Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 12 маусымдағы № 226 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 15 маусымда № 20854 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңы 7-бабының 6), 11), 13) тармақшаларына, "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 4-5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналаған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының 5.3.1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
Б. Нурымбетов

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Білім және ғылым министрлігі

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Сыртқы істер министрлігі

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2020 жылғы 12 маусымы
№ 226 Бұйрыққа
қосымша

Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 20 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13334 болып тіркелген, 2016 жылғы 10 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу бұйрығына:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы өтінішті (бұдан әрі – өтініш) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоныс аударушы не кәмелет жасқа толған отбасы мүшелерінің бірі (бұдан әрі – қоныс аударушылар) шыққан өңірінің жергілікті атқарушы органдарына береді.

      Өтінішке мынадай құжаттар:

      1) Қазақстан Республикасы азаматының және онымен бірге көшетін отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

      2) неке немесе некені бұзу туралы куәліктің (бар болса) көшірмелері;

      3) білімін, біліктілігін және белгілі бір мамандық бойынша жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың (бар болса) не еңбек кітапшасының (бар болса) көшірмелері немесе жұмыс орнынан анықтама.

      "Мәңгілік ел жастары - индустрияға!" ("Серпін") жобасының түлектері оқу орнынан аталған жобаға қатысуын растайтын анықтама ұсынады.

      Халықты жұмыспен қамту орталықтары қоныс аударушылардың тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін онда және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің келетін елді мекенде меншік құқығында тиесілі тұрғын үйінің болуын растайтын мәліметтерді "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Шыққан өңірлерінен қоныс аударушыларды қабылдау өңірлеріне өз бетінше келген және сонда алты айдан артық тұрмаған қоныс аударушылар, сондай-ақ "Мәңгілік ел жастары - индустрияға!" ("Серпін") жобасының түлектері оқу орнын аяқтаған соң алты ай мерзімінде және қоныс аударушыларды қабылдау өңірлерінде тіркелуіне тәуелсіз халықты жұмыспен қамту орталығына осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.".

      2. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.06.2023 № 234 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      3. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.06.2023 № 275 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі мен
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
міндетін атқарушының кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымшаның күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.06.2023 № 234 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі мен
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
міндетін атқарушының кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
2-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.06.2023 № 275 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.