"Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 158 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 30 мамырда № 20784 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;

      2) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
А. Раимкулова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
2020 жылғы 29 мамырдағы
№ 158 бұйрығына
1-қосымша

"Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу" мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік қызмет осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) спортшылар мен жаттықтырушыларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      3. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың топтамасын ұсына отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүгінеді.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі - Стандарт) баяндалған.

      4. Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметтерін, аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді көшірмені, жүргізілген әлеуметтік аударымдар туралы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Мемлекеттік корпорацияда құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

      Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды қабылдаған кезде құжаттардың электрондық көшірмелерін жасайды, содан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады және қолхат береді.

      Стандарттың 8-тармағымен көзделген көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бас тарту туралы қолхат береді.

      Портал арқылы жүгінген жағдайда, "жеке кабинетте" көрсетілетін қызметті алушы өтініштерінің тарихында мемлекеттік қызметті көрсету үшін электрондық сұрау салуының қабылданғаны туралы мәртебесі көрсетіледі.

      5. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс, мереке күндері жүгінген кезде 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      6. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері құжаттар келіп түскен сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде осы Стандарттың 5-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды жолдайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды қарайды және спортшылар мен жаттықтырушыларға материалдық қамсыздандыруды төлеу жөніндегі комиссияның (бұдан әрі - комиссия) отырысына шығарады.

      Көрсетілетін қызметті беруші құрамында кемінде бес адам бар тұрақты жұмыс істейтін комиссияны құрады. Комиссия отырысы, егер оған комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде 2/3 қатысса, заңды деп есептеледі.

      Комиссия хатшысы құжаттарды дайындауды және комиссия отырысының хаттамасын ресімдеуді жүзеге асырады. Комиссия хатшысы комиссия мүшесі болып табылмайды.

      Комиссия шешімі қатысып отырған комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.

      Комиссия мүшесі болмаған жағдайда комиссия отырысының хаттамасында себебі көрсетіледі.

      Комиссия ұсынылған құжаттарды қарайды және спортшылар мен жаттықтырушыларға материалдық қамсыздандыруды төлеу (төлеуден бас тарту) жөнінде шешім қабылдайды. Комиссия отырысының хаттамасына қатысушы комиссия мүшелері 1 (бір) жұмыс күні ішінде қол қояды.

      Комиссия отырысының хаттамасы негізінде 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға материалдық қамсыздандыруды төлеу жөнінде бұйрықты бекітеді. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға материалдық қамсыздандыруды төлеу туралы хабарламаны немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты жолдайды.

      7. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға материалдық қамсыздандыруды төлеу туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

      Материалдық қамсыздандыруды төлеу Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктегі көрсетілетін қызметті алушының жеке шотына ай сайын ақшалай қаражатты аудару арқылы жүргізіледі.

      8. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей ұсынады.

      Порталда - Мемлекеттік корпорацияда мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу үшін уәкілетті лауазымды тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің дайындығы туралы хабарлама.

      Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

      9. Мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген кезде, Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін көрсетілген қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына беріледі.

      11. Шағым жазбаша түрде пошта арқылы, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы беріледі.

      12. Шағымды қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      13. Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      14. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      15. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жоғары тұрған органдарға немесе сотқа жүгіне алады.

  "Спортшылар мен
жаттықтырушыларға өмір бойы
ай сайынғы материалдық
қамсыздандыруды төлеу"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
1-қосымша

"Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу"мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлгігінің Спорт және дене шынықтыру комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).

2.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға немесе портал арқылы тапсырған сәттен бастап - 15 (он бес) жұмыс күні ішінде.

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық/ қағаз түрінде.

5.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Көрсетілетін қызметті алушыға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Порталда - Мемлекеттік корпорацияда мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу үшін уәкілетті лауазымды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған мемлекеттік қызмет нәтижесінің дайындығы туралы хабарлама.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Жеке тұлғаларға тегін.

7.

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигі

Көрсетілетін қызметті беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30- ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.
Мемлекеттік корпорация - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен сенбіні қоса алғанда белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00- ден 20.00-ге дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша жеделдетілген қызмет көрсетусіз "электрондық" кезек тәртібімен көрсетіледі немесе портал арқылы электрондық кезекті брондауға болады.
Портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс, мереке күндері жүгінген кезде 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекен-жайлары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің интернет-ресурсында: www.gov.kz/memleket/entities/sport "Қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

Мемлекеттік корпорацияға:
спортшы үшін:
1) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат немесе көрсетілетін қызметті алушының өкілі (сенім білдірілген өкіл) жүгінген кезде - жеке тұлғаның (сенім білдірушінің) нотариуспен куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін);
2) осы Стандарттың қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
3) дене шынықтыру және спорт саласында жиырма жыл еңбек өтілін растайтын еңбек кiтапшасы, не төменде көрсетілген құжаттардың кез келгені:
тоқтату күні мен оны тоқтатудың негізі туралы жұмыс берушінің белгісі бар еңбек шарты;
еңбек шартын жасасу және (немесе) тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және (немесе) тоқтатылуын растайтын жұмыс беруші актілерінен үзінді көшірмелер;
жұмыскерлерге жалақы төлеу ведомосынан үзінді көшірмелер;
жұмыс беруші қол қойған және мөрімен (ол болған кезде) растаған қызметтік тізім (жұмыскердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі);
жұмыскердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған архивтік анықтама;
4) Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпионы мен жүлдегері және (немесе) олимпиадалық спорт түрлерi бойынша әлем чемпионы атағын растайтын жарыстар хаттамасының көшiрмесі;
жаттықтырушы үшін:
1) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат немесе көрсетілетін қызметті алушының өкілі (сенім білдірілген өкіл) жүгінген кезде - жеке тұлғаның (сенім білдірушінің) нотариуспен куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін);
2) осы Стандарттың қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
3) жаттықтырушылық жұмысының жиырма жыл еңбек өтілін растайтын еңбек кiтапшасы, не төменде көрсетілген құжаттардың кез келгені:
тоқтату күні мен оны тоқтатудың негізі туралы жұмыс берушінің белгісі бар еңбек шарты;
еңбек шартын жасасу және (немесе) тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және (немесе) тоқтатылуын растайтын жұмыс беруші актілерінен үзінді көшірмелер;
жұмыскерлерге жалақы төлеу ведомосынан үзінді көшірмелер;
жұмыс беруші қол қойған және мөрімен (ол болған кезде) растаған қызметтік тізім (жұмыскердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі);
жұмыскердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған архивтік анықтама;
4) Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпионы мен жүлдегері және (немесе) олимпиадалық спорт түрлерi бойынша әлем чемпионы атағын жеңiп алған спортшының шын мәнiнде жаттықтырушысы болып табылатынын растайтын жұмыс орнынан (өтініш берген кезде жаттықтырушы болып жұмыс істемеген жағдайда - Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитетінен немесе спорт түрі бойынша республикалық және (немесе) өңірлік аккредиттелген спорт федерациясынан) анықтама;
5) өзі жаттықтырған спортшының Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпионы мен жүлдегері және (немесе) олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпионы атағын растайтын жарыстар хаттамасының көшірмесі;
порталға:
спортшы үшін:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
2) электрондық құжат нысанындағы, дене шынықтыру және спорт саласында жиырма жыл еңбек өтілін растайтын еңбек кiтапшасы, не төменде көрсетілген құжаттардың кез келгені:
электрондық құжат нысанындағы тоқтату күні мен оны тоқтатудың негізі туралы жұмыс берушінің белгісі бар еңбек шарты;
электрондық құжат нысанындағы еңбек шартын жасасу және (немесе) тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және (немесе) тоқтатылуын растайтын жұмыс беруші актілерінен үзінді көшірмелер;
электрондық құжат нысанындағы жұмыскерлерге жалақы төлеу ведомосынан үзінді көшірмелер;
электрондық құжат нысанындағы жұмыс беруші қол қойған және мөрімен (ол болған кезде) растаған қызметтік тізім (жұмыскердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі);
электрондық құжат нысанындағы жұмыскердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған архивтік анықтама;
3) электрондық құжат нысанындағы Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпионы мен жүлдегері және (немесе) олимпиадалық спорт түрлерi бойынша әлем чемпионы атағын растайтын жарыстар хаттамасының көшiрмесі;
жаттықтырушы үшін:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
2) электрондық құжат нысанындағы жаттықтырушылық жұмысының жиырма жыл еңбек өтілін растайтын еңбек кiтапшасы, не төменде көрсетілген құжаттардың кез келгені:
электрондық құжат нысанындағы тоқтату күні мен оны тоқтатудың негізі туралы жұмыс берушінің белгісі бар еңбек шарты;
электрондық құжат нысанындағы еңбек шартын жасасу және (немесе) тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және (немесе) тоқтатылуын растайтын жұмыс беруші актілерінен үзінді көшірмелер;
электрондық құжат нысанындағы жұмыскерлерге жалақы төлеу ведомосынан үзінді көшірмелер;
электрондық құжат нысанындағы жұмыс беруші қол қойған және мөрімен (ол болған кезде) растаған қызметтік тізім (жұмыскердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі);
электрондық құжат нысанындағы жұмыскердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған архивтік анықтама;
3) электрондық құжат нысанындағы Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпионы мен жүлдегері және (немесе) олимпиадалық спорт түрлерi бойынша әлем чемпионы атағын жеңiп алған спортшының шын мәнiнде жаттықтырушысы болып табылатынын растайтын жұмыс орнынан (өтініш берген кезде жаттықтырушы болып жұмыс істемеген жағдайда - Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитетінен, немесе спорт түрі бойынша республикалық және (немесе) өңірлік аккредиттелген спорт федерациясынан) анықтама;
4) электрондық құжат нысанындағы өзі жаттықтырған спортшының Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпионы мен жүлдегері және (немесе) олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпионы атағын растайтын жарыстар хаттамасының көшірмесі.

9.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздері

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің мен мәліметтердің осы Стандарттың 8-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

10.

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы өзінің ЭЦҚ болған жағдайда, мемлекеттік қызметті алуға сұранысты портал арқылы электрондық нысанда жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777 арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.

  "Спортшылар мен
жаттықтырушыларға
өмір бойы ай сайынғы
материалдық қамсыздандыруды
төлеу" мемлекеттік
қызмет көрсету
Стандартына
қосымша
  Нысан
  Кiмге_______________________
(көрсетілетін қызметті
берушінің
басшысының лауазымы,
____________________________
тегi, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда)
кiмнен______________________
(көрсетілетін қызметті
алушының
____________________________
тегi, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда)
ЖСН_______________________
____________________________
(мекенжайы және телефон
нөмірі)

Өтініш

      Сізден маған _______________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (себебi көрсетiледi)

      байланысты өмiр бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыру төлемін төлеуiңiздi сұраймын.

      Маған тиесілі соманы аударуыңызды сұраймын:

      Банк деректемелері:

      Банктің атауы______________________________________________________________

      Банк шотының №___________________________________________________________

      Шот түрі: ағымдағы_________________________________________________________

      "Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық

      қамсыздандыруды төлеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу бойынша осы Стандарттың

      8-тармағында көзделген ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны

      құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Өтiнiшке мынадай құжаттарды қоса беремiн:

      1. ________________________________________________________________________

      2. ________________________________________________________________________

      3. ________________________________________________________________________

      4. ________________________________________________________________________

      5. ________________________________________________________________________

      ___________________________________________            ___________________

      (тегi, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)                              (қолы)

      20____жылғы "_____" ____________

      Өтiнiштiң түскен күнi 20____жылғы "_____"

      _________________________________________________ ____________________

      (өтінішті қабылдаған тұлғаның қолы, тегi, аты, әкесінің аты            (қолы)

      (болған жағдайда)

  "Спортшылар мен
жаттықтырушыларға
өмір бойы ай сайынғы
материалдық қамсыздандыруды
төлеу" мемлекеттік
қызмет көрсету
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан
  ____________________________
(Көрсетілетін қызметті
алушының
____________________________
тегi аты, әкесінің аты,
(болған жағдайда)
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) филиалының №_______________ бөлімі _____________

      ________________________________________________________________________________

      (заңды мекенжайы көрсетілсін)

      Осы Стандарттың 8-тармағында көзделген құжаттар тізбесіне сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты "Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу" мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады, атап айтқанда жоқ және (немесе) қолданыс мерзімі өтіп кеткен құжаттардың атауы:

      1)____________________________________________________________;

      2)____________________________________________________________;

      3)____________________________________________________________.

      Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.

      Мемлекеттік корпорацияның қызметкері:____________________      _____

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

      Орындаушы:____________________________________            ______________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)                  (қолы)

      Телефоны ____________________

      Алдым:__________________________________________      _____________

      (көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты,                  (қолы)

      әкесінің аты (болған жағдайда)

      20__ жылғы"___"_________

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
2020 жылғы 29 мамырдағы
№ 158 бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 139 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11276 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 26 маусымда жарияланған).

      2. "Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 14 мамырдағы № 176 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11445 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 13 шілдеде жарияланған).

      3. "Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 139 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушы 2015 жылғы 26 қарашадағы № 363 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12814 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 18 қаңтарда жарияланған).

      4. "Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 14 мамырдағы № 176 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 401 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12856 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 18 қаңтарда жарияланған).

      5. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 19 бұйрығының 1-тармағының 1) тармақшасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13402 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 17 наурызда жарияланған).

      6. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 26 ақпандағы № 57 бұйрығының 1-тармағының 1) тармақшасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13545 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 4 сәуірде жарияланған).

      7. "Дене шынықтыру және спорт саласындағы кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 17 маусымдағы № 169 бұйрығымен бекітілген өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін дене шынықтыру және спорт саласындағы бұйрықтарының тізбесінің 3-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14000 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 10 тамызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      8. "Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 14 мамырдағы № 176 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 19 тамыздағы № 238 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14244 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 28 қыркүйекте жарияланған).

      9. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 3 шілдедегі № 203 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 2-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15611 болып тіркелген, 2017 жылғы 13 қыркүйекте "Қазақстан Республикасы НҚА эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланған).

      10. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің кейбір. бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 11 қазандағы № 273 бұйрығының 1-тармағының 1) тармақшасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15945 болып тіркелген, 2017 жылғы 6 қарашада "Қазақстан Республикасы НҚА эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланған).

      11. "Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеуді қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 371 бұйрығының 2-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18044 болып тіркелген, 2019 жылғы 9 қаңтарда "Қазақстан Республикасы НҚА эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланған).

      12. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 375 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 4-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18057 болып тіркелген, 2019 жылғы 5 қаңтарда "Қазақстан Республикасы НҚА эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланған).

      13. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 8 ақпандағы № 32 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 3-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18285 болып тіркелген, 2019 жылғы 13 ақпанда "Қазақстан Республикасы НҚА эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланған).

      14. "Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 14 мамырдағы № 176 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 14 ақпандағы № 38 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18325 болып тіркелген, 2019 жылғы 21 ақпанда "Қазақстан Республикасы НҚА эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланған).

      15. "Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 14 мамырдағы № 176 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 190 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18991 болып тіркелген, 2019 жылғы 16 шілдеде "Қазақстан Республикасы НҚА эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланған).

      16. "Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 139 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 17 қыркүйектегі № 254 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19395 болып тіркелген, 2019 жылғы 19 қыркүйекте "Қазақстан Республикасы НҚА эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланған).