызметтерді сатып алу шартының сомасын болжамды орындалмау сомасына азайтуы қажет;
3) Сараптама қағидаларының 9-тармағына сәйкес пациентті қолдау және ішкі сараптама қызметінің жұмысын қамтамасыз ету;
4) Кодекстің 123-бабының 2-тармағында көзделген медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының жұмыс қағидаттарын сақтай отырып (медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін қызметтер берушілер үшін) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № ҚР ДСМ-194/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21642 болып тіркелген) бекітілген жеке тұлғаларды медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына бекіту қағидаларына сәйкес халықты бекітуді қамтамасыз ету;
5) зертханалық-диагностикалық қызметтерді бірлесіп орындауға беру, өзінің өндірістік базасының базасында биологиялық материалды алуды және жеткізуді ұйымдастыру кезінде (медициналық-санитариялық алғашқы көрсететін қызметтер берушілер үшін);
6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-225/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21713 болып тіркелген) сәйкес жеделдіктің төртінші санатындағы шақыруларға қызмет көрсету үшін тіркелген халыққа шұғыл медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету;
7) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға рецепт жазып беру және оларды медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға беру жолымен (дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және мамандандырылған емдік өнімдерді амбулаториялық деңгейде босатуды жүзеге асыратын өнім берушілер үшін) "Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-75 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23885 болып тіркелген) бекітілген ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесіне сәйкес дәрілік заттармен, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарын амбулаториялық деңгейде тегін және (немесе) жеңілдікті дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен және мамандандырылған емдік өнімдермен қамтамасыз ету;
8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келетін дәрілік заттарды (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) және медициналық бұйымдарды пайдалану;
9) егер дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың, вакциналардың және басқа да иммундық-биологиялық препараттардың, тамақ өнімдерінің жекелеген түрлері үшін өзге мерзімдер белгіленбесе (стационарлық және (немесе) стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек, жедел медициналық көмек, медициналық оңалту, паллиативтік көмек көрсететін қызметтер берушілер үшін) бір айлық қажеттіліктен кем емес көлемде көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының талаптарын орындау үшін дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың, вакциналардың және басқа да иммундық-биологиялық препараттардың, тамақ өнімдерінің азаймайтын қорының болуы.
57. Қызмет берушіге бару арқылы проактивті мониторинг жылына 1 рет жүргізіледі.
58. Көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты бойынша анықталған ақаулар мен орындалмаған міндеттемелерді жоюды қызмет беруші проактивті мониторинг нәтижелері бойынша қорытындыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 45 күн ішінде жүргізеді.
59. Күнтізбелік 45 күн өткен соң көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты бойынша анықталған ақаулар мен міндеттемелер жойылмаған кезде, қор ағымдағы мониторинг жүргізу кезінде Бірыңғай ақаулар жіктеуішіне сәйкес қызмет берушіге төлеуге жататын соманы азайтуды жүргізеді.
60. Проактивті мониторинг жүргізу үшін қызмет берушілерге бару жоспары Қордың сайтында әр тоқсан сайын орналастырылады.
61. Бірінші жартыжылдықта проактивті мониторинг жүргізу үшін жоспарланған қызмет берушілерге бару кезінде қызметтердің кемінде 10 пайызына мониторинг жүргізіледі, екінші жартыжылдықта проактивті мониторинг жүргізу үшін жоспарланған қызмет берушілерге бару кезінде төлемге ұсынылған қызметтердің кемінде 5 пайызына мониторинг жүргізіледі
6-параграф. Нысаналы мониторинг
62. Нысаналы мониторинг қор айқындайтын нысаналы мониторингтерді жүргізу жоспары бойынша медициналық қызметтің белгілі бір түрлері және медициналық көмектің түрлері бойынша жүргізіледі.
63. Нысаналы мониторинг жүргізу мақсатында қызмет берушілердің тізімін қалыптастыру үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:
1) ағымдағы және жоспардан тыс мониторингтердің нәтижелері;
2) электрондық ДСМАЖ мен МАЖ-дан алынатын мәліметтер;
3) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік орган жүргізген медициналық қызметтердің сапасына сыртқы сараптаманың нәтижелері;
4) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның тапсырмасы, медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік органның талдамалық ақпараты.
64. Алдағы нысаналы мониторинг жүргізу туралы хабарлама қызмет берушіге кемінде бес жұмыс күні бұрын беріледі.
Хабарлама қызмет берушіде электрондық құжат айналымы болған кезде электрондық түрде немесе жеткізілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты хат-хабармен жіберіледі.
65. Нысаналы мониторинг жүргізу үшін қызметтер берушіге бару жоспары Қордың сайтында тоқсан сайын орналастырылады.
7-параграф. Өлім мен қайтыс болу жағдайларының мониторингі
66. Өлім мен қайтыс болу жағдайларының мониторингі тұрақты негізде жүргізіледі.
67. Өлім мен қайтыс болу жағдайларының мониторингі электрондық ДСМАЖ мен МАЖ-ды пайдалана отырып, қажет болған кезде қосымша медициналық құжаттаманы сұрау арқылы жүзеге асырылады.
68. Сараптаманы медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік орган жүргізетін ана өлімі жағдайларынан басқа, стационарларда және стационарды алмастыратын жағдайларда өліммен аяқталған барлық жағдайлар мониторингтеуге жатады.
69. Өлім мен қайтыс болу жағдайларының мониторингіне кешенді жан басына шаққандағы нормативтің ынталандырушы компоненті қаражатының сомасын есептеуге көрсетілген жағдайлардың қатысуы үшін есепті кезең ішінде болған (жазатайым оқиғаларды қоспағанда) және МСАК деңгейінде алдын алуға болатын 5 (бес) жасқа дейінгі бала жасындағы пациенттердің барлық өлім жағдайлары жатады.
70. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік орган ана өлімі жағдайларының сараптамасы жөніндегі қорытындыны қайтыс болған күннен бастап екі айдан аспайтын мерзімде қорға жібереді. Ана өлімі жағдайларын сараптау жөніндегі қорытындылар сапа мен көлем мониторингі кезінде ескеріледі.
71. Өлім мен қайтыс болу жағдайларына мониторинг жүргізу үшін қор ана өлімінен басқа, денсаулық сақтаудың медициналық жүйелерінен өлім жағдайларын түсіруді пайдаланады.
72. Өлім мен қайтыс болу жағдайы мониторингінің нәтижелері ДСМАЖ -ға енгізіледі және төлем жүргізу кезінде ескеріледі.
73. Сот-медициналық сараптаманың нәтижелері өлім жағдайларының мониторингін жүргізу кезінде ескеріледі.
74. Өлім мен қайтыс болу жағдайлары мониторингінің нәтижелері бойынша қор осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ана өлімі жағдайларын қоспағанда, өлім мен қайтыс болудың әрбір жағдайына өлім жағдайы мониторингінің нәтижелері бойынша екі данада қорытынды қалыптастырады, оның біреуі қызмет берушіге жіберіледі, ал екіншісі қорда сақталады.
75. Тәуелсіз сарапшы Кодекстің 35-бабының 5-тармағына сәйкес уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен әрбір емделіп шығу жағдайына екі данада сараптама қорытындысын қалыптастырады, оның біреуі қызмет берушінің басшысына тапсырылады.
76. Өлім жағдайының мониторингі бойынша қорытындымен келіспеген жағдайда, қызмет беруші қорытынды ұсынылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қордың филиалына ескертулер және (немесе) қарсылықтар жібереді.
Ақаулардың бірыңғай жіктеуіші
№ р/с | Ақау коды | Ақау атауы | Амбулаториялық-емханалық көмек | Стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек (емделіп шығу жағдайының құнынан) | Жедел медициналық көмек (1-3 санат) (айына 1 адамға жедел жәрдем базалық жан басына шаққандағы норматив еселігінде | Ауыл халқына медициналық көмек (айына 1 ауыл тұрғынына базалық кешенді жан басына шаққандағы норматив еселігінде (БХТЖ)) | Медициналық-әлеуметтік көмек | Патологоанатомиялық диагностика (қызмет құнынан) | Қан мен оның компоненттерін дайындау, қайта өңдеу, сақтау және өткізу, қызмет құнынан қан препараттарын өндіру жөніндегі қызметтер | |||||
базалық кешенді жан басына шаққандағы норматив бойынша (айына 1 адамға арналған базалық кешенді жан басына шаққандағы норматив еселігінде (БКЖН) | кешенді жан басына шаққандағы норматив бойынша төлеу кезінде ескерілмейтін шығындар (қызмет құнынан) | Психикасының және мінез-құлқының бұзылулары (аурулары) бар адамдарға (кешенді тарифтің (КТ) еселігі) | Туберкулезбен ауыратындарға (кешенді тарифтің (КТ) еселігі) | АИТВ-инфекциясын жұқтырғандарға | ||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | ||
1 | 1.0. | Медициналық көмекті негізсіз көрсету | 30 ЖБШКН | - | 100% | - | 30 ЖБШКН | 5 КТ | 1КТ | - | - | - | ||
2 | 1.1. | Медициналық көрсетілімдер болмаған кезде пациентті емдеуге жатқызу / емдеуге жатқызуға негізсіз жіберу | + | - | + | - | + | + | + | - | - | - | ||
4.. | 1.2. | Консультациялық-диагностикалық қызметтерді негізсіз көрсету | - | + | - | - | - | + | + | + | + | + | ||
5. | 1.3. | Консультациялық-диагностикалық қызметтер көрсетуге негізсіз жолдау | + | + | - | - | + | + | + | + | - | - | ||
6. | 2.0 | Медициналық құжаттаманы ресімдеудегі ақаулар | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 | ||
7. | 2.1. | Медициналық құжаттаманы ресімдеудің және жүргізудің ақаулары (оның ішінде пациенттің денсаулық жағдайының серпінін, басқа растайтын құжаттар болған кезде медициналық көмек көрсету көлемін, сипатын, шарттарын бағалауға мүмкіндік беретін ақпараттандырылған келісімнің, тексеру, мамандардың консультациялары нәтижелерінің, күнделік жазбаларының болмауы) | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | ||
8. | 2.2. | Дұрыс емес / уақтылы емес/денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелеріне деректерді сапасыз енгізу | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | ||
9. | 2.3. | Қайтыс болу мәліметтерін уақтылы тіркемеу, науқас қайтыс болған сәттен бастап 10 күннен кеш / уақтылы / негізсіз есептен шығару | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | ||
11. | 3.0 | Көрсетілген медициналық көмектің/қызметтердің көлемін негізсіз арттыру | - | 100% | 50% | - | - | 3 КТ | 0,5 КТ | - | 100% | 100% | ||
12. | 3.1. | Емдеу және диагностикалық қызметтер санын негізсіз ұлғайту | - | + | + | - | - | + | + | - | + | + | ||
13. | 3.2. | Баламалары болған кезде неғұрлым қымбат қызметтер көрсету арқылы клиникалық-диагностикалық қызметтер құнының қымбаттауы | - | + | + | - | - | + | + | - | - | - | ||
14. | 3.3. | Клиникалық-шығындық топтың салмақтық коэффициентінің деңгейін көтеру | - | - | + | - | - | - | - | - | - | - | ||
17. | 4.0 | Негізсіз қайта емдеуге жатқызу (стационарда емдеу аяқталған күннен бастап күнтізбелік 30 күн) | - | - | 100% | - | 15 ЖБШКН | 2 КТ | 1 КТ | - | - | - | ||
18. | 5.0 | Медициналық көмек (қызмет)көрсетудің расталмаған жағдайы | 30 ЖБШКН | 300% | 300% | 30 БХС | 30 ЖБШКН | 3 КТ | 3 КТ | 1 КТ | 300% | 300% | ||
19. | 5.1. | Келулерге ақы төлеуге арналған шот-тізілімге, төсек-күндерге, медициналық көмектің расталмаған жағдайларына енгізу | - | - | + | + | - | + | + | + | - | - | ||
20. | 5.2. | Медициналық қызметтің расталмаған жағдайларын төлеуге арналған шот-тізілімге енгізу | - | + | + | + | - | + | + | + | + | + | ||
21. | 5.3. | ДЗ және медициналық бұйымды, оның ішінде АДҚЕ бойынша берудің расталмаған жағдайы | + | - | + | + | + | + | + | + | - | - | ||
22. | 5.4. | Медициналық қызметтерді тұтынушыны хабардар етпей және оның келісімінсіз басқа МСАК ұйымына бекіту | + | - | - | - | + | - | - | - | - | - | ||
23. | 5.5. | Пациентті денсаулық сақтау АЖ тіркелімдеріне негізсіз есепке алу | + | - | - | - | + | + | + | + | - | - | ||
24. | 6.0 | Емдеу – диагностикалық іс-шаралардың, қызметтер көрсетудің денсаулық сақтау саласындағы стандарттардан, ережелерден/ клиникалық хаттамалардан негізсіз ауытқуы | 15 ЖБШКН | 30% | 30% | 10 БХС | 15 ЖБШКН | 3 КТ | 0,3 КТ | 1 КТ | - | 50% | ||
25. | 6.1. | Емдеудің нәтижесінде асқынуларға әкеп соққан диагностикалық / емдік іс-шаралардың уақтылы немесе тиісінше орындалмауы | + | + | + | + | + | + | + | + | - | - | ||
26. | 6.2. | Емдеудің нәтижесінде нашарлауға әкеп соққан диагностикалық / емдік іс-шаралардың уақтылы немесе тиісінше орындалмауы | + | + | + | + | + | + | + | + | - | - | ||
27. | 6.3. | Диагностикалық / емдік іс-шаралардың уақтылы немесе тиісінше орындалмауы, емнің нәтижесі өзгеріссіз | + | + | + | + | + | + | + | - | - | - | ||
28. | 6.4. | Медициналық көмек көрсету стандарттарын /Денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережелерді сақтамау | + | + | + | + | + | + | + | + | - | - | ||
29. | 6.5. | Халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық қарап-тексеру (скрининг)жүргізу қағидаларын сақтамау | + | + | - | - | + | - | - | - | - | - | ||
30. | 6.6. | Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес профилактикалық егулер жүргізу қағидаларын сақтамау | + | - | - | - | + | - | - | - | - | - | ||
31. | 6.7. |
Клиникалық хаттамаларға сәйкес және ТМККК/ | + | - | - | - | + | - | - | - | - | - | ||
32. | 6.8. | Көрсетілімдер болмаған кезде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды негізсіз тағайындау/жазып беру | + | + | + | + | + | + | + | + | - | - | ||
33. | 6.9. | Медициналық ұйымның әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелерін сақтамауы (динамикалық бақылау стандартының сәйкес келмеуі) | + | - | - | - | + | - | - | - | - | - | ||
34. | 6.10. | Қарсы көрсетілімдер болған кезде медициналық көмек көрсету | + | + | + | + | + | + | + | + | - | - | ||
35. | 6.11. | Шақыру санаттары бойынша жедел медициналық көмек бригадасының уақтылы келмеуі | + | - | - | + | + | - | - | - | - | - | ||
36. | 6.12. | Бір пациентке 24 сағат ішінде жедел жәрдемді қайта шақыру | + | - | - | + | - | - | - | - | - | - | ||
37. | 6.13. | Денсаулық сақтау субъектілерінің қан компоненттеріне қажеттілігін уақтылы немесе толық қамтамасыз етпеу | - | - | - | - | - | - | - | - | + | - | ||
39. | 6.14. | Медициналық көмек көрсету кезіндегі полипрагмазия | + | + | + | + | + | + | + | + | - | - | ||
40. | 7.0 | Медициналық қызметтерді күту ұзақтығы | 5 ЖБШКН | 30% | - | 15 БХС | 5 ЖБШКН | - | - | - | - | - | ||
41. | 7.1. | КДҚ күту ұзақтығы 10 жұмыс күнінен астам | + | + | - | - | + | - | - | - | - | - | ||
43. | 8.0 | Негізделген шағымдар | 30 ЖБШКН | 100% | 100% | 25 БХС | 30 ЖБШКН | 10 КТ | 1КТ | 1 КТ | - | - | ||
44. | 8.1. | Медициналық көмектің (көрсетілетін қызметтердің)сапасы мен көлеміне шағымдар | + | + | + | + | + | + | + | + | + | - | ||
45. | 8.2. | Медициналық көмектің қол жетімділігіне шағымдар | + | + | + | + | + | + | + | + | - | - | ||
46. | 9.0. | Стационар деңгейінде төлеуге жатпайтын өлім-жітім/АЕК/жедел жәрдем деңгейінде өлім | 50 ЖБШКН | - | 100% | 100 БХС | 50 ЖБШКН | 6 КТ | 1 КТ | - | - | - | ||
47. | 10.0. | Клиникалық диагноздың морфологиялық немесе патологиялық-анатомиялық диагноздармен сәйкес келмеу жағдайлары | - | - | 50% | - | 20 ЖБШКН | 3 КТ | 0,5 КТ | - | 50% | - | ||
49. | 11.0 | ТМККК / МӘМС кіретін медициналық көмек көрсету кезінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және пациенттің ақшалай қаражатын тарту | Өнім берушіден пациентке соманы қайтару туралы хабарламамен құжатпен расталған шығындар сомасына алу | Өнім берушіден пациентке соманы қайтару туралы хабарламамен құжатпен расталған шығындар сомасына алу | ||||||||||
50. | 12.0 | Қабылдау бөлімшесі деңгейінде емдеуге жатқызудан негізсіз бас тарту | - | - | 100% | - | 20 ЖБШКН | 3 КТ | 0,5 КТ | - | - | - |
Ескертпе:
"+"белгісі - ақаулардың осы тәсілдері медициналық көмектің осы нысаны/түрі үшін қолданылады;" - " белгісі-ақаулардың осы кодтары мен кіші кодтары медициналық көмектің осы нысаны/түрі үшін қолданылмайды
Медициналық қызметтердің (көмектің) сапасы мен көлемінің мониторингі бойынша қорытынды
№____/____ бастап "______"_______________202_ жыл
1. Қор филиалының немесе бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауы:
_______________________________________________________________
2. Жеткізушінің атауы: _____________________________________________
(жеткізушінің толық атауы)
3. Медициналық көмектің түрі:
_______________________________________________________________
4. Мониторинг үшін негіздеме:
_______________________________________________________________
5. Мониторинг түрі: жоспардан тыс / мақсатты / проактивті
(керегінің астын сызу керек)
6. "ӘлМСҚ" КеАҚ маманының, бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің Т. А. Ә, (болған жағдайда) /лауазымы:
___________________________________/_____________________________
7. Мониторинг жүргізу кезеңі: ________________________________.
(қай кезең (жыл, жартыжылдық, тоқсан) үшін көрсетілсін)
8. Мониторинг жүргізу мерзімдері: "__" бастап _____ бойынша "_" ____202___жыл.
9. Мониторинг нәтижелері:
№ | медициналық карта № / тарификация бойынша қызмет коды / рецепт нөмірі ЖСН, үзінді көшірме күні /анықталған қызмет көрсету күні ақау коды* | ЖСН | Үзінді көшірме күні / қызмет көрсету күні |
Анықталған |
БАРЛЫҒЫ, ақаулар саны: |
Ескертпе:
* - сапа және көлем мониторингінің нәтижелері көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартын орындау хаттамасында көрсетілетін болады
10. Шарттық міндеттемелер мониторингінің нәтижелері:
№ |
Орындалмаған | № Орындалған шарттың талаптары |
БАРЛЫҒЫ, орындалмаған пункттер саны |
11. Қорытындылар мен ұсыныстар:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
12. Жүргізілген проактивті мониторингтен 45 күн өткен соң мониторинг нәтижесі.
№ | медициналық картаның № / тарификатор бойынша қызмет коды / рецепт нөмірі | ЖСН |
Үзінді көшірме күні / |
Анықталған |
БАРЛЫҒЫ, ақаулар саны: |
Ескертпе:
* - сапа және көлем мониторингінің нәтижелері көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартын орындау хаттамасында көрсетілетін болады
№ |
Орындалмаған | № Орындалған шарттың талаптары |
БАРЛЫҒЫ, орындалмаған пункттер саны |
13. Қорытындылар мен ұсыныстар:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің: |
Жеткізуші: |
ТМККК шеңберінде медициналық көрсетілетін қызметтердің (көмектің) сапасы мен көлеміне жүргізілген мониторинг нәтижелері және көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты талаптарының орындалуы туралы есеп 202___жылғы_______(айы/тоқсаны/жарты жылдығы/жылы) үшін
№ р/с | Жеткізуші | ТМККК шеңберінде Қор жасасқан шарттардың саны (МҰ бойынша шарттың нөмірі көрсетіледі) | Шарттың сомасы | ТМККК шарттары бойынша тікелей нәтижелер көрсеткіштері | Медициналық қызметтердің (көмектің) сапасы мен көлемі мониторингінің түрлері және шарт талаптарының орындалуы бойынша нәтижелер | ||||||
Ағымдағы | |||||||||||
Сапа мониторингімен қамтылған шарттар саны | Шарт талаптарын орындау мониторингімен қамтудың % | Шарт талаптарының бұзылуы анықталған мониторингпен қамтылған шарттардың саны | шарттарды бұзу % | Анықталған ақаулар саны | Анықталған ақаулар сомасы | Шарт талаптарын анықталған бұзушылықтардың саны | Шығарылған тұрақсыздық айыбының сомасы | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
Кестенің жалғасы
Медициналық қызметтердің (көмектің) сапасы мен көлемі мониторингінің түрлері және шарт талаптарының орындалуы бойынша нәтижелер | ||||||||||
Ағымдағы | Мақсатты | Жоспардан тыс | ||||||||
Төленген тұрақсыздық айыбының сомасы | Анықталған ақаулар саны | Анықталған ақаулар сомасы | Шарт талаптарын анықталған бұзушылықтардың саны | Шығарылған тұрақсыздық айыбының сомасы | Төленген тұрақсыздық айыбының сомасы | Анықталған ақаулар саны | Анықталған ақаулар сомасы | Шарт талаптарын анықталған бұзушылықтардың саны | Шығарылған тұрақсыздық айыбының сомасы | Төленген тұрақсыздық айыбының сомасы |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
Кестенің жалғасы
Медициналық қызметтердің (көмектің) сапасы мен көлемі мониторингінің түрлері және шарт талаптарының орындалуы бойынша нәтижелер | |||||||||||
Проактивті | Өлім жағдайларын жою | ||||||||||
Бірінші рет барған кезде анықталған ақаулар саны | Екінші рет барған кезде анықталған ақаулар саны | Алынған ақаулар саны | Сомасы алу | Шарт талаптарын анықталған бұзушылықтардың саны | Шығарылған тұрақсыздық айыбының сомасы | Төленген тұрақсыздық айыбының сомасы | Анықталған ақаулар саны | Анықталған ақаулар сомасы | Шарт талаптарын анықталған бұзушылықтардың саны | Шығарылған тұрақсыздық айыбының сомасы | Төленген тұрақсыздық айыбының сомасы |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 |
Кестенің жалғасы
Ақаулардың барлық сомасы | Тұрақсыздық айыбының барлық сомасы | Қосылу шарты талаптарының анықталған бұзушылықтары | Ескертпе | |||
Расталған ақаулар саны (бағандар 10, 15, 20, 27, 32) | Ақаулар бойынша алу сомасы (бағандар 11, 16, 21, 28, 33) | Шығарылған тұрақсыздық айыбының сомасы (бағандар 13, 18, 23, 30, 35) | Республикалық бюджетке аударылған тұрақсыздық айыбының сомасы (бағандар 14, 19, 24, 31, 36) | шарттың жалпы сомасына қаржылық әсер % | ||
37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 |
Ескертпе
* бағандардағы сомалар теңгемен көрсетілген
Медициналық қызметтердің (көмектің) сапасы мен көлеміне және МӘМС жүйесінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты талаптарының орындалуына жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы есеп 202___жылғы_______ (айы/тоқсаны/жарты жылдығы/жылы) үшін
№ р/с | Жеткізуші | МӘМС шеңберінде Қор жасасқан шарттардың саны (МҰ бойынша шарттың нөмірі көрсетіледі) | Шарттың сомасы | МӘМС шарттары бойынша тікелей нәтижелер көрсеткіштері | |||
Сапа мониторингімен қамтылған шарттар саны | Шарт талаптарын орындау мониторингімен қамтудың % % | Шарт талаптарының бұзылуы анықталған мониторингпен қамтылған шарттардың саны | шарттарды бұзу % | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 6 | 7 | 8 | 9 |
Кестенің жалғасы
Медициналық қызметтердің (көмектің) сапасы мен көлемі мониторингінің түрлері және шарт талаптарының орындалуы бойынша нәтижелер | ||||||||||
Ағымдағы | Мақсатты | Жоспардан тыс | ||||||||
Анықталған ақаулар саны | Сумма выявленных дефектов | Шарт талаптарын анықталған бұзушылықтардың саны | Шығарылған тұрақсыздық айыбының сомасы | Төленген тұрақсыздық айыбының сомасыи | Анықталған ақаулар саны | Анықталған ақаулар сомасы | Шарт талаптарын анықталған бұзушылықтардың саны | Шығарылған тұрақсыздық айыбының сомасы | Төленген тұрақсыздық айыбының сомасы | Анықталған ақаулар саны |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
Кестенің жалғасы
Медициналық қызметтердің (көмектің) сапасы мен көлемі мониторингінің түрлері және шарт талаптарының орындалуы бойынша нәтижелер | |||
Жоспардан тыс | |||
Анықталған ақаулар сомасы | Шарт талаптарын анықталған бұзушылықтардың саны | Шығарылған тұрақсыздық айыбының сомасы | Төленген тұрақсыздық айыбының сомасы |
21 | 22 | 23 | 24 |
Кестенің жалғасы
Медициналық қызметтердің (көмектің) сапасы мен көлемі мониторингінің түрлері және шарт талаптарының орындалуы бойынша нәтижелер | |||||||||||
Проактивті | Өлім жағдайларын жою | ||||||||||
Бірінші рет барған кезде анықталған ақаулар саны | Екінші рет барған кезде анықталған ақаулар саны | Алынған ақаулар саны | Сомасы алу | Шарт талаптарын анықталған бұзушылықтардың саны | Шығарылған тұрақсыздық айыбының сомасы | Төленген тұрақсыздық айыбының сомасы | Анықталған ақаулар саны | Анықталған ақаулар сомасы | Шарт талаптарын анықталған бұзушылықтардың саны | Шығарылған тұрақсыздық айыбының сомасы | Төленген тұрақсыздық айыбының сомасы |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 |
Кестенің жалғасы
Ақаулардың барлық сомасы | Тұрақсыздық айыбының барлық сомасы | Қосылу шарты талаптарының анықталған бұзушылықтары | Ескертпе | |||
Расталған ақаулар саны (бағандар 10, 15, 20, 27, 32) | Ақаулар бойынша алу сомасы (11,16, 21, 28, 33) | Шығарылған тұрақсыздық айыбының сомасы (бағандар 13, 18, 23, 30, 35) | Қор активтеріне аударылған тұрақсыздық айыбының сомасы (бағандар 14, 19, 24, 31, 36) | шарттың жалпы сомасына қаржылық әсер % | ||
37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 |
Ескертпе
* бағандардағы сомалар теңгемен көрсетілген
Өлім жағдайлары мониторингінің нәтижелері бойынша қорытынды
1. Қор қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты, лауазым тұлғасы, сараптама жүргізген адамның, оның ішінде тәуелсіз сарапшының, мамандығы, біліктілік санаты, ғылыми дәрежесі, аккредиттеу туралы куәліктің № көрсетілген бейінді маманның лауазымы.
2. Сараптама жүргізілген денсаулық сақтау субъектісінің (объектісінің) атауы.
3. Өлім жағдайына мониторинг жүргізу кезеңі.
4. Өлім жағдайы мониторингінің мәні.
5. Мониторинг нәтижелері туралы, оның ішінде анықталған олқылықтар туралы, олардың сипаты туралы мәліметтер.
6. Қорытындылар.
7. Ұсынымдар:
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_________________________________________ __________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (өлім жағдайының
мониторингін жүргізген тұлғаның қолы)
Күні "____"___________202__жыл