"Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтерді) импортына лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 299 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 5 қазанда № 21494 болып тіркелді.

Жаңартылған

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.05.2022 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған "Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтерді) импортына лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
С. Омаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сауда және интергация министрлігі

      КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2020 жылғы 29 қыркүйегі
№ 299 бұйрығымен
бекітілген

"Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтерді) импортына лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) импортына лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) импортына лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.05.2022 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) өсімдіктерді қорғау құралдары – өсімдіктерді қорғау мақсатында қолданылатын пестицидтер, биоагенттер, сондай-ақ техникалық және басқа да құралдар;

      2) пестицидтер – зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге, карантиндік объектілер мен бөтен текті түрлерге, сақталатын ауыл шаруашылығы өнімінің зиянкестеріне қарсы күресу үшін, сондай-ақ тұқымдарды дәрілеу, егінді жинау алдында құрғатып алу, жапырақтарды түсіру және өсімдіктердің өсуін реттеу үшін пайдаланылатын химиялық және (немесе) биологиялық препараттар (инсектицидтер, родентицидтер, фунгицидтер, гербицидтер, өнуге қарсы құралдар және өсімдіктердің өсуін реттеушілер, дефиолианттар, десиканттар);

      3) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де қызметтерге қол жеткізудің "бірыңғай терезесін" білдіретін ақпараттық жүйе;

      4) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) –электрондық нысанда көрсетілетін ақысыз қызметтер көрсету шеңберінде төлемдер жүргізу туралы ақпарат беру процестерін автоматтандыратын ақпараттық жүйе;

      5) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.

      3. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге рұқсат беру тәртібі белгіленген тауарлардың тізбесіне енгізілген өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) импорты Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 6 қарашадағы № 199 шешімімен бекітілген тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беруге өтінішті ресімдеу туралы және осындай лицензияны ресімдеу туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі – Нұсқаулық) сәйкес ресімделген лицензия болған кезде жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      5. "Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтерді) импортына лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 08.12.2023 № 422 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Лицензияны алу үшін жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды жолдайды.

      Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы, пестицидтерді өндіруге (формуляциялауға), пестицидтерді өткізуге, пестицидтерді аэрозольдік немесе фумигациялық тәсілдермен қолдануға лицензияның бар-жоғы туралы, салық органында есепке қойылғаны туралы, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгені туралы (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда) мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылардан талап етуге жол берілмейді.

      Портал мен ақпараттық жүйелердің ақпараттық өзара іс-қимылы "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 08.12.2023 № 422 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзімі құжаттар тіркелген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.

      8. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе жұмыскері Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттар келіп түскен күні оларды тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды, ол жауапты жұмыскерді тағайындайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру одан кейінгі жақын жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 08.12.2023 № 422 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскері құжаттарды тіркеген сәттен бастап 8 (сегіз) жұмыс сағаты ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы Тізбенің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілген қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскері Нұсқаулыққа және "Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 7 қосымшаға сәйкес ұсынылған құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеруді жүзеге асырады. Тексеру қорытындылары бойынша мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) импортына лицензияны не осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәжді бас тартуды ресімдейді.

      Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) импортына лицензия беруден бас тарту туралы шешім шығарған кезде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскері көрсетілетін қызметті алушыға өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) импортына лицензия беруден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдалым өткізілетін уақыт пен орын (тәсіл) туралы хабардар етеді.

      Тыңдалым рәсімі Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес жүргізіледі.

      Тыңдалым туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдалым хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдалым нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) импортына лицензия беру туралы не өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) импортына лицензия беруден уәжді бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің басшысының не оның міндетін атқарушы адамның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 08.12.2023 № 422 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Лицензияның иелері лицензияның қолданылу мерзімі өткеннен кейін күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде көрсетілетін қызметті берушіге Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 34 шешімімен бекітілген нысан бойынша тауар экспортына және (немесе) импортына арналған лицензияның орындалғаны туралы анықтама береді.

      11. Берілген лицензияларға, оның ішінде техникалық сипаттағы себептер бойынша өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

      12. Заңды тұлға ретінде тіркелген көрсетілетін қызметті алушының құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізілген (ұйымдық-құқықтық нысанының, атауының не оның орналасқан жерінің өзгеруі) немесе жеке тұлға болып табылатын көрсетілетін қызметті алушының паспорттық деректері өзгерген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген өзгерістерді растайтын өтінішті және құжаттарды қоса бере отырып, берілген лицензияның қолданылуын тоқтату және жаңа лицензияны ресімдеу туралы сұраныммен көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы жүгінеді.

      13. Тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензиялар мен рұқсаттар беру қағидаларының 19-тармағына (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 7 қосымшаға қосымша) сәйкес көрсетілетін қызметті беруші мынадай жағдайларда лицензияны тоқтату немесе тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды:

      1) көрсетілетін қызметті алушының портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында берілген лицензияның қолданылуын тоқтату туралы сұраныммен жүгінуі;

      2) заңды тұлға ретінде тіркелген көрсетілетін қызметті алушының құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізу (ұйымдық-құқықтық нысанын, атауын не оның орналасқан жерін өзгерту) немесе жеке тұлға болып табылатын көрсетілетін қызметті алушының паспорттық деректерін өзгерту;

      3) лицензия алу мақсатында көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарда дұрыс емес мәліметтердің анықталуы;

      4) негізінде лицензия берілген бір немесе бірнеше құжаттың қолданылуын тоқтату немесе тоқтата тұру;

      5) лицензия беруге негіз болған шартты (келісімшартты) орындау кезінде мүше мемлекеттің халықаралық міндеттемелерін бұзуы;

      6) егер, қызмет түрі оған қатысты лицензиялау енгізілген тауар айналымына байланысты болса, мұндай лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыруға арналған лицензияны кері қайтарып алу;

      7) лицензия беру кезінде жол берілген, лицензия беруге алып келген, белгіленген тәртіп сақталған кезде беруге болмайтын бұзушылықтардың анықталуы;

      8) лицензия иесінің халықаралық нормативтік құқықтық актілерде немесе осы Қағидаларда белгіленген лицензия беру шарттарын сақтамауы;

      9) сот шешімінің болуы;

      10) көрсетілетін қызметті алушының осы Қағидалардың 10-тармағын орындамауы.

      14. Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуын тоқтату немесе тоқтата тұру Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 34 шешімімен бекітілген Тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.

      15. Көрсетілетін қызметті алушыға лицензия беруден бас тарту Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша жүзеге асырылады.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 08.12.2023 № 422 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.

      Өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына жібереді.

      Уәкілетті орган Қағидалар өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 08.12.2023 № 422 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      17. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті берушінің, уәкілетті орган басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі және осы Қағидалардың 18-тармағында көзделген мерзімдерде қаралуға тиіс.

      Шағым ҚР ӘРПК 91-бабы 4-тармағына сәйкес келіп түскен жағдайда, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалынған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді. Әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалынған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 08.12.2023 № 422 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:

      көрсетілетін қызметті беруші, уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.

      19. Көрсетілетін қызметті берушінің, уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      20. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.05.2022 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  "Өсімдіктерді қорғау
құралдарының (пестицидтерді)
импортына лицензия беру"
мемлекеттік қызметін көрсету
қағидаларына
1-қосымша

"Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтерді) импортына лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 08.12.2023 № 422 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2.

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы

3.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

5 (бес) жұмыс күні.

4.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған).

5.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтерді) импортына лицензия не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту.

6.

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушыларға ақылы негізде көрсетіледi.
Мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензия беру үшін көрсетiлетiн қызметтi алушының орналасқан жері бойынша бюджетке "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 554-бабына сәйкес 10 (он) айлық есептік көрсеткішті құрайтын лицензиялық алым төленедi.
Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол және қолма-қол емес нысанда екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ қолма-қол емес нысанда "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.

7.

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті берушінің –Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.gov.kz ресми интернет-ресурсында орналастырылған.

8.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) көрсетiлетiн қызметтi алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында осы Тізбеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтерді) импортына лицензия беруге арналған өтiнiш;
2) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
3) сыртқы сауда шартының (келісімшартының) электрондық көшірмесі, оған қосымшалар және (немесе) толықтырулар (бір реттік лицензияларға), ал сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда – тараптардың ниетін растайтын өзге құжаттың электрондық көшірмесі;
4) көрсетiлетiн қызметтi алушының "Тауарлар экспорты мен импортын лицензиялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініштердің нысандарын, лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаның нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 67 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11074 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 67 бұйрық) белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі.
Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы, пестицидтерді өндіруге (формуляциялауға), пестицидтерді өткізуге, пестицидтерді аэрозольдік немесе фумигациялық тәсілдермен қолдануға лицензияның бар-жоғы туралы, салық органында есепке қойылғаны туралы, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгені туралы (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда) мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

9.

Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуға негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының лицензия алу үшін ұсынған құжаттарында толық емес және дұрыс емес мәліметтердің болуы;
2) Тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензиялар мен рұқсаттар беру қағидаларының 10, 11 және 12-тармақтарында ("Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 7-қосымша) көзделген талаптардың сақталмауы;
3) лицензияны беруге негіз болатын бір немесе бірнеше құжаттың қолданысының тоқтатылуы немесе тоқтатыла тұруы;
4) іске асыру үшін лицензиясы сұратылатын, шартты (келісімшартты) орындау салдарынан болуы мүмкін мүше мемлекеттердің халықаралық міндеттемелерінің бұзылуы;
5) квотаның, сондай-ақ тарифтік квотаның таусылуы не олардың болмауы (квоталанатын тауарларға лицензия ресімделген жағдайда);
6) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынуы;
7) лицензиялық алымның енгізілмеуі;
8) көрсетілетін қызметті алушының № 67 бұйрықпен белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
9) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
10) сот орындаушысының ұйғарымы негізінде соттың көрсетілетін қызметті алушыға-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салуы;
11) көрсетілетін қызметті алушы лицензия алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің анықталуы.

10.

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 77 арқылы алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
Цифрлық құжаттар сервисі мобильдік қосымшада және пайдаланушылардың ақпараттық жүйелерінде авторландырылған субъектілер үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін мобильдік қосымшада және пайдаланушылардың ақпараттық жүйелерінде қолжетімді әдістермен авторландырудан өтеді, бұдан әрі "Цифрлық құжаттар" бөлімінде одан әрі пайдалану үшін қажетті құжатты қарайды.

  "Өсімдіктерді қорғау
құралдарының (пестицидтерді)
импортына лицензия беру"
мемлекеттік қызметін көрсетуге
қойылатын негізгі талаптар
тізбесіне
қосымша
Нысан

Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтерді) импортына лицензия беруге арналған өтініш

1.Өтініш

2. Қолданылу кезеңі бастап дейін

3. Лицензияның типі |ИМПОРТ

4. ____ жылғы ____ № ___ келісімшарт

5. Өтініш беруші

6. Сатушы

7. Жіберілетін ел

8. Сатушының елі

9. Келісімшарт валютасы

10. Құны

11. Статистикалық құны

12. Шығарылған елі

13. Саны

14. Өлшем бірлігі

15. Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасы бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы

16. Қосымша ақпарат

17. Лицензия беру үшін негіз

18. Өтініш берушінің уәкілетті адамы
аты, әкесінің аты (бар болса), тегі
Лауазымы
Телефоны
Электрондық цифрлық қолтаңбасы.
Күні

  Өсімдіктерді қорғау
құралдарының (пестицидтерді)
импортына лицензия беруге
арналған өтінішке
қосымша

____ жылғы ____ № ____өтінішке қосымша

р/с №

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

р/с №

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

р/с №

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

р/с №

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

р/с №

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

р/с №

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

р/с №

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

р/с №

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Барлығы ___ парақ, № парақ

Өтініш берушінің уәкілетті адамы
аты, әкесінің аты (бар болса), тегі
Лауазымы
Телефоны
Электрондық цифрлық қолтаңбасы
Күні

  "Өсімдіктерді қорғау
құралдарының (пестицидтерді)
импортына лицензия беру"
мемлекеттік қызметін көрсету
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) импортына лицензия

Уәкілетті орган

1. Өтініш №

2. Қолданылу кезеңі бастап дейін

3. Лицензияның типі |ИМПОРТ

4. ____ жылғы ____ № ___ келісімшарт

5. Өтініш беруші

6. Сатушы

7. Жіберілетін ел

8. Сатушының елі

9. Келісімшарт валютасы

10. Құны

11. Статистикалық құны

12. Шығарылған елі

13. Мөлшері

14. Өлшем бірлігі

15. Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасы бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы

16. Қосымша ақпарат

17. Лицензия беру үшін негіздеме

18. Уәкілетті адам
аты, әкесінің аты (бар болса), тегі
Лауазымы
Электрондық цифрлық қолтаңбасы
Күні

  Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) импортына лицензияға
  қосымша

Уәкілетті орган

жылғы ____ № ____лицензияға қосымша

р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем
бірлігі

құны

р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем
бірлігі

құны

р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем
бірлігі

құны

р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем
бірлігі

құны

р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем
бірлігі

құны

р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем
бірлігі

құны

р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем
бірлігі

құны

р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем
бірлігі

құны

Барлығы парақ, № парақ

18. Уәкілетті адам
аты, әкесінің аты (бар болса), тегі
Лауазымы
Электрондық цифрлық қолтаңбасы
Күні

  "Өсімдіктерді қорғау
құралдарының (пестицидтерді)
импортына лицензия беру"
мемлекеттік қызметін көрсету
қағидаларына
3-қосымша
  нысан

[Уәкілетті органның
атауы]



 

[Уәкілетті органның
атауы]



 
Мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту
Берілген күні: [Берілген күні]
[Көрсетілетін қызметті алушының атауы]
Тіркеу орны:
Облыс: [Облыс]
Аудан: [Аудан]
Қала\ елді мекен: [Қала\ елді мекен]
[жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі] [ЖСН/БСН]
Тіркеу күні [күні]
Бас тарту себебі: [Бас тарту себебі]
[Қол қоюшының лауазымы] [Қол қоюшының тегі, аты, әкесінің аты (болса), тегі]





      [Қол қоюшының лауазымы] [Қол қоюшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі]