ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.05.2022 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған "Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтерді) импортына лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
С. Омаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интергация министрлігі
КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 29 қыркүйегі № 299 бұйрығымен бекітілген |
"Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтерді) импортына лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) импортына лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) импортына лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.05.2022 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) өсімдіктерді қорғау құралдары – өсімдіктерді қорғау мақсатында қолданылатын пестицидтер, биоагенттер, сондай-ақ техникалық және басқа да құралдар;
2) пестицидтер – зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге, карантиндік объектілер мен бөтен текті түрлерге, сақталатын ауыл шаруашылығы өнімінің зиянкестеріне қарсы күресу үшін, сондай-ақ тұқымдарды дәрілеу, егінді жинау алдында құрғатып алу, жапырақтарды түсіру және өсімдіктердің өсуін реттеу үшін пайдаланылатын химиялық және (немесе) биологиялық препараттар (инсектицидтер, родентицидтер, фунгицидтер, гербицидтер, өнуге қарсы құралдар және өсімдіктердің өсуін реттеушілер, дефиолианттар, десиканттар);
3) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де қызметтерге қол жеткізудің "бірыңғай терезесін" білдіретін ақпараттық жүйе;
4) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) –электрондық нысанда көрсетілетін ақысыз қызметтер көрсету шеңберінде төлемдер жүргізу туралы ақпарат беру процестерін автоматтандыратын ақпараттық жүйе;
5) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
3. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге рұқсат беру тәртібі белгіленген тауарлардың тізбесіне енгізілген өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) импорты Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 6 қарашадағы № 199 шешімімен бекітілген тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беруге өтінішті ресімдеу туралы және осындай лицензияны ресімдеу туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі – Нұсқаулық) сәйкес ресімделген лицензия болған кезде жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!5-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 08.12.2023 № 422 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) импортына лицензия беру" мемлекеттік қызмет стандартында (бұдан әрі – Стандарт) баяндалған.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!6-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 08.12.2023 № 422 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
6. Лицензияны алу үшін жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы Стандарттың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды жолдайды.
Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы, пестицидтерді өндіруге (формуляциялауға), пестицидтерді өткізуге, пестицидтерді аэрозольдік немесе фумигациялық тәсілдермен қолдануға лицензияның бар-жоғы туралы, салық органында есепке қойылғаны туралы, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгені туралы (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда) мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылардан талап етуге жол берілмейді.
Портал мен ақпараттық жүйелердің ақпараттық өзара іс-қимылы "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.05.2022 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзімі құжаттар тіркелген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!8-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 08.12.2023 № 422 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
8. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе жұмыскері Стандарттың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды тіркеуді келіп түскен күні жүзеге асырады және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды, ол жауапты жұмыскерді тағайындайды.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру одан кейінгі жақын жұмыс күні жүзеге асырылады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.05.2022 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.ЗҚАИ-ның ескертпесі!
9-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 08.12.2023 № 422 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
9. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскері құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілген қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскері ұсынылған құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеруді Нұсқаулыққа және Тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензиялар мен рұқсаттар беру қағидаларына (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 7 қосымшаға қосымша) сәйкес жүзеге асырады. Тексеру қорытындылары бойынша мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) импортына лицензияны не осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәжді бас тартуды ресімдейді.
Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) импортына лицензия беруден бас тарту туралы шешім шығарған кезде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскері көрсетілетін қызметті алушыға өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) импортына лицензия беруден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдау өткізілетін уақыт пен орын (тәсіл) туралы хабардар етеді.
Тыңдау рәсімі өткізілген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 2 (екі) жұмыс күніне ұзартылады.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) импортына лицензия беру туралы не өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) импортына лицензия беруден уәжді бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің басшысының не оның міндетін атқарушы адамның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.05.2022 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Лицензияның иелері лицензияның қолданылу мерзімі өткеннен кейін күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде көрсетілетін қызметті берушіге Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 34 шешімімен бекітілген нысан бойынша тауар экспортына және (немесе) импортына арналған лицензияның орындалғаны туралы анықтама береді.
11. Берілген лицензияларға, оның ішінде техникалық сипаттағы себептер бойынша өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
12. Заңды тұлға ретінде тіркелген көрсетілетін қызметті алушының құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізілген (ұйымдық-құқықтық нысанының, атауының не оның орналасқан жерінің өзгеруі) немесе жеке тұлға болып табылатын көрсетілетін қызметті алушының паспорттық деректері өзгерген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген өзгерістерді растайтын өтінішті және құжаттарды қоса бере отырып, берілген лицензияның қолданылуын тоқтату және жаңа лицензияны ресімдеу туралы сұраныммен көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы жүгінеді.
13. Тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензиялар мен рұқсаттар беру қағидаларының 19-тармағына (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 7 қосымшаға қосымша) сәйкес көрсетілетін қызметті беруші мынадай жағдайларда лицензияны тоқтату немесе тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды:
1) көрсетілетін қызметті алушының портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында берілген лицензияның қолданылуын тоқтату туралы сұраныммен жүгінуі;
2) заңды тұлға ретінде тіркелген көрсетілетін қызметті алушының құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізу (ұйымдық-құқықтық нысанын, атауын не оның орналасқан жерін өзгерту) немесе жеке тұлға болып табылатын көрсетілетін қызметті алушының паспорттық деректерін өзгерту;
3) лицензия алу мақсатында көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарда дұрыс емес мәліметтердің анықталуы;
4) негізінде лицензия берілген бір немесе бірнеше құжаттың қолданылуын тоқтату немесе тоқтата тұру;
5) лицензия беруге негіз болған шартты (келісімшартты) орындау кезінде мүше мемлекеттің халықаралық міндеттемелерін бұзуы;
6) егер, қызмет түрі оған қатысты лицензиялау енгізілген тауар айналымына байланысты болса, мұндай лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыруға арналған лицензияны кері қайтарып алу;
7) лицензия беру кезінде жол берілген, лицензия беруге алып келген, белгіленген тәртіп сақталған кезде беруге болмайтын бұзушылықтардың анықталуы;
8) лицензия иесінің халықаралық нормативтік құқықтық актілерде немесе осы Қағидаларда белгіленген лицензия беру шарттарын сақтамауы;
9) сот шешімінің болуы;
10) көрсетілетін қызметті алушының осы Қағидалардың 10-тармағын орындамауы.
14. Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуын тоқтату немесе тоқтата тұру Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 34 шешімімен бекітілген Тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!15-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 08.12.2023 № 422 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
15. Көрсетілетін қызметті алушыға лицензия беруден бас тарту Стандарттың 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша жүзеге асырылады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!16-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 08.12.2023 № 422 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
16. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
17-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 08.12.2023 № 422 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
17. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті берушінің, өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі және осы Қағидалардың 18-тармағында көзделген мерзімдерде қарауға жатады.
Шағым Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабы 4-тармағына сәйкес келіп түскен жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік орган және (немесе) лауазымды адам) жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда, шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.05.2022 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.18. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:
көрсетілетін қызметті беруші, уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.
19. Көрсетілетін қызметті берушінің, уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
20. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.05.2022 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.ЗҚАИ-ның ескертпесі!
1-қосымша жаңа редакцияда көзделген – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 08.12.2023 № 422 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтерді) импортына лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 1-қосымша |
"Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) импортына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.05.2022 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті беру тәсілдері (қол жеткізу арналары) | www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
5 (бес) жұмыс күні. |
4 | Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған). |
5 | Мемлкеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) импортына лицензия не осы мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген негіздер бойынша уәжді бас тарту |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттiк қызметті көрсетілетін қызметті алушылар жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетедi. |
7 | Жұмыс уақыты |
1) көрсетілетін қызметті берушінің –Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі |
1) көрсетiлетiн қызметтi алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) импортына лицензия беруге арналған өтiнiш; |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының лицензия алу үшін ұсынған құжаттарында толық емес және дұрыс емес мәліметтердің болуы; |
10 | Өзге талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 77 арқылы алу мүмкіндігі бар. |
"Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) импортына лицензия беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына қосымша Нысан |
Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) импортына лицензия беруге арналған өтініш
1. Өтініш № | 2. Қолданылу кезеңі бастап дейін | |
3. Лицензияның типі |ИМПОРТ | 4. ____ жылғы ____ № ___ келісімшарт | |
5. Өтініш беруші | 6. Сатушы | |
7. Жіберілетін ел | 8. Сатушының елі | |
9. Келісімшарт валютасы | 10. Құны | 11. Статистикалық құны |
12. Шығарылған елі | 13. Саны | 14. Өлшем бірлігі |
15. Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасы бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы | ||
16. Қосымша ақпарат | ||
17. Лицензия беру үшін негіз |
18. Өтініш берушінің уәкілетті адамы |
Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) импортына лицензия беруге арналған өтінішке қосымша |
жылғы ____ № ____өтінішке қосымша | |||
р/с № | Тауардың сипаттамасы | саны | өлшем бірлігі |
құны | |||
р/с № | Тауардың сипаттамасы | саны | өлшем бірлігі |
құны | |||
р/с № | Тауардың сипаттамасы | саны | өлшем бірлігі |
құны | |||
р/с № | Тауардың сипаттамасы | саны | өлшем бірлігі |
құны | |||
р/с № | Тауардың сипаттамасы | саны | өлшем бірлігі |
құны | |||
р/с № | Тауардың сипаттамасы | саны | өлшем бірлігі |
құны | |||
р/с № | Тауардың сипаттамасы | саны | өлшем бірлігі |
құны | |||
р/с № | Тауардың сипаттамасы | саны | өлшем бірлігі |
құны | |||
Барлығы парақ, № парақ |
18. Өтініш берушінің уәкілетті адамы |
"Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтерді) импортына лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан |
Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) импортына лицензия
Уәкілетті орган | ||
1. Өтініш № | 2. Қолданылу кезеңі бастап дейін | |
3. Лицензияның типі |ИМПОРТ | 4. ____ жылғы ____ № ___ келісімшарт | |
5. Өтініш беруші | 6. Сатушы | |
7. Жіберілетін ел | 8. Сатушының елі | |
9. Келісімшарт валютасы | 10. Құны | 11. Статистикалық құны |
12. Шығарылған елі | 13. Мөлшері | 14. Өлшем бірлігі |
15. Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасы бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы | ||
16. Қосымша ақпарат | ||
17. Лицензия беру үшін негіздеме |
18. Уәкілетті адам |
Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) импортына лицензияға | |
қосымша |
Уәкілетті орган | |||
жылғы ____ № ____лицензияға қосымша | |||
р/с | Тауардың сипаттамасы | саны |
өлшем |
құны | |||
р/с | Тауардың сипаттамасы | саны |
өлшем |
құны | |||
р/с | Тауардың сипаттамасы | саны |
өлшем |
құны | |||
р/с | Тауардың сипаттамасы | саны |
өлшем |
құны | |||
р/с | Тауардың сипаттамасы | саны |
өлшем |
құны | |||
р/с | Тауардың сипаттамасы | саны |
өлшем |
құны | |||
р/с | Тауардың сипаттамасы | саны |
өлшем |
құны | |||
р/с | Тауардың сипаттамасы | саны |
өлшем |
құны | |||
Барлығы парақ, № парақ |
18. Уәкілетті адам |
"Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтерді) импортына лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 3-қосымша |
|
нысан |
|
[Қол қоюшының лауазымы] [Қол қоюшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі]