"Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтерді) импортына лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 299 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 5 қазанда № 21494 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      "Мемлекеттік қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтерді) импортына лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
С. Омаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сауда және интергация министрлігі

      КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2020 жылғы 29 қыркүйегі
№ 299 бұйрығымен
бекітілген

"Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтерді) импортына лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) импортына лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік қызметтер туралы заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) импортына лицензия беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) өсімдіктерді қорғау құралдары – өсімдіктерді қорғау мақсатында қолданылатын пестицидтер, биоагенттер, сондай-ақ техникалық және басқа да құралдар;

      2) пестицидтер – зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге, карантиндік объектілер мен бөтен текті түрлерге, сақталатын ауыл шаруашылығы өнімінің зиянкестеріне қарсы күресу үшін, сондай-ақ тұқымдарды дәрілеу, егінді жинау алдында құрғатып алу, жапырақтарды түсіру және өсімдіктердің өсуін реттеу үшін пайдаланылатын химиялық және (немесе) биологиялық препараттар (инсектицидтер, родентицидтер, фунгицидтер, гербицидтер, өнуге қарсы құралдар және өсімдіктердің өсуін реттеушілер, дефиолианттар, десиканттар);

      3) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де қызметтерге қол жеткізудің "бірыңғай терезесін" білдіретін ақпараттық жүйе;

      4) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) –электрондық нысанда көрсетілетін ақысыз қызметтер көрсету шеңберінде төлемдер жүргізу туралы ақпарат беру процестерін автоматтандыратын ақпараттық жүйе;

      5) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.

      3. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге рұқсат беру тәртібі белгіленген тауарлардың тізбесіне енгізілген өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) импорты Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 6 қарашадағы № 199 шешімімен бекітілген тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беруге өтінішті ресімдеу туралы және осындай лицензияны ресімдеу туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі – Нұсқаулық) сәйкес ресімделген лицензия болған кезде жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) импортына лицензия беру" мемлекеттік қызмет стандартында (бұдан әрі – Стандарт) баяндалған.

      6. Лицензияны алу үшін жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы Стандарттың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды жолдайды.

      Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы, пестицидтерді өндіруге (формуляциялауға), пестицидтерді өткізуге, пестицидтерді аэрозольдік немесе фумигациялық тәсілдермен қолдануға лицензияның бар-жоғы туралы, салық органында есепке қойылғаны туралы, бюджетке лицензиялық алымның төленгені туралы (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда) мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылардан талап етуге жол берілмейді.

      Портал мен ақпараттық жүйелердің ақпараттық өзара іс-қимылы "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

      7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзімі құжаттар тіркелген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.

      8. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы тапсырған кезде – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе жұмыскері Стандарттың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды тіркеуді келіп түскен күні жүзеге асырады және жауапты жұмыскерді тағайындайтын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      9. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскері құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын және (немесе) мәліметтерді толық ұсынбаған, қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскері өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскері ұсынылған құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеруді Нұсқаулыққа және Тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензиялар мен рұқсаттар беру қағидаларына (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 7 қосымшаға қосымша) сәйкес жүзеге асырады. Тексеру қорытындылары бойынша мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін – осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) импортына лицензия не осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәжді бас тарту ресімдейді.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      10. Лицензияның иелері лицензияның қолданылу мерзімі өткеннен кейін күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде көрсетілетін қызметті берушіге Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 34 шешімімен бекітілген нысан бойынша тауар экспортына және (немесе) импортына арналған лицензияның орындалғаны туралы анықтама береді.

      11. Берілген лицензияларға, оның ішінде техникалық сипаттағы себептер бойынша өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

      12. Заңды тұлға ретінде тіркелген көрсетілетін қызметті алушының құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізілген (ұйымдық-құқықтық нысанының, атауының не оның орналасқан жерінің өзгеруі) немесе жеке тұлға болып табылатын көрсетілетін қызметті алушының паспорттық деректері өзгерген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген өзгерістерді растайтын өтінішті және құжаттарды қоса бере отырып, берілген лицензияның қолданылуын тоқтату және жаңа лицензияны ресімдеу туралы сұраныммен көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы жүгінеді.

      13. Тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензиялар мен рұқсаттар беру қағидаларының 19-тармағына (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 7 қосымшаға қосымша) сәйкес көрсетілетін қызметті беруші мынадай жағдайларда лицензияны тоқтату немесе тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды:

      1) көрсетілетін қызметті алушының портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында берілген лицензияның қолданылуын тоқтату туралы сұраныммен жүгінуі;

      2) заңды тұлға ретінде тіркелген көрсетілетін қызметті алушының құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізу (ұйымдық-құқықтық нысанын, атауын не оның орналасқан жерін өзгерту) немесе жеке тұлға болып табылатын көрсетілетін қызметті алушының паспорттық деректерін өзгерту;

      3) лицензия алу мақсатында көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарда дұрыс емес мәліметтердің анықталуы;

      4) негізінде лицензия берілген бір немесе бірнеше құжаттың қолданылуын тоқтату немесе тоқтата тұру;

      5) лицензия беруге негіз болған шартты (келісімшартты) орындау кезінде мүше мемлекеттің халықаралық міндеттемелерін бұзуы;

      6) егер, қызмет түрі оған қатысты лицензиялау енгізілген тауар айналымына байланысты болса, мұндай лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыруға арналған лицензияны кері қайтарып алу;

      7) лицензия беру кезінде жол берілген, лицензия беруге алып келген, белгіленген тәртіп сақталған кезде беруге болмайтын бұзушылықтардың анықталуы;

      8) лицензия иесінің халықаралық нормативтік құқықтық актілерде немесе осы Қағидаларда белгіленген лицензия беру шарттарын сақтамауы;

      9) сот шешімінің болуы;

      10) көрсетілетін қызметті алушының осы Қағидалардың 10-тармағын орындамауы.

      14. Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуын тоқтату немесе тоқтата тұру Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 34 шешімімен бекітілген Тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.

      15. Көрсетілетін қызметті алушыға лицензия беруден бас тарту Стандарттың 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша жүзеге асырылады.

      16. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      17. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесі қызметкерлерінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті берушінің, өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      18. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:

      көрсетілетін қызметті беруші, уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.

      19. Көрсетілетін қызметті берушінің, уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      20. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.

  "Өсімдіктерді қорғау
құралдарының (пестицидтерді)
импортына лицензия беру"
мемлекеттік қызметін көрсету
қағидаларына
1-қосымша

"Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) импортына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2

Мемлекеттік қызметті беру тәсілі (кіру каналдары)

"электрондық үкіметтің" www. egov. kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

5 (бес) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны

Электрондық.

5

Мемлкеттік қызметті көрсету нәтижесі

Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) импортына лицензия не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген негіздер бойынша уәжді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

6

Мемлееттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті алушылар жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде жекелеген қызмет түрімен айналысу құқығына лицензия беру үшін көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша бюджетке "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 554-бабына сәйкес 10 (он) айлық есептік көрсеткішті құрайтын лицензиялық алым төленеді.
Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол және қолма-қол емес нысанда екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ қолма-қол емес нысанда "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі –ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.

7

Жұмыс уақыты

1) көрсетілетін қызметті берушінің – 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі –Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекске сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www. gov. kz ресми интернет-ресурсында орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) импортына лицензия беруге арналған өтініш;
2) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
2) сыртқы сауда шартының (келісімшартының) электрондық көшірмесі, оған қосымшалар және (немесе) толықтырулар (бір реттік лицензияларға), сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда – тараптардың ниетін растайтын өзге құжаттың электрондық көшірмесі;
3) көрсетілетін қызметті алушының "Тауарлар экспорты мен импортын лицензиялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініштердің нысандарын, лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаның нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 67 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11074 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 67 бұйрық) белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі.
Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы, пестицидтерді өндіруге (формуляциялауға), пестицидтерді өткізуге, пестицидтерді аэрозольдік немесе фумигациялық тәсілдермен қолдануға лицензияның бар-жоғы туралы, салық органында есепке қойылғаны туралы, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгені туралы (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда) мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген мемлекеттік қызметті көрсетуге дәлелді бас тартуға негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының лицензия алу үшін ұсынған құжаттарында толық емес және дәйексіз мәліметтердің болуы;
2) Тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензиялар мен рұқсаттар беру қағидаларының 10, 11 және 12-тармақтарында (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 7 қосымшаға қосымша) көзделген талаптардың сақталмауы;
3) лицензияны беруге негіз болатын бір немесе бірнеше құжаттың қолданысының тоқтатылуы немесе уақытша тоқтатылуы;
4) шартты (келісімшартты) іске асыру үшін лицензиясы сұратылатын, оны орындау салдарынан болуы мүмкін мүше мемлекеттердің халықаралық міндеттемелерінің бұзылуы;
5) квотаның, сондай-ақ тарифтік квотаның таусылуы не олардың болмауы (квоталанатын тауарларға лицензия ресімделген жағдайда);
6) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынуы;
7) лицензиялық алымның енгізілмеуі;
8) көрсетілетін қызметті алушының № 67 бұйрықпен белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
9) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
10) сот орындаушысының ұйғарымы негізінде соттың көрсетілетін қызметті алушыға-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салуы.

10

Өзге талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 77 арқылы алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www. gov. kz интернет-ресурсында орналастырылған.

  "Өсімдіктерді қорғау
құралдарының (пестицидтерді)
импортына лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
қосымша
  Нысан

Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) импортына лицензия беруге арналған өтініш

1. Өтініш №

2. Қолданылу кезеңі бастап дейін

3. Лицензияның типі |ИМПОРТ

4. ____ жылғы ____ № ___ келісімшарт

5. Өтініш беруші

6. Сатушы

7. Жіберілетін ел

8. Сатушының елі

9. Келісімшарт валютасы

10. Құны

11. Статистикалық құны

12. Шығарылған елі

13. Мөлшері

14. Өлшем бірлігі

15. Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасы бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы

16. Қосымша ақпарат

17. Лицензия беру үшін негіздеме

18. Өтініш берушінің уәкілетті адамы
аты, әкесінің аты (бар болса), тегі
Лауазымы
Телефоны
Электрондық цифрлық қолтаңба.
Күні

  Өсімдіктерді қорғау
құралдарының (пестицидтердің)
импортына лицензия беруге
арналған өтінішке
қосымша

жылғы ____ № ____өтінішке қосымша

р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем
бірлігі

құны

р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем
бірлігі

құны

р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем
бірлігі

құны

р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем
бірлігі

құны

р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем
бірлігі

құны

р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем
бірлігі

құны

р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем
бірлігі

құны

р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем
бірлігі

құны

Барлығы парақ, № парақ

18. Өтініш берушінің уәкілетті адамы
аты, әкесінің аты (бар болса), тегі
Лауазымы
Телефоны
Электрондық цифрлық қолтаңбасы
Күні

  "Өсімдіктерді қорғау
құралдарының (пестицидтерді)
импортына лицензия беру"
мемлекеттік қызметін көрсету
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) импортына лицензия

Уәкілетті орган

1. Өтініш №

2. Қолданылу кезеңі бастап дейін

3. Лицензияның типі |ИМПОРТ

4. ____ жылғы ____ № ___ келісімшарт

5. Өтініш беруші

6. Сатушы

7. Жіберілетін ел

8. Сатушының елі

9. Келісімшарт валютасы

10. Құны

11. Статистикалық құны

12. Шығарылған елі

13. Мөлшері

14. Өлшем бірлігі

15. Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасы бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы

16. Қосымша ақпарат

17. Лицензия беру үшін негіздеме

18. Уәкілетті адам
аты, әкесінің аты (бар болса), тегі
Лауазымы
Электрондық цифрлық қолтаңбасы
Күні

  Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) импортына лицензияға
  қосымша

Уәкілетті орган

жылғы ____ № ____лицензияға қосымша

р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем
бірлігі

құны

р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем
бірлігі

құны

р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем
бірлігі

құны

р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем
бірлігі

құны

р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем
бірлігі

құны

р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем
бірлігі

құны

р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем
бірлігі

құны

р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем
бірлігі

құны

Барлығы парақ, № парақ

18. Уәкілетті адам
аты, әкесінің аты (бар болса), тегі
Лауазымы
Электрондық цифрлық қолтаңбасы
Күні

  "Өсімдіктерді қорғау
құралдарының (пестицидтерді)
импортына лицензия беру"
мемлекеттік қызметін көрсету
қағидаларына
3-қосымша
  нысан

[Уәкілетті органның
атауы]



 

[Уәкілетті органның
атауы]



 
Мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту
Берілген күні: [Берілген күні]
[Көрсетілетін қызметті алушының атауы]
Тіркеу орны:
Облыс: [Облыс]
Аудан: [Аудан]
Қала\ елді мекен: [Қала\ елді мекен]
[жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі] [ЖСН/БСН]
Тіркеу күні [күні]
Бас тарту себебі: [Бас тарту себебі]
[Қол қоюшының лауазымы] [Қол қоюшының тегі, аты, әкесінің аты (болса), тегі]





      [Қол қоюшының лауазымы] [Қол қоюшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі]