ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 12-бабы 5) тармақшасының жетінші абзацына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір бұйрықтарының және бұйрықтардың құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет миинистрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметтері департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынылуын;
4) осы бұйрықты жұмысында басшылыққа алу үшін облыстар мен Астана, Алматы және Шымкент қалалары әкімдіктерінің назарына жеткізілуін қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
Т. Дуйсенова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2023 жылғы 22 маусымдағы № 234 бұйрығына 1-қосымша |
Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі – Әлеуметтік кодекс) 12-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.07.2024 № 281 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Алып тасталды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.07.2024 № 281 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) әлеуметтік еңбек саласындағы бірыңғай ақпараттық жүйе - уәкілетті мемлекеттік органның, халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың, еңбек мобильділігі орталықтарының, мансап орталықтарының, Еңбек ресурстарын дамыту орталығының қызметін автоматтандыруға және әлеуметтік-еңбек саласында халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимылға арналған ақпараттандыру обьектісі;
3) әлеуметтік келісімшарт - тараптардың жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушы мен еңбек мобильділігі орталығы (мансап орталығы) арасындағы, ал осы Әлеуметтік кодексте көзделген жағдайларда жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастыруға тартылған жеке немесе заңды тұлғалармен құқықтарын және міндеттерін айқындайтын, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы келісім;
4) бос орын – жұмыс берушiдегi бос жұмыс орны (лауазым);
5) жалдаушы (жалға алушы) – тұрғынжайды жалдау шартындағы тұрғынжайды немесе оның бір бөлігін тұрақты немесе уақытша иеленуге және пайдалануға алушы тарап;
5-1) жақын туыстар – ата-аналар (ата-ана), балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер (аға-қарындастар), ата, әже, немерелер;
6) еңбек мобильділігі орталығы - жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын әзірлеу және іске асыру мақсатында облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы құратын заңды тұлға;
7) коммуналдық қызметтер – тұрудың (болудың) қауіпсіз және жайлы жағдайларын қамтамасыз ету үшін тұрғын үйде (тұрғын ғимаратта) көрсетілетін және сумен жабдықтауды, кәрізді, газбен жабдықтауды, электрмен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды, қоқысты әкету мен лифт қызметін көрсетуді қамтитын қызметтер;
8) қандас – бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болмаған, халықтың көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен тәртіпке сәйкес тиісінше мәртебе алған этникалық қазақ және (немесе) оның ұлты қазақ отбасы мүшелері;
9) Қандастарды қабылдау комиссиясы – этникалық қазақтардың қандас статусын алу және ұзарту өтініштерін қарау, ал қоныстандыру өңірлерінде қосымша қандастарды өңірлік квотаға енгізу үшін арналған комиссия;
10) қандастарды бейімдеу және интеграциялау орталығы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы құратын және қандастарға, олардың отбасы мүшелеріне бейімдеу және интеграциялау қызметтерін көрсетуге және уақытша тұруға арналған заңды тұлға;
11) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы – Әлеуметтік кодекстің 112-бабы 3-тармағының 2) тармақшасы айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Әлеуметтік кодекске сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін қандастардың немесе қандастар мен олардың отбасы мүшелерінің шекті саны;
12) қоныс аударушы – Әлеуметтік кодекстің 112-бабы 3-тармағының 2) тармақшасы айқындаған өңірлерге қоныс аударған ішкі көшіп-қонушы;
13) қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы – Әлеуметтік кодекстің 112-бабы 3-тармағының 2) тармақшасы айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін қоныс аударушылардың немесе қоныс аударушылар мен олардың отбасы мүшелерінің шекті саны;
14) қызметтік тұрғын үй – мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан берілетін және өздерінің еңбек қатынастарының сипатына байланысты міндеттерін орындау кезеңінде, оның ішінде мемлекеттік қызметшілердің ротациясын жүзеге асырған кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтарын қоныстандыруға арналған айрықша құқықтық режимі бар тұрғын үй;
15) мансап орталығы - еңбек мобильділігі орталығының аудандарда, облыстық және республикалық маңызы бар қалаларда, астанада оның функцияларын орындауды жүзеге асыратын филиалы;
16) моноқала – бұл бір немесе бірнеше (көп емес) қала құраушы, бір бейінді және шикізаттық бағыттағы қаланың экономикалық және әлеуметтік жағдайын айқындайтын кәсiпорындарда еңбекке жарамды халықтың және өнеркәсіп өндірісінің негізгі бөлігі (20 пайыздан астамы) шоғырландырылған қала;
17) облыс ішінде қоныс аудару – мемлекеттік тұрғын үй қорынан және/немесе жұмыс берушілердің қаражаты есебінен тұрғын үймен қамтамасыз ету және тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасу немесе кәсіпкерлік бастамаларға жәрдемдесу мүмкіндігі болған кезде экономикалық даму әлеуеті төмен ауылдардан облыстық (аудандық) маңызы бар қалаларға, экономикалық өсу орталықтарына бір облыс шегінде қоныс аудару;
18) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) комиссия – ауданның (қаланың) жергілікті атқарушы органы жанындағы халықты жұмыспен қамту, жұмыспен қамтудың және әлеуметтік көмектің өңірлік карталары бөлігінде облыстардың даму жоспарын іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия;
19) халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту жөніндегі жергілікті атқарушы орган - облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы бағыттарын айқындайтын жергілікті атқарушы органы;
20) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссия – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органының жанындағы, халықты жұмыспен қамту, жұмыспен қамтудың және әлеуметтік көмектің өңірлік карталары бөлігінде облыстардың даму жоспарын іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия;
21) өңіраралық қоныс аудару – "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Әлеуметтік кодекске сәйкес қоныс аударушыларды және қандастарды қабылдаудың өңірлік квоталары шеңберінде Әлеуметтік кодекстің 112-бабы 3-тармағының 2) тармақшасы айқындайтын өңірлерге адамдардың ерікті түрде қоныс аудару;
22) сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган – сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн мемлекеттiк басқару саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық мемлекеттiк орган;
23) тұрғын үйді жалға алу (жалдау) – тұрғын үйді немесе оның бір бөлігін жалға берушіге (жалға алушыға) тұрақты немесе уақытша иелену және ақыға пайдалану үшін беру;
24) тұрғынжайды жалдау шарты – оған сәйкес жалдауға беруші жалдаушыға тұрғынжайды немесе оның бір бөлігін ақы төлеп пайдалану құқығын беретін шарт;
25) тірек ауылдық елді мекен – сол жерде тұратын халықты және іргелес орналасқан ауылдық елді мекендердің (бұдан әрі - AЕМ) тұрғындарын мемлекеттік және ауылдық кластерді құрайтын әлеуметтік көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету үшін инфрақұрылым жасалатын абаттандырылған ауылдық елді мекен;
26) халықтың көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы басшылықты, көші-қон процестерін реттеуді, халықтың көші-қоны саласындағы жұмысты үйлестіруді және мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
27) шағын қала – халқының саны 50 мың адамға дейінгі қала;
28) шекара маңындағы аумақтар – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан 50 километрге дейінгі қашықтықта орналасқан әкімшілік-аумақтық құрылымдардың және елді мекендердің аумақтары;
29) Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелері – шекарада орналасқан Қазақстан Республикасының дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктері, сондай-ақ консулдық мекемелері;
30) экономикалық өсу орталықтары – өңір экономикасында инновациялар мен прогресс көзі функциясын орындайтын, "ауқым әсерінің" арқасында өндіріс факторларының тартылыс (шоғырлану) полюстері болып табылатын және жаңа тауарлар шығаратын және қызметтер көрсететін серпінді дамып келе жатқан салалардың кәсіпорындары орналасатын нақты елді мекендер;
31) Электрондық еңбек биржасы - осы Әлеуметтік кодекске сәйкес жұмыс іздеуді және персоналды іріктеуді, жұмыспен қамту саласында электрондық және проактивті форматта қызметтер көрсетуге жәрдемдесуді қамтамасыз ететін, іздеушілер мен жұмыс берушілерге арналған жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық тұғырнамасын білдіретін ақпараттандыру объектісі;
32) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – ЭҮП) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 12.03.2024 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.05.2024 № 169 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.4. Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аударуы екі бағытта жүзеге асырылады:
1) қоныс аударушылар мен қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы шеңберінде Әлеуметтік кодекстің 112-бабы 3-тармағының 2) тармақшасы айқындаған өңірлерге;
2) бір облыс шегінде.
5. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік, аудандық (қалалық) комиссия облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) аумағында орналасқан мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың халықты жұмыспен қамту бөлігінде облыстың даму жоспарын, өңірлік жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек картасын іске асыру мәселелері бойынша қызметін үйлестіруді жүзеге асырады.
6. Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту жөніндегі жергілікті атқарушы орган жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін экономикалық даму әлеуеті орташа және жоғары АЕМ, шағын және моноқалалар, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар, сондай-ақ экономикалық өсу орталығы қатарынан елді мекендердің тізбесін жасақтайды.
7. Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту жөніндегі жергілікті атқарушы орган көші-қон мәселелері бойынша уәкілетті органның келісуі бойынша қоныс аударушылар мен қандастарды қоныстандыру мақсатында адамдарды ерікті қоныстандыру, оның ішінде облыс ішінде қоныстандыру үшін жыл сайын, уәкілетті орган бекіткен алдыңғы күнтізбелік жылға қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын ескере отырып, 15 желтоқсанға дейін елді мекендердің тізбесін бекітеді.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.05.2024 № 169 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган елді мекендер тізбесін Электрондық еңбек биржасында, "Қоныс аудару" бөлімінде орналастыруды қамтамасыз етеді және еңбек мобильділігі орталықтарына, ауылдық округтердің әкімдіктеріне жібереді.
9. Еңбек ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару шаралары тізбеге кірмейтін өзге де елді мекендерде іске асырылмайды.
10. Жұмыс күшінің мобильділігін арттыру үшін ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу жөніндегі шараларға жұмыс іздеуші адамдар және (немесе) жұмыссыздар, қандастар, сондай-ақ жұмыс берушілер қатысады.
11. Жұмысқа орналасу үшін жұмыс іздеп жүрген адамдар және жұмыссыздар арасында Әлеуметтік кодексінің 2-бабына сәйкес жаңа тұрғылықты жерге ерікті түрде қоныс аудару үшін:
1) балалар ауылының тәрбиеленушiлерi және балалар үйлерінің түлектері, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған он алты жастан жиырма үш жасқа дейiнгi балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектері;
2) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері;
3) жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші – жеке тұлға қызметінің тоқтатылуына, жұмыскерлер санының немесе штатының қысқаруына, жұмыс берушінің экономикалық жағдайының нашарлауына әкеп соққан өндірістердің және орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемінің төмендеуіне байланысты жұмыстан босатылған адамдар басымдықты пайдаланады.
12. Қоныс аударушыларды және олардың отбасы мүшелерін (бар болса) жұмысқа орналастыру үшін жаңа тұрғылықты жерге өңіраралық ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу:
1) мемлекеттік қызметшілерге;
2) ҚР ҰҚС 01-2017 кәсіптік жіктеуіштің тоғызыншы тобына жататын біліктілігі төмен жұмысшыларға;
3) қоныс аударушының отбасы құрамындағы адамдарды қоспағанда, жұмыс күшінің құрамына кірмейтін адамдарға;
4) бұрын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған қоныс аударушылар мен қандастарды қоныстандыруға арналған өңірлерде тұрақты тұрған және өтініш беру сәтінде еңбек күші артық өңірлерде екі жылдан кем тұрақты тіркеуі бар адамдарға қолданылмайды.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.05.2024 № 169 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. Жаңа тұрғылықты жерге ерікті түрде қоныс аударуды мемлекеттік қолдау шаралары жеке тұлғаларға бір рет көрсетіледі.
14. Осы Қағидалардың 18, 49 және 76-1-тармақтарында көзделген жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару шаралары туралы мәліметтерді мансап орталықтары әлеуметтік-еңбек саласындағы бірыңғай ақпараттық жүйеде және (немесе) Электрондық еңбек биржасында орналастырады.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.05.2024 № 169 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аударуын ұйымдастыру тәртібі
1-параграф. Өңіраралық қоныс аудару тәртібі
15. Өңіраралық қоныс аудару жұмыс күші артық облыстардан (бұдан әрі – шығу өңірлері) жұмыс күші жетіспейтін облыстарға (бұдан әрі – қабылдау өңірлері) жұмысқа орналастыруға немесе кәсіпкерлік бастамаларға жәрдемдесу бойынша міндеттемелермен жүзеге асырылады.
16. Алматы, Жамбыл, Жетісу, Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда облыстары мен Астана, Алматы және Шымкент қалалары кейінгі 10 жылда облыстағы халық саны жыл сайын 2 %-дан артық өсетін және/немесе халқының тығыздығы шаршы километрге 6,4 адамнан асатын шығу өңірлері болып айқындалған.
17. Қабылдау өңірлері Әлеуметтік кодекстің 112-бабы 3-тармағының 2) тармақшасымен айқындалады.
18. Ерікті түрде қоныс аударатын адамдарды мемлекеттік қолдау:
1) жұмыскердің көшуі жұмыс берушінің қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, адамдарға және олардың отбасы мүшелеріне материалдық көмек беруді;
2) жұмыс беруші жұмыскерге тұрғын үй ұсынған жағдайларды қоспағанда, қызметтік тұрғын үй немесе жатақханалардан бөлме беруді;
3) жұмыс берушінің қажеттілігі болған кезде кәсіптік оқытуды;
4) жаңа тұрғылықты жерінде жұмысқа орналасуға және кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесуді;
5) жұмысқа орналасуға субсидиялар бере отырып, жұмыс күшінің мобильділігін арттыру үшін ерікті қоныс аудару шараларына қатысатын жұмыс берушілерде жұмысқа орналасуға жәрдемдесуді қамтиды.
19. "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") және "Жарқын Болашақ" жобаларына қатысушылар қатарындағы түлектер, сондай-ақ шығу өңіріне/мемлекетіне қарамастан қандастар өңіраралық ерікті түрде қоныс аударуға қатысады.
Бұл ретте, "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") және "Жарқын Болашақ" жобаларына қатысушылар қатарындағы түлектер оқу өңіріне қарамастан осы Қағидаларға сәйкес қабылдау өңірінде мемлекеттік қолдау шараларын алады. Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген қандастардың және олардың отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығын алуы осы Қағидаларда көзделген ерікті қоныс аударуға арналған мемлекеттік қолдау шараларын тоқтату үшін негіз болып табылмайды.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.05.2024 № 169 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.20. Мансап орталықтары үш жұмыс күні ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және (немесе) желінің абоненттік құрылғысы және ЭҮП арқылы өтініш берушілерді хабардар етеді және оларға әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі қабылдау өңірінің жергілікті атқарушы органы, сондай-ақ, қандастарды қабылдау комиссиясы қабылдаған шешімдердің көшірмелерін ұсынады, үміткерді жаңа тұрғылықты жерде қабылдауға дайын екендігі туралы хабардар етеді.
21. Хабарламаны алғаннан кейін қоныс аударуды қандастар және қоныс аударушылар дербес жүзеге асырады.
22. Шығу өңірлерінен қабылдау өңірлеріне өз бетінше келген және онда кемінде алты ай тұратын қоныс аударушылар, сондай-ақ "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") және "Жарқын Болашақ" жобаларының түлектері оқу орнын аяқтағаннан кейін алты ай ішінде қоныс аударушыларды қабылдау өңірлерінде тіркелу уақытына қарамастан қабылдау өңірінің мансап орталығына осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.05.2024 № 169 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.23. Қабылдау өңірінің мансап орталығы қоныс аударушы келгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу бойынша мемлекеттік қолдау көрсету туралы Әлеуметтік келісімшарт жобасын әзірлейді және келісу үшін еңбек мобильділігі орталығына жолдайды.
Еңбек мобильділігі орталығы екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік келісімшартқа қол қояды және мансап орталығын хабардар етеді.
24. Бір қабылдау өңірінің ішінде қоныстандыру ауданынан/қаласынан тыс бір елді мекеннен басқа елді мекенге көшкен жағдайда қандас не қоныс аударушы тиісті мансап орталықтарын хабардар етеді және жаңа тұрғылықты жері бойынша әлеуметтік келісімшарт жасасады.
25. Өңіраралық қоныс аударуды ұйымдастыру мақсатында шығу және қабылдау өңірлерінің еңбек мобильділігі орталығы шығу өңірлерінде бос орындар жәрмеңкелерін ұйымдастыру, қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың белгіленген өңірлік квота, еңбек нарығындағы жағдай, жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс туралы, әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету шарттары және қабылдау өңірлеріне танысу сапарларын ұйымдастыру арқылы өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді.
26. Өңіраралық қоныс аударуды мемлекеттік қолдау шаралары жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
2-параграф. Жұмыс берушілердің қатысуымен өңіраралық қоныс аудару тәртібі
27. Жұмыс берушілерге өңіраралық қоныс аударуда жәрдем көрсету үшін мансап орталықтары өңірлік кәсіпкерлер палаталарының филиалымен бірлесіп, жұмыс берушілерге ерікті өңіраралық қоныс аудару шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларын көрсетудің тәртібі мен шарттары туралы консультация береді.
28. Қабылдау өңірінен еңбек ресурстарына қажеттілігі бар жұмыс берушілер персоналды:
1) Электрондық еңбек биржасы арқылы:
- мамандық (кәсіп) және жұмыс шарттары бөлінісінде қажетті қызметкерлердің санын көрсете отырып, бос жұмыс орнын туралы өтінімді орналастыру арқылы таңдайды.
Ақпаратта жұмыс берушінің есебінен тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша, қосымша қолдау шаралары мен әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету туралы мәліметтер көрсетіледі:
- шығу өңірлерінен қажетті ізденушілердің түйіндемесін қарау арқылы таңдайды.
2) шығу өңірлеріне бару арқылы;
3) бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне қатысу;
29. Жұмыс беруші Электрондық еңбек биржасы арқылы кадрларды таңдау кезінде ізденушінің байланыс деректері туралы ақпарат алу үшін ізденушінің жүйесіне сәйкестендіргіші бар сұратуды қалыптастырады.
Жұмыс беруші өңірлерге шығу және бос жұмыс орындарына жәрмеңке болған кезде ізденушімен Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексіне сәйкес жұмысқа орналасу туралы алдын-ала келісімшарт жасайды.
30. Көшудің тәртібі мен шарттарын жұмыс беруші мен ізденуші азаматтық-құқықтық сипаттағы Шартқа сәйкес келіседі.
31. Жұмыс беруші көшу шартымен келісілгеннен кейін қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы не одан бас тарту туралы ұсынымдар шығару үшін мамандық (кәсіп) және жұмыс шарттары бөлінісінде жұмыскерлердің санын, сондай-ақ өзге де қолдау шараларын көрсете отырып, ізденуші туралы мәліметтерді өңірлік комиссияның қарауына жібереді.
Егер ізденуші қандас болып табылса, мәліметтер қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы не одан бас тарту туралы ұсынымдар шығару үшін қандастарды қабылдау комиссиясына жібереді.
32. Жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі өңірлік комиссия және (немесе) қандастарды қабылдау комиссиясы жұмыс берушіден мәліметтерді алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде квотаға енгізу туралы не себептерін дәлелді негіздей отырып, одан бас тарту туралы ұсыным шығарады және шешімдердің көшірмесін мансап орталығына жібереді.
33. Ізденушіні квотаға енгізуден жұмыс берушіге бас тарту үшін жұмыс берушіде жалақы төлеу бойынша алты айдан астам, сондай-ақ есептелген салықтар, алымдар және бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдер бойынша үш айдан астам берешегінің болуы негіз болып табылады.
34. Мансап орталығы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және (немесе) желінің абоненттік құрылғысы арқылы жұмыс берушіні қабылданған шешім туралы хабардар етеді.
35. Жұмыс беруші ақпараттық-коммуникациялық технологиялар немесе желінің абоненттік құрылғысы арқылы жұмыс іздеушіні шығу өңірінен жаңа тұрғылықты жерде қабылдау дайындығы және жайластыру және үй беру мүмкіндіктері туралы хабардар етеді.
36. Қабылдау өңірінің осы Қағидалардың шартына сәйкес өңіраралық қоныс аударуға жәрдем көрсететін жұмыс берушіге:
1) мынадай:
- кемінде екі жыл мерзімге тұрақты жұмысқа орналастыру;
- тұрғын үймен қамтамасыз ету шартымен қабылданған әрбір қызметкер үшін жұмысқа орналасуға 400 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК) мөлшерінде біржолғы субсидия беріледі;
2) мынадай:
- кемінде бес жыл мерзімге тұрақты жұмысқа орналастыру;
- кемінде бес жылға тұрғын үймен қамтамасыз ету шартымен қоныс аударушының немесе қандастың отбасына тұрғын үй беру үшін тұрғын үй құнының 50% мөлшерінде, бірақ 1160 АЕК асырмай жұмыс беруші шығыстарының бөлігі өтеледі
Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.12.2023 № 536 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.37. Бес жыл өткеннен кейін осы Қағиданың 91-тармағына сәйкес азаматтық-құқықтық сипаттағы Шартқа сәйкес екі жақтың келісімі бойынша жұмысшы тұрғын үйді жекешелендіреді.
38. Жұмыс берушіге жұмысқа орналасуға субсидия берілген және шығыстарын өтеу кезінде көшуге субсидия төленбейді және тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу жөніндегі шығыстар кандасқа және қоныс аударушыға өтелмейді.
39. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 3 қыркүйектегі № 353 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21173 болып тіркелді) бекітілген Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде еңбек шарты туралы мәліметтерді ұсыну және алу қағидаларына сәйкес жұмыс беруші қандастар және қоныс аударушылар қатарынан жұмысқа орналастырылған жұмыскерлердің еңбек шарттары бойынша мәліметтерді "Электрондық еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі" ААЖ-ға орналастыруды қамтамасыз етеді.
40. Жұмыс берушілер қабылдау өңірінің мансап орталықтарына жұмыс берушіге осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мынадай құжаттардың көшірмелерін:
1) қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы өңірлік комиссияның шешімдерін айқындау туралы;
2) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы қандастарды қабылдау жөніндегі комиссия шешімі;
3) жұмыс берушінің жұмысқа қабылдау туралы актісі не жұмыс берушінің қолымен және мөрімен (бар болса) расталған жұмыскерлермен жасалған еңбек шартының көшірмесін;
4) шығыстарды өтеу кезінде тұрғын-үйді сату-сатып алу келісімшартын;
5) жалдау немесе қайтарымсыз негізде пайдалану келісімшартын қоса бере отырып жұмысқа орналасуға субсидия төлеу немесе шығыстарын өтеу туралы өтініш береді.
Аталған құжаттардың түпнұсқасы және көшірмесі ұсынылады. Олардың сәйкесітігін тексергеннен кейін мансап орталығымен түпнұсақалар өтініш иесіне қайтарылады.
Мансап орталығы құжаттардың дұрыстығы және сәйкестігі болмаған жағдайда екі жұмыс күні ішінде өтініш иесіне пысықтау үшін қайтарылады.
41. Мансап орталығы өтініште көрсетілген мәліметтер толық және ұсынылған құжаттар толық болған кезде субсидия төлеу, шығыстарын өтеу туралы өтінішті қабылдайды.
42. Мансап орталығы өтініш қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде субсидия төлеу, шығыстарын өтеу туралы шешім шығарады және жұмыс берушіге төлемдерді қамтамасыз етеді.
43. Шешім қабылданғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде еңбек мобильділігі орталығы, ерікті түрде қоныс аударуға қатысушы және жұмыс беруші арасында үшжақты әлеуметтік келісімшарт жасалады, онда осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс берушіге субсидия төлеу, жұмыс берушінің шығыстарын өтеу, қызметтік тұрғын үй беру шарттары және басқа да қолдау шаралары көзделеді.
44. Әлеуметтік келісімшарт жасалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде еңбек мобильділігі орталықтары жұмыс берушінің екінші деңгейдегі банкте немесе қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы негізінде жеке және заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын ұйымдарда ашқан дербес шотына ақшалай төлемді аударады.
Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.05.2024 № 169 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.45. Жұмыс берушінің ұсынысы бойынша әлеуметтік келісімшартта материалдық көмекті ұсыну, әлеуметтік инфрақұрылыммен қамту бөлігінде қоныс аударушылар мен қандастарды қолдаудың қосымша шаралары көзделеді.
46. Әлеуметтік келісімшарт талаптарының орындалуын еңбек мобильділігі орталығы, мансап орталығы және жұмыс беруші бақылайды.
47. Ерікті өңіраралық қоныс аудару шараларын іске асыруға жәрдемдесетін жұмыс берушілерге жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шараларды іске асыру шеңберінде мемлекеттік қолдау алуда басымдық беріледі.
3-параграф. Облыс ішінде қоныс аударуды ұйымдастыру тәртібі
48. Облыс ішінде қоныс аудару облыс шегінде АЕМ-нен және экономикалық даму әлеуеті төмен моноқалалардан АЕМ-ге, экономикалық даму әлеуеті орташа және жоғары шағын және моноқалаларға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үймен қамтамасыз ету немесе жұмыс берушілер есебінен, жұмысқа орналастыру немесе кәсіпкерлік бастаманы дамыту мүмкіндігі болған кезде экономикалық өсу орталықтарына жүзеге асырылады.
49. Ерікті түрде қоныс аударатын адамдарды мемлекеттік қолдау:
1) жұмыскердің көшуі жұмыс берушінің қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, адамдарға және олардың отбасы мүшелеріне материалдық көмек беруді;
2) жұмыс беруші жұмыскерге тұрғын үй ұсынған жағдайларды қоспағанда, қызметтік тұрғын үй немесе жатақханалардан бөлме беруді;
3) жұмыс берушінің қажеттілігі болған кезде кәсіптік оқытуды;
4) жаңа тұрғылықты жерінде жұмысқа орналасуға және кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесуді;
5) жұмысқа орналасуға субсидиялар бере отырып, жұмыс күшінің мобильділігін арттыру үшін ерікті қоныс аудару шараларына қатысатын жұмыс берушілерде жұмысқа орналасуға жәрдемдесуді қамтиды.
50. Бір облыс ішінде қоныс аударуды мемлекеттік қолдау шаралары жергілікті бюджет қаражаттары есебінен жүзеге асырылады.
51. Облыс ішінде ерікті түрде қоныс аударуға қатысушылар экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерде және моноқалаларда тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары.
52. Облыс шегінде қоныс аударуды жоспарлап отырған адамдар тұрғылықты жеріндегі мансап орталықтарына/ауылдық округтер әкімдіктеріне жүгінеді.
53. Мансап орталықтары және/немесе ауылдық округтердің әкімдіктері үміткерлерге облыс ішіндегі ерікті қоныс аударуға қатысу тәртібі мен шарттары және көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары туралы консультация береді.
54. Ауылдық округтердің әкімдіктері бір облыс ішінде қоныс аударуға қатысуға үміткерлердің тізімін мансап орталығына жібереді.
55. Мансап орталықтары бір аудан ішінде және облыс шегінде көшуді жоспарлап отырған үміткерлердің тізімдерін қалыптастырады, қоныс аударуға қатысу тәртібі мен шарттары туралы консультациялар береді.
56. Облыс ішінде қоныс аударуға үміткерлер келісім берген жағдайда мансап орталығына осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мынадай құжаттарды:
1) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) еңбек өтілін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
3) білімі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса) қоса бере отырып өтініш береді.
57. Мансап орталықтары құжаттарды қабылдағаннан кейін бес жұмыс күні ішінде басқа ауданға көшкісі келетіндердің өтініштерін және құжаттарын әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға, бір аудан ішінде көшкісі келетіндердікін халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) комиссияның қарауына жібереді.
58. Әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы облыс шегінде облыстық (аудандық) маңызы бар қалаға көшкісі келетін адамдардың өтініштері мен құжаттары келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оларды халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның қарауына жібереді.
59. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік және аудандық (қалалық) комиссиялар өтініш берген адамдардың құжаттарын қарау қорытындысы бойынша өтініштер келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде облыс ішінде көшетін азаматтарға қатысты қоныс аударушылар құрамына енгізу не енгізуден бас тарту туралы ұсынымдар әзірлейді.
60. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік және аудандық (қалалық) комиссиялар ұсынымдар әзірлегеннен соң үш жұмыс күні ішінде ұсынымдарды мансап орталықтарына жібереді.
61. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік және аудандық (қалалық) комиссияның отырысы өтініштер мен құжаттар келіп түскен кезде өткізіледі.
62. Мансап орталықтары ұсынымдарды алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде комиссиялардың ұсынымдары негізінде өтініш берушілерді облыс ішінде қоныс аудару бойынша шешім қабылдайды.
63. Мансап орталықтары шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде облыс ішінде қоныс аударуға қатысатын адамдарға қабылданған шешім туралы байланыс құралдары арқылы хабарлайды.
64. Мансап орталықтары халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның оң қорытынды бар үміткерге осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көшуге жолдама береді. Үміткерлердің көшуі өздігінен жүзеге асырылады.
65. Еңбек мобильділігі орталықтары осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу бойынша мемлекеттік қолдау көрсету туралы әлеуметтік келісімшарт жасайды.
4-параграф. Материалдық көмекті төлеу тәртібі
66. Жаңа тұрғылықты жерге келгеннен және өңірлік квотаға енгізілгеннен кейін қандастар мен қоныс аударушыларға және олардың отбасы мүшелеріне Әлеуметтік кодексінің 112-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес материалдық көмек беріледі.
Еңбек мобильділігін арттыру үшін адамдарды ерікті түрде қоныс аудару шараларына қатысқанға дейін соңғы 36 ай бұрын ерлі-зайыптылар арасындағы некені (ерлі-зайыптылықты) бұзған адамдар азаматтық хал актілерін жазу кітабында некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманы ұсынады.
Ескерту. 66-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.07.2024 № 281 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.67. Экономикалық мобильділік сертификаты тұрғын үй сатып алу және салу немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және (немесе) Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарымен бекітілген ипотекалық бағдарлама, оның ішінде тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамалары шеңберінде, сондай-ақ қаржы институттарын ипотекалық кредиттеу құралдары және тұрғын үй құрылыс жинақтарының жүйесі шеңберінде тұрғын үйді сатып алу кезінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарна үшін ақшалай төлем түріндегі материалдық көмек ретінде беріледі.";
Экономикалық мобильділік сертификаты қандастарға немесе қоныс аударушыларға қабылдау өңірдегі тұрақты тұратын елді мекенде тұрғын үй сатып алу кезінде беріледі.
Экономикалық мобильділік сертификаты отбасына, сондай-ақ осы Қағидалардың 66-тармағының екінші бөлігінде көзделген адамдарға тұрғын үй құнының 50% мөлшерінде, бірақ 1 160 АЕК-тен асырмай беріледі.
Экономикалық мобильділік сертификаты бойынша ақшалай төлемді жүзеге асыру үшін Еңбек мобильділігі орталығы қандастар мен қоныс аударушыларды мынадай санаттар бойынша саралайды:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлерде сұранысқа ие мамандықтар бойынша жұмыс істейтіндер;
2) отбасы құрамында өтініш берушімен тұрақты бірге тұратын еңбекке қабілетті жастағы отбасы мүшелері бар;
3) отбасы құрамында өтініш берушімен тұрақты бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары не жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын балалары бар, олар он сегіз жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітірген уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін);
4) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерде қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін дара кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратындар.
Ескерту. 67-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.05.2024 № 169 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.68. Экономикалық мобильділік сертификаты бойынша ақшалай төлем алу үшін қандастар және қоныс аударушылар мансап орталықтарына осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді:
1) тұрғын үй сатып алу кезінде – сатып алынатын жылжымайтын мүліктің құнын бағалай отырып, тұрғын үй сатып алудың алдын ала жасалған шарты немесе сатып алу-сату шарты, сондай-ақ экономикалық мобильділік сертификаты бойынша ақшалай төлемнің кемінде 50% мөлшерінде болжамды мәмілені жүзеге асыруға арналған меншікті қаражаттың болуын не сатып алынатын тұрғын үйдің қалған құны төленгенін растайтын құжаттар.
Экономикалық мобильділік сертификаты бойынша төлемді алғаннан кейін тұрғын үйді сатып алудың алдын ала жасалған шарты ұсынылған жағдайда күнтізбелік қырық бес күн ішінде тұрғын үйді сатып алу-сату шартының түпнұсқасы ұсынылады;
2) тұрғын үйді сатып алуда тұрғын үй ипотекалық қарызы бойынша алғашқы жарна кезінде – екінші деңгейдегі банктің тұрғын үй қарызын беруді мақұлдауды растайтын құжат;
3) тұрғын үй құрылысы кезінде – меншігінде немесе уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығында жеке тұрғын үй құрылысына және/немесе жеке қосалқы шаруашылыққа арналған жер учаскесінің болуын растайтын құжат, сондай-ақ экономикалық мобильділік сертификаты бойынша ақшалай төлемнің кемінде 50 % мөлшерінде тұрғын үй салуға арналған қаражаттың болуын растайтын құжаттар.
Көрсетілген құжаттар көшірмелерде және түпнұсқаларда ұсынылады. Оларды салыстырып тексергеннен кейін түпнұсқалар өтініш иесіне қайтарылады.
Қандас пен қоныс аударушының жылжымайтын мүлікті жұбайынан (зайыбынан) және өзінің жақын туыстарынан, сондай-ақ алушының (өтініш берушінің) жұбайының (зайыбының) жақын туыстарынан сатып алуына экономикалық мобильділік сертификаты бойынша ақшалай төлемді пайдалануға жол берілмейді.
Меншік құқығында тіркелген жылжымайтын мүлікті 5 (бес) жыл бойы экономикалық мобильділік сертификаты бойынша ақшалай төлемді қолма-қол төлем арқылы сатуға жол берілмейді.
Мансап орталықтары бір жұмыс күні ішінде қандастың немесе қоныс аударушының экономикалық мобильділік сертификаты бойынша ақшалай төлем беру туралы өтінішін қарау үшін еңбек мобильділігі орталығына жібереді.
Еңбек мобильділігі орталығы өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны қарайды, экономикалық мобильділік сертификаты бойынша өтініш берушіге ақшалай төлемді беру туралы шешім шығарады не себептерін дәлелді негіздей отырып, одан бас тарту туралы шешім қабылдайды, сонымен бірге қабылданған шешім туралы өтініш берушіні хабарландырады.
Мыналар:
1) өтініш берушінің осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген құжаттарды ұсынбауы;
2) ұсынылған құжаттарда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
3) жылжымайтын мүліктің мемлекеттік кадастрының бірыңғай ақпараттық жүйесіне алынған осы Қағидалардың 76-тармағында көзделген негіздердің болуы;
4) өтініш берушінің жұбайы (зайыбы) және отбасы мүшелері (бар болса) мансап орталығы тұру үшін берген қоныс аударуға жолдамада көрсетілген елді мекеннің/ауданның/облыстың мекенжайы бойынша тіркелмеуі;
5) қандасқа немесе қоныс аударушыға мансап орталығы берген қоныс аударуға жолдамада көрсетілген межелі елді мекеннен тыс жерлерде тұрғын үй сатып алу не салу экономикалық мобильділік сертификатын беруден бас тарту үшін негіздер болып табылады.
Қандас немесе қоныс аударушы экономикалық мобильділік сертификаты есебінен сатып алынған жылжымайтын мүлікпен мәміле жасау үшін еңбек мобильділігі орталығының келісімін алу қажет.
Ескерту. 68-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.05.2024 № 169 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.69. Еңбек мобильділігі орталықтары:
1) тұрғын үйді сатып алу кезінде – экономикалық ұтқырлық сертификаты бойынша ақшалай төлемді беру туралы шешім қабылданғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде тұрғын үйді сатып алу-сатудың алдын ала жасалған шартына сәйкес сатушының екінші деңгейдегі банктегі немесе қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы негізінде жеке және заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын ұйымдардағы дербес шотына;
2) ипотекалық қарыз кезінде – экономикалық мобильділік сертификаты бойынша ақшалай төлемді беру туралы шешім қабылданғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде тұрғын үй қарызы шартына сәйкес қарыз алушының екінші деңгейдегі банктік дербес шотына;
3) тұрғын үйді салу кезінде – қандастар мен қоныс аударушылардың екінші деңгейдегі банктегі немесе банк операцияларының жекелей түрлерін жүзеге асыратын басқа да ұйымдағы дербес шотына экономикалық мобильділігі сертификаты бойынша ақшалай төлемді аударады:
экономикалық мобильділік сертификаты бойынша ақшалай төлемді беру туралы шешім қабылданғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде экономикалық мобильділік сертификаты сомасының 25%-ын аударады.
Қандас пен қоныс аударушы экономикалық мобильділік сертификаты бойынша ақшалай төлемді алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде тұрғын үй құрылысының басталғандығы жөнінде мансап орталықтарын хабардар етеді;
құрылыс және монтаждау жұмыстарының аяқталғандығы жөнінде аудандық (қалалық) комиссияның растауымен екі жұмыс күні ішінде экономикалық мобильділік сертификаты сомасының 40%-ын аударады. Құрылыс және монтаждау жұмыстарының басталғанын растау үшін өтініш беруші мансап орталығына ерікті түрде нысандағы фото, бейне дәлелдемелері арқылы өтініш ұсынады.
Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) комиссия көрсетілген өтінішті алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде құрылыс орнына шығады және құрылыс және монтаждау жұмыстарының басталғаны жөнінде фактінің расталуы немесе расталмауы туралы шешім шығарады, ол туралы өтініш берушіні хабардар етеді;
құрылыс жұмыстарының аяқталғандығы жөнінде халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) комиссияның растағаннан кейін екі жұмыс күні ішінде экономикалық ұтқырлық сертификаты сомасының 35% -ын аударады.
Тұрғын үй құрылысының аяқталғаны туралы факт өтініш берушінің мансап орталықтарына Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес объектіні пайдалануға беру актісі арқылы расталады.
Ескерту. 69-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.12.2023 № 536 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.05.2024 № 169 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.70. Көшу шығыстарын өтеу бір рет отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК мөлшерінде бір рет беріледі.
Көшу шығыстарын өтеу үшін қандастар мен қоныс аударушылар мансап орталықтарына осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
Мансап орталықтары өтініштер тізбесін қалыптастырады және жалақы төлеу үшін еңбек мобильділігі орталығына тізбені жібереді.
Ескерту. 70-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.12.2023 № 536 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.71. Тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеу ай сайын, он екі айдан көп емес тұрғын үй алғанға дейін мынадай мөлшерлерде өтеледі:
1) қалалық жерлерге қоныс аударғандар үшін:
бір адам үшін 20 АЕК мөлшерінде;
отбасы мүшелерінің саны екеуден төртеуге дейін болса 25 АЕК мөлшерінде;
отбасы мүшелерінің саны бесеу және одан көп болған кезде 30 АЕК мөлшерінде төленеді;
2) ауылдық жерлерге қоныс аударғандар үшін:
бір адам үшін 15 АЕК мөлшерінде;
отбасы мүшелерінің саны екеуден төртеуге дейін болған кезде 18 АЕК мөлшерінде;
отбасы мүшелерінің саны бесеу және одан көп болған кезде 21 АЕК мөлшерінде төленеді.
72. Тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеу үшін қандастар мен қоныс аударушылар мансап орталықтарына осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
Мансап орталықтары өтініштер тізбесін қалыптастырады және екі жұмыс күні ішінде еңбекақы төлеу үшін еңбек мобильділігі орталығына жібереді.
Жалға алу/қызметтік тұрғын үй беру кезінде жалдау шартына сәйкес тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеу ұсынылмайды.
Ескерту. 72-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.12.2023 № 536 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.73. Материалдық көмек өтініш квотаға енгізілген кезден бастап алты айдан кешіктірілмей берілген жағдайда ұсынылады.
74. Бұрын көшуге субсидия тағайындалған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына қатысушылар тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеу бұрын жасалған әлеуметтік келісімшарттарға сәйкес осы Қағидалардың шарттарына сәйкес төлем алады.
75. Алып тасталды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.05.2024 № 169 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.76. "Дипломмен ауылға!" бағдарламасына қатысушыда, сондай-ақ қандаста немесе қоныс аударушыда және оның отбасы мүшелерінде жаңа тұрғылықты жері бойынша соңғы бес жыл ішінде меншік құқығындағы тұрғынжайы не соңғы алты айдан астам мерзімге коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрақты пайдалануындағы тұрғынжайы болған жағдайда жаңа тұрғылықты жері бойынша тұрғынжай, қызметтік тұрғынжай не жатақхана бөлмесі және экономикалық мобильділік сертификат бойынша ақшалай төлем берілмейді, тұрғынжайды жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу жөніндегі шығыстар өтелмейді.
Ескерту. 76-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.05.2024 № 169 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.76-1. Қандастардың немесе қоныс аударушылардың және олардың отбасы мүшесі (мүшелері) (бар болса) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлердің шегінен тыс жерге бес жыл ішінде өз бетінше ішкі көшіп-қонған жағдайларда қандастарға немесе қоныс аударушыларға және олардың отбасы мүшесіне (мүшелеріне) (бар болса) төленген материалдық көмекті қайтару:
1) алушының (алушылардың) материалдық көмекті қайтару туралы өтініші;
2) еңбек мобильділігі орталығының қандастар немесе қоныс аударушылар және олардың отбасы мүшесі (мүшелері) (бар болса) алған материалдық көмекті ерікті түрде қайтару туралы хабарламасы (наразылығы) (бұдан әрі – хабарлама);
3) алынған материалдық көмек сомасын бюджетке өтеу туралы сот шешімі негіздемелер болып табылады.
Ескерту. Қағидалар 76-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.05.2024 № 169 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.76-2. Еңбек мобильділігі орталықтары қандастың немесе қоныс аударушының және олардың отбасы мүшесінің (мүшелерінің) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерден тыс жерлерге өз бетінше кету фактісі анықталған (расталған) күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қандасқа немесе қоныс аударушыға және олардың отбасы мүшелеріне (мүшелері) (бар болса) материалдық көмекті ерікті түрде қайтару туралы хабарламаларды (наразылықтар) жібереді.
Ескерту. Қағидалар 76-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.05.2024 № 169 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.76-3. Қандас немесе қоныс аударушы және олардың отбасы мүшесі (мүшелері) хабарламаны алған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде алты айдан аспайтын қайтару мерзімін көздейтін жазбаша жауапты адресатқа ұсынады.
Ескерту. Қағидалар 76-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.05.2024 № 169 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.76-4. Қандасқа немесе қоныс аударушыға және олардың отбасы мүшесіне (мүшелеріне) (бар болса) осы Қағидаларға 2-қосымшамен бекітілген Әлеуметтік келісімшарттың 8-тармағынан туындайтын талаптарды еңбек мобильділігі орталығы:
1) қандас немесе қоныс аударушы және олардың отбасы мүшесі (мүшелері) шағымды қанағаттандырудан толық немесе ішінара бас тартқан;
2) не олардан берілген хабарламаға (наразылыққа) жауап алмаған жағдайларда еңбек мобильділігі орталықтарымен хабарлама (наразылық) жіберілген сәттен бастап жиырма жұмыс күні өткеннен кейін сот органдарына жібереді.
Ескерту. Қағидалар 76-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.05.2024 № 169 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.76-5. Қандастарға немесе қоныс аударушыларға және олардың отбасы мүшесіне (мүшелеріне) (бар болса) төленген материалдық көмекті қайтару жергілікті бюджет кірісіне жүзеге асырылады.
Ескерту. Қағидалар 76-5-тармақпен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.05.2024 № 169 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5-параграф. Қоныс аударушылар мен қандастар үшін тұрғын үй сатып алу (құнын төлеп алу) және(немесе) салу, сондай-ақ коныс аударушылар мен қандастар үшін тұрғын үй сатып алуды және(немесе) салуды қаржыландыру тәртібі
77. Тұрғын үй қатынастары саласындағы функцияларды жүзее асыратын жергілікті атқарушы орган қоныс аударушылар мен қандастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін:
1) бірыңғай үлгілік жоба бойынша тұрғын үй салуды, тұрғын үйді, оның ішінде өз қаражаты есебінен тұрғын үй салған жұмыс берушілерден сатып алуды (құнын төлеп алуды);
2) салынып жатқан объектілер бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуді;
3) тұрғын үй және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды салу үшін жер учаскелерін бөлуді;
4) инженерлік инфрақұрылым объектілерін салуды жүзеге асырады.
78. Қандастар мен қоныс аударушылар үшін тұрғын үйдің қажетті саны Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша тиісті жылға арналған қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы белгіленгенге дейін соңғы 5 жылда орта есеппен қалыптасқан үй шаруашылықтарының орташа мөлшеріне байланысты айқындалады.
79. Тұрғын үй саны қандастар мен қоныс аударушылар санын өңірлік квотада белгіленген үй шаруашылықтарының орташа мөлшеріне бөлу жолымен бірлікпен айқындалады.
Бұл ретте егер үйлердің жалпы саны оннан көп немесе одан аз болса, бүтін бірлікке дейін дөңгелектеу қолданылады.
80. Бірыңғай үлгілік жоба бойынша тұрғын үй құрылысы жұмыс берушілер тарапынан қоса қаржыландырылған кезде жүзеге асырылады, бұл ретте жұмыс беруші тұрғын үй құнының кемінде 15%-ын қоса қаржыландырады.
Қоса қаржыландыру туралы шешімді сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау істері жөніндегі жергілікті атқарушы орган қабылдайды.
81. Жұмыс берушілердің тарапынан қоса қаржыландырған жағдайда сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау істері жөніндегі жергілікті атқарушы орган мен жұмыс беруші мынадай талаптарды:
1) тұрғын үйді бірлесіп салу тәртібін;
2) қоныс аударатын азаматтарды міндетті түрде жұмысқа орналастыруды;
3) жұмыс берушінің қоса қаржыландыру мөлшерін көздейтін ниет шартын жасасады.
82. Заңнамада белгіленген тәртіппен мердігерді және объектінің түпкілікті құнын айқындағаннан кейін бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі, мердігер және жұмыс беруші тұрғын үй құрылысы және жұмыс берушінің қоса қаржыландыру шарттары туралы үшжақты шарт жасасады.
83. Тұрғын үй сатып алу (құнын төлеп алу) және(немесе салу), инженерлік инфрақұрылым объектілерін салу жергілікті атқарушы органдарға республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер, нысаналы даму трансферттері есебінен қаржыландырылады.
84. Жергілікті атқарушы органдар осы міндетті іске асыру үшін жергілікті бюджет қаражатын және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздерді тартады.
85. Жергілікті атқарушы органдар заңнамаға сәйкес тұрғын үй салуға жер учаскелерін бөлуді, жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуді, мемлекеттік сараптама өткізуді, қосуға техникалық шарттар беруді, сондай-ақ егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына және жергілікті бюджет қаражаты есебінен аумақтарды салу жоспарына сәйкес инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды тартуды және қосуды жүзеге асырады.
86. Тапсырыс беруші салынған немесе сатып алынған (құнын төлеп алынған) объектіні қабылдауды және пайдалануға беруді ол толық дайын болған кезде жүргізеді.
Объектіні бұзушылықтармен және құрылыстық кемшіліктермен пайдалануға қабылдаған жағдайда объектіні пайдалануға қабылдауға қатысушылар "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңында белгіленген жауаптылықта болады.
87. Тұрғын үйді пайдалануға беру актісін алғанға дейін тұрғын үйді сатып алуды (сатып алуды) түпкілікті қаржыландыруға жол берілмейді.
88. Тұрғын үй сатып алынғаннан (сатып алынғаннан) және (немесе) пайдалануға берілгеннен кейін тұрғын үй қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның балансына беріледі.
89. Тұрғын үй әлеуметтік келісімшарт жасалған жағдайда беріледі.
90. Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган, жұмыс беруші және қандас немесе қоныс аударушы арасында 20 жыл мерзімге тұрғын үй бере отырып, жалға алу шарты жасалады.
91. Әлеуметтік келісімшарт шарттары сақталғанда, бес жыл тұру мерзімі аяқталған соң, мынадай кезде:
1) сатып алынған кездегі тұрғын үйдің баланстық құнынан қалған соманы біржолғы төлеммен енгізген;
2) қалған соманы келесі он бес жыл ішінде тең үлестермен енгізуген (бұл ретте тұрғын үйдің құны бюджетке толық өтелгенге дейін ол қатысушының меншігіне әділет органдарында жылжымайтын мүлік ауыртпалығы салынып беріледі) кезде тұрғын үй жекешелендіріледі.
Қызметтік тұрғын үйлер "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 109 бабының 2-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес жекешелендіреді.
92. Нақты тұрған кезеңінде төленген жалға алу төлемдерінің бұдан бұрын енгізілген сомалары тұрғын үй құнының есебіне қосылады.
93. 20 жылдық мерзім аяқталған соң тұрғын үйді жекешелендіру шарттарынан бас тартқан жағдайда жалға алу шарты ұзартылады.
94. Қандасқа не қоныс аударушыға жергілікті атқарушы органның немесе жұмыс берушілердің қаражаты есебінен жалға берілетін тұрғын үй берілген жағдайда, тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу жөніндегі шығыстар өтелмейді.
95. Қоныс аударушылар мен қандастарға тұрғын үйді салуды қаржыландыру сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган арқылы жүзеге асырылады.
96. Қоныс аударушылар мен қандастарға тұрғын үйді сатып алуды (құнын төлеп алуды) қаржыландыру халықтың көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті орган арқылы жүзеге асырылады.
6-параграф. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан қызметтік тұрғын үйлерді, және жатақханалардан бөлмелерді беру және жайластыру тәртібі
97. Жергілікті атқарушы органдардың тапсырыстары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударатын қандас пен қоныс аударушыға жұмыс беруші жұмыскерге тұрғынжай ұсынған жағдайды қоспағанда, тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй және жатақханалардан бөлме беріледі.
98. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй әр адамға кемiнде он бес шаршы метр және он сегiз шаршы метрден аспайтын пайдалы алаң көлемінде берiледi.
99. Қандас немесе қоныс аударушы мен қоныстандыру жерінің мансап орталығы арасында "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1420 қаулысымен бекітілген нысан бойынша мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi жалдау (қосымша жалдау) шарты жасалады.
Бюджеттік сала жұмыскерлері қатарындағы қатысушыларға жаңа тұрғын үйді сатып алуды жұмыс берушілердің қажеттілігінің негізінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.
100. Жатақханадан бөлмелер отыз бес жасқа дейінгі еңбекші жастарға (оның ішінде жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілеріне, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған балаларға) олардың бұрынғы тұрған жеріне, оның ішінде облыс орталықтарында тұрғанына қарамастан беріледі.
101. Жастар, оның ішінде некеде тұрған жастар үшін жатақханалардан бөлмелер мынадай:
1) жасының отыз беске дейін болуы;
2) қолданыстағы еңбек шартының немесе әлеуметтік келісімшарттың болуы;
3) жылжымайтын мүлкі жоқтығы туралы анықтаманың болуы;
4) екінші деңгейлі банкта шот ашу туралы анықтаманың болуы шарттарына сәйкес келгенде беріледі.
102. Жастарға арналған жатақханадағы бөлмелер 10 жылға дейінгі мерзімге беріледі және жекешелендіруге жатпайды. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның шешімі бойынша жастарға арналған жатақханадағы бөлмені жалдау шарты бес жылдан аспайтын мерзімге бір рет ұзартылады.
103. Жастарға арналған жатақханадағы бөлме, тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі комиссия қабылдаған тұрғын үй беру туралы шешімнің және мансап орталығы мен қандас немесе қоныс аударушы арасында жасалған тұрғын үйді, қызметтік тұрғын үйді және жатақханадағы бөлмені жалдау (қосымша жалдау) туралы шарттың негізінде беріледі.
104. Қандастың немесе қоныс аударушының немесе еңбек етуге қабілетті отбасы мүшесінің екі айдан астам қолданыстағы еңбек шарты немесе мемлекеттік қолдау көрсету туралы әлеуметтік шарты болмаған жағдайда тұрғын үйді, қызметтік тұрғын үйді, жастарға арналған жатақханадағы бөлмені жалдау (қосымша жалдау) шарты бұзылады.
105. Егер шарт жасасу туралы ұсыныс жасалған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қандас немесе қоныс аударушы жалдау (қосымша жалдау) шартына қол қоймаса, мансап орталығы жастарға арналған жатақханадан бөлмені, тұрғын үйді, қызметтік тұрғын үйді басқа қатысушыға қайта бөледі.
106. Мансап орталығы жастарға арналған жатақханадан бөлмені, тұрғын үйді, қызметтік тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шартын мансап орталығының (қоныстандыру жерінің) тұрғын үй комиссиясы тиісті шешім қабылдағаннан кейін бес жұмыс күні ішінде жасайды.
107. Қандас немесе қоныс аударушы жастарға арналған жатақханадан бөлмені, тұрғын үйді, қызметтік тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шартының тарапы болады.
108. Жастарға арналған жатақханадан бөлмені, тұрғын үйді, қызметтік тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген тәртіппен екі данада жасалады.
109. Жастарға арналған жатақханалардан бөлмені, тұрғын үйді, қызметтік тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шартының бір данасы мансап орталығында сақталады, екіншісі өтініш берушіге беріледі және жастарға арналған жатақханадан бөлмеге, тұрғын үйге, қызметтік тұрғын үйге қоныстануға құқық беретін жалғыз құжат болып табылады.
110. Жалдау (қосымша жалдау) шарты күнтізбелік бір жыл мерзімге жасалады және тараптардың біреуі шарт аяқталғанға дейін күнтізбелік бір ай қалғанда жалдау (қосымша жалдау) шартының талаптарына сәйкес хабарлама (еркін нысанда) жіберген жағдайларды қоспағанда, жыл сайын (жатақханадағы бөлмені жалға алудың онжылдық мерзімі аяқталғанға дейін) автоматты түрде ұзартылады.
111. Қандас немесе қоныс аударушы қайтыс болған жағдайда бұрын жасалған жалдау (қосымша жалдау) шарты халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі қалалық (аудандық) комиссияның келісімімен тұрғын үй комиссиясының шешімі бойынша жалға алушы отбасының кәмелетке толған мүшесімен ұзартылады.
112. Отбасының кәмелетке толған мүшесі болмаған жағдайда жалдау (қосымша жалдау) шарты қалалық (аудандық) комиссияның келісімімен отбасының кәмелетке толмаған мүшесінің (мүшелерінің) заңды өкілдерімен жасалады.
113. Жалға алушының ауысуы тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шартын қайта ресімдеуге алып келеді.
114. Жастарға арналған жатақханадан бөлме, тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй қандасқа немесе қоныс аударушыға бір рет қана беріледі.
115. Төтенше жағдайлардың немесе күшпен еңсеруге келмейтін (форс-мажор) өрт, жер сілкіну, су тасқыны сияқты жағдайлардың нәтижесінде жастарға арналған жатақхана, тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй апаттық, авариялық, тұру үшін жарамсыз болып танылған жағдайда бос тұрғын үй болған кезде соған теңестірілген басқа тұрғын үй беріледі.
116. Жастарға арналған жатақханадан бөлмені, тұрғын үйді, қызметтік тұрғын үйді жалға алудың ай сайынғы төлемінің мөлшерін Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7232 болып тіркелді) бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлем мөлшерін есептеу әдістемесіне сәйкес мансап орталығы айқындайды.
117. Тұрғын үйді бөлудің осы тәртібі ЖҚЖК 2020 бағдарламасы, "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бұрын салынған (сатып алынған) қызметтік тұрғын үйге және еңбек жастарына арналған жатақханаларға, сондай-ақ жергілікті бюджет қаражаты есебінен салынған және (немесе) сатып алынған тұрғын үйге және жатақханаларға қолданылады.
Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларына 1-қосымша Нысан |
Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы өтініш _________________________________________________________________ (жергілікті атқарушы органның атауы)
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.05.2024 № 169 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Мені/мені және менің отбасымның мүшелерін өңірлік қоныс аударушыларды қабылдаудың квотасына қосуды сұраймын.
Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) | |
Т.А.Ә. (бар болса) | |
Туған күні, айы, жылы | |
Жынысы | |
Тұрғылықты мекенжайы | |
Жұмыспен қамту санаты: |
Отбасының құрамы мынадай:
ЖСН | Т.А.Ә. (бар болса) | Туыстық дәрежесі | Туған күні | Азаматтығы | Ұлты | Тұрғылықты мекенжайы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін:
____________________________________________;
____________________________________________;
"Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабына сәйкес "Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу" мемлекеттік қызметін көрсету үшін қажетті жеке деректерімді жинауға және өңдеуге өзімнің келісімімді беремін.
20 ___ "__" _____________ _______________________________________
(өтініш берушінің қолы)
__________________________________________________________
(Т.А.Ә. (бар болса) құжаттарды қабылдаған адамның лауазымы)
Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларына 2-қосымша Нысан |
Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу бойынша мемлекеттік қолдау көрсету туралы әлеуметтік келісімшарт
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.05.2024 № 169 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
______________ 20__ жылғы "___"_____________
(жасалған орны)
Бұдан әрі "Еңбек мобильділігі орталығы" деп аталатын
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(Еңбек мобильділігі орталығының атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі) атынан
____________________________________________________________________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
бір тараптан және бұдан әрі "Ерікті қоныс аударуға қатысушы" деп аталатын
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________,
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі, жеке басты
куәландыратын құжаттың сериясы, нөмірі, қашан және кім берген), екінші тараптан
төмендегілер туралы осы әлеуметтік келісімшартты (бұдан әрі – Келісімшарт) жасасты:
1-тарау. Келісімшарттың мәні
1. Келісімшарт жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шараларын көрсету мақсатында жасалды.
2. Еңбек мобильділігі орталығының филиалы ретінде Мансап орталығы және Ерікті қоныс аударуға қатысушы Келісімшарттың тараптары ретінде қатысады.
Келісімшарт шеңберінде ерікті қоныс аударуға қатысушыға мынадай мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады:
__________________________________________________________________________
(мемлекеттік қолдау шараларын көрсету)
3. Келісімшарт Еңбек мобильділігі орталығы басшысының бұйрығы негізінде жасалды.
2-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
4. Мансап орталығының:
1) Ерікті қоныс аударуға қатысушыдан материалдық көмек тағайындау және тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй (еңбекші жастарға арналған жатақханалардан бөлмелер) беру үшін өтініш пен құжаттар топтамасын қабылдауға;
2) тұрғын үй комиссиясының Ерікті қоныс аударуға қатысушыға тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй (еңбекші жастарға арналған жатақханалардан бөлмелер) беру туралы шешімін қабылдауға;
3) Ерікті қоныс аударуға қатысушымен тұрғын үйді, қызметтік тұрғын үйді (еңбекші жастарға арналған жатақханалардан бөлмелерді) жалдау (жалға алу) шартын жасасуға;
4) материалдық көмек төлеу туралы шешім қабылдау және ерікті қоныс аударуға Қатысушының дербес шотына субсидиялар аудару үшін Еңбек мобильділігі орталығына жібереді;
5) Ерікті қоныс аударуға қатысушының тұрғын үйге, қызметтік тұрғын үйге (еңбекші жастарға арналған жатақханалардағы бөлмеге) қоныстануын қамтамасыз етуге;
6) ерікті қоныс аударуға Қатысушыны жаңа тұрғылықты жері бойынша тіркеуге жәрдемдесуге;
7) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 234 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32880 болып тіркелген) бекітілген Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларында келісілген жағдайларда Ерікті қоныс аударуға қатысушы отбасының кәмелеттік жасқа толған басқа мүшелерімен тұрғын үйді жалға алу шартын қайта жасауға құқығы бар.
5. Мансап орталығы:
1) Ерікті қоныс аударуға қатысушының тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасуына, кәсіпкерлік қызметті дамытуға және кәсіби дағдыларды игеруге жәрдемдесуге және оны бақылауды жүзеге асыруға;
2) Ерікті қоныс аударуға қатысушы мен жұмыс берушінің Келісімшартты орындауына мониторингті жүзеге асыруға;
3) тараптардың міндеттемелерді орындауына мониторингті жүзеге асыруға қажетті ақпаратты, құжаттарды және материалдарды тараптардан сұратуға және алуға;
4) Ерікті қоныс аударуға қатысушының көшу тәртібіне, мерзіміне қатысты ақпаратты шыққан жеріндегі мансап орталығынан сұратуға;
5) Ерікті қоныс аударуға қатысушы мен жұмыс берушіден Келісімшарт талаптарының уақтылы және тиісінше орындалуын талап етуге;
6) Келісімшарт талаптары орындалмаған және (немесе) тиісінше орындалмаған жағдайда тұрғын үйді, қызметтік тұрғын үйді (еңбекші жастарға арналған жатақханалардан бөлмені) жалға алу шартын бұзуға;
7) жұмысқа орналастырудың жеке картасында ерікті қоныс аударуға қатысушының қоныс аударғаннан кейін тұрақты жұмысқа орналасқаны туралы мәліметтерді көрсетуге;
8) Ерікті түрде қоныс аударуға қатысушылар және олардың кәмелеттік жасқа толған отбасы мүшелері арасында жыл сайын берілген тұрғын үйдің сапасына қанағаттану бойынша сауалнама жүргізуге;
9) саны, сапасы, қоныс аударуға арналған елді мекенде орналасуы бойынша ерікті түрде қоныс аударуға қатысушыны тұрғын үймен қамтамасыз ету тетігіне мониторинг жүргізуге;
10) Қатысушының Келісімшартта көзделген міндеттемелерді орындауына мониторинг жүргізуге міндетті.
6. Ерікті қоныс аударуға қатысушының:
1) Мансап орталығына материалдық көмек тағайындау және тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй (еңбекші жастарға арналған жатақханалардан бөлмелер) бөлу үшін өтініш пен қажетті құжаттар топтамасын тапсыруға;
2) шыққан жерінің Мансап орталығынан көшудің тәртібі, мерзімі және қабылдау шарттары туралы, оның ішінде тұрғын үймен, қызметтік тұрғын үймен (еңбекші жастарға арналған жатақханалардан бөлмемен) қамтамасыз ету және тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша ақпарат алуға;
3) Келісімшарт тараптарынан Келісімшарттың уақтылы және тиісінше орындалуын талап етуге;
4) Келісімшартта көзделген мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқығы бар.
7. Ерікті қоныс аударуға қатысушы:
1) көшуге жолдама алғаннан кейін белгіленген мерзімдерде айқындалған елді мекенге келуге;
2) Мансап орталығымен тұрғын үйді, қызметтік тұрғын үйді (еңбекші жастарға арналған жатақханалардан бөлмелерді) жалға беру шартын жасауға және оған белгіленген мерзімде қоныстануға;
3) жұмыс беруші ұсынған тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасуға не кейіннен жұмысқа орналасумен кәсіптік оқытудан өтуге;
4) міндетті түрде дара кәсіпкер, заңды тұлға, жеке практикамен айналысатын адам ретінде немесе шаруа немесе фермер қожалығы нысанында тіркелумен әзірленген бизнес-жоспарға сәйкес кәсіпкерлік қызметпен айналысуға;
5) коммуналдық және жалға алу ақысын уақтылы төлеуге;
6) тараптардың міндеттемелерін орындауына мониторингті жүзеге асыруға қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды уақтылы және толық көлемде тараптардың сұратуы бойынша ұсынуға;
7) өзіне көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде жүктелген міндеттемелерді адал атқаруға;
8) Келісімшарт жасалған сәттен бастап бес жыл ішінде қоныстандыру орнынан (отбасымен) шыққан жағдайда екі ай ішінде бюджетке алынған материалдық көмек сомасын өтеуге міндетті.
9) Келісімшарт жасалған сәттен бастап бес жыл ішінде қоныс аудару орнынан (отбасымен) шыққан не мәміле жасалған күннен бастап бес жыл өткенге дейін экономикалық мобильділік сертификаты бойынша ақшалай төлемдерді пайдалана отырып сатып алынған тұрғын үйді сатқан жағдайда, ерікті қоныс аударуға қатысушы экономикалық мобильділік сертификаты бойынша алынған ақшалай төлемдерді өтеуге міндетті.
8. Вахталық әдіспен жұмысқа орналасу не тұратын өңірден тыс жерде еңбек қызметін жүзеге асыру, әскери қызметке шақыру, осы елді мекенде тұруға мүмкіндік бермейтін сырқаттану жұмыс берушінің өтінімі бойынша басқа жерге оқуға жіберілу жағдайларын қоспағанда, Ерікті түрде қоныс аударуға қатысушының отбасы мүшелерінің бірі қоныс аударған жерден кеткен жағдайда, отбасының кеткен мүшесі алған материалдық көмектің сомасы екі ай ішінде бюджетке қайтарылады.
9. Отбасы мүшелерінің бірінің қоныстану орнынан тыс шығу фактісі анықталғаннан кейін Еңбек мобильділігі орталығы отбасы мүшелерінің санына сәйкес материалдық көмекті қайта есептейді.
3-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
10. Мансап орталығы мен Ерікті қоныс аударуға қатысушы осы Келісімшартта көзделген өз міндеттемелерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жауаптылықта болады.
11. Мансап орталығы мен Ерікті қоныс аударуға қатысушы осы Келісімшартта көзделмеген жауапкершілік шаралары Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының нормаларына сәйкес қолданылады.
12. Осы Келісімшарттың қолданылу мерзімінің аяқталуы Мансап орталығын және Ерікті қоныс аударуға қатысушыларды осы мерзімнің аяқталуына дейін болған бұзушылық үшін жауапкершіліктен босатпайды.
4-тарау. Еңсерілмейтін күш жағдаяттары
13. Мансап орталығы мен Ерікті қоныс аударуға қатысушы осы Келісімшартқа қол қойылғаннан кейін туындаған өрт, жер сілкінісі, су тасқыны және апатты құбылыстар, әскери әрекеттер сияқты төтенше жағдайларда немесе күшпен еңсеруге келмейтін жағдайларда (форс-мажор) міндеттемелерін толық немесе ішінара орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.
14. Форс-мажорлық жағдаяттар туындаған кезде, осы Келісімшартқа сәйкес қандай да болмасын міндеттемесінің орындалуы осындай жағдайдың туындауына орай мүмкін болмай қалған Мансап орталығы мен Ерікті қоныс аударуға Қатысушы форс-мажорлық жағдай туындаған немесе тоқтатылған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде жазбаша нысанда (осы келісімшарт бойынша өз міндеттемелерінің орындалмауы мүмкіндігін уәждемелеп және негіздеп) хабардар етуге міндеттенеді.
15. Хабардар етпеу немесе уақтылы хабарламау, мұндай хабардар етпеу немесе уақтылы хабарламау тиісті форс-мажорлық жағдайлардан тікелей туындаған жағдайларды қоспағанда, Мансап орталығы мен ерікті қоныс аударуға Қатысушыны осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалмауы үшін жауапкершіліктен босатушы негіздеме ретінде кез келген форс-мажорлық жағдайға сілтеме жасаудан айырады. Форс-мажорлық жағдайлардың басталуы немесе тоқтатылуы туралы хабарлама форс-мажорлық жағдайлар жалпыға белгілі және көпшілік сипатта болған әрі дәлелдеуді қажет етпейтін жағдайларды қоспағанда, құжатпен не мұндай жағдайдарды растайтын тиісті органның және/немесе мекеменің шешімімен расталуға тиіс.
16. Осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалу мерзімі форс-мажорлық жағдайлар, сондай-ақ осы жағдайлардан туындаған салдар орын алған уақытқа тең болады. Егер форс-мажорлық жағдайлардың туындауына байланысты Мансап орталығының және Ерікті қоныс аударуға қатысушының осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің толық немесе ішінара орындалмауы ____ (кезеңі көрсетілсін) асатын болса, онда Мансап орталығы мен ерікті қоныс аударуға қатысушы осы Келісімшартты бұзуға құқылы.
5-тарау. Басқа да жағдайлар
17. Келісімшартқа тараптардың келісуі бойынша қосымша келісімшартқа қол қою арқылы өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
"Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес Келісімшартта көзделген міндеттемелердің орындалуына мониторинг жүргізу үшін осы Келісімшартқа қол қоя отырып, Қатысушы өзінің және оның отбасы мүшелерінің дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісім береді.
18. Осы Келісімшарт оған Еңбек мобильділігі орталығы және Ерікті қоныс аударуға қатысушы қол қойған сәттен бастап күшіне енеді және 20__ "__" ______ жылға дейін қолданылады.
6-тарау. Тараптардың мекенжайлары мен деректемелері
Еңбек мобильділігі орталығы Ерікті қоныс аударуға қатысушы
________________________________ |
________________________________ |
Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларына 3-қосымша |
Нысан
Өтініш
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.12.2023 № 536 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
__________________________________________________________________________
____________________________________________________негізінде әрекет ететін
(Ереже, жарғы)
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(жұмыс берушінің атауы)
атынан____________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(уәкілетті өкілдің лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
жұмыс беруші ретінде ерікті өңіраралық қоныс аударуға қатысушылар құрамына қосуды және 400 АЕК мөлшерінде субсидия тағайындауды немесе тұрғын үй шығыстарын өтеуді сұраймын.
Мәселе оң шешiлген жағдайда төмендегілер туралы:
1) ерікті түрде қоныс аударуға қатысушыны кемінде екі немесе бес жыл мерзімге тұрақты жұмысқа орналастыруға;
2) жұмысқа орналастырылған қызметкерлердің еңбек шарттары бойынша мәліметтерді "Электрондық еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі" ААЖ-да орналастыруды қамтамасыз ету;
3) Ерікті түрде қоныс аударуға қатысушының көшуі, жаңа тұрғылықты жерінде жайластыруға жәрдемақы беру, қызметтік тұрғын үй беру жөніндегі немесе жұмыскердің тұрғын үй жалдау жөніндегі шығыстарын өтеу, жұмыскердің тұрғын үй сатып алуға жұмсаған шығыстарын ішінара өтеу, жұмыскердің шығыстарын толық немесе ішінара өтеу міндеттемелерін қабылдаймын.
№ п/п | Ерікті қоныс аударуға қатысушының аты-жөні | Бұйрықтың №, күні | Кім ретінде жұмысқа қабылданды | Айлық жалақының мөлшері, теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Қосымша:
1. Көшу, жаңа тұрғылықты жерде орнығуына жәрдемақы беру, қызметтік тұрғын үй беру немесе жұмыскердің тұрғын үйді жалдау бойынша шығыстарын өтеу, жұмыскердің тұрғын үй сатып алуға жұмсаған шығыстарын ішінара өтеу бойынша шығыстар сметасы.
2. Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына қосу туралы өңірлік комиссияның шешімі.
3. Жұмыс берушінің жұмысқа қабылдау туралы актісі не жұмыс берушінің қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылған жұмыскерлермен жасалған еңбек шарттарының көшірмесі;
4) шығыстарды өтеу кезінде тұрғын-үйді сату-сатып алу келісімшартын;
5) жалдау немесе қайтарымсыз негізде пайдалану келісімшарты.
Басшы _____________________ ________________ қолы күні
М.О. (бар болса)
Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларына 4-қосымша |
Үлгілік нысан
Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу бойынша мемлекеттік қолдау көрсету туралы үшжақты әлеуметтік келісімшарт
20__ жылғы "___" _________
(жасалған орны)
Бұдан әрі "Еңбек мобильділігі орталығы" деп аталатын __________________________
(Еңбек мобильділігі орталығының атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, лауазымы,
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
_________________________________________________________________________
атынан ___________________________________________________________________
бір тараптан, бұдан әрі – "Ерікті қоныс аударуға қатысушы" деп аталатын
__________________________________________________________________________
______________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі, жеке басын
куәландыратын құжаттың сериясы, нөмірі, қашан және кім берген)
атынан екінші тараптан және "Жұмыс беруші" деп аталатын
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________
(жұмыс берушінің атауы, заңды өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), бизнес
сәйкестендіру нөмірі, жұмыс берушінің заңды мекен-жайы) үшінші тараптар төмендегі туралы осы әлеуметтік келісімшартты (бұдан әрі – Келісімшарт) жасады:
1-тарау. Келісімшарттың мәні
1. Келісімшарт жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шараларын көрсету мақсатында жасалды.
2. Келісімшарт тараптары Еңбек мобильділігі орталығының филиалы ретінде мансап орталығы және Ерікті қоныс аударуға қатысушы, Жұмыс беруші болады.
__________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
(Ерікті қоныс аударуға қатысушыға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шараларын көрсету) ұсынылады.
3. Келісімшарт Еңбек мобильділігі орталығы басшысының 20 ___ жылғы "___" _____________ № ____ бұйрығы негізінде жасалды.
2-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
4. Мансап орталығының:
1) Ерікті қоныс аударуға қатысушыдан көшуге субсидия тағайындау, жұмыс берушінің шығыстарын өтеуге және тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй беру үшін өтініш пен құжаттар топтамасын қабылдауға;
2) жаңа тұрғылықты жері бойынша ерікті түрде қоныс аударуға қатысушыны тіркеуге жәрдем көрсетуге міндетті;
3) Қағидаларда айтылған жағдайларда ерікті түрде қоныс аударуға қатысушының кәмелетке толған басқа да отбасы мүшелерімен тұрғын үйді жалдау шартын қайта жасасуға құқығы бар.
5. Мансап орталығы:
1) жұмысқа орналасқан күннен бастап екі немесе бес жыл ішінде ерікті түрде қоныс аударуға қатысушының жұмыс орнының сақталуына бақылауды жүзеге асыруға;
2) Ерікті қоныс аударуға қатысушы мен жұмыс берушінің келісімшартты орындауына мониторингті жүзеге асыруға;
3) тараптардың міндеттемелерін орындауына мониторингті жүзеге асыруға қажетті ақпаратты, құжаттарды және материалдарды тараптардан сұратуға және алуға;
4) Ерікті қоныс аударуға қатысушы мен жұмыс берушіден Келісімшарт талаптарының уақтылы және тиісінше орындалуын талап етуге;
5) жұмысқа орналастырудың жеке картасында Ерікті қоныс аударуға қатысушының қоныс аударғаннан кейін тұрақты жұмысқа орналасқаны туралы мәліметтерді көрсетуге міндетті.
6. Ерікті қоныс аударуға қатысушының:
1) Келісімшарт тараптарынан келісімшарттың уақтылы және тиісінше орындалуын талап етуге;
2) жұмыс берушіден келісімшартта көзделген қолдау шараларын алуға;
7. Ерікті қоныс аударуға қатысушы:
1) көшуге жолдама алғаннан кейін белгіленген мерзімдерде айқындалған елді мекенге келуге;
2) жұмыс беруші ұсынған тұрақты жұмыс орнына орналасуға немесе кейіннен жұмысқа орналасумен кәсіптік оқытудан өтуге;
3) тараптардың міндеттемелерін орындауына мониторингті жүзеге асыруға қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды уақтылы және толық көлемде тараптардың сұратуы бойынша ұсынуға;
4) өзіне көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде жүктелген міндеттемелерді адал атқаруға;
8. Жұмыс берушінің:
1) Мансап орталығына субсидиялар тағайындау, шығыстарды өтеу үшін қажетті өтініш пен құжаттар топтамасын беруге;
2) келісімшарт тараптарынан келісімшарттың уақтылы және тиісінше орындалуын талап етуге құқығы бар.
9. Жұмыс беруші:
1) 400 АЕК көлемінде субсидия алған кезде ерікті қоныс аударуға қатысатын адамдарды тұрақты жұмыс орнына қабылданған күннен бастап кемінде күнтізбелік жиырма төрт ай мерзімге жұмысқа орналастыруға;
2) экономикалық ұтқырық сертификаты арқылы шығыстарды өтеу кезінде Ерікті қоныс аударуға қатысатын адамдарды тұрақты жұмыс орнына қабылданған күннен бастап кемінде күнтізбелік алпыс ай мерзімге жұмысқа орналастыруға;
3) жұмысқа қабылдау немесе одан бас тарту туралы мансап орталығын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде хабардар етуге;
4) Ерікті қоныс аударуға қатысушымен 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Еңбек кодексі) сәйкес еңбек шартын жасауға;
5) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Салық кодексі), "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Ерікті қоныс аударуға қатысушылар алған табыстарынан жеке табыс салығын және міндетті зейнетақы жарналарын ұстауды және аударуды, сондай-ақ әлеуметтік салық төлеуді және орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер үшін Бағдарламаға қатысушыларға төленетін жұмыс берушінің табыс түріндегі төлейтін шығыстарынан әлеуметтік аударымдар аударуды жүргізуге;
6) мансап орталығының сұратуы бойынша Ерікті қоныс аударуға қатысушыға міндетті зейнетақы аударымдары аударылғанын растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынуға;
8) Ерікті қоныс аударуға қатысушыны кейіннен жұмысқа орналастыру үшін кәсіптік оқытуға жіберуге;
8) 400 АЕК көлемінде субсидия алған кезде ерікті қоныс аударуға қатысушыны тұрғын үймен қамтамасыз етуге міндетті.
9) жекешелендіру құқығымен бес жылдан кем емес мерзімге тұрғын үймен қамтамасыз ету.
10. Әлеуметтік келісімшарттың талаптарына сәйкес Ерікті қоныс аударуға қатысушы (отбасымен бірге) қоныстандырған жерінен екіжылдық немесе бесжылдық кезең өткенге дейін негізсіз кеткен жағдайда, кеткен күнінен бастап он екі ай мерзімде жұмыс беруші осы жұмыскер үшін алған субсидияны және төлемдерді өтейді.
3-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
11. Мансап орталығы, Ерікті қоныс аударуға қатысушы және жұмыс беруші осы Келісімшартта көзделген өз міндеттемелерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жауаптылықта болады.
12. Жұмыс берушілермен Ерікті қоныс аударуға қатысушыны жұмысқа орналастыру жөніндегі міндеттемені орындамаған жағдайда жұмыс берушілер жұмыскердің көшу бойынша шығыстарын өтеуге жаңа тұрғылықты жерде орнығуға жәрдемақы ұсынуға, жұмыскерге қызметтік тұрғын үй беруге немесе тұрғын үйді жалдау бойынша шығыстарын өтеуге, жұмыскердің тұрғын үй сатып алуға шығыстарын ішінара өтеу, жұмыскердің мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметтеріне ақы төлеу шығыстарын толық немесе ішінара өтеуге мемлекеттің көтерген шығыстарын өтейді.
13. Мансап орталығының мен Ерікті қоныс аударуға қатысушылармен жұмыс берушілердің осы Келісімшартта көзделмеген жауапкершілік шаралары Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының нормаларына сәйкес қолданылады.
14. Осы Келісімшарттың қолданылу мерзімінің аяқталуы Мансап орталығын Ерікті қоныс аударуға қатысушыды және жұмыс берушіні осы мерзімнің аяқталуына дейін болған оны бұзғаны үшін жауапкершіліктен босатпайды.
4-тарау. Еңсерілмейтін күш жағдаяттары
15. Мансап орталығымен Ерікті қоныс аударуға қатысушы және жұмыс беруші осы Келісімшартқа қол қойылғаннан кейін туындаған өрт, жер сілкінісі, су тасқыны және апатты құбылыстар, әскери әрекеттер сияқты төтенше жағдайларда немесе күшпен еңсеруге келмейтін жағдайларда (форс-мажор) міндеттемелерін толық немесе ішінара орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.
16. Форс-мажорлық жағдайлар туындаған кезде, осы Келісімшартқа сәйкес қандай да болмасын міндеттемесінің орындалуы осындай жағдайдың туындауына орай мүмкін болмай қалған Мансап орталығы, Ерікті қоныс аударуға қатысушы және жұмыс беруші форс-мажорлық жағдай туындаған немесе тоқтатылған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде жазбаша нысанда (осы келісімшарт бойынша өз міндеттемелерінің орындалмауы мүмкіндігін уәждемелеп және негіздеп) хабардар етуге міндеттенеді.
17. Хабардар етпеу немесе уақтылы хабарламау, Мансап орталығыны Ерікті қоныс аударуға қатысушыны және жұмыс берушіні мұндай хабардар етпеу немесе уақтылы хабарламау тиісті форс-мажорлық жағдайлардан тікелей туындаған жағдайларды қоспағанда, осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалмауы үшін жауапкершіліктен босатушы негіздеме ретінде кез келген форс-мажорлық жағдайға сілтеме жасаудан айырады.
Хабардар етпеу немесе уақтылы хабарламау, Жұмыспен қамту орталығыны Ерікті қоныс аударуға қатысушыны және жұмыс берушіні мұндай хабардар етпеу немесе уақтылы хабарламау тиісті форс-мажорлық жағдайлардан тікелей туындаған жағдайларды қоспағанда, осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалмауы үшін жауапкершіліктен босатушы негіздеме ретінде кез келген форс-мажорлық жағдайға сілтеме жасаудан айырады.
18. Осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалу мерзімі форс-мажорлық жағдайлар, сондай-ақ осы жағдайлардан туындаған салдар орын алған уақытқа тең болады. Егер форс-мажорлық жағдайлардың туындауына байланысты Мансап орталығының, Ерікті қоныс аударуға қатысушынының және жұмыс берушінің осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің толық немесе ішінара орындауының мүмкін болмауы _____ (кезеңі көрсетілсін) асатын болса, онда осы Келісімшартты бұзуға құқылы.
5-тарау. Басқа да жағдайлар
19. Келісімшартқа тараптардың келісімі бойынша қосымша әлеуметтік келісімшартқа қол қою арқылы өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
20. Осы Келісімшарт оған Мансап орталығы, Ерікті қоныс аударуға қатысушы және жұмыс беруші қол қойған сәттен бастап күшіне енеді және 20__ жылғы "__" ______ дейін қолданылады.
6-тарау. Тараптардың мекенжайлары мен деректемелері
Еңбек мобильділігі орталығы |
Ерікті қоныс аударуға қатысушы |
Жұмыс беруші |
Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларына 5-қосымша |
Нысан
ауданының (қаласының) мансап орталығының директорына кімнен _______________________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) |
Ерікті облысішілік қоныс аударуға қатысушылар қатарына қосу туралы өтініш
Мені/мені және менің отбасымының мүшелерін ерікті облысішілік қоныс аударуға қатысушылар қатарына қосуыңызды өтінемін
ЖСН | |
Т.А.Ә. (бар болса) | |
Туған күні, айы, жылы | |
Жынысы | |
Мекенжайы |
Төмендегідей отбасымның құрамы бар:
ЖСН |
Т.А.Ә. | Туыстық дәрежесі | Туған күні | Жағдайы | Тұру мекен-жайы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін:
_________________________________________________________________________;
_________________________________________________________________________;
_________________________________________________________________________;
Осымен ерікті облысішілік қоныс аударуға қатысушылар қатарына қосу үшін қажетті
менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге өз келісімімді беремін.
20 ___ "___" ___________ _________________________________________
( өтініш берушінің қолы )
Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларына 6-қосымша |
Нысан
Қоныс аударуға №___ жолдама
Қатысушы _______________________________________________________________
_________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі)
өңірлік комиссияның 20 ___ жылғы "____" ________________ №____ шешіміне
сәйкес ___________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(елді мекеннің/ауданның/облыстың атауы)
тұру және __________________________________________________
(кәсіп/мамандық атауы)
мамандығы (кәсібі) бойынша жұмысқа орналасу үшін жіберіледі.
Онымен бірге:
ЖСН | Т.А.Ә. (бар болса) | Туыстық дәрежесі | Туған күні | Жағдайы | Тұру мекен-жайы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
қоныс аударады
Мансап орталығының директоры
_________________________________________________-_______________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы)
Берілген күні __________________
М.О.
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------
(кесу сызығы)
Жолдама берген мансап орталығына қайтарылады.
№ ____ жолдамаға хабарлама
_____________________________________________
_________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(қоныстанған аудан/қала, облыстың мансап орталығы)
ЖСН | |
Т.А.Ә. (бар болса) | |
Туған күні, айы, жылы | |
Жынысы | |
Мекенжайы |
20 __ жылғы "___"___________ жасалған № ________ әлеуметтік келісімшартқа сәйкес
(20_ жылғы________ № ___ бұйрық) ерікті облысішілік қоныс аударуға қатысушы болып
табылады және оған
__________________________________________________________________________
_________________________________________
(елді мекеннің/ауданның/облыстың атауы)
__________________________________________________________________________
_________________________________________
(жұмыс берушінің атауы, заңды мекенжайы, байланыс телефондары)
кейіннен жұмысқа орналасумен тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй, жатақханадан бөлме, тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге субсидия беріледі (қажеттінің астын сызу).
Мансап орталығының директоры
________________________________ ___________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса (қолы)
Күні __________________
М.О.
"Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларына 7-қосымша |
Нысан
________________________ ауданының (қаласының) Мансап орталығының директорына _______________________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) |
Өтініш
Ескерту. 7-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.12.2023 № 536 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Бізге тұрғын үйді жеке меншікке сатып алу үшін құқығымызды іске асыруға тиесілі экономикалық ұтқырлық сертификаты бойынша соманы төлеуді сұраймын.
Экономикалық ұтқырлық сертификат мыналарға пайдаланылады:
- құрылыс үшін ____________________________________________;
- сатып алу үшін_______________________________________________;
- тұрғын-үй қарызы ипотекасы бойынша алғашқы жарна ретінде өтеу үшін
__________________________________________________.
_______________________________________________________________
(банктiң атауы, банктiң бизнес, жеке сәйкестендіру номірі, банктiң банктік сәйкестендіру коды, алушының жеке шотының нөмiрi көрсетiледi)
Мекенжай: қала (аудан, ауыл), көше, үй_____________________.
Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін:
1) екінші деңгейдегі банкте ашқан жеке шотымның нөмірі;
2) тұрғын үй қарызын беруді мақұлдау туралы екінші деңгейлі банктен хат;
3) сатып алған жағдайда алдын-ала сату-сатып алу шарты;
4) тұрғын үй құрылысын жүргізген жағдайда жеке тұрғын үй құрылысы үшін жерге мемлекеттік тіркеу құқығы туралы куәлік.
20 __ жылғы "____" ____________ ______________________
(өтініш берушінің қолы)
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалған құпия мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
(күні) (қолы)
Құжаттар қабылданды:
20____ жылғы "____" ________
Құжаттарды қабылдаған құзыретті тұлғаның ТАӘ (бар болса) қолы
Қандастар мен қоныс аударушылардың____________________ ұсынылған
құжаттары____________ көлемде қабылданды 20___ жылғы "____" __________
_______________________________________________
Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларына 8-қосымша |
Нысан
_______________________ ауданының (қаласының) Мансап орталығының директорына _______________________ тегі, аты, әкесінің аты |
Көшу шығыстарын өтеу туралы өтініш
ЖСН | |
Т.А.Ә. (бар болса) | |
Туған күні, айы, жылы | |
Жынысы | |
Мекенжайы |
маған және менің отбасымның мүшелеріне көшу шығыстарын өтеуді сұраймын
ЖСН |
Т.А.Ә. | Туыстық дәрежесі | Туған күні | Жағдайы | Жаңа тұрғылықты жері бойынша тұратын мекенжайы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Бiзге тиесiлi көшуге берілетін соманы
__________________________________________________________________________
_______________________________________________________
(банктiң атауы, банктiң бизнес, жеке сәйкестендіру номірі, банктiң банктік
сәйкестендіру коды, алушының жеке шотының нөмiрi көрсетiледi)
аударуды сұраймын.
Өтінішке екінші деңгейдегі банкте ашқан жеке шотымның нөмірін қоса беремін.
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
20 __ жылғы "___" _________ _____________________
(өтініш берушінің қолы)
Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларына 9-қосымша |
Нысан
__________________ауданының (қаласының) мансап орталығының директорына _______________________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) |
Тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге өтініш
ЖСН | |
Т.А.Ә. (бар болса) | |
Туған күні, айы, жылы | |
Жынысы | |
Мекен-жайы |
Сiзден ____________________________________________________________________
(көшу себебi көрсетiледi)
байланысты маған және менің отбасы мүшелерiме, отбасымның мынадай құрамын ескере отырып:
ЖСН |
Т.А.Ә. | Туыстық дәрежесі | Туған күні | Жағдайы | Жаңа тұрғылықты жері бойынша тұратын мекенжайы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуді сұраймын.
__________________________________________ мекенжайы бойынша тұрамын.
(нақты тұратын мекенжайы (өңір, қала/аудан, ауылдық мекен, көше, үй, пәтер))
Бiзге тиесiлi тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстардын сомасын
__________________________________________________________________
(банктiң атауы, банктiң бизнес, жеке сәйкестендіру номірі, банктiң банктік сәйкестендіру коды, алушының жеке шотының нөмiрi көрсетiледi)
аударуды сұраймын.
Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін:
1) екінші деңгейдегі банкте ашқан жеке шотымның нөмірі;
2) жалға алу шарты немесе алдын ала сатып алу шарты.
20 __ жылғы "____" ______________ _________________________
өтініш берушінің қолы)
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2023 жылғы 22 маусымдағы № 234 бұйрығына 2-қосымша |
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау және Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрліктерінің күші жойылған кейбір бұйрықтары мен бұйрықтардың құрылымдық элементтер тізімі
1. "Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 515 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізімінде нөмірі № 13921 болып тіркелді);
2. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 8 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 2-тармағы (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізімінде нөмірі № 14863 болып тіркелді);
3. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 14 маусымдағы № 242 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 5-тармағы (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізімінде нөмірі № 17194 болып тіркелді);
4. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің "Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 14 маусымдағы № 515 және "Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кейбір мәселелері туралы" 2016 жылғы 14 маусымдағы № 516 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2019 жылғы 4 қаңтардағы № 5 бұйрығының 1-тармағы (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізімінде нөмірі № 18161 болып тіркелді);
5. Қазақстан Республикасы "Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 27 наурыздағы № 146 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 3-тармағы (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізімінде нөмірі № 18446 болып тіркелді);
6. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 26 тамыздағы № 461 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 3-тармағы (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізімінде нөмірі № 19289 болып тіркелді);
7. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 12 маусымдағы № 226 бұйрығымен бекітілген згерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарының тізбесінің 2-тармағы (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізімінде нөмірі № 20854 болып тіркелді);
8. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 11 тамыздағы № 284 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 3-тармағы (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізімінде нөмірі № 23990 болып тіркелді);
9. "Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 515 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 27 мамырдағы № 179 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізімінде нөмірі № 28364 болып тіркелді);
10. "Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 515 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 24 ақпандағы № 57 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізімінде нөмірі № 31966 болып тіркелді).
11. "Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу жөніндегі комиссияның үлгілік ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2016 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізімінде нөмірі № 13013 болып тіркелді).
12. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 16 наурыздағы № 78 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 8-тармағы (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізімінде нөмірі № 22354 болып тіркелді).