"Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңы 7-бабының 6), 11), 13) тармақшаларына, "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 4-5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналаған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының 5.3.1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
Б. Нурымбетов |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрлігі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 12 маусымы № 226 Бұйрыққа қосымша |
Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 20 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13334 болып тіркелген, 2016 жылғы 10 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу бұйрығына:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы өтінішті (бұдан әрі – өтініш) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоныс аударушы не кәмелет жасқа толған отбасы мүшелерінің бірі (бұдан әрі – қоныс аударушылар) шыққан өңірінің жергілікті атқарушы органдарына береді.
Өтінішке мынадай құжаттар:
1) Қазақстан Республикасы азаматының және онымен бірге көшетін отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
2) неке немесе некені бұзу туралы куәліктің (бар болса) көшірмелері;
3) білімін, біліктілігін және белгілі бір мамандық бойынша жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың (бар болса) не еңбек кітапшасының (бар болса) көшірмелері немесе жұмыс орнынан анықтама.
"Мәңгілік ел жастары - индустрияға!" ("Серпін") жобасының түлектері оқу орнынан аталған жобаға қатысуын растайтын анықтама ұсынады.
Халықты жұмыспен қамту орталықтары қоныс аударушылардың тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін онда және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің келетін елді мекенде меншік құқығында тиесілі тұрғын үйінің болуын растайтын мәліметтерді "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Шыққан өңірлерінен қоныс аударушыларды қабылдау өңірлеріне өз бетінше келген және сонда алты айдан артық тұрмаған қоныс аударушылар, сондай-ақ "Мәңгілік ел жастары - индустрияға!" ("Серпін") жобасының түлектері оқу орнын аяқтаған соң алты ай мерзімінде және қоныс аударушыларды қабылдау өңірлерінде тіркелуіне тәуелсіз халықты жұмыспен қамту орталығына осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.".
2. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.06.2023 № 234 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. "Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 516 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13938 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
преамбула мынадай редакцияда жазылсын:
"Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 6), 13) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының 5.3.1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу қағидалары бекітілсін;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес "Алғашқы жұмыс орны" жобасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес "Ұрпақтар келісімшарты" жобасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары бекітілсін.";
осы тізбеге 2 және 3 қосымшаларға сәйкес 6 және 7-қосымшалармен толықтырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Әлеуметтік жұмыс орындары олардың меншік нысанына қарамастан жұмыс берушілерде, сондай-ақ үйде ұйымдастырылады, бұл ретте салық және басқа да әлеуметтік аударымдарын тұрақты түрде жүргізетін, жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ және бір жылдан аса қызмет ететін жұмыс берушілердің қатысуына жол беріледі.
Жұмыс беруші жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін олардың жалақысын субсидиялай отырып әлеуметтік жұмыс орнын құрады.
Табысы аз және/немесе көпбалалы отбасылардың еңбекке қабілетті мүшелері, мүгедек балаларды тәрбиелеуші адамдар үшін сондай-ақ, әлеуметтік жұмыс орындарын құру көзделеді.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Әлеуметтік жұмыс орындарындағы жұмыс уақытша сипатта болады.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Халықты жұмыспен қамту орталығы бекітілген тізбеге сәйкес жұмыс берушілермен осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға және қаржыландыруға шарт (бұдан әрі – шарт) жасасады.";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Жұмыс берушілер осы Қағидалармен белгіленген әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландырудың белгіленген тәртібін бұзған жағдайда, олармен жасалған тиісті шарт заң бұзушылық анықталған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде бұзылуға жатады.";
мынадай мазмұндағы 26-1-тармақпен толықтырылсын:
"26-1. Жұмыс беруші ай сайын еркін нысанда халықты жұмыспен қамту орталығына "Еңбек" бағдарламасына қатысушының жалақысының субсидияланатын бөлігін көрсете отырып, жалақы бөлігін төлегені туралы мәлімет береді.";
27 және 28-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"27. Халықты жұмыспен қамту орталығы ай сайын жұмыс берушілер ұсынған мәліметтердің негізінде еңбек шартында белгіленген жалақы мөлшеріне қарай "Еңбек" бағдарламасына қатысушының ағымдағы шотына жалақының субсидияланатын бөлігін аударады.
28. Әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналасқан жұмыссыздардың еңбек ақысын төлеуді еңбек шартында белгіленген жалақының субсидияланатын бөлігін қоспағанда, жұмыс берушілер ай сайын Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жеке табыс салығын және әлеуметтік төлемдерді аударғаннан кейін жүргізеді.";
мынадай мазмұндағы 29 және 30-тармақтармен толықтырылсын:
"29. Еңбек шарты бұзылған кезде жұмыс беруші Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес өтемақы төлейді.
30. 2019 жылы әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналасқан "Еңбек" бағдарламасына қатысушыға еңбекақы төлеу 2019 жылы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға және қаржыландыруға жасалған шартқа сәйкес жүзеге асырылады.";
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына 2-қосымшада:
3,4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Тапсырыс беруші:
1) Орындаушыға әлеуметтік жұмыс орындарын құру және қаржыландыру мәселелері жөнінде консультация беруге;
2) жыл ішінде қажеттілікке қарай Орындаушыдан әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға қосымша өтінімдер қабылдауға;
3) Орындаушыдан әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға және қаржыландыруға арналған шарттың уақтылы және тиісінше орындалуын талап етуге құқылы.
4. Орындаушы:
1) әлеуметтік жұмыс орнына халықты жұмыспен қамту орталығы жіберген адамды жұмысқа қабылдауға немесе қабылдаудан бас тартуға;
2) Тапсырыс берушіге жыл ішінде әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға қосымша өтініш беруге;
3) Тапсырыс берушіден әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға және қаржыландыруға арналған шарттың уақтылы және тиісінше орындалуын талап етуге құқылы.
5. Тапсырыс беруші:
1) азаматтарды олардың келісімімен Орындаушыға ____________________ адам жіберуге; (жазбаша)
2) Орындаушы ұсынған мәліметтердің негізінде уақтылы және толық көлемде әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдарға жалақының субсидяиланатын бөлегін аударуға;
3) жұмыссыздың әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастырылғаны және әлеуметтік жұмыс орындарына қатысуды аяқтағаннан кейін (мерзімі аяқталғанға дейін) тұрақты жұмысқа орналастырылғаны туралы мәліметтерді жұмыспен қамтудың жеке картасында көрсетуге;
4) "Еңбек" бағдарламасына қатысушыларда міндетті зейнетақы жарналарының болуына мониторинг жүргізуге міндетті.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Орындаушы:
1) жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін мынадай әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынуға:
Р/с № | Кім ретінде жұмысқа қабылдау жоспарланып отыр | Саны | Жұмыстардың ұзақтығы, ай | Айлық еңбекақының мөлшері, теңге | Еңбекақы төлеуге арналған өтемақының мөлшері айына, теңге |
2) жұмыссыздармен Еңбек Кодексіне сәйкес еңбек шартын жасасуға;
3) еңбек шартында белгіленген жалақы мөлшеріне қарай Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке табыс салығын және әлеуметтік төлемдер төлеуге;";
4) "Еңбек" бағдарламасына қатысушыға уақтылы және толық көлемде еңбекақы төлеуге міндетті;
5) қажет болған жағдайда, әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушыларға өз қаражаты есебінен қосымша үстемеақы төлемін жүргізуге;
6) халықты жұмыспен қамту орталығының сұратуы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушыларға міндетті зейнетақы аударымдарын растайтын құжаттардың көшірмесін ұсынуға;
7) әрбір әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушымен қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама өткізуге;
8) қажет болған кезде әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушыларды арнаулы киіммен, құрал-саймандармен, инвентарьмен қамтамасыз етуге;
9) Еңбек кодексіне сәйкес тиісті еңбек жағдайларымен қамтамасыз етуге;
10) әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушылардың еңбек міндеттерін орындауы кезінде денсаулығына зиян келтірілген жағдайда Еңбек кодексіне сәйкес зиянды өтеуге;
11) Тапсырыс берушіге әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушылар туралы ұсынылатын ақпараттың дәйектілігі үшін жауапты болуға;
12) есепті айдың аяқталуына бес жұмыс күні қалғанда Тапсырыс берушіге осы Шартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушылар туралы мәліметтерді ұсынуға міндетті.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында:
4-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) жұмыс уақытша сипатта болады және оларды ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос жұмыс орындары қолданылмайды.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу қағидаларында:
2-тармақтың 19) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"19) кәсіптік ақпараттандыру – еңбек нарығының жай-күйі, Жалпыұлттық дерекқордың мәліметтері, бар мамандық бойынша жұмысқа орналасу, қатысушының кәсіптік біліктілігіне сәйкес қайта оқытудан, біліктілік арттырудан өту немесе кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу мүмкіндігі туралы ақпарат беру;";
4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) еңбек қызметі, еңбек нарығының жай-күйі, бар мамандық бойынша жұмысқа орналастыру немесе кәсіптік оқытудан өту немесе кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу мүмкіндіктері туралы кәсіптік ақпараттандыруды;";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Әлеуметтік кәсіптік бағдарлауды Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар және мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өңірлік кәсіпкерлер палатасын (ӨКП) және жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерін және (немесе) өзге ұйымдарды тарта отырып, халықты жұмыспен қамту орталықтары, оның ішінде мобильді жұмыспен қамту орталықтары, білім беру ұйымдары жүргізеді.".
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарының тізбесіне 1-қосымша |
Ескерту. 1-қосымшаның күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.06.2023 № 234 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Алғашқы жұмыс орны" жобасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Алғашқы жұмыс орны" жобасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналаған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының 5.3.1-тармағына сәйкес әзірленді және "Алғашқы жұмыс орны" жобасын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) "Еңбек биржасы" мемлекеттік интернет-ресурсы – еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын қамтитын, Интернет желісінде жұмыс істейтін, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларын көрсету мақсатында еңбек ресурстарын дамыту орталығы қолдап отыратын электрондық ақпараттық ресурс;
2) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;
3) жұмыс беруші – жұмыскер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға;
4) жұмыс орны – еңбек қызметі процесінде жұмыскердің еңбек міндеттерін орындауы кезінде оның тұрақты немесе уақытша болатын орны;
5) жұмысқа орналастыру – халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге септігін тигізуге бағытталған ұйымдық, экономикалық және құқықтық iс-шаралар кешенi;
6) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган – өңірлік еңбек нарығындағы ахуалға негіздей отырып, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің бағыттарын айқындайтын ауданның, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының құрылымдық бөлiмшесi;
7) халықты жұмыспен қамту орталығы – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы құратын заңды тұлға.
2-тарау. "Алғашқы жұмыс орны" жобасын ұйымдастыру тәртібі
3. Барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдар, бұл ретте салық және басқа да әлеуметтік аударымдарды жүйелі жүргізетін, жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ және бір жылдан астам қызмет ететін жұмыс берушілер Алғашқы жұмыс орны" жобасы бойынша жұмысқа орналастыруды ұйымдастырады.
4. Алғаш рет жұмыс іздеп жүрген түлектер, жиырма тоғыз жастан аспаған, оның ішінде жұмыс тәжірибесі жоқ NEET санатындағы жастар қатарындағы жұмыс іздеп жүрген адамдар, халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуіне қарамастан жұмыссыз адамдар "Алғашқы жұмыс орны" жобасына қатысады.
5. Халықты жұмыспен қамту орталығы:
1) "Алғашқы жұмыс орны" жобасын ұйымдастыру және қаржыландыру мәселелері бойынша жұмыс берушілерге консультация береді;
2) қаржыландыру шегіне қарай жыл сайын 1 қарашаға дейінгі мерзімде жыл сайын осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алғашқы жұмыс орындары ұйымдастырылатын жұмыс берушілерден алдағы қаржы жылына өтінімдер жинауды жүзеге асырады;
3) өтінімдерді жинау аяқталған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде оларды бірыңғай тізбеге жинақтайды және бекіту үшін жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға жібереді;
4) жыл ішінде қажеттілікке қарай жұмыс берушілерден алғашқы жұмыс орнын ұйымдастыруға қосымша өтінімдер қабылдайды.
6. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган:
1) алғашқы жұмыс орнын ұйымдастыруға сұраныс пен ұсынысты қалыптастырады;
2) алғашқы жұмыс орнын ұйымдастыруға өтінім берген өңірлердегі ұйымдардың тізбесін (бұдан әрі – Тізбе), ұйымдастырылатын жұмыс орындарының санын, жұмыстың нақты шарттарын, еңбекақы төлеу мөлшерін мен қаржыландыру көздерін бекітеді.
7. Жұмыс берушілердің тізбесі жыл ішінде қажеттілігіне қарай жаңартылады.
8. Халықты жұмыспен қамту орталығы бекітілген тізбеге сәйкес жұмыс берушілермен осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алғашқы жұмыс орнын ұйымдастыруға және қаржыландыруға арналған шарт жасасады.
9. Алғашқы жұмыс орны бойынша жұмысқа орналасу үшін үміткерлер халықты жұмыспен қамту орталығына осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мынадай құжаттарды:
1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
2) еңбек кітапшасының көшірмесін (бар болса);
3) білімі туралы құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, өтініш береді.
10. Халықты жұмыспен қамту орталығы:
1) құжаттарды қабылдаған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде үміткерлердің құжаттарының Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын осы Қағидалардың 4-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келуін тексереді;
2) құжаттарды салыстарғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде үміткерлерді үміткерлерге "Алғашқы жұмыс орны" жобасы бойынша жұмысқа орналасуға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жолдама береді.
11. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Еңбек кодексі) 33-бабына сәйкес жұмыс беруші жұмыс өтілін талап етпей, халықты жұмыспен қамту орталығымен жасасқан шарт негізінде біліктілік санаты (разряды) сәйкес келетін "Еңбек" бағдарламасына қатысушыны кемінде 24 айға тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналастырады.
12. Жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығына осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жолдамаға хабарландыруға сәйкес "Еңбек" бағдарламасына қатысушыға жұмысқа орналасуға жолдама берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тұрақты жұмысқа қабылдағаны туралы бұйрықтың көшірмесін жібереді.
13. "Алғашқы жұмыс орны" жобасы бойынша жұмысқа орналасқан адамдарға Еңбек кодексі қолданылады. "Еңбек" бағдарламасына қатысушының еңбек қызметінің кезеңі оның еңбек өтіліне қосылады.
14. Жұмыс беруші алғашқы жұмыс орнына жұмысқа орналасқан "Еңбек" бағдарламасына қатысушы үшін кәсіби білім мен жұмыс тәжірибесін беру үшін тәжірибелі жұмыскерлер арасынан тәлімгер тағайындайды.
15. Жұмыс берушілер осы Қағидалармен белгіленген "Алғашқы жұмыс орны" жобасын ұйымдастыру мен қаржыландырудың белгіленген тәртібін бұзған жағдайда, олармен жасалған тиісті шарт бұзушылық анықталған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде жұмыс берушілердің "Еңбек" бағдарламасына қатысушыға жалақы төлеуге жұмсалған мемлекеттің шығыстарын бюджетке қайтаруымен бұзылуға жатады.
16. "Алғашқы жұмыс орны" жобасы бойынша "Еңбек" бағдарламасына қатысушыны жұмысқа орналасуға жіберу осы қағидалардың 17-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, бір реттен артық жүзеге асырылмайды.
17. Жұмыс берушінің таратылуына байланысты "Алғашқы жұмыс орны" жобасы бойынша еңбек қызметін тоқтатқан "Еңбек" бағдарламасына қатысушы басқа жұмыс берушіге жұмысқа орналасу үшін жіберіледі.
18. "Алғашқы жұмыс орны" жобасы бойынша жұмысқа орналасқан "Еңбек" бағдарламасына қатысушылар және осы жұмыс орындарын ұйымдастырған жұмыс берушілер туралы мәліметтер "Еңбек биржасы" мемлекеттік интернет-ресурсында орналастырылады.
3-тарау. "Алғашқы жұмыс орны" жобасын қаржыландыру тәртібі
19. Қаржыландыруды халықты жұмыспен қамту орталықтары "Алғашқы жұмыс орны" жобасын ұйымдастыруға және қаржыландыруға жасалған шарттардың негізінде ай сайын бекітілген қаржыландыру жоспарына сәйкес және жергілікті бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ Қазақстан республикасының заңнамаларында тыйым салынған басқа көздеден жүзеге асырады.
20. "Еңбек" бағдарламасына сәйкес жергілікті бюджеттен субсидиның мөлшері экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді қоспағанда, 20 айлық есептік көрсеткішті (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес өтемақы төлемдерін және банк қызметтерін ескергенде) құрайды.
21. Орындалатын жұмыстың көлеміне және күрделілігіне қарай жұмыс беруші өз қаражаты есебінен, қажет болған жағдайда, нақты орындалған жұмыс үшін қосымша үстемеақылар белгілейді.
22. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс берушілер ұсынған мәліметтердің негізінде ай сайын "Еңбек" бағдарламасына қатысушының ағымдағы шотына субсидия сомасын аударады.
"Алғашқы жұмыс орны" жобасын іске асыруға жұмыс берушінің өтінімі
_____________________________________________________________________
(жұмыс берушінің толық атауы, заңды мекенжайы, БСН (ЖСН), байланысушы тұлға және телефоны)
"Алғашқы жұмыс орны" жобасын іске асырылатын жұмыс берушілердің тізбесіне қосуды сұраймын.
Жұмыс берушілердің тізбесіне қосу туралы оң шешім шығарылған жағдайда, тізбеге сәйкес мынадай жұмыс орындары ұйымдастырылады:
р/с № | Кім ретінде жұмысқа қабылдау жоспарланып отыр | Жұмыс орындарының жоспарланған саны | Жұмыспен қамтылу шарттары | Айлық жалақы мөлшері, теңге | Кәсіп (мамандық) | Талап етілетін білім деңгейі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | ||||||
2 | ||||||
.. |
Ескертпе:
Заңды тұлғаның өтініміне мынадай құжаттар қоса беріледі:
1. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың көшірмесі.
2. Заңды тұлға жарғысының көшірмесі.
_________________ ________________
Басшы Күні
"Алғашқы жұмыс орны" жобасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан |
"Алғашқы жұмыс орны" жобасын қаржыландыруға № _____ шарт
__________________ |
_______________ |
____________________________________ ауданы (облыстық маңызы бар қала, респубикалық
маңызы бар қала, астана) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті
органының 20 ___ жылғы ___ _________ № ___ шешімінің негізінде бұдан әрі бірлесе
"Тараптар" деп аталатын бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын __________________
ауданының (қаласының) Халықты жұмыспен қамту орталығы атынан директоры
______________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және бұдан әрі
Орындаушы деп аталатын ________________________________
______________________________________________________________ атынан
(жұмыс берушінің атауы, заңды мекенжайы, байланыс телефоны)
____________________________________________________________________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)төмендегі туралы осы шартты жасады:
1. Шарттың мәні
1. Алғаш рет жұмыс іздеп жүрген түлектер, жиырма тоғыз жастан аспаған, оның ішінде жұмыс тәжірибесі жоқ NEET санатындағы жастар қатарындағы жұмыс іздеп жүрген адамдар, халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуіне қарамастан жұмыссыз адамдар үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспенқамтуды және жапппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналаған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – "Еңбек" бағдарламасы) шеңберінде "Алғашқы жұмыс орны" жобасын қаржыландыру.
2. Шарт сомасы _____________________________________ теңгені құрайды.
(жазбаша)
2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
Тапсырыс беруші:
1) "Еңбек" бағдарлама талаптарына сәйкес келетін үміткерлерді "Алғашқы жұмыс орны" жобасы бойынша жұмысқа орналасу үшін жіберуге;
2) Орындаушыға "Алғашқы жұмыс орны" жобасын ұйымдастыру және қаржыландыру мәселелері жөнінде консультация беруге;
3) жыл ішінде қажеттілікке қарай Орындаушыдан "Алғашқы жұмыс орны" жобасын іске асыруға қосымша өтінімдер қабылдауға;
4) Орындаушымен "Алғашқы жұмыс орны" жобасын ұйымдастыруға және қаржыландыруға арналған шарт жасасуға;
5) Орындаушыдан осы шарттың уақтылы және тиіссінше орындалуын талап етуге құқылы.
4. Орындаушы:
1) үміткерді жұмысқа қабылдау немесе одан бас тарту туралы Тапсырыс берушіні хабардар етуге;
2) үміткерлермен Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шартын жасасуға;
3) қажет болған жағдайдаөз қаражаты есебінен қосымша үстемеақы төлеуді жүргізуге құқылы.
5. Тапсырыс беруші:
1) _______________________________________ адам санындағы үміткерді (жазбаша)олардың келісімімен Орындаушыға жіберуге;
2) Орындаушы ұсынған мәліметтер негізінде Еңбек Кодексіне сәйкес "Еңбек" бағдарламасына қатысушыларға уақтылы және толық көлемде еңбекақы аударуға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жеке табыс салығын және әлеуметтік төлемдерді төлеуге міндетті.
6. Орындаушы:
1) Өтінімге сәйкес "Алғашқы жұмыс орны" жобасы бойынша үміткерлер үшін жұмыс орындарын ұйымдастыруға;
2) Еңбек Кодексіне сәйкес кемінде 18 айға еңбек шартын жасасуға;
3) Тапсырыс берушінің сұратуы бойынша жұмысқа орналасқан адамдарға міндетті зейнетақы аударымдарын растайтын құжаттардың көшірмесін ұсынуға;
4) әрбір "Еңбек" бағдарламасына қатысушымен қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама өткізуге;
5) қажет болған кезде "Еңбек" бағдарламасына қатысушыларды арнайы киіммен, құрал-саймандармен, инвентарьмен қамтамасыз етуге;
6) Еңбек кодексіне сәйкес тиісті еңбек жағдайларымен қамтамасыз етуге;
7) еңбек міндеттерін орындауы кезінде денсаулыққа зиян келтірілген жағдайда Еңбек кодексіне сәйкес зиянды өтеуге;
8) Тапсырыс берушіге "Алғашқы жұмыс орны" жобасыының іске асырылуы туралы ұсынылатын ақпараттың дәйектілігі үшін жауапты болуға;
9) Тапсырыс берушіге есепті айдың аяқталуына бес жұмыс күні қалғанда "Алғашқы жұмыс орны" бойынша жұмысқа орналасқан "Еңбек" бағдарламасына қатысушылар туралы мәлеметтер ұсынуға;
10) "Алғашқы жұмыс орны" жобасын ұйымдастырудың белгіленген тәртібін бұзған жағдайда "Еңбек" бағдарламасына қатысушылар жалақы төлеуге мемлекет жұмсаған шығыстарды бюджетке өтеуге міндетті.
3. Еңбекақы төлеу
7. Тапсырыс беруші "Еңбек" бағдарламасына қатысушыға еңбекақы төлеуді жасалған еңбек шарттарының негізінде Еңбек кодексіне сәйкес жүргізеді.
4. Тараптардың жауапкершілігі
8. Осы шартта көрсетілген міндеттерді орындамаған, не тиіссінше орыдамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген жауапкершілікке тартылады.
9. Осы шаррта көрсетілмеген тараптардың жауапкершілік шаралары Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамаларының нормаларына сәйкес қолданылады.
10. Осы шарттың қолданылу мерзімі осы мерзім аяқталғанға дейін орын алған заң бұзушылықтар үшін тараптарды жауапкершіліктен босатпайды.
5. Еңсерілмейтін күш жағдайлары
11. Тараптардың ешқайсысы осы шарт бойынша міндеттемелерді толық немесе ішінара орындамағаны үшін, егер мұндай орындамау осы шартқа қол қойылғаннан кейін туындаған бой бермейтін күштің, яғни өрт, жер сілкінісі, су тасқыны және басқа да апатты жағдайлар; әскери әрекеттер сияқты төтенше және дүлей жағдайлардың пайда болуы салдарынан болса, жауапты болмайды.
12. Осы шарт бойынша міндеттемелерді орындау мүмкін болмайтын тарап 2 жұмыс күні ішінде жоғарыда аталған жағдайлардың басталу және болжамды аяқталу мерзімі және оның салдары туралы басқа тарапты жазбаша нысанда хабардар етуге міндетті. Бой бермейтін күш жағдайларының туындағаны туралы хабарламау немесе уақтылы хабарламау тарапты мұндай жағдайларға сілтеме жасау құқығынан айырады.
13. Егер жоғарыда аталған мән-жайлар 30 күнтізбелік күннен артық жалғасатын болса, онда тараптардың әрқайсысы осы шарт бойынша міндеттемелерді одан әрі орындаудан бас тартуға құқылы және бұл жағдайда тараптардың ешқайсысының басқа тараптан ықтимал шығындарды өтеуді талап етуге құқығы жоқ.
6. Дауларды шешу тәртібі
14. Осы шарт бойынша немесе оған байланысты тараптар арасында туындаған барлық даулар және келіспеушіліктер Тараптар арасында келіссөздер жүргізу арқылы шешіледі.
15. Тараптар осы Шарт шеңберінде өз міндеттерін орындамаса немесе тиіссінше орындамаса барлық даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.
6. Өзге де жағдайлар
14. Осы шарт бірдей заңды күші бар екі данада жасалды, бір данасы Тапсырыс берушіде, екінші данасы Орындаушыда болады.
17. Осы шарт қазақ және орыс тілдерінде жасалды.
18. Осы шартқа сәйкес бір тараптың екінші тарапқа жіберетін хабарламасы пошта қызметі, кейіннен түпнұсқаны ұсынумен жалпы қолжетімді электрондық ақпараттық жүйелер арқылы жіберіледі.
19. Шарт тараптардың бірінің бастамасы бойынша бұзылуы мүмкін, бұл ретте ол бұл туралы екінші тарапты кемінде бір ай бұрын хабардар етуге тиіс.
20. Осы шартқа өзгерістер мен толықтырулар тараптардың кеілісімі бойынша енгізіледі және осы шарттың ажырамасы бөлігі болып табылатын қосымша келісім ретінде рәсімделеді.
8. Қолданылу мерзімі
21. Осы шарттың қолданылу мерзімі 20__ жылғы __ ________ бастап 20__ жылғы __ ___________ дейін.
22. Осы шарт қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
8. Тараптардың заңды мекенжайлары:
Тапсырыс берушi | Жұмыс беруші |
_________ ауданының (қаласының) |
заңды мекенжайы: |
ӨТІНІШ
Мені Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналаған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде "Алғашқы жұмыс орны" бойынша жұмысқа орналасуға жіберуіңізді сұраймын.
Қосымша ___ парақта:
1) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болса);
3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болуын растайтын құжаттың көшірмесі.
"Алғашқы жұмыс орны" жобасына қатысу үшін қажетті менің дербес деректерімді жинақтау мен өңдеуге келісім беремін.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
*ұсынылған құжаттардың дәйектілігіне өтініш беруші жауапты болады.
_____________ ________________
Күні қолы
-------------------------------------------------------------------------------------------------------
(кесу сызығы)
Азамат (ша) _______________________________________________ өтініші 20__ ж. ___ ________ қабылданды, № ________ болып тіркелді.
Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және қолы: _________________________________________________
____________________________________________________________________
_____________ ________________
Күні қолы
*ұсынылған құжаттардың дәйектілігіне өтініш беруші жауапты болады.
"Алғашқы жұмыс орны" жобасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына 4-қосымша |
|
Нысан |
"Алғашқы жұмыс орны" жобасы бойынша жұмысқа орналасуға № ______ жолдама
Үміткер _________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЖСН)
20_____ жылғы _______________________ бастап
_____________________________________________________________________
(жұмыс берушінің атауы, заңды мекенжайы, байланыс телефоны)
_____________________________________________________________________ (кәсіп/мамандық атауы)
мамандығы (кәсібі) бойынша "Алғашқы жұмыс орны" жобасы бойынша тұрақты жұмысқа орналасу үшін жіберіледі.
______________________________________ ________________________
Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры қолдың таратылып жазылуы
Берілген күні
М.О.
-------------------------------------------------------------------------------------------------------
(кесу сызығы)
Жұмысқа орналасу үшін жіберілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Халықты жұмыспен қамту орталығына қайтарылады
№ ______ жолдамаға хабарлама
________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(жұмыс берушінің атауы)
20 __ жылғы __ ______ жасалған еңбек шартына сәйкес _________-____ ретінде (кәсіп/мамандық атауы)20 __ жылғы __ ____ бастап "Алғашқы жұмыс орны" жобасы бойынша жұмысқа орналасты (20__ жылғы________ № ___ бұйрық). "Алғашқы жұмыс орны" жобасы бойынша жұмысқа орналасу мерзімі 20 __ жылғы "__" ___________ бастап 20 __ жылғы "__" ___________ дейін.
Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі қоса беріледі.
Жұмыс берушінің жауапты өкілі
___________________________ М.О. (бар болса)
(қолдың таратылып жазылуы)
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 516 бұйрығына 7-қосымша |
"Ұрпақтар келісімшарты" жобасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Ұрпақтар келісімшарты" жобасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналаған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының 5.3.1-тармағына сәйкес әзірленді және зейнеткерлік жасқа жеткен жұмыс істеп жүрген жұмыскерді кейін ауыстырумен еңбек ресурстарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында "Еңбек" бағдарламасына қатысушыны жұмысқа орналастыруды ұйымдастыру, қаржыландыру тәртібін айқындайды ("Ұрпақтар келісімшарты" жобасы).
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бос орын – жұмыс берушiдегi бос жұмыс орны (лауазым);
2) "Еңбек биржасы" мемлекеттік интернет-ресурсы – еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын қамтитын, Интернет желісінде жұмыс істейтін, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларын көрсету мақсатында еңбек ресурстарын дамыту орталығы қолдап отыратын электрондық ақпараттық ресурс;
3) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;
4) жұмыс беруші – жұмыскер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға;
5) жұмыс орны – еңбек қызметі процесінде жұмыскердің еңбек міндеттерін орындауы кезінде оның тұрақты немесе уақытша болатын орны;
6) жұмысқа орналастыру – халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге септігін тигізуге бағытталған ұйымдық, экономикалық және құқықтық iс-шаралар кешенi;
7) "Ұрпақтар келісімшарты" жобасы – зейнеткерлік жасқа жеткен жұмыс істеп жүрген жұмыскерді кейін "Еңбек" бағдарламасына қатысушымен алмастырумен жұмысқа орналастыруға бағытталған қызмет;
8) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган – өңірлік еңбек нарығындағы ахуалға негіздей отырып, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің бағыттарын айқындайтын ауданның, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының құрылымдық бөлiмшесi;
9) халықты жұмыспен қамту орталығы – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы құратын заңды тұлға.
2-тарау. "Ұрпақтар келісімшарты" жобасын ұйымдастыру тәртібі
3. Барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда ұйымдастырылады, бұл ретте салық және басқа да әлеуметтік аударымдарды жүйелі жүргізетін, жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ және бір жылдан астам қызмет ететін жұмыс берушілер "Ұрпақтар келісімшарты" жобасын ұйымдастырады.
4. Жұмыс іздеген адамдар және халықты жұмыспен қамту орталығында тіркелген тіркелмегеніне қарамастан жұмыссыз адамдар "Ұрпақтар келісімшарты" жобасына қатысады.
5. Халықты жұмыспен қамту орталығы:
1) "Ұрпақтар келісімшарты" жобасын ұйымдастыру және қаржыландыру мәселелері бойынша жұмыс берушілерге консультация береді;
2) қаржыландыру шегіне қарай жыл сайын 1 қарашаға дейінгі мерзімде жыл сайын осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Ұрпақтар келісімшарты" жобасы бойынша жұмыс орындары ұйымдастырылатын жұмыс берушілерден алдағы қаржы жылына өтінімдер жинауды жүзеге асырады;
3) өтінімдерді жинау аяқталған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде оларды бірыңғай тізбеге жинақтайды және бекіту үшін жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға жібереді;
4) жыл ішінде қажеттілікке қарай жұмыс берушілерден "Ұрпақтар келісімшарты" жобасын ұйымдастыруға қосымша өтінімдер қабылдайды.
6. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган:
1) "Ұрпақтар келісімшарты" жобасын ұйымдастыруға сұраныс пен ұсынысты қалыптастырады;
2) "Ұрпақтар келісімшарты" жобасын ұйымдастыруға өтінім берген өңірлердегі ұйымдардың тізбесін (бұдан әрі – Тізбе), ұйымдастырылатын жұмыс орындарының санын, жұмыстың нақты шарттарын, еңбекақы төлеу мөлшерін мен қаржыландыру көздерін бекітеді.
7. Жұмыс берушілердің тізбесі жыл ішінде қажеттілігіне қарай жаңартылады.
8. Халықты жұмыспен қамту орталығы бекітілген тізбеге сәйкес жұмыс берушілермен осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Ұрпақтар келісімшарты" жобасын ұйымдастыруға және қаржыландыруға шарт жасасады.
9. "Ұрпақтар келісімшарты" жобасы бойынша жұмысқа орналасу үшін үміткерлер халықты жұмыспен қамту орталығына осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мынадай құжаттарды:
1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
2) еңбек кітапшасының көшірмесін (бар болса);
3) білімі туралы құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, өтініш береді.
10. Халықты жұмыспен қамту орталығы:
1) құжаттарды қабылдаған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде үміткерлердің құжаттарының Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкес келуін тексереді;
2) құжаттарды салыстарғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде үміткерлерді үміткерлерге "Ұрпақтар келісімшарты бойынша" жұмысқа орналасуға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жолдама береді.
11. Ұрпақтар келісімшарты" жобасы бойынша жұмысқа орналасуға жолдама үміткерлердің халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген күніне сәйкес кезектілік тәртібінде беріледі.
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Еңбек кодексі) 33-бабына сәйкес жұмыс беруші жұмыс өтілін талап етпей, халықты жұмыспен қамту орталығымен жасасқан шарт негізінде біліктілік санаты (разряды) сәйкес келетін "Еңбек" бағдарламасына қатысушыны кемінде 18 айға тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналастырады.
12. Жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығына осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жолдамаға хабарландыруға сәйкес "Еңбек" бағдарламасына қатысушыға жұмысқа орналасуға жолдама берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тұрақты жұмысқа қабылдағаны туралы бұйрықтың көшірмесін жібереді.
13. "Ұрпақтар келісімшарты" жобасы бойынша жұмысқа орналасқан адамдарға Еңбек кодексі қолданылады. "Еңбек" бағдарламасына қатысушының еңбек қызметінің кезеңі оның еңбек өтіліне қосылады.
14. Жұмыс беруші "Ұрпақтар келісімшарты" жобасы бойынша жұмысқа орналасқан "Еңбек" бағдарламасына қатысушы үшін кәсіби білім мен жұмыс тәжірибесін беру үшін "Ұрпақтар келісімшарты" жобасына қатысқысы келетін, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа толуына алты айдан аз қалған тәлімгер тағайындайды.
15. Жұмыскер "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 1-тармағында белгіленген зейнет жасына жеткен кезде, тараптардың келісімі бойынша тәлімгермен еңбек шарты бұзылады.
Тәлімгермен еңбек шарты бұзылмаған жағдайда, жұмыс беруші "Еңбек" бағдарламасына қатысушыны басқа ұқсас лауазымға жұмысқа орналастырады.
16. Халықты жұмыспен қамту орталығымен шарт жасасқан кезден бастап алты ай өткен соң жұмыс беруші "Еңбек" бағдарламасына қатысушыны Еңбек кодексінің 38-бабына сәйкес басқа лауазым, мамандық, кәсіп, біліктілік бойынша жұмыс орындаумен байланысты тәлімгердің бос жұмыс орнына немесе басқа бос орынға ауыстырады.
17. Жұмыс беруші алты ай өткен соң халықты жұмыспен қамту орталығын "Еңбек" бағдарламасына қатысушыны бос лауазымға (бос орынға) ауыстырғаны туралы хабардар етеді.
18. Жұмыс берушілер осы Қағидалармен белгіленген "Ұрпақтар келісімшарты" жобасын ұйымдастыру мен қаржыландырудың белгіленген тәртібін бұзған жағдайда, олармен жасалған тиісті шарт бұзушылық анықталған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде жұмыс берушілердің "Еңбек" бағдарламасына қатысушыға жалақы төлеуге жұмсалған мемлекеттің шығыстарын бюджетке қайтаруымен бұзылуға жатады.
19. Ұрпақтар келісімшарты" жобасы бойынша "Еңбек" бағдарламасына қатысушыны жұмысқа орналасуға жұмысқа орналасуға жіберу осы қағидалардың 20-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, бір реттен артық жүзеге асырылымайды.
20. Жұмыс берушінің таратылуына байланысты "Ұрпақтар келісімшарты" жобасы бойынша еңбек қызметін тоқтатқан "Еңбек" бағдарламасына қатысушы басқа жұмыс берушіге жұмысқа орналасу үшін жіберіледі.
21. Халықты жұмыспен қамту орталығы "Ұрпақтар келісімшарты" жобасы бойынша жұмысқа орналасқан "Еңбек" бағдарламасына қатысушылар және осы жұмыс орындарын ұйымдастырған жұмыс берушілер туралы мәліметтер "Еңбек биржасы" мемлекеттік интернет-ресурсында орналастырылады.
3-тарау. "Ұрпақтар келісімшарты" жобасын қаржыландыру тәртібі
22. Қаржыландыруды халықты жұмыспен қамту орталықтары "Ұрпақтар келісімшарты" жобасын ұйымдастыруға және қаржыландыруға жасалған шарттардың негізінде алты ай ішінде ай сайын бекітілген қаржыландыру жоспарына сәйкес және жергілікті бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ Қазақстан республикасының заңнамаларында тыйым салынған басқа көздеден жүзеге асырады.
23. "Еңбек" бағдарламасына сәйкес жергілікті бюджеттен субсидиның мөлшері экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді қоспағанда, 20 айлық есептік көрсеткішті (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес өтемақы төлемдерін және банк қызметтерін ескергенде) құрайды.
24. Орындалатын жұмыстың көлеміне және күрделілігіне қарай жұмыс беруші өз қаражаты есебінен, қажет болған жағдайда, нақты орындалған жұмыс үшін қосымша үстемеақылар белгілейді.
25. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс берушілер ұсынған мәліметтердің негізінде ай сайын "Еңбек" бағдарламасына қатысушының ағымдағы шотына субсидия сомасын аударады.
"Ұрпақтар келісімшарты" жобасын іске асыруға жұмыс берушінің өтінімі
____________________________________________________________________(жұмыс берушінің толық атауы, заңды мекенжайы, БСН (ЖСН), байланысушы тұлға және телефоны)
"Ұрпақтар келісімшарты" жобасын іске асырылатын жұмыс берушілердің тізбесіне қосуды сұраймын.
Жұмыс берушілердің тізбесіне қосу туралы оң шешім шығарылған жағдайда, тізбеге сәйкес мынадай жұмыс орындары ұйымдастырылады:
р/с № | Кім ретінде жұмысқа қабылдау жоспарланып отыр | Жұмыс орындарының жоспарланған саны | Жұмыспен қамтылу шарттары | Айлық жалақы мөлшері, теңге | Кәсіп (мамандық) | Талап етілетін білім деңгейі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | ||||||
2 | ||||||
.. |
Ескертпе:
Заңды тұлғаның өтініміне мынадай құжаттар қоса беріледі:
1. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың көшірмесі.
2. Заңды тұлға жарғысының көшірмесі.
_________________ ________________
Басшы Күні
"Ұрпақтар келісімшарты" жобасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан |
"Ұрпақтар келісімшарты" жобасын қаржыландыруға № _____ шарт
_________________ |
_______________ |
________________________ ауданы (облыстық маңызы бар қала, респубикалық маңызы бар қала, астана) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органының 20 ___ жылғы ___ _________ № ___ шешімінің негізінде бұдан әрі бірлесе "Тараптар" деп аталатын бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын _____________________ ауданының (қаласының) Халықты жұмыспен қамту орталығы атынан директоры ______________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
және бұдан әрі Орындаушы деп аталатын ________________________________
______________________________________________________________ атынан
(жұмыс берушінің атауы, заңды мекенжайы, байланыс телефоны)
____________________________________________________________________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
төмендегі туралы осы шартты жасады:
1. Шарттың мәні
1. Жұмыссыздарды тұрақты жұмысқа орналастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспенқамтуды және жапппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналаған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – "Еңбек" бағдарламасы) "Ұрпақтар келісімшарты" жобасын қаржыландыру.
2. Шарт сомасы ____________________________________ теңгені құрайды. (жазбаша)
2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
Тапсырыс беруші:
1) "Еңбек" бағдарламасы талаптарына сәйкес келетін үміткерлерді "Ұрпақтар келісімшарты" жобасы бойынша жұмысқа орналасу үшін жіберуге;
2) Орындаушыға "Ұрпақтар келісімшарты" жобасын ұйымдастыру және қаржыландыру мәселелері жөнінде консультация беруге;
3) жыл ішінде қажеттілікке қарай Орындаушыдан "Ұрпақтар келісімшарты" жобасын іске асыруға қосымша өтінімдер қабылдауға;
4) Орындаушымен "Ұрпақтар келісімшарты" жобасын ұйымдастыруға және қаржыландыруға арналған шарт жасасуға;
5) Орындаушыдан осы шарттың уақтылы және тиіссінше орындалуын талап етуге құқылы.
4. Орындаушы:
1) үміткерді жұмысқа қабылдау немесе одан бас тарту туралы Тапсырыс берушіні хабардар етуге;
2) үміткермен Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шартын жасасуға;
3) қажет болған жағдайдаөз қаражаты есебінен қосымша үстемеақы төлеуді жүргізуге құқылы.
5. Тапсырыс беруші:
1) _____________________ адам санындағы үміткерді олардың келісімімен (жазбаша)Орындаушыға жіберуге;
2) Орындаушы ұсынған мәліметтер негізінде Еңбек Кодексіне сәйкес "Еңбек" бағдарламасына қатысушыларға уақтылы және толық көлемде еңбекақы аударуға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жеке табыс салығын және әлеуметтік төлемдерді төлеуге міндетті.
6. Орындаушы:
1) Өтінімге сәйкес "Ұрпақтар келісімшарты" жобасы бойынша үміткерлер үшін жұмыс орындарын ұйымдастыруға;
2) Еңбек Кодексіне сәйкес кемінде 18 айға еңбек шартын жасасуға;
3) Тапсырыс берушінің сұратуы бойынша жұмысқа орналасқан адамдарға міндетті зейнетақы аударымдарын растайтын құжаттардың көшірмесін ұсынуға;
4) әрбір "Еңбек" бағдарламасына қатысушымен қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама өткізуге;
5) қажет болған кезде "Еңбек" бағдарламасына қатысушыларды арнайы киіммен, құрал-саймандармен, инвентарьмен қамтамасыз етуге;
6) Еңбек кодексіне сәйкес тиісті еңбек жағдайларымен қамтамасыз етуге;
7) еңбек міндеттерін орындауы кезінде денсаулыққа зиян келтірілген жағдайда Еңбек кодексіне сәйкес зиянды өтеуге;
8) Тапсырыс берушіге "Ұрпақтар келісімшарты" жобасыының іске асырылуы туралы ұсынылатын ақпараттың дәйектілігі үшін жауапты болуға;
9) Тапсырыс берушіге есепті айдың аяқталуына бес жұмыс күні қалғанда "Ұрпақтар келісімшарты" бойынша жұмысқа орналасқан "Еңбек" бағдарламасына қатысушылар туралы мәлеметтер ұсынуға;
10) "Ұрпақтар келісімшарты" жобасын ұйымдастырудың белгіленген тәртібін бұзған жағдайда "Еңбек" бағдарламасына қатысушылар жалақы төлеуге мемлекет жұмсаған шығыстарды бюджетке өтеуге міндетті.
3. Еңбекақы төлеу
7. Тапсырыс беруші "Еңбек" бағдарламасына қатысушығаа еңбекақы төлеуді жасалған еңбек шарттарының негізінде Еңбек кодексіне сәйкес жүргізеді.
4. Тараптардың жауапкершілігі
8. Осы шартта көрсетілген міндеттерді орындамаған, не тиіссінше орыдамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген жауапкершілікке тартылады.
9. Осы шаррта көрсетілмеген тараптардың жауапкершілік шаралары Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамаларының нормаларына сәйкес қолданылады.
10. Осы шарттың қолданылу мерзімі осы мерзім аяқталғанға дейін орын алған заң бұзушылықтар үшін тараптарды жауапкершіліктен босатпайды.
5. Еңсерілмейтін күш жағдайлары
11. Тараптардың ешқайсысы осы шарт бойынша міндеттемелерді толық немесе ішінара орындамағаны үшін, егер мұндай орындамау осы шартқа қол қойылғаннан кейін туындаған бой бермейтін күштің, яғни өрт, жер сілкінісі, су тасқыны және басқа да апатты жағдайлар; әскери әрекеттер сияқты төтенше және дүлей жағдайлардың пайда болуы салдарынан болса, жауапты болмайды.
12. Осы шарт бойынша міндеттемелерді орындау мүмкін болмайтын тарап 2 жұмыс күні ішінде жоғарыда аталған жағдайлардың басталу және болжамды аяқталу мерзімі және оның салдары туралы басқа тарапты жазбаша нысанда хабардар етуге міндетті. Бой бермейтін күш жағдайларының туындағаны туралы хабарламау немесе уақтылы хабарламау тарапты мұндай жағдайларға сілтеме жасау құқығынан айырады.
13. Егер жоғарыда аталған мән-жайлар күнтізбелік отыз күннен артық жалғасатын болса, онда тараптардың әрқайсысы осы шарт бойынша міндеттемелерді одан әрі орындаудан бас тартуға құқылы және бұл жағдайда тараптардың ешқайсысының басқа тараптан ықтимал шығындарды өтеуді талап етуге құқығы жоқ.
6. Дауларды шешу тәртібі
14. Осы шарт бойынша немесе оған байланысты тараптар арасында туындаған барлық даулар және келіспеушіліктер Тараптар арасында келіссөздер жүргізу арқылы шешіледі.
15. Тараптар осы Шарт шеңберінде өз міндеттерін орындамаса немесе тиіссінше орындамаса барлық даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.
7. Өзге де жағдайлар
16. Осы шарт бірдей заңды күші бар екі данада жасалды, бір данасы Тапсырыс берушіде, екінші данасы Орындаушыда болады.
17. Осы шарт қазақ және орыс тілдерінде жасалды.
18. Осы шартқа сәйкес бір тараптың екінші тарапқа жіберетін хабарламасы пошта қызметі, кейіннен түпнұсқаны ұсынумен жалпы қолжетімді электрондық ақпараттық жүйелер арқылы жіберіледі.
19. Шарт тараптардың бірінің бастамасы бойынша бұзылуы мүмкін, бұл ретте ол бұл туралы екінші тарапты кемінде бір ай бұрын хабардар етуге тиіс.
20. Осы шартқа өзгерістер мен толықтырулар тараптардың кеілісімі бойынша енгізіледі және осы шарттың ажырамасы бөлігі болып табылатын қосымша келісім ретінде рәсімделеді.
8. Қолданылу мерзімі
21. Осы шарттың қолданылу мерзімі 20__ жылғы __ ________ бастап 20__ жылғы __ ___________ дейін.
22. Осы шарт қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
8. Тараптардың заңды мекенжайлары:
Тапсырыс берушi | Жұмыс беруші |
_____________________________ |
заңды мекенжайы: |
ӨТІНІШ
Мені "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде "Ұрпақтар келісімшарты" бойынша жұмысқа орналасуға жіберуіңізді сұраймын.
Қосымша ___ парақта:
1) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болса);
3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болуын растайтын құжаттың көшірмесі.
"Ұрпақтар келісімшарты" жобасына қатысу үшін қажетті менің дербес деректерімді жинақтау мен өңдеуге келісім беремін.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
*ұсынылған құжаттардың дәйектілігіне өтініш беруші жауапты болады.
_____________ _____________
Күні қолы
-------------------------------------------------------------------------------------------------------
(кесу сызығы)
Азамат (ша) ______________________________________________ өтініші 20 __ ж. ___ ________ қабылданды, № ________ болып тіркелді.
Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және қолы: _________________________________________________
____________________________________________________________________
_____________ _____________
Күні қолы
*ұсынылған құжаттардың дәйектілігіне өтініш беруші жауапты болады.
"Ұрпақтар келісімшарты" жобасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына 4-қосымша |
|
Нысан |
"Ұрпақтар келісімшарты" жобасы бойынша жұмысқа орналасуға № ______ жолдама
Үміткер ________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЖСН)
20_____ жылғы _______________________ бастап
____________________________________________________________________
(жұмыс берушінің атауы, заңды мекенжайы, байланыс телефоны)
____________________________________________________________________ (кәсіп/мамандық атауы)
мамандығы (кәсібі) бойынша "Ұрпақтар келісімшарты" жобасы бойынша тұрақты жұмысқа орналасу үшін жіберіледі.
_____________________________________ _____________________
Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры қолдың таратылып жазылуы
Берілген күні
М.О.
-------------------------------------------------------------------------------------------------------
(кесу сызығы)
Жұмысқа орналасу үшін жіберілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Халықты жұмыспен қамту орталығына қайтарылады
№ ______ жолдамаға хабарлама
________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(жұмыс берушінің атауы)
20 __ жылғы __ _______ жасалған еңбек шартына сәйкес _____________ ретінде
(кәсіп/мамандық атауы)
20 __ жылғы __ _______ бастап "Ұрпақтар келісімшарты" жобасы бойынша жұмысқа орналасты (20 __ жылғы _____________ № ___ бұйрық).
"Ұрпақтар келісімшарты" жобасы бойынша жұмысқа орналасу мерзімі 20 __ жылғы "__" ___________ бастап 20 __ жылғы "__" ___________ дейін.
Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі қоса беріледі.
Жұмыс берушінің жауапты өкілі
___________________________ М.О. (бар болса)
(қолдың таратылып жазылуы)